461
Мусайбеков Р.К.
Ш.Уәлиханов атындағы
Кӛкшетау мемлекеттік университеті
Қ.Д.ЖОЛАМАНОВ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ ІСІНІҢ
ҦЙЫМДАСТЫРУШЫСЫ РЕТІНДЕ
Ұстаз! Осы бір сӛздің терең мағынасы қай шәкіртті толғандырмайды
дерсіз! Олардың бірі «қалдырған ізің мәңгілік, жадымда тұрар жаңғырып» деп
ұстазының ой ұштарту жолында сіңірген еңбегін, кӛкірегіне құйған білімін
бағалап, құрмет тұтады. «Ӛнегелі ӛмір» атты кітабымен, жазған мақалаларымен
терең танысып, Қуандық Досмағанбетұлы Жоламанов ӛрелі азамат ретінде
еліміздің білім беру саласында, Қазақстан ғылымына қосқан үлесі ұлан ғайыр
екендігіне кӛзім жетті.
Бойындағы даналық пен даралықты, мейірбандық пен ілтипатты дарыта
отырып, ӛз ісіне деген жауапкершілігі, рухани байлығы, Елімізге және
халқымызға деген махаббаты мен табысты еңбегі қызығушылық туғызады.
Қуандық ағай 40 жылдан артық білім саласында жұмыс істеді. Семей,
Павлодар, Кӛкшетау қалаларының жоғары оқу орындарында еңбек етіп,
Солтүстік Қазақстанның оқу жүйесінің ӛркендеуіне, мектептерге сапалы
мамандар дайындауға үлкен үлес қосты. Осы сӛздің дәлелі ретінде
«Совершенствовать процесс подготовки учителей» («Мұғалімдердің дайындық
үрдісін жетілдіру»), «Профессиональная подготовка и идейная закалка»
(«Кәсіби дайындық және идеялық шынығу») атты мақалаларын келтіруге
болады.
Қуандық ағайдың мақалаларында қоғамның және студенттердің жеке
ынтасы мен қызығушылығының үйлесімі мұғалімді кәсіби дайындаудың
тӛмендегідей мақсаттары мен міндеттерінің айқындалатыны байқалады:
1.
Кәсіби маман дайындауда жоғары пәндік, педагогикалық,
дидактикалық және әдістемелік деңгейге жетудің критерийлері:
оқылатын пәнге байланысты базалық білім деңгейінің болуы
(кәсіби деңгей);
мамандыққа байланысты арнайы пәндерден академиялық білім
деңгейінің болуы (іргелі білім деңгейі);
әр
пәнді
оқытуға
қызығушылықтың
болуы
(танымдық
қызығушылық);
әдістемелік және технологиялық біліктерінің базалық деңгейі.
2.
Педагогикалық үдеріс барысында пән мұғалімінің ұстаздық
мамандыққа бейім тұлғасын қалыптастыру:
бейімделу мүмкіндіктері (ӛзін - ӛзі кәсіби бағалау, қобалжу т.б.)
қарым – қатынас, тіл табысу қасиеті;
педагогикалық бағыттылығы, ынтасы, қызығушылығы;
жалпы білім, білік, дағдысының даму деңгейі.
3.
Шығармашылық белсенділігін қалыптастыру:
462
мәселені шешуде қалыптан тыс тәсілдерді қолдана білуі;
мәліметтер жинау (портфолио), ілгері жылжу және болжамды
тексеру,
нәтиже (рефлексия);
ғылыми ойлау амалдарын қалыптастыратын оқу және зерттеушілік
сипаттағы міндеттер тізбегі (анализ, синтез, модельдеу, фондық
кӛрнекілік т.б.).
4.
Кәсіби тұлғалық қасиеттерін дамыту:
педагогикалық шеберлік;
математикалық ойлау;
қабылдау, ойлау, ес, сӛйлеу, ӛзінің іс - әрекетіне ӛзі талдау жасау
сияқты психиканың функционалдық тетіктері;
ерік, жігер, темперамент, мінез, қабілет.
Осы қасиеттерге сай ұстаз – ізденімпаз ғалым, нәзік психолог, тынымсыз
еңбеккер, ортаның ұйтқысы, жан –жақты шебер, терең қазыналы білімпаз,
гуманист, белсенді патриот болғанда ғана қоғамның мықты да білікті, жоғары
мәдениетті, жан – жақты дамыған, шығармашылығы жоғары жеке тұлғаны
қалыптастырып, тәрбиелейтініне Қуандық Досмағанбетұлы нық сенімде
болған.
Бүгінгі таңда қоғам алдына қойылған негізгі міндеттердің бірі жан-жақты
дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру. Заманауи кезеңдерде ғылымдар
жүйесінде, студенттердің болашақ кәсіби қызметке психологиялық және
коммуникативтік дайындықты зерттеу ӛзекті мәселе болып келеді. Қоғам
талаптарына орай еңбек сипаты мен мазмұнының аумақты, жылдам ӛзгеруіне
байланысты кәсіби және мамандықтың қыр-сырына үңілуге психологиялық
және коммуникативтік дайындықты қалыптастырудың теориялық және
әдіснамалық ӛңдеулерін жүзеге асыру мәнді сұрақтардың бірі екендігіне сол
кезде-ақ Қуандық ағай зор назар аударған. Кәсіби қалыптастыру, соған
байланысты іс-әрекетті саналы ӛзіндік реттеу мәселелерінде дәстүрлі және
диагностикалық
зерттеуді
қолдану,
психологиялық,
педагогикалық,
практикалық кеңес беруді, мамандыққа дайындауды, еңбек субьектісі ретінде
болашаққа бағыт-бағдар беруді кеңінен қолдануды әрқашанда ұстаз
басшылыққа алып отырды.
Қуандық ағаның шәкірттерді тәрбиелеу мәселесі еш назарынан тыс
қалған емес. Жастарға деген қамқорлығы шексіз болды, ғылыммен терең
айналысқан азаматтарға қол ұшын созып, әрдайым кӛмегін кӛрсетіп, білімнің
шыңдарына шығуға күш-жігерін аяған жоқ, жастарда ағаның мейірімділігін
сезіп, ризашылығын білдіріп жүрді.
Қуандық Досмағабетұлының ерекше бір еңбегі қазақ мектептері үшін
мұғалімдер дайындауда сіңірген еңбегі дер едік. Ол кісінің орынды
дәлелдеуімен қазақ факультеттері қазақ тілі мен әдебиеті, шет тілін, орыс тілін
оқытатын қазақ бӛлімдері, тарих бӛлімдері, математика мен бейнелеу ӛнері
мұғалімдерін дайындайтын бӛлімдер ашылды. Осы пәндер мамандарын ӛз
университетімізде дайындаудың арқасында облысымызда қазақ мектептері