|
Реферат Тақырыбы: «Қазақстан Республикасында заңсыз кірістерді заңдастыруға қарсы іс-қимыл пәнінің түсінігі, мәні, тәсілдері, принциптері.»Дегенмен, бұл бағдарлама заңсыз табыстардың легализациялануына қарсы іс-қимылдардың басты бағыттарын анықтады
|
бет | 3/4 | Дата | 25.07.2022 | өлшемі | 23,6 Kb. | | #39064 | түрі | Реферат |
| Зандасиыру 1 такырыпДегенмен, бұл бағдарлама заңсыз табыстардың легализациялануына қарсы іс-қимылдардың басты бағыттарын анықтады:
ұйымдасқан қылмыстылықтың өз қылмыстық табыстарын, капиталын пайдалана отырып, саясат саласы мен мемлекеттік құрылымдарға ену үрдістеріне мониторинг жүргізу;
банктердің клиентурасы туралы есептілігінің тəртібін қатаңдату жəне осы тəртіптің бұзылғанында қылмыстық жауаптылыққа, айыппұл салуға жəне лицензиясын қайтарып алуға дейінгі əр алуан шаралар қолдану;
ұйымдасқан қылмыстылықтың легитимді қаржы институттарымен сіңісуінің үрдістеріне талдау жүргізу;
қылмыстық ақша қаражаттарын жылыстату бойынша қылмыстық іс-əрекеттердің ұлттық құқық қорғау органдары мен экономикалық құрылымдарына ықпалын зерттеу;
банктік емес қаржы ұйымдары мен мекемелерінің қызметін, сол сияқты əр алуан қайырылымдық қорларын құрушы (кассалар) коммерциялық емес құрылымдардың қызметін бақылауды күшейту;
халықаралық ұйымдардың ұсыныстарының негізінде банктік құрылымдарға арналған əмбебап халықаралық стандарттарды жəне қатаң нормативтік талаптарды сатылы түрде енгізу;
ақшаны заңдастыруға қарсы қылмыстық əрекеттердің алдын алу жəне оған қарсы күрес шараларын жүзеге асырумен айналысатын мемлекеттік органдар мен қызметтердің жұмыс істеу əдістерін жетілдіру.
Өткен ғасырдың 80-жылдарынан бастап əлем қауымдастығы қылмыстық жолмен алынған активтерді олар қайда орналасқанына қарамастан-ақ анықтап, тұтқындап, тəркілеуге мүмкіндік беретін бақылау механизмін əзірлеуге көп көңіл бөліп келеді. Осыған бола БҰҰ Есірткі жəне қылмыстылық бойынша басқармасына оған мүше-мемлекеттерге олардың қылмыстық ақша қаражаттарының жылыстатылуына қарсы күресінде жəне саясатында елеулі көмек көрсететін, оның ішінде ақшалардың легализациялануына қарсы күрес шаралары мен қаржы қызметтерін көрсетуші ұйымдарды бақылау саласындағы халықаралық танымал стандарттарды қамтитын сəйкес заңнаманың қабылдануына да ықпал ететін ешбір ақаулығы немесе кемшілігі болмайтын халықаралық механизм əзірлеу тапсырысы берілген болатын. Аталған стратегияның жүзеге асырыла бастауының бастапқы көріністері 1994 ж. 21–23 қарашасында Неаполь қаласында ұйымдастырылған Бүкілəлемдік конференцияда қабылданған Неаполь саяси декларациясы жəне Ұйымдасқан трансұлттық қылмыстылыққа қарсы іс-қимылдардың жаһандық жоспары, сол сияқты Нью-Йорк қаласында 1998 ж. 10 маусымында ұйымдастырылған Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясының 20-шы арнайы сессиясында қабылданған Саяси декларация мен Ақша қаражаттарының жылыстатылуына қарсы күрес бойынша іс-қимыл жоспары болды. Бұл құжатта Бас Ассамблея «Ақшаның жылыстатылуына қарсы күрес» деген атаумен іс-қимылдар жоспарын қабылдап, бүкілəлемдік көлемдегі криминалдық экономикаға қарсы күрестегі халықаралық қауымдастықтың іс-қимылдарын нақтылай түсті.
Біріккен Ұлттар Ұйымының Трансұлттық ұйымдасқан қылмыстылыққа қарсы Конвенциясы 2000 ж. желтоқсан айында қол қоюға ашылған болатын. Конвенция шарттары бойынша «ақшаны жылыстату» ұғымына кез келген қоғамдық қауіптілігі елеулі қылмыстардан алынған табыстар енгізілді. Сонымен бірге осы Конвенция қылмыстық табыстарды жылыстату жағдайларын анықтау, тергеу жəне кінəлілерді жауапқа тарту мақсаттарында қатысушы-мемлекеттерді өзара ынтымақтастылыққа шақырды. Осы Конвенцияға қол қойған мемлекеттер клиенттің тұлғасын идентификациялауға қатысты, күдікті мəмілелер туралы есептілікке жəне ол жайында ақпарат беруге қатысты талаптарын өздерінің ұлттық заңнамаларының шектерінде айтарлықтай қатаңдатуға тиіс болды. Сонымен қатар Конвенция қатысушылары ақпарат жинау, талдау жəне тарату бойынша қаржылық жедел ақпарат бөлімшелерін құруға тиіс.
Заңсыз табыстардың заңдастырылуына қарсы іс-қимылдың халықаралық нормативтік базасын құрайтын мағызды халықаралық нормативтік акттер қатарында мыналарды атап өтуге болады: 1988 ж. қабылданған «Есірткі заттары мен жүйкеге əсер ететін заттардың заңсыз айналымына қарсы күрес туралы» Вена Конвенциясы; 1990 ж. қабылданған «Қылмыстық əрекеттерден түскен табыстарды жылыстату, анықтау, алу жəне тəркілеу туралы» Страсбург Конвенциясы; 1990 ж. 20–23 ақпанында өткен БҰҰ Бас Ассамблеясының есірткі мəселесі жайында өткізілген 17-ші арнайы сессиясында қабылданған Саяси декларация мен Бүкілəлемдік іс-қимыл бағдарламасы; БҰҰ Бас Ассамблеясының 1990 ж. 14-желтоқсанында қабылдаған 45/123 резолюциясы; БҰҰ Ассамблеясының 1992 ж. 16-желтоқсанында қабылдаған 47/87 резолюциясы жəне т.б.
Криминалдық табыстардың жылыстатылуына қарсы күрес жүргізу мəселелеріне арналған халықаралық нормативтік актерде басым көпшілігінде осы капиталдар банктік қызмет салаларында іске асырылатындығы пайымдалады, сондықтан аталған саладағы халықаралық актерде банктік жəне қаржы-несие саласында қызмет көрсететін басқа да ұйымдар мен мекемелердің қызметтерін жете қадағалау мəселелеріне көп көңіл аударылады дерлік. Сондықтан жоғарыда аталған декларативтік Конвенциялармен қатар халықаралық құқықтың мына акттеріне де назар аудару керек: 1988 ж. Тиімді банктік қадағалаудың Базельдік негізгі қағидаттары; Вольфсбергтік қағидаттар — 2000 ж. қазан айында əлемнің он бір жетекші банктері бас қосуда қабылданған «Жеке банктік сектордағы ақша қаражаттарының жылыстатылуына қарсы іс-қимыл туралы» жалпы директивалар. Сонымен бірге қылмыстық жолмен алынған ақша қаражаттарының заңдастырылуына қарсы күрес мəселелеріне арналған əр алуан халықаралық конференцияларда қабылданған басқа да бірқатар декларативтік құжаттар бар, мысалы, 1995 ж. Буэнос-Айрес (Аргентина) қаласында ұйымдастырылған Батыс жарты шары елдерінің министрлерінің конференциясында, 2000 ж. Италияның Палермо қаласында ұйымдастырылған БҰҰ конференциясында қабылданған декларациялар.
Аталған халықаралық құқықтық құжаттарда күмəнді көздерден алынған табыстарды, мүлікті заңдастыру əрекеттерін барынша криминализациялау қажеттігі, банктік жəне коммерциялық құпиялылық туралы нормалардың қолданылу аясын барынша азайту қажеттігі, аталған қаражаттардың жылыстатылуына қатыстылығы болуы ықтимал ұйымдарды мемлекеттік бақылауды күшейту қажеттілігі, сол сияқты бұл бағыттағы толық құнды халықаралық ынтымақтастықты нығайту қажеттігі пайымдалады.
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|