Жаттыққандық жүйелі дене жаттығулары нәтижесінде пайда болатын және адамның дұмыс қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік туғызатын ағзаның талап етілетін жаттығу жүктемелеріне қызметттік бейімделу дәрежесімен сипатталады. Жаттыққандық барлық уақытта спортшының нақтылы мамандық түрінде қозғалыс әрекетіне бағытталған және оның ағзасының қызметтік мүмкіндіктерінің арттырылған деңгейінде, ерекше және жалпы жұмыс қабілеттілінде спорттық біліктілік және дағдыларының жетілгендік деңгейіне жетуінде көрінеді.
Спортшының жаттыққандығы, тәртіп бойынша, жалпы және арнайы болып бөлінеді. Арнайы жаттыққандық таңдаған спорт түрінде бұлшық ет қызметінің нақтылы түрін орындау барысында алынады. Жалпы жаттыққандық бәрінен бұрын спортшының органдары мен ағза жүйелерінің қызметтік мүмкіндіктерін арттыратын және оның денсаулығын нығайтатын жалпы дамыту сипатындағы жаттығулардың әсерінен қалыптасады.
Дайындалғандық- бұл дене дайындығының кешенді нәтижесі (дене сапаларының даму дәрежесі); әдістік дайындығы (қозғалыс дағдыларының жетілдірілу деңгейі); тәсілдік дайындық (тәсілдік ойлау қабілетін дамыту дәрежесі); психикалық дайындық (адамгершілік және ерік-жігер сапаларының жетілдірілу деңгейі). Дайындықтың жоғарыда атап көрсетілген дайындық түрлерінің әрқайсысына (дене, әдістік, тәсілдік және психикалық дайындалғандығы) бөлек қатынасы болуы мүмкін.
Дайындалғандықтың жақтарының әрбірі басқа жақтарының жетілу дәрежесіне тәуелді, соларымен анықталады, өз кезегінде, олардың дайындалғандық деңгейіне ықпал жасайды. Мысалы, спортшының әдістік жетілуі күш, шапшаңдық, иілгіштік, үйлесімділік қабілеттері сияқты әртүрлі қозғалыс сапаларының даму деңгейіне байланысты. Қоғалыс сапаларының көріну деңгейі, мысалы, төзімділік, күрделі жағдайдағы жарыстық тартыстың үйлесімді тәсілдік үлгісін іске асыра білуімен, шаршап, шалдығуды жеңудегі психикалық орнықтылық деңгейімен, әдістердің үнемділігімен тығыз байланысты. Сонымен бірге, тәсілдік дайындықтың тек қана ақпаратты қабылдай білу және жедел қайта өңдей білу қабілеттілігіне, тәсілдік жоспар құра білуімен және жинақталған жағдайға байланысты қозғалыс міндеттерін шешудің тиімді жолдарын табуымен, сонымен бірге әдістік шеберлігінің, дене дайындығының, батылдығының, шешімшілдігінің, мақсатқа ұмтылушылық және т.б. байланысты емес екенін атап өткен жөн.
Спорттық бап – жарыстық іс-әрекетте спорттық, әдістік, дене, тәсілдік және психикалық дайындалғандықты оның бір уақытта іске асыру қабілетін сипаттайтын дайындалғандықтың жоғарғы дәрежесі.
Спорттық жаттығу құралдары. Белсенді қозғалыс қызметін сипаттайтын спорт түрлеріндегі спорттық жаттығулардың негізгі ерекше құралдары дене жаттығулары болып табылады. Бұл жаттығулардың құралы спорттық жетілдіру сабағы ретінде таңдап алған спорттық пәннің ерекшеліктеріне қолданыста белгілі шамада мамандандырылады.
Спорттық жаттығудың құралы мына үш жаттығу топтарына бөлінуі мүмкін: таңдаған жарыстық, арнайы дайындық, жалпы дайындық.
Достарыңызбен бөлісу: |