Орал “Мақсат” жоғарғы медициналық колледжі
Реферат
Тақырыбы: Есте сақтау және зейін.
Пәні: Психология негіздері
Орындаған: Абат Ақбаян
Тексерген: Талпакова С.А
Тобы: Мс-11
Жоспары:
1.Кіріспе
Ес, зейін туралы түсінік
2.Негізгі бөлім
Ес түрлері,үрдістері,зейін түрлері
Зейіннің неізгі қасиеттері
3. Қорытынды
Ес-дегеніміз сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының адам миында сақталып, қайтадан жаңғыртылып, танылып ұмытылуын бейнелейтін процесс. Ес жұмысының физиологиялық негізгі жүйке жүйесінде жүйке қозуларынан қалатын іздер болып табылады. Бұл іздер өзара байланысып, жүйке жүйелерінің аяқталуы іске асады.
Есті материалды есте қалдыру, есте сақтау және қайта жаңғырту қызметін атқаратын психофизиологиялық үрдіс ретінде анықтауға болады. Мысалы, кейбір адамдар өте қиын есте қалдырады, бірақ оның орнына қайта жақсы жаңғыртады және есінде қалған материалды есінде ұзақ сақтайды. Бұл адамдардың ұзақ мерзімді есі жақсы дамыған. Кейбір адамдар бар, керісінше тез есте қалдырады, бірақ оның орнына есте қалдырғанын тез ұмытады. Оларда қысқа мерзімді және жедел ес күшті дамыған болады.
Ес формалары мен түрлерін жіктеу үшін бірнеше негіздемелер бар.
Ес жалпы:
Іс-әрекетте үстемдік ететін психикалық белсенділіктің сипаты бойынша есті қозғалыс, эмоциялық, бейнелік және сөздік-логикалық ес деп бөледі.
Іс-әрекет мақсаттарының сипаты бойынша ырықсыз және ырықты ес деп бөлінеді
Материалды есте қалдыру және есте сақтаү ұзақтығы бойынша қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді және жедел ес деп бөледі
Қозғалыс ес- бүл әртүрлі қозғалыстар мен олардың жүйелерін есте қалдыру есте сақтау және қайта жаңғырту. Естің басқа түрлеріне қарағанда естің осы түрі адамда анық кездеседі. Кейбір адамдар өзінде қозғалыс есінің барлығын байқамайды. Естің бұл түрінің ерекше мәні зор, қозғалыс есі әртүрлі тәжірибелік және еңбек дағдыларын қалыптастыру үшін негіз болып табылады. Жақсы қозғалыс есінің белгілеріне адамның дене жағынан шыныққандығы еңбекке шеберлігі, “алтын қолдары” жатады.
Эмоциялық ес- бұл бастан кешкен сезімдер есі. Жағымды немесе жағымсыз сезімдер ізсіз жойылып кетпейді, ол белгілі жағдайда есте қалады және қайта жаңғыртылады.
Бейнелі ес- бұл дүниедегі заттар мен құбылыстардың бұрын қабылданылған бейнелерін есте сақтау және қайта жаңғырту. Бейнелік ес көру, есту сипау сезу, иіс, дәм сезу болып бөлінеді. Көру және есту естері дұрыс дамыған адамдардың бәрінде анық аңғарылады, ал сипай сезу, иіс және дәм естері кәсіби қызметтің әр алуан түрлерімен бвйланысты.
Достарыңызбен бөлісу: |