Қазақстан өнеркәсібі дамуының басты бағыты – кен байлықтарымызды игеру, оның ішінде айрықша басымдылық мұнай мен газға берілген. Пайдасы мен бірге мұнай және газ өндірудің қоршаған ортаға тигізетін зиянды әсерлері де аз емес. Мұнай өндіру, тасымалдау және өңдеу көлемдерінің үздіксіз дамуынан Жаңажол кен орыны және тағы басқа мұнай газ кен орындарын игеретін Ақтөбе облысының экологиялық жағдайының нашарлауы белең алуда. Жерге төгілген мұнай қалдықтары мен алаулы оттықтар төңірегіндегі топырақты барынша ластауда, ол өз кезегінде өсімдіктер мен жануарлар дүниесіне ғана емес, адамдардың денсаулығына да үлкен қауіп төндіруде.
Мұнай-газ өндіретін аймақтардың осы күнгі экологиялық жағдайы саладағы әдебиеттерге, мұнай-газ өнеркәсібінің табиғатқа тигізіп жатқан кері әсерлері және оны азайтудың жолдары жайлы орындаған ғылыми зерттеу жұмыстарына және де қоршаған ортаны қорғаудың нормалық құжаттарына талдау жасалынды.
Қазіргі кезде, экологиялық қауіпсіздік жалғыз біздің
Республикамыз үшін емес дүние жүзі жұртшылығының назарын аударып отырған ең маңызды мәселелердің бірі болып отыр. Табиғи ортада экологиялық дағдарыстың неғұрлым қауіпті көріністері белең алған: кейбір аймақтарда топырақтың тозуы, су ресурстарының тартылуы, ластануы, техногендік шөлейттену, тірі табиғаттың генетикалық қорының бүлінуі, тіршілікке қатер төндіретін қауіпті улы қалдықтардың қордалануы. Еліміздегі осындай экологиялық дағдарысқа химия, мұнай, металлургия, отын өнеркәсіптерінің жедел және мөлшерден тыс дамуы үлкен әсерін тигізуде.
Мұнай-газ өндірудің 130 жылғы тарихында дүние жүзілік қордың 1/3 бөлігі игерілген, ол оның 1/3 бөлігі тек соңғы 10 жыл ішінде өндірілген. Егер энергия пайдалану жақын арада 2 есе артады десек, онда мұнай өндіру 2010-2020 жж аралығында, ал газ өндіру 2030-2040 жж аралығында биік шыңдарына жетпек.
Қазақстан мұнай қоры жағынан әлемдегі ең ірі мемлекеттердің алғашқы ондығына кіріп отыр. Мемлекетіміздің Республикалық балансында 212 көмірсутекті кен орындары бар. Мұнайдың қоры жағынан қарасақ, территориямыздың 62% жерінде мұнай кен орындары орналасқан. Тек қана Каспий теңізі қайраңындағы мұнай қоры 13 млрд.т. Ал, Ақтөбе облысында жылына 4,5 млн.т.мұнай өндіріледі.
Қазір Қазақстан Республикасы жылына 60 млн.т. мұнай өндіреді. Қазақстан дамуының стратегиялық жоспарына сәйкес мұнай өндіру дәрежесі 2010 жылы 100 млн.тоннадан аспақ.
Мұнай - газ кен орындарын өндіру, өңдеу және тасымалдауда жер қойнауынан алынатын шикізаттың көбі әртүрлі қалдықтар түрінде жоғалады және қоршаған ортаны ластайды. Табиғатты ластау өнеркәсіптің барлық сатыларында, яғни геологиялық барлаудан бастап ең соңғы пайдалануға дейінгі кезеңдерде жүріп жатады.
Осындай атқарылып жатқан жұмыстарға қарамастан мұнай – газ кешендерінде, оның ішінде Ақтөбе облысындағы Жаңажол кен орны аймағында табиғи ортаның жай-күйі сын көтермейді, әсіресе экологиялық мониторинг жүргізу, оның нәтижелерін жылдам өңдеу және дер кезінде табиғатты қорғау шаралары осы күнгі талаптарға сай жүргізілмей отыр. Осыған орай, мұнай - газ кәсіпшіліктерінің қоршаған ортаға тигізіп отырған техногендік әсерлерін азайту үшін зерттеулер жүргізу қажеттігі айқындалды.
Тексеру нәтижесінде біраз олқылықтардың беті ашылды. Мәселен, «Мұнай Сауда Ойл», «РТС Ойл» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерінде санитарлық қорғау аймақтарын көріктендіру, көгеріштендіру және ретке келтіру жұмыстары нашар, тіспті, жоспарланбаған да. Қоршаған ортаның тазалығын бақылау мониторингі жүзеге асырылмаған. Шу қаласындағы «Теміржол жылу», «ДСУ-86» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерінде шаң тосқыш қондырғылар күрделі жөндеуден өтпеген. Кейбір қалада, аудан орталықтарында жылу қазандықтары экологиялық талаптарға сай емес, тетіктері қолды болып бұзылған шаң газ ұстағыш қондырғылар жөнделмеген, қалпына келтірілмеген. «Жуалы сервис» кәсіпорны мен «Южный» ЖАҚ-ның газбен жылытылатын қазандықтары жөндеу көрмеген. Тізе берсек, мұндай мысалдарды көптеп келтіруге болады.
Көптеген дау талаптары бөлініп шыққан ластағыш заттардың, шайынды сулардың, қалдықтарды орналастырудың нормадан артық болуына байланысты болды. Осындай экологиялық талаптарды бұзғандығы үшін «Ақбақай тау кенін байыту комбинаты», «Қазақмыс» корпорациясы», «БМ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, «Шығыс кен басқармасы», «Қант» және «Бурный ірімшік зауыты» ашық акционерлік қоғамдары, басқа да біраз ірі кәсіпорындарға дау талаптары қойылды.
Кәсіпорындарға осындай дау талаптары қойылса, қоршаған ортаны қорғау ережелерін орындамағаны үшін кейбір жеке немесе заңды тұлғаларға, лауазым иелеріне айыппұлдар салынды.
Достарыңызбен бөлісу: |