ПӘНІНЕН ТЕСТ СҰРАҚТАРЫ
I вариант
Экономикалық әлеуметтану пәні
а/. қоғамның әлеуметтік жіктелуін зерттейді
б/. экономикалық дамудың әлеуметтік аспектілерін зерттейді
в/. экономикалық дамудың жалпы заңдарын зерттейді
г/. экономикалық өзгерістерді зерттейді
Экономикалық әлеуметтану пәнінің зерттеу әдістері
а/. анкеттік сұрау әдістері
б/. бақылау әдістері
в/. құжаттарды сұрау әдістері
г/. жоғарыдағылардың бәрі
Адамның қоғамдағы мәртебесі мен оның мүліктік жағдайының өзара байланыстарын тұжырымдаған ойшыл кім ?
а/. О.Конт
б/.Э.Дюркгейм
в/. К.Маркс, М.Вебер
Экономикалық мәдениет дегеніміз не ?
а/. ұлттық құндылықтардың ұрпақтарына берілу үрдісі
б/. экономикалық қарым-қатынастар тәжірибесі
в/. өнеркәсіп орындарын ашу
г/. әр түрлі іскерлік ойындар ұйымдастыру
Еңбеккерді өз еңбегінің жемісіне қызықтыру қажеттігін ғылыми тұжырымдаған зерттеуші кім ?
а/. О.Конт
б/. М.Вебер, Э. Дюркгейм
в/. Т.Парсонс, Р.Мертон
г/. Ф. Тейлор
Адам еңбегін технико-технологиялық құралдармен алмастырудың өнеркәсіптік тиімділігін дәлелдеуге бағытталған ғылыми тұжырым
а/. техноцентристік тұжырым
б/. антропоцентристік тұжырым
Адам еңбегінің биологиялық және әлеуметтік қорларын жұптастырып көрсету қажет
I. биологиялық қорлар А. түсінік, талпыныс, еліктеу
II. әлеуметтік қорлар Б. реакция, ұғымдылық, ысылғандық
а/. I -Б II-А б/. I -А II-Б
Адам денсаулығына әсер ететін санитар-гигиеналық факторлар
а/. өнеркәсіп орнының эстетикалық көркемдеуі
б/. техникалық қауіптілік мүмкіндігі
в/. вибрация, жұмыс орнының ластығы, салқын тиіп ауру қаупі
Еңбеккерді әлеуметтік-психологиялық даралық ретінде зерттеу тұжырымдамасының негізін қалаған кім ?
а/. Н. Смелзер
б/. Э. Мейо
в/. Г. Гарфинкель
г/. Р. Парк
Ф.Тейлордың пікірінше адам өзінің діни, саяси, адамгершілік құндылықтарын
а/. өнеркәсіп қақпасының сыртында қалдыру қажет
б/. кәсіпорын ұжымына белсенді негіздеуге тырысу қажет
Ақысы көп жұмыс іздейтін жұмысшы күшінің еркіндігі мен икемділігінен туындайтын жұмыссыздық қалай деп аталады ?
а/. фрикциялық жұмыссыздық
б/. циклдық жұмыссыздық
в/. құрылымдық жұмыссыздық
Тиісті білімі немесе әзірлігі жоқ еңбек қорларының тым көбеюі әсерінен пайда болатын жұмыссыздық қалай аталады ?
а/. фрикциялық жұмыссыздық
б/. циклдық жұмыссыздық
в/. құрылымдық жұмыссыздық
Әлеуметтік инфрақұрылым дегеніміз не ?
а/. Адам тұтынысын қанағаттандыратын табиғи құрылымдар
б/. Адам тұтынысын қанағаттандыратын жасанды құрылымдар
Әлеуметтік инфрақұрылым термині ғылымға қашан енді ?
а/. Х1Х ғ. аяғы
б/. ХХ ғ. 40-50 ж.ж.
в/. ХХ ғ. аяғы
Адамдардың тұрмыс деңгейі немен анықталады ?
а/. елде салынған құрылыстармен
б/. қоғам мүшелері тұтынатын тауарлармен
в/. елдің қорғаныс қабілетімен
г/. бай адамдардың қайырымдылық істерімен
Қалаларды өнеркәсіптік және тұрғылықты зоналарға бөлу идеяларын тұңғыш көтерген зерттеушілер?
а/. Э. Мейо, Р. Парк
б/. Г. Гарнье, Э. Ховард
в/. Н.Смелзер, Г. Мид
Қала құрылымдаушы факторлар
а/. балабақша, институт, мектеп
б/. өнеркәсіп, байланыс, көлік
в/. әлеуметтік қорғау, құқық қорғау органдары
Көші-қон үрдісі қала құрылымына ең алдымен әсер етеді
а/. әлеуметтік егестер туындауына
б/. еңбекке қабілетті тұрғындардың кәсіби құрылымына
в/. демалу, көңіл көтеру орындарының көбеюіне
Ресейде шаруалардың әлеуметтік-экономикалық жағдайын зерттеу негізін қалаған кім ?
а/. Столыпин Д.А.
б/. Энгельгорут А.Н.
в/. Чернов В.М.
Неміс ғалымы Ф. Теннистің пікірінше ауыл тұрғындарының әлеуметтік мәдени түсініктері қандай негізде құрылады ?
а/. жалпы адамзаттық, зиялы негізде
б/. дәстүр, салт негізінде
Ауыл тұрғындары арасында шаруашылық жүргізу әдістері негізінен қалай топтасады?
а/. кәсіби бірлік, түсініктік негізде
б/. туыстық, отбасына қажеттілік негізінде
Фермер шаруашылықтың қай түріне жатады?
а/. ұжымдық шаруашылық
б/. мемлекет үлесі бар біріккен шаруашылық
в/. жеке шаруа қожалығы
Жер ерекшелігінің табиғи-жаратылыстық кейпін адам қолымен өзгертіп жетілген өнеркәсіптік, ауылшаруашылық түрге айналдыру қажеттігін жақтайтын теория
а/. консервационизм теориясы
б/. экологизм теориясы
в/. утилитаризм теориясы
Адамдардың ортақ әлеуметтік-экономикалық мақсаттарға қол жеткізу үшін ерікті түрде әлеуметтік бірлікте жұмыс істеуі
а/. тәуелділік
б/. меншік
в/. бәсеке
г/. ынтымақтастық
Адамдардың әлеуметтік өмірі мен мәртебесін үлкен өзгеріске түсіретін, мемлекет меншігіндегі мүліктерді сату үрдісі
а/. инвестиция салу
б/. жекешелендіру
в/. ұжымдастыру
г/. экономикалық қорлану
Социализация үрдісі дегеніміз не ?
а/. адамның мүлік жинауы
б/. адамның оқу-тәжірибе жинауы
в/. қоғамның даму үрдісі
Қоғамның, саяси, әлеуметтік-экономикалық өмірінде әйелдер белсенділігін көтеруге бағытталған қоғамдық қозғалыс қалай деп аталады ?
а/. саяси партиялар
б/. азаматтық қозғалыстар
в/. феминистік қозғалыс
г/. қоғамдық саяси ұйымдар
Отбасының экономикалық қызметі
а/. саяси оқиғаларға бірлесіп қатысу
б/. бала тәрбиесі
в/. бірлесіп меншік жинап, шаруашылық жүргізу
г/. бір қызметте істеу
Отбасының қай түрі нарықтық қатынастар жағдайында орын ауыстырып отыруға ыңғайлы?
а/. нуклеарлық отбасы
б/. кеңейтілген отасы
Майорат құқығы нені білдіреді ?
а/. меншіктің кіші ұл балаға мұраға қалуы
б/. меншіктің балалар арасында тең бөлінуі
в/. меншіктің үлкен ұл балаға мұраға қалуы
г/. экономикалық қорлану
Американ социолог-маманның К.Линдблом пікірінше Үкімет көмегіне сүйенген нарықтық-экономикалық жүйе қалай деп аталады ?
а/. дәстүрлі жеке кәсіпкерлік жүйесі
б/. үкімет субсидия жасап отыратын кәсіпкерлік жүйесі
в/. мемлекеттік кәсіпкерлік
г/. жоспарлы экономика
Трансұлттық корпорация дегеніміз не ?
а/. бір өнім түрін шығаратын ірі фирма
б/. кәсіпорындар одағы
в/. бірнеше елдерде жұмыс істейтін фирмалар бірлестігі
Американ социолог-маманы Киндлебергер шет елдерде жұмыс істейтін кәсіпорындардың үш түрін көрсетті. Осылардың ішінде өзі барған елдің шикізат қорын пайдаланып, тез пайда табуға бағытталғаны қайсысы ?
а/. шет елде жұмыс істейтін мемлекеттік кәсіпорын
б/. трансұлттық корпорация
в/. осы елде құрылып, басқа елдермен жұмыс істейтін кәсіпорын
Достарыңызбен бөлісу: |