Реферат Тақырыбы: Тыныс алу жүйесінің жастық ерекшеліктері Орындаған



жүктеу 259,27 Kb.
Pdf просмотр
бет2/3
Дата03.11.2023
өлшемі259,27 Kb.
#44117
түріРеферат
1   2   3
Тыныс алу жүйесі жастық ерекшеліктер Адема

Негізгі бөлім 
Тыныс алу жүйесінің маңызды бөлігі — өкпе. Бұл бронхылардың ұсақ 
тармақтарының қуыстарынан жасалған альвеолалар мен серпімді дәнекер ұлпалардан 
тұратын жұп мүше. Альвеолалар немесе өкпе қуыстары өте ұсақ, шар тәрізді 
домалақ, оларды микроскоп арқылы ғана көруге болады. Олардың қабырғалары жұқа, 
көптеген қан тамырларының капиллярларымен қоршалған. Өкпе альвеолаларының 
жалпы ауданы 200 м
2
. Мұндай құрылыс альвеолалардағы ауаның және қанның 
құрамындағы газдардың тез алмасуын қамтамасыз етеді. 
Өкпеің дәнекер ұлпасы өте серпімді және өкпенің жиырылу күшін қамтамасыз етеді. 
Ішкі күш деп аталатын өкпенің жиырылу күші дем алу мен дем шығаруда аса 


маңызды. Тыныс алу жүйесінің құрылысы мен қызметі адамның жасына, жынысына 
және жеке басының ерекшелігіне байланысты. Жаңа туған сәбидің өкпесінің ұлпасы 
нашар дамыған, бірақ қан тамырларына өте бай болады. Алғашқы 3 айлық өмірінде 
және жыныстық жетілу шағында өкпе қарқынды өседі. Өмірінің алғашқы кезінде 
барлық нәрестелер ішпен дем алады (еркекке тән дем алу), бірақ жүре бастағанда 
баланың кеудесі төмен түседі де, диафрагмалық-кеуделік дем алу пайда болады. 3-7 
жаста ғана кеудемен дем алу басым болады. Дем алудың минуттік мөлшері дене 
салмағымен салыстырғанда бала өсе келе азаяды: жаңа туған сәбиде — 220 см
3
, 6 
жаста 168 см
3
, 14 жасқа таман 128 см
3
, ал ересек адамда 96 см
3
, дем алу көлемі жаңа 
туған сәбиде — 25 см
3
, 1 жаста — 80 см-ге дейіи артады, 2 жаста — 140 см
3
, ересек 
адамда — 400 см
1
. Өкпесінің мөлшері жаңа туған сәбиде – 50 см
3
, 1 жаста — 210 см
3

13 жаста — 707 см
3
, 20-25 жаста — 1680 см
3
, ал 30-40 жаста орта шмамамен 1788 см
3

Өкпе альвеолаларының диаметрі ересек адамда 0,2 мм, ал жаңа туған сәбиде — 0,07 
мм. Олай болса өкпенің жалпы көлемі жаңа туған балада — 1,617 см
3
, ал ересек 
адамда -67,7 см
3
. Осы көрсеткіштерді пайдаланып ғалымдар өкпенің шар тәрізді 
альвеолаларының әрқайсының көлемі жаңа туған нәрестеде 4,10
s
тең болатынын 
есептеп шығарған. Олай болса, өкпе қуыстарының жалпы ауданы жаңа туған сәбиде 
— 6 м
2
, ересек адамда — 50 м
2
, яғни 8 есе артық. Көмейдің жалғасы кеңірдектің 
ұзындығы балаларда — 4 см, 10 жаста — 7 см, ересек адамда — 10-12 см.
Кеуде қуысының пішіні адамның жасына және жынысына байланысты өзгереді. 
Туған кезде баланың кеуде қуысы конус тәрізді болады, себебі ұрық кезінде өкпе 
нашар дамыған, ал бауыры қарқынды өсіп, дамиды. Баланың кеуде қуысы көтеріңкі 
болып, қабырға сүйектері ересек адамдардағыдай төмен түспейді. Сондықтан бала 
терең дем алып, дем шығара алмайды да, қажетті мөлшердегі ауа мен оттегін 
тынысының жиілігі арқылы қамтамасыз етеді. Қабырға сүйектерінің қиғашталуы 
күшейе бастағаннан кейін терең дем алатын мүмкіндік туғаннан соң дем алу жиілігі 
азаяды. Қартайғанда қабырға аралық еттердің әлсіздігіне байланысты қабырғалардың 
қиғашталуы артады. Әйел адамның кеуде қуысы ерлермен салыстырғанда қысқарақ 
келеді. Өкпенің тіршілік сыйымдылығы (ӨТС). Өкпенің тіршілік сыйымдылығы
яғни өкпеге кіретін және шығатын ауаның мөлшері адамның жасына сай өзгереді. 
Адам қалыпты жай дем алғанда өкпеге 300-500 мл ауа кіреді. Мұны дем алу ауасы 
деп атайды. Қалыпты жағдайда жай ғана дем алғаннан соң, демін шығармай тұрып, 
тағы да 1,5-2 литрдей ауаны сіміруге болады. Мұны қ о с ы м ш а а у а деп атайды. 
Қалыпты дем шығарудан кейін дем алмай тұрып, тағы да күшпен дем шығарып 1 -1,5 
литрдей ауаны сыртқа айдауға болады. Бұл — қ о р д а ғ ы ауа . Егер дем алу, 
қосымша және қордағы ауаны қосса, өкпенің тіршілік сыйымдылығы шығады. 
Өкпенің тіршілік сыйымдылығы 6-7 және 15-16 жастарда дереу және айтарлықтай 
көбейеді. 16-17 жаста өкпенің тіршілік сыйымдылығы ересек адамдармен бірдей 
болады. Балалардың өкпе алвеоласындағы газ бен дем шығарғандағы газдың 
құрамында айырмашылық бар. Балалардың альвеолалық газының құрамында оттегі 
көбірек болып, көмірқышқыл газы азырақ болады. Бала неғұрлым жас болса, 
соғұрлым бұл айырмашылық көп болады. 


Баланың дем алуды реттеу қабілеті де нашар, бұл баланың сөйлеу қабілетімен бірге 
жетіледі де, 11-12 жаста ересек адамдармен бірдей болады. Өкпенің тіршілік 
сыйымдылығын спирометр деген арнайы аспаппен өлшейді. Өкпенің тіршілік 
сыйымдылығы мен қалдық мөлшері өкпенің жалпы сыйымд ылығын құрады. Тыныс 
алу жиілігі де баланың жасына лайық өзгереді. Ересек адам 1 минөтте өкпесінсн 6-7 
л ауаны өткізеді. Алмасатын ауаның мөлшері адамның салмағына және бойына 
байланысты. Адамның бойы неғұрлым биік және салмақты болса, соғұрлым оның 
өкпесі арқылы ауа көп өтеді. Мысалы, ұзын бойлы адамда бұл мөлшер 1 минутте 8 л 
болса, аласа бойлы кісіде 4,5 л. Бірақ бұл заңдылықты балаға аударуға болмайды, ауа 
балаға ересек адамнан көбірек қажет. Тіпті 2-3 жастағы баланың өкпесі арқылы 5-6 л, 
кейде 7 л ауа өтеді. Мұндай ұзақ мерзімді гипервентиляция (лат. гипер+вентиляция 
—желдету) баланың дем алуының ерекшелігіне жатады. Осыған байланысты 
балалардың организмінен бу ретінде судың көптеп шығуы, бүйрек, тері арқылы көмір 
қышқылыпыцң сыртқа айдалуы байқалады. Ереск кісіде тыныштық кезінде 3-4 % 
көмір қышқыл газы айдалатын болса, балаларда пайыздық мөлшері соғұрлым аз, 
мысалы, 5 жастағы балада — 1,7%. Дененің көрсеткіштері кеміген сайын сыртқа 
айдалатын көмір қышқыл газының мөлшері төмендейді. Бұл балалардағы 
гипервентиляцияға байланысты. Ал денеден айдалатын көмір қышқыл газының 
жалпы мөлшері, дененің 1 кг салмағына шаққанда, балаларда ересек адамға қарағанда 
көп болады. Тыныс алудың нервтік және гуморальдық реттелуі. Тыныс алу 
мүшелерінің қызметінің реттелуі әр дәрежедегі реттеу жолдарымен іске асады. 
Төменгі дәрежелі тыныс орталығы сопақша мида орналасқан. Ол бір-бірімен тығыз 
байланыстағы дем алу мен дем шығаруға жауапты екі бөлімнен тұрады. Тыныс 
орталығының 
нейрондарының 
қозғыштығы 
көмір 
қышқыл 
газының 
концентрациясына байланысты, яғни гуморальдық реттеу жолы. Оның қандағы 
концентрациясы артқанда тыныс орталығының нейрондарының қозғыштығы 
күшейеді де, тыныс мүшелерінің қызметіне қозғау салады. Көмір қышқыл газның 
тыныс орталығына әсері екі түрлі жолмен іске асады: а) нейрондарды қоректендіретін 
қанның құрамының тікелей әсері; б) рефлекторлы жолмен көмірқышқыл газының 
арнайы хеморецепторларға әсері. Бұлардан басқа да рефлекторлы түрде болатын 
тыныс алу мүшелерінің қызметінің реттелуінің де маңызы үлкен. Айталық, дем 
алғанда өкпе керіледі де, оның қабырғасындағы және қабырға аралық еттер мен 
диафрагмада орналасқан арнайы барорецепторлар тітіркенеді. Оларда пайда болған 
импульстер орталыққа тепкіш жол арқылы сопақша миға барып, оның 
нейрондарының қызметін тежейді де, дем алу тоқтап, дем шығару басталады. 
Өкпенің керіліп созылуы тоқтасымен тыныс алу орталығына баратын импульстер 
тоқталады, нейрондардың қозғыштығы артады да, қайтадан дем алу басталады. 
Тыныс орталығы бұзылса, дем алу тоқталып, тіршлік те жойылады. 
Дем алу мен дем шығаруды реттеуге ми жарты шарларының қыртыстары да 
қатысады. Адам жатғығу арқылы өз еркімен дем алуды тоқтата алады. Бірақ бұл 
организмнің жаттығу дәрежесіне байланысты. Мысалы, әдейі жаттыққан индиялық 
иогтар ұзақ уақыт тынысын тоқтата алады. 


Спортпен шұғылданатын адамдардың тыныс алуының минөттік көлемі 200 литрге 
дейін болатыны мәлім, ал спортпен айналыспайтын адамда ол не бары 70-80 л ғана 
болады. 
Ми 
қыртыстарының 
тынысты 
реттеуге 
қатысуының 
дәлеліне 
спортшылардың жарыс алдында, студенттердің емтиханға кірерде тынысы 
жиіленетіні мысал бола алады. Тыныс алу мүшелерінің қызметіне сыртқы ортаның 
әсері және гигиеналық талаптар. Оттегінің жетіспеуіне байланысты өзгерістер. Адам 
дем алатын ауадағы оттегі аз болганда, организмде физиологиялық біраз өзгерістер 
пайда болады. Ал егер тым аз болса, онда ол өзгерітеp ауруға айналады. Тауға 
шыққанда адам оттегісі аз ауамен дем алады. 2,5-3 км биіктікте кейбір кісілср өзін 
нашар сезінеді, бастары ауырып, «жүректері айныйды», бұлшық еттерінің әлсіздігі 
пайда болады. Денесі шынықан спортпен шұғылданатын мықты кісілердің өзінде 5-6 
км биіктікте жоғарыда айтылған белгілер байқалады. Әлі құрығаны сонша, тіпті 
қолын да қозғалта алмай қалады. Мұндай өзгерістің алдымен адамда өте күшті 
қозғыштық — «эфория», яғни жоғары дәрежеде көңіл шаттануы байқалады да, содан 
соң ол парықсыздык, немқұрайлыққа айналады. Эйфория кезінде адам себепсіз қатты 
күліп, шаттанып, айғайлап, әндетеді, бірақ өз қьлығындағы өзгерістерді аңғармайды. 
Мысалы, ересек адам өзінің фамилиясын жазудың орнына бірқатар таяқшаларды 
сызады, ұшқыш не істеп жатқанын түсінбей, бір кадрға бірнеше суретті түсіре береді. 
Оттегінің қысымы азайған кезде адам өз ісін бақылай алмайды. Сондықтан 
ұшақтардың ішіндегі қысым жердегі ауа қысымына тең етіп жасалынған. Содан 
барып жолаушылар арнайы жаттығудан өтпесе де ұшақтарда ұзақ уақыт ұша алады. 
Организмге оттегінің мөлшерінің әсерін байқау үшін арнайы барокамералар 
жасайды. Ішіндегі ауаны copy арқылы оттегінің мөлшерін қажетінше азайтады. 
Мұндай жағдайда дегенмен шыққан ауаның, қанның, несептің, тіпті жұлын 
сұйығының құрамын да өлшеп білуге болады. Айта кететін жағдай, белгілі шамадағы 
таза оттегі адамды тез дұрыс қалпына келтіреді. Ұрық анасының жатырында 
оттегімен плацента арқылы қаматамасыз етіледі, оның жүйке жүйесіндегі тыныс 
орталығы 7 айлығында толық жетілгенімен қызмет атқармайды. Бала туыларда оның 
анасымен байланысы тоқталады, сондықтан егер әйел ұзақ босанатын болса, ұрықтың 
қанында көмір қышқыл газы көбейеді де, баланың дем алуы басының жатырдан 
шығуынан бұрын басталады. Мұндай жағдайда баланың тыныс жолдарына ұрық 
сұйықтығы кіреді де, бала тұншығады, шетінеп те кетуі мүмкін. 
Тұншығу (асфиксия) бала туғаннан кейін де болатын жағдайлар байқалады. Бала тірі, 
жүрегі соғып тұрады, бірақ дем алып, дем шығаруы не өте әлсіз, не дұрыс емес. Туа 
болған асфиксия тыныс жодарының бекітіліп қалуына немсе жүйке жүйесіндегі 
тыныс орталығы қызмет атқармағандықтан организмге оттегінің аз жеткізілуіне 
байлапысты. Асфиксияның жеңіл түрлері туа болуы мүмкін және жүре келе жүйке 
жүйесінің, жүрек-қан тамырларының, тыныс жүйесінің ауруларына, далаға шықпай, 
үнемі үйде отыра беруіне байланысты болуы мүмкін. Таза немесе 50 % оттегімен дем 
алу жүрек, туберкулез ауруларында жағымды әсер етеді. Дегенмен оттегінің мөлшері 
жеткіліксіз болса да, тым көп болса да адам өміріне қатер туғызады. Яғни адам өмірі 
«тіршілік газының» мөлшеріне байланысты. 3 атмосферадан жоғары қысыммен таза 
оттегімен дем алғанда ұстама, өкпенің қабынуы сияқты аурулар пайда болып, тіпті 
өліп кетуі де мүмкін. Қалыпты жағдайда азот оттегін сұйлтатын заттың рөлінде 


болады. Ал 4 атмосфералық қысым кезінде азот есірткі іспетті есер етеді. Адамда 
мастану, орынсыз көп сөйлеу, күлкішіл, ақылының нашарлауы, тіпті бұзлуы, бұшық 
еттердің қызметінің дұыс бағытталмауы, ұытшақтық пайда болады. Сонымен қатар, 
ауаның құамындағы аз кездесетін газдар (гелий, аргон, ксенон, неон және криптон)да 
қысым күшейгенде әер етеді. Адамның дем алатын оттегісі белсенді емес, ол белсенді 
болып, белок, көмірсутегмен майлар мен қосылуы үшін химиялық жолмен өзгеруі 
тиіс. Бұған белсенді химиялық органикалық заттар — ферменттер қатысады. 
Қоректік заттардың клеткаларда тез тотығуына оксидаза ферменті қатысады. 

жүктеу 259,27 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау