Редакция №2 02. 09. 09. орнына Редакция №3 13. 09. 12



жүктеу 387 Kb.
бет4/5
Дата06.02.2020
өлшемі387 Kb.
#28399
1   2   3   4   5
§ 1.Әдістемеге сипаттама

Психодрама- рөлдік ойын негізіндегі топтық жұмыс әдісі болып табылады. Бұнда топ мүшелерінің ішкі жан дүниесін зерттеу әдісі ретінде драмалық импровизация қолданылады және клиентке деген маңызды проблемаларымен байланысты сезімдерін шығару үшін жағдайлар жасалады. Психодрама ойын принципіне негізделген.

Драманы коррекциялық әдіс ретінде Якоб Леви Морено (1892- 1947) соғыстан кейінгі жылдары эксперимент нәтижесінде қолдана бастады. Бұл эксреимент «аяқ астылы театр» деген атқа ие болды. Морено Вена паркінде қыдырып жүрген балалардың ойын кезіндегі фантазияларына көңіл бөлгенде, ойын әдістемелерінің терапевтикалық патенциялы жайлы алғаш ойланды.

Мореноның ойынша, психодрама әсер ету әдісі ретіндегі ойлары- өзінің театрындағы бір актердің қалыңдығы жайлы проблемаларымен бөліскеннен кейін пайда болды. Топпен жұмыс кезінде Морено сол актерды жеке проблемаларымен қоса сахнаға шығарады. Бұл эксперимент қалыңдығы мен күйеуіне де, сонымен қатар бүкіл топ мүшелеріне де пайдалы болды.

Осы сияқты топтық эксперименттерін Морено одан әрі жалғастырды. Морено өзінің әдістемелерін жасауда адмның ойнауға деген табиғи қабілеттерін негізге алды. Ситуацияларды ойнау кезінде аяқ- астылық, креативтілік, ситуацияға қатысушылардың арасындағы жалған эмоционалдық байланыс, катарсис пайда болады, ал бұл өз кезегінде шығармашылық белсенділік пен инсайтты тудырады.

Психодрамада адамға өзінің проблемаларына шоғырланған кейіпкер ролі беріледі. Осылайша, ол психолог бағыттаған импровизацияда өз сезімдерін еркін білдіре алады, ал басқа актерлер оның шын өміріндегі басты персонаждарды ойнайды.



Психодраманың мақсаты- адекватты емес жағдайлар мен эмоционалдық реакцияларды диагностикалау және коррекциялау, оларды болдырмаудың алдын алу, өзін- өзі тануды тереңдету. Қайғы- уайымдарды сөздік бейнелеуге негізделген басқа әдістемелерге қарағанда, психодрама клиентке тереңде жатқан эмоцияларын ашық және әрекетті формада шығаруға көмектеседі. Психодрама кезінде түрлі деңгейдегі психологиялық проблемаларды (күнделікті тұрмыстықтан бастап, экзистенциялдыға дейін) шешудің эффективті жолдарын іздеу жүзеге асырылады. Клиент жүргізушінің және топтың көмегімен өзінің өміріндегі маңызды жағдайларды драмалық әрекетпен көрсетеді, оның проблемасына қатысы бар көрсетілімдерде ойнайды. Іс- әрекеттер проблеманы анықтау және нақтылау үшін ықпал ететіндей құрылады. Жаңа рөлдер, альтернативті, аффективті және қылық- әрекеттік стильдер анализделеді, проблеманы шешудің конструктивті моделін іздеу және апробирлеу жүзеге асырылады. Психодраманы құрайтын әрекеттер мен дене қимыл- қозғалыстары вербалсыз қылық- әрекеттер сигналы сияқты, өзін және басқаларды танудың маңызды бастамасын қолдану мүмкіндігін арттырады.

Топтық психодрама жұмысы клиенттің өзі таңдаған тақырыбы бойынша сюжетті- рөлдік ойын формасында жүргізіледі. Психодрамадағы рөлдер туындаған проблемаларды терең түсінуге және шешуге ықпал ететіндей беріледі және орындалады. Психодрама өзінің сезімдерін вербализациялауда қиындықтары бар клиенттерге көмектесуге бағытталған. Психодрамалық ситуацияда клиент бір мезгілде өзінің драмасының басты кейіпкері де, оның шығарушысы да, өзін және өзінің өмірін зерттеуші де болып табылады.

Бұл әдіс ауытқушы мінез- құлқы бар балалар мен жеткіншектердің адекватты емес эмоционалды реакцияларын жою үшін және әлеуметтік перцепция дағдыларын өңдеу үшін қолданылады. Терапевтикалық драматизацияның әр- түрлілігі үшін А. Вольтман биодрама және қуыршақ драматизациясын қолданады. Биодраманың ерекшелігі, мұнда балалар арасында аңдар рөлі бөлінеді. Бұл әдістің авторлары балаға, әсіресе мектепке дейінгі балаларға өзінің рөлін алғаннан гөрі, жануарлардың рөлін алған жеңілге түседі деп санайды. Қуыршақ драматизациясы кезінде үлкендер балалардың алдына оның конфликтерін немесе оған деген маңызды ситуацияларды қуыршақ спектаклі арқылы көрсетеді.

Басқа да формасы болуы мүмкін, яғни топ мүшелерінің біреуі театрленген формада өзінің өмірі жайында әңгімелеп береді.

Психодраманы топтық жұмыстардың басқа әдістемелерімен (мысалы топтық дискуссия, психогимнастика) комплексті түрде қолданған тиімдірек болады.

Топтық жұмыстың құрамдас бөлігі ретінде психодрама эмоционалды бұзылулармен коррекциялық жұмыста, кейбір психосоматикалық ауруларда, балалармен және жеткіншектермен жұмыста, сонымен қатар жанұялық психокоррекция жұмысында кең түрде қолданылады.

Әңгімелеуші таңдалынған жұмыс формасына байланысты қатысушы немесе көрермен бола алады. Психодраманы жүргізудің маңызды шарты- топтағы жағымды атмосфера, әрекет- қылықтың еркіндігі және импровизация. Маңызды ситуацияларды қайтадан бастан кешіру арқылы, адам проблеманы, өзінің әсерлену жолдарын, жағдайға деген қатынасын, құндылықтарды, нақты іс- әрекеттерді жаңаша түсінеді. Ол қарым- қатынас құрудың жаңа мүмкіндіктерін аша бастайды.

Психодрамада катарсистік эффектіге басты назар аударылады. Ол ішкі конфликтердің әсерінен пайда болады және психодрамалық әрекет кезінде сыртқа шығады.

Психодраманың элементтері басқа бағыттарда да кең қолданылады: гештальттерапияда, қылық- әрекеттік терапияда, әлеуметтік- психологиялық тренингте, іскерлік ойындарда, т. б.

Психодраманың негізгі міндеттері:


  1. Клиенттің өз проблемалары мен конфликтерін шығармашылық тұрғыдан қайта түсіну.

  2. Клиенттің өзін- өзі түсінудің терең және адекваттылығына қол жеткізу.

  3. Конструктивті емес қылық- әрекеттік стереотиптерді және эмоционалды әсерлену тәсілдерін жеңу.

  4. Эмоционалды реакция жасаудың жаңа тәсілдері мен жаңа адекватты әрекет- қылықты қалыптастыру.

Рөлдерді психодрамалық ойнау клиент әрекет- қылығын, оның қатынасын, бағдарын,эмоционалды әсерлену жолдарын өзгертеді. Бағдарлардың өзгеруіне жағымды әсер ететін факторлар: клиентке психодрамаға қатысуды және рөлдерді таңдауға мүмкіндік беру, клиентті орындаушылық әрекетке итермелеу, ойынға өзіндік импровизация кіргізуге мүмкіндіктер тудыру.

Психодрама клиенттегі қорғаныс позициясын жеңуге ықпал етеді, эмоционалды қызығушылықты жоғарылатады, өзінің проблемаларын түсінуге, катарсис пен инсайтқа жетуге көмектеседі.

Психодраманың классикалық процедурасы негізгі 5 элементті қамтиды:


  1. Протагонист

  2. Режиссер (фасилитатор)

  3. Көмекші «Мен»

  4. Көрермендер

  5. Сахна

Протагонист- алғашқы ойыншы (гр. «protos»- алғашқы, бірінші және «agon»- күрес, ойын), психодрамалық сахнада өзінің проблемаларын көрсететін басты кейіпкер. Протагонист өз өмірінің образын тудырады. Ол басты персонаж болып табылады және топтың назары оған аударылған. Режиссердің, аудиторияның және арнаулы қойылым тәсілдерінің көмегімен протагонист өзінің актуалды психологиялық шындығын көрсетеді. Ол өз алдына инсайтқа жетуге және реалды өмірін функциялау қабілеттілігін жақсартуға арналған.

Режиссер- клиентке өз проблемаларын зерттеуге көмектесетін адам. Ереже бойынша ол психолог болып табылады. Оның қызметі психодрамалық әрекетті, кеңістікті ұйымдастыру, сенімділік атмосферасын тудыру, қатысушыларды аяқ- астылыққа стимулдау, рөлдік ойынға топты және кеңістікті дайындау, проблемаларды ашу, клиенттің қайғыларын шығару, көмекші персонаждарды кіргізу, болып жатқан жағдайды талқылау, анализдеу және интерпретациялауды ұйымдастыру болып табылады. Режиссер топта белгілі бір атмосфераны тудырады, рөлдерді бөледі, сонымен қатар топ мүшелеріне өздерінің ойлары мен сезімдерін драмалық әрекет тіліне аударуға мүмкіндік береді. Жақсы режиссерден икемділік, психодрамаға бүкіл топтың қатысуына қызықтыру қабілеті сияқты қасиеттер талап етіледі.

Психодрамада режиссер аналитик, терапевтің функцияларын атқарады.

Қойылымшы рөліндегі режиссер топтағы жұмысты ұйымдастырады. Қойылымшы психодрама актерінің психологиялық күй- жағдайының барлық вербалды және вербалсыз көріністеріне өте сезімтал болуы керек. Жақсы қойылымшының басты қасиеттері: жұмысқа деген шығармашылық көзқарастары, икемділігі, психодрамалық әрекетке топ мүшелерінің барлығының көңілін аудара білу қабілеті болып табылады.

Аналитик рөліндегі режиссер психодрамаға қатысушылардың барлығының әрекетін талқылайды, мінез- құлқын, ойларын және сезімдерін интерпретациялайды. Аналитик рөліндегі топ басшысы көрсетілім кезіндегі әр топ мүшесінің әрекет- қылығын интерпретациялайды және талқылайды. Сонымен қатар ол жеке эпизодтарға қатысушылардың жалпы реакцияларын белгілеп, анализдейді.

Терапевт рөліндегі психодрамалық әрекеттің басшысы керекті психокоррекциялық бағытқа бағыттайды. Терапевт рөліндегі психодраманың режиссері қатысушыларға қалаусыз әрекет- қылық формасын өзгертуге көмектесуге тырысады. Қатысушыларға спектакльді өздігімен жүргізуге мүмкіндік бере отырып, терапевт өзіне креслода отыруына рұқсат ете алады немесе топ мүшелерін әрекетке итермелей, жоғарғы деңгейде белсенді бола алады.

Көмекші «Мен»- көмекші рөлдерді орындайтын және психолог функциясын күшейтетін клиенттер болып табылады. Көмекші «мендер» протагонистке маңызды адамдарды немесе оның өзіндік «менінің» бөліктерін бейнелей алады.

Көмекші «меннің» негізгі функциялары: протагонисттің ойлаған ойларын жүзеге асыруға қажетті рөлдерді ойнау; басқа персонаждармен қарым- қатынасты протагонистің қалай қабылдайтынын түсінуге көмектесу; протагонисті проблемалар мен конфликтерді шешуге бағыттау; протагонистке драмалық әрекеттен реалды өмірге ауысуға көмектесу.

Көмекші «мендер» психодрамада келесі міндеттерді шешеді:


  • Протагонистке қатысы бар реалды немесе ойлап табылған тұлғаларды бейнелеу;

  • Психодраманы жүргізуші мен протагонистің арасында делдал болып табылады және ол протагонист пен оның ойнына да, сонымен қатар психодраманың жүргізушісі мен оның ұсыныстарына да зейінін тұрақтатуы тиіс;

  • Әлеуметтік- терапевтикалық функцияны атқарады. Протагонистке өзінің адамаралық қатынастарын бейнелеуге және зерттеуге, сонымен қатар өзінің өмірлік серіктерімен диалог жүргізуге көмектеседі.

Көмекші «мен» протагонистің өмірінде ерекше орын алған адамдарды бейнелейді. Психодрамада бұл персонаждарды топ мүшелері бейнелейді. Бұл билігі бар ана рөлі, қатал әке, әділетсіз басшы, қайырымды дос және т.б. рөлдері болуы мүмкін. Көмекші «мен» рөліндегі жақсы орындаушы осы рөлге тез кіре алуы және нақты орындауы керек. Ол рөлді реалды жағдайдағыдай емес, протагонист көрсеткендей немесе интуициясына қарай ойнауы керек.

Кейбір топтарда арнайы дайындықтан өткен және кез- келген образға оңай кіре алатын кәсіби көмекші «мендер» алынады.

Сонымен, көмекші «мендер»- жоқ адамдарды клиенттің ішкі дүниесіндегідей етіп бейнелейтін топ мүшесі болып табылады. Әдетте клиент- протагонист көмекші «менді» өзі таңдайды. Олар не басқа клиенттер немесе режиссер, немесе көрермендер болуы мүмкін.

Көрермендер ретінде психодрамалық әрекетке тікелей қатысы жоқ, бірақ соңынан ситуацияны талқылайтын топ мүшелері болып табылады. Жаттығудың қорытынды этапында олар болған жағдайға эмоционалды қатынасын демонстрациялайды, психодрамаға айналған, оларды алаңдататын проблемалары мен конфликтерін әңгімелейді.

Көрермендердің міндеті бір жағынан протагонистке көмектесу болса, екінші жағынан- өз- өздеріне көмектесу, яғни сахнада болған нәрсеге уайымдау кезінде өзіне қатысты конфликтері мен мотивтерде инсайтқа жетеді.



Сахна- бұл іс- әрекет жүзеге асатын кеңістіктегі орын. Психодраманы көбінесе арнайы ұйымдастырылған театрларда немесе ойынға ыңғайландырылған кабинеттерде жүргізеді.

Психодрамалық сахнаның классикалық формасы Нью- Йорк штаты, Бекондағы Моренолық терапевтік театрдағы сахна болып табылады. Оның үш ярусты конструкциясы бар және жартылай шеңберлі балконы бар.

Бірінші яруста протагонист пен психодрама жүргізушісі топтан тыс жағдайда болады, психодраманың кеңістігіне түседі. Екінші яруста олар бірінің артыда бірі отырады және бұнда кіріспе әңгіме жүзеге асады. Үшінші яруста сахнада ойналған жағдай эмоционалды уайымдалуы мүмкін. Психодрамалық әрекеттің өзі үшінші яруста, диаметрі 4 метр болатын дөңгелек платформада өтеді.

Балкон түрлі кеңістіктік тәжірибелерді, мысалы, ұшу немесе құлау, көтерілу немесе түсу және т.б. нақтылау үшін қолданылады.

Егер бұндай сахна болмаған жағдайда, оның орнына кез- келген топ шеңберіндегі кеңістік қолданылуы мүмкін. Ол кең болуы керек, яғни протагонист және антагонистке психодрамалық әрекетке ыңғайлы болуы керек. Ал бөлменің өзі дұрыс пропорцияға ие болуы керек.

Өте тар бөлмелер қатысушылардың қозғалыс еріктерін шектейді, өте кең- топтық сезімге кері әсер етеді.



§ 2. Психодраманың формалары мен түрлері

Психодраманың келесі формаларын бөліп қарастырамыз:



  1. Проттагонистте орталықтандырылған психодрама;

  2. Тақырыпта орталықтандырылған психодрама;

  3. Топқа бағытталған психодрама;

  4. Топта орталықтандырылған психодрама.

Протагонистте орталықтандырылған психодрамада басты орындаушыға зейін қойылады. Ол жүргізуші мен серіктерінің көмегімен өз өмірінің реалды немесе ойлап табылған жағдайларды бейнелейді. Психодрамалық жағдайларды ойнаудың нәтижесінде санада жасырылған көптеген жағдайлар уайымдау және түйсіну деңгейіне жетеді.

Тақырыпта орталықтандырылған психодрама

Егер топ жұмысында белсенді топтық конфликт немесе мотивтелген протагонист жоқ болса (жаңа топтарда болатындай), онда барлық топ мүшелерін ойландыратын тақырып табылады. Мысалы, топ мүшелерінің біреуі таныс емес адамдардың ортасында қапаланатыны туралы әңгіме бастайды. Басқа біреуі оны түсінетіндігін білдіреді де, өзіндегі кез- келген себептен туындайтын бұндай сезім жайлы айтады. Үшінші біреуі бұндай жағдайда қорқыныш сезімі туатынын айтады.

Осылайша, топ әңгімесінің ортақ тақырыбы қорқыныш болып табылады. Топ мүшелері жағдайды қысқаша бейнелейді. Қысқаша эпизодтар импровизациялық негізде ойналады.

Топқа бағытталған психодрма

Топқа бағытталған психодрма көбінесе протагонистке орталықтандырылған психодрама түрінде жүзеге асырылады. Топқа бағытталған психодраманың ерекшелігі, барлық топты толғандыратын проблемамен жұмыс болып табылады. Бұндай проблемалар жұбайылық топтарда- сенімсіздік, алкоголиктер тобында- үйге бар немесе рестораннан кеш келуі, жеткіншектер тобында – түзету колонияларындағы уақытын өтеуі, ата- аналар тобыннда- өсіп келе жатқан балаларымен проблемалары болуы мүмкін.

Топ мүшелерінің барлығы дерлік идентификацияға мүмкіндік алады. Протагонистке орталықтандырылған психодрамадағыдай, топқа бағытталған психодрама да қандай да бір күй- жағдайдың этиологиясын ашуға мақсатталуы мүмкін. Бірақ ең алдымен ол топ мүшелерінің барлығының проблематиканы жаңаша, тереңірек түсінуіне бағытталған.

Топта орталықтандырылған психодрама

Топта орталықтандырылған психодрама- топ қатысушыларының бір- бірімен эмоционалды қатынастарымен және «осында және қазір» туындайтын проблемаларымен айналысады. Психодраманың бұл формасы рөлдік дефицит синдромында, делинквентті қылық- әрекетте, түрлі фобияларда, рөлдік конфликтер кезінде, креативтілікті жоғарылатуда қолданылады.

Психодрамадағы топ көлемі 6- 9 адамнан тұрады. Егер топ 6 адамнан аз болса, онда көрермендер өте аз болады. Егер топ өте ауқымды болса- тіпті тәжірибелі режиссер болса да протагонистің сұраныстарымен басқара алмайды, жеке топ мүшелерінің реакцияларын ескере алмайды, топтың динамикасын қадағалай алмайды. Мақсатқа бағытталған психодрамада топтың құрамы маңызды рөл атқарады.



Топтағы психодрама гетерогенді топ құрамын талап етеді. Топтың қатысушылары (жынысы, тұлғалық структурасы, қабілеттілігі, тәжірибелері әр- түрлі) гомогенді топтарға қарағанда күтпеген жағдайларды толығырақ бейнелеуге қабілетті.

Топқа арналған психодрама көбінесе құрамы жағынан гомогенді топтарда жүргізіледі (мысалы, жұбайлар тобы, ата- аналар, жеткіншектер, алкоголиктер және т.б.).

Драмалық топ немесе жабық, не ашық болуы мүмкін. Жабық топтарда күшті топтық біртұтастық тезірек пайда болады. Ашық топ табиғи психодрамалық қойылым ретінде қарастырылады. Оның мақсаты- шын өмірде топ қатысушыларының өз беттілік, тәуелсіздікке тезірек ие болу.



Психодрама ұзақтығы. Әдетте кездесу ретінде сеанс 50 минутқа созыллады. Шындығында кездесулер қысқа немесе ұзағырақ болуы мүмкін және сеанстың созылуы клиент проблемасының қиындығына, оның реакциясына байланысты. Сеанстың мөлшер шектері- 15- 20 минуттан 4 сағатқа дейін.

Психодраманың негізгі компоненттері: рөлдік ойын, аяқ- астылық, «теле», катарсис, инсайт.

Рөлдік ойын- импровизирленген көрсетілімдерге қатысу. Психодрама топ қатысушыларының рөлді ойнау кезінде өзінің тұлғалық проблемаларымен жұмыс істеуіне жағдай жасайды. Д. Морено былй деген: психодрамада рөлді орындаушы мен актердің арасында үлкен айырмашылық бар: актер, автор жазған сценарийді орындайды, ол тапсырыс бойынша өзгеру қабілетіне ие болуы керек. Психодрамада «жалған фасад» тудыра алуы кедергі болуы мүмкін.

Аяқ- астылық- сыртқы әсерлерге реттелмейтін әрекет- қылық пен сезім, сондықтан психодрамада алдын- ала жазылған сценарийлер мен рөлдер болмайды. Д. Морено психодрамадағы аяқ- асты әрекет- қылықты әлеуметтік рөлдердің өспелі ригидтілігіне қарсы дәрі деп қарастырған. Д. Морено түсінігінде аяқ- астылық- шығармашылықты босатуға арналған кілт: «Шығармашылықты ұйқыдағы ару сияқты ояту керек. Бұған ең қолайлы құрал- аяқ- астылық»- деп жазды.

Аяқ- астылық екі маңызды параметрді шамалайды: жауаптың адекваттылығы, жаңашылдық.

Психодрамалық әрекеттің өткені мен болашағы болмайды- тек қана осы шағы бар, барлық болған жағдайлар реалды әрекетте ғана уайымдалады.

Егер «тасымал» ұғымы З. Фрейд бойынша эмоцияны пайиенттен психотерапевтке тапсырудың бір жақты процесін білдірсе, ал «контртасымал»- психотерапевтен пациентке, онда «теле» Д. Морено бойынша клиент пен режиссер және топ мүшелерінің арасында эмоция тапсырудың екі жақты процессі. «Теле» психодрамалық жағдайда туындайтын жағымды (жағымды «теле»)да және жағымсыз (жағымсыз «теле») эмоцияларды қамти алады.

«Телені» қолданудың нәтижесі басқа адамдарды шын мәнінде қалай екенін көрмеу, ал бізге қатынасын қалай білдіретінін мойындау болып табылады.

Психодрама топта лабораториялық жағдай тудырады, яғни қатысушылардың біреуі басқаларды қабылдауы анализделеді.

«Теле» ұғымы социодрамада тиімдірек- психодраманың ерекше түрі, оған топтық ортақ тақырып тән.

Социодраманың қатысушылары әрбіреуінің жеке проблемаларын зерттеудің орнына, барлық қатысушыларға әсер ететін фактормен айналысады. Топ мүшелері рөлдік ойындарды өздерінің әлеуметтік- мәдени қажеттіліктерге қатынасын, яғни ата- ана мен балалар арасындағы қатынас, тұрғындар мен чиновниктер арасындағы конфликтер, расизм және т.б. зерттеу үшін қолданады.



Катарсис- сезімдік әсерлену мен ішкі тазару деген мағына береді. Д. Морено бұл ұғымды біршама кеңейтті, яғни катарсис әрекетін тек көрермендерге ғана емес, актерларға дейін өрістетті. Ол былай деді, психодраманың емдік эффектісі көрермендерге қатысты ғана емес (екінші катарсис), актерге қатысы да бар.

Инсайт- проблеманың шешілуі мен жаңаша түсінуіне әкелетін таным түрі болып табылады. Инсайт- психодрама қатысушысының перцептивті алаңының құрылымының өзгеруі. Инсайт тек қана катарсис кезінде ғана емес, ойналған психодраманы талқылау кезінде де пайда болады, себебі онымен байланысты уайымдар басылады.

Психодраманың мақсаты катарсис пен инсайттың максималды шығуына мүмкіндік болатын топтық климатты тудыру болып табылады.

Психодраманың негізгі фазалары:


  1. Қызу және жаттығу

  2. Өзіндік драмалық әрекет

  3. Талқылау

1 фаза кезінде протагонистің қорытындысы, дискуссия үшін материал алу, проблеманы қайта талқылау, протагонист және басқа қатысушылардың дайындығы психодрамалық әрекетке кеңістік ұйымдастыру жүзеге асады.

1-ші фаза 3 стадиядан тұрады:

1. Қатысушылардың қозғалыс белсенділігін біртіндеп азат ету.

2. Аяқ- астылы қылық- әрекеттік реакция стимуляциясы.

3. Нақтылы проблемаларда топ мүшелерінің фокусировкасы.

Бағытталған және бағытталмаған қызу түрлерін бөлеміз.



Бағытталған қызу протагонист рөлдік ойындарға дайын болмай сеансқа кіріскен жағдайда қолданылады. Вербалды және вербалсыз тәсілдері бар.

Бағытталмаған қызу фокусирленген және спецификалық болуы мүмкін. Бұндай жағдайда протагонист белгілі тақырыппен жұмысқа дайын болып сеансқа кіріседі.

Жаттығулар кезінде психодрамадағы белгілі рөлдерді ары қарай орындауды жеңілдету үшін, топ мүшелері қарапайым жаттығулар тізбегін орындайды. Жаттығу кезінде қатысушылар психологиялық және физикалық босайды, артық уайымдаулары мен қысымдылықты шығарады, рөлдік ойындарға ыңғайланады. Жаттығу сөз түрінде және дене жаттығулары түрінде болуы мүмкін. Оның міндеттері: қатысушыларды аяқ- астылыққа стимулдау, қорқынышты әлсірту, қажетті эмоционалды атмосфера орнату.

Бұл міндеттерді шешу үшін түрлі көмекші әдістер қолданылады: дискуссиялар, тірі скульптуралар, импровизация, ертегілерді ойнау және т.б.

Жаттығулар вербалды және вербалсыз болуы мүмкін.

Вербалсыз жаттығулар қатысушыларға өздерінің сезімдері мен проблемалары жайлы ашық әңгімеге қарсылықтарын жеңуге жанама түрде көмектеседі. Дене әрекеттері қатысушылардың активизациясы мақсатында қолданылады.

Психодраманың 2- ші фазасы реалды проблемалық өмірлік жағдайдағы рөлдерде ойналатын психодрамалық әрекетті білдіреді.

Көбінесе проблеманың авторы өзін- өзі ойнайды. Психодрамалық әрекетте клиент катарсисқа жетуі мүмкін және өзінің шынайы сезімдерін түсінуі мүмкін. Бұл процесстерді жеңілдету үшін әдістер тізбегі қолданылады: «айна», «егіздер», «монолог», «диалог», «болашақты құру» және т.б.



3- ші фаза- талқылау немесе интерпретация- қорытынды болып табылады. Әрекет біткен кезде протагонист және қалған топ мүшелері анализге кіріседі. Әдетте ол психодрамалық әрекетке тікелей қатысы жоқ клиент сөздерінен басталады: рөлдік жағдайларды ойнау кезінде туындаған өзінің әсерлері, уайымдары, ассоциациялары, ойлары. Содан кейін протагонистке сөз беріледі және талқылауды психолог аяқтайды. Эмоционалды реакцияларды талқылағаннан кейін топ мүшелері психодрамалық әрекетті нақтырақ талқылауға көшеді.

Талқылау фазасы екі бөліктен тұрады: рөлдік кері байланыс, идентификациялық кері байланыс.



Рөлдік кері байланыста серіктер оларға бөлінген рөлдерді орындау кезінде пайда болған сезімдерді кезекпен протагонистке суреттейді.

Идентификациялық кері байланыста көрермендер мен психодрама жүргізушісі қатысады. Идентификация топ қатысушылары жайлы маңызды ақпарат болып табылады.

Бұл сатыда келесі міндеттер шешіледі:

  • де- ролинг- протагонистің әрекет кезінде ойнаған рөлінен шығуы. Қысқа дискуссия формасында жүргізіледі;

  • эмоционалды стабильдік- рөлден шығу процесінің бөлігі ретінде әрекеттің соңындағы эмоционалды стабильдікті қалпына келтіру болып қарастырылады;

  • комфортты жағдай- бұл сезімге кімде- кім сенің қиындықтарыңды бөлісуге тырысу деген түсінікті білдіреді;

  • өзін түсіну қабілеті- клиентте өзін түсіну, өзінің әрекет- қылығын, қоршаған ортаға өзінің ықпалын түсіну қабілетін жоғарылату. Әдетте бұл интерпретация кезінде жүреді.

Талқылау стадиясының негізгі ережесі әрекеттің жоқтығы болып табылады. Сөздік әдістер, яғни сезімдерімен алмасу, талқылау және анализ қоланылады.

§ 3. Психодраманың әдістемелері

Психодраманы жүргізу кезінде келесі әдістемелер қолданылады:



  1. Өз- өзін көрсету (самопрезентаця)

  2. Монолог

  3. Дублирлеу

  4. Рөлдермен ауысу

  5. «Бос» орындық және «биік» орындық

  6. «Айна»

  7. Мүмкін болатын болашақ өмірлік ситуацияларды ойнау

  8. «Артыңда»

  9. Идеалды басқа адам

  10. Сиқырлы магазин

жүктеу 387 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау