Сөздік-логикалық ес- ойлауды есте қалдыруда және қайта жаңғыртуда аңғарылатын ес. Сөздік-логикалық естің мазмұны біздің ойымыз болып саналады. Ойлау тілсіз өмір сүрмейді, сондықтан да ес тек қана логикалық делінбей, сөздік логикалық деп аталады.
Іс әрекеттің мақсатына қарай есті ырықсыз және ырықты деп бөледі.
Ырықсыз ес дегеніміз автоматты түрде адам тарапынан ешқандай күш салмай, алдына арнайы мнемикалық міндет қоймай материалды есте қалдыру мен қайта жаңғыртуды айтады.
Материалды есте қалдыру және есте сақтау ұзақтығы бойынша қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді және жедел ес деп бөлінеді.
Достарыңызбен бөлісу: |