Реферат тақырыбы : Компьютер және түрлері



жүктеу 27,5 Kb.
Дата15.09.2022
өлшемі27,5 Kb.
#39273
түріРеферат
Батыс Қазақстан-WPS Office


Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті
Педагогикалық факультет

РЕФЕРАТ
Тақырыбы: Компьютер және түрлері


Орындаған: ФКС-111/2 студенті Мұхсин Аманжан


Тексерген: Муратова Ж.М.
Орал 2022ж.
Компьютер дегеніміз не? Бұл – ақпарат және мәліметтермен жұмыс істейтін электронды құрылғы. Оның ақпаратты сақтап, өңдеп, алып, таратып және т.б. әрекеттер істеуге мүмкіндігі бар. Сіз компьютердің көмегімен құжаттармен, электронды поштамен жұмыс істеуге, ойын ойнауға, веб-парақшаларды ақтаруға, сонымен қатар кестелермен, презентациялармен жұмыс істеуге, видеолар көруге және т.б. көптеген істер істеуге болады.
Аппараттық жасақтама (темір) — бұл біз қолмен ұстап көре алатын компьютердің бөлігі, яғни монитор, жүйелік блок, пернетақта немесе тінтуір (mouse). Сонымен қатар компьютердің аппараттық бөлігіне барлық ішкі компоненттер кіреді, мысалы, жүйелік блоктың ішінде орналасқан жүйелік тақта.
Бағдарламалық жасақтама – бұл компьютердің аппараттық бөлігін басқаратын зат, яғни қарапайым сөзбен айтқанда бұл Microsoft Word, Excel, Windows, браузерлер, ойындар және т.б. бағдарламалар. Төмендегі суретте презентация құруға көмектесетін Microsoft PowerPoint бағдарламасын көре аласыз.
Компьютердің түрлері мен типтері
Көптеген адам компьютер сөзін естігенде дербес компьютер немесе ноутбукты елестетеді. Алайда, түрлері мен мөлшерлері әртүрлі компьютерлер болады және олар күнделікті өмірде әртүрлі функцияларды атқарады. Сіз банкоматтан ақша алғанда, супермаркетте азық-түлігіңізді бағасын анықтайтын сканерден өткізгенде немесе калькулятор қолданғаныңызда. Мұның бәрі компьютер, тек типі мен мақсаты басқа.
Үстел үстілік компьютерлер
Біз үстел үстілік компьютерлерді жұмыста, үйде, мектепте, кітапханада және т.б. жерлерде қолданамыз. Олар кішкентай, орташа, үлкен бола алады және әдетте үстел үстінде тұрады. Ол пернетақта, тінтуір, монитор және жүйелік блоктан тұрады.
Портативті компьютерлер
Компьютерлердің екінші типі – бұл ноутбуктер. Бұлардың артықшылығы, батареямен жұмыс істейтіндігінде және жинақы, оңтайлылығында, сондықтан оны кез келген жерде пайдалануға болады.
Ноутбук үстел үстілік компьютерден кішкентай болғандықтан, ішкі компоненттеріне қолжетімділік қиынға соғады. Бұл дегеніміз – сіз оған үстел үстілік компьютердегі сияқты жаңа бөлшектер қосып немесе оңай жаңарта алмайсыз.
Планшеттік компьютерлер
Планшеттік компьютерлер немесе жай ғана «планшет». Олар ноутбуктен де жинақы әрі оңтайлы. Пернетақта мен тачпадтың орнына мәтінді теру мен навигация үшін сенсорлық экран қолданылады. iPad — планшеттік компьютерге мысал бола алады.
Планшет үстел үстілік компьютер немесе ноутбуктың орнын толық баса алмайды, өйткені бағдарламаларды ашуға және құжаттармен жұмыс істеуге ноутбук немесе үстел үстілік компьютер ыңғайлы. Бірақ егер сіз жай ғана ойын ойнап, әлеуметтік желіде отырып, видео көріп, музыка тыңдауды ойласаңыз, онда планшет компьютерді толықтай алмастыра алады.
Серверлер
Сервер — бұл желідегі басқа компьютерлерді қамсыздандыратын компьютер. Көптеген фирмалар, өнеркәсіптер ақпарат сақтайтын файлық серверлерге ие. Сервер қарапайым үстел үстілік компьютер немесе одан да үлкен пішінді бола алады.Серверлердің интернетте маңызы зор. Олар өздерінде веб-парақшаларды, сайттарды, суреттер мен видеоларды сақтайды. Және олардың қауіпсіздігі мен браузерде жүктелу уақытына жауап береді.
Компьютердің басқа да типтері
Біз компьютер деп қабылдай бермейтін, негізінде мамандандырылған компьютер болып келетін көптеген құрылғылар бар. Міне, бірнеше мысал:
Ұялы телефондар: бүгінде олар бұрындары тек компьютерде ғана істеуге мүмкін болатын көптеген функцияларды ұсына алады, мысалы, ойын ойнау, фильмдер көру және т.б. Мұндай телефондарды смартфон деп атайды.
Ойын приставкалары: видео ойындарды ойнатуға арналған компьютердің мамандандырылған түрі. Олар үстел үстілік компьютерлер сияқты көпфункционалды болмаса да, олардың көбі интернетте веб-парақша ашу сияқты тапсырмаларды орындай алады.
Теледидарлар: көптеген теледидарлар бүгінде интернетке кіруге немесе фильмдерді онлайн көруге мүмкіндік беретін бағдарламалар мен қосымшалардан тұрады.
Дербес компьютерлер және Мак
Дербес компьютерлер екі түрлі болады: ДК (Дербес Компьютер) және Мак. Екеуі де толықтай функционалды, бірақ сырт келбеті әртүрлі.
ДК: Мұндай компьютер ең алғаш 1981 жылы шығарылып, IBM PC деп аталды. Кейін осыған ұқсас компьютерлерді басқа компаниялар да шығара бастады. Бүгінде бұл ДК-нің ең көп таралған типі және ода Microsoft Windows операциялық жүйесі жұмыс істейді.
Мак: Бұл компьютерлерді Apple Inc. компаниясы 1984 жылы шығара бастады. Ол қолданушының графикалық интерфейсі (GUI) бар алғашқы компьютер болып саналады. Оларда Mac OS X операциялық жүйесі пайдаланылады.
жүктеу 27,5 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау