Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясының материалдары



жүктеу 8,24 Mb.
Pdf просмотр
бет79/219
Дата19.11.2018
өлшемі8,24 Mb.
#21110
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   219

170 

 

– деп атап кӛрсетiлдi. 



Білім  берудің  ең  негізгі  кіндік  мәселесі-  адамды  жан-жақты  етіп 

тұлғаландыру  мен  жетілдіре  ӛсіріп  ӛркендету.  Сондықтан  егемендігіміздің 

алғашқы жылдары қазақ этнопедагогикасы қарқынды зерттеле  басталды.Қазақ 

этнопедагогикасының  ғылыми  методологиялық  және  теориялық  негіздері 

(С.Қ.Қалиев,К.Ж.Қожахметова),  қазақ  этнопедагогикасындағы  ұлттық  тәлім- 

тәрбие 


мәселелері 

(Қ.Бӛлеев, 

К.А.Оразбекова, 

М.Қ.Құрсабаев),қазақ 

этнопедагогикасының 

 

тарихы(Қ.Жарықбаев, 



Т.Әлсатов, 

З.Әбілова, 

Ә.Табылдиев) және басқа ғалымдардың зерттеулері қазақ этнопедагогикасының 

маңыздылығы мен мәнділігін айқындауға зор ықпалын тигізіп болашақ ұрпаққа 

этнопедагогикалық тұрғыдан тәрбие беру мәселесінің ӛзектілігін айқындады. 

Халқымыздың  ұлттық  ерекшелiгi  саналатын  үлкендi  сыйлау,  кiшiге 

қамқорлық,  бауырмалдық,  кішіпейiлдiлiк  қасиеттерiнiң  бiразынан  қазіргі 

ұрпақтың  ажырай  бастағаны  шындық.  Ендi  заманымыздың  қайта  ӛзгеруiне 

байланысты жас ұрпақтың бойына осынау қасиеттерiмiздi қайта сiңiрiп ӛсiрсек 

деген мақсат педагогтар мен  ата-аналардың алдындағы басты мiндет.  

Қазақтың  қазiргi  халықтық  педагогикасы  мұрат-мақсаты  ӛте  жоғары, 

мазмұнға  бай,  тәрбиелiк  әсерi  мен  мүмкiндiгi  күштi  рухани  мұраның  бiрi. 

Сондықтан халықтың тiлiн, салтын, дәстүрiн бойына сiңiрген ұрпақ тәрбиелеу 

үшiн  тәрбие  саласындағы  қызметкерлер  халық  педагогикасын  оқу-тәрбие 

жұмысына негiз етiп алған жӛн.  

Бүгiнде  жасӛспірімдер  тәрбиесiнде  этнопедагогикалық  тәлiм-тәрбие 

ілімдерін пайдалану елеулi орын алады. Себебi этнопедагогика педагогиканың 

негiзi,  нәр  беретiн  тамыры  болып  саналады  және  ӛзіндік  сана  сезімі 

қалыптасып,  жетіліп  келе  жатқан  жасӛспірім  тұлғасын  қалыптастыруда  

жетекші фактор болып табылады. 

Сондықтан  да  жасӛспірімнің  сана-сезімі  мен  оны  тәрбиелеудің 

этнопедагогикалық  аспектілерін  кеңінен  қарастыру  бүгінгі  күннің  ӛзекті 

мәселелерінің  бірі  болып  есептеледі.Жасӛспірімдік  кезең  тұлғаның  ӛмір 

жолына, ӛзінің қандай жағдайға жеткеніне, неге шамасы келетініне, дүниеде не 

үшін ӛмір сүріп, нені білгісі келетініне, жұртқа нендей пайда тигізетініне, яғни 

ӛз  болашағына  айрықша  үңіліп  қарайтын  кезең  деп  түсіндіріледі.  Басқаша 

айтқанда, бұл кезең –жасӛспірімнің ӛзімен ӛзі кеңесіп, ӛз жан-дүниесіне үңілуге 

құштар шағы.  

Жасӛспірім  ӛзінің  ӛмірлік  қуатының  мәнін,  мақсатын  жүзеге  асыратын 

тәндік,  жандық,  рухани  күш-қуатын  сандық  және  сапалық  ӛзгеріске  түсіретін 

ішкі  объективті  үрдіс  ретінде  ӛзін-ӛзі  жетілдіре  түседі.Ӛз  қасиеттерін  тану, 

жаңа  білімдерді  меңгеру  жайында  әңгіме  болса  жас  адам  оларды  бағалауға 

қызығушылық  танытады  ӛзінің  мінез-құлқын  саналы  түрде  жасалған  немесе 

меңгерілген  критерийлері  мен  нормалар  негізінде  құруға  тырысады  Бұл  ең 

алдымен  ӛзіндік  сананың  дамуында  кӛрінеді  Ӛзіндік  сана-сезім  күрделі 

психологиялық  құрылым  ретінде  ӛзінің  психикалық  қасиеттерін  ұғыну  мен 

ӛзін-ӛзі бағалау жеткіншектік және жасӛспірімдік кезеңде неғұрлым жан-жақты 

маңызға ие болады.  




171 

 

Сондықтан  да    ӛзіндік  сана  сезімі    жетіліп  келе  жатқан  жасӛспірімге 



этнопедагогикалық тұрғыдан тәрбие беру басты міндет.Жасӛспірімдік шақтың 

аса  маңызды  міндеттері:  мамандық  таңдау,  еңбек  пен  қоғамдық-саяси  ӛмірге 

дайындалу,  некелесуге,  ӛз  отбасын  құруға  әзір  болу.  Жасӛспірімдердің  кәсіби 

тұрғыда  анықталуына  жоғары  сынып  оқушысы  кезінде  кәсіптік  түсінік 

қалыптастыру оның ӛзіндік сана-сезімінің дұрыс бағытта дамуына үлес қосады. 

Жасӛспірімдердің 

қабілеттілігі 

мен 


бейімділігін 

дамыту, 


қоғамдық 

белсенділігін  арттыру,  еңбекке  кәсіби  бағдар  беруге,  ғылым  мен  техникаға, 

ӛнерге,  әдебиетке,  спортқа,  ұлттық  дәстүрге  құштарлығын  тәрбиелеу  

этнопедагогика  мен  этнопсихология  ғылымдарының  алдына  қойған 

мақсаттары. 

Жасӛспірімдік кезде адамның ӛзін ӛзі тәрбиелеу мәселесі де ерекше орын 

алады. Олардың бірі ӛз бойындағы берекесіздіктен, екінші біреуі тұйықтықтан, 

үшіншісі  орынсыз  ұялшақтықтан  арылғысы  келеді.  Мұндайда  ол  келеңсіз 

қылығымен шама шарқынша арпалысып, ӛзін ӛзі барынша қатты қадағалайды. 

Бұл  жағдайда  этнопедагогиканың  тәлім-  тәрбиелік  ролі  маңызды  болып 

табылады. 

Адамның  ӛзін-ӛзі  тәрбиелеуі  оңайлықпен  жүзеге  аспайды.  Жасӛспірім 

санасының  оянуы,  оның  ӛзіндік  менін  сезіне  бастауы,  Абай  тілімен  айтқанда 

―кісінің  ӛзіне  ӛзі  ұдайы  есеп  беруі,  ӛзін  ӛзі  аңғара,  байқай  білу  қабілетінен 

кӛрінеді.‖  Ӛзіңе  ӛзің  үңіліп,  ӛзіңді  ӛзің  ұстай  білу,  белгілі  мақсат  кӛздеу  осы 

істегі басты қадам. Әрине, бұл ӛзіндік тәрбиенің бірден бір ӛлшемі емес. Ояна 

бастаған  балғын  сана  сыртқы  ортадан  белгілі  бір  түрткіні  қажет  етеді.  Ал 

мұндай  түрткілер  алғашқы  кезде  ата  ана,  тәрбиеші  ұстаз,  құрдас  құрбылар 

тарапынан болуы мүмкін. ―Жақсы қасиетті иелену дегеніміз жақсы ата, жақсы 

ана,  жақсы  ұстаз,  жақсы  құрдас  болады‖  дейді  Абай.  Балаң  жастағы  сана 

ӛмірден  үлгі  ӛнеге,  мұрат  іздеуге  жетелейді.  Мұндайда  адам  ӛзінің  мінез- 

құлықтарының жаман, жақсысын таразыға салуға бейім болады.  

Осы  айтылғанның  бәрі  адамның  күнделікті  нақтылы  ісінде,  кӛздеген 

мақсатына  жетудегі  түрлі  кедергі  қиыншылықтарды  жеңуде  кӛрініп  отырса 

ғана  бұл  жақсылық  адамгершілік  сапаларының  қалыптасуына  жәрдемін 

тигізеді. Ӛзін-ӛзі тәрбиелеудің әсерлі әдістерінің бірі адамның ӛзін-ӛзі бақылай 

білуі,  оған  жеткізетін  жолдарды  ӛздігінен  іздей  алуы,  оның  орындалуын 

үздіксіз қадағалап отыруы. 

Ӛзіндік сана сезім негізінде ӛзін-ӛзі тәрбиелеудің бұл аталғандардан басқа 

түрлері  де  аз  емес.Жас  ӛскіннің  ӛзін-ӛзі  тәрбиелеу  мәселесі  имандылық  пен 

адамгершіліктің биік қағидаларымен ылғи ұштасып отырса, оның осы саладағы 

тыныс  тіршілігі  мазмұнды  да  жемісті  болады.  Ӛйткені  борыш  пен 

жауапткершілік,  парыз  бен  қарыз,  ар  ұят,  намыс  сезімінің  борлуы  ӛзін  ӛзі 

тәрбиелеу ісіне зор түрткі болып, кісінің қиыншылықтарға тӛзуіне және олрды 

жеңе  білуіне,  әркез  жарқын  жа  шат  шадыман  ӛмір  сүруге  жету  жолындағы 

күресіне демеу болып отырады. 

Бүгінгі  таңда  жасӛспірімнің  жүрген  кейбір  ортасы  мен  тәлім  –  тәрбие 

кӛріністері  оның  мінез-құлқына  кері  әсер  етеді.Ата-бабадан  бері  келе  жатқан 




жүктеу 8,24 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   219




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау