4) ондық таңбалар саны – сандық және ақшалық өрістер үшін үтірден
кейінгі разрядтар саны;
5) қолтаңба (подпись) – формалар мен басылымдарға
арналған өрістер
сипаттамасы (өрістер аты ретінде қолданылады);
6) алдын ала бекітілген үнсіз келісім мәні (значение по умолчанию) –
өрісте автоматты түрде бірден пайда болатын мәндер, бірақ оларды кесте
немесе форма режимінде өзгерістуге немесе жаңадан енгізуге болады;
7) мәнге қойылатын шарт (условие на значение) –
Access-тің енгізілген
мәнге реакциясын анықтайтын логикалық өрнек;
8) қате түралы хабарлама (сообщение об ошибке) –
өрістегі
информация мәнге қойылған шартты қанағаттандырмаған жағдайда шығатын
хабарлама;
9) міндетті түрде толтырылатын өріс (обязательное поле) – өріске мән
беру
қажеттілігін анықтайды;
10) бос жолдар (пустые строки) –
өрістердің нөлдік мәндерін тағайын-
дайды, олар бос жолдардан басқаша болып
саналады;
11) индекстелген өріс (индексированное поле) – мәліметтер іздеуді
жеделдету үшін осы өріс бойынша индекс құру қажет пе,
жоқ па соны
анықтайды.
Мәндердің енгізілу форматын беретін олардың қалқасын (маска) құруға
арналған негізгі символдар 1-кестеде келтірілген.
1 кесте
ҚАЛҚА
СИМВОЛЫ
ЕНГІЗУГЕ БОЛАТЫН МӘНДЕР
0
0-ден 9-ға дейінгі цифрлар
9
Сандар немесе бос орын
#
Сандар немесе бос орын, +/-
L/?
Әріп
A/a
Әріп
немесе циф
&/c
Кез келген символ немесе бос орын
.
Ондық нүкте
: немесе
/
Уақыт немесе мерзімді бөліп тұратын
таңбалар
<
Таңбаларды төменгі регистрге
ауыстырады (кіші әріптер)
>
Таңбаларды жоғарғы регистрге
ауыстырады (бас әріптер)
Қалқа (Маска) мысалдары:
1)
(###) - ### - ### – 325477370
санын енгізгенде, ол өрісте келесі
түрде көрінеді (325)-477-370;
2)
> – Алматы мәнін енгізгенде ол АЛМАТЫ сөзіне түрленеді.
Бет перде (Маска) құру үшін бет перде құру
Шеберін қолдануға
болады, ол үшін
Енгізу бет пердесі қасиеттерінен
Құру (көп нүктесі бар
квадрат) батырмасын шерту керек.
Access индекстің екі түрін сүйемелдейді:
– индекс – алғашқы кілт – бұл әрбір жазбаны бір мәнді түрде
анықтайтын өріс
немесе өрістер комбинациясы;
– индекс – екінші реттегі кілт – сұрыптау немесе іздеу барысында
қолданылатын өріс немесе өрістер комбинациясы.
Индекстер құру үшін өрістерді алдын ала белгілеп
Кілт белгішесін
немесе
Түр/Индекстер меню командасын қолдануға болады. Соңғы команда
индекс атауы, индекстеу өрістері және сұрыптау реті көрсетілуі тиіс сұхбат
терезе шығарады.
Кесте немесе форма өрістері өріс түрінде көрінуі керек пе, тізім түрінде
ме, әлде тізімі бар өріс түрінде көрінуі керек пе осыны анықтайтын басқару
элементінің түрі
“Алмастыру” ішкі бетінде сипатталады. Егер өріс үшін
Тізім (Lіst box) немесе
Тізім бар өріс (Combo box) басқару элементтері
таңдалса, онда тізімнің жолдары үшін мәліметтердің шыққан жерін және
тізімнің басқа да бірқатар белгілерін анықтайтын қосымша қасиеттер
шығады. Мәліметтер шыққан көзі кесте болып табылады, онымен жұмыс
барысында үздіксіз байланыс орнатылатындықтан, ол тізімнің ең соңғы нұсқа
екендігін, яғни өзектілігін қамтамасыз етеді.
Егер өріс түрін анықтау кезінде
Алмастыру шебері таңдалса, онда
“Алмастырулар” ішкі бетіндегі қасиеттер мәні
Шебер арқылы
толтырылады.
2. Кесте режимінде жұмыс істеу
Кестелер - МБ-ның негізгі объектілері. МБ жасау алғашқы кесте
құрудан басталады. Ал, кестеде оның өрістері және сол ерістердің типтері
мен касиеттері анықталады.
Access-те кесте құрудың 5 тәсілі бар.
Кесте ішкі
бетін ашып,
Құру (Создать) батырмасына шертсек, 1 суретте көрсетілген
Жаңа кесте сұхбаттасу терезесі шығады. Бұл терезеде жаңа кесте құрудың
бірнеше тәсілдері көрсетілген.
1 сурет. Мәліметтер базасын
құру
режимін таңдау терезесі
Кесте режимін таңдағаннан кейін бірінші жолда өріс атауын беріп, ал
төменірек әрбір өрістің мәліметтерін енгізе отырып, К
есте құру мүмкіндігіне
ие боламыз. Бұл режим Excel-де кесте құру тәсіліне ұқсас. Кестеде 20-ға
дейін өріс болуы мүмкін. 5 суретте
Кесте режимінде автомобильдердің мар-
калары туралы мағлұматтары бар кестені құру үлгісі келтірілген. Бірінші
жолға өріс атаулары (“Поле1”, “Поле2 және т.с.с. орнына), ал қалған жолдарға
осы өрістердің мәндері енгізіледі. Бір өрістен 2-ші өріске өту үшін
Tab және
Shіft-Tab немесе бағыттауыш тілсызықтары бар пернелерді қолдануға
болады. Мәндерді енгізіп біткеннен кейін, сұхбаттасу терезесінде кестеге ат