Құрастырған: педагогика кафедрасының оқытушысы Семей 2013



жүктеу 0,91 Mb.
бет7/12
Дата29.01.2020
өлшемі0,91 Mb.
#27720
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

Әдебиеттер:

1. Давыдов В.В. Теория развивающего обучения. М., 1996.

2.Кириллова Г.Д.Теория и практика урока в условиях развивающего обучения. М., 1980.

3. Лемберг Р.Г. Дидактические очерки. М., 1964.

4. Махмутов М.И. Современный урок. М., 1985.

5. Онищук В.И. Урок в современной школе. М., 2-ое издание, 1985.

6. Подласый И.П. Как подготовить эффективный урок. Киев, 1987.

7. Скаткин М.Н. Проблемы современной дидактики. М., 1984.

8.Хмель Н.Д.Педагогический процесс в общеобразовательной школе. Алматы, 1999.

9. Чередов И.М. Формы учебной работы в средней школе. М., 1988

10. Яковлев Н.М., Сохор А.М. Методика и техника урока в школе. М., 1985.
Тақырып 11. Қазіргі жағдайда оқушының танымдық әрекетін белсендірудің әдіс-тәсілдері.

Жоспары:

1.Танымдық белсенділіктің мәні.

2.Танымдық қызығушылықтардың қалыптасуы.

3.Оқушылардың танымдық әрекетіндегі белсенділіктері.

4.Жаңашыл педагогтардың оқыту барысындағы әрекеті.

Мақсаты: білім жүйесіндегі оқушылардың танымдық белсенділігі мен іскерлік әрекетін айқындау.

Міндеттері:

а)«Оқыту процесіндегі оқушылардың танымдық белсенділігі», «іскерлік әрекеті» ұғымдарының мәнін ашу;

ә)оқушыларды мектептегі танымдық әрекетке апаратын әртүрлі тәсілдерге шолу;

б) педагогтар тәжірибесіндегі оқытудың жаңа идеяларын сипаттау.



Жоспар:

1.Танымдық белсенділіктің мәні.

2.Оқушылардың оқу-танымдық әрекетіндегі белсендірудің құралдары.

3.Педагогтардың оқушылардың танымдық іс-әрекетін белсендіру тәжірибесінен.

Танымдық белсенділіктің мәні. ХХ ғасырдың 70-80 жылдарында оқушыны оқытудың белсенді субъектісіне айналдырудағы оқу процесін белсендіруге бағытталған және оны балаға қайта бағдарлаған дидактикалық зерттеулердің көлемі айрықша өсті. Оқыту процесіндегі радикалды өзгерістерді қоғамдық және педагогикалық сананың қалыптасуына бағыттаған Ж.Пиаже (Швейцария), Б.Блюм, Д.Ж.Бруннер, Ж.Ганье, С.Эриксонның (АҚШ) т.б. еңбектері куә. Ж.Пиаженің айтуынша, мектептер «жаңаша ойлайтын қабілетті адамдар дайындау керек; тек өткен ұрпақтың істегенін ғана қайталамай, шығармашыл және ойлап тапқыш адамды әзірлеу керек». Белсенділік – (қарқындылық, беріктік, төзімділік) білім алушының іс-әрекет пәнімен тікелей араласу дәрежесін анықтайды. Оқушылардың белсенділігін басқару дәстүрлі түрде белсендіру деп аталады. Белсендіру – бұл оқытушының белгілі мақсатқа бағытталған әрекеті, мазмұнды, көлемді оқу қолданылатын және қызығушылығын тудыратын, белсенділігін, шығармашылығын арттыратын, білімді меңгерудегі оқушының өзіндік үйренуі, дағды мен шеберліктің қалыптасуы, оларды тәжірибеде қолдану әрекеті.

Бұл ой еңбегінің тоқтап қалуын және құлдырауын, енжар және көшірме әрекеттен құтылу үшін, жігерлі, мақсатты оқуға бағытталған тұрақты күнделікті ағымдағы процесс.



Белсенділіктің негізгі мақсаты – оқушылардың белсенділігін қалыптастыру, оқу-тәрбиенің сапасын көтеру.

Қазіргі кезде танымдық белсенділіктің мәнін екі тұрғыда белігілі болып отыр. Кейбір зерттеушілер танымдық белсенділікті іс-әрекет ретінде қарайды, ал кейбіреулері – сапа, тұлғалық білім деп ұғады. Бұл мәселені нақтылағанда «танымдық іс-әрекет» және «танымдық белсенділік» ұғымдарын ажыратып жіктеудің теориялық қана емес, тәжірибелік те мақсаты зор. Егер белсенділік пен іс-әрекетті ұқсас құбылыс пен ұғым ретінде қарастыратын болсақ, онда бұндай жағдайда мәселе өзінен-өзі шешіледі, яғни, оқушылардың кез-келген іс-әрекеті белсенді іс-әрекет болып табылады, бірақ бұл олай емес.



Оқушылардың оқу белсенділігінің мәселесі – терең педагогикалық зерттеулердің пәні. Бұны зерттеуге М.А.Данилов, Р.Г.Лемберг, И.Я.Лернер, М.И.Махмутов, М.Н.Скаткин, И.Ф.Харламов, Т.И.Шамова, Г.И.Щукина, А.Х.Аренова және т.б. үлестерін қосты.

Оқу белсенділігінің әдіснамалық негізі – таным теориясы болып табылады. Танымның мақсаты – жеке тұлғаның санасындағы объективтік шындықтың бейнеленуі болып табылады. Тәжірибелік және рухани әрекетте жеке тұлға өзін қоршаған әлемге әсерін тигізе отырып, өзінің қажеттілігі мен мақсаттарына сәйкестендіріп оны өзгертеді және таниды. Бұл таным процесінің ең жалпы үлгісі. Алайда, белсенді танымның ерекшелігін түсіну үшін, ең алдымен таным процесінің ағымдық сипаты мен субъектінің бір-бірінен ерекшеленген толық бейнесін, таным субъектінің санасындағы шынайы дүниенің бейнеленуінің (репродуктивті және продуктивті) екі деңгейін белгілеу қажет. Таным объектісі (оқу материалы) репродуктивті деңгейде сырттай қалай берілсе, онда сол күйінде қабылданады. Кейбір зерттеушілер репродукцияны бір енжар нәрсе сияқты қарайды, әрине ол шындыққа ұласпайды. Оқушының білімді және әдістерді меңгерудегі мақсатты бағытталған еске түсіру іс-әрекеті оқушылар жағынан әр уақытта белсенді болып келеді, тек бұл белсенділіктің деңгейі әртүрлі болады (мысалы, оқушының шынайы оқу қабілеті жоғары болғанымен, оның төмен көрсеткіш көрсетуі). Сонымен бірге еске түсіру – жаңарту әрекетінің басқа элементтерінің сипаты болуы мүмкін (Т.И.Шамова). Дидактикалық тұрғыдан еске түсіру әрекеті бұрынғы өтілген материалдың бірнеше рет қайталануынан, әртүрлі жаттығулар мен тапсырмалар орындау арқылы іске асады. Танымдықтың жоғары деңгейі – бұл нәтижелі белсенді танымдық. Бұған тән ең алдымен субъектінің (оқушының) таным объектісіне (оқу материалына) деген жаңаша қарым-қатынасы. Бұл әрекет барысында ықпал жасау объектісі ғана емес, сонымен бірге оқытудың мақсаты үшін оқушы – субъектінің ықпал жасауы өте маңызды. Белсенді танымдық кезінде оқушы оқып-үйреніп жатқан материалдың мазмұнына тың мәселелерді көтеріп, жаңа

сұрақтар қояды, оны шешуде жаңа әдіс-амалдарды іздейді. Таным процесі оқушылардың құбылыстар туралы терең білуі ғана емес, меңгерілген білімнің және таным процесінің өзіне деген тұлғалық қатынасын қалыптастыру және оны ерекше ұғынуы. Сонымен қатар, белсенді танымдық әрекетте, білімді, дағдыны және іскерлікті меңгеріп қана қоймай, таным нәтижесінне және процеске деген әсерлі – бағалау қатынасын орнату. Оны мына үлгіден көруге болады.Сурет – 1.

Танымдық белсенділік танымдық әрекетпен үйлеспейді. Оны таным процесінің қатынасын білдіретін, субъектінің тұлғалық білімі, психикалық жағдайы ретінде қарастыру қажет. Танымдық белсенділік жеке тұлғаның қасиеті ретінде іс-әрекет барысында көрінеде және қалыптасады. Бұл ұғымдардың арасындағы қарым-қатынасты бірен-сараң сәйкес келу қарым-қатынасы ретінде анықтауға болады. Танымдық белсенділік оқытудың ағымдық сипатын және қарқындылығын қаматасыз етеді. Бұл танымдық іс-әрекетте көрінеді және қалыптасады, бірақ бұл құбылыстар (ұғымдар) ұқсастығын білдірмейді. Танымдық белсенділіктің құрылымында жеке тұлғаның сапасы төмендегідей компоненттермен ерекшеленеді: оқу тапсырмаларын орындауға дайындық; өзіндік іс-әрекетке ұмтылуы; тапсырма орындаудағы саналылық; оқытудың жүйелілігі, өзінің тұлғалық деңгейін көтеруге ұмтылысы және т.б. Белсенділікпен қатар оқушылардың оқуға деген қызығушылығының тағы бір маңызды қыры ашылады, яғни олардың мұғалімдер мен үлкендердің көмегінсіз объектіні, құралды анықтауға байланысты іс-әрекетті жүзеге асырудағы дербестігі. Танымдық белсенділік пен оқушылардың дербестігі бір-бірінен ажыратқысыз: неғұрлым белсенді оқушылар, соғұрлым дербес; оқушылардың жеткіліксіз дербестігі басқаларға тәуелді етеді және дербестіктен айырады.

Оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекетін белсендірудің тәсілдері мен құралдары.

Оқушылардың танымдық іс-әрекетін белсендіруде оқытудың әдістері мен құралдарын іздестіру проблемасы терең ғасырларға кетеді. Мәселен, жастарды тәрбиелеуде ежелгі грек философы Сократ эвристикалық әңгімені пайдаланған. XVII-XIX ғасырдың педагогтары Я.А.Коменский, И.Г.Песталоцци, Ж.Ж.Руссо, А.Дистерверг, К.Д.Ушинский және т.б. оқытушының негізгі міндеті – оқушыларды өз бетінше ойлау, зерттеу ізденістеріне бейімдеу деп санаған. Олар дамыта оқыту дидактикасының алғашқы негізін салды. А.Дистерверг былай деп жазған «нашар мұғалім шындықты өзі айтады, ал жақсы мұғалім оны табуға үйретеді».

Қазақтың ағартушылары Абай Құнанбаев, Ы.Алтынсарин қоғам қайраткерлері және педагогтар А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов өздерінің еңбектері мен тәжірибелік іс-әрекеттерінде оқушыларды шығармашылықты дамытуға, өз бетінше ойлай білуге шақырған.Кеңес дидактары мен психолгтары: Л.С. Выготский, Б.Г. Есипов, Л.В. Занков, В.В. Давыдов, Р.Г. Лемберг, И.Я. Лернер, М.Н. Скаткин және т.б. дамыта оқыту мен оқушылардың танымдық әрекетін белсендірудің теориясы мен тәжірибесіне үлкен, зор үлестерін қосты.

Қазіргі кезде оқушылардың танымдық іс-әрекетін белсендірудің әр түрлі амал-тәсілдері өңделді. Солардың ішіндегі ең маңыздыларына тоқталамыз.

1. Іс-әрекеттік тәсіл - оқушыларды танымдық әрекеттің субъектісі ретінде қарастыруды көздейді.Іс-әрекеттік амал-тәсілдері негізіне әрекет теориясы жатады. Оның басты постулаты былай айтылады. Белсенді танымдық іс-әрекеттің нәтижесі: білімділік, танымдық іс-әрекет тәсілдерін меңгеру, танымдық іс-әрекеттің мақсатын қоя білу, мазмұн мен жұмыс істеуге қажетті тәсілдерді таңдай білу, өзін-өзі бағалай білуі.

Мотивациялық

Негізгі білім жүйесі

Оқу-танымдық іс-әрекет тәсілдері

Мазмұнды теориялық білім

Пәндік білім

Байқау және деректерді суреттеу

Нақты материалдарды талдау

Арнайы кәсіби білім

Қоғамдық бағытқа бейімделу

Өміршең белсенді ұстаным

Танымдық кедергілерді жеңуге ұмтылу

Еріктік

Идеяға сенімділік

Бағалау-нәтижелік

Мазмұндық

Операциялық

Жинақтау және қорытындылау


э

Қызығушылық


Саналылық





Танымдық мотив
Әлеуметтік мотив
Перспективті талаптандыру мотиві

Өзін-өзі бағалау

Өз мүмкіндіктерін бағалау





Тікелей талаптандыру
Өз бетімен білім алу
Оқу мотивтары


Орындалған жұмысты жүйелеу

Тұлғаның өзіндік жетістігі

Кітаппен жұмыс және т.б.

Сурет 8. Оқушылардың танымдық белсенділігін қалыптастырудың үлгісі
Қытай даналығында былай делінген: «Маған айт – мен ұмытпаймын; маған көрсет – мен есімде сақтаймын; маған өзіме жасауға бер – мен үйренемін»). Оқыту процесін ұйымдастырушы мұғалім үшін іс- әрекеттің құрылымын білу өте маңызды. Оның негізгі компоненті: мотивтері, мақсаты, міндеттері, мазмұны, құралдары, түрлері, әдістері және амалдар нәтижесі. Бұл дегеніміз- мұғалімнің көптеген құралдар арқылы оқушының әсерлі –қызығушылығына, ой еңбегіне, тұлғалық-тәжірибелік шамасына әсер ету қажет. Таным әрекетінің барлық осы компоненттерін тек қана мұғалім емес, оқушылар да меңгеруі тиіс.

Педагогтарға іс- әрекеттің міндетті түрде негізгі түрлерін білу қажет, сонымен бірге оқушыларда: оқыту-танымдық, әлеуметтік, еңбек, ойын, эстетикалық, спорттық-сауықтыру.Бұл іс-әрекеттің барлық түрлері оқушылар мен мұғалімдердің бір-бірімен қарым-қатынасы арқылы жүзеге асырылады.Осы іс-әрекеттің барлық түрлерін бір-бірімен байланыстыру өте маңызды.



2)Гумандық психология мен педагогиканың идеяларындағы тұлғалық-бағдарлық тәсіл төмендегі ережелерді тірек етеді.( К.Роджерс):

- Индивид үнемі өзгермелі қоғамның ортасында өмір сүреді. Ол үшін қоршаған дүниені қабылдаудың өзіндік әлемі өте маңызды; бұл өзіндік әлемді сырттан ешкім әлі танып білген емес.

- Адам өзін-өзі танып білуге және өзін-өзі іске асыруға ұмтылады;адамның өзін-өзі жетілдіруге деген ішкі қажеттілігі болады.Жеке тұлғаның дамуы үшін бірін-бірі түсінуі өте қажет,бұл қарым-қатынас барысында жүзеге асады.

- Өзін-өзі жетілдіру, дамыту ортамен ортадағы басқа адамдармен араласудың нәтижесінде іске асады.Адам үшін, адамның өзін-өзі тануы үшін сырттай баға беру өте маңызды, бұл тура және жасырын байланыстардың нәтижесінде іске асады.

Тұлғалық-бағдарлық оқыту жағдайында мұғалім оқушылардың танымдық өзіндік әрекетін негізгі ұйымдастырушысы. Қазіргі кезде тұлғалық-бағдарлық оқыту нұсқалық бағдарламалармен, дифференциялды әдістер мен, шығармашылық, үй тапсырмаларымен оқушылардың оқудан тыс іс-әрекетін ұйымдастыру түрлері арқылы жүзеге асырылады.Солардың ішінде ынтымақтастық педагогика әдістерінің келешегі зор.

3)Оқыту процесіндегі зерттеушілік тәсіл – алдыңғыларымен тығыз байланысты. Дәл соны жүзеге асыру оқушылардың нәтижелі өзіндік танымдық әрекетімен қамтамасыз етіледі,ойлау қабілетін дамытады,өзіндік білім алуға дайындайды. Оқушыларды зерттеушілік ізденіс жұмыстарына тарту үшін әртүрлі эвристикалық әдістер қолданылады (эврика – ізденіс): ізденістік әңгіме, ереже, формула, ұғым, дәстүрлі емес есептерді шешу, өз бетінше қорытынды жасау (мұғалімнің басшылығымен), зертханалық және сарамандық жұмыстар,бақылаулар және тәжірибелер. Мектеп тәжірибесінде сонымен бірге оқу жұмысының жеке, ұжымдық, топтық түрлері тәжірибеге ендірілген (мысалы, «миға шабуыл» әдісі, жоба әдісі және т.б.).

Проблемалық оқыту зерттеушілік-ізденіс – танымдық іс-әрекеттің маңызды құралы. Проблемалап оқытудың негізгі көзін Сократтың эвристикалық әңгімелерінен көруге болады, яғни әңгіменің қисынды құрылуы және сұрақтардың көмегі арқылы өзінің шәкірттерін қарама-қайшылыққа және біртіндеп қажетті қорытындыға алып келген. Ойлаудың эвристикалық тәсілі бойынша (Ю.Н.Кулюткин); оқыту мен ойлауда проблемалық жағдай туғызу (А.М.Малюткин); проблемалап оқыту И.Я.Лернер, М.И.Махмутов, В.Н.Максимова, В.Оконь т.б. ізденістік-зерттеушілік міндеттерді, стандарттық міндеттерді шешудегі оқушылардың танымдық әрекеті бұрынғы жүріп өткен жолдардан, үлгіден басқаша екендігін педагогтар мен психологтардың қазіргі заманғы зерттеулері нақты дәлелдеп отыр. Ізденістік іс-әрекет бірқатар жағдайда қарқынды, қызу жүреді, онда эмоционалдық процесстер бірқатар айқын көрінеді, шарықтау шегі кейде шешімді, таңдауды іздеуге және шамалауға әкеліп соғады (О.К.Тихомиров). Проблемалап оқытудың негізгі мәні оқыту процесінде ерекше жағдайат туғызу, яғни оқушы қатынаспай қалмайды, мұғалімнің көрсеткен бағытына сүйеніп қана қалмайды. Проблемалық жағдаятта оқушының меңгерген білімі мен алдыңғы шешілетін міндетінің оның білетін шешімдері мен оны шешу міндеттері арасында қарама-қайшылық айқындалады. Проблемалап оқытудың алгоритмі мәселені қоюдан және саналы түсінуден, болжамды тудырудан, оларды білізді тексеруден, сонымен қатар мәселенің шешілуінің дұрысытығын тексеруден тұрады. Бұған пікірталастар, эвристикалық әңгімелер, проблемалық баяндау және т.б. қолданылады.

4)Алгоритмдеп оқыту тәсілі негізіне белгілі бір міндеттерді орындауға қатаң нұсқаулар қажет. Егер, оқушы типтік есептерді шешудің қайта-қайта жаңа жолдарын іздеуде әр кезде қателер мен сынақтың ұйымсыз жолдармен жүргенде оқыту процесі өте шаршататын тіптен ауыр болар еді. Оқушы бұрыннан белгілі математикалық амалдардың толық сандарын, бөлшектерін пайдаланады; алдын ала жазылған сөйлемдерді талдауда тілді меңгереді. Алгоритмдер мен ұйғарымдардың жүйесіздігінен адам өзінің іс-әрекетінде қарапайым автоматтар мен техникалық құралдарды да пайдалана алмайды (компас, телефон т.б.). Оқыту әрекетінің алгоритмдері оларды ұйымдастыруға мүмкіндік жасайды, жеңіл, жылдам орындауды жүзеге

асырады, сондықтан танымдық іс-әрекет субъективті анық объективті нәтижелі болады. Алгоритмдеу программалап оқытумен тығыз байланысты, оның мәні нақты хабарламаның таңдауынан тұрады, ал оқушыға аз мөлшерде беріліп отырылады. Қадам қозғалысы сайын есептің шешімінің түсінікті, түсініксіздігін, меңгерілген, меңгерілмегенін, шешілген, шешілмегенін бірден көруге болады. Алайда бағдараламап оқытудың талассыз ерекшеліктеріне қарамастан бұл тәсілді жалғыз және әмбебеп деп қабылдауға болмайды. Егер, бала тұрақты, бағытсыз сабақтан сабаққа бағдарламаланған оқулықтың мәтінінің соңынан ілессе, немесе оқыту машинасымен жұмыс жасаса, онда бағдараламап оқыту жағдайында оқушының ынтасы төмендейді.

5)Оқытуды компьютерлеу. Компьютер дегеніміз – маманның еңбегінің нәтижесін сапалы өзгертіп отыратын құрал. Адамның танымдылығының құралы ретінде ЭВМ-ның қолданылуы, білімді пайдалану мен жинақтаудың мүмкіндіктерін кеңейтеді, ойлау әрекетінің жаңа формаларын дамытуға жағдай жасайды, оқыту процесін қарқындандырады.

Бірінші сатыда компьютер оқу әрекетінің пәні болып табылады, оны меңгере отырып, оқушылар осы машинаның жұмысы туралы білім алады, дағды-білігіне үйренеді, оператор жұмысының дағдыларын меңгереді. Екінші сатыда компьютер оқу есептерін шығарудың құралына айналады. Компьютер оқытуда пайдаланатын қосымша техникалық құрылым ғана емес, сонымен бірге ол тиісті жоспарлауды қамтамасыз етеді. Бұл жерде мәселенің бір жағын – құрастыру және ЭВМ-ді қосуды көптеген қиыншылықтарды жеңе отырып – инженер орындайды, ал екіншісін – педагог; себебі ол есептеу машинасының жұмысына қонымды негізделген дидактикаға сәйкестендіріп

адам әрекетін реттейді. Оқытуды жалпы компьютерлеу үшін алгоритмді ойлау қасиеттерін меңгеру керек.

Компьютердің келесі бір қиындығы оның құрамы дидактикалық жүйеден басқалармен қатар тұрғандығында (мақсаттары, мазмұны, әдістері, оқушы мен мұғалімнің әрекет тәсілдері). Бұлар өзара тығыз байланыста, біреуіндегі артынан екіншісі жетектейді. Сол себепті мектеп сыныптары мен жоғары оқу орындарындағы есептеу машиналарының орнығуы компьютерлеудің соңын емес, басталуын, яғни оқыту технологиясының жүйелілігін көрсетеді. Гигиеналық нормаларды сақтамаудан компьютермен жұмыс істеу барысында оқушының денсаулығына үлкен зардабын тигізетінін де естен шығармау керек. Сонымен бірге компьютермен жұмыс оқушы мен мұғалімнің қарым-қатынасының орнын толықтыра алмайды.

6)Қазіргі мектепте дифференциалдап оқыту кең көлемде қолданылады (И.Э.Унт, Е.А.Рабуньский т.б.). Бұл жерде маңызды тәсілдің аясы оқушылардың әртүрлі білімнің дамуының көкейкесті деңгейіне сүйену, сонымен бірге «жақын арадағы дамудың зонасын» біртіндеп әрқайсысын жетілген білімнің жаңа тәсілдерін меңгеріп алу. Бұл тәсілдің қиыншылығы – білім бағдарламасын, дағды мен білікті, пәндік жүйеде әрқайсысы меңгеру

керек. Бұл меңгерудің деңгейі әртүрлі дәрежедегі оқушылар үшін жоғары болу керек (әлді, әлсіз, орташа). Бұл тәсіл есту, көру, сөйлеу және қабылдау кемістігі жоқ әрбір оқушының барлық нақты танымдық әрекеттінің жоғары деңгейдегі мүмкіндіктерін меңгерудің негізін қалауы. Қазіргі мектептерде, оқушылардың әртүрлі дәрежесіне бағытталған оқыту тапсырмаларын дифференциалдап оқыту жағдайында не мұғалім бере алады, не болмаса оқушылардың өздері таңдауға болады. Кейбір қиындық тудыратын жағдайларда мұғалімдер үшін маңызды мүмкіндік оқушы талабының деңгейін анықтау ғана емес, оны алдыңғы қателіктерден сақтандыру, оқушының мүмкіндігіне қарай есептерді шешуді ұсыну болып табылады. Бірақ та дифференциалдап оқыту (универсалды) әмбебап тәсіл бола алмайды, себебі оқыту процесіндегі оқытудың басқа да маңызды қорларының оқушылардың дамуында бағалы да мәнді екені белгілі. Сонымен оқушылармен жүргізілетін барлық дәрежедегі жаппай жұмыс олардың жеке мүмкіндіктерінің қаншалықты екенін көрсете алатын маңызды құрал болып табылады. Бұл жерде оқушыға басқалардың еңбегінің нәтижесін көрсететін және жеке қабілеті мен білімінің құндылығын танытатын кері байланыс та іс жүзіне асырылады.

7)Ұжымдық танымдық әрекет негізіндегі тәсіл. Белгілі жарық көрген педагогикалық әдебиеттерде қарым-қатынас проблемасы, оқыту процесіне қатынасушылардың өзара байланысы қарастырылды (М.Д.Виноградов, Н.С.Дежников, И.Б.Первин, Х.И.Лийметс, Г.Кусайнов, Н.Н.Хан т.б.). Оқушылардың ұжымдық танымдық әрекеті – бұл оқушылардың біріккен іс-әрекеті, оқушылар ортақ тапсырма орындауда өз істерін үйлестіріп, жұмысты өзара бөліп, әркімнің міндетін мұғалім ұйымдастырып беретін, яғни іскерлік тәуелділік жағдай пайда болады, білімді меңгеруде өзара

қарым-қатынас ұйымдастырылады, аса бағалы тәжірибе алмасу жүреді (Н.Н.Хан).

Ұжымның танымдық әрекеті сабақта да сабақтан тыс уақытта да педагогикалық процессте жүріп отырады. Ұжымдық танымдық әрекетті ұйымдастыру мұғалімнен тек тоериялық және әдістемелік дайындықты қажет етпейді, сонымен бірге сынып белсенділерімен маңызды жұмыс жүргізуді талап етеді (ассистенттер, консультанттар, кітапханашылар т.б.). Сонымен қазіргі дидактиканың ұсынып отырған әртүрлі ізденіс тәсілдері оқыту процесінің қайнар көзін ашуда қазіргі уақыттағы міндеттерді шешуде, барлық мүмкіндіктері бар тәсілдердің ақиқатына әлі де болса толық жауап бере алмайды.

Танымдық қызығушылықтың қалыптасуы. Қызығушылық (латынша interest – мәні бар, маңызды) – адам ерекше сезінетін қимылдың нақты себебі. Қызығушылықты субъектінің өз әрекетіне оң бағалық қатынасы деп анықтауға болады. Оқуға, білуге деген қызығушылық танымдық белсенділіктің қозғаушысы екені белгілі. Л.С.Выготский: «Ең алдымен баланы бір әрекетке тарту үшін, сен оны қызықтыр, оның бұл әрекетке дайын екенін білу үшін қамқорлық жаса, осыны іске асыру үшін барлық күшін салатынын және бала өзі қимылдайтынын, ал оқытушы болса тек сол әрекетті басқарып, бағыттап отыруы керек» , - деген.

Оқушылардың танымдық қызығушылығы олардың білімінің деңгейі мен сапасына, ойлау іс-әрекеті мен әдіс-тәсілдерінің қалыптасуына байланысты. Оқушылардың қызығушылығы олардың мұғалімге деген қатынасына да байланысты. Жақсы көрген және сыйлайтын мұғалімдерінің пәнін оқушылар қызығушылықпен оқиды. Танымдық қызығушылық балалық әуесқойлықтан басталады, алайда ол тез арада жарқ етеді де, солайша кенеттен сөніп қалады. Терең білім беруді бұндай әуесқойлық негізінде ұйымдастыруға болмайды. Баланың әуестігін ояту үшін тартымды бастау, әсерлі сюжет, оқиғаның күтпеген арнаға түсуі, мәселелік жағдай сияқты тәсілдер қолдану ұсынылады.

Танымдық іс-әрекетке деген қызығушылықты оятуда келесі қызметтердің маңызы зор: оқудағы жетістікті қамтамасыз ету; оқушылардың артта қалуының алдын алу; «қауіп-қатер балаларының» диагностикасы; үлгермеушілікті болдырмау; оқу материалының мазмұны (тарихи сапарлар, өмір тәжірибесінен мысалдар, мемлекет стандарт шегінен асу т.б.); білім берудің әртүрлі формалары мен әдістері, жаңа педагогикалық технологияларды қолдану; мұғалімнің оқушыларға қатынасы; балалар ұжымының қоғамдық пікірі; ақыл-ой қабілеттілігі мен жалпы оқу бірліктерін дамыту.

Олардың кейбіруін нақтырақ қарастырайық.

а) Оқудағы жетістікті қамтамасыз ету. Жетістік – адамның белсенді іс-әрекетінің ең маңызды қозғаушы күші. Бұл психологиялық феномен балалық

және жасөспірім шақта – басқа себеп-сылтаулар мен ынталандырушылары әлі тұрақсыз немесе әлсіз болғанда көрініс деңгейін табады. Үлгерімі нашар, өз қатарынан артта қалған баланың оқуға деген қызығушылығы тез жойылады, оның сабақтағы танымдық белсенділігі нөлге дейін төмендеп кетеді.

ә) Оқушылардың артта қалуының алдын алу, қиыншылықтарға тап болғандардың бәріне көрсетілетін әртүрлі көмек – оқу процесінің нәтижелілігін арттырудың айқын бағыты. Қазіргі мектеп үлгерімі нашар оқушыларға көмектесуде жеке-жеке шараларды қолданудан гөрі барлық оқушылардың оқудағы, танымдық белсенділігінің шарты ретіндегі жетістіктерін қамтамасыз ететін тұтастай бір жүйе қалыптастырады.

б) «Тәуекелшіл-балалар»(детей риска) диагностикасы және олардың оқудағы қиыншылықтарын болдырмау. Ұзақ уақыт бойы оқу процесі балалардың екі категориясының есебінде құралып келген, бірінші категория – «қалыпты балалар» категориясы, яғни баланың дамуы өз жасына сәйкес; және аномалды балалар – дене және психологиялық дамуында айқын ауытқулары бар балалар. Соңғы он жылдардағы ғылыми зерттеулер балалардың осы екі категориясы арасында аралық буын бар екенін дәлелдеді, осы аралық буынға оқудағы қиыншылықтары және мінез-құлқындағы ауытқулары бар балалар жатады, оларды көбінесе «тәуекелшіл балалар» деп атайды. Олардың бойында дене және психологиялық дамуында көзге көрінетін аномалиялары жоқ. Алайда жағымсыз жанұялық және әлеуметтік жағдайлар салдарынан бұл балалардың, мектеп жасына жеткен кезде, мектепте жақсы оқу үшін қажетті қасиеттері мен дағдылары байқалмайдаы. Денсаулығыныі әлсіздігі, жұмыс қабілетінің төмен болуы, өз құрдастарынан психикалық дамуы жағынан артта қалуы қауіп-қатер факторы, үлгермеушілік, мектепке үйрене алмаушылық, тәртібінің нашарлығының себептері болып табылады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша «тәуекелшіл балалар» бастауыш мектеп оқушыларының 20%-ке жуығын құрайды.

«Тәуекелшіл балалармен» жұмыс кезінде баланың даралық ерекшеліктерін ескеретін әртүрлі әдістер қолданылады. Осы әдіс негізінде бірнеше негізгі принциптер жатыр: баланың дамуындағы мықты деген жақтарына сүйену; мақсатты және оқушының оны орындай алуын нақты анықтау; үздіксіз кері байланыспен қаматасыз ету; баланың жеткен нәтижелерін ғана емес, сондай-ақ оның оларға жетуге деген талпынысы мен ықыласына әрдайым оң баға беру. Осы принциптердің жиынтығы оқушыға жетістік ахуалын және толғаныс сезімін кешуді қамтамасыз ету керек, ал ол себеп-сылтау өрісін жоқ қылатын жетіссіздікке бой ұру қаупі бар баланың танымдық белсенділігінің басты шарты болып табылады.

в) «Жасырын үлгермеушілікті» жеңу. Танымдық белсенділік тек сабақта артта қалған оқушыларда ғана төмендейді. Ол дарынды балаларда да төмендеуі мүмкін, егер мұғалімнің сабақ беру деңгейі олардың қабілеттілігі мен қажеттіліктерінен төмен болса, мұндай жағдай «жасырын үлгермеушілік» феномені пайда болады, яғни қабілетті баланың оқу

нәтижелері оның мүмкіндіктерімен сәйкес келмейді.

Көптеген зерттеулер дарындылық ұғымын кеңейтеді, оның «ақыл-ой күші», «ой өрісінің жоғары көрсеткіші» сияқты бірыңғай түсіндірмесінен әлдеқайда алшақтатып жібереді. Дарындылық қызығұшылық тұрақтылығы, мақсаттылық, өз күшіне деген сенім сияқты даралықтың, жеке тұлғалықтың көптеген сипаттамаларынан тұрады. Соңғы он жылда әртүрлі әдістердің көмегімен дарынды балаларды іздеу өрісі едәуір кеңейді. Жекеменшік және арнайы мектептермен қоса жалпы білім беретін мектептердегі дарынды балаларды табу мен оқытудың жүйесі қарқынды қалыптасып келе жатыр. Оның қалыптасуына үкімет заңдары, жарлықтары, мемлекеттің қаржылай көмегі де жағдай жасайды. Мысалы, 1998 жылдан бастап Қазақстанда «Дарын» Республикалық ғылыми-тәжірибелік Орталығы қызмет жасап жатыр, бұл Орталық дарынды балалармен жұмыс жйүесін қарастырады.

г) Профильдік оқыту, көбінесе, профильдік саралау негізінде білім берудің жоғары сатысында жүргізіледі. Профильдік оқыту келесі формаларда жүзеге асырылуы мүмкін: кәсіптік білім беру мекемелері, сыныптары, топтары.

Профильдік оқыту (жаратылыс ғылымдары, гуманитарлық-филологиялық, әлеуметтік-экономикалық, физика-математикалық, көркемдік-эстетикалық т.б.) оқушылардың қызығушылығы мен қабілеттілігін, сондай-ақ, білім беру мекемесінің педагогикалық ұжымының мүмкіндіктерін, жергілікті білім беру жүйесінің құрылымын және әлеуметтік ортаның ерекшеліктерін есепке ала отырып жүргізіледі. Мектептің жоғары сатысының кәсіптік сипаты білім берудің мемлекеттік стандартының негізінде лайықты бағдарламалар, соның ішінде авторлық бағдарламалармен жүзеге асырылады.



Педагогтар тәжірибесіндегі оқу іс-әрекетін белсендіру. Оқытуды қазіргі заман тұрғысынан талдайтын болсақ, олардың бәрін, қазіргі қоғамның аса маңызды қажеттіліктеріне жауап беретін, өсіп келе жатқан адамның дамуы мен тәрбиесі идеясы біріктіріп тұрғанын анықтау қиын емес. Олардың бәрі оқушыны танымдық іс-әрекеттің және өзіндік дамудың субъектісі ретінде қалыптастыра алады. Өзінің себеп-сылтауларымен, ынтасымен, қажеттіліктері мен мақсат-мүдделерімен, жан-жақты негізді білімдарлыққа деген талпынысы мен мүмкіндіктерімен қалыптасып келе жатқан жеке тұлға қазіргі дидактиканың орталығына айналады. Оқудың мақсаты – адамның білім қазынасын көбейту ғана емес, тіптен адам өзінің аман-есен өмір сүруі үшін сол білімдерді пайдалана алады. Баланы өз заманына сай, айтарлықтай шығармашылық потенциалы бар жеке тұлғаны қалыптастыру үшін оқыту керек, ондай жеке тұлға үшін ғылым, білім, эрудиция қоғамдық құндылықтарды жасау арқылы қоршаған болмысты түрлендіріп, өмір мен басқа ортаны жақсартудың құралы болып табылады. Ақиқат пен жақсылыққа деген ынтасын ояту,оқушыны – біздің шәкіртімізді ақиқатқа жету тәсілдерімен, құнды бірліктерімен қаруландыру, іс-әрекеті мен көзқарастары арқылы дүние мен адамдарға деген өзінің өнегелілік қатынасын білдіру, сондай-ақ – оқушыға білім беру, дамыту және тәрбиелеу бір арнаға бағытталып жатқан қазіргі заманғы оқыту процесінің мәні, міне осында. Ең бастысы, қазіргі қоғамға өз пікіріне берік, жаңа қоғамдық қатынасты дамытушы керек. Идеялық-адамгершілік қоғамдық бағыттылық оның ниетін, ынтасын, өмірлік жоспарын белгілеуі керек. Оқытудың әлеуметтік мақсаттары ағартушылық, дамытушылық және тәрбие іс-әрекеті арқылы жүзеге асады.

Жоғарыда аталып өткеннің бәрі шебер мұғалімдердің тәжірибесінде көрініс тапқан (Ш.А.Амонашвили, С.Н.Лысенкова, И.П.Волков, В.Ф.Шаталов, К.Бітібаева, К.Нұрғалиев, Р.Б.Нұртазина, А.Ысқақова т.б.). Олардың жаңашыл ізденістері Кеңес Үкіметі кезінде-ақ басталған. Қазіргі уақытта мұғалімнің таңдау мүмкіндігі бар кезде педагогтар шығармашылығы кең өріс алуда. Бірақ, өткен жылдардың педагогтарының иедялары мен технологиялары әлі де өз күшін жойған жоқ.

Әрбір педагогтің тәжірибесі бірегей болса да, олардың ортақ идеялары да бар, олар:


  • балаларға деген ізгілікті тұлғалық қатынас, әрбір оқушыны жеке тұлға деп санау;

  • оқушының ішкі жан дүниесін, оның мақсат-мүддесін, ынтасын, қабілеттілігін, жанұя өмірінің жағдайларын тани білу;

  • оқушылармен қарым-қатынасты дұрыс құра білу, оларды оқу-тәрбиелеу процесінің әріптесі қылу, баланың тілегі мен ынта-ықыласын есепке ала отырып танымдық іс-әрекетке араластыру;

  • оқушыларға қиынырақ мақсаттар қоя білу және оқушылардың сол мақсаттарға жете алу сенімін нығайту;

  • балалар ұжымына сүйену: сабақ – ұжымдық еңбек, мұғалім мен балалардың ұжымдық шығармашылығы;

  • оқушыларға мүмкін болған кезде, тапсырмаларды еркін таңдау құқығын бере білу;

  • бағдарламалық материалды ірі блоктарға біріктіру және тірек-сүйеніштерді пайдалану (тірек ишаралар, сызбалар, кестелер т.б.);

  • оқушылардың ұжымдық және даралық өзін-өзі талдай білуге қатыстыру;

  • оқушылары ұжымдық, қоғамдық шығармашылыққа үйрету.

Педагогтардың осы идеяларын ынтымақтастық педагогикасында біріктіруге болады. Алайда, ынтымақтастық идеясы жай сөз ретінде қалмас үшін оны әдістемемен бекіту қажет. Балалармен ынтымақтастықты жаңа тоқсаннан бастап жариялауға немесе енгізуге болмайды, оған жылдар бойы жету керек. Ынтымақтастық педагогикасы балалармен қарым-қатынас кезінде оларға деген қатынастың өзгеруінен пайда болады.

Педагогтар мен шебер ұстаздар тәжірибесінде оқытудың негізгі формасы – сабаққа ерекше көңіл бөлінеді. Ол айтарлықтай өзгерген және мектептегі балалардың дербестігін, шығармашылық белсенділігін дамытуға деген бағыттылығына негізделген жаңа формалармен толықтырылған. Сабақты сақтай отырып, қазіргі мектеп оған жаңа бағыт береді, оны басқа формалармен толықтырады, ол формаларда оқушы білімінің өз бетінше, дербес «табыскері» ретінде көрінеді.

Оқушылардың белсенділігін арттырудың жаңа формаларын шеберлікпен пайдалана отырып, ұстаздардың белсендіру әсерін жүзеге асырады,онда оқушылар: өз пікірінде тұра алуы; пікірталастар мен талқылауларға қатысуы; өз жолдастарына және мұғаліміне сұрақ қоя білуі; жолдастарының жауаптарын түзету; жолдастарының жауаптары мен жазба жұмыстарын бағалай білу; артта қалған оқушыларды оқытуы; үлгерімі нашар оқушыларға түсініксіз жерлерді түсіндіуі; өз бетінше шамасы келетін тапсырмаларды таңдауы; танымдық міндетті (мәселені) шешудің бірнеше түрін табуы; өзін өзі тексеру үшін, өзіндік танымдық және тәжірибелік әрекеттерін талдау үшін ойластыруы; танымдық міндеттердің шешімін өзіне белгілі тәсілдерін жинақтап қолдануы жүзеге асырылады.

Жаңашыл педагогтар мен шебер ұстаздар тәжірибесінде оқыту әдістері өзгеріп отырады. Ұзақ уақыт бойында мектеп, оқыту процесінің елеулі бөлігі болып табылатын әдістерің алуан түрін жинақтаған. Алайда олардың ара қатынасы, артықышылғы, нақты толысуы мектептің мақсаттық бағыттарына қарай өзгеріп, артықшылығы, нақты толысуы мектептің мақсаттық бағыттарына қарай өзгеріп отырады. Балалардың танымдық және шығармашылық белсенділігін дамытудың міндеттерін бірінші орынға кою дәстүрлі әдістерге елеулі өзгерістер енгізіп, жаңаларының пайда болуына жағдай жасайды.

Ауызша баяндау әдістері мектепте, бұрыннан-ақ, басты орын алып келеді. Мұғалім сөзі, оқулықтар – оқыту процесінің бұрыннан келе жатқан құралдары. Алайда, соңғы он жылда олар проблемалық сипатқа ие болып келеді. Проблемалық әдіс ақырындап оқулықтар мазмұнын өзгертіп келеді. Фактілерді эпикалық түрде баян етудің орнына оқу материалы көкейкесті ғылыми және әлеуметтік мәселелер төңірегінде топтастырылады, оларды шешудің әртүрлі теориялық әдістері ұсыныплып, оқушылар үшін проблемалық міндеттер мен сұрақтар тұжырымдалады. Оқулықтар құрылымындағы, мұғалімнің оқу материалын түсіндіруіндегі жүйелі проблема қою әдісі оқыту процесінде басты орынға ие болып келеді.

Проблемалық әдіс дәстүрлі көрнекілік және техникалық құралдарда да қолданылады. Теле және бейнежазулар, кино және диафильмдер жағдайлар мен құбылыстардың жай ғана бейнеленуі емес. Олар оқушылардың жануарлар мен өсімдік әлемінің динамикасын, физикалық құбылыстардың пайда болуы мен барысын көріп, басқа елдердегі халықтардың өмірімен таныса алатындай етіп жасалған. Фильмдердегі текстер, проблемалық және пікірталас сұрақтары оқушылардың көңілін қарама-қайшылыққа, қоғамдық және табиғи феномендерді ғалымдардың әртүрліталқылауларына аударады.

Оқу процесінің жаңаруы мектеп лабораторияларындағы оқушылар іс-әрекетінің орнымен мазмұнының өзгеруімен байланысты. 40-шы Дүниежүзілік конференция 1980 жылдары-ақ өзінің ұсыныстарында «оқушылардың ғылыми зерттеулер мен технологиялық даму процестеріне қатысу белсенділігін арттыратын лабораториялық сабақтарға арналған уақыт екі есе көбейтілген, лабораториялық тапсырмалардың мазмұны эвристикалық сипатқа ие болуда. Қатал ережеге негізделген тапсырмалар, көбінесе, оқушыдан шығармашылық әдіс пен өзіндік ойлауды керек ететін ізденіс міндеттерімен алмастырылады.

Оқушылардың өздік жұмысының, оқыту тәсілі ретінде, өздігінен білім алуға, жұмысты жоспарлаудың маңызды дағдыларын қалыптастыруға, оны ұйымдастыру мен өзін өзі бақылауға, ақпаратты талдау мен сараптауға, жалпы қорытынды жасауға, жұмысқа тиісті түзетулер енгізуге дайындығы үшін маңызы өте зор. Өзіндік жұмыстың дәстүрлі түрі – үй жұмысы, оны оқушы мұғалімнің көмегінсіз жасайды. Кейде тапсