Педагогикалық қарым-қатынас – коммуникацияны орнату, дамыту, ұйымдастыруға бағытталған, ортақ іс-әрекеттің мақсаты мен мазмұнына байланысты туындайтын педагог пен оқушы арасындағы өзара түсіну және өзара әсер ету процесі.
Педагогикалық қарым-қатынас – бұл педагогтар мен тәрбиеленушілердің әлеуметтік психологиялық өзара әрекеттесу жүйесі, оның мазмұны ақпарат алмасу, тәрбиелеуші әсер жасау,коммуникативті құралдар көмегімен өзара қарым-қатынасты орнатуға бағытталады.
Педагогикалық қарым-қатынас – бұл педагог пен оқушылардың өзара әрекеттесуінің әлеуметттік нормативті формасы.
Педагогикалық іс-әрекеттегі қарым-қатынас – бұл оқу міндеттерін шешу құралы, оқу процесін әлеуметтік-психологиялық қамтамасыз ету; оқыту мен тәрбиенің тиімділігіне әсер ететін педагог пен балалардың өзара қарым-қатынасын ұйымдастыру құралы қызметін атқарады.
Қарым-қатынастың құрылым үш бөліктен құралады: қарым-қатынастың коммуникативті жағы, интерактивті жағы, перцептивті жағы. Коммуникативті жағы қарым-қатынасқа түсушілер арасында ақпарат алмасу қызметін атқарады. Ал интерактивті жағы қарым-қатынасқа түсішлер арасында бірлескен өзара әрекетесу тән. Перцепциялық жағы қарым-қатынасқа түсушілердің өзара қабылдауын, түсінуін, бағалауын қамтамасыз етеді. Қарым-қатынастың барлық құрамадас бөліктері өзара байланысты, біртұтасықта жүзеге асады. Тиімді ақпарат алмасу бұл сәттілікке жетейтін бастау. Дұрыс әрі нақты өз ойын жеткізе білу, тыңдай білу – бұл қарым-қатынастың коммуникативті жағының құрамдас бөліктерінен тұрады.
Қарым қатынас барысында педагогтың оқушыны тыңдай білуі де маңызды роль атқарады. Тыңдау әдістері екіге бөлінеді: рефлексивті және рефлексивті емес. Рефлексивті емес тыңдау әріптестің сөзіне аз араласуды, оны зейін қойып тыңдауды қажет етеді.
Рефлексивті тыңдау бірнеше тәсілдерден құралады: анықтау, сезімді білдіру, резюмелеу (түйіндеу), қайта өзгертіп айту.
Мұғалімнің қарым-қатынасының кәсібилігі қарым-қатынас кезінде кездесетін қиындықтарды жеңіп, оқушыларға сенімділік ұялатып, тең қарым-қатынас орната алуымен сипатталады. Мұғалім үшін қарым-қатынастың тиімділігі – тәртіпті сақтап тұру емес, олардың ойлауын ынталандыру, ізденімпаздығын арттыру болып табыалды.
Педагогикалық қарым-қатынасты құрайтын іскерліктер:
— Ақпаратты беру іскерлігі;
— Оқушы жағдайын түсіну;
— Балалармен өзара қарым-қатынас орнату;
— Қарым-қатынастағы серіктесіне әсер ете алу іскерлігі;
— Өзінің психологиялық жағдайын басқара алу және т.б.
Достарыңызбен бөлісу: |