Республиканский учебно-методический центр дополнительного образования



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет14/55
Дата14.05.2018
өлшемі5,01 Kb.
#12281
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   55

40 
 
Тренинг  құрылымы.  Бағдарлама  9-11  сынып  оқушыларына 
есептелген. Аптасына 1-2 рет өткізуге болатын 14 жаттығудан тұрады. 
Дәріс  кәсіби  бағдарлау  ойындары  және  жаттығулары,  теориялық 
блоктар, сюжетті-рөлді ойындар, сұхбаттар, диагностикалық әдістерден 
тұрады.   
Дәрістің  ұзақтығы.  Ұсынылған  жаттығулардың  күрделілігіне 
және  жұмыстың  басқа  да  нақты  жағдайлары  қатысты  шамамен  35–60 
минут.  
Өткізу  шарттары.  Топтағы  балалардың  тиімді  саны  —  10–15 
адам.  Оқытушыларды  айналдыра  отырғызып  тренинг  өткізу 
ұсынылады. 
Әр жаттығудың қажетті элементі қатысушылардан «кері байланыс» алу 
болып табылады.  
1-ЖАТТЫҒУ 
1. Кіріспе сұхбат 
Жүргізуші 
қатысушыларға 
тренингтің 
мақсаттары 
және 
міндеттері туралы айтады. Топта жұмыс істеу ережесі қабылданады.  
2. Танысу  
Қатысушыларға  айналма  бойынша  өзін  таныстыру  және  өзі 
туралы әңгімелеу ұсынылады. 
3. «Ең-ең» ойыны 
Қатысушылар  2  командаға  бөлінеді.  Әрбір  командаға  кәсіптің 
бірнеше ерекше сипаттамасы ұсынылған, қатысушылар сол сипаттамаға 
сәйкес  келетін  кәсіптерді  атауы  керек.  Мысалы,  сипаттама  —  ең 
ақшалы кәсіп. Қандай кәсіптер ең-ең ақшалы болып табылады? 
Қатысушыларға келесідей сипаттамалар ұсынылады: 
· ең жасыл кәсіп; 
· ең тәтті кәсіп; 
· ең ақшалы кәсіп; 
· ең шашты кәсіп; 
· ең балалық кәсіп; 
· ең әдепсіз кәсіп; 
· ең күлкілі кәсіп; 
· ең сөйлескіш кәсіп; 
· ең байсалды кәсіп. 
Әр команда өзінің жауаптарын береді. 
4. «Әріпке мамандық атауы» ойыны 
Командаларға әріптер ұсынылады. Қатысушылардың міндеті — осы 
әріптерден  басталатын  кәсіптердің  атауларын  мүмкіндігінше  көбірек 
жазу.  Дұрысы  5  әріптен  көп  ұсынбау  керек,  әйтпесе  ойын  қызықты 
болмай қалады.  
   5. Кері байланыс  
Қатысушылар жаттығу туралы әсерлерімен бөліседі. 


41 
 
2-ЖАТТЫҒУ  
1. Сауалнама 
Қатысушылар келесі сауалнаманы толтырады. 
Сіз тренингтен нені алғанды қалар едіңіз: 
· өз қабілеттеріңізді тексеру; 
· оқу мекемелері туралы толық ақпарат алу; 
· белгілі бір қызмет түріне өз икемділіктерін анықтау; 
· мамандықтар әлемі туралы толығырақ білу; 
кәсіпті қалай дұрыс таңдау керектігі туралы ақпарат алу; 
· басқасы. 
2. «Менің жеке және кәсіби жоспарларым» ойыны 
Әрбір  қатысушы  аты-жөнін  жазбай,  келешектегі  өзінің 
жоспарларын  жазатын  парақ  алады.  Сосын  жүргізуші  парақтарды 
жинап  алып  араластырады,  сосын  кездейсоқ  тәртіпте  қайтадан 
таратады.  Қағаздың  екінші  жағына  қатысушылар  өздерінің  кәсіби 
жоспарлары  туралы  жазады.  Одан  кейін  алынған  нәтижелер  дауыстап 
оқылады.  
3. «Халың қалай?» сауалнамасы  
Жасөспірімнің  түрлі  өмірлік  құндылықтары  үшін  әзіл  түрінде 
басымдылықтарды қарастыру мақсатында қолданылады.  
Қатысушылар  осы  сауалнамаға  бланк  алады.  Қатысушыларға 
сауалнамада  бар  тізімнен  екі  жұп  құндылықтар  ұсынылады.  Оларға 
қайсы құндылық барынша маңызды, ал қайсысы – кем екенін анықтау. 
Бастапқы (10) баллға қатысушыларға аса маңызды құндылыққа 1  балл 
қосып, ал бастапқы баллдан ең кем құндылықтың 1 балын алып тастау 
керек.  Әрі  қарай  жағымсыз  белгіге  ие  болып,  кейбір  құндылықтар  өз 
балдарын  не  азайтады  немесе  керісінше  көбейтеді.  Бұл  қатысушылар 
үшін өміріндегі маңызды көрсеткіштер болып табылады.   
Жүргізуші  әрбір  құндылық  бойынша  нормаларды  оқиды. 
Қатысушылар өз көрсеткіштерімен нормаларды салыстырады.  
4. Кері байланыс. 
3-ЖАТТТЫҒУ 
1. «Түрлі кәсіптердің өкілдері қалай амандасады» ойыны 
Қатысушылар  жұптарға  бөлінеді.  Әрбір  жұпқа  келесі  нұсқаулық 
оқылады:  ымдар және мимиканың көмегімен түрлі кәсіптердің өкілдері 
қалай амандасатынын бейнелеу. Қалған қатысушылар сіз қандай кәсіпті 
бейнелегеніңізді табуы қажет.  
Бұл  жаттығуды  орындау  үшін  қатысушыларға  мамандық 
атауымен карточкалар таратылады.  
2. Сауалнама 
Барлық  тренинг  қатысушыларына  сауалнаманы  толтыру 
ұсынылады (2-қосымшаны қара). 
3. «Құндылық бағдарлар» ойыны 


42 
 
Жүргізуші.  Өткен  дәрісте  біз  «Халың  қалай?»  сауалнамасын 
толтырған болатынбыз, бүгін сіздерге командада белгілі бір әлеуметтік 
таптаурынды  ұсынатын  түрлі  адамдардың  құндылық  бағдарларын 
анықтауды талап етеді. 
Таптаурындар  және  құндылық  бағдарлардың  тізбесін  3-
қосымшадан қара.  
4. Кері байланыс 
4-ЖАТТЫҒУ 
1. Өзін өзі бағалау және алға ұмтылу деңгейі туралы әңгіме. 
2. Ұмтылу деңгейінің диагностикасы.  
Шварцландердің «Қозғаушы сынақ» әдісі. 
3. Өзін өзі бағалау диагностикасы. 
«Менің өзімді өзім бағалауым» әдісі  4-қосымшаны қара. 
4. Өзін-өзі бағалау диагностикасының нәтижелерін және алға 
ұмтылу. деңгейін талқылау мен өңдеу. 
5. Кері байланыс. 
5-ЖАТТЫҒУ 
1. «Кәсіп таңдаудағы қызығушылықтар мен икемділіктер» 
сұхбаты. 
     2. «Қызығушылықтар картасы» әдісі. 
3. Нәтижелерді өңдеу және талқылау.  
4. Кері байланыс.  
6-ЖАТТЫҒУ. 
1. Сұхбат. 
Мамандықтар  әлемі  туралы  біз  не  білеміз?  Климов  бойынша 
кәсіптерді жіктеу. 
2. «Кәсіптерді типтері бойынша жіктеңіз» ойыны.   
Қатысушылар  2  командаға  бөлінеді.  Әрбір  командаға  кәсіп 
атаулары  бар  карточкалар  және  кәсіп  типтерінің  атаулары  жазылған 
карточкалар  таратылады.  Қатысушылардың  міндеті  —  кәсіптерді 
түрлері бойынша жүктеу.  
3.  Климовтың  «Дифференциалды  диагностикалық  сауалнама» 
әдісі. 
4. Нәтижелерді өңдеу және талқылау.  
5. Кері байланыс.  
7-ЖАТТЫҒУ. 
1. 
Теориялық 
топтама. 
Голландтың 
жеке 
даралық 
тұжырымдамасы. 
2. Тұлғаның типін анықтау бойынша Голланд тесті. 
3. Нәтижелерді өңдеу. 
4. «Мамандық пен мектеп пәндерінің ара қатынасы» ойыны. 
Қатысушылар  2  топқа  бөлінеді.  Командалар  жүргізуші  ұсынған 
оқу  курсындағы  пәндер  мен  мазмұны  бойынша  сәйкес  келетін 


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   55




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау