Ғылыми-зерттеу мекемесінің Ғылыми Кеңесі. Барлық ғылыми-зерттеу мекемелерінде Ғылыми Кеңес құрылады, ол салалық бейіндегі кейбір ғылыми ұйымдарда Ғылыми-техникалық Кеңес деп те аталады. Өзінің құқықтық жағдайына сәйкес Ғылыми Кеңес – институт директорының кеңесші органы, бірақ кейбір мәселелер бойынша оның шешімдері заңды түрде міндетті сипатқа ие бола алады. Оның құрамына директор, оның ғылыми бөлім жөніндегі орынбасарлары, институттың ғылыми хатшысы, жетекші ғалымдар кіреді. Сонымен қатар, Ғылыми Кеңестің құрамына осы институтта жұмыс істемейтін кейбір жетекші ғалымдар, сондай-ақ практикалық қызметкерлер де кіре алады.
Ғылыми Кеңестің құрамына ірі ғалымдарды енгізу күрделі ғылыми мәселелерді шешуде кеңестің құзыреттілігін арттырады, институттың өндіріспен байланысын нығайтады. Қажет болған жағдайда Ғылыми Кеңес жанынан институт директорының орынбасарларының немесе басқа да жетекші ғалымдардың төрағалық етуімен белгілі бір ғылыми мәселелер бойынша секциялар құрылуы мүмкін. Мұндай секциялар Ғылыми Кеңес шешімімен белгілі бір сала бойынша қарастырылатын мәселе атауымен аталады. Ғылыми Кеңес директор белгілеген мерзімде жиналады. Кеңес төрағасы - институттың директоры, ал ол болмаған жағдайда ғылыми бөлім жөніндегі орынбасарларының бірі бола алады. Кеңестің ғылыми хатшысы болып институттың ғылыми хатшысы, Кеңес секцияларының ғылыми хатшылары болып жетекші немесе аға ғылыми қызметкерлер тағайындалады.
Соңғы жылдары жалпы ғылыми және салалық бейіндегі ғылыми-зерттеу мекемелерінде директор мен ғылыми кеңестен басқа, жарғыларда көзделмеген тағы бір тұрақты жұмыс істейтін орган – «Дирекция» жұмыс істейді. Оның құрамына директормен қатар оның орынбасарлары, ғылыми хатшы, бөлім және сектор басшылары, қоғамдық ұйымдардың өкілдері кіреді. Бұл кеңесші орган. Оның отырыстарында көптеген мәселелер шешіледі, оның ішінде: - институт қызметінің негізгі бағыттары; - институт құрылымы мен штаттарын жетілдіру; - жоспарлы тапсырмалардың уақытылы орындалуы; - кейбір қаржылық мәселелер; - докторантура бойынша ғылыми кадрларды даярлау; - конференциялар, симпозиумдар және кеңестер ұйымдастыру; - жеке мәселелер бойынша ғылыми баяндамалар; - еңбек тәртібінің жағдайы және т.б. Талқылау негізінде шешімді институт директоры жеке-дара қабылдайды.
Ғылыми-зерттеу мекемелерінің құрылымдық бөлімшелері. Ғылымизерттеу мекемелерінде ғылыми мәселелерді практикалық шешумен олардың құрылымдық бөлімшелері айналысады. Сондықтан, ол институттың ішкі немес сыртқы құрылымын дұрыс ұйымдастыру, оның қызметін тұрақты басқару үшін маңызды болып табылады. Ғылыми ұйымның құрылымы өзіне жүктелген міндеттердің сипатымен, сондай-ақ оның нақты кадрлық және материалдыққаржылық мүмкіндіктерімен айқындалады. Ғылыми-зерттеу мекемелерінің құрылымдық бөлімшелері негізгі (ғылыми) және қосалқы (ғылыми-көмекші және өндірістік - көмекші) болып бөлінеді. Негізгі құрылымдық бөлімшелер – салалық, тақырыптық және аралас деп бөлінеді. Салалық құрылымдық 98 бөлімшелер, әдетте, басты ғылыми мәселелерді әзірлеуге араласады және оларды шешу осы ғылыми ұжымға жүктелген.
Мұндай бөлімшелер (бөлімдер мен секторлар (зертханалар)) ғылыми және қосалқы қызметкерлердің тұрақты құрамынан құралады. Нақты ғылыми міндеттерді шешу үшін институтта уақытша мақсатты кешенді тақырыптық немесе мәселелік топтар, уақытша шығармашылық ұжымдар ұйымдастырылуы да мүмкін. Ғылыми - көмекші және ғылыми - өндірістік құрылымдық бөлімшелердің басты міндеті – ғылымизерттеу мекемесінің негізгіқалыпты қызметі үшін жағдайларды тұрақты қамтамасыз ету болып табылады.
Мұндай бөлімшелердің қатарына, мысалы:
- ғылыми кітапхана;
- мұражай;
- ақпараттық-анықтамалық бөлім;
- компьютерлік орталық;
- тәжірибелік шеберханалар;
- ғылыми тәжірибелік шаруашылықтар;
- тәжірибелі қондырғылар және т.б. жатады.
Институттың ғылыми - көмекші қызметкерлері осы мамандандырылған құрылымдық қызметтерде сонымен қатар, негізгі (ғылыми) бөлімшелерде хатшы, референт, зертханашы, техник ретінде де жұмыс істейді. Ғылыми мекемені басқаруды ұйымдастырудың тиімділігі үшін ұжымның оңтайлы сандық құрылымдарын табу, әртүрлі білікті, негізгі (ғылыми) және көмекші қызметкерлер мен ғылыми ұжымдағы қызметкерлердің арақатынасы үлкен маңызға ие.
Көп жағдайда ғылыми зерттеулерді басқаруды ұйымдастырудың қазіргі заманғы тәжірибесі - оңтайлы арақатынасы сақталған ғылыми ұжымдар ғана тиімді жұмыс істейтінін көрсетеді: - аға және кіші ғылыми қызметкерлер саны арасында (ғылым докторлары мен ғылым кандидаттары арасында да); - шығармашылық ғылыми қызметкерлер мен көмекші қызметкерлер арасында. Институттардың құрылымдық бөлімшелерінің басшылары бос лауазымға конкурс бойынша сайланады, содан кейін бес жылда кемінде бір рет аттестаттаудан өтеді. Тақырыптық (мәселелік) топтардың жетекшілері институт директорының бұйрығымен бекітіледі.
Ғылыми бөлімдердің, зертханалардың (секторлардың) меңгерушілерін тағайындауды институт директоры олардың лауазымдарына конкурс жүргізбей ақ тағайындайды. Ғылыми бөлім немесе зертхана меңгерушісі, тақырыптық (мәселелік) топтың жетекшісі өздері басқаратын бөлімшелердің барлық жұмысына жауап береді. Ғылыми мекемелердің құрылымдық буындарының жетекшілері ғылыми - зерттеу және тәжірибелік жұмыстар жоспарларының жобаларын жасайды және оларды бөлімнің, зертхананың (сектордың) барлық қызметкерлерінің егжейтегжейлі талқылауын ұйымдастырады.
Ғылыми бөлімшенің меңгерушісі қызметкерлерге тапсырмаларды белгілейді, оларға бір жолғы тапсырмалар береді және олардың тақырыптары бойынша жұмысына басшылық етеді. Оның міндетіне төмендегілер кіреді: - жеке орындаушылар арасындағы өзара байланыс пен өзара түсіністікті қамтамасыз ету; - олардың жұмысын үлестіру; - зерттеу барысында алынған нәтижелерді жинақтау. Институттың бөлімшелері мен ғылыми бөлімшелердің жетекшілері ғылыми-зерттеу қызметтеріне белсенді түрде қатысуы маңызды. Сондай-ақ, бөлім немесе зертхана меңгерушісі өндірісте ғылыми зерттеулерді пайдалану бойынша іс-шараларды әзірлейді. Ғылыми бөлімше жетекшісі жас ғылыми кадрларды іріктеу, даярлау және тәрбиелеу, бөлімшенің жұмысына басқа көрнекті ғалымдар мен мамандарды тарту жөніндегі жұмысты жауапты атқаруы тиіс. Институттың ғылыми бөлімшесінің басшысы администратор ретінде де әрекет етеді, ол жекелеген қызметкерлердің және бөлімнің, зертхананың жалпы ғылыми - зерттеу жұмыстары жоспарының орындалуын бақылайды, белгіленген тәртіппен атқарылған жұмыс туралы есеп береді.
8.3 Жоғарғы оқу орындарында ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізу Жоғары оқу орындарында ғылыми зерттеу жұмыстары төмендегі көрсетілген мақсатта жүргізіледі: - теориялық мәселелерді әзірлеу; - ең өзекті әлеуметтік-экономикалық міндеттерді шешу; - оқулықтар мен оқу құралдарын жасау; - магистратура мен докторантура бойынша ғылыми және ғылымипедагогикалық кадрларды даярлау; - ғылыми-әдістемелік сипаттағы зерттеу жұмыстарын орындау. ЖОО-да ғылыми зерттеулерді әр түрлі бөлімшелер жүзеге асырады: - ғылыми-зерттеу институттары (ҒЗИ); - ғылыми орталықтар; - ғылыми-зерттеу бөлімшелері; - конструкторлық бюро (КБ); - зертханалар; - тәжірибелі станциялар және т.б. Зерттеу жұмыстарын әзірлеуге ғылыми студенттік қоғамдар, факультеттер мен институттардың қоғамдық бөлімі, сонымен қатар оқытушылар, докторанттар, студенттер қатысады. Жоғары оқу орнының (факультеттің) бір немесе бірнеше ұқсас пәндер бойынша оқу-әдістемелік және ғылыми-зерттеу жұмыстарын тікелей жүзеге асыратын негізгі бөлімшесі - кафедра болып табылады. Оның құзыреті мен кафедралардың профессор-оқытушылар құрамының мәртебесі нақты анықталған және құқықтық актілерде бекітілген түрдеболады. 100 ЖОО-да оқу-әдістемелік және тәрбие мәселелерімен қатар академиялық институттардың кеңестеріне ұқсас ғылыми-зерттеу сипатындағы барлық мәселелерді қарастырып, талқылайтын факультеттің Ғылыми Кеңесі де маңызды рөл атқарады. Жоғары оқу орнындағы ғылыми-зерттеу жұмысына жалпы басшылықты Ректор жүзеге асырады, ол кеңейтілген Ғылыми Кеңесте бес жылдық мерзімге сайланады. Сонымен қатар, жоғары оқу орындарындағы зерттеу бөлімшелерінің жұмысын ғылыми жұмыс жөніндегі проректор, факультет декандары, кафедра меңгерушілері, ҒЗИ және КБ, тәжірибелікэксперимент зауыттарының, қорықтардың, ботаникалық бақтардың директорлары, проблемалық және салалық зертханалардың меңгерушілері және т.б. басқарады. Еліміздегі ғылыми зерттеулердің көп бөлігі жоғары оқу орындарында орындалады. Осы мақсатта ғылыми зерттеулерді орындауға жоғарғы мектептің негізгі ғылыми негізін құрайтын профессорлық – оқытушылар құрамы кең көлемде тартылады. Ғылыми зерттеулерді орындау әрбір оқытушының жеке жоспарына енгізіледі және мемлекеттік бюджет арқылы қаражатпен және зертханалық құралдарымен қамтамасыз етіледі. Ғылыми бағыттың дамуы үшін үлкен әсерін тигізетін жоғары оқуорындарында ғылыми мекемелер - проблемалық ғылыми-зерттеу лабораториялары ұйымдастырылады, ал кей жағдайларда жекелеген ғылымизерттеу институттары құрылады. Проблемалық лабораториялар мен ғылымизерттеу институттары үшін ғылыми-техникалық қызметкерлердің арнайы құрамы бөлінеді.Кафедраларда, ғылыми зертханаларда және ғылымизерттеу институттарында негізінен бастапқы және ізденушілік тақырыптар жасалады. Қолданбалы зерттеулерді ережеге сәйкес қосымша жұмыс уақытында (алты сағаттық жұмыс күнінің сыртында) қосымша ақы төлеу негізінде профессорлар мен оқытушылар орындайды. Кафедраларзерттеулерді орындау үшін шаруашылық келісім-шарт негізінде белгіленген шектен тыс қосымша штат қызметкерлерін тартуға құқылы, яғни оқу-көмекші тұлғалар, магистранттар мен студенттер.
Кафедралардағы, ғылыми мекемелердегі, жоғары білікті ғалымдар жетекшілігіндегі барынша дарынды студенттерді ЖОО-да қалдыру – халық шаруашылығы саласында жоғарғы ғылыми беделі бар ғылыми мектеп қалыптастыруға жақсы жағдай туғызады. «Тағамдық биотехнология» кафедрасы студенттерді тәжірибелік тағылымдамадан өткізу мақсатында бірнеше кәсіпорындар мен ғылыми зерттеу институттарымен келісім шарт жасаған. Оларға мысал ретінде кейбіреулері жайлы мәліметтер төменде берілген. Микробиология және вирусология институты (сурет 7.1) – ҚР Білім және ғылым министрлігі қарамағында 1956 жылы құрылған. Институт микробиология және вирусологияның мәселелерін, микроорганизмдер мен вирустар тіршілігінің заңдылықтарын зерттеп, оның қорытындыларын халық шаруашылығы мен денсаулық сақтау саласында кеңінен қолданумен шұғылданады. Институтта ғылыми -зерттеу жұмыстары төрт бағытта жүргізіледі: микроорганизмдер физиологиясы – микроорганизмдердегі зат алмасуды, микроб тектес заттардың физиологиялық белсенділігіндегі биосинтетиктер заңдылықтарды зерттеу және микробиологиясының жаңа технологиясын жасау; микроорганизмдер мен вирустар генетикасы мен селекциясы – микроорганизмдердің табиғи және қолдан жасалған өзгерістерін зерттеп, эксперименттік мутагенез және халық шаруашылығында қолданылатын микроорганизмдердің пайдалы қасиеттерін күшейту; микроорганизмдер экологиясы – табиғатта (топырақ, су, тау жыныстарында, т.б.) кездесетін микроорганизмдер тіршілігінің заңдылықтарын зерттеп, алынған нәтижелерді өндіріс пен өнеркәсіпте қолдану; вирусология бойынша – вирустар мен клеткалардың өзара әрекетін, вирустардың генетикасы мен биохимиясын, өсімдіктердің вирустық ауруларын зерттеу, алынған жетістіктерді денсаулық сақтау және ауыл шаруашылығы салаларында қолдану. Сурет 8.1 -Микробиология және вирусология институты Институт ғалымдары ашытқылардың тіршілігін зерттеп, олардың көмірсулар мен спиртте төзімділерін іріктеп алды. Сүт қышқылының бактериялары бөлініп алынып, олар мал азығының сапасын арттыруға қолданылуда. Әр түрлі өсімдіктерден шырынды азық сүрлемді даярлауда тиімді бактериялық препараттар (АМС, Силоплант-34, НАК-1, лактокалларин, т.б.); сүрленуі қиын немесе тіпті сүрленбейтін өсімдік түрлерінен биоконсерванттар көмегімен мал азығын дайындау өндірісінде пайдаланатын мутанттар алынды. Антибиотиктің жаңа түрлері: целикомицин, розеофунгин, 1321 препараты, А 23/791 антибиотиктері алынып, олар түрлі өсімдік ауруларына қарсы күресте қолданылады. Триходерма саңырауқұлағы зерттелініп, одан картоп ауруына қарсы қолданатын триходерма препараты жасалды. Қан сорғыш жәндіктерді жоятын патогендік бактериялар табылды.
Қазақ қайта өңдеу және тағам өнеркәсіптері ғылыми-зерттеу институты (сурет 7.2). Институт агроөнеркәсіп кешенін қайта өңдеу және тағам өнімдерін өндіру мәселелерін шешуде Қазақстанның жетекші ғылыми мекемесі болып табылады. «ҚҚӨжТӨҒЗИ» құрамына Алматы қаласында орналасқан Бас институт, Астаналық және Семейлік филиалдары кіреді.Бас институттың және оның бөлімшелерінің құрамында ғылыми және жобалық зертханалар, тәжірибелік өндірістер бар. Институттың ғылыми зерттеулер жүргізу тәжірибесі өте мол және қызметкерлердің біліктілік деңгейі жоғары, институтта 138 қызметкерлер жұмыс істейді: олардың ішінде: ғылыми қызметкерлер - 91, ғылым докторлары - 10, оның ішінде 1 ҚР ҰҒА академигі, ғылым кандидаттары-15, PhD-2, ғылым магистрлері - 34, докторанттар - 11, магистранттар – 1. Сурет 8.2 - Қазақ қайта өңдеу және тағам өнеркәсіптері ғылыми-зерттеу институты Ғылыми зерттеулердің бағыттары: - Қайта өңдеу және тағам өнеркәсібінде жаңа технологиялар мен жабдықтарды пайдаланудың тиімділігін бағалау, жануарлар мен өсімдік шикізатынан, соның ішінде наубайханалық, кондитерлік, жеміс-көкөніс, ет-сүт, ашыту, сыра-алкогольсіз сусындар, шарап жасау, құрамажем және басқа да салаларға арналған жаңа жабдық пен азық-түлік өндірістерінің технологияларын жетілдіру және дамыту бойынша жұмыстарды орындау; - Функционалдық мақсаттарда жаңа азық-түліктерді алу үшін өсімдік пен жануарлар шикізатын терең және кешенді қайта өңдеу үшін оңтайлы технологиялық режимдерді және жабдықтарды жобалауды қалыптастыру, соның ішінде шикізат пен азық-түліктің сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз 103 ету үшін ұлттық өнімдерді, сондай-ақ тағамдық және биологиялық белсенді қоспаларды өңдеу технологиясын жасау; - Тағам өнеркәсібі үшін микроағзалардың тектік қорын (генофонд) қалыптастыру, сақтау және дамыту; - «Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығының» КеАҚ («ҰАҒБбО» КеАҚ) институттарымен бірге құрамажем мен жаңа азық-түлікті өндіру және өсімдік пен жануарлар шикізатын терең қайта өңдеудің технологияларын әзірлеу және бастапқы талаптарын негіздеу; - Агроөнеркәсіп кешенін нормативтік-әдістемелік қамтамасыз ету; - Тағам өнімдерін өндірудің заманауи әдістері мен технологияларының трансферті және бейімделуі.
Достарыңызбен бөлісу: |