Ресей империясы қҰрамы


  Саяси  партиялар  мен  қоғамдық  бірлестіктер  және  олардың



жүктеу 1,33 Mb.
Pdf просмотр
бет16/26
Дата25.08.2020
өлшемі1,33 Mb.
#31338
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   26
disser

1.3  Саяси  партиялар  мен  қоғамдық  бірлестіктер  және  олардың 
Польша мен Қазақстанның ұлттық мемлекеттілігіне қатынасы 
Мемлекеттегі  саяси  ойлар  мен  қоғамдық  қозғалыстардың  пайда  болуы 
экономика  деңгейі,  ағартушылық,  мәдени  дәстүрлер  және  белгілі  бір  сыртқы 
факторлар  ықпалы  сияқты  бірқатар  объективті  жағдайларға  байланысты 
екендігі  белгілі.  Еуропаның  қақ  ортасында  орналасқан  Речь  Посполита 
алғашқылардың бірі болып ірі империалистік державалардың агрессиясын және 
өздерінің  ұлттық  мемлекеттілігінен  біртіндеп  айырыла  бастағанын  сезінеді. 
Тұрғындарын  германдандыру  мен  орыстандыру  үрдісі  белсенді  жүзеге 
асырылған  бұрынғы  біртұтас  поляк  мемлекетінің  барлық  үш  бөліктерінде 
олардың  мәдениетіне,  дәстүрлеріне  және  тілдеріне  қол  сұғыла  бастайды. 
Мысалы, 
Пруссияның 
қарамағында 
болған 
Познань 
княздігіндегі 
германдандыру  бағыты  неміс  тілін  өмірдің  барлық  салаларында  міндетті  деп 
жариялайды. 1872-1874 жылдардағы қаулымен білім беру мекемелерінде поляк 
тілінде  оқытуға  толық  тыйым  салынады.  Қалалардың,  аудандардың  және 
ауылдардың атаулары өзгертілді. Дін қудалауға ұшырап, мемлекет басып алған 


38
 
 
аумақтарда  католик  діні  әдейі  ығыстырылады  [45].  Дәл  осындай  жағдай 
бұрынғы Речь Посполитаның басқа бөліктерінде де орын алады. 
Бірақ  та,  шамамен  800  жылдай  ұлттық  мемлекеттілік  тарихы  бар  поляк 
халқы  өздерінің  дәстүрлік  құндылықтарын  және  ғасырлар  бойы  қалыптасып 
келген  мемлекеттік-құқықтық мәдениеттерін бір сағатта жоғалтуы мүмкін емес 
еді  [45,  б.25].  Керісінше,  сырт  елдердің  араласуы  және  бөтен  өмір  сүру  үлгісі 
мен  құқықтық  болмыстарының  міндеттелуі  поляк  халқының  басқыншы 
империяларға  қарсы  күресте  рухтарын  көтеріп,  ұлттық  және  саяси 
саналарының артуына ықпал етті. 
Еуропа  сахынасында  болып  жатқан  революциялық  оқиғалар,  феодалдық 
қатынастың  орнына  капитализмнің  келуінің  үлгісі  болған  Франциядағы 
төңкерістер  өзге  елдердің,  соның  ішінде  Польшаның  саяси-идеялық  өміріне 
әсерт  етпей  қоймайды.  Тәуелсіздік  үшін  күресу  идеясы  тұрғындардың барлық 
әлеуметтік  топтарын  қамтыған  жалпы  поляк  қоғамына  тән  болатын. 
Польшадағы алғашқы қоғамдық саяси бірлестік ХХ ғасырдың 30 жылдарында 
құрылған «Люд Польский» атты эмиграциялық ұйымы болатын. Оның құрамы 
француз  төңкерісіндегі  якобиндердің  әлеуметтік-утопиялық  идеяларын 
бойларына  сіңірген  тұрғындардың  жұмысшы  тобынан  тұрды.  Бұл  бірлестікке 
қатысушылар елдегі өзгерістерді жүзеге асыру үшін террорды құптайды. 
Осы  кезеңде  өздерінің  бағыттары  бойынша  консервативті  және  солшыл 
болып  екі  топқа  бөлінген,  француз  буржуазды-демократиялық  идеяларын 
ұстанған  «Поляк  демократиялық  қоғамы»  құрылған  болатын.  Консервативті 
топ  Польша  жағдайында  француздардың  тәжірибелерін  қолдану  мүмкін  емес 
десе, солшылдар керісінше, француздардың тәуелсіздіктері үшін күрестеріндегі 
әлеуметтік  реформаларды  және  революциялық  әдістерін  қолдануды  жөн 
санайды [45, б.23]. 
Польшаның  идеялық-саяси  өмірі  сол  тарихи  кезеңдерде  дамыған 
өнеркәсібі, мәдениеті мен білім беру орындары орналасқан Польша астанасы – 
Варшава,  Лодзь,  Краков,  Вроцлав,  Гданьск,  Познань  сияқты  ірі  қалаларда 
шоғырланғанын  атап  өту  керек.  Бұл  қалаларда  поляк  интеллигенттері  бас 
қосып,  болашақ  саяси  партиялар  мен  қоғамдық  бірлестіктердің  алғашқы 
үйірмелері 
ұйымдастырады. 
Польша 
Патшалығының 
өнеркәсіптік 
аймақтарында  Еуропа  мемлекеттерінің  үлгілері  бойынша  8  сағаттық  жұмыс 
күнін белгілеу және еңбекақыны көтеру талаптары қойылған алғашқы шерулер 
өтеді.  Польшадағы  жұмысшы  тап  тұрғындардың  өзге  таптарына  қарағанда 
ұйымшыл  болған.  А.Жарновскаяның  мәліметтері  бойынша  1893  жылы 
жұмысшылар саны 150 мыңнан астам адамды құраған  [46]. Еуропаның атағын 
шығарған  өндіріс  пен  жаңа  технологиялардың  даму  қарқыны  артқан  сайын 
пролетариаттардың да саны арта түседі.  
Варшавада сол кездің өзінде польша жұмысшыларының Одағы және 1882  
жылы  құрылған  Польша  социалистік  жұмысшылар  партиясы  –  «Ұлы 
Пролетариаттың»  болғанын  айта  кету  керек  [47].  Ең  бір  қызығы,  ол 
«Пролетариаттың»  орыс  қозғалысы  «Халық  еркімен»  араларында  келісімнің 


39
 
 
болуы  және  екеуі  де  террорды  патшалықпен  күресудің  тәсілі  ретінде 
мойындайды [48].  
Жандармерияның  бірінші  «Пролетариатты»  талқандауынан  кейін,  ол 
«Екінші Пролетариат» деген атпен қайтадан өз жұмысын жасай бастайды. Бұл 
партия  билік  тарапынан  қуғын-сүргінге  ұшыраған  бұрынғы  төңкерісшілердің 
дәстүрлерін  бойларына  сіңірген,  және  де  бұрынғы  ұйымның  тәжірибесінің 
арқасында  олардың  қызметі  толығымен  жасырын  түрге  көшеді.  «Екінші 
Пролетариат»  бірінші  мамырлық  демонстрациялар  мен  жұмысшы  шерулерін 
төңкерісшілер  үшін  зиянсыз,  сауатты  түрде  өткізуін  жалғастырды.  Мысалы, 
Варшаваның генерал губернаторы Петербургтағы ішкі істер Министріне соңғы 
кездері  төңкерісшілердің  жасырын  тобы  фабрикалар  мен  зауыттардағы 
жұмысшыларды үгіттеу бойынша белсенділене түскенін мәлімдейді [49]. Билік 
арасындағы хат алмасулардан, ешқандай да қуғын-сүргін және қамаулар ұлттық 
мемлекеттілікті қалпына келтірудегі күресте қара халықтың саяси және ұлттық 
санасының  өсуіне  ықпал  еткен  саяси  партиялардың  кең  жұртшылық 
арасындағы рөлінің нығаюын тоқтата алмағанын көруге болады.  
Париждегі  1892  жылы  болған  польша  социалистерінің  съезінде  Польша 
жұмысшылар  партиясы  екіге  бөлінеді  де,  ұйымдастыру  орталығы  ретінде 
Париждегі польша социалистерінің шетелдік Одағы құрылады [50].  
Съезде  польша  социалистерінің  шетелдік  Одағымен  келісілген  Польша 
социалистік  партиясының  (ПСП)  бағдарламасы  қабылданады.  Партияның 
міндеті  орыс  аумағында  тұратын  поляктарды  революция  қызметіне  тарту 
болатын.  Ю.  Мархлевский,  Я.  Ледер,  С.  Кулик,  Л.  Бейн,  А.  Варский  және 
басқалар  негізін  қалаған  «Польша  социалистік  партиясының»  құрамына 
«Екінші Пролетариат» пен «Польша жұмысшылар Одағы» кіруге келіседі. 
Кейін, олардың көбісі көрнекті қоғам және мемлекет қайраткерлері болады 
[51]. Съезде қабылданған  бағдарлама жобасы Польша корольдігіне жіберіледі.  
Съезд  террорды  партиялық  күрес  тәсілінен  алып  тастап,  басты  міндет 
ретінде  патшалық  самодержавиеге  қарсы  ұлттық  көтерілісті  Ресейдегі 
революциялық  қозғалыстардың  қатысуынсыз  ұйымдастыруды  қояды.  Польша 
социалистері съезінің жұмысынан олардың орыс социал-демократтарын сенімді 
саяси  күш  деп  санамай,  сенімсіздік  білдіргендіктен  тығыз  байланыс  жасаудан 
бас тартқандары көрінеді. 
Партиялардың  қосылуы  және  бірігуі  туралы  партиялық  сұрақтарды 
талқылау  барысында  болашақ  Польшадағы  ұлттық  мемлекеттілік  нысаны  – 
пролетарлық  немесе  демократиялық  республика  жөнінде  пікірлердің  бірдей 
болмағанын  атап  өту  керек.    Бағдарламаның  көптеген  авторлары  жоқ  дегенде 
польша  мемлекетінің  ұлттық  тәуелсіздігіне  қол  жеткізуді  басты  міндет  деп 
санады,  яғни  бірінші  ұлттық  азаттылықты  алып  алу,  содан  кейін  барып 
әлеуметтік  теңсіздікті  жою  [51,  б.18].  Поляк  ұлттық  мемлекеттілігін  қалпына 
келтіруде  үлкен  үлес  қосқан  белгілі  қоғам  қайраткерлерінің  бірі  Юзеф 
Пилсудский  келіспеушіліктерді  жойып,  саяси  күштерді  біріктіру  үшін  елдің 
даму болашағын екі сөзбен: «...алдымен Польшаның тәуелсіздігі, ал содан кейін 
ғана пролетариат сұрағы»,-деп анықтайды [51, б.20]. 


40
 
 
Поляк  жұмысшылар  қозғалысындағы  маңызды  оқиғалардың  бірі  «Поляк 
жұмысшыларының  Одағы»  мен  «Пролетариат»  арасындағы  бағдарламалық 
әртүрлілікті  жою  болды,  екіншіден,  партия  бағдарламасына  тәуелсіз  польша 
демократиялық  республикасын  құру  туралы  ұран  енгізілуі.  Партия 
жетекшілерінің 
бірі 
С.Меньдельсонның 
пікірі 
бойынша, 
Польша 
демократиялық  республикасының  құрылуы  Ресейдің  реакциялық  күштеріне 
төтеп  беруде,  және  де  оның  өзіне  поляк  жерлерімен  қатар  Литва,  Беларуссия 
және Украина жерлерінің есебінен Шығыстағы аумақтарды қосуына мүмкіндік 
беретін  еді.  Мендельсон  Ресейден  бөлініп  шығу  және  тәуелсіз  Польшаның 
құрылуы патшалық тұрақтылығын  шайқалтатын ауыр дағдарыс болғанда ғана 
мүмкін екендігін айтады. Бұл поляктарға ұлт азаттық қоғалысын бастап кетуге 
мүмкіндік беретін қаржылық дағдарыс, аштық, соғыстар және тағы да басқалар 
болуы  мүмкін  [50,  б.41].  Кейін,  демократиялық  партиялар  оларды  таптық 
күрестен ұлтшылдыққа ауып бара жатқандары үшін сынға алады [50, б.12]. 
Басқа көшбасшылар боса, атап айтсақ «Побудка» журналының редакциясы 
тіпті егер Ресейдегі билік басына либералды буржуазия келсе де, олар өздерінің 
польшалық  бәсекелестерін  өнеркәсіпте  басуға  тырысатынын  айтады. 
Сондықтан,  уақыты  келген  Австро-Венгрия  мен  Ресей  арасындағы  соғысты 
пайдаланып Польша Корольдігін Ресейден жылдам бөліп алу керек деп журнал 
редакторы  қорытындылайды  [52].  «Побудка»  журналы  1888  жылы  Париж 
қаласында  құрылғанын,  ал  оның  бірінші  нөмірі  1889  жылы  шыққанын,  бұл 
баспа  органының  редакциясы  өздерін  «Ұлттық-социалистік  гминалар»  деп 
атаған азғантай төңкерісшілер тобынан тұрғанын айта кеткен жөн [53].   
Олардың идеялары Польшадағы ұлттық мемлекеттілікті қалпына келтіруге 
белсенді ат салысқан белгілі қоғам қайраткерлері Р.Дмовский, Б. Лимановский, 
К. Длусский және Б. Мотцтар 1892 жылы Парижде негізін қалаған  «Пшеглёнд  
социалистичны» поляк журналы тарапынан қолдауға ие болады.  
Олардың  ойларын  өзге  де  журналдар  қолдайды,  мысалы,  Берлинде 
шығарылатын поляк социалистік «Рабочая газетаның» редакторы Ст.Грабский 
поляк  социал  демократтарының  бағдарламасы  жөніндегі  сұраққа  қатысты 
былай  деп  жазады:  польша  пролетариаттарының  саяси  бағдарламасының 
ортасында  Польшаның  ұлттық  тәуелсіздігі  сұрағы  тұруы  керек.  Және  де 
Грабски  әлеуметтік  және  ұлт  азаттығы  үшін  күресте  поляк  және  орыс 
революциялық күштерінің одағына күмән келтіреді [50, б.42]. 
 Жоғарыда  келтірілген  партиялардан  басқа,  Польшада  XIX  ғасырдың 
соңында  идеялық  рух  беруші  Роман  Дмовский  (1864-1937  жж.)  жетекшілік 
еткен  ірі  саяси  қозғалыс  «Ұлттық  демократиялық  партия»  құрылған  болатын. 
Партия 1897 жылы құрылады. М.В.Зелинский өзінің мақаласында Дмовскийдің 
ұлтшылдығы  утопиялық  және  социализм  идеяларынан  бас  тартудан 
құрылғанын, және де оның қоғам прогресінің қозғаушы күші ретіндегі таптық 
күресті  мойындамағанын  жазады.  Партияның  ұлтшылдық  тұжырымы  поляк 
дәстүріне  және  дарвинизмнің  –  мықтылардың  тірі  қалуы  қағидаларына 
негізделеді.  Партияның  басты  міндеті  біртұтас  моноэтникалық  поляк 
мемлекетін құру болды [54]. 


41
 
 
ХІХ ғасырдың аяғында Польшаның идеялық-саяси өмірінде жұмысшылар 
қозғалысында 
ПСП 
мен 
социал-демократтардың 
арасында 
үлкен 
келіспеушіліктер  орын  алады.  ПСП  ереуілдерді  саяси  күрес  құралы  емес  әрі 
тиісті нәтижелер бермейді десе [50, б.21], социал-демократтар болса керісінше, 
оларды жұмысшылардың өмірін жақсарту үшін қажетті шара дейді. 
 ПСП-нің  1897  жылы  болған  IV  съезінде  пруссия  аумағында  тұратын 
социалистерге  әдебиетпен,  қару  жарақпен  көмек  көрсету  арқылы  бірдей 
шаралар  өткізуге  шешім  қабылданады.  Сонымен  қатар,  бұл  ұйымдар  ресей 
партияларымен тығыз қарым қатынас жасамаулары керек болды. ПСП съезінің 
орыс  революциялық  партияларымен  қатынас  жасаудың  басты  шарты  болып 
Польша 
тәуелсіздігін 
мойындау 
және 
бұл 
саясатты 
өздерінің 
бағдарламаларында қолдауы табылды [50, б.55]. 
Поляк  социалистері  мен  жұмысшы  ұйымдардың  орыс  социал-
демократтарымен ынтымақтасуға ниеттерінің жоқтығының себебі Польшадағы 
өздерінің мемлекетінің дербестігі мен егеменділігі үшін күрес жүргізіп жатқан 
билеуші  күштердің  таптық  мәнінде  екенін  В.И.Ленин  өзінің  1903  жылы 
маусымдағы 
«Искра» 
газетінің 
44 
нөмірінде 
басылған 
«Біздің 
бағдарламамыздағы  ұлт  сұрағы»  деген  мақаласында  атап  өткен.  Ленинің 
ойынша, 
поляк 
пролетариаттары 
мақсаты 
Ресейдегі 
пролетариат 
революциясының  жеңісін  көздейтін  орыс  жұмысшыларымен  одақ  құрулары 
қажет.  Сондықтан,  буржуаздардың  күн  сайын  өздерінің  пролетариларының 
құлақтарына  сіңіріп  жатқан  Польшаның  егеменділігі  жайында  ойламай, 
Ресейдегі 
патша 
режиміне 
қарсы 
күрестің 
жалпы 
әдістері 
мен 
ынтымақтастықты іздеу керек дейді [55]. 
Поляк төңкерісшілерінің арасында лениндік идеяны ұстанғандар да болды, 
алайда  олардың  көбісі,  соның  ішінде  Пилсудскидің  ПСП  большевиктер 
бағдарламасымен  келіспеді.  Ленин  өзінің  мақалалары  мен  сөз  сөйлеулерінде 
поляк социалистік партиясының ұлтшылдығын көрсете отырып ПСП жұмысын 
үнемі сынға алады, оларды поляк жұмысшы қозғалысына зиян келтірген ресей 
социалистік  төңкерісшілерімен  салыстырады.  Лениннің  ойынша,  тек  барлық 
елдер  пролетариларының  арасындағы  одақ  қана  самодержавияны  жеңуді 
қамтамасыз ете алады [56]. 
Польшаның  Ресейден  бөліну  сұрағы  поляк  социал  демократтарының 
арасында  әр  кез  тұрақты  болмағанын  айта  кету  керек.  Мысалы,  1896  жылы ІІ 
Интернационалдың 
Лондондағы 
халықаралық 
конгресінде 
Польша 
социалистері 
Интернационалға 
өздерінің 
бағдарламаларында 
Польша 
тәуелсіздігі 
талабын  қабылдауларын 
ұсынады.  Бірақ 
бұл 
ұсыныс 
қабылданбайды.  Бұл  сұрақ  бойынша,  Роза  Люксенбург  поляк  социалистерінің 
Польша  тәуелсіздігін  талап  етпеулері  керек  деген  өзінің  көзқарасын  білдіреді 
[57].  Және  ол, Польша  үшін  Австро-Венгриямен, Германиямен және  Ресеймен 
интеграциялануы  пайдалы,  ал  Польшаның  бөлінуі  елдің  экономикасы  мен 
жалпы дамуына зиян келтіретінін атап өтеді [51, б.20-21]. 
Бірақ, кейін 1913 жылы «Просвещение» газетінде Р.Люксембург «Ұлттық 
сұрақ  және  автономия»  атты  мақаласында  керісінше,  Польша  Корольдігіне 


42
 
 
автономиялық  ерекше  құқықтың  берілуі  керектігін  дәлелдейді.  Өзінің 
идеясының  дәлелі  ретінде  ол  «азияттық  деспоизм»  ұғымына  сәйкес  келетін  
Ресейдің  мемлекеттік  құрылысына  экономикалық,  саяси,  тұрмыстық, 
әлеуметтік және өзгеде параметрлер бойынша сипаттама бере келе [57, б.227], 
Польшаның мұндай мемлекетте дами алмайтынын келтіреді. Р. Люксембургтің 
ойынша,  мұндай  жағдайдан  шығудың  бірден  бір  амалы,  ол  Ресейден  бөліну 
болатын.  
1900  жылдың  ақпанында  Лейпциг  қаласында  поляк  және  литваның 
демократиялық қозғалыстарын үлкен бір ұйымға - Польша Корольдігінің және 
Литваның  Социал  демократтар  (ПКжЛСД)  ұйымына  біріктірген  конференция 
шақырылады.  Ю.  Мархлевский  редакторлық  еткен  «Пшеглейнд  работничий» 
журналы осы бірлестіктің партиялық журналы болады [58]. 
Осы  кезде  ресей  социал  демократ  жұмысшылар  партиясының  (РСДЖП) 
басшысы  –  В.И.Ленин  самодержавияға  қарсы  күрес  жүргізіп  жүрген 
бытыраңқы  саяси  қозғалыстардың  бастарын  бір  одаққа  біріктіртіру  бойынша 
үлкен  жұмыстар  жүргізгені  жалпыға  мәлім.  1903  жылдың  шілде-тамыз 
айларында  Лондонда  РСДЖП  ІІ  съезі  өтті.  Депуттардың  ұзаққа  созылған 
келіссөздерінен  кейін,  съезд  Я.  Гонецкий  мен  А.  Варский  тұлғасындағы 
ПКжЛСД  өкілдерін  кеңесу  дауысын  ұсына  отырып  шақырады.  Алайда, 
Польшаның дербестік алуына қатысты негізгі сұрақтар бойынша келісімге келе 
алмаған  Польша Корольдігінің және Литваның Социал демократтар партиясы 
РСДЖП құрамын кірмейді [50, б.150-158]. 
Кейін,  1917  жылғы  қазан  төңкерісінен  соң  Петроградта  ПКжЛСД  және 
ПСП–левицалар (бұл жерде поляк социалистері: оңшылдар – радикалдар және 
солшылдар  (леицалар)  –    либералдар  болып  екіге  бөлінгенін  атап  өту  керек) 
бірігіп,  Ресей  аумағында  әрекет  ететін  Коммунистік  жұмысшы  поляк 
партиясын (КЖПП) құрады. 1920 жылы ол (б) РСДЖП-ға қосылады. ПКжЛСД-
ның басқа бөлігі Польшаның аумағында большевиктердің идеяларын таратады 
[59]. 
ПКжЛСД  мүшелерінің  бірі  болған  Ф.Э.  Дзержинский,  кейін  кеңестік 
Ресейдің  белгілі  мемлекет  қайраткері  болады.  Дзержинский  Феликс 
Эдмундович  1877 жылы 30 тамызда (11 қыркүйек) Виленск губерниясындағы 
Дзержинов  жерінде  орташа  жағдайдағы  ірі  жер  иесінің  отбасында  дүниеге 
келеді  [60,  б.250].  Оның  әкесі  1882  жылы  43  жасында  туберкулез  ауыруынан 
қайтыс  болған  кезде  анасының  қолында  8  бала  қалады,  ал  Феликс  5  жасқа  да 
толмаған еді. Нағашы апасы отбасына үлкен көмек көрсетеді [61].  
1889-1895  жылдар  аралығында  Феликс  гимназияда  білім  алады,  ол 
әдебиетті  жақсы  көреді,  әсіресе  нақты  ғылымдар  бойынша  қабілеттілігімен 
ерекшеленеді  [61,  б.13].  Дзержинский  1884  жылды  өзінің  өміріндегі  өзгерісті 
кезең деп санайды, ол дінді мүлдем тастайды да, тыйым салынған әлеуметтік- 
демократиялық  әдебиеттермен  көп  әуестене  бастайды  [62].  Сол  жылдың 
күзінде  ол  социал-демократиялық  партия  қатарына  кіреді.  Өзінің  заңсыз 
қызметі  үшін  Дзержинский  1898  жылы  әкімшілік  түрде  Вятск  губерниясына 
полиция қадағалауымен айдауға жіберіледі [61, б.33].  


43
 
 
Сол кезден бастап ол бірнеше рет қамауға алынып, айдауға және каторгаға 
жіберіледі, Юзеф аты оның революциялық лақап атына айналады. 
Дзержинский  1906  жылы  IV  біріктіруші  съезде  Ленинмен  бірінші  рет 
кездеседі.  Осы  кезеңнен  бастап  ол  оның  қабілеттілігі  үшін  күрделі 
революциялық  жұмыстарға  тарта  бастаған  Ресей  социал  демократиялық 
партиясының көрнекті қайраткерімен жақындаса түседі [63]. 
1917  жылдың  ақпанында  ол  Бутырка  түрмесінде  отырады  және  төңкеріс 
аяқталғаннан кейін бірден босатылады. Дзержинский Мәскеудегі большевиктер 
ұйымында жұмыс жасай бастайды, VII сәуірлік Бүкілресейлік конференцияның 
делегаты,  кейін  (б)  РСДЖП-нің  VI  съезінің  қатысушысы  болады.  Съезде  ол 
Орталық  Комитетке  мүше  болып  сайланады,  онымен  қоса,  Дзержинский 
Петроградтық  депутаттар  Кеңесінің  жанындағы  ӘРК–әскери  революциялық 
комитеттің жетекшісі атанады. Ол А.С.Бутков, Я.М.Свердлов, И.В.Сталин және 
М.С.Урицкий  сияқты  белгілі  төңкерісшілермен  бірге  қарулы  көтеріліске 
жетекшілік  ететін  Әскери  революциялық  орталықтың  құрамына  кіреді.  1917 
жылдың  қазанында  Ф.  Дзержинский  Кеңестердің    ІІ  съезінде  Бүкілресейлік 
Орталық Атқару Комитетінің мүшелігіне сайланады [61, б.5-6]. 
Кеңестік  билік  орнағаннан  кейін  оны  қорғау  мақсатында  Бүкілресейлік 
Төтенше  Комитет  (БТК)  құрылады  да,  Ф.Э.Дзержинский  соның  тұрақты 
жетекшісі  болып,  «темір  Феликс»  лақап  атына  ие  болады.  Ол  1920  жылы 
контрреволюцияға  қарсы  күресте  сіңірген  еңбегі  үшін  Қызыл  Ту  орденімен 
мапатталады,  сонымен  қатар,  ол  шетел  интервенциясы  жылдарында  1920 
жылдың  шілде  айынан  қыркүйекке  дейін  большевиктердің  жұмысшы 
коммунистік  партиясы  Орталық  Комитетінің  ((б)  ЖКП  ОК)  Польшадағы 
Бюросының  құрамына  және  Польшаның  Уақытша  революциялық  комитетінің 
(Полревком) құрамына кіреді [64].  
1919-1920  жылдары  азаматтық  соғыс  және  шетелдік  интервенциялар 
кезінде большевиктер ұлттық шеттердегі 1917 жылғы ақпан төңкерісінен кейін 
пайда болған ұлттық демократиялық құрылымдарды басқанын айта кету керек. 
Олар  Поволжьеде,  Прибалтикада,  Украинада,  Кавказда,  Орта  Азия  және 
Қазақстанда  құрылған  болатын.  Бұрынғы  патшалы  Ресейдің,  кейінгі  Кеңестер 
республикасының  аумағын  ыдыраудан  сақтап  қалу  үшін  большевиктік  
жетекшілер қарулы күштерді белсенді қолданады, жергілікті жерлерде Әскери 
революциялық  комитеттер  құрылады.  Сондықтан  Ревкомның  міндеттеріне 
ұлттық-демократиялық  қозғалыстармен  күресу  және  жергілікті  жерлерде 
кеңестік  билікті  орнату  кірген  болатын.  Революция  жауларын  өшпенділікпен 
жек  көрген  Дзержинский  Польшадағы  Кеңестік  билікті  орнатуда  лайықты 
үміткер болады. Осы кезеңде Қызыл әскер ауыспалы жетістіктермен Варшаваға 
бет  алған  болатын,  бірақ  Антанта  елдерінің  араласуы  большевиктердің 
кеңестендіруге  қатысты  жоспарларының  жүзеге  асырылуына  мүмкіндік 
бермеді. Дзержинский 1926 жылға дейін ОГПУ, ВСНХ және басқа да кеңестер 
мемлекетінің ірі мекемелерін басқарады. 
Феликс Эдмундович социалистік революция ісіне толығымен берілген үш 
төңкерісшінің  бірі  болғанын  айта  кету  керек.  Ол  алдымен  социалистік,  кейін 


44
 
 
әлемдік  революция  оның  Отанына  тәуелсіздік  әкелетініне  сенеді.  Ол  сияқты 
дарынды поляктар Ленин үкіметінде көп болған. Бұл Бронислав Весоловский – 
ОК хатшылығының мүшесі, Франтишек Гжельщак – Кеңестердің ОАК мүшесі, 
Станислав  Коскор  және  Феликс  Кон  –  Украина  Компартиясының 
қызметкерлері,  Станислав  Пестковский  –  ұлттар  ісі  бойынша  Халком  мүшесі 
және басқалар [65]. Атап айтсақ, С. Пестковский 1919 жылы 10 шілдедегі Қазақ 
өлкесін  басқару  бойынша  Революциялық  Комитет  туралы  Декретке  сәйкес 
құрылған Қазақ революциялық комитетіне жетекшілік еткен [66]. 
Өткен оқиғаларға орала отырып, 1905-1907 жылдары болған бірінші орыс 
революциясының оқиғаларына байланысты метрополияның және оның ұлттық 
шеттерінің  саяси  өмірлерінде  маңызды  өзгерістер  болғанын  айта  кету  керек.  
1905  жылғы  17  қазандағы  Манифесте  саяси  құқықтар  мен  азаматтық 
бостандықтардың  берілуімен  қатар,  орыс  халқының  тарихи  дәстүрлерінің 
құрметіне Мемлекеттік дума деп аталған Ресей тарихындағы бірінші Парламент 
құрылған болатын. 
ІІ  Николайдың  Үкіметін  орыс-жапон  арасындағы  соғыс  кампаниясының 
сәтсіздікке  ұшырауы,  аграрлық  сұрақтың  шиеленісіп  кетуіне  және  де 
тұрғындардың  кедейленіп,  өмір  сүру  деңгейінің  төмендеуінің  нәтижесінде 
елдегі  туындаған  дағдарыс жағдайы  қатты  алаңдатады.  Жағдайдың  ушығуына 
әртүрлі  революционер  демократтарда  өз  үлестерін  қосты.  Елге  шұғыл 
реформалар,  шетелдік  қарыздар  мен  жағдайдың  тұрақтылығы  керек  болды. 
Парламент  бұл  жағдайда  елде  басталған  қайта  құрылымдардың  жалған 
бейнесін  жасауға  тырысты.  Дума  самодержавия  және  буржаузия  арасындағы 
келісім  мен  мәмілеге  келудің  ыңғайлы  орнына  айналып,  революциялық 
қоғалыстың  бәсеңдеуін,  көтерілістердің  тоқтауы  және  демократиялық 
күштердің ыдырауын қамтамасыз етті. 
Ақыры  соңында,  мәжбүрлі  көнушілік  патшалықтың  өзінің  шексіз  билігін 
шектегенін білдірмейді. Парламенттің заңшығарушылық өкілеттілігі іс жүзінде 
формальды болған, өйткені үкіметтік шенеуніктер императордың еркі бойынша 
Думаның билігін жоққа шығаратын мықты құқықтық тетік жасаған [67]. 
Ұлттық  шеттердегі  тұрғындардың  Парламентке  өздерінің  депутаттарын 
сайлауына құқықтары берілгендіктен, Мемлекеттік дума халық арасында бұрын 
соңды 
болмаған 
қызығушылық 
тудырады. 
Мысалы 
В.А.Деминнің 
мәліметтерінде  1905  жылдың 11  желтоқсанындағы  Заң бойынша  Польшаға  37 
депутаттық  орынға  құқық  берілді  делінген  [68].  Ал,  Ғ.З.Қожахметовтың 
мәліметтерінше,  1906  жылдың  22  ақпанында  Қазақстанның  облыстарындағы 
сайлаулар  туралы  ереже,  23  сәуірде  –  Түркістанда,  25  –  наурызда  Астрахань 
губерниясындағы  Ішкі  Орда  қазақтары  үшін  сайлау  ережелері  бекітілген. 
Қазақстанға 10 орын, Түркістан өлкесіне – 13, Ішкі Ордаға – 1 орын, жалпысы 
Орта Азияға 24 орын беріледі [68, б.39].  
Дала  және  Түркістан  өлкесіндегі  қоғамдық  және  саяси  партиялар  бірінші 
орыс  революциясының  арқасында  өздерінің  қозғалыстары  мен  баспа 
органдарын құрып саяси пікірлерін тұрғындар арасында таратып, үгіт насихат 
жұмыстарын  жүргізгенін  және  танымал  бола  бастағанын  айта  кету  керек. 


45
 
 
Академик  С.З.  Зиманов,  Ресейде  1905  жылы  болған  төңкеріс  қазақтардың 
ұлттық  өміріне  айтарлықтай  серпін  бергенін  және  оның  жергілікті  тұрғындар 
арасындағы барлық күштерді оятып, қазақ қоғамының зияткерлік өмірінде жаңа 
кезең басталғанын атап өтеді [69]. 
М.  Құл-Мұхаммед  ұлттық  саяси  сананың  қалыптасуы  үшін  халықтың 
саяси өзін-өзі билеуінің негізі бола алатын мемлекеттік-құқықтық идеялардың, 
бағдарламалардың  жасалуы  қажет  болғанын  айтады.  Мұндай  мемлекеттік 
құқықтық  идеяларды  іздеу  және  жасаумен  XIX  ғасырдың  соңында  алдыңғы 
қатарлы  қазақ  зиялылары  айналысқан.  Солардың  қатарынан  Бөкейханов 
Алиханды  ғалым  бірінші  атайды,  өз  ойын  жалғастыра  келе,  ол  ХХ  ғасырдың 
басында  Қазақстанда  еуропаша  білімді қазақ  қайраткерлерінің  үлкен  тобының 
пайда болғанын, кейін бірінші орыс революциясы кезінде солардың ұлт азаттық 
күрес ұйымдастырушылар әрі рухтандырушылар болғанын көрсетеді [70]. 
Қазақ зиялылары өздерінің күштері мен мүмкіндіктерін сайлауға қатысуда, 
артынша,  Ресейдің  І  және  ІІ  Мемлекеттік  думаларының  жұмыстарында  сынап 
көреді.  Ғ.З.  Қожахметовтың  мәліметтері  бойынша,  І  Думаға  қазақ 
тұрғындарының арасынан келесілер сайланған: А. Бөкейханов – Семей облысы, 
Ш. Кощегулов – Ақмола облысы, А. Кальменов – Орал облысы, А. Беремжанов 
–  Торғай  облысы  [67,  б.42-44].  Дала  өлкесіндегі  орыс  тұрғындарының  атынан 
шыққан  депутаттар  Думада  өңір  мүдделерін  қорғаған  демократиялық 
зиялыларының айтуға тұрарлық өкілдері болғаны белгілі. 
І Ресей Думасы 1906 жылдың 27 сәуірінен 8 шілдесіне дейін жұмыс жасап, 
таратылғандықтан  қазақ  депутаттары  аз  уақыт  ішінде  Парламент  мінберінен 
өздерінің жобаларын ұсынып үлгермейді. 
ІІ  Мемлекеттік  думаға  қазақ  тұрғындарының  арасында  өткізілген  сайлау 
қорытындысы  келесідей  болды:  Ақмола  Облысынан  -  Ш.  Кощегулов,  Торғай 
облысынан  -  А.  Беремжанов,  Орал  облысынан  -  А.  Кальменов,  Түркістан 
өлкесінен – М. Тынышпаев, Ішкі ордадан екі Думаға – Б. Құлманов және Семей 
облысынан  –  А.  Норекенов  [67,  б.49].  Семей  облысынан  депутаттыққа 
Ә.Бөкейхановтың  шығуы  әбден  мүмкін  еді,  алайда  «Выборг  үндеуіне»  қол 
қойғаны  үшін  ол  қылмыстық  жауаптылыққа  тартылып,  Думаның  келесі 
шақырылымына сайлану құқығынан айырылғанын айта кету керек [67, б.48]. 
Мемлекеттік думада Қазақстандық депутаттар алғашында конституциялық 
демократиялық  партияны  ұстанады,  бірақ  ІІ  Думадан  бастап  олар  құрамында 
Кавказ,  Поволжья  депутаттары  мүшелік  еткен  мұсылмандар  фракциясына 
кіреді, ал партияның көшбасшысы С.Н. Максудов болады [67, б.88]. 
Думада  белгілі  бір  мәселе  бойынша  сөз  сөйлеу  мен  жарыссөздер  үдерісі 
кезектегі адамдар санының көптігінен қиын болды. Сондықтан, тек 1907 жылы 
6 мамырда ғана депутат Бақытжан Қаратаевтың Дума мінберінен сөз сөйлеуіне 
мүмкіндік  туады.  С.З.Зимановтың  ойынша,  оның  сөз  сөйлеуі  барлық  саяси 
партиялардың  назарын  аударған,  тіпті,  В.И.Лениннің  өзі  «1905-1907 
жылдардағы  бірінші  орыс  революциясындағы  социал-демократтардың 
аграрлық бағдарламалары» атты еңбегінде Парламент жұмысын қорытындылай 
келе,  Қаратаевтың  баяндамасына  талдау  жасайды  [71].  Академик  С.З.Зиманов 


