Республиканский учебно-методический центр дополнительного образования


Жалпы орта немесе қосымша білім беру ұйымдарында кәсіби



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет10/55
Дата14.05.2018
өлшемі5,01 Kb.
#12281
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   55

28 
 
Жалпы орта немесе қосымша білім беру ұйымдарында кәсіби 
бағдарлау орталығын құру 
   
Кәсіби  бағдарлау  жұмысын  жүйелі  ұйымдастыру  үшін  қосымша 
білім  беру  ұйымдарының  немесе  жалпы  білім  беру  мектептерінің 
базасында  кәсіби  бағдарлау  орталығын  құруға  болады.  Бұл 
орталықтарда  қосымша  білім  беру  педагогіне  маңызды  рөл  берілуі 
мүмкін.  Мұнда  балаларға  қосымша  білім  беру  жүйесінде  кәсіби 
бағдарлау  бағытындағы  тәжірибеге  бағдарланған  оқыту  курстары 
жүзеге  асырылуы  мүмкін.  Мысалы,  элективті  курстар,  оқыту 
фирмаларының  әрекеттерін  ұйымдастыру,  таңдау  бойынша  курстар 
және т.б.   
Мұндай  жағдайда  кәсіби  бағдарлау  орталығы  кәсіби  салада 
тұлғаның  дамуына  көмектесетін  ақпараттық-коммуникативтік  кеңістік 
болып табылады. Мүмкіншілігіне қарай ол «кәсіби бағдарлау бұрышы» 
немесе арнайы кабинет, медиацентр болуы мүмкін.  
Кәсіби  бағдарлау  жөніндегі  кабинет  –  ол  балалар  және  олардың 
ата-аналарымен  кәсіби  бағдарлау  жұмысын  өткізу  және  ұйымдастыру 
үшін, 
сонымен 
қатар 
балалардың 
түрлі 
кәсіптер 
туралы 
материалдармен,  олардың  тұлға  сапасына  талаптарымен  өзіндік 
танысуы,  жеке  және  топтық  кеңестер,  «Мамандық  таңдау  негіздері» 
таңдауы бойынша курстар өткізу орталығы.    
 
Кабинет жұмысының маңызы мен ұйымдастыруы 
 
1.  Кабинетті  (бұрышты)  меңгеруді  педагогтердің  біреуіне 
директор тағайындайды. 
2.  Балалар  және  олардың  ата-аналарымен  жұмыстың  негізгі 
бағыттары:  
мамандықтар,  оларды  алу  жолдары,  жұмысқа  орналасу 
мүмкіншіліктері,  еңбек  нарығында  сұранымға  ие  кәсіпті  насихаттау 
туралы ақпараттандыру; 
балалардың  кәсіби  маңызды  қасиеттерін  кәсіби  диагностиканың 
заманауи  әдістері  және  құралдарын  қолдану  арқылы  мамандардың 
қатысуымен зерделеу
медицина  қызметкерлері  және  психологтардың  қатысуымен 
мамандық  таңдау,  жұмысқа  орналасу  мәселелері  бойынша  ұжымдық 
және жеке кеңестер; 
Білім  беру  ұйымдарының  оқушылары,  студенттері  және 
оқытушылары  мен  кәсіпорындардың  қызметкерлерімен  кездесулер 
ұйымдастыру. 


29 
 
 
Кабинеттің негізгі міндеттері 
 
Балаларды,  олардың  ата-аналарын  кәсіби  ағарту,  өңірге  қажетті 
жұмысшы кәсіптерді кеңінен насихаттауды ұйымдастыру. 
Оқу  мекемелерінің  түрлі  типтерінде  кәсіп  алу  шарттарымен 
балаларды  таныстыру.  Элективті  курстар,  таңдау  бойынша  курстар, 
үйірмелер 
арқылы 
балалардың 
қабілеті 
мен 
ерекшеліктері, 
қызығушылықтарын әрі қарай дамыту үшін кәсіби пікірлерін үйренуде 
қосымша білім беру педагогтеріне әдістемелік көмек.  
 
Кәсіп таңдау барысында маңызды жоғары жастағы балалардың өз 
қабілеттерін,  жеке  ерекшеліктерін  (темперамент,  мінез,  қабілет)  танып 
білу үдерісін ұйымдастыру.
 
Түлектерге  кәсіп  таңдауға  көмек  көрсету,  кәсіби  және  өмірлік 
жолын таңдау жөнінде шешім қабылдауында әдістемелік көмек көрсету.   
Оқушылардың  өндірістік  кәсіпорындарына  және  түрлі  оқу 
мекемелеріне экскурсия, оқу мекемелеріне «Ашық есіктер күніне» бару, 
кәсіп  шеберлігінің  байқаулары,  «Мамандықтар  күндері  (апталығы)», 
«Менің  келешегім»  дөңгелек  үстелі,  «Менің  өмірлік  жоспарларым» 
іскерлік-ұйымдастыру ойындарын жиі өткізу. 
Балаларының  мамандық  таңдауында  басшылықта  ата-аналарға 
кеңестік  көмек  көрсету.  Ата-аналар  үшін  жеке  және  топтық 
анықтамалық-ақпараттық кеңестер өткізу.   
Балаларға  мамандық  таңдауға  ықпал  ету  мақсатында  ата-
аналарға, басқа тұлғаларға педагогикалық және психологиялық ағарту.  
 
 Кабинетті жарақтандыру және жабдықтау  
 
Кабинетте 
білім 
беру 
ұйымдары 
туралы 
материалдар 
шоғырланады (дайындық, қабылдау және оқу шарттары, оқу біткен соң 
бөлу және т.б. жүзеге асырылатын мамандар тізімі). 
Ұйымдар туралы мәліметтер (техника, технологиялар, экономика 
және  өндірісті  ұйымдастыру,  шығарылатын  өнімдер,  еңбек  және 
тұрмыс  шарттары  туралы),  осы  ұйымдардың  жұмысшы  кәсіптерінің 
сипаттамасы  (жұмысқа  тағайындау,  еңбек  шарты,  қызметкерге 
мамандықтың талаптары, кәсіби және лауазымдық өсу мүмкіндіктері). 
Мамандықтар, кәсіби оқу мекемелері, кәсіпорындар мен ұйымдар 
туралы анықтамалық, ғылыми-танымал және басқа әдебиеттер. 
Кәсіби бағдарлау мәселелері, кәсіби бағдарлау жұмысы үйірмелер 
жоспарының  үлгілері  бойынша  білім  органдарының  әдістемелік 
ұсынымдары.  
Оқушылар  және  олардың  ата-аналары  үшін  кәсіби  бағдарлау 
тақырыбында  үлгілік  сұхбаттар,  дәрістер  (кәсіпті  дұрыс  таңдаудың 


30 
 
маңызы,  жұмысшының  жеке  қасиеттеріне  түрлі  мамандықтардың 
талаптары, кәсіпті алу жолдары және т.б.); 
Кәсіптер  туралы  сұхбаттардың,  жұмысшы  және  мамандармен  – 
түрлі кәсіп өкілдерімен кездесудің әдістемелік ұсынымдары. 
Кәсіби бағдарлау кабинетін келесі құралдармен жабдықтаған абзал: 

 
педагог және оқушылар үшін жиһаз; 

 
кабинет  құжаттарын,  оқушылардың  жеке  тұлғасын  дамытуын 
бақылау  материалдарын,  оқыту  құралдарын  сақтау  үшін  жиһаздары 
(шкафтар, стеллаждар, қораптар, сөрелер); 

 
оқыту  және  тәрбиелеудің    мультимедиалық  құралдарының 
жинақтамасы; 

 
құрамына  табиғи  нысандар  кіретін  оқыту-көрнекі  құралдары 
(негізгі кәсіпорын өнімі, түрлі мамандық өкілдерінің еңбек құралдары); 
үлкен  макеттер  мен  техникалық  құрылымдардың  үлгілері,  суреттері, 
сызбалар, 
карталары, 
плакаттары, 
кестелері, 
диаграммалары; 
аудиовизуалды құралдар (кино және видеофильмдер); кәсіби бағдарлау 
бойынша әдістемелік құралдар. 
 
Кәсіби бағдарлау кабинетінің бір айға ұсынылған жұмыс кестесі  
 
№ 
Іс-шаралар  
Өткізу мерзімі  
1. 
Балалар  үшін  ақпараттық,  анықтамалық 
кеңестер  
Айдың 1-ші және 
4-ші жұмасы 
2. 
Психологтың қатысуымен кәсіби кеңес 
Айдың 3-ші 
бейсенбісі  
3. 
Қосымша  білім  беру  педагогтерінің 
кеңесі 
Айдың 1-ші және 
3-ші сәрсенбісі 
4. 
Ата-аналар 
күні. 
Ата-аналар 
үшін 
кеңестер.  
Айдың 2-ші және 
4-ші сенбісі 
5. 
 «Мамандық 
таңдаушыға 
көмек» 
кітапханалық күнгі жаңалықтар көрмесі 
Айдың 2-ші 
жұмасы 
6. 
Қызықты кездесулер клубы 
Күнтізбе бойынша 
7. 
Балалар  және  олардың  ата-аналары  үшін 
медициналық жеке кәсіби кеңестер 
Айдың 2-ші 
дүйсенбісі 
8. 
Ғаламторда кәсіби бағдарлау сағаты 
сейсенбі  
12.00 – 13.00, 
14.00 – 15.00 
9. 
Отбасылық кеңестер күні 
Айына 1 рет 
 
 
 
 


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   55




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау