|
Реферат тақырыбы: «Мұнай өндірісі, қоршаған ортаға әсері»Мұнайдың қоршаған ортаға келтіретін зияны
|
бет | 3/9 | Дата | 05.07.2022 | өлшемі | 33,48 Kb. | | #38985 | түрі | Реферат |
| Документ
Табиғатқа келіп жатқан зиян күн санап өсуде. Республика бойынша облыс өндірістік қалдық шығарудан екінші орында, ал қоршаған ортаны қорғау үшін бюджеттен бөлініп жатқан ақша көлемі жағынан 14-ші орында. Жергілікті табиғатты қорғаушы басқармалар өнеркәсіп орындарынан шығынды миллиондап өндіргенімен, нақты нәтиже байқалмайды. Жағдай осылай жалғаса берсе, жер мен көктің арасын күл-қоқыс қаптайтын болады. Ал Ақтөбе ең үлкен қоқыс полигонына айналады. Бұл болжамды растау үшін облыстағы өндіріс ошақтары тыным таппай еңбектенуде. Осыдан екі жыл бұрын жергілікті табиғатты қорғаушылар "Ақтөбе облысында 2005-07 жылдарға арналған қоршаған ортаны қорғау аймақтық бағдарламасын" облыстық мәслихатта қабылдап, бекіткен болатын. Бағдарламаның жүзеге асып келе жатқанына бір жарым жыл болса да нақты атқарылған әлі ештеңе жоқ секілді.
«Теңізшевройл» компаниясының өзі көптеген тексерістерге қарамастан өз жұмысын жақсартуға еш шара қолданбай отыр. Далада жатқан 9 миллион тонна күкіртке тағы бір миллион тонна қосылған. Ал, оның жыл сайын өңделетіні тек жарты миллион тонна. Мұнай компанияларымен Қазақстан, яғни энергетика министрлігі арасында жасалатын келісімдерде жазылғандай, әр мекеме жұмысын толығымен Қазақстан заңдарына сәйкес жүргізуі керек. Каспийде болған соңғы оқиғада мұнай компаниясында болған апат кесірінен Каспийге төгілген мұнай тез арада жиналмаған, нәтижесінде қоршаған ортаға зиян тиді. Ал, егерде бүгін бір кен орнындағы апаттың кесірін жоя алмасақ Каспийдегі үлкен апаттар өте қауіпті. Қазақстан бойынша экологиясы нашар аумаққа жататын Атыраудың табиғатына қоршаған ортаға кесірін тигізетін мұнай компаниялары бар.
«Теңізшевройл» және «Аджиптің» жұмысы, тағы басқа табиғатты қолданатын 46 кәсіпорын бар. Мұнай табатын жерде экология бұзылады.
Күкірттің сыртында жыл сайын 14 миллиард текше метр газ жағылып ауаны ластайды, дейді экологтар. Дәрігерлердің айтуынша «Теңізшевройл» серіктестігіне жақын жатқан елді мекендердегі тұрғындардың барлығында дерлік денсаулықтары нашар. Ал «Теңізшевройл» серіктестігі бұл туралы ақпаратты құпия етіп ұстап отыр. Ресми мәлімет бойынша, бұл кәсіпорында 1993 жылдан бері 250 жұмыскер қаза болған, ал, жұмыскерлердің өздері бұл тек ресми көрсеткіш, деген пікірлерін білдірген. Олардың кейбіреуі жүрегіміз қысылып жадымызда сақтау қабілетіміз төмендейді, деп дәрігерлерге шағымданған. Мұнай шыққан кезде босатылатын газ адамның миына кері әсерін тигізеді: Бұл газ адамның ақыл ойының дамуына, психикасына кесірін тигізеді.
Әзірге Қазақстанда ауаны ластаумен күрес айыппұл арқылы немесе күкіртпен газды игеретін компанияларға жеңілдіктер жасау арқылы жүргізіліп келеді.
Атыраудан 70 шақырым жерде алып мұнай қоры табылғанын елбасы Нұрсұлтан Назарбаев алғаш рет әлемге 2000 жылы жариялады. Мұндағы мұнайды алдымен, барлау және бағалау, сонан соң өндіруге сенімді әріптес боп италяндық оператор - «Аджип Қазақстан Норт Каспиан оперейтинг Компани Н.В.» компаниясы таңдалды. «Аджип ККО» мұнай секторындағы майталман Эни тобына кіреді. Жоба бойынша коммерциялық жаңалық ресми жарияланғаннан кейін мұнай 5 жылдан соң, яғни 2005 жылы алынуы тиіс еді. О баста жоспарлағандай бірінші бұрғылауды «Аджип ККО» мерзімінде бастады.
Бұрын Нострадамус 1999 жылы 11 августа күн тұтылады. Окалипсис болады деді. Ақыры айтқаны келді. Күн тұтылды. Сол күні жамандағаным емес «Аджип» 1 скважинасын бұрғылауды бастады. Сол әлі жалғасып келе жатыр.
Қашаған – геологиялық қоры 38 млрд баррельге татитын жанаржағармайы бар, яғни сан ұрпаққа жететін байлығы бар Қазақстан қазынасы. Сондықтан, үкіметтің инвесторларға қойған талабы да қатаң. Олар: жоғары экогологиялық тазалық, кенішке отандық мамандарды тарту, өнімдік бөліске ұлттық компанияны қатыстыру. Тағы бірі – газ бен күкіртті теңіз түбінде залалсыздандыру. «Аджип» бұған байланысты жоба жоспарын дер кезінде тапсырды, теңізге нысанын да салды, бірақ, нәтиже берген жоқ. Қашаған мұнайын
Баку-Жейхан құбырымен тасу жоспары іске асқанда еліміз экспортқа 25 млн тонна мұнай шығарар еді. Өкінішке орай, 2005 жылы өндірілетін мұнай 2008 жылға ауыстырылды. Бұл мерзімнің де болашағы бұлыңғыр болып шықты. Жоба 2010 жылға қалды.
Қоршаған ортаны қорғау министрлігі осы жылы жоспар бойынша «Аджип» компаниясына қарасты бірнеше нысанда кешендік тексеру жұмыстарын жүргізген болатын. Көптеген жүйелік заң бұзушылықтар анықталды. Қоршаған ортаға бірнеше жыл бойы зиын келтірілгені белгілі болды.
2000 жылы 1-ші скаважина күніне 600 мың тонна шығарды. Соның бәрін олар теңізге лақтырды. Оны істемесе бұлар біле алмайды. Қанша мұнай бар. Апрель-май аралығында 30 мың тюлень қырылды. Бұл енді бола береді.
Шетелдік компания қоршаған ортаны қорғау заңын белшесінен басқан. Күкіртті залалсыздандыру үшін экологиялық қауіпсіз жоспарлар жасалмаған. Қалдықтарды каспий теңізінде рұқсатсыз өртеген. Компания жұмыс істеген аймақтарда ауа құрамындағы азот қоспалары шамадан тыс екені анықталды. Сөйтіп, сирек кездесетін және уылдырық шашатын балықтарға және қоршаған ортаға зиян тиіп отыр.
«Аджип Қазақстан Норт Каспиан» компаниясы басшыларының үстінен қылмыстық іс те қозғалды. Еліміздің Кедендік бақылау комитеті «Аджипке» ірі кедендік төлемдер мен салықтарды төлеуден жалтарған деген айып тақты. Бұл бір ғана заңбұзушылық.
«Аджип» уақытша әкелу деп аталатын кеден тәртібін бұзған. Онымен қоса, « Аджип» 4 млн 900 мың АҚШ долары тұратын екі азаматтық тікұшақты кедендік рәсімдеу кезінде негізсіз импорттық баж бен Қосымша Құн салығынан босатқан.
Қызылорда облысындағы мұнай өндіруші «СНПС АйданМұнай» Акционерлік Қоғамы қоршаған ортаға айтарлықтай залал келтіруде. Облыстық прокуратура компания жұмысына қатысты осы және өзге де заң бұзушылықтарды анықтады. «Жер қойнауын пайдалану туралы» Заңның талаптары өрескел бұзылған. Нақты айтқанда, ауаны ластайтын заттар мөлшерден тыс таралған. Газды жою, яғни оның тұрақты түрде жағылып отыруын қамтамассыз етпеген жағдайда, бұрғылау және пайдалану ұңғымаларын игеруге және зерттеуге тыйым салынады. «Арыс» кен орнындағы 12 мұнай ұңғымасын игеру нәтижесінде қоршаған ортаға таза ілеспе газ шығарылған. Сонымен бірге, жеке ұңғымалардан өндірілген мұнай мен газ арнайы резервуарларға жиналып, толуына байланысты мұнай тасымал көліктерімен жеткізілуде. Мұнымен қоса тексеру барысында, ұңғымалардың резервуарлары жарық желісіне мүлдем қосылмағандығы анықталды. Осының негізінде компания ілеспе және табиғи газды ауаға жаққан.
Қоршаған ортаға келген залалдын мөлшері – 5 миллион 400 мыннан астам тенгені құрағандығы белгілі болды. Сонымен қатар Торғай Петролеум АҚ тексеру жүргізілді, тексеру барысында Құмкөл кен орнында орналасқан бұрынгы карьерге сарқынды суды төккен деректер анықталды. Заң бұзушылықтарын жою мақсатында прокурорлық ықпал ету актілері қазіргі уақытта дайындалуда.
Облыстың бас табиғат жанашырының сөзіне сенсек Ақтөбе шығын өндіруден бірінші орында тұр. Сонда ауамызды тарылтып жатқандардан миллиондап ақша жиналса, сол өндірілген қаражат шығын орнын толтыруға жетпейді ме деген ой туындайды. Заң бұзушыларға басшылық тарапынан қолданылып жатқан жаза әлі де болса жұмсақтау деген атқамінерлер қоршаған ортаны қорғау заңына тағы да өзгертулер енгізіпті.
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|