46
 
 
Қаратаевтың қоныс аудару көшпенділерді кедейлендірумен байланысты екенін 
және  шаруаларға  орын  босату  үшін  оларды  тұрғылықты  жерлерінен  көшіріп 
жіберу  арқылы  помещиктерді  құтқарып  қалу  жүзеге  асырылып  жатқанын 
жеткізе  алғанын,  ары  қарай  депутаттың  «...орыс  еңбекші  таптары  мен  орыс 
зиялылары  жәбірленіп  жатқан  бақытсыз  қырғыз  қайсақтардың  айқайына  үн 
қосу қолдарынан келетінін айтқанын» атап өтеді [71, б.360]. 
Орыс  саяси  партиялары,  кадеттер  (Ресей  конституциялық-демократиялық 
партиясы),  эсерлер  (социалист-революционерлер),  мұсылман  фракциясы  және 
«Поляктар колосы» Қазақстанды осы сұрақтар бойынша қолдайды. 1907 жылы 
3 маусымда ІІ Николай екінші Думаны да таратады, заң оппозициялық  лагерь 
депутаттарының  санының  азаю  жағына  өзгереді,  ал  Қазақстан  мен  Түркістан 
өлкесі болса парламентке өкілдік ету құқығынан мүлдем айырылады.  
1907  жылы  үшінші  маусымдағы  заңның  қабылдануынан,  либералды 
реформа жүргізуді талап еткен демократиялық құрамдары болған  екі алдыңғы 
шақырылымдардың таратылуынан кейінгі III және IV Дума өзінің саяси құрамы 
бойынша «қара жүздіктер» атанады. Олар әскер және флот, күзет бөлімшелері, 
құпия  полиция  мен  жандармерияны  нығайту  бойынша  үкіметтің  кез-келген 
талаптарына  қаражаттарын  аямайды.  Бұл  жөнінде  ІІІ  Дума  демократтарының 
бірі былай дейді: «Тарих ІІІ Думаның заң қабылдау үшін емес, Үкіметке қызмет 
етуі үшін  шақырылғанын, әрі оның бұл миссияны мүлтіксіз адал орындағанын 
айтатын болады», - дейді [67, б.29]. 
Дума таратылса да, онда қазақ халқының мерзімі жеткен өмірлік маңызды 
мәселелері барлық жұрт алдын паш етілгенін, және де самодержавиемен бірігіп 
күресу  үшін  әртүрлі  ұйымдар  мен  қозғалыстардың  көшбасшыларымен  іскер 
қатынастар мен байланыстар орнатылғанын атап өткен жөн. 
Поляк  депутаттары  Мемлекеттік  думада  «Поляк  колосы»  деген 
фракцияларын  құрады.  Поляк  фракциясының  басты  міндеті  Парламентте 
өздерінің  мүдделерін  қорғап,  Польшаның  автономия  болуына  қол  жеткізу 
болатын.  Алғашында  «Поляк  колосы»  дербес  саясатты  ұстанғанын,  кейін 
демократтар мен ұлттық шеттердің заң жобаларын қолдай бастағанын айта кету 
керек.  Мысалы,  ІІІ  Мемлекеттік  думаның  1909  жылғы  18  наурызындағы  85- 
отырысында Ақмола, Семей және Орал облыстарында алқа билер сотын енгізу 
туралы  сұрақты  қарастыру  барысында  бұл  сұрақ  толық  министрліктің 
қызметінің  деңгейінде  кең  талқыға  түседі.  Бұл  сұрақ  бойынша  Польша 
Патшалығының 
Петроковский 
губерниясынан 
сайланған 
депутат 
– 
В.В.Жуковский патша билігін сынға алып сөз сөйлейді. Оған, қаражүздіктердің 
көшбасшысы  В.М.  Пуришкевич  патша  билігін  қорғап  былай  дейді:  «Ресейдің 
әлсірегені  сонша,  қайдағы  бір  бұратана  Мемлекет  думасының  қабырғасында 
Әділет  Министрін  қорлайтын  жағдайға  жетті.  Мен,  поляктардың  ештемені 
үйренбегенін және де Ресейдің қанды Варшаваны қайталауы үшін әлі де болса 
қуаты барын айтар едім» [72]. 
И.В.Лукоянов  1909  жылы  23  қаңтар  күні  үкімет  ІІІ  Думаның  қарауына 
Поляк Патшалығынан Холмщинаны бөлу  және Қала ережесін (қалалық өзін-өзі 
басқару) енгізу туралы заң жобасының ұсынылғанын атап өтеді. Әрине, бірінші 


47
 
 
жоба  поляк  депутаттарының  кері  реакцияларын  тудырады,  өйткені  бұл 
Седлецкий және Люблин губернияларының жерлерін бөліп алу арқылы Поляк 
Патшалығының  құрамынан  тыс  Холмский  губерниясын  құру  дегенді  білдірді 
[73].  
Бұл  сұрақтың  талқылануы  ІІІ  Дума  жұмысының  соңына  дейін  жалғасады 
[73,  б.240].  Парламент  жұмысына  қатысқан  демократиялық  күштер  әркез  бір 
біріне көмекке келіп отырған. Мысалы, 1912 жылы 45 отырыста Кубань, Терск 
облыстарының  депутаттары  мен  Черноморск  губерниясының  социал-
демократы И.П.Покровский поляк депутаттарын қолдай келе, бұл заң жобасын 
келесідей  сипаттайды:  бұл  «ІІІ  Мемлекеттік  дума  ұлтшылдарының  мерекесі, 
олардың өздері жасаған қол тумасы» [74]. 
1912 жылы 9 маусым күні ІІІ Мемлекеттік Дума жұмысының аяқталуына 
дейін [75],  патша Холмщина жөніндегі заң жобасын бекітеді [75, б.4336]. 
Осы  жерде  «Поляк  колосының»  идеологы  болған  Роман  Дмовский 
жоғарыдағы  заң  жобасы  қарастырылғанға  дейін  фракция  ішіндегі 
келіспеушіліктерге  байланысты  депутаттық  өкілеттігін  ерікті  түрде 
тапсырғанын  айта  кеткім  келеді  [73,  б.237],  ал  бұл  фракция  позициясын 
әлсіреткені белгілі. 
Қазақстан депуттары  Думаның  үшінші  және  төртінші  шақырылымдарына 
қатыспаса да, олар самодержавияның отарлау саясатынан өздерінің мүдделерін 
қорғау  және  заң  жобаларын  ұсыну  үшін  өзге  демократиялық  фракциялардың 
депутаттарымен  байланыстарын  пайдалануға  тырысады  [67,  б.54].  Алайда, 
Парламентте  Қазақстан  мен  Польша  халықтарының  өмірін  жақсартатын 
Думадағы  демократиялық  күштердің  ешбір  ұсыныстары  мен  заң  жобалары 
қанағаттандырылмайды. Бұл қоныс аудару, дін, жергілікті өзін өзі басқару, алқа 
билер  сотын  енгізу,  білім  және  тілді  дамыту,  отарлық  басқару  құрылымын 
босату сұрақтары сияқты мәселелер болатын. 
ІІІ  Думада  оңшыл  күштердің  Түркістан  өлкесіндегі  қоныс  аударуды 
ұлғайту туралы «Түркістан ережесіннің 270 бабына өзгерістер енгізу» бойынша 
ұсыныстары  белсенді  талқыланғанын  атап  өту  керек.  Бұл  заң  жобасының 
нормалары  бойынша  көшпенділердің  жерлері  мемлекеттік  деп  есептеледі,  ал 
бапқа  енгізілген  өзгерістер  «артық»  жерлерді  Қоныс  аудару  басқармасының 
пайдасына  беру  құқығын  бекітеді.  Мысалы,  Забайкалье  облысынан  сайланған 
социал-демократ  депутат  А.А.  Войлошников  1910  жылы  16  наурызда  Дума 
мінберінен  осы  сұрақ  бойынша  сөйлеген  сөзінде,  Қоныс  аудару  басқармасын 
үкіметтің  Орталық  Ресейден  барлық  мазасыз  элементтерді  ығыстырушы 
аппараты  деп  атайды  [76].  Депутат  Дала  және  Түркістан  өлкесінің  негізгі 
тұрғындарын қорғауға бағытталған сынға алу сөзін аяқтай келе, «...үкіметтің не 
себепті қырғыздарды ІІІ Мемлекеттік думаға жібермегені енді түсінікті болды» 
деп қорытындылайды [76, б.886]. 
Оның  сөзіне  қарсылық  білдірген  Могилев  губерниясынан  сайланған 
«оңшылдар» партиясының өкілі эпископ Митрофан өзінің сөйлеген сөзінде, біз 
соңғы  кездері  бұратаналардың  ығына  көп  көнетін  болып  кеттік,  ол  өлкелерді 
жабайылық  пен  надандықта  қалдыруға  болмайды,  оларға  кедейлілік  пен 


