Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігінің Е.А.Бөкетов атындағы химия кафедрасы
Реферат
Тақырыбы: Химия әдістемесінің қалыатасуы мен дамуы. 20-21 ғасырлардағы жетекші педагогтар мен психологтар
Орындаған: Орынбекова Инабат ХБ-31
Тексерген: Кокибасова.Г.Т
Қарағанды-2022 жыл
Химияны оқыту әдістемесінің қалыптасуы және дамуы
Химияны оқыту әдістемесі – мектеп химия курсының мазмұны және оны оқушылардың меңгеру заңдылықтарын зерттейтін педагогикалық ғылым. Химияны оқыту әдістемесі әрі ғылым, әрі оқу пәні ретінде оқытудың мазмұнын, оқыту әдістерін тәрбие жұмыстарымен тығыз бірлікте, өзара байланыста зерттейді.Оқытудың заңдылықтарын ашу мен қатар,оқытудың мазмұн-мақсатын, әдістерін, оқыту формалары мен құралдарын, оқытушының ісәрекетін бір-біріне ажыратпай біртұтас қарастырады. Химияны оқыту әдістемесі мұғалімнің оқу материалын оқытуы мен оқушылардың химиялық білімді саналы меңгеруін, алған білімдерін іс жүзінде қолдану ерекшеліктерін және дағдыларын дамыту эдістері мен құралдарын айқындап береді.
Химияны оқыту әдістемесі әрі ғылым, әрі оқу пәні ретінде оқытудың мазмұнын, оқыту әдістерін тәрбие жұмысымен тығыз бірлікте, өзара байланыста зерттейді. Оқытудың заңдылықтарын ашумен қатар, оқытудың мазмұн-мақсатын,оқыту формалары мен құралдарын, оқытушы мен оқушының іс-әрекетін бір-бірінен ажыратпай біртұтас қарастырады.
Орта мектептегі химия курсының мазмұның сұрыптау негіздері. Химияны оқыту әдістемесінің негіздерінде оқу материалының көлемін және қиындығын реттеудің мынадай жалпы педагогикалық талаптары бар:
мазмұнынның тұтастығы;
ғылыми дәлдігі және қүндылығы;
оқушылардың жас ерекшіліктеріне сай келуі;
оқу жоспарындағы сағат санының ескерілуі;
көпшілік мектептің жағдайына сәйкестігі;
халықаралық стандартпен үйлесімділігі.
Тарихи негіз. Бұл негізді жүзеге асыру дегеніміз – химия ғылымын дамыту бағытында көрсету, оның өткені, бүгінгісі және болашағы туралы оқушыларда пікір қалыптастыру
1)Кен таралған және толық түрде өтілетін элементтердің, мысалы оттегі мен суттегінің ашылу тарихы жөнінде мағлұматтар беру; 2) атом-молекулалық ілімінің негізін қалаған М.В. Ломоносов, Дж,Далтон еңбектерімен қысқаша таныстыру; 3) массаның сақталу заңының ашылуына байланысты М.В.Ломоносов жэне А. Лавуазье тәжірибелерін сипаттау; көрнекті ғалымдардың ғылымға келу жолын, қиыншылықтарды жеңу үстіндегі табандылығын, Отанына деген шексіз сүйіспеншілігін нақтылы мысалдармен көрсету.
Химиялық білім беру туралы көзқарас химия ғылымының даму кезеңдеріне сәйкес қалыптасты. Орыстың атақты ғалымдары химия ғылымының дамуына зор үлес қосумен бірге, жасөспірімдерге тікелей химиялық білім беру ісімен айналысты, көптеген құнды әдістемелік пікірлер айтты. М.В.Ломонсов (1711-1765 ж.ж.) химияның қоғамдағы маңызын және пайдасын насихаттады, химиялық білім беруді ұйымдастьру мәселелерін шешуге белсене араласты.Тұңғыш химия зертханасын ұйымдастырып,, физикалық химияның орыс тіліндегі тұңғыш оқулығын жазды.
Достарыңызбен бөлісу: |