Ауру баланың психологиясы. Әр түрлі соматикалық аурулармен ауырған баланың психикасында қалыпты өзгерістер байқалады. Аурудың алғашқы белгілері байқала бастағанда қызуы көтіріліп, денесі бөрткенде сәбилердің эмоциялық күйі төмендеп, олар жылауық және қыңыр болады. Ауырған бала бейжай күйге түсп, мазасызданады, өз ауруын сөзбен жеткізе алмайды. Мектеп жасындағы балалар, әсіресе төменгі класс оқушылары ауырғаны не көңіл күйінің нашарлығы туралы шағым айтпайды. Бұл мәліметтерді тек дәрігер сұраған кезде білуге болады. Балалардың соматикалық ауруындағы психикалық өзгерістер орталық жүйке жүйесінің тікелей улануымен не патологиялық себеппен байланысты. Балалар аурудың болашақ зардабын талдай алмайды.
Науқастың дертіне деген субъективті көзқарасына әсер ететін факторлар:
І Жекеше – конституционалдық факторларға келесілер жатады: жынысы; жасы; мамандығы;
ІІ Индивидуальді психологиялық факторлар: темперамент қасиеттері; мінезінің ерекшеліктері;
Жынысы. Науқастың жынысы сырқатқа деген субъективті қатынасқа және оған деген көзқарастың қалыптасуына әсер етеді. Науқастың жынысына байланысты әйел адамдар ер кісілерге қарағанда ауырсыну сезімін, дене қозғалысының шектелуін төзімділікпен көтереді. Батыс елдердегі көзқарас бойынша босану кезіндегі ауырсыну сезімі, адам баласына берілетін ең бір қатты ауырсыну сезімі болып табылады. Осының нәтижесінде әйел адамдарда ауырсыну сезіміне төзу қабілеті табиғи қалыптасқан.
Жас шамасы. Сырқатқа субъективті әсердің қалыптасуына науқастың жас шамасы да ықпал етеді. Әрбір жас шамасында дерттің өз ауырлық дәрежесі болады, сондықтан ауырлық дәрежесін әлеуметтік психологиялық және ауырлығына байланысты топтауға болады.
Жас балалардың, жасөспірімдердің өздерінің сыртқы бет - әлпетінің өзгертетін дерттеріне шыдауы, оны көтеруі, оған төзімділігі аса қиындықтар тудырады. Себебі, жастар үшін түрінің сымбатты болуы қасиеттер жүйесінің негізі болып табылады. Сондықтан, медициналық тұрғыда өмірге қауіп төндірмейтін, бірақ сыртқы келбетін ұнамсыз көрсететін ауруға деген науқастардың психологиялық реакциясы күштірек болады. Жастардың дерттерге көзқарасы бойынша оның бет әлпетіне, сымбатына кері әсер тигізетін аллергиядан туындаған тері өзгерістері, күйіктерден пайда болған тыртықтар, т. б жатады.
Ешбір басқа жаста жасөспірімдердегі бетіне сыздауық шыққандағыдай психологиялық реакция анықталмайды. Жас адамның бет әлпетіне кері әсерін тигізетін дерттердің пайда болуында туындайтын психиопатологиялық синдром – дисфомания, тек осы жаста ғана байқалады.
Дисфоманиялық синдром дамығанда әсіресе, қыз балаларда өзін «көріксіз есептеу» жайында жалған сезім туындайды. Бұл жасөспірімнің дене бітімінің өзгерістері нәтижесінде дамиды. Үлкен жастағы науқастар созылмалы және мүгедектікке әкелетін сырқаттарға, ауыр психологиялық жауап қайтарады. Егде жастағы науқастарға онкологиялық, созылмалы соматикалық аурулар психология тұрғысынан айтарлықтай кері әсер жасайды. Қарт адамдарға өлімге әкелетін сырқаттар ауыр тиеді. Инфаркт, инсульт, онкологиялық аурулар қарт адамдарға еңбекке қабілетінің төмендететінен емес, өлімге әкелу мүмкін екендігінен қорқыныш әкеледі.
Мамандығы. Орта жастағы адамдар сырқаттың ауырлығын, оның болашақ өміріне, еңбекке қабілеттілігіне кері әсерін тигізетін белгілеріне қарай бағалайды. Науқасқа қандай да бір мүшенің зақымдануын білу маңызды болады. Мысалы, спортшылар немесеспорттың кейбір түрімен айналысатын науқастарға остеохондроз секілді дерттер ауыр тиеді.
Темперамент ерекшеліктері. Темперамент - индивидтің психикалық жүйесінің, психикалық үрдістер мен жағдайының ырғағы, қарқыны, ритмінің динамикалық ерекшеліктерімен сипатталады. Темперамент параметрлеріне сәйкес дертке деген науқастың психологиялық реакциясын анықтауда, эмоциональдық ауырсынуды көтеру, дене қимылының шектелуі секілді қиындықтарды көтеру маңызды қызмет атқарады.
Көбінесе ауырсыну сезімі науқастың эмоционалдық жағдайымен байланысты болады. Темперамент типтеріне байланысты ауырсыну табалдырығы холерик пен меланхоликтерде, сангвиник пен флегматикпен салыстырғанда төмен екені анықталған.
Мінездің ерекшеліктері. Сырқатқа деген субъективті жауап беру науқастың отбасындағы тәрбиесіне, соның ішінде ауыру сезіміне төзімділік, шыдамдылық, жас баланың денсаулық параметрлеріндегі иерархиялық қасиеттеріне байланысты.
|