48
 
 
көшпенді өмір сүру салтынан шығуға мүмкіндік беруіміз керек, бұның барлығы 
солардың игіліктері үшін дейді [76, б.3046-3052]. 
1910 жылы 17 мамырда Қаржы Министрлігінің сметасын талқылау кезінде 
губерниясынан  сайланған  депутат  В.И.  Дзюбинский  былай  деп  сөз  сөйлейді: 
...Мемлекеттік дума мүшелері өзінің көлемі жағынан Ресей, Еуропа аумағымен 
теңесетін орасан зор өлкені қорғау үшін Мемлекеттік думаның мінберіне ауыр 
сезіммен  шығуларына  тура  келуде:  «сол  өлкенің  қалаулыларының  орнына 
менің бөтен адамдардың мүдделерін қорғап сөз сөйлеуіме тура келіп тұр, ...біз 
өлкенің  өкілдерін  тыңдап,  көре  алмайынша,  сол  өлкенің  мұқтаждықтарының 
дұрыс  шешіліп  жатқанын  біле  алмаймыз».  Әрі  қарай  ол,  осыған  байланысты 
Думаның  қаржылық  комиссиясы  Мемлекеттік  думада  Дала  облыстарының 
өкілдіктерін қалпына келтіруді қалайтынын айтады [77]. 
Көріп  тұрғанымыздай,  демократиялық  және  революциялық  бағыттағы 
депутаттар  әркез  өздерінің  Парламенттегі  азшылықтарына  қарамастан  ұлттық 
шеттерді қолдап отырған.  
Қазақстан  аумағының  облыс  орталықтарында  эсерлердің,  социал-
демократтардың,  кадеттердің  орыс  қоғамдық-саяси  қоғалыстарының болғанын 
айта  кету  керек.  Олар  қазақ  жастары  мен  зиялыларды  баспасөз  және 
шығарылым  органдары  арқылы  саяси  қызметке  белсенді  араласуға  тартуға 
тырысады.  Қазақстандағы  қоғамдық-саяси  қозғалыстардың  құрылуына  қазақ 
тілінде  шығарылған  газет,  журналдардың  рөлі  зор  болды.  Дала  өлкесіндегі 
маңызды  баспа  таралымдарының  бірі  1913  жылы  құрылған  «Қазақ»  газеті 
болатын.  Оның  жетекшісі  Ә.  Бөкейханов,  ал  редакторлары  А.  Байтурсынов 
және  М.  Дулатов  болады.  1914  жылы  газеттің  тұрақты  3  мың  жазылушысы 
болған,  ал  оның  таралымы  8  мың  данаға  жетеді  [78].  Қазақстанда    «Қазақ» 
газетінен  бөлек  1911  жылы  М.Сералин  негізін  қалаған  «Айқап»  журналы 
шығарылады,  оған  сол  өңірлердегі  орыс  социал  демократтарымен 
ынтымақтасқан қазақ интеллигенциясының тобы қосылады. 
«Қазақ»  газеті  қазақ  демократиялық  интеллигенцияларының  бірігуі  және 
«Алаш»  партиясының  құрылуында  ерекше  ролді  ойнайды.  «Алаш»  қоғамдық 
саяси  қозғалыс  ретінде  ХХ  ғасырдың  басында  пайда  болып,  Қазақстан 
халықтарының  самодержавияның  қоныс  аудару  және  ассимилияцияландыру 
саясатына  қарсы  күрес  жағдайларында  нығайа  түседі.  Д.А.Аманжолов 
«Алаштың»  Ә.  Бөкейханов,  А.  Байтұрсынов,  М.  Дулатов,  С.  Қадырбаев,  С. 
Досщанов,  А.  Беремжанов,  А.  Қозбағаров,  Р.  Марсеков  сияқты  және  басқа  да 
өкілдерінің  Уақытша  Үкімет  құрамына  кіргенін  атап  өтеді.  Ә.  Бөкейханов 
Торғай облысы Уақытша Үкіметінің төрағасы болса, М.Тынышпаев – Түркістан 
комитетінің  мүшесі,  әрі  О.А.Шкапскимен  бірге  Жетісу  облысынының 
комиссары болады [78, б.24]. 
1917  жылғы  ақпан  төңкерісінен  кейін  Қазақстанда  «Алаш»  партиясынан 
басқа Көлбай Тоғысов жетекшілік еткен, өзін Қазақ социалистер партиясы деп 
жариялаған  «Үш  жүз»  ұлттық  саяси  партиясы  құрылады.  Идеалы 
демократиялық  республика  болған  партия  1918  жылдың  жазына  дейін  өмір 
сүреді.  Үш  жүздіктер  «Алаш»  партиясының  қарсыластарына  айналады  және 


49
 
 
«Алаш  Орда»  автономиясының  құрылуына  қарсы  болады,  бұл  жерде 
большевиктер  өздерінің  мүдделері  үшін  оларды  бір  бірімен  шағыстырып 
қойғанын  айту  керек.  Уақыт  өте  келе  «Үш  жүз»  партиясының  қатысушылары 
Кеңестер жағына өтеді [79].  
Қазақстанның оңтүстік облыстарындағы Түркістан өлкесінде 1917 жылдың 
17-20  қыркүйектерінде  Ташкент  қаласында  Түркістан  аумағындағы  «Шуро-и-
Исломия»  және  «Шуро-и-Улемо»  партияларының  орнына  «Иттифок-и-
муслимин»  (Мусылмандар  одағы)  біртұтас  саяси  партиясын  құру  жөнінде 
шешім қабылданған мұсылмандардың Түркістандық съезі өтеді [80]. «Шуро-и-
Исломия» партиясы (мұсылмандар Кеңесі) демократиялық Ресей құрамындағы 
автономиялық  республиканы  құруға  тырысады,  ал  «Шуро-и-Улемо» 
(дінбасылар  Кеңесі)  болса,  басты  рөл  дінбасыларына  берілген  мұсылмандық 
өмір  сүру  салтын  сақтап  қалуға  тырысқанын  атап  өту  керек.  Съезд  шешімі 
нәтижесінде Түркістан өлкесіне кірген барлық облыстар Түркістан Федеративті 
республика  атауымен  жеке  аумақтық  автономиялық  федерация  ретінде  Ресей 
федерациясының  құрамына  кіруі  тиісті  болатын.  «Иттифок-и-муслимин» 
партиясының  бағдарламасы  бойынша  заң  шығару  билігі  5  жылға  сайланатын 
Парламентке тиесілі болды, ал Парламенттің заң шығару функциялары шариғат 
талаптары  және  Ресей  федерациясының  заңдарымен  келістірілуі  керек  болды. 
Ерекше хатшылық республика үкіметі  болуы  керек  еді,  сонымен  қатар,  шейх-
уль-ислам  төрағалық  еткен  Жоғарғы  сот  мекемесінің  құқығына  ие  Сенатты 
сайлау ұсынылады [80, б.127-128]. 
М.Х.  Матаева  1917  жылы  Түркістан  өлкесінің  аумағында  құрылған 
орталық  билік  пен  Халық  Комиссарларының  Ташкент  Кеңесі  жергілікті 
тұрғындардың  Түркістан  Федеративтік  республикасын  құру  жөніндегі 
талаптарын  елеп  ескермегендіктен,  1917  жылы  24  қарашада  өткен 
мұсылмандардың  IV  Төтенше  өлкелік  съезінде  Ресей  Федерациясының 
құрамындағы  Түркістан  (Қоқанд)  автономиясын  құру  туралы  шешім 
қабылданғанын  атап  өтеді.  Ары  қарай  ғалым,  бұл  автономияның  құрылуына 
қазақ  зиялылары  өкілдерінің  белсенді  ат  салысқанын  айтады.  Қоқанд 
автономиясының бірінші Премьер-министрі Мұхамеджан Тынышбаев, екіншісі 
– Мұстафа Шоқай болады [80, б.133-135].  
Большевиктер  осы  жағдайларға  байланысты  19-26  қаңтарда  Ташкентте 
Түркістанның  Өлкелік  съезін  шақырады,  онда  Қоқанд  автономиясының 
үкіметін және олардың мүшелерін заңсыз деп жариялайды, ал көшбасшыларын 
қамауға  алу  туралы  шешім  қабылданады.  Кеңестердің  орталық  үкіметі 
автономияшылдарға  тез  арада  қарулы  жолмен  тойтарыс  беру  жөнінде 
бұйрықты растайды. Ғалымдардың мәліметтер бойынша Қоқанд автономиясын 
талқандау кезінде 12 мың адам қаза болған [80, б.135-136]. 
Қазақстан  аумағында  орын  алған  тарихи  оқиғаларға  оралайық.  Жер 
жерлерде  қазақ  тұрғындарының  басын  біріктіріп,  саяси  және  әлеуметтік-
экономикалық талаптарының қалыптасуына ықпал еткен съездер өте бастайды. 
1917  жылы  2-8  сәуірде  Орынбор  қаласында  Ә.Бөкейхановтың  төрағалығымен 
өткен  І  Торғай  съезі  Қазақстан үшін  тарихи маңызға ие болды.  І Жетісу  съезі 


50
 
 
Верный  қаласында  12-23  сәуірде,  І  Орал  съезі  Д.Досмұхамедовтың 
төрағалығымен 19-22 сәуірде, ал Омбы съезі А. Тұрлыбаевтың төрағалығымен 
25  сәуірден  5  мамыр  аралығында  өтеді.  Барлық  өткен  съездер  Уақытша 
Өкіметті,  олардың  жеңіс  үшін  соңына  дейін  барудағы  батылдығын  қолдайды, 
отарлық  басқаруды  жойып,  земстволарды  енгізу  және  тағы  да  басқа  сұрақтар 
қаралады.  Олардың  шешіміндегі  ерекше  орынды  қоныс  аудару  сұрағы  алып 
жатты, депутаттар қоныс аударуды қазақтар өз жерлеріне орналасып алғаннан 
кейін  Құрылтай    жиынның  шешімі  негізінде  жүзеге  асыруды  ұсынады  [78,  б. 
25]. 
Д.А.  Аманжолов  елдегі  саяси  көңіл  күйлердің  әсерінен  «Алаш» 
партиясында  солға  жылжу  пайда  болғанын  және  1917  жылы  21-28  шілдеде 
Орынборда  өткен  съез  Қазақстанның  барлық  облыстары  қамтылған 
Жалпықазақ форумына айналғанын атап өтеді. 
Съез  Ресей  демократиялық  федерациясы  шеңберіндегі  аумақтық-ұлттық 
автономия  талабын  алға  қояды.  Съезде  79  адам  Құрылтай  жиынға  сайланады, 
қазақ  зиялыларының  көшбасшылары  Қазақстанда  ұлттық  партияны  құруға 
ниетті екендерін жариялайды [78, б.25-26]. 
Осы  кезде  «Алаш»  қозғалысының  көшбасшыларының  конституциялық 
демократтардан  бөлінуі  болады.  Бұл  жөнінде  «Қазақ»  газеті  әрекет  етуші 
партиялардың  ешқайсысының  бағдарламаларының  «...  қазақ  қоғамының 
мақсаттарына  сәйкес  келмейтінін»  жазады.  Кадет  партиясының  VIII  съезінде 
орталық  комитетке  сайланған  Әлихан  Бөкейханов  шілде  айында  одан 
шығатынын  айтады.  Оған  кадеттердің  жерге  жеке  меншікті  сақтауы  және 
Ресейдің  біртұтас  мемлекеттік  құрылымын  сақтап  қалуға  ұмтылуы  себеп 
болады [78, б.26]. 
Бұл 
1915 
жылғы 
«Речь» 
газеті 
жариялаған 
конституциялық 
демократтардың 
бағдарламасымен 
дәлелденеді. 
Бағдарламаның 
11 
параграфында  тек  «...ұлттардың  еркін  мәдени  айқындау  құқығы»  туралы 
айтылады [57, б.281],  бұл ресей қоғамының зиялылары мен зияткерлік элитасы 
кірген  партияның  ұлттық  шеттердің  мемлекеттік  құрысының  нысаны  туралы 
талаптарын қабылдауға дайын еместігін білдірді. 
«Алаш»  партиясының  бағдарламасы  1917  жылдың  21  қарашасында 
«Қазақ»  газетінде  жарияланған  болатын  [78,  б.27].  Ғалымдардың  пікірі 
бойынша, «Алаш» партиясы саяси өмір құрылысын еуропалық демократиялық 
саяси  құндылықтарға  сәйкестендіруді  қалаған,  алайда  бұл  түркі  мұсылман 
әлемінен  қол  үзу  дегенді  білдірмейді  [81].  Автономия  шекаралары  қазіргі 
Қазақстан  аумағы  шегінде  жобаланады.  Сонымен  бірге,  аймақта  қоныс 
аударушылар  мен  көшпенділер  орналасқан  аралас  тұрғындары  бар  аумақтар 
болған.  Бұл  туралы  Әлихан  Бөкейханов  1917  жылғы  «Қазақ»  газетінің 
беттерінде  «Қазақстанның  барлық  төрт  облыстарында  көптеген  орыстар 
қазақтармен іргелес тұратындықтан, Қазақ автономиясының құрылуы бірқатар 
күрделі мәселелерді шешетінін жазады. Қазақтарды өздерінің ата-бабаларының 
жерлерінен басқа жерлерге көшуге мәжбүрлеген күннің өзін де олар көшпейді. 
Ал  егер  олар  көшсе,  онда  бұл  ақылға  қонымсыз,  өйткені  ең  құнарлы  жерлер 


51
 
 
олардың  қоныс  аударушылармен  бірге  тұрып  жатқан  жерлері.  Ақыр  соңында, 
егер біз автономия құратын болсақ, онда біздің арамызда тұрып жатқан орыстар 
соның құрамында болатынына үміттенеміз деп атап өтеді Ә.Бөкейханов [82]. 
Партия  бағдарламасы  бойынша  ресей  мемлекеті  заң  шығарушы  билік 
Мемлекеттік  думаға,  ал  атқарушы  билік  Президентке  тиесілі  парламенттік 
республика  нысанында  болатыны  болжанды.  «Алаш»  көшбасшыларының 
ойлары  бойынша  Президент  Парламент  алдында  жауапты  Министрлер 
кабинетінің  көмегімен  мемлекетті  басқаруды  жүзеге  асыруы  керек  болды. 
Республикадағы  мемлекеттік  билікті  басқару  Құрылтай  жинынына, 
Мемлекеттік думаға және Президентке жүктелді. Бағдарламадағы ерекше орын 
саяси  құқықтар  мен  азаматтық  бостандықтарға  берілді.  3  бөлімде  барлық 
адамдар  жынысы,  әлеуметтік  жағдайы  мен  діни  сенімдеріне  қарамастан  өзара 
тең  деп  көрсетілді,  және  де  адамның  жиналыс,  сөз  бостандығы,  баспасөзге 
құқықтары мойындалды [83]. 
Бағдарламаның  «Жергілікті  басқару»  деген  екінші  бөлімінде  Ресей 
федерациясының  құрамына  кіретін  Қазақстан  аумағы  тиісті  жағдайлар  болған 
кезде автономияның көрші ресей губернияларымен бірігуі мүмкін болатын ішкі 
өзара  тығыз  байланысқа  ие  деп  атап  көрсетілген.  Қажетті  шарттар  болмаған 
жағдайда 
автономиялық 
құрылымның 
дербестігі 
қарастырылды. 
Ғ.З.Қожахметовтың  пікірі  бойынша,  бұл  бөлімде  партия  көшбасшылары 
Қазақстанның  ұлттық-аумақтық  тәуелсіздігін  алудың  баламалы  нұсқасын 
қарастырған.  Мысалы,  егер  Дала  өлкесінің  автономия  алуын  Құрылтай  жиын 
қабылдамаса, онда оны Сібір губернияларымен құру мүмкін болатын еді. Және 
партия  бағдарламасы  жергілікті  жерлердің  өзін-өзі  басқаруы  –  Земстваны 
қарастырады [83, б.91]. 
1906-1917  жылдар  аралығында  жұмыс  жасаған  Мемлекеттік  дума  Дала 
өлкесіне  земстволық  өзін-өзі  басқаруды  бермегенін,  тек  Уақытша  Өкіметтің 
арқасында 1917 жылдың 20 маусымындағы Қаулымен аймақтағы халық билігі 
институты құрылғанын айта кету керек [83, б.96]. 
Бағдарламада дін, жерге орналастыру, қарулы күштер ұйымы, басқару мен 
жергілікті жерлердегі сот жүйелері сияқты маңызды мәселелер көрініс табады. 
Сот  жүйесіне  арналған  бөлімде  барлық  адамдардың  сот  алдында  теңдігі,  сот 
өндірісіне  алқа  билер  сотының  енгізілетіні,  сот  талқысы  оның  өтіп  жатқан 
жеріндегі  тұрғындар  тілінде  жүзеге  асырылатыны  аталып  өтеді.  Сот 
тұрғылықты  халықтың  тілін  меңгеруі  керек,  судья  лауазымына  қол 
сұғылмайды.  Партия  бағдарламасының  жобасы  көшпенділерге  сот  өндірісін 
әдет-ғұрып  құқығының  нормалары  негізінде  жүргізуді  ұсынды.  Одан  басқа, 
бағдарлама  еуропа  сот  өндірісінің  билер  сотымен  қатар  жүруі  көзделген  – 
аралас сот жүйесін қарастырады [83, б.97]. 
Ж.Кадыралин  бағдарламаның  әлеуметтік  қатынас  саласында  қазақ 
қоғамын  таптық  қағида  бойынша  емес,  жалпыұлттық  бірлік  негізінде 
біріктіруді қарастырғанын айтады. Бұл «Алаш» партиясындағы ұстанымы берік 
саясаткерлердің ерекше икемділігін көрсетеді [84]. 


52
 
 
«Алаш»  партиясының  бағдарламасы  адамның  табиғи  құқықтары 
аясындағы  жалпы  адамзаттық  құндылықтарды,  мемлекеттің  қоғам  алдында, 
адамның  мемлекет  алдындағы  жауапкершіліктерін  толықтай  қолдағанын  атап 
өтуге  болады.  Бұдан  басқа,  бағдарламаның  Қазақстанды  мекендеген  барлық 
азаматтардың  құқықтарын,  демократиялық  мемлекеттің  басты  қағидасы  – 
биліктің  заң  шығарушы,  атқарушы  және  сот  болып  бөлінуін  ескерген 
интернационалдық сипаты анық көрінеді. 
1917  жылы  3-5  желтоқсанда  Орынбор  қаласында  өткен  ІІ  Жалпықазақ 
съезінде көбінесе қазақтар орналасқан аумақта ұлттық аумақтық автономияны 
құру туралы шешім бірауыздан қабылданады. Съезде Ә.Бөкейханов төрағалық 
еткен  «Алаш  Орда»  Жалпықазақ  Уақытша  Халық  Кеңесі  сайланады.  Кеңес 
Ұлттық  құрылтай  жиынын  шақырып,  онда  «Алаш-Орда»  автономиясы 
жариялануы  керек  болды,  кейін  оның  Конституциясын  Жалпыресейлік 
Құрылтай жиында бекіту көзделеді [78, б.31]. 
«Алаш-Орданың» штаб пәтері болып Семей қаласы бекітіледі, кейін 1918 
жылдың  қыркүйегінде  автономия  Батыс  және  Шығыс  бөлімшелерге  бөлінеді. 
Жымпиты  қаласында  орналасқан  Батыс  бөлімшесін  Ж.Досмұхамедов 
басқарады.  Шығыс бөлімшесі  Ә.Бөкейхановтың бақаруымен  Семей  қаласында 
қалады [83, б.100]. 
Қазақ  ұлттық  автономиясының  құрылуы  кеңес  билігі  өкілдерінің  кері 
реакциясын  тудырады.  Ғалымдар  өздерінің  зерттеулерінде  «Алаш-Орда» 
көшбасшыларының 
ұлттар 
ісі 
жөніндегі 
Халком 
және 
Халық 
Комиссарларының Кеңесі  арқылы  автономияны мемлекеттің  құрылым ретінде 
мойындатудағы  талпыныстарының  сәтсіздікпен  аяқталғанын  атап  көрсетеді. 
Большевиктер  «Алаш-Орда»  Кеңес  билігін  мойындаған  жағдайда  ғана 
ынтымақтасуы мүмкін еді [83, б.100]. 
Д.А.Аманжолов  «Алаш  Орда»  көшбасшыларының  Кеңес  билігіне  қарсы 
белсенді  күреске  көшуіне  азаматтық  соғыс  нәтижесінде  күрделеніп  кеткен 
жағдайлар  себеп  болғанын  атап  өтеді.  Большевиктерге  қарсы  күрес  жүргізген 
«ақ» гвардия Қызыл әскерлерге қарсы күресіп жатқан алашордалық әскерлерді 
қару-жарақ  және  оқ-дәрілермен  жабдықтаса  да  автономия  шартын  оларда 
қабылдамайды [78, б.54]. 
Колчак әскерлері Қиыр Шығыстан Сібірге жылжуы барысында автономия 
көшбасшылары  «Алаш-Орданың»  болашақ  тағдыры  жайында  келісім  жасауға 
тырысады,  бірақ  басты  міндеті Ресейдегі  монархияны  қалпына  келтіру  болған 
адмирал Колчак автономия туралы ешбір ұсынысты қабылдамайды [83, б.105-
106]. 
Біз  сол  бір  драмалық  кезеңде  пайда  болған  бірінші  қазақ  ұлттық 
мемлекеттілігінің  өмір  сүруіне  өте  аз  уақыт  берілді  дейтін  ғалымдармен 
келісеміз.  Өздерінің  қатыгездігі  мен  мақсаттылығы  бойынша  бір  біріне  есе 
жібермейтін  екі  агрессияшыл  әскери-саяси  қозғалыс  –  ақ  гвардия  мен 
большевиктердің  арасында  болған  «Алаш-Орда»  автономиясы  қазақ 
тұрғындарын мемлекеттік, жергілік және сот мекемелерін, әскерді, милицияны 
құру  үшін  ұйымдастыруға  талпынған.  Біз  автономияға  сол  тарихи  жағдайда 


53
 
 
басқыншыларға  қарсы  тұрып,  өздерін  қорғай  алатындай  мықты  ұлттық 
әскерлерін  қалыптастыру  үшін  уақыт  жетіспеді  деп  санайтын  ғалымдардың 
пікірлеріне қосыламыз [81, б.30]. 
Егер  аталған  сұрақ  бойынша  Польшаның  тарихи  жағдайын  Қазақстанмен 
салыстыратын  болсақ,  Ю.Пилсудский  бастаған  поляктар  мықты  әскерді 
ұйымдастырып,  Антанта  елдерінің  айтарлық  қолдауына  ие  болған  Польша 
өзінің ұлттық мемлекеттілігін қорғап қалғанын атап өтуге болады. 
Ақ  гвардияның  жеңілуі,  Сібірдің  колчак  әскерлерінен  босатылуы,  Қызыл 
әскердің  Дала  өлкесіне  жылжуы,  және  де  Қоқанд  республикасының  қайғылы 
жойылуы,  «Алаш-Орда»  көшбасшыларын  бейбіт  тұрғындарды  қантөгістен 
сақтап қалу үшін автономияны таратып, кеңес билігін мойындауларына мәжбүр 
етеді.  Кеңестер  «Алаштың»  бұрынғы  мүшелеріне  рақымшылық  жариялайды, 
бұдан  басқа,  большевиктер  жергілікті  тұрғындар  арасында  өздерінің 
позицияларын  нығайту  үшін  қазақ  демократиялық  зиялыларын  кеңестік 
мемлекет  құрылысына  белсенді  түрде  тарта  бастайды,  мысалы,  «Алаш-Орда» 
көшбасшыларының  бірі  Ахмет  Байтурсынов  Қазақ  АКСРнің  тұңғыш  Білім 
Министрі  болады. Большевиктер  олардың білімдерін,  беделін, қабілеттері  мен 
Отанына деген сүйіспеншілігін Қазақстандағы өздерінің биліктерін бекіту үшін 
пайдаланады.  Кейін,  30-40  жылдары  олардың  барлығы  жаппай  сталиндік 
репрессияға ұшырайды. 
Жоғарыда айтылғандар, белгілі бір саяси идея нысанында көрінген ұлттық 
құрылымдар Ресей империясы шегінде болған ұлттық шеттердің барлығына тән 
болғанын  куәландырады.  Олардың  бірі  бұрын,  бірі  кейін  қосылса  да, 
империялық  орыстандыру  саясаты  аясындағы  отарлық  биліктің  оларға  деген   
қатынасы  бірдей  болды.  Қоғамдық  қозғалыстар  мен  саяси  партиялар  құрған 
демократиялық  интеллигенция  өздерінің  айналасына  халықтың  басын 
біріктіріп, тәуелсіздік идеяларын насихаттады және олардың саяси және ұлттық 
сана-сезімдерінің  өсуіне  ықпал  етті.  Өздерінің  маңайларына  отандастарын 
топтастырып, 
оларды 
самодержавиялық 
құрылыммен 
күресу 
үшін 
рухтандырады және бағыттайды. 
Көпжылғы  күрес  кезеңінде  ұлттық  мемлекеттілік  туралы  идеялар  поляк 
және  қазақ  халықтарының  жалпы  мақсаты  ретінде  олардың  саяси 
көшбасшылары  мен  беделді  ойшылдарының  саналарында  пісіп  жетіледі. 
Партиялар  мен  қозғалыстардың  елдің  болашақ  дамуы  туралы  идеялары 
олардың  жобалары  мен  бағдарламаларында  жүзеге  асырылады.  Әрі,  сол 
уақытта  пайда  болған  мемлекеттік  құрылыс  тетіктері,  демократиялық 
институттарды ұйымдастыру туралы саяси конструкциялардың бүгінгі Польша 
Республикасы мен егеменді Қазақстан құрылысының негізіне айналғанын атап 
өту керек.    
 

жүктеу 1,33 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   26




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау