Қрдсм «Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы» шжқ рмк



жүктеу 2,23 Mb.
бет2/5
Дата18.12.2017
өлшемі2,23 Mb.
#4515
1   2   3   4   5

Иллюстрациялық материалдар: 10 дана слайдтар




  1. Әдебиет




  1. Бақылау сұрақтары: (Кері байланыс)

  1. Дәріханалық ұйымдардың ұйымдастырылу-құқықтық түрлері?

  2. Лицензиялау – фармацевтикалық қызметті мемлекеттік реттеу әдісі ремінде?

  3. фармацевтикалық жүйенің бөлшек сауда арқылы сату жүйесі?

  4. Дәрілік заттарды бөлшектеп сату, босату тәртібі?

  5. Дәріханалық ұйымдардың номенклатурасы, сипаттамалары?

  6. Дәрілік заттарды бөлшектеп сатуды жүзеге асырудың негізгі принциптері?



  1. Тақырыбы №4. Дәріханалық ұйымдардың жұмысын ұйымдастырудың жалпы принциптері.




  1. Мақсаты: студенттерді дәріханалық ұйымдардың квалификациялық талаптармен таныстыру.




  1. Дәріс тезистері:

Дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды және медициналық техникаларды бөлшек сауда арқылы босату дәрілік заттар айналысы саласы субъектілері дәріханалары, дәріханалық пункттері, жылжымалы дәріханалық пункттері, оптикалық және медициналық техникалар дүкендері тауарларды бөлшек саудамен босату құқығы беретін лицензиялары негізінде жүзеге асырады.

Дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды, басқа да фармацевтикалық тауарларды бөлшек сауда арқылы босату құзырлы орган анықтаған тәртіптерге сәйкес жүргізіледі.

Дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды және медициналық техникаларды бөлшек сауда арқылы босатуға келесі жағдайларда тиым салынады:


  • Қазақстан Республикасында тиісті түрдегі өндірістік тәжірибе жағдайындағы өндірілген дәрілік субстанциялардан басқа мемлекеттік тіркеуден өтпеген дәрілік заттарды;

  • Қазақстан Республикасы Заңнамаларына сәйкес сапасы сертификаттермен расталмаған дәрілік заттарды;

  • Қазақстан Республикасы Заңнамаларына талаптарына сәйкес келмейтін дәрілік заттарды;

  • жарамды мерзімдері өтіп кеткен дәрілік заттарды;

  • аудан орталықтарынан шалғай орналасқан дәріхана жоқ еләді мекендердегі бірінші медициналық-санитарлық көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарынан басқа медициналық қызметкерлермен дәрілік заттардың бөлшек сауда арқылы босатылуына;

  • дәрілік заттарды, басқа да фармацевтикалық тауарларды уақытша сақтайтын дәріханалық қоймалар арқылы тауарларды бөлшек сауда арқылы босатуға.

Дәрілердің рецептері арқылы босатылатын дәрілік заттарды рецептсіз босатуға тиым салынады.

Дәрілік заттарды рецептуралық және рецептурасыз босату түрлеріне жатқызу тәртібін құзырлы орган анықтап бекітеді.

Дәрілік заттардың дәрігерлердің рецептері бойынша босатылуын дәріханалар және дәріханалық пункттер жүзеге асырады.

Дәрігердің рецептінсіз босатылатын дәрілік заттардың тізімі ҚР ДСМ Фармация, фармацевтикалық және медицина өнеркәсібі комитетінің 2002 жылғы 27 тамыздағы №110 бұйрығымен бекітілген.

Дәріханалық ұйымдар тұрғындарға дәрілік заттарды қабылдауға дайын күйінде босатулары керек.

Дәріханалық ұйымдарға тұрғындарға көрсетілетін дәрі-дәрмектік көмектің сапасын қамтамасыз ету мақсатында дәрілік заттардың, медициналық бұйымдардың, басқа да фармацевтикалық тауарлардың минималды ассортиметін үнемі сақтау міндеттелінеді. Дәрі-дәрмектердің дәріханалық ұйымдардағы болуы керек минималды ассортименттерінің тізімі ҚР ДСМ бұйрығымен анықталып бекітіледі.


Дәріхананың негізгі міндеті – тұрғындарды және дәрі-дәрмектермен қамтуға бекітілген емдеу-профилактикалық, басқа да мекемелерді дәрілік заттармен, медициналық бұйымдармен, фармацевтикалық және парафармацевтикалық тауарлармен уақытында, сапалы түрде үзіліссіз қамтамасыз ету.

Тұрғындарды қамту дәріханалары келесі қызметтерді атқарады:



  • логистикалық (дәрі-дәрмектік тауарларын қорын қабылдау, сақтау және басқару);

  • өндірістік (дәріханаға келген рецептерді қабылдау, рецептер мен ЕПМ сұрау-талап қағаздары бойынша дәрілік формаларды дайындау, дайындалған дәрілердің сапасын бақылау, дайындалған дәрілік формаларды безендіру және босату);

  • ақпараттық (тұрғындарды және ЕПМ дәрігерлерін, басқа да медициналық қызметкерлерін дәрілік заттар туралы ақпараттармен қамтамасыз ету);

  • маркетингтік (дәрілік заттардың сұранысын, ұсынысын және ассортименттік, баға саясаттарын қалыптастыру);

  • әлеуметтік (дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды ақысыз және жеңілдетілген бағамен босату);

  • медициналық (қажеттілігіне қарай алғашқы дәрігерге дейінгі медициналық көмектерді көрсету, тұрғындар арасында санитарлық-ағарту жұмыстарын жүргізу);

Дәріханалар фармацевтикалық қызметтерінің түрлері мен жұмыс 2005 жылғы 26 қаңтардағы №65 Қаулысымен бекітілген «Дәріханалардың, дәріханалық қоймалардың құрылымын және категорияларын анықтау Ережесіне» сәйкес үш категорияларға бөлінеді.

1 категориялы дәріханаларға келесі дәріханалар жатқызылады:



  • негізгі (өмірлік маңызды) дәрілік заттардың толық тізіміне кіретін дәрілік заттарды, есірткілік әсері бар және психотроптық заттарды, прекурсорларды қабылдауды, сақтауды және босатуды жүзеге асыратын дәріханалар;

  • медициналық бұйымдарды және көзілдіріктік оптиканы қабылдауды, сақтауды, босатуды жүзеге асыратын дәріханалар;

  • дәріханалық жағдайда дәрілік формаларды, оның ішінде асептикалық және стерилдік дәрілерді жасауды жүзеге асыратын дәріханалар.

ІІ категориялы дәріханаларға келесі дәріханалар жатады:

  • негізгі (өмірлік маңызды) дәрілік заттардың толық тізімінің 70%-ен аз емес және есірткілік әсері бар және психотроптық заттарды, прекурсорларды қабылдауды, сақтауды, босатуды жүзеге асыратын дәріханалар;

  • медициналық бұйымдарды және көзілдіріктік оптиканы қабылдауды, сақтауды, босатуды жүзеге асыратын дәріханалар.

І және ІІ категориялы дәріханалар өздерінің фармацевтикалық қызметтерін атқаруда келесі бөлімдерін ұйымдастырады:

І категориялы дәріханаларда:



  • дәрілік заттардың қоры бөлімі;

  • рецептуралық – өндіріс бөлімі;

  • дайын дәрілік заттарды босату бөлімі;

  • дәрігерлердің рецептінсіз дәрілік заттарды босату бөлімі;

  • көзілдіріктік оптика бөлімі;

ІІ категориялы дәріханаларда:

  • дәрілік заттардың қоры бөлімі;

  • дайын дәрілік заттарды, оның ішінде дәрігердің рецептерінсіз дайын дәрілік заттарды босату бөлімі;

  • көзілдіріктік оптика бөлімі.

ІІІ категориялы дәріханаларға фармацевтикалық қызмет лицензиялауға қойылатын квалификациялық талаптарға сәйкес келетін қалған барлық дәріханалар жатады.

ІІ және ІІІ категориялардағы дәріханлар жүзеге асыртын фармацевтикалық қызметтерінің түрі мен көлемі бойынша жоғарырақ категорияға сәйкес келген жағдайда, олар денсаулық сақтау саласының аккредитациялау құзырлы органына категорияларын жоғарылату туралы өтініш – тапсырыстарын бере алады.

І және ІІ категориялы дәріханалардың бөлімдері бөлмелерінің құрамы төменгі кестеде көрсетілген.


  1. Иллюстрациялық материалдар: 10 дана слайд




  1. Әдебиет:




  1. Бақылау сұрақтары: (Кері байланыс)

  1. Дәріханалық ұйымдардың түрлері, құрылымы?

  2. Тұрғындарды қамтамасыз ететін дәріханалардың негізгі міндеттері мен қызметтері?

  3. Дәріханаға қойылатын квалификациялық талаптар?

  4. Дәріханалардың құрылымын және категорияларын анықтау тәртібі?

  5. Майда бөлшек сауда жүйелерінің жұмысын ұйымдастыру?



  1. Тақырыбы №5: Тауарларды қабылдау, босату және сақтау жұмысын ұйымдастыру




  1. Мақсаты: студенттерді тауарларды қабылдау, босату және сақтау жұмысын ұйымдастырумен таныстыру.




  1. Дәріс тезистері:

Тауарлардың сақталуы дайын өнімнің шығарылуынан бастап тұтынуға дейінгі тауарлар қозғалысының барлық сатыларын қамтиды.

Тауарлардың сақталуы-қоймалық сақтау бөлмелерде тауарларды орналастыру және олардың сапасын қамтамасыз ету мақсатында күту процестерін қамтиды.

Тауарларды сақтаудың мақсаты - тауарлардың бастапқы қасиеттерінің тұрақтылығын қамтамасыз ету болып табылады.

Дәріханалық ұйымдарда дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды, басқа да фармацевтикалық тауарларды сақтауды ұйымдастырудың негізгі жағдайларына: тауарларды сақтау үшін сәйкесті бөлмелердің болуы, тауарларды сақтауға керекті режимдердің қалыптастырылуы, тауарлардың сақталу талаптарына сәйкес дұрыс орналастырылуы жатады.

Тауарлардың сақтау жағдайын анықтайтын маңызды факторларға дәрі-дәрмектердің, басқа да фармацевтикалық тауарлардың сақталатын бөлмелердің қойылатын талаптарға сәйкес болуы, керекті жабдықтармен жабдыкталуы және сақтау орындарында дұрыс орналасуы жатады.

Дәрі-дәрмектерді дәріханалық қойма бөлмелерінде сақтауды ұйымдастыру барысында тауарларды сақтаудың негізгі принциптері мен өдістерін қолдану қарастырылады.

Тауарларды сақтаудың негізгі принцнптеріне тауарларды тусіру-тиеу жұмыстарының механикаландырылуын қамтамасыз ету, сақталу жағдайлары бірдей тауарлардың бір-бірімен қатар сақталу тәртібін сақтау және қоймалық бөлмелердің тиімді пайдаланылуы жатады. Тауарларды сақтаудың аталған принциптері негізінде тауарлар сақталатын бөлмелердің орналасуына, пайдаланылуына, жабдықтарлуына қойылған талаптар анықталады.

Тауарлар сақталатын стеллаждар қойма бөлмелерінің сыртқы қабырғаларынан 0,6-0,7 м қашықтықта, бөлме төбесінен 0,5 м аласа және еденнен 0,25 м биіктікте орналасуы керек. Стеллаждардың арасында 0,75м өту жолдары қалдырылып, жарықпен қамтамасыз етіледі. Тауарлар сақталатын бөлмелер тазалықта ұсталып, үнемі жуылып-шайылып тұрады.

Тауарларды сактаудың негізгі әдістері тауарларды тасмалдау ыдыстарымен және тасымалдау ыдыстарынсыз сақтау болып екіге бөлінеді.

Тауарлар тасымалдану ыдыстарынсыз сақталу кезінде вертикалды орналастырылған стеллаждардың полкаларына қаланып, этикеткілері мен маркировкалары сыртқа қаралып қойылады. Дәрілік заттардың, басқа да фармацевтикалық тауарлардың жанына олардың атаулары, сериялары, саны және жарамды мерзімдері көрсетілген стеллаждық карта ілінеді. Стеллаждық карта түскен тауарлардың әр сериясының уақытылы босатылуына бақылау жасау мақсатында жазылып отырады.

Тауарлардың негізгі сақталу бөлімдерінде дәрі-дәрмектердің, медициналық бұйымдардың, басқа да фармацевтикалық тауарлардың сақталу мерзімдерін бақылап, қадағалау үшін арнайы картотека жүргізіледі.

Дәрі-дәрмектерді, басқа да фармацевтикалық тауарларды сақтауда тауарларды сақтаудың негізгі принциптерінен басқа дәрі-дәрмектердің тауарлық ерекшіліктеріне тән бірнеше принциптер қолданылады. Дәрілік заттардың, басқа да фармацевтикалық тауарлардың топтарын сақтауды ұйымдастыруда қолданылатын ерекше принциптерге токсикологиялық және фармакологиялық топтары бойынша, қабылдау тәсілі бойынша, ангролық дәрілік заттардың агрегаттық түрлері бойынша, сақталу мерзімдері бойынша, дәрілік заттардың дәрілік формалары бойынша және сыртқы ортаның әсер ету факторлары мен физикалық-химиялық қасиеттерін ескере отырып сақтау жатады.

Дәрілік заттардың қауіпсіздігіне, сапасы мен сақталуына сыртқы ортаның факторлары, атап айтқанда ауаның дымқылдылығы, жарық, температура, басқа да ауа қосындылары мен қоршаған ортаның ластануы әсер етеді. Аталған факторлар дәрі-дәрмектер мен басқа да фармацевтикалық тауарлардың физикалық-химиялық қасиеттеріне әсер ете отырып, сапасын төмендетеді.

Дәрілік заттарды сақтау үшін реттелуден жоғары температура дәрі-дәрмектердің сапасын төмендететін физикалық-химиялық процестерді жылдамдатады. Сондықтан дәрілік заттардың нормативтік құжаттарда анықталып, айқындалған сақталу температураларын ескеру керек.

Дәрілік заттарды сақтайтын құрғақ бөлмелерде ылғалдықтың мөлшері 60% аспауы қарастырылады, ал жоғарғы ылғалдылық бөлмелерінде-65 %.

Дәрілік заттардың сақталу орындарында ауаалмасу жақсы болуы керек. Себебі, ауаалмасу процесі арқылы сақталатын тауарлардың, ыдыстардың, жабдықтардың т.б. газды заттарының иісі жойылып, ылғалды-температуралық режимі теңестіріп отырады. Ауаалмасу процесін терезелерді ашу арқылы немесе арнайы желдеткіштерді қолданып жүргізеді.

Тауарлардың сақталу режимінің көрсеткіштерінің бірі жарық. Жарық, әсіресе ашық күн сәулесі дәрі-дәрмектерге көбіне теріс әсерін тигізеді, себебі тотығу процестерін жылдамдатады. Сондықтан дәрілік заттардың көбін қараңғы жерде сақтау ұсынылады, мүмкін болмаған жағдайда (дәріханалық сауда залында) тауарларға күн сәулесінің түспеуі қарастырылады. Ол үшін дәрі-дәрмектер сақталатын бөлмелердің терезесі күн түспейтін жақтарға қаратылады, дәріханалардың сауда залының терезелері перделермен жабылады.

Дәрілік заттарды сақтауда компьютерлік, кітаптық, картотекалық т.б. тәсілдердің қолайлы түрі мен тауарлардың жарамдылық мерзімдерінің есебі жүргізіліп, үнемі бақыланады.

Дәріханалық қойманың тауарларды сақтау бөлімдерінің ішкі қабырғаларында тұтанғыш аспаптар мен еденнен 1,5 — 1,7м жоғары және есіктен 3 м қашықтықта термометрлер мен гигрометрлер ілінеді.

Ауа тазалығын сақтау үшін тауарларды сақтау бөлмелері кондиционерлермен, арнайы желдеткіштермен жабдықталады.

Дәріханалық қойма, басқа да тауарлар сақтау бөлмелерінде санитарлық-гигиеналық талаптардың сақталуын қамтамасыз ету мақсатында едендер күніне кемінде бір рет рұқсат етілген жуу және дезинфекциялау заттарын қолдана отырып, ылғалды түрде тазартылып отырылады.

Атаулары үндес, ішу үшін қолданылатын күшті әсерлі жоғарғы дозаларымен ерекшеленетін дәрілік заттарды қатар және алфавитті тәртіпте орналастыруға болмайды. Сырқаттардың диагностикасы, профилактикасы және емделуінде пайдаланылатын медициналық бұйымдар мен фармацевтикалық тауарлар келесі топтарға бөлінеді:

- резеңке бұйымдары;

- пластмассадан жасалған бұйымдар;

- байлау-таңу материалдары;

- медициналық техника құралдары мен жабдықтары.

Дәрі-дәрмектер, басқа да фармацевтикалық тауарлар сақталатын қойма бөлмелерінде және олардың аумақтарында кеміргіш жәндіктермен, басқа да зиянкестерге қарсы күрес жүргізу шаралары үнемі жүргізіліп отыруы қажет. Дәрілік заттарды сақтауда физикалық-химиялық қасиеітеріне және сыртқы ортаның әсер ету факторларына байланысты келесі топтары анықталады:

- жарықтың әсерінен қорғауды талап ететін;

- ылғалдың әсерінен қорғауды талап ететін;

- ұшып кетуден қорғауды талап ететін;

- жоғарғы температураның әсерінен қорғауды талап ететін;

- төменгі температураның әсерінен қорғауды талап ететін;

- қоршаған орта газдарының әсерінен қорғауды талап ететін;

- иісті, бояғыш заттар;

- дезинфекциялау заттары;

- улы заттарды (хлор әгі, хлорамин) бөліп шығаратын т.б.

- тұтанғыш және жарылғыш заттар.


  1. Иллюстрациялық материалдар: 10 дана слайд




  1. Әдебиет




  1. Бақылау сұрақтары: (Кері байланыс)

  1. Дәріханалық ұйымдарда тауарларды қабылдау қалай жүргізіледі?

  2. Дәріханалық ұйымдарда тауарларды сақталу тәртібі қандай?

  3. Дәріханалық ұйымдардан тауарларды босату қалай іске асырылады?


  1. Тақырыбы №6: Рецептерді қабылдау және дәрілерді босату жұмыстарын ұйымдастыру




  1. Мақсаты: студенттерге рецептерді қабылдау және дәрілерді босату жұмыстарын ұйымдастырумен таныстыру.




  1. Дәріс тезистері:

Менеджмент теориясына сәйкес өндірістік қызметтің барысында ұйым, кәсіпорындар өндірілген тауарлары мен өнімдерін және көрсететін қызметтерін сыртқы ортаға шығарады. Дәріханалық ұйымдардың өндірістік қызметі рецептерді қабылдау, қабылданған рецептер бойынша дәрілерді дайындау, дәріханашілік бақылау арқылы дайындалған дәрілердің сапасын тексеру, сәйкесті түрде дайындалған дәрілерді безендіру және бекітілген тәртіптерге сәйкес дәрілік заттарды тұрғындарға босату.

Дәріханада рецептерді қабылдау, дәрігерлердің рецептері мен емдеу – профилактикалық мекемелердің сұрау – талап қағаздары бойынша дәрілерді дайындау, дайындалған дәрілердің сапасын бақылап, безендіріп, босату жұмыстарын жүзеге асыру үшін рецептуралық - өндіріс бөлімі (РӨБ) ұйымдастырылып ашылады.

Рецептерді қабылдау және дайын дәрілік заттарды босату үшін дәріханаларда дайын дәрілік заттар бөлімі (ДДБ) ашылады. Керек болған жағдайларда РӨБ мен ДДБ қызметтері бір бөлімде біріктіріледі.

Бөлімдердің жұмыстарына бөлім меңгерушілері және олардың орынбасарлары басшылық жасайды.

РӨБ штатында фармацевтер және фармацевтің ассистентері жұмыс істейді. РӨБ фармацевтері лауазымдарының келесі түрлері болады:


  • жеке дәрілік формаларды дайындауға арналған рецептер мен емдеу-профилактикалық мекемелердің сұрау талап қағаздарын қабылдаушы, дайындалған дәрілердің сапасын бақылаушы, дәрілерді босатушы фармацевт – технолог;

  • рецептерді қабылдаушы және дайын дәрілік заттарды босатушы фармацевт – технолог;

  • дәріханада жеке дайындалған және дәріханашілік алдын ала дайындалған дәрілердің сапасын толық тексеруші фармацевт –аналитик.

Дәріханалық жұмыс көлеміне байланысты ақпараттар жүргізуші фармацевт, фармацевт ассистенттерінің жұмысын бақылаушы фармацевт, түн уақытында жұмыс істейтін фармацевт мамандары бөлінуі мүмкін.

РӨБ фармацевт ассистентері лауазымдары дәрігерлердің рецептері мен емдеу-профилактикалық мекемелердің сұрау-талап қағаздары бойынша дәрілер дайындау, емдеу-профилактикалық мекемелердің тапсырыстарын комплектілеу т.б. жұмыстарға бөлінеді.

РӨБ фармацевтикалық мамандардан басқа көмекші қызметкерлердің лауазымдары болады: бөліп түюшілер, санитар-жуушылар.

РӨБ жабдықталуы дәріхананың жұмыс көлеміне байланысты жүргізіледі.

Дәріхананың рецептерді қабылдау және дәрілерді босату жұмыс орындары типтік жабдықтармен қамтамасыз етіледі. Рецептерді қабылдаушы және дәрілерді босатушы фармацевт – технологтың жұмыс орнын секциялық столмен, дәрілік заттарды сақтау шкафтарымен, дайындалған дәрілерді сақтайтын айналмалармен, тоңазытқышпен, күшті әсерлі және ұлы дәрілік заттарды сақтау шкафтары, компьютермен жабдықталады.

Рецептерді қабылдау және дәрілерді босату жұмыс орнын ДЗ тәуліктік және реттік дозалары таблицасы, ДЗ өзара сиымдылығы, ҚР мемлекеттік фармакопеясы, ДЗ мемлекеттік реестрі, ДЗ синомимдерінің анықтамасы, бағалар таблицасы т.б. анықтама әдебиеттермен қамтамасыз етіледі.

Рецептерді қабылдаушы және дәрілерді босатушы фармацевт– технолог ҚР «Дәрілік заттар туралы» Заңы, ҚР «Тұтынушылар құқығын қорғау туралы» Заңы талаптарын басшылыққа алады және дәрілік заттар айналысы саласындағы басқа да нормативтік–құқықтық актлерді, ҚР ДСМ бұйрықтарын, нұсқауларының орындалуын қамтамасыз етеді.

ҚР ДСМ бұйрығымен анықталып бекітілген дәрігердің рецептінсіз босатылатын дәрілік заттардың тізімінен басқа барлық дәрілік заттар дәріханалық ұйымдардан тек қана рецептер бойынша босатылуы керек.

Дәрілік заттар азаматтарға емдеу–профилактикалық мекемелерге денсаулығына байланысты ем алу үшін және стационарлық емделуді амбулаториялық жағдайда жалғастыру үшін тағайындалып жазылады.

Келесі дәрілік заттарға рецептерді жазуға тиым салынады:



  • ҚР тіркеуден өтпеген және ҚР ДСМ қолдануға рұқсат бермеген дәрілік заттар;

  • тек қана емдеу–профилактикалық мекемелерде қолданылатын: наркозға арналған эфир, хлорэтил, фентанил, сомбревин, калипсол, фторатан, кетамин және т.б. дәрілік заттар;

  • медициналық көрсеткіштер жоқ болған жағдайда.

Рецепт – дәрігер маманың дәріні дайындап босатуы туралы фармацевт маманына жазбаша түрдегі нұсқауы.

Рецепт дәріханалардан дәрілік заттарды босатуға негіз болатын медициналық құжат.

Рецепт заңдылық құжат, себебі рецепті жазған дәрігер, рецепті дәріханаға қабылдаған, рецепте жазылған дәрілік форманы дайындаған және босатқан фармацевт заңдылық жауапкершілікте болады.

Рецепт финанстық құжат болып табылады, рецепте жазылған, дәріханада дайындалып босатылған дәрілердің бағасы тұтынушылармен төленеді немесе түрлі деңгейдегі бюджеттер есебінен дәріханаға қайтарылады.

Дәріханаға рецептерді қабылдауда және дәріханадан дәрілерді босатуда фармацевтикалық мамандар ҚР ДСМ 2009 жылғы 16 қарашадағы № 771 «Дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды және медициналық техникаларды көтерме сауда және бөлшек сауда арқылы босату Ережелерін бекіту туралы» бұйрығының және 2005 жылғы 7 сәуірдегі № 173 «Бақылауға жататын құрамында есірткілік, психотроптық заттар және прекурсорлар бар дәрілік заттарға рецептер мен сұрау – талап қағаздарын жазу және босату Ережесі» бұйрығының талаптарын сақталды.

Рецептер науқастың жас ерекшелігін, дәрілік заттардың бағасының төлену тәртібін және дәрілік заттың құрамына кіретін ингредиенттердің құрамдық сипатын ескере отырып жазылады. Рецепт сиялы немесе шарикті қалам мен түсінікті түрде бланктегі барлық көрсетілген реквизиттерді толтырып безендірілуі керек.

Дәріханаларда рецептерді қабылдау және рецептер бойынша дәрілерді босату кезінде рецептерге фармацевтикалық сараптама жүргізіледі (Сур.7).

Рецептердің фармацевтикалық сараптамасының бірінші сатысында фармацевтикалық қызметкер дәрілік жазылым рецептуралық бланкісінің жазылу тәртіптерімен бекітілген міндетті және қосымша реквизиттерге сәйкестігін тексереді.



Рецептің жазылған дәрілік заттардың төлену тәртібіне және құрамдық ингредиенттердің сипатына қатыссыз келесі негізгі реквизиттері болды:

  • ЕПМ атауы, мекен жайы және телефоны көрсетілген штампасы;

  • рецептің жазылған күні;

  • науқастың аты, әкесінің аты, жасы;

  • дәрігердің аты, әкесінің аты;

  • дәрілік заттың атауы, саны;

  • дәрілік заттың қолданылу тәсілі;

  • дәрігердің қолы және жеке мөрі.





  1. Сурет. Рецепті фармацевтикалық сараптау схемасы

Рецептуралық бланкілердің формаларына және жазылған дәрілік заттардың құрамына байланысты рецептердің қосымша реквизиттері анықталады.

Рецептер ҚР ДСМ бекітілген баспаханалық тәсілмен печатталған бланкілерге жазылады.

Есірткілік дәрілік заттарды жазуға арналған арнайы рецептуралық бланкілерге ІІ катигорияның А және В топтарындағы есірткілік дәрілік заттар және психотрортық заттар жазылады.

Есірткілік әсері бар дәрілік заттарға және психотроптық заттарға рецепт дәрігердің қолымен жазылады, дәрігер қолын қояды, жеке мөрімен куәландырады.

Арнайы рецептуралық бланкінің міндетті реквизиттерімен қатар келесі қосымша реквизиттері болады:



  • сериялық нөмірі және қорғалу деңгейін көрсететін қызмет түсті қағаздағы су белгілері.

  • емхананың бас дәрігерінің немесе оның орынбасарының қолы қойылып, емхананың дөңгелек мөрімен куәландырылады;

  • науқастың ауру тарихының номірі және тұратын жері жазылып көрсетіледі.

Есірткілік және психотроптық заттар ақысыз және жеңіл бағамен босатылатын жағдайларда арнайы рецептуралық бланкіге қосымша №132/е формалы рецептуралық бланкі жазылады.


  1. Иллюстрациялық материалдар: 10 дана слайд




  1. Әдебиет




  1. Бақылау сұрақтары: (Кері байланыс)

  1. Дәріхананың рецептуралық – өндіріс бөлімінің негізгі міндеттері мен қызметтері?

  2. Дәріханада рецептерді қабылдаушы фармацевт технологтың жұмыс орнының жабдықталуы?

  3. Дәріхананың рецептерді қабылдаушы және дәрілік заттарды босатушы фармацевтің құқықтары мен міндеттері?

  4. Рецептуралық дәрілік заттарды босату технологиясы?

  5. Дәріханалық ұйымдардан дәрілік заттарды ақысыз және жеңілдетілген бағалармен босату тәртібі?

  6. Дәріханадағы рецептердің жарамды және сақталу мерзімдері?



  1. Тақырыбы №7: Дәріханаларда дәрілерді дайындауды ұйымдастыру




  1. Мақсаты: студенттерге дәріханаларда дәрілерді дайындауды ұйымдастырумен таныстыру.




  1. Дәріс тезистері:

Дәріханалық жағдайда дәрілік формаларды дайындау жұмысын жоғарғы және орта фармацевтикалық білімі бар мамандар жүргізеді.

Дәріханалардың дәрілік формаларды дайындау іс-әрекеті рецентерде жазылатын дәрілік формалардың құрамы мен түрлеріне, дайындалатын дәрінің құрамының күрделігіне, дайындалған дәрілік заттың тұрақсыздығына және құрамы әртүрлі дәрілік заттарды бір жұмыс орнында дайындауды ұйымдастыру мүмкіншілігіне байланысты анықталады.

Дәріханаларда өндірістік іс-әрекеттерді жүргізу үшін арнайы ассистенттік бөлме жабдықталады. Ассистенттік бөлме арнайы дәріханалық мебельдермен, жабдықтармен, приборлармен қамтамасыз етіледі. Атап айтқанда, дәрілік формаларда дайындау, араластыру, сүзу, бөлшектеу, орау-буу, тығындау жабдықтарымен; улы, наркотикалық дәрілік заттарды және этил спиртін сақтауға арналған арнайы сейф, шкафтармен, штангластармен, салмақ пен көлемді өлшеу құралдарымен және дәрілерге химиялық бақылау жүргізу үшін қажетті реактивтермен қамтылады.

Дәріхананың жұмыс көлеміне байланысты ассистенттік бөлмеде бірнеше жұмыс орыны ұйымдастырылады:



  • ішке қолдануға арналған дәрілік формаларды дайындау үшін;

  • сыртқа қолданылатын дәрілік формаларды дайындау үшін;

  • ішке қолданылатын дәрілік формаларды бөлшектеу үшін;

  • емдеу-профилактикалық ұйымдардың дәрілік формаларын дайындау үшін;

  • емдеу-профилактикалық ұйымдардың дәрілік формаларын бөлшектеу үшін.

Жұмыс көлемі үлкен ірі дәріханаларда рецептер бойынша дәрілік формаларды дайындауда ішке қолданылатын сұйык, дәрілік формаларды, ұнтақтар мен пилюлаларды, сыртқа қолданылатын майлар мен сұйық дәрілік формаларды және стерильді дәрілік заттарды жасау орындары бөлініп ұйымдастырылады.

Ассистенттік столда қосымша қызметтермен айналысу үшін фасовщиктердің жұмыс орындары бөлінеді. Жұмыс көлемі аз кішкене дәріханаларда дәрілерді дайындау және дайындалған дәрілердің сапасын тексеру үшін бір жұмыс орыны ұйымдастырылады.

Дәрілерді дайындаушы фармацевт немесе фармацевт ассистент өздерінің жұмысында дәрілік заттар айналысы саласындағы ҚР заңдылық актілерді, ҚР ДСМ бұйрықтарын, басқа да нормативтік құжаттарды басшылыққа алады. Дәрілік формаларды дайындаушы фармацевтің, фармацевт ассистенттің рецептуралық-өндіріс бөлімінің меңгерушісіне, орынбасарына, фармацевт-аналитикке тікелей бағынуы дәріханалық ұйымның басшылығымен айқындалады.

Ассистенттік бөлмедегі дәрілік формаларды дайындаушы фармацевт ассистент рецептер бойынша дәрілерді дайындайды және фасовщиктердің жұмыстарына басшылық жасайды.

Дәрілерді дайындаушы фармацевт- ассистенттің міндеттері:


  • рецептер бойынша дайындау технологиясын сақтай отырып, рецепте жазылған дәрілік формаларды уақытында дайындау; «sito» және «statum» белгілері бар рецептер бойынша жазылған дәрілік формаларды бірінші кезекте дайындау;

  • бекітілген тәртіптерге сәйкес барлық дайындалған дәрілік формаларға жазбаша бақылау паспорттарын толтыру;

  • ұнтақтарды бөлшектеу, ерітінділерді сүзу т.б. барлық қосымша жұмыстарды фасовщиктерге тапсыру және оларға жұмыс ерекшеліктерін түсіндіру;

  • кіші механикаландыру құралдарын, салмақты өлшеу прибор, аппараттарын қолдана білу;

  • жұмыс орнына керекті құрал-жабдықтарды алдынала дайындау, жұмыс уақытын тиімді пайдалану;

  • жұмыс орнында санитарлық ереже талаптарын сақтау;

  • дәріханада жүргізілетін материалды-құнды заттарды инвентаризациялауға қатысу;

  • өзінің кәсіптік мамандық деңгейін үнемі жоғарлату, жұмысында озық тәжірибелер мен ғылыми жетістіктерді қолдану.

Дәрілік форманы дайындау алдында фармацевт ассистент рецепті асықпай оқып, ингредиенттердің сыйымдылығын және дозаларын тексереді. Фармацевт ассистент дәрілік форманың дұрыс дайындалуына және сапасына жауапты болады.

Дайындалған дәрілік формаларға фармацевт ассистент нөмірін жапсырып, жазбаша бақылау паспортын толтырады, рецепке қолын қояды. Дайындалған дәріні рецептісімен және жазбаша бақылау паспортымен фармацевт-технологқа береді.


Құрамында күшті әсерлі, улы және наркотикалық заттар бар дәрілерді дайындау

ҚР Үкіметінің қаулысы бойынша юристік және жеке тұлғаларды наркотикалық және психотроптық заттармен жұмыс істеуге жіберу ережелері бекітіледі. Дәріханалық ұйымдарда наркотикалық және психотроптық заттармен жұмыс істеуге фармацевтикалық қызметкерлерді жіберу дәріханалық ұйым басшысының еңбек шарты негізінде жасалған рұқсатымен жүргізіледі. 18 жасқа толмағандар наркотикалық және психотроптық заттармен жұмыс істеуге жіберілмейді.

Дәрілер дайындау үшін қажетті наркотикалық дәрілік заттарды ассистенттік бөлмеге беру материалдық жауапкершіліктегі тұлғалар арқылы жүргізіледі.

Дайындалатын дәрілік форманың құрамына кіретін улы және наркотикалық дәрілік заттарды фармацевт ассистент бөлім меңгерушісінен, оның орынбасарынан немесе басқа арнайы жауапты қызметкерден алады. Рецептің артына улы және наркотикалық заттың атауы, мөлшері жазылып, жіберушінің және алушы фармацевт ассистенттің қолдары қойылады. Алынған заттар сол мезетте дәрілік форманы дайындауда қолданылады, дәрі дайындалған бойда бақылауға беріледі және босатылғанға дейін арнайы жабық шкафтарда сақталады.

Дәріханалық жағдайда дайындалған дәрілердің жарамды мерзімдері мен сақталу жағдайлары ҚР ДСМ бұйрығымен анықталып бекітіледі.


жүктеу 2,23 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау