99 сурет– Қосымша өрістерді көрсету
100 сурет– Сұранысқа ат беру
101 сурет– Сұраныс арқылы алынған қайталанатын жазбалар
6. Бағынышты емес жазбалар
режимінде жұмыс істеу
Бағынышты емес жазбалар (Записи без подчинения) режимі бір
кестедегі жазбалар ішінен олардың басқа кестелерде бағынышты жазбалары
жоқтарын іздеуге арналған сұраныс құратын арнайы Шеберді іске қосады.
Мысалы, жоғарыда екі кесте қарастырылған болатын: Авто иесі - негізгі,
Авто – бағынышты кесте. Бұл сұраныс өз автомобильдері жайлы
мағлұматтары жоқ автомобиль иелерін табуға мүмкіндік береді. Егер мұндай
жазбалар табылса, онда олар автомобиль иелері емес немесе олардың
автомобильдері жайлы мағлұматтар енгізу қажет.
Бағынышты емес жазбалар режимінде сұраныс құру мысалын
қарастырайық. 102-суретте негізгі кесте таңдауға арналған сұхбаттасудың
бірінші қадамы көрсетілген – мысалда «Зауыт» кестесі таңдалып алынған.
Сұхбаттасудың екінші қадамында бағынышты жазбасы жоқ жазбалар
ізделінетін бағынышты кесте таңдалады, ол – «Авто» кестесі (103 сурет).
Үшінші қадамда кестелердің бір-бірімен байланысын қамтамасыз етіп тұрған
өрістер таңдалады (104 сурет). «Зауыт» кестесінде де, «Авто» кестесінде де
ол – Зауыт коды өрісі. 105-суретте келтірілген «Зауыт» кестесінің жазбалары
үшін «Авто» кестесінде бағынышты жазбалар табылмаған. «Авто»
кестесінің бастапқы түрі 88-суретте, ал «Зауыт» кестесінің бастапқы түрі 106-
суретте көрсетілген.
102 сурет– Бағынышты емес жазбалар сұранысы үшін кестелер
таңдау
103 сурет– Бағынышты кесте таңдау
104 сурет– Кестелердің арасындағы байланысу өрісін таңдау
105 сурет– Бағынышты емес жазбалар сұранысы арқылы алынған
мәліметтер
106 сурет– «Зауыт» кестесінің бастапқы түрі
Мәліметтер өңдеуге арналған тапсырмалар
Лабораториялық жұмыс алдында мыналарды орындап алу қажет:
1) қолдағы барлық кестелер үшін іздеу сұраныстарының көптеген
нұсқаларын жасау;
2) осы сұраныстарды құрудың әр түрлі режимдерін пайдалну, сұраныс
бланкын толтырудың барлық мүмкіндіктерін қолдану;
3) сұраныстарды өңдеуге арналған Сұраныс (Запрос) менюінің
мүмкіндіктерін зерттеу;
4) құрылған сұраныстар жұмысын оларды орындау арқылы тексеру,
сұраныстар жұмысы қанағаттанарлықтай болмаған жағдайда, оларға тиісті
өзгерістер енгізу.
Лабораториялық жұмыс 3-5 сабаққа арналған.
Access-тің
мүмкіндіктерін зерттеу барысында жоғарыда қарастырылған сұраныстар
жасаудың барлық режимдерін меңгеру қажет.
1 тапсырма
1. Мәліметтер базасы терезесіне кіріп, Сұраныстар (Запросы)
парақшасындағы Жасау (Создать) батырмасын шерту.
2. Қарапайым сұраныс (Простой запрос) режимін таңдау.
3. 85-87 суреттерде көрсетілгендей қарапайым сұраныс құру
қадамдарын толық орындап шығу.
4. Алынған мәліметтерді қарап шығу (88 суретті қ.).
2 тапсырма
1. Мәліметтер базасы терезесіне кіріп, Сұраныстар парақшасындағы
Жасау (Создать) батырмасын шертіп, Қарапайым сұраныс режимін таңдау.
2. Белгілі бір өрістерінде қайталанып келетін мәндері бар кестені
таңдау (Маркасы, Түсі өрістері секілді).
3. Қарапайым нәтижелік (итоговый) сұраныс жасау. Ол үшін
сұхбаттасудың екінші қадамында (86 сурет қ.) Қорытындылар (Итоги)
батырмасын басу.
4. Ашылған сұхбаттасу терезесіндегі сандық өрістер үшін қорытынды
мәндерді есептеуді енгізу (89 сурет қ.).
5. Алынған мәліметтерді қарап шығу керек (90 сурет қ.).
6. Бастапқы кесте үшін «Жазбаларды санау» («Подсчет записей»)
қатарына жалауша қойып, 5-7 параграфтарда көрсетілгендей қорытынды
сұраныс құру қажет (89 сурет қ.).
7. Алынған мәліметтерді қарап шығу керек (90 сурет қ.).
3 тапсырма
1. Мәліметтер базасы терезесіне кіріп, Сұраныстар парақшасындағы
Жасау (Создать) батырмасын шертіп, Конструктор режимін таңдау.
2. Сұраныс құруға қажетті кестені таңдау.
3. Осы сұранысты құру сұхбат терезесінде керекті өрістердің
барлығын көрсету.
4. Белгілі бір өріс мәліметтерін олардың өсуі бойынша реттеп
сұрыпталатындай етіп орналастыру.
5. Сұранысты сақтап, алынған мәліметтерді қарап шығу.
6. Таңдау шарты (Условие отбора) қатарына кестеден жазбаларды
таңдау критериін енгізіп, сұранысты өзгерту, мысалы, Түсі өрісі үшін «ақ»
мәнін көрсету (72 сурет қ.).
7. Сұранысты сақтап, алынған мәліметтерді қарап шығу (73 сурет қ.).
8. Немесе (Или) қатарын қолданып, жазбаларды кестеден таңдау
шартын күшейту, мысалы, Түсі өрісі үшін «ақ» мәнін, ал Маркасы өрісі
үшін «Жигули» мәнін көрсету.
9. Сұраныс сақтап, алынған мәліметтерді қарап шығу.
10. Жазбаларды кестеден таңдау шартын өзгерте отырып, осы сияқты
әрекеттерді бірнеше рет қайталап орындау.
4 тапсырма
1. Мәліметтер базасы терезесіне кіріп, Сұраныстар парақшасындағы
Жасау (Создать) батырмасын шертіп, Конструктор режимін таңдау.
2. Сұраныс құру үшін екі немесе одан да көп байланысқан кестелерді
таңдау.
3. Бірнеше кестелерден таңдап ала отырып, осы сұранысты құру сұхбат
терезесінде керекті өрістердің барлығын көрсетір шығу.
4. Өрістердің біреуіне сұрыптау шартын енгізу.
5. Сұранысты сақтап, алынған мәліметтерді қарап шығу.
6. Таңдау шарты (Условие отбора) қатарына кестеден жазбаларды
таңдау критериін енгізіп, сұранысты өзгерту.
7. Сұранысты сақтап, алынған мәліметтерді қарап шығу.
8. Жазбаларды кестеден таңдау шартын өзгерте отырып, осындай
әрекеттерді бірнеше рет қайталап орындау.
Достарыңызбен бөлісу: |