Реферат Тақырыбы: Химия әдістемесінің қалыатасуы мен дамуы. 20-21 ғасырлардағы жетекші педагогтар мен психологтар



жүктеу 29,94 Kb.
бет2/7
Дата07.02.2023
өлшемі29,94 Kb.
#41177
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7
Реферат Орынбекова Инабат

Д.И.Менделеев(1834-1907 ж.ж.) химиялық білім берудің қажеттігін, мақсаттарын, мазмұнын, сипатын талдаған еңбектер мен оқулықтар жазды, химияның өнеркәсіпте және ауыл шаруашылығында қолданылуын көрсету арқылы оқушыларды еңбекке, практикалық іске әзірлеу, химияның эксперименті кеңінен пайдалану туралы пікірлер айтты.
А.М.Бутлеров (1828-1886 ж.ж.) ғылымдағы және оқыту әрекетіндегі теориялық білімнің алатын орнын негіздеп түсіндірді, өте жақсы химия оқулықтарын жазады.
20-21 ғасырлардағы жетекші педагогтар мен психологтар. 20-жылдары педагогикадан алғашқы кеңестік басшылық пайда болды. Кеңес педагогикасын дамытуда Павел Петрович Блонский (1884-1941) ерекше роль атқарды. Ал “Педагогика” (1922) және “Педагогика негіздері” (1925) оқулықтарын жазды. Осы жылдары А.П.Пинкевичтің “Педагогика” оқулығы жарық көрді. Бұл еңбектің авторлары ескі педагогикалық мұраны қайта қарауға және тәрбие және білім беру мәселелерін жаңаша шешуге талпынды. Сонымен қатар олар аяғына дейін өздерінің кейбір ескі теориялық көзқарастарының шектелушілігін жеңе алады. Бұл ең алдымен тәрбие мәселесін анықтауға қатысты. Тәрбие балаға мақсатты, ұйымдасқан, ұзақ мерзімге әсер ету деп дұрыс түсіндірді, бірақ авторлар тәрбие үрдісінің тәрбиеші мен тәрбиеленушінің белсенді қарым-қатынасы үрдісі ретінде тәрбие үрдісінің екі жақтылық сипатын аталмады.
«Психология» термині ХVІ ғасырдың аяғында пайда болды. 1590жылы ГОКЛЕНИУС-тың алғаш «психология» атты кітабы жарық көрді. 1594 жылы оның шәкірті Гасман осы атаумен екінші кітап шығарды.
Параллелді түрде басқа ғылымдар шеңберінде: философия, дінтану, тарих, заңтану, экономикада психология жайлы білімдер жинақталып жатты. Көптеген философтар сонымен қатар психологта болды. Олардың қатарында Френсис Бэкон, Джон Локк, Бенедикт Спиноза, Иммануил Кант, Георг Гегель және т.б.
Олардың кейбіреулері психологиялық жұмыстар жазды:
Георг Гегель- «Жан феноменологиясы және жан философиясы»;
Иммануил Кант- «Прагматикалық көзқарастағы антропология»;
Адам Смит – «Адамгершілік сезімдер теориясы» атты психологиялық тамаша еңбектер жазды.
Басқа ойшылдар мысалы, Рене Декарт тек қана психологиялық шығармалар мен ғана емес, сонымен бірге психологиялық даму жолдарын анықтау идеяларымен де танымал болды.
Рене Декарттың әсерінен психология Зигмунд Фрейдке дейін сана психологиясы ретінде дамыды.
Психологиядағы эмоция теориясының дамуында Бенедикт Спинозаның еңбегі де орасан зор.
ХІХ ғасырда психология ғылымы қарқынды дами бастады. Осы кезеңде психология бойынша көптеген кітаптар мен құралдар жарық көрді.
1834жылы Ресейде аймақтық «Адам сипаты» атты 677беттен тұратын Александр Иванович Галичтің психологиялық еңбегі жарық көрді.
ХІХ ғасырдың ортасынан бастап психологияда эксперимент орын алады. Алғашқы психологиялық экспериментті неміс психофизиологтары Эрнст Вебер және Густав Фехнер 1840 жылдан 1855 жыл аралықтарында жүзеге асырды. Олардың тәжірибелерінің негізінде қабылданатын сигналдардың күші мен түйсінетін түйсіктің қарқындылығының сандық тәуелділігі анықталады. ХХ ғасырдың екінші жартысында тағы да бір психологиялық мектеп – бихевиоризм – мінез –құлық психологиясы қалыптасты. Мектептің негізін салушы Джон Уотсон бақылау және эксперимент арқылы мінез-құлық заңдылықтарын ашу мақсатын қойды. Адамның мінез-құлқы толығымен сыртқы ортамен басқарылады деген постулат қойылды. Адамның неге талпынатынын және неден қашқақтайтынын - осы сыртқы орта белгілейді. Адам мінез-құлқының құрылымы белгілі мөлшерде сыртқы орта құрылымының көшірмесі болып табылады.
Қазіргі бихевиоризм өкілі Беррис Скинердің ойынша, адам мінез-құлқы генетикалық қаныққандық, физикалық орта және әлеуметтік ортамен байланысты. Адамның ішкі жағдайы терістелмейді және мінез-құлықты талдау үшін қажет екендігі ескеріледі.
Беррис Скинердің тұжырымдамасы: « Адам қоршаған басқарылады, бірақ.... орта толығымен адаммен қалыптасады», яғни, мінез-құлық өзінің нәтижесімен қалыптасады және тұрақталады.
Егер әрекет нәтижесі адам үшін маңызды болса, ол адамның мінез-құлқын басқарады. Әрекет нәтижесінің келесі мінез-құлқына әсер етуі, «нығайту» деп аталады. Адамға әлеуметтік орта әсер етсе, әлеуметтік ортаны өзгерте отырып, адамға әсер етуге болады. Қоршаған ортада адамға әсер ететін оң бағыттау көп болуы қажет.
ХХ ғасырдың ортасында психологияның үшінші мектебі когнитивті психология қалыптасты. Когнитивті психология психиканы танымдық операциялар жүйесі ретінде, ал адамды- ақпаратты өңдеуші субъект ретінде қарастырды.
Когнитивті психологияның негізін салушылар Фриц Хайдер – танымдық тепе-теңдік теориясы, Леон Фестигнер- когнитивті диссонанс теориясы, Джордж Брунер - әлеуметтік қабылдаудың перцептивті болжамдар теориясы, Джордж Келли – тұлғалық конструкттар концепциясы, Герман Виткин – тұлғаның когнитивті стилін зерттеу.
ХІХ ғасырдың екінші жартысында психология ғылымының кең көлемді дамуын ғылыми психологияның негізін салушылардың бірі, неміс психологы Вильгельм Вунд ұсынды. П.П.Блонский мен А.П.Пинкевичтің еңбектері кейбір кемшіліктеріне қарамастан, педагогиканың дамуына бір қадам алға басқандық болып табылады. А.П.Пинкевич “Еркін тәрбие теориясының” кейбір қағидаларын сынға алғандығын атап айту қажет.
20-жылдары өзінің жан-жақты педагогикалық және ғылыми қызметімен белгілі болған кеңес педагогикасының көрнекті өкілі Станислав Теофилович Шацкий (1878-1934). Ол халықағарту ісінің бірінші тәжірибе станциясын ұйымдастырды. Тәжірибе станциясы жас кеңес педагогикасының негізгі практикалық және теорияылқ міндеттерді шеше білді. Шацкий еңбек тәрбиесіне, оқытуды еңбекпен, қоғамдық пайдалы еңбекпен ұштастыруға ерекше мән берді.
Кеңестік педагогиканың 30-жылдарда барлық салаларда ғылыми-зерттеу жұмысының дамуымен сипатталады. Педагогика ғылымының қайраткерлері меткептердің озат тәжірибесін зерттеу және жинақтаумен айналысты. Кеңестік педагогика ғылымының өсу көрсеткіші педагогикадан жаңа оқулықтар мен оқу құралдарын басып шығару болып табылады.
1932 жылы техникумдар үшін “Педагогика” оқулығы (редакциясын басқарған А.Африканов пен П.Груздев); 1934 жылы М.М.Пистрактың “Педагогикасы” педагогикалычқ институттарға арналған; П.Н.Шимбаровтың педагогикалық училищелерге арналған “Педагогика” оқулығы; 1939 жылы И.А.Каировтың редакциясына баруымен жарық көрді; 1940 жылы – П.Н:Груздевтің редакциясын басқаруымен “Педагогика” оқу құралы баспадан шықты; Б.П.Есиповтың және Н.К.Гончаровтың педагогикалық училищелерге арналған “Педагогика” оқулығын атап өтуге болады.
30-жылдары дидактика және тәрбие теориясы мәселелері бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізілді. Дидактика мәселелері таным теориясы тұрғысынан қарастырылды.
20-30 жылдары балалар ұжымы мәселесіне ерекше қызығу аңғартқан көрнекті кеңес педагогтары мен психологтары Н.М.Шульман, С.М.Ривес, П.П.Блонский, А.С.Залужный, М.М.Пистрак, С.П:Шацкий, А.С.Макаренко, Ф.Ф.Каролев.

жүктеу 29,94 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау