6 тапсырма
1. Мәліметтер базасы терезесінде
Басылымдар (Отчеты) парағына
кіріп,
Жасау (Создать) батырмасын басу.
2.
Автобасылым: таспалық (
Автоотчет: ленточный) режиміне кіру.
3. Бір кесте негізінде басылым жасау және алынған басылымды қарап
шығу (118 сурет).
7 тапсырма
1. Мәліметтер базасы терезесінде
Басылымдар (Отчеты) парағына
кіріп
, бұрын жасалған басылымдардың бірін таңдап алып,
Конструктор
режиміне кіру.
2. Басылымға керекті өзгерістер енгізу, мысалы, қаріптің көлемін,
фонның және әріптердің түсін, тақырыптың түрін өзгерту, сурет енгізу және
т.б..
3. Алынған басылымды қарап шығу. Егер басылымның түрі
қанағаттанарлықтай болмаса, тағы да өзгерістер енгізу.
4. Осы әрекеттерді басқа басылымдарға да қолданып шығу.
8 тапсырма
1. Көп кестелі басылым құрылатын кестелерді таңдап алу.
2. Басты кесте үшін басылым жасау немесе бұрын құрылған
басылымды қолдану (124 суретті қ.).
3. Бағынышты кесте үшін басылым жасау немесе бұрын құрылған
басылымды қолдану (123 суретті қ.).
4. 2-қадамда құрылған басылымда бағынышты басылым
орналастырылатын аймақ құру және қандай басылым шығарылатынын
көрсету.
5. Алынған басылымды қарап шығу (122 сурет).
6.
Конструктор режиміне кіру
және құрылған көп кестелі басылымға
қажетті өзгерістер енгізу. Алынған басылымды қарап шығу.
7. Көп кестелі басылым құруды басқа кестелер үшін де орындап шығу.
Бақылау сұрақтары:
1. Басылым не үшін қажет?
2. Басылымдар жасаудың қандай режимдерін білесіздер?
3. Басылымдар шебері (
Мастер отчетов) режимі басылымдар үшін
өрістер таңдаудың қандай мүмкіндіктерін береді?
4. Басылымға қандай элементтерді енгізуге болады?
5. Басылымдар шебері режимінде басылымдардың қандай сыртқы
түрлері мен стильдерін құруға болады?
6. Басылымда жазуларды топтастырудың қандай қажеттілігі бар?
7. Топтастыру аралығын қалай беруге болады?
8. Автобасылым: бағанаға (
Автоотчет: в столбец) режимі басылым
құруда қандай мүмкіндіктер береді?
9. Автобасылым: таспалық (
Автоотчет: ленточный) режимі
басылым құруда қандай мүмкіндіктер береді
?
10. Конструктор режимінің басылым құруда қажеттілігі қандай?
11. Басылым құру үшін
Конструктор режиміне қалай кіруге болады?
12. Басылымды түзету кезінде
Конструктор режимі қандай
мүмкіндіктер береді?
13. Басылымда жазу (надпись) фоны мен мәтінінің түсін қалай
өзгертуге болады?
14. Өрістің қарпін, қаріптің көлемін, қанықтылығын және т.б. осылар
сияқты параметрлерді қалай өзгертуге болады.?
15. Басылымға суретті қалай енгізеді?
16. Access-те көп кестелі басылымдар жасаудың қандай тәсілдері бар?
17. Негізгі және бағынышты басылымдардан шығаратын көпкестелі
басылымдарды қалай жасайды?
18. Басылымды қарап шығу?
19. Беттің параметрлері қалай өзгертіледі?
20. Басылымды қалай сақтайды?
Зертханалық жұмыс №7
Тақырыбы: Б
АСҚАРУ ЭЛЕМЕНТТЕРІМЕН ЖҰМЫС ЖАСАУ
ЖӘНЕ МАКРОС ҚҰРУ.
Мақсаты: MS Access МҚБЖ-де форма құру режимдерімен танысу.
Басқару элементтерімен жұмыс жасап үйрену. Формамен макростар
арасында байланыс орнату.
Форма – көрнекі түрде берілген ақпараттар жиыны.
Макрос - арнайы тілде жазылған макрокомандалар жиыны.
МҚ жұмыс
жасағанда дайын макрокомандаларды қолдану арқылы МҚ жүйелі ету
мүмкіндігі бар.
Форма құрудың төрт түрі бар:
Конструктор
Форма шебері (Мастер форм)
Автоформа (баған бойынша, ленталық, кестелік, қиылысқан
(сводная) кесте, қиылысқан диаграмма)
Диаграмма
Келесі терезеде көрсетілген (Сурет 20).
Сурет 20. Жаңа форма құру терезесі
1.
Форма шебері арқылы тСТУДЕНТЫ кестесіне форма құрайық. Ол
үшін ашылған терезеден форма шеберін және кесте атын таңдаймыз. ОК
батырмасын басамыз.
2.
Келесі ашылған терезеде форма құруда керек өрістерді таңдаймыз
(Сурет 21).
Сурет 21. Форма құрудың екінші қадам терезесі
3.
Суретте көрсетілген 3 өрісте таңдаңыз. Ары қарай батырмасын
басыңыз (Сурет 22).
Сурет 22. Үшінші қадам терезесі.
4.
Ленталық түрін таңдап ары қарай батырмасын басыңыз (Сурет 23)
Сурет 25. Конструктор режимінде ашылған форма
7.
Бұл терезеде тСТУДЕНТЫ кестесінің өрістер тізімі, форма шебері
арқылы құрған формамыз және Элементтер тақтасы (Панель элементов)
көріп тұрмыз. Элементтер тақтасында басқару элементтері орналасқан.
8.
Аталған тақтадан Батырма (Кнопка) элементін таңдап алып, форма
Форма ескертулерінен (Примечание формы) төмен орналастырыңыз. Келесі
терезе ашылады (Сурет 26).
Сурет 26. Батырма құру терезесі
9.
Батырманың қызметін анықтау үшін, біз Категориялар өрісінен
қажет категорияны таңдаймыз. Ол - формалармен жұмыс (работа с формой).
Категорияны таңдағанда сәйкес әрекеттері ашылады.
10. Ол жерден Форманы жабу (Закрыть форму) әрекетін таңдаймыз.
Ары қарай батырмасын басыңыз (Сурет 27)