Құрастырушы: аға оқытушы Рахметова А. М


Дүниежүзілік мұхит биомассасы



жүктеу 0,93 Mb.
бет3/3
Дата14.05.2018
өлшемі0,93 Mb.
#13443
түріБағдарламасы
1   2   3

Дүниежүзілік мұхит биомассасы


Жер ғаламшарының көпшілік бөлігін гидросфера алып жатыр. Сондықтан біздің ғаламшарымызды көгілдір ғаламшар деп орынды атайды. Су — тіршіліктің алғаш пайда болған және дамыған ортасы. Оның тірі организмдер үшін маңызы өте зор. Сулы ортаның да өзіне тән қасиеттері бар. Судың қасиеттеріне оның тығыздығы, қысымының күрт ауытқуы, оттек мөлшерінің аз болуы, күн сәулелерін жақсы сіңіруі, т.б. жатады. Суда тіршілік ететін организмдерді гидробионттар (грекше "huder" – су, "bion" — тіршілік етушілер) деп атайды. Сулы ортаның жылуды жақсы сіңіруінің нәтижесінде, мұхиттар мен теңіздердегі температура біршама тұрақты болады.

Су жылуды жақсы өткізеді. Мұның бәрі де тіршілік үшін қолайлы жағдай туғызады. Организмдерде жүретін барлық тіршілік әрекеттері судың тікелей қатысуымен жүреді. Мұхит суының құрамында минералды тұздар және көптеген химиялық элементтер кездеседі. Суда оттек пен көмірқышқыл газы жақсы ериді. Судағы жасыл балдырлар фотосинтез процесі арқылы суды оттекпен байытады.

Мұхит суының химиялық құрамы біршама тұрақты болғандықтан, тіршілік үшін өте қолайлы. Судың беткі қабатында су ағысымен қалқып жүріп тіршілік ететін оранизмдерді — планктондар (грекше "planhtos" — кезеген) деп атайды. Планктондарға бір жасушалы балдырлар, қарапайым жануарлар, медузалар, кейбір ұлулар мен шаянтектестер, т.б. жануарлар жатады. Планктондар мұхиттағы организмдердің қоректену тізбегінде елеулі орын алады.

Құрлықпен салыстырғанда Дүниежүзілік мұхитта организмдер биомассасы 1000 есе аз. Бұған қарап мұхит суының тірі организмдерге бай еместігін бірден аңғаруға болады. Дүниежүзілік мұхит суы Жер шарының климаттық жағдайын реттейді. Ондағы бір жасушалы балдырлар ауа құрамындағы оттек мөлшерінің тұрақты болуын қамтамасыз етуге катысады. Қазіргі кезде мұхит суын жан-жақты пайдалану және оның құрамынан пайдалы қазбалар өндіру ісіне көптеген мемлекеттер басты назар аударуда. Мысалы, Жапония 1975 жылдан бастап мұхит суының құрамынан уран өндіріп келеді. Мұхит суын тұщыландырып пайдалану шаралары да көп елдерде колға алынған. Мұхитта тіршілік ететін кәсіптік мәні бар жануарларды (балықтардыкиттерді, т.б.) корғау мәселесіне де ерекше көңіл бөлінеді.

Қорыта айтканда, гидросфераның биосфераға әсері күшті. Биосферада болатын судың айналымы үлкен немесе геологиялық айналым деп аталады. Үлкен айналымда да негізгі энергия көзі күн сәулелері. Үлкен айналымға да тірі организмдер белсенді түрде қатысады. Биологиялық айналым кезінде биосферада, негізінен, химиялық жұмыстар атқарылса, ал геологиялық айналымда механикалық жұмыстар орындалады. Судың айналымы климаттық факторларға ықпалын тигізіп, биосферадағы зат пен энергия алмасуының тұрақтылығын және біртұтастығын қамтамасыз етеді.

Қазіргі кезде Дүниежүзілік мұхиттан мұнай өндіру ісі ерекше колға алынған. Мұнай өндіру және мұнай өнімдерін тасымалдау кезінде Дүниежүзілік мұхитқа жылына 6—10 млн т мұнай өнімдері төгіледі. Төгілген мұнай судың беткі қабатын тұтасымен жауып, ондағы тіршілікке орасан зор зиянын тигізеді. Қазіргі кезде Атлант мұхитының ластанғандығы ерекше көзге түседі. Сондықтан Дүниежүзілік мұхитты қорғау — бүкіл адамзаттың басты міндеті.

Соңғы жылдары адамның бүкіл биосфераға әсері айқын байқалуда. Адам санының ұдайы өсуінен және ғылыми-техникалық прогресс ыкпалының қарқындылығынан адамзат әрекетінің табиғатқа әсері кең өріс алуда.

Адамзаттың табиғатты пайдалануы кезінде, жыл сайын ғаламшарда 4 трлн т-дан астам заттардың орны ауыстырылады. Жаңадан мыңдаған химиялық косылыстар жасап шығарылады. Көптеген химиялық қосылыстар табиғатта болатын зат айналымына қосылмай, биосферада жинақталып, оны ластайды. Өнеркөсіптерден шыққан улы заттардан аукымды географиялық аймақтарда Күн радиациясының кемуі, озон қабатының жұқаруы, қышқыл жаңбырдың жаууы, т.б. байқалуда. Адам өз іс-әрекетін биосферада жүретін табиғат заңдылықтарына сай жүргізуі тиіс. Сонда ғана биосферадағы зат айналымы бұзылмайды әрі ғаламшар биомассасы азаймайды. Биосфераны қорғау адамның өзін қорғау мәселесімен сабақтас екенін естен шығармау керек.



Бақылау сұрақтары:

1. Құрлықтағы биомасса қалай өзгереді. Құрлықтағы биомассаға адамның іс-әрекеті қалай әсер етеді. Топырақ биомассасының ерекшелігі неде.

2. Топыраққа адамның іс-әрекеті қалай әсер етеді. Әлемдік мұхит биомассасына сипаттама жазыңдар.

3. Өздерің тұрған жердегі биомассаларға сипаттама жазындар. Қазақстанда табиғатты қорғау жөнінде қандай шаралар жүргізіліп жатқанына сипаттама беріндер.



Әдебиет: [1-5].
8 Тақырып Биосферадағы зат айналамы және энергияның өзгеруі

Жоспары:

  1. Биосферадағы зат айналамы және энергияның өзгеруі

Биосфера — құрамы, құрылымы және энергетикасы, негізінен, тірі ағзалардың қарекетімен байланысты Жер қабығының (сферасының) бірі. Биосфера ұғымы "географиялық қабық" ұғымына жақын. Заттар мен энергия алмасуының курделі биохимиялық циклондарымен өзара байланыстағы атмосфераның жер беті бөлігін, гидросфераны және литосфераның үстіңгі бөлігін қамтиды. Биосфераның жоғарғы шекарасы атмосферада 30 км биіктікке дейін, төменгі шекарасы құрлықта жер бетінен 4— 5 км терендікте, Дүниежүзілік мұхитта ең терең ойыстың түбімен өтеді.

В.И. Вернадский бойынша биосферада 7 әр түрлі, бірақ өзара байланыстағы зат түрлерін бөлуге болады, олар: тірі заттар, биогендік заттар, енжар заттар, биологиялық енжар заттар, радиоактивті заттар, шашыранды атомдар, ғарыштық заттар. Биосфераның негізгі функциясы — Күн энергиясын фотосинтездейтін ағзалардың пайдалануын және бүкіл тіршілік процестерінің динамикасын қамтамасыз ететін энергия мен заттардың биологиялық айналысы. Тірі азғалар (тірі заттар) мен олардың тіршілік ететін ортасы ғаламдық, аймақтық және жергілікті деңгейде динамикалық жүйелер түзе отырып, бірімен-бірі өзара тығыз байланыста және өзара орекеттес болады. "Биосфера" терминін алғаш австриялық геолог Э. Зюсс енгізді (1875 ж.).

Биосферадағы зат айналыс- үлкен (геологиялық және кіші (биотикалық) айналыс деп екіге бөлінеді.

Үлкен зат айналысы мың- миллиондағын жылдар бойы жүреді. Бұл аралықта, тау жыныстары үтіліліп, ондағы сумен араласады. Оның еритін бөлігі ерітінді түзіп, әр түрлі өзгерістер ұшырайды.

Кіші айналым кезінде, зат айналысы биоценоз деңгейінде жүреді. Мысалы, топырақ құрамындағы қоректік заттар, су, көмертігі қосылыстары- өсімдіктер дүниесін құрайды. Ал, өсімдікттер, өзге тіршілік иелерінің денесін құрауға қажет. Жан- жануарлар тіршілігі таусылған соң, құрт- құмырсқа бактериялар нәтижесінде ыдырап, қайтадан минералды заттар айналады. Минералдық заттарды өсімдіктер дүниесі қайта пайдаланып, тіршілік сөйтіп жалғасы береді.

Күн сәулесімен энергиясын пайдалану нәтижесінде, бейорганикалық заттардың- өсімдіктер, жан- жануарлар дүниесіне айналып, қайтадан бейорганикалық заттарға өту барысындағы химиялық реакциялар тізбегімен жүретін өзгерістер- биогеохимиялық цикл деп аталады.

Көміртегі айналымы. Көміртегінің табиғаттағы айналымы үлкен және кіші циклдар бойынша жүзеге асады.

Көміртегінің кіші цикл бойынша түрленуі, үлкен циклдің бір көрінісі болып табылады да, оны мынадай өзгеріс схемасы арқылы өрнектеуге болады. Кіші айналымнан шығатын көмір қышқыл газындағы көміртегі- көміртегінің минералдық қосылыстарына айналуына бағытталған. Адамзат баласы тіршілік ету барысында- табиғи газды, көмірді, жанар майларды, органикалық заттарды жандыру барысында, атмосферада көмір қышқыл газының артуына себепші болады. Былайша айтқанла, адамзат іс- қарекеті табиғи цикл арасында өзара қарама- қарсылық пайда болады.

Табиғи цикл

Адамзат іс- қарекетінің нәтижесіндегі өзгеріс бағыты.

Күкірт айналымы. Табиғатты күкірт айналымы барысында, төмендегідей химиялық реакциялар орын алады: 

CaS + CO2 + H2O = CaCO3 + H2S

2H2S + O2 = 2H2O + 2S

2S + 3O2 + 2H2O = 2H25SO4

CaCO3 + H2SO4 = CaSO4 + CO2 + H2O

CaSO4 + CH4 = CaS + CO2 + 2H

Биосферадағы күкірт айналымының схемасын, төмендегі түрде бейнелуге болады. Азот айналымы. Азот элементтерінің де, өзге элементтер сияқты, айналымы үлкен және кіші циклдерден тұрады. Келтірілген схема Р.Риклефе ұсынысы бойынша беріліп отыр. Мұнда ескере кететін жай, бос күйіндегі азот топырақ өсімдіктер бойына сіңірле алады.

Фосфор айналымы. Фосфор қосылысқа түсуге өте бейім болғандықтан, оның айналымы көптеген факторлар байланысты. Мысалы, кір жуғанда кір жуғыш заттардың құрамындағы фосфордың үлкен бөлігі, сарқынды сулар барысында фосфор тыңайтқыштарының біршама бөлігі жуылып, сарқынды сулармен қоршаған ортаға келіп қосылады Фосфордың биогеохимиялық циклының формасынан редуценттердің, формасына органикалық формасын бейорганикалық формасына тотықтырмай көшіретіндігінде. Нәтижесінде, элеенттің бір бөлігі терең шөгінде қабаттарына кетіл қалатындықтан, фосфордың циклы азоттың циклына қарағанда, кемірек жетілген болып есептеледі. Келтірілген мысалдарды талдау, биогеохимиялық циклардың кризистік сәттері- физикалық ортадан, заттарды қамту және ортаға қайтарып бері. Бұл сәттер тотықсыздану және тотығу реакцияларымен байланысты. Химиялық заттарды тотықсыздануы, түптен келгенде, күн сәулесі энергиясының есебінен іске асырылады. Энергия тасымалының әр сатысында орын алатын оның шашырауы- редуценттер деңгейінде аяқталады, олар элементтерді продуценттер қамти алатын күйге дейін тотықтыралы. Бүкіл алмасу қоры деңгейіндегі биогеохимиялық айналымы, әр сатысында, тотығу процесінің тиесілі бір бөлігі жүзеге асырылатын жүйе ретінде қарастыруға болады.

Теңіз, мұхит сулары құрамында орташа алғанда 35 г/кг еріген зат болатын табиғи ерітінді. Бұл көрсеткіш тұздылық деп аталады. А, промиллемен өрнектеледі.Судың температурасы да, басқа газдардың да суда ерігіштігі төмендейді.


Топырақ- континеттер беттеріндегі биосфераның күрделі компонентті топырақ жабыны.

Топырақтану ғылымының негізін салушы В.В.Докучаев (1846-1903) топырақ: а) грунт, б) климат, в) өсімдіктер мен жануарлар, г) елдің тарихи жасы, д) рельев жағдайы сияқты фаткрлардың тіршілік іс әрекетінің нәтижесінде түзілген жеке табиғи – тарихи құрылым деп анықтама берді. Топырақтарда биорганикалық заттардың ыдырау процесі жүріп отырады. Ондағы органикалық заттарды екіге бөлуге болады, олар: өсімдіктер, жануарлар, микроорганизмдердің ыдырамаған не жартылау ыдыраған қалдықтары және топырақтың қарашірігі.

Өсімдік қоректі жануарлар қорек ретінде қабылдаған өсімдіктеріндегі жинақталған энергияны сіңіреді. Олар тіршілік процесі нәтижесінде энергияның біраз бөлігін тыныс алу процесі жұмсайды. Бұдан әрі энергия жыртқыштардың қоректенуі кезінде келесі қоректік сатылады одан ары қарай жұмсалады. Осылай, жасыл өсімдіктерде жинақталған энергия қоры қоректік байланыстардың күрделі тармақтары арқылы әрбір трофикалық сатыда зат алмасу мен тыныс алу процесі нәтижесінде біртіндеп жұмсала береді. Ең соңында, редуценттер- сарофагтар мен бактериялар өлі жануарлар мен өсімдіктер қалдықтарының энергиясын пайдаланады. Осы кезенде энергия қорының ең көп мөлшері жұмсалады. Бұл кезде органикалық массаның айырылуы екі бағытта жүреді. 1) көмірсулардың минералданып, СО2, NH3 суға дейін ыдырауы; 2) топырақта микроорганизмдер әсерінен қарашірік түзілуі.

  Қоршаған табиғи ортаны қорғау бағытында, білім беру мәселесінің өзектілігі күннен күнге артып келеді. Оның себебі- эколог мамандары дайындау.



Биогеохимиялық айналымдарды бейнелеудің әртүрлі әдістері бар. Бейнелеу әдісі нақтылы элементтің биогеохимиялық циклының ерекшеліктеріне қарай таңдап алынады. Оттегінің айналымын талқылаған кезде экологтар әдетте оттегінің органикалық заттардың құрамына химиялық тұрғыдан енуімен байланысты. Жолдары және судың қозғалысы мен сабақтас жолдарды ажыратады.

Судың айналымы: яғни гидрологиялық цикл жер шары көлемінде жақсы меңгерілген және де тірі организмдер мен байланысы жоқ энергия арқылы қозғалысқа келтіріледі. Дара организмдер буландыру және зор шығару арқылы суды тез жоғалтады; особь өмірінің ішінде организмдегі су жүздеген рет ауысуы мүмкін. Сонымен қатар,судың алмасуындағы организмдердің үлесі өте шамалы-булану мен транспирацияның жалпы көлемі жылына 59*1018 г мөлшерінде бағаланады, соған байланысты судың биогеохимиялық циклін көрсеткенде алмасу қоры емес , сақтау қорына көбірек көңіл аударылады. Кез – келген экожүйе әртүрлі материалдар әртүрлі уақытқа бөгеле алатын блоктар тізбегі түрінде елестетуге болады . Минералдық заттардың экожүйедегі айналымына әдетте үш активті блок – тірі организмдер өлі органикалық детрит игерілуі оңай бейорганикалық заттар қатынасады. Екі қосымша блок: аралық буындар арқылы игерлетін бейорганикалық заттар және шөгіндіге түсетін органикалық заттар – биогендік элементтер айналымы мен жалпы циклдің кейбір шеткері аймақтарында ғана жалғасады, бірақ бұл блоктар мен қалған экожүйесінің арасындағы зат алмасуы активті блоктар арасындағы алмасуға қарағанда болу жүреді. Биосферадағы биогендік элементтердің айналымын қамтамасыз ететін ассимиляция және ыдырау процестері организмдердің энергияны сіңіруі мен және босатуы мен тығыз байланысты. Демек биогендік элементтер қауымдастық арқылы өтетін энергия ағымымен қатарласа жылжиды.

Энергиялық қауымдастықтағы түр өзгерістері мен, әсіресе көміртегінің айналымы тығыз байланысты, себебі фотосинтез процессінде ассимляцияланған энергияның басым бөлігі құрамында көміртегі бар органикалық қосындыларда сақталады. Энергия бөліп шығара отырып жүретін процестер нәтижесінде, солардың ішіндегі ең бастысы болып табылатын тыныс алу нәтижеде көміртегі көмірқышқыл газы түрінде босап шығады.

Бақылау сұрақтары:

1. Биосферадағы зат айналымының ерекшелігі неде. Жер ғаламшарында тірі ағзалар қандай қызмет атқарады. Атомдардың биогендік миграциясы дегеіміз не.

2.Ұсақ ағзалар зат айналымында қандай рөл атқарады. Биосферада күн энергиясы қандай өзгерістерге ұшырайды.

3. Тірі ағзалардың Жер ғаламшарындағы зат айналымының кестесін жасандар.

4. Биосферадағы судың айналымына мысал келтіріндер.

Әдебиет: [1-5].


Зертханалық сабақтардың мазмұны мен тізімі

Зертханалық жұмыс №1 Биогеоценоздардағы заттар мен энергияның алмасуы

Сабақтың міндеттері:

  1. Табиғатта болатын заттар мен энерияның алмасу заңдылықтарымен, яғни геологиялық айналымның ерекшеліктерімен таныстыру арқылы студентерде дұрыс дүниетанымдық көзқарасты қалыптастыру

2. Әрбір биогеоценоздің тұрақтылығын заттар мен энергияның алмасу маңызын түсіндіру

3. Биомасса, бірінші және екінші реттік өнім, бастапқы жалпы өнім, таза бастапқы өнім, биологиялық өнімділік деген ұғымдар туралы түсініктерін қалыптастыру



Әдебиет: [1-5].

Зертханалық жұмыс №2 Табиғи және агробірлестіктерге сипаттама

Сабақтың міндеттері:

  1. Табиғи және агробірлестіктердің айырмашылығын түсіндіру

  2. Адам баласының табиғи бірлестіктерді өзгерту себептері

  3. Агробірлестіктердің негізгі сипаты мен белгілері

  4. Адамның табиғаттағы іс-әрекеттеріне талдау жасау

Әдебиет: [1-5].
Зертханалық жұмыс №3 Биосферадағы биогеографиялық аймақтар және олардың өнімділігі

Сабақтың міндеттері:

  1. Жер ғаламшарындағы табиғи бірлестіктердің қалыптасу тарихымен таныстыру арқылы, әрбір құрлықтың өзіне тән өсімдіктері мен жануарлары туралы дұрыс дүниетанымдық көзқарастар қалыптастыру

  2. Жер шарының құрылықтарындағы 6 биогеографиялық аймақтардың табиғи бірлестіктерінің ерекшеліктерімен таныстыру

  3. Жер бетіндегі органикалық дүние эволюциясының заңдылықтарын биогеографиялық аймақтардағы табиғи бірлестіктер арқылы ашып көрсету

Әдебиет: [1-5].
Зертханалық жұмыс №4 Биосфера және Жер ғаламшары биомассасының қасиеттері

Сабақтың міндеттері:

  1. Жер ғаламшарындағы тіршіліктің жоғары биосфералық деңгейінің заңдылықтары мен оның құрамына жататын литосфера, гидросфера, атмосфера қабықтарындағы тіршіліктің таралу шекараларымке таныстыру арқылы дұрыс дүниетанымдық көзқарастарын қалыптастыру

  2. Биосфера туралы В.И. Вернадский ілімінің негізгі қасиеттерін (құрылымын, құрамын және т.б.) түсіндіру

  3. Экология ғылымының негізгі мақсаты- биосферадағы тепе- теңдікті сақтау, оның бұзылу себептерін болжау және алдын алу. Осы курстық жұмыста биосферадағы

5. Биосферадағы тірі организмдердің биомассасының таралу заңдылықтары туралы ғылым деректерге талдау жасап, биосферадағы олардың рөлін нақтылы мысалдармен айтып беру.

Әдебиет: [1-5].
Зертханалық жұмыс №5 Құрлық беті мен дүниежүзілік мұхит биомассасы

Сабақтың міндеттері:

  1. Құрылық бетінде тірі организмдердің биомассасының таралуына әсер ететін факторлармен және оның таралу заңдылықтарымен таныстыру

  2. Топырақ құрамындағы тірі организмдер биомассасының таралу ерекшелігімен таныстыра отырып, топырақтың пайда болуындағы тірі организмдер мен бастпқы тау жыныстарының рөлін ашып көрсету

  3. Дүниежүзілік мұхиттағы тірі организмдер биомассасының таралу заңдылықтарын нақты мысалдар арқылы түсіндіру

  4. Адамның іс-әрекеттерінің биосферадағы биомассағы тигізетін әсер ашып көрсету

Әдебиет: [1-5].
Зертханалық жұмыс №6 Биосферадағы зат айналамы және энергияның өзгеруі Сабақтың міндеттері:

  1. Геологиялық және биологиялық айналымдардың өзара байланыстылығына көз жеткізу

  2. Биогеохимиялық айналымның сызбанұсқасын жасау

  3. Табиғаттағы әртүрлі элементтердің айналымын сипаттау

  4. Табиғаттағы азоттың айналымын түсіндіріп беріндер.

Әдебиет: [1-5].
Студенттің өздік жұмысының мазмұны
Студенттердің өздігінен оқуына бөлінген тақырыптардың тізімі

1 Тақырып Тұщы суқоймасының және таулы алқаптағы шыршалы орманның биогеоценоздары

Орман биогеоценозын қорғаудың қандай маңызы бар. Орманның табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы жөнінде хабарлама даярландар.



Әдебиет: [1-5].

2 Тақырып Биогеоценоздардағы өзгерістер

Шөл, шөлейтті биогеоценоздың ерекшелігі жөнінде хабарлама дайындандар



Әдебиет: [1-5].

3 Тақырып Адам қолымен жасалған биогеоценоздар

Жасанды биогеоценоздың ерекшелігі жөнінде хабарлама дайындандар



Әдебиет: [1-5].

4 Тақырып Биосфера, оның құрылысы мен қызметері

Қазіргі кезде адамның іс-әрекетінің табиғатқа әсері жайында мысалдарға сүйеніп, хабардама жасандар. В.И. Вернедскийдің өмір жолы және ғылымдағы еңбектері жайлы хабарлама жазыңдар.



Әдебиет: [1-5].

5 Тақырып Құрлық беті мен дүниежүзілік мұхит биомассасы

Топырақтың табиғыттағы және адам өміріндегі маңызы жайлы хабарлама дайындандар. Дала, шөл және шөлейтті аймағындағы биомассаны салыстырып, ондағы қоректік тізбекке мысал келтіріндер



Әдебиет: [1-5].

6 Тақырып Биосферадағы зат айналамы және энергияның өзгеруі

Биосферадағы заттар айналымы бойынша шағын хабарлама дайындандар.



Әдебиет: [1-5].
СӨЖ түрлерінің тізімі



СӨЖ түрі

Есеп беру түрі


Бақылау түрі

Сағатқа шаққан

дағы көлемі

1

Дәріс сабақтарына дайындалу

Жұмыс дәптері


ДС қатысу

15

2

жірибелік сабақтарға дайындалу

Конспект

СЖ қатысу

15

3

Семинар сабақтарды қорғау

Ауызша жауап беру

Сабаққа қатысу

8

4

Зертханалық жұмыстарға дайындалу

Есеп беру

ЗЖ жіберілу

15

5

Аудиториялық сабақтың мазмұна кірмеген материалды меңгеру

Конспект


Сабаққа қатысу

25

6

Бақылау шараларына дайындалу




1 МБ, 2 МБ

Тестілеу


12

Барлығы:

90


Рефератты жазуға арналған әдістемелік нұсқау

Рефератты орындау үшін материалдар ұсынылған әдебиеттерден алынады. Орындауға 1-2 апта уақыт беріледі. Реферат көлемі қолмен жазылса 10-15; компьютерде 10-12 бет болады. Компьютерде жазғанда текстің беттегі иллюстрациялар, таблицалар А-4 өлшемді бетте жазылуы тиіс. Тексті тергенде сол жақ 30 мм, оң-10, жоғары 20, төмен 20 мм-ден кем емес; шрифт көлемі 14, болуы керек, нөмерлеу оң жақ жоғары бүрышында нүктесіз қойылады.



Рефераттың аттестациясы.

Баға қою үшін рефератқа қойылатын талаптар:

1. Тақырыпты құрастыру дәрежесі

2. Ғылым әдебиетті қамту



3. Рефератты жазудың теориялық дәрежесі

4. Ғылыми негізде дұрыс қорытынды жасау



СӨЖМ консультация графигі (СӨЖМ СӨЖ-ден 25% құрайды)

Барлық сұрақтарға консультациялар ағымды семестрге СӨЖМ графигі бойынша.



Оқитын студенттердің білімін тексеру кестесі

Дәріс және тәжірибелік қатынасу (семинарлық, зертханалық, жеке, студийлық) 0-100 балмен бағаланады


Пән бойынша тапсырмалардың жасау және тапсыру графигі



Жұмыс түрі

Тапсырманың тақырыбы, мақсаты мен міндеті

Ұсынылатын әдебиеттер

Орындалу мерзімі

Бақылау түрі

Тапсыру күні

1

Конспект




1.Биогеография: учебник [ для географ. и экологич. спец. вузов]. / Г.М.Абдурахманов, Д.А. Криволуцкий, Е.Г. Мяло, Г.Н. Огуреева. - М.: Академия, 2003. – 474 с.

2. Биогеография с основами экологии: учебник для студ. вузов, обучающихся по географ. и экологич. спец. / А.Г. Воронов, Н.Н. Дроздов, Д.А. Криволуцкий [и др.]. - 2-е изд. - М.: Академия, 2003. - 407с.





7 апта

Ауызша сұрау

8-ші апта

2

Межелік бақылау

Тест








колллоквиум

8- ші апта

3

конспект




1. Биогеография: учебник [для географ. и экологич. спец. вузов]. / Г.М.Абдурахманов, Д.А. Криволуцкий, Е.Г. Мяло, Г.Н. Огуреева. - М.: Академия, 2003. – 474 с.

2. Биогеография с основами экологии: учебник для студ. вузов, обучающихся по географ. и экологич. спец. / А.Г. Воронов, Н.Н. Дроздов, Д.А. Криволуцкий [и др.]. - 2-е изд. - М.: Академия, 2003. - 407с.



14 апта

Ауызша сұрау

15 апта

4

Межелік бақылау

Тест





1 апта

коллоквиум

15 апта


Студенттердің білімдерін анықтаудағы критерийлері

Сабақты жалпы қорытындылауы тест түрінде аяқталады, бұл барлық өтілген материалдарды қамтиды. Емтиханға жіберілуді алу үшін студент келесідей пән бойынша қамтылатын міндеттерді атқаруы қажет:

Әрбір тапсырма 0-100 баллмен бағаланады.

Жіберілу рейтингі орташа арифметикалық барлық тапсырмаларды ағымдағы сабақтардағы орындалған түрі бойынша есептеледі (дәрістерге қатысу, үй тапсырмалары, СӨЖ тапсырмалары, тәжірибе және т.б. тапсырмалары, межелік бақылау). Жұмыс оқу бағдарламасындағы барлық орындалған тапсырмалары бойынша (барлық зертханалық жұмыстарды орындау және тапсыру, СӨЖ бойынша тапсырмаларды орындау мен тапсыру), курстық жобаны қорғаудан оң баға алуынан және жіберілу рейтингі 50 баллдан кем болмаған студент қорытынды бақылауға (ҚБ) жіберіледі.

Студенттердің оқу жетістіктерінің деңгейі әр бір пән бойынша, соның ішінде МЕ қорытынды бақылауынан, қорытынды бағамен анықталады, ол ЖР мен ҚБ есебімен есептеледі.

Қ = ЖР*0,6 + ҚБ*0,4

Салмақтық үлесімі әр жыл сайын университеттің ғылыми кеңесімен бекітіледі және ЖР 0,6-дан, ал ҚБ 0,3-тен кем болмауы керек. КЖ/КЖ комиссия алдында қорғалады. Бағасы көрсетілген жұмысы бойынша және жетекшісінің пікіімен қаралып есептеледі. Қорытынды бақылау пән бойынша студенттің оң бағасымен және жіберілу рейтингісімен есептеледі. Егер де қорытынды бақылауға себепсіз жағдайлармен келмеген болса, онда ол «қанағаттанарлықсыз» бағасымен сәйкескеледі. Емтихан қорытындысы сол күні белгілі болады немесе келесі күні, себебі, егер емтиханның екінші кезеңі сол күні түстен кейін жазбаша түрде өтілген болса. ЖБ, ҚБ және ЕҚ 0 ден 100 пайыздық мөлшермен есептелінеді.

Межелік бақылаудың бағасы ағымдағы бағамен және межелік бақылау бағасымен есептеледі. Оқу жетістіктері, яғни студенттік білімдері біліммен, дағды-машықтармен, пән бойынша келесі әріптік жүйе және дәстүрлі баға шкаласымен бағаланады:



Әріптік жүйе бойынша бағасы

Балдардың сандық эквмваленті

Пайыздық мөлшері

Дәстүрлі баға шкаласымен

A

4,0

95-100

Өте жақсы

A-

3,67

90-94

B+

3,33

85-89

Жақсы

B

3,0

80-84

B-

2,67

75-79

C+

2,33

70-74

Қанағаттанарлық

C

2,0

65-69

C-

1,67

60-64

D+

1,33

55-59

D

1,0

50-54

F

0

0-49

Қанағаттанарлықсыз


Оқытушының талаптары, саясаты және рәсімдері
Студент дәріс сабақтарына міндетті түрде қатысуы тиіс. Сабаққа қатысу әр бір сабақта белгіленеді (сабақтың басында немесе аяғында). Егер белгілеу кезінде студент болмаса, бұл деканаттың қарастыруымен қаралып түсініктеме қағазымен беріледі. Сабақта 2 рет қана жоқ болуы жіберіледі. Сабаққа екі рет қалып келу, бұл бір рет жоқ деп есептелінеді. Егер де екі реттен жоқ болса, бұл әкімшілдік шешім сұрағымен қарастырылады. Дәрісте басқа топтың студенттеріне отыруға тыйым салынады.

Тапсырмаларды дәл уақытында тапсыру қажет. Ең соңғы кезі емтиханға дейін 3 күн қалғанда қабылданады. Осы аталған тапсырмалардың барлығы егер тапсырылмаса, студент емтиханға жіберілмейді.

Тақырыптарды қайталау және өткен материалдарды қамтуы әр кезде қаралып отыруы керек. Оқу материалдарын меңгеруі тестпен немесе коллоквиуммен қаралып бағаланады. Тестілеу кезі студенттерге айтылмай қабылдануы мүмкін.

Студенттердің өздік жұмыстарын (СӨЖМ) мұғаліммен орындау кезіндегі төрт негізгі қызметтері қарастырылып отырады. Бұлар:

Бірінші - оқу пәні бойынша бастапқы сессия кезеңіндегі мұғалімдерден алынған мәліметтер бойынша студенттердің белсенді қабылдауының негізін іске асыру

Екінші - курстық және бақылау жұмыстарды, үй тапсырмаларын орындауы, әдеби кітап тізімдерін, оқу-әдістемелік нұсқауларын оқып тануының барлығы мұғалімнің айтуы бойынша студенттің өздік жұмысымен істелінетін қызметі болып табылады. Осы деңгейде студенттің өзінің білімін, жұмыс істеу әдістерін байқап, іске асыруы қажет. Өз-өзін ұйымдастыра білуі керек.

Үшінші – өздерінің қиын жағдайларындағы оқу материалдарын талдау және жүйелеу. Өздерінің түсінбеген тақырыптарын мұғаліммен келіп сұраулары қажет. Өздерінің берілген тапсырмаларын реттеп оқуы керек.

Төртінші – студент мұғалімге келіп кеңес, түсіну үшін қосалқы материалдар алуы керек.

Сіздерге сәттілік тілейміз!!!

, Әдебиеттер тізімі

1. Биогеография: учебник [ для географ. и экологич. спец. вузов]. / Г.М.Абдурахманов, Д.А. Криволуцкий, Е.Г. Мяло, Г.Н. Огуреева. - М.: Академия, 2003. – 474 с.

2. Биогеография с основами экологии: учебник для студ. вузов, обучающихся по географ. и экологич. спец. / А.Г. Воронов, Н.Н. Дроздов, Д.А. Криволуцкий [и др.]. - 2-е изд. - М.: Академия, 2003. - 407с.



Қосымша

3. Второв П.П., Дроздов Н.Н. Биогеография: Учебник для вузов. - М.: Владос, 2001.- 303 с.: ил.

4. Тупикин Е. И. Общая биология с основами экологии и природоохранной деятельности: учеб. пособие для образовательных учреждений нач. проф. Образования / Е. И. Тупикин. - 6-е изд., стер. - М.: Академия, 2008. - 380с.

5. Розанов С.И. Общая экология: Учебник для вузов по дисц."Экология" для техн. напр. и спец. / Рек.МО РФ. - 3-е изд., стереотип. - СПб.: Лань, 2003. - 288с: ил.




Танысу парағы




ПМУ ҰС Н 4.01.1/02


ТАНЫСУ ПАРАҒЫ



Құжатпен таңысып отырған тұлғаның аты – жөні

Құжатпен таңысу күні

Қолы

Қолды растау

1













2













3













4













5













6













7













8













9













10













11













12













13













14













15













16













17













18













19













20













21













22













Кафедра меңгерушісі Жумадина Ш. М.
жүктеу 0,93 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау