Құрастырушы: аға оқытушы Алимова Ж. С


 Қарапайым сұраныстар жасау



жүктеу 3,39 Mb.
Pdf просмотр
бет38/64
Дата20.01.2020
өлшемі3,39 Mb.
#27116
түріБағдарламасы
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   64

3. Қарапайым сұраныстар жасау
Қарапайым сұраныс  режимінде сұраныс құру үшін осыған арналған
Шебер  іске қосылады, ол өзара байланысқан кестелер мен сұраныстардың
керекті   өрістерін   таңдап   алу   негізінде   жасалады.  Сұраныстың   осылай
дайындалған   бланкында   таңдап   алу   шарттары   мен   есептелетін   өрістер
жасалмайды.  Алайда   жазбаларды   топтастырып,   осы   топтардың   әрқайсысы
үшін олардың қосындысын, орташа мәнін, минимумы мен максимумын және
топтағы   жазбалар   санын   анықтап,   нәтижелік   (итоговый)   сұраныс   құру
мүмкіндігі бар. 
Қарапайым   сұраныс   құру   мысалын   қарастыралық.  85-суретте
қарапайым   сұраныс   құру   кезіндегі   сұхбаттасудың   бірінші   қадамы
көрсетілген.  Мұндағы   өрістер  «Авто»  кестесінен   алынады.  Олар  Нөмірі,
Маркасы,  Бағасы,  Қуаты  және  Сатып алынған мерзімі  өрістері.
Сұхбаттасудың екінші қадамында (86 сурет) сұраныстың қандай болатыны –
жазбалардың   барлығы   шығарылатын   көрнекті   (подробный)   ме,   әлде
нәтижелік   (итоговый)   пе,   сол   көрсетіледі.  Мысалда   көрнекті   басылым
келтірілген. Сұхбаттасудың үшінші қадамында сұраныстың аты енгізіледі (84
сурет).  85-суретте   қарастырылып   отырған   қарапайым   сұраныс   негізінде
«Авто» кестесінен алынған мәліметтер көрсетілген.
85 сурет– Қарапайым сұраныс үшін өрістер таңдау
86 сурет– Қарапайым сұраныс түрін таңдау


87 сурет– Қарапайым сұранысқа ат беру
 
88 сурет– Қарапайы сұраныс негізінде алынған мәліметтер
Енді   қарапайым   сұраныс   арқылы   қорытынды   нәтижелер   құрастыру
кезіндегі   мәліметтер   түрінің   өзгеруін   қарастырайық.  Қарапайым   сұраныс
қайтадан «Авто» кестесі негізінде тұрғызылады, оның ТүсіБағасыҚуаты
өрістерін   таңдап   алайық.   Сұхбаттасудың   екінші   қадамында   (83-сурет)
сұраныстың   нәтижелік   сұраныс   болатынын   көрсетеміз.  Қорытындылар
(Итоги)  батырмасын   басып,  Бағасы  өрісі   үшін   қосынды,  ал  Қуаты  үшін
орташа мәні есептелінетінін көрсетеміз (89 сурет). Оның үстіне  «Жазбалар
санын   анықтау»   («Подсчет   числа   записей»)  қатарындағы   жалаушаны
белгілеп   қоямыз.   90-суретте   «Авто»   кестесінен   нәтижелік   қарапайым
сұраныс   негізінде   алынған   мәліметтер   көрсетілген.   Мұнда   қорытынды
нәтижені   қайталанатын   мәндері   бар   мәліметтер   үшін   есептеген   жөн.   90-
суреттен «Авто» кестесінде  Түсі  өрісінде мәні «ақ» болып келетін 4 жазба
бар екендігі көрініп тұр.
89 сурет– Қарапайым сұраныс үшін нәтижелік мәндер  беру


90 сурет– Қарапайым нәтижелік сұраныс бойынша алынған мәліметтер
4. Айқасқан сұраныстар құру
Айқасқан   сұраныс   (Перекрестный   запрос)  режимі  мәліметтерді
жинақы   түрде   электрондық   кесте   форматында   көрсету   үшін   айқасқан
сұраныстар   құратын  Шеберді  іске   қосады.  Шебердің   1-терезесінде   –
айқасқан сұраныс құруға негіз болаптын сұраныс немесе кесте көрсетіледі. 2-
терезеде   –   жолдар   тақырыбы   ретінде   қолданылатын   өрістерді,    ал
үшіншісінде   –   бағаналардың   тақырыбы   ретінде   қолданылатын   өрістерді
көрсету керек.   4-терезеде есептеулер жүргізілетін өрістер мен есептеу түрі
беріледі.  Алдын ала келісім бойынша мәліметтердің орташа мәнін есептеу
тағайындалған, алайда басқа да есептеу түрлерін де беруге болады (Топтық
операция   –  Групповая       операция  қатары   арқылы).    Соңғы   терезеде
сұраныстың   аты   енгізіледі.    Бұл   режим   екі   немесе   одан   да   көп   өрістерде
берілген ақпараттарды талдауға  арналған.
Айқасқан   сұраныс   құру   мысалын   қарастырайық.  91-суретте   сұраныс
құруға   қажетті   кестені   сұрайтын   («Авто»   кестесі)   сұхбаттасудың   бірінші
қадамы келтірілген. Екінші қадамда жолдардың тақырыбы ретінде алынатын
өріс   таңдалады  –  ол  Маркасы  өрісі  (92  сурет).  Үшінші   қадамда
бағаналардың тақырыбы ретінде алынатын өріс таңдалады – ол Түсі өрісі (93
сурет).  Сұхбаттасудың   төртінші   қадамында   есептеулер   жүргізілетін   өріс
(Бағасы  өрісі)  және есептеу функциясы (қосындысын шығару) көрсетіледі
(94  сурет).  Сұхбаттасудың соңғы қадамында сұраныстың аты енгізіледі  (95
сурет).  96-суретте   «Авто»   кестесінен   айқасқан   сұраныс   негізінде   алынған
мәліметтер   көрсетілген.  «Авто»   кестесінің   бастапқы   түрі   88-суретте
келтірілген.
91 сурет– Айқасқан сұраныста кесте таңдау


92 сурет– Жолдар тақырыбы ретінде қолданылатын өрісті таңдау
93 сурет– Бағаналар тақырыбы ретінде қолданылатын өрісті таңдау
94 сурет– Есептелінетін өрісті таңдау
95 сурет– Айқасқан сұранысқа ат беру


96 сурет– Айқасқан сұраныстан алынған мәліметтер
5. Қайталанатын жазбалар 
режимінде жұмыс істеу
Қайталанатын жазбалар (Повторяющиеся записи) режимі қайталана-
тын   өрістері   бар   жазбаларды   іздеуге   арналған   сұраныс   жасайтын   арнайы
Шеберді  іске   қосады.  Шебер  сарапталатын   кестені   таңдауға,   мәндердің
қайталануы тексерілетін өрістер атын беруге, қайталанатын өрістермен қатар
экранға   шығарылатын   басқа   да   өрістерді   де   таңдауға   мүмкіндік   береді.
Сұраныс кестенің таңдалған өрістерінде ең болмағанда бірдей екі мәні бар
жазбаларды анықтап, оларды сұрыптап шығарады.
Қайталанатын   жазбалар  режимінде   сұраныс   құру   мысалын
қарастыралық. 97-суретте бастапқы кестені таңдауға арналған сұхбаттасудың
бірінші   қадамы   көрсетілген   –   мұнда   «Авто»   кестесі   таңдалады.   Екінші
қадамда   мәндерінің   қайталануы   тексерілетін   өріс   –  Маркасы  өрісі
көрсетіледі (98 сурет). Үшінші қадамда негізгі өріспен қатар шығарылатын
қосымша өріс көрсетіледі – ол Нөмірі өрісі (99 сурет). Сұхбаттасудың соңғы
қадамында оның аты енгізіледі (100 сурет). 101-суретте «Авто» кестесінен
осы   сұраныс   негізінде   алынған   мәліметтер   жиыны   көрсетілген.   «Авто»
кестесінің бастапқы түрі 88-суретте келтірілген.
       
97 сурет– Бастапқы кестені таңдау
98 сурет– Мәндерінің қайталанатыны тексерілетін өріс атын беру


жүктеу 3,39 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   64




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау