Зейіннің үйреншікті деген түрі бар.
Үйреншікті зейін- адамға табиғи сіңісіп кеткен, арнайы күш жұмсамай-ақ орындалатын зейін.
Зейіннің негізгі қасиеттері:
Ауыспалылығы
Орналасуы
Көлемі
Күші
Тұрақтылығы
Шоғырлануы
Зейіннің ауыспалылығы-бұл зейіннің бір нысанадан екінші нысанға бір іс-әрекеттің түрінен екінші іс-әрекеттің түріне ауысуы. Мысалы, кітап оқудан шәкірт оз зейінін суреттерді көруге, одан өз ойын айтып беруге көшуі мүмкін. Зейіннің ауысуы ерікті және еріксіз іске асады. Ал бір ғана нысанға бағытталған зейінді зейіннің шоғырлануы дейміз.
Зейіннің орналасуы дегеніміз адам зейіннің белгілі бір күрделі жұмыс үрдісінде бірнеше ныасанға бағытталуын айтады. Мысалы трамвай жүргізушісі өз жұмысының барысында зейінін дұрыс орналастыра білуі керек, бір уақытта жолаушыларының автомобильдердің және басқа трамвайлардың қозғалысын, сонымен қатар мотордың дыбысын және кондуктордың сигналын байқап отыруы қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |