Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясының материалдары



жүктеу 8,24 Mb.
Pdf просмотр
бет214/219
Дата19.11.2018
өлшемі8,24 Mb.
#21110
1   ...   211   212   213   214   215   216   217   218   219

457 

 

Қайталанбас жарқын тұлға, адамгершілік жоғары принциптерді ұстанған, 



мақсат  жолында  ештеңеден  тартынбайтын,  шыншыл  әрі  адал  адам  ретінде  ол 

біздің жадымызда  әлі де сақталып, қазірге дейін айтылып келе жатыр. Ол кісі 

талап  қойғыш  ұстаз  бола  отырып,  студенттерді  ӛз  пәні  математиканы  сүюге, 

оны  терең  игеруге    шақырды.  Жан  дүниесі  философ  бола  отырып,  ол  «жақсы 

ұстаз» деп ӛз шәкірттерін нағыз адами қасиеттерге баулитын ұстазды  атайтын.  

Біз  әлі  күнге  дейін  ол  кісінің  әртүрлі  ӛзекті  тақырыпқа  құрылған  тартымды 

сабақтарын  еске  аламыз.  Әрқайсымызды  жақсы  түсінетін  ол  біздерге  ақыл-

кеңес  беретін  бедел    иесі  болды.  Оны  әрбір  студентке  деген  ыстық-ықыласы, 

шыдамдылығы, әкелік қамқорлығы сияқты қасиеттер ерекшелейтін. Біздерден, 

шәкірттерінен, ақыл мен білімін,  қажыр-жігерін аямайтын.  Қазір ондаған жыл  

ӛткен  соң  біз  ол  кісінің  ӛскен  ортасынан  алған  адамгершілік  тәрбиесі  мен 

білімін біздердің жүрегімізге еккендігін түсініп отырмыз.   

Белгілі  қазақ  жазушысы  Сәбит  Мұқанов  ӛзінің  «Халық  мұрасы  »  атты 

белгілі кітабында Қуандық Досмағанбетұлының  әкесінің биік шешендік ӛнерін 

тамсана  жазады.  Жоламановтардың  үлкен  де  тату  отбасында  балаларды  ерте 

бастан білімге, еңбекқорлыққа, шыдамдылыққа тәрбиелеу үрдісі болды. Ӛзінің 

еңбек  жолын  ерте  14жастан  бастаған  Қуандық  Досмағанбетұлы  Конюхов 

жетіжылдық  мектебінде  мұғалім  болды.  Петропавл    педагогика    училищесіне 

түсіп,  оны  үздік  бітіреді.  Қуандық  Досмағанбетұлы  мектепте  жоғары 

сыныптарды алгебра, геометрия, физика пәндерін жүргізеді.  

1953 жылы  Қуандық Досмағанбетұлы Қазақ мемлекеттік университетіне  

оқуға  түседі.  Ол  кісі  математиканы  таңдайды.  Оның  ұстаздары  академик 

К.П.Персидский.,  профессор  Х.  Ибралиев  ,  доцент  В.П.Харасахалалар  болды. 

Қуандық  Досмағанбетұлының  курстасы  Ӛмірзақ  Сұлтанғазин  Қазақстан 

Республикасы  Ұлттық  ғылым  академиясының  президенті  болды.  Ол  кісінің 

достарының  кӛбі  -  Қазақстанның  білім  және  ғылым  саласының  белгілі 

тұлғалары.   

Университтегі   оқу жылдарында ол жас ғалым болып қалыптаса бастады.  

Қуандық  Досмағанбетұлы  студенттік  ғылыми  қоғамның  мүшесі  ретінде 

студенттік ғылыми  конференцияларда баяндамаларымен кӛзге түсті.  Ғылымға 

деген  қызығушылықты  ол  ӛзінің  үздік  оқуымен  ұштастырды.  Үздік  диплом  

алған ол  ӛзінің  еңбек  жолын  Кӛкшетау  облысы  Ленинград  селосындағы   орта 

мектептің оқу ісінің меңгерушілігінен бастап, кейіннен директор  болды. 1960 

жылдан  бастап  ол  Семей    зооветеринарлық  және  Павлодар    индустриалды 

институттарында  сабақ  береді  де,  1962  жылы  жаңа    ашылған  Павлодар 

педагогикалық  институтында  математика    және  физика  кафедраларын 

меңгереді.  

1969    жылы  Қуандық  Досмағанбетұлы  диссертация  қорғап,  философия 

ғылымдарының  кандидаты  ғылыми  дәрежесін  алды.  Оның  құнды  ғылыми 

еңбектері  КСРО-ның  ВДНХ  қола  медалімен  марапатталады.  Қуандық 

Досмағанбетұлы ӛзінің 30 жылдық ғұмырын Ш.Уәлиханов атындағы Кӛкшетау 

мемлекеттік университетіне арнады.Осы жылдары педагогикалық институттың 

орнығуы,  дамуымен  тұспа-тұс  келді.    Қуандық  Досмағанбетұлының  жұмыс 



458 

 

істеп жүрген жылдары химия, биология, қазақ тілі мен әдебиеті, информатика 



сияқты  жаңа  мамандықтар  ашылды.  Жыл  сайын  студенттер  саны  мен  ғылым 

кандидаты  және  ғылым  докторларының  саны  ӛсті.  Қуандық  Досмағанбетұлы 

еңбектегі  табыстары  үшін  Қазақ  ССР  Жоғарғы  Кеңесінің,  Қазақ  ССР  оқу 

министрлігінің,  жоғары  білім  және  ғылыми  ұйымдар  кәсіподақтарының 

Республикалық  комитетінің  Құрмет  грамтосымен,  «КСРО  оқу  ісінің  үздігі», 

«Қазақ  ССР  халыққа  білім  беру  ісінің  үздігі»,  «Білім»,  бүкілодақтық  білім 

қоғамының  «Белсенді  еңбегі  үшін»    тӛс  белгілерімен,  Ы.Алтынсарин,  «Ерен 

ерлігі» медальдары және кӛптеген грамоталарымен марапатталды.  

Қуандық  Досмағанбетұлы  ӛзінің  жұбайы  Тәнзилә  Шағырбайқызымен 

жеті  бала  тәрбиелеп  ӛсірді.    Олар  жоғары    білім  алып  ӛздерінің  ӛмірлік 

жолында әкелерінің істерін  әрі қарай  жалғастыруда. Екеуі – ғылым кандидаты. 

Бауыржан  физика-метематика  ғылымдарының  кандидаты  болып  әкесінің  ізін 

басып келе жатқан, бірақ оның ӛмірі уақытсыз аяқталды. 

Қызы  Сәуле  –  экономика  ғылымдарының  кандидаты,  Ш.Уәлиханов 

атындағы Кӛкшетау мемлекеттік университетінің доценті. Бақытжан әкімшілік 

іспен айналысады. Батырхан Қуандықұлы – Қазақстанның ең үздік синхронист 

аудармашысы, 

Женева 


қаласындағы 

Халықаралық 

 

аудармашылар 



ассоцияциясының мүшесі. Шолпан   РR және жарнама бойынша маман. Асан 

Президенттің  «Болашақ»  бағдарламасымен  Ұлыбританияда  магистратураны 

оқып  бітірді.  Бүгін  де  қазақстандық  компанияда  НR  маманы  болып  қызмет 

атқарады.  Аман    Теңіз  кен  аймағында  кауыпсіздік  жӛніндегі  инженері  болып 

жұмыс істейді. Қуандық Досмағанбетұлының 12 немересі, 2 шӛбересі бар.  

Құрметті  еңбек  демалысында  да    Қуандық  Досмағанбетұлы  қоғамдық 

ӛмірге  белсене  араласып,  кӛп  уақытын    жолдастарымен,  қаланың  зиялы 

ақсақалдарымен  ӛткізді.  Немерелерінің  тәрбиесіне  кӛп  кӛңіл  бӛлді. 

Классикалық  және  қазіргі  әдебиетті  оқуды  жанына  серік  етті.  Ол  әкесінің 

артында  мұра  болып  қалған  қазақ  халқының  шежіре  -  жазбаларды  аударып, 

жүйелеген.  

Қуандық Досмағанбетұлының жарқын да жайсаң бейнесі оқушыларының 

жүрегінде мәңгі қалады.Тәлімгер ұстазымыздың есімі әрқашан ыстық, ардақты. 

 

 



 

Байгужина М.Е., 

директор лицея, выпускница 

КГУ им. Ш.Уалиханова 

 

МОЙ УЧИТЕЛЬ 

 

Я  благодарна  судьбе  за  то,  что  в  жизни  встретила  такого  человека,  как 



Куандык  Досмаганбетович.Мы,  студенты  специальности  «Математика»  конца 

70-х  годов  ХХ  века,  занимались  учебой  в  те  годы  с  большим  удовольствием. 




жүктеу 8,24 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   211   212   213   214   215   216   217   218   219




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау