Құрастырушы: аға оқытушы Алимова Ж. С



жүктеу 3,39 Mb.
Pdf просмотр
бет47/64
Дата20.01.2020
өлшемі3,39 Mb.
#27116
түріБағдарламасы
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   64

қадамында   сұрыптау   өрісін,   яғни  Түсі  (Цвет)  өрісін   тағайындайық   (111
сурет).  Нәтижелер  (Итоги)  батырмасын шертіп, осы топ үшін қандай өріс
бойынша қорытынды есептеулер жүргізілетінін және есептеулердің қай түрі
жүргізілетінін көрсетуге болады. 112 суреттен бұл өрістің Қуаттылығы өрісі
екенін және онда орташа мән есептелінетінін көреміз. Сондай-ақ, басылымда
нәтиже де, мәліметтер  де  көрсетілетіні  жайлы   мағлұмат  беретін жалауша
белгіленген.   Сұхбаттасудың   келесі   қадамында   басылымның   түрі   –   «1
құрылым»   («структура   1»)   ретінде   таңдалып   алынғаны   көрініп   тұр   (113
сурет). Бұдан ары басылымның стилі – «белгіленген» («выделенный») деген
жол белгіленген (114 сурет). Соңғы қадамда басылымның аты енгізіледі (115
сурет).   Сонымен,   «Авто»   кестесінің   бастапқы   көрінісі   55-суретте,   ал   одан
жасалған басылым 116-суретте көрсетілген.
Сұхбаттасу   кезінде   басылымды   басқаша   етіп   те   құруға   болады.
Мысалы,   басылымдарға   бірнеше   кестелер   мен   сұраныстардан   алынған
өрістер   енгізуге,   топтастыру   ісін   жүргізбеуге,   топтастыру   жүргізілгенде,
оның әртүрлі аралықтарын таңдауға, топ ішінде сұрыптау жүргізу үшін бір
немесе бірнеше өрістерді таңдап алуға мүмкіндіктер бар.  Бұларға қосымша
қорытынды нәтижелер есептеу үшін бір немесе бірнеше өрістер тағайындап,
сондай-ақ,   тек   нәтижелерден   ғана   тұратын   басылымдар   да   жасауға,   яғни
басылымдардың түрі мен стилін таңдауға болады.
108 сурет. Басылым үшін кестелер мен өрістер таңдау
109 сурет. Жазбаларды топтастыру үшін өрістер таңдау


110 сурет.  Топтастыру кезіндегі аралықтарды тағайындау
111 сурет. Сұрыптау өрісін таңдау
112 сурет. Нәтижелерді шығару тәсілін беру
113 сурет. Жоба түрін таңдау


114 сурет. Басылым стилін таңдау
115 сурет. Басылым атын енгізу
116 сурет. «Авто» басылымы бейнесі
         
7.3 Автобасылым  режимінде басылым жасау


           Автобасылым: бағанаға (Автоотчет: в столбец) режимі беттегі
барлық   өрістерді   бір   бағанға   (колонкаға)   орналастыру   мүмкіндігін   береді,
кесте аты басылымның тақырыбы ретінде қолданылады, әрбір беттің төменгі
жағында күн-ай мерзімі, бет нөмірі және басылым беттерінің жалпы саны
орналастырылады.  117-суретте «Авто иесі» кестесі үшін жасалған басылым
көрсетілген.
               Автобасылым:   таспалық  (Автоотчет:   ленточный)  режимі
өрістерді беттің жоғарғы жағына солдан оңға қарай бағаналар аттары ретінде
орналастыруға мүмкіндік береді. Басылым альбомдық бағытта жасалады, бір
бетке   бағаналардың   мүмкіндігінше   ең   көп   (максимум)   саны   шығарылады,
мұндайда бағана аттары қысқартылып та алына береді.   Ал басқа бағаналар
келесі   беттерге   басылатын   болады.
 118-суретте 
«Авто   иесі»
(«ВладелецАвто»)   кестесі   үшін   жасалған   осындай   басылым   бейнесі
көрсетілген.
117 сурет– Автобасылым: бағанаға (Автоотчет: в столбец) режимінде
жасалған басылым көрінісі
          
118 сурет. Автобасылым: ленталық (Автоотчет: ленточный) 
режимінде жасалған басылым көрінісі
                             7.2 Конструктор режимінде басылымдар жасау 


          Конструктор режимі  басылымдар жасау үшін де, әрі оларды 
түзету үшін де қолданыла береді. Мұнда басылымның мынадай бөлімдері 
бар: 
                   - басылым тақырыбы  – тек басылымның бас  жағына  ғана
шығарылады,   мұнда   басылым   жобасының   тақырыбындағы   мәтін
орналастырылады;
          - жоғарғы колонтитул - әрбір беттің жоғарғы жағына шығарылып
отырады, мұнда тақырып, күн-ай мерзімі және беттер нөмірі жазылады;
                   - мәліметтер аймағы – кестенің немесе сұраныстың жазбасы
орналасып, мұнда қайталанбайтын мәндері бар өрістер де тұрады;
          - төменгі колонтитул - әрбір бетің төменгі жағына шығарылады;
          - басылымның ескертпесі – тек басылымның соңына жазылады.
Мұндай  бөлімдердің болуы немесе  оларды қосу мен алып тастау  ісі
меню   қатарының
 Түр/Колонтитулдар 
(Вид/Колонтитулы)   және
Түр/Тақырып/Басылым   ескертпесі  (Вид/Заголовок/Примечание   отчета)
командалары арқылы жүзеге асырылады. Басылым құру кезінде терезелерді
тұтынушыға   керекті   басылым   жобасына   сәйкес   элементтермен   толтыру
қажет.   Өрістер   бойынша   жазбаларды   топтастыру   қажет   болғанда,   топтар
бойынша қорытынды нәтижелер мәндері орналастырылатын Топ тақырыбы
(Заголовок группы) және Топ ескертпесі (Примечание группы) бөлімдері
қосылуы   мүмкін.   Ол   үшін  Сұрыптау   және   топтастыру  (Сортировка   и
группировка)  батырмасын   шертіп   топтастырылатын   өрісті   таңдап   алып,
содан   соң   топтастырылу   өрісін   тағайындап,   оның   қасиеттеріндегі  Топ
тақырыбы  қатарына  Иә  (Заголовок   группы   –   Да)   және  Топ   ескертпесі
қатарына да Иә (Примечание группы – Да) деген белгілерді орнату қажет.
Шығарылатын   жазбаларды   10   деңгейге   шейін   топтастыруға   болады.
Басылымдар конструкторы терезесі 119-суретте көрсетілген.
119 сурет. Басылымдар конструкторы терезесі
         
             Саймандар тақтасында Формалар конструкторындағы сияқты
батырмалар   бар.  Басылым   бөлімдері   элементтері   болып   саймандар
тақтасының   тиісті   батырмалары   арқылы   жасалатын   жазулар   мәтіндері,
енгізілетін   объектілер,   сызықтар,   тік   төртбұрыштар   және   т.б.   табылады.
Өрістерді   орналастыру   үшін  Өрістер   тізімі  (Список   полей)  батырмасы
қолданылады. Жазулар жасау үшін Жазу (Надпись) батырмасын қолданады.
Басылымға есептелінетін мәнді орналастыру үшін  Өріс (Поле)  батырмасын
басып,  басылымның   керекті   жеріне  Бос  (Свободный)  элементін


жүктеу 3,39 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   64




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау