Бұл ретте ескертетін нәрсе, қосымшадағы кішігірім өзгеріс
программалау, программаны компиляциялау және баптау кезеңдерін циклдік
түрде қайталануына әкеледі. Тәуелсіз қосымшаны орындау мен қосымшаны
интерпретация режиміндегі орындаудан айырмашылығы тәуелсіз
қосымшаның пайдасына миллисекунд айналасында тербелуінде болады.
Сонымен қатар, қосымшаны оны пайдалануға дайындау уақытындағы
айырмашылық әдетте интерпретациялау жүйелерінің пайдасына минуттар-
сағаттар дәрежесіндегі шама құрайды.
SQL және мәліметтер қорының қауіпсіздігі.
МҚБЖ-нің қызметтерінің біріне мәліметтер қорының қауіпсіздігін
қамтамасыз ету жатады. Реляциялық МҚБЖ-лардың қауіпсіздік жүйесінің
негізі SQL тілі болып табылады. Мәліметтерді қорғаудың негізгі үш принципі
қолданылады:
1)
мәліметтерді оқуға, енгізуге және жаңартуға арналған кез келген
SQL-команда қандай да бір пайдаланушының
атынан орындалады;
2)
қорғау объектілері негізінен
кестелер мен бейнелеу болады;
3)
әрбір пайдаланушыға қандай да бір әрекеттерді жасауға арналған
белгілі бір артықшылықтар (құқықтар) беріледі.
Реляциялық мәліметтер қорының әрбір пайдаланушысына
идентификатор – пайдаланушыны бірмәнді анықтайтын қысқаша атау
меншіктеледі. Коммерциялық, өнеркәсіптік мәліметтер қорларында
пайдаланушыға атауды мәліметтер қорының әкімшісі береді. Дербес ЭЕМ-
дарда мәліметтер қорында мәліметтер қорын
құрған пайдаланушының тек бір
ғана идентификаторы болуы мүмкін. Көптеген МҚБЖ-лар үшін
идентификатор ретінде операциялық жүйеде тіркелген пайдаланушылардың
атаулары қолданылады. Әдетте, пайдаланушы жұмыс алдында
идентификаторды және сонымен байланысты парольді енгізуі тиіс. Әртүрлі
пайдаланушылардың бірдей идентификаторлары болуы мүмкін.
Артықшылықтар. SQL стандарттарында төмендегідей артықшылықтар
анықталған:
оқуға (SELECT);
жазбаларды енгізуге (INSERT);
жазбаларды жоюға (DELETE);
жазбаларды өзгертуге (UPDATE).
CREATE TABLE және CREATE VIEW операторлары көмегімен кестені
немесе бейнелеуді құрған пайдаланушы автоматты түрде осы объектілердің
иесіне айналады және осыларға қатысты жоғарыда аталған барлық
артықшылықтарға ие болады. Кестенің немесе көрсетімнің иесі басқа
пайдаланушыларға осы мәліметтерге қол жеткізуге рұқсат ете алады. Ол
үшін GRANT операторы қолданылады, оның синтаксистік диаграммасы
төмендегідей (4.35-сурет)
GRAN
T
SELEC
T
INSERT
DELETE
UPDATE
(
баған атауы
)
,
,
ALL PRIVILEGES
ON
кесте
атауы
TO
пайдаланушы
атауы
PUBLI
C
WITH GRANT
OPTION
4.35-сурет. GRANT операторының синтаксистік диаграммасы
Командада PUBLIC кілттік сөзі артықшылықтарды әрбір
пайдаланушыға жекелеп берудің орнына, бірден барлық пайдаланушыларға
артықшылықтар беру үшін қолданылады.
Егер GRANT операторында WITH GRANT OPTION сөйлемі
көрсетілсе, онда артықшылықтарға ие болатын пайдаланушылар өз кезегінде
оларды басқа пайдаланушыларға беруі мүмкін.
Мысал
Smith агентіне өз артықшылықтарын басқа пайдаланушыларға ұсыну
мүмкіндігін беріп Orders кестесіне ақпаратты қосуға және
жоюға рұқса ету
GRANT INSERT, DELETE
ON Orders
TO Smith WITH GRANT OPTION
Артықшылықтардың күшін жою. Көптеген реляциялық МҚБЖ-ларда
GRANT операторы арқылы ұсынылған артықшылықтар REVOКE
операторының көмегімен алынып тастауға болады. REVORE операторының
синтаксистік диаграммасы төмендегідей (4.36-сурет)
4.36-сурет. REVOКE операторының синтаксистік диаграммасы
Мысал
REVOКE
SELECT
INSERT
DELETE
UPDATE
(
баған атауы
)
,
,
ALL PRIVILEGES
ON
кесте
атауы
FROM
пайдаланушыатауы
PUBLIC
,
Smith, Pol агенттерінің Orders кестесіне сұраныстар мен өзгерістер
енгізуге қатысты артықшылықтарын алып тастау.
REVOКE SELECT, UPDATE
ON Orders
FROM Smith, Pol
Бақылау сұрақтары:
1. SQL тілі қандай мәліметтерді өңдеу құралы болып табылады?
2. SQL қандай тіл болып табылады?
3. 1992 жылы SQL тілінің қандай стандарты пайда болды?
4. SQL тілінде белгісіз немесе анықталмаған мәліметтер қалай
белгіленеді?
5. SQL тілінің теориялық негізі не болып табылады?
6. SQL тілінің
функцияларын атаңыз
7. SQL тілінің қай операторы МҚ-ға қол жеткізуді басқарады?
8. SELECT, INSERT, DELETE, UPDATE операторлары не болып
табылады?
9. REVOКE операторы нені орындайды?
10. SQL тілінің алғашқы стандартын кім және қашан жасаған?
Әдебиеттер:
1. Бидайбеков Е.Ы., Елубаев К., Шекербекова Ш.Т.
Мәліметтер қоры
және ақпараттық жүйелер. Алматы., 2010.
2. Глушаков С.В., Ломотько Д.В. Базы данных.-Харковь: Фолио;
М.:ООО «Издательство АСТ», 2002.
3. Хомоненко А. Д., Цыганков В. М., Мальцев М. Г. Базы данных.
Учебник для высших учебных заведений. Под редакцией проф. А. Д.
Хомоненко. – Санкт-Петербург: «КОРОНА
Қосымша әдебиеттер
1. Б. Бурибаев, Р. Дузбаева, А. Махметова. Основы информатики и
вычислительной техники. Сборник задач и упражнений. Алматы: «Мектеп»,
2005.
8 Зертханалық сабақтардың мазмұны
Зертханалық жұмыс №1
Тақырып: MS ACCESS МӘЛІМЕТТЕР ҚОРЫН БАСҚАРУ
ЖҮЙЕСІ
Мақсаты: MS Access МҚБЖ-мен танысу.
Мәліметтер қорын басқару жүйелерінің (МҚБЖ) барлық классикалық
қасиеттеріне Microsoft Access МҚБЖ ие. Microsoft Access - МҚБЖ ішіндегі
ең қарапайымы, қолайлысы. Access-тің ең қуатты құралдарына шеберді
жатқызуға болады. Шебер көмегімен кестелер, сұраныстар, формалар құруға,
электронды кестелерді енгізуге, мәліметтер құрылымдарын талдауға,
қосымшалар құрып, олардың жылдамдықтарын арттыруға болады.
Қосымшалардың жұмысын автоматтандыру үшін макростар қолданылады.