Реферат тақырыбы: «Мұнай өндірісі, қоршаған ортаға әсері»



жүктеу 33,48 Kb.
бет2/9
Дата05.07.2022
өлшемі33,48 Kb.
#38985
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Документ

2.1 Мұнай өндірісі


Құрамы. Мұнайлардың құрамы бірдей емес. Бірақ олардың бәрінде де көмірсутектің үш түрі - алқандар (көбінесе қалыпты құрылысты), циклоалқандар және аромат қосылыстар кездеседі, бұл көмірсутектердін мөлшері әр мұнай кендерінде әр түрлі болады. Мысалы, Маңғыстау мұнайы алқандарға, Баку аймағындағы мұнай циклоалкандарға бай келеді.
Мұнайда көмірсутектерден басқа аз мөлшерде құрамына оттегі, азот, күкірт және басқа элементтер кіретін органикалық қосылыстар болады. Ным (смола) және асфальт заттары түрінде жоғары молекулалық қосылыстар да бар. Мұнай құрамында жүздеген әр түрлі қосылыстар болады.
Мұнай өнімдері. Зауыттарда мұнайды айдау арқылы оны жеке фракцияларға бөледі: 40-200°С аралығында қайнайтын құрамында С5—С11 көмірсутектері бар бензин алынатын, 150-250°С аралығында қайнайтын, құрамында С8—С14 көмірсутектері бар лигроин; 180-300°С аралығында қайнайтын С8—С14 көмірсутектері бар керосин; бұлардан кейін газойль алынады. Бұлар — ашық түсті мұнай өнімдері деп аталады.
Қолданылуы. Бензин поршенді двигательдері бар автомобильдер мен ұшақтарға жанармай ретінде қолданылады. Сонымен қатар майға, каучукқа еріткіш ретінде, матаны тазартуа, т.б. пайдаланылады. Лигроинды тракторға жанармай ретінде қолданады. Керосин — трактор, реактивті ұшақтар мен зымырандардың (ракеталардың) жанармайы. Газойль дизель жанармайы ретінде пайдаланылады.
Мұнайдан ашық өнімдерді айдағаннан кейін, қара түсті, тұтқыр мазут деп аталатын сұйықтық қалады. Қосымша айдау арқылы мазуттан жағар майлары алынады. Бұдан басқа, мазутты химиялық әдіспен өңдеу арқылы бензинге айналдыруға болады (кейінгі тақырыптардан қараңдар), сондай-ақ қазан қондырғыларында сұйық отын ретінде пайдаланады.
Мұнайдың кейбір іріктемесінен қатты көмірсутектер қоспасы — парафиндер; қатты және сұйық көмірсутектерді араластырып вазелин алады. (Парафин мен вазелиннің қайда қолданылатынын естеріңе түсіріңдер.)
Бензиннің детонацияға төзімділігі. Бензиннің аса маңызды қасиеттерінің бірі — оның детонацияға төзімділігі.
Детонация құбылысын тусіну үшін іштен жанатын автомобиль двигателінің қалай жұмыс істейтінін еске түсірейік. Двигатель цилиндріне бензин буы мен ауа қоспасы сору арқылы барады, қоспа поршенмен сығылып, электр ұшқыны арқылы от алдырылады. Көмірсутектер жанғанда түзілетін газдардың көлемі ұлғаяды және жұмыс істейді. Бензин буының ауамен қоспасы қаншалықты қатты сығылса, двигательдің қуаты соншалықты күшті болады және жанармайды да аз жұмсайды. Алайда бензиннің барлық іріктемелерінің қатты сығылуды көтере алмайтыны анықталды. Кейбір көмірсутектер сығылған кезде күнібұрын от алады және қопарылыс түрінде өте жоғары жылдамдықпен жанады. Қопарылыс толқынының поршеньді соғуынан цилиндрде дүрсілдеген дыбыс шығады, детальдар уақытынан бұрын тозып, двигательдің қуаты кемиді. Бензиннің қопарылыс түрінде жануы детонация деп аталады.
Құрылысы қалыпты алкандар детонацияға өте төзімсіз келеді. Тармақталған көмірсутектер, сондай-ақ қанықпаған және аромат көмірсутектер детонацияға төзімді. Олар жанғыш қоспаның қатты сығылуына жол береді, сондықтан әлдеқайда қуатты двигательдер жасауға мүмкіндік туғызады.
Бензиннің детонацияға төзімділігін есептеу үшін октан шкаласы жасалды. Бензиннің әрбір іріктемесі белгілі бір октан санымен сипатталады. Детонацияға төзімділгі өте жоғары изооктанның (2,2,4-триметилпентанның) октан саны 100-ге тең деп алынады. Өте оңай детонацияланатын н-гептанның октан саны — 0. Гептан мен изооктан қоспасының октан саны, олардың құрамындағы изооктанның (проценттік) мөлшеріне тең болады.
Осындай шкаланы пайдаланып, бензиндердің октан санын анықтайды. Егер бензиннің октан саны 76 болса, ондай бензин цилиндрде 76% изооктан мен 24% гептан қоспасындай детонациясыз қысым туғыза алады.
Мұнайдан бөлініп алынатын бензин әсіресе тармақталмаған алкандарға бай болса, оның салыстырмалы түрде октан саны төмен болады. Өңдеудің ерекше әдістерін қолданып (кейінірек танысамыз), октан саны едәуір жоғары бензин алады.
Іс жүзінде этилденген бензин жиі пайдаланылады. Бұл бензинге октан санын арттыру мақсатында антидетонат — тетраэтил қорғасын Рb(С2Н5)4 қосылады. Этилденген бензин жанған кезде одан бөлінетін қорғасын цилиндрдің қабырғасына қонып және двигательді тоздырмас үшін оған тағы да шамалы дибромэтан (немесе бромэтан) қосады. Осындай қоспа жанған кезде қорғасын пайдаланылған газдармен бірге бромид РbВr түрінде ұшып шығады және айналадағы ортаны ластайды, сондықтан үлкен қалаларда этилденген бензинді пайдалануға тиым салынады. ҚМГ мұнай және конденсат өндірісін ҚМГ өндірістік процестерді басқаруға тікелей қатысатын операциялық активтер, сондай-ақ ҚМГ-дың жеке қатысу үлесі бар, бірақ аталған активтердің өндірістік процесіне қатыспайтын операциялық емес активтері жүзеге асырады.

  • Өзенмұнайгаз (100 %)

  • Маңғыстаумұнайгаз (50 %)

  • Ембімұнайгаз (100 %)

  • Қазгермұнайгаз (66,5 %)

  • Қазақтүрікмұнай (100 %)

Басқа операциялық жер қойнауын пайдаланушылар.
ҚМГ операциялық емес активтері арасында Қазақстанда Теңіз,
Қарашығанақ және Қашаған кен орындарында сәйкесінше 20 %, 10 % және 8,44 % үлестерімен мұнай өндіретін ең ірі үш кәсіпорынды атап өткен дұрыс. ҚМГ өз операциялық емес активтерінде мұнай өндіру бойынша серіктестік ынтымақтастықты Шеврон, ЭксонМобил, Шелл, Эни, Тоталь, Инпекс, Қытай ұлттық мұнайгаз корпорациясы (CNPC), Лукойл сияқты дүниежүзілік аса ірі мұнай алыптарымен бірлесіп жүзеге асырады.
ҚМГ шоғырландырылған мұнай мен конденсат өндірісі 2017 жылы тәулігіне 23,4 млн тонна (178 млн барр.) немесе 486 мың барр. құраған, бұл жоспарлы жылдық көрсеткіштерге сәйкес. Бұл ретте операциялық активтердің үлесі 15,8 млн тоннаны (120 млн баррель) немесе өндірілген мұнай мен конденсаттың жалпы көлемінің 68 %ын құраған. Сәйкесінше операциялық емес активтер 7,6 млн тонна (57 млн барр.) немесе жалпы санынан 32 % өндірген. 2018 жылы өндірілген мұнай мен конденсат көлемін 2017 жылдың деңгейінде сақтау жоспарланып отыр.

жүктеу 33,48 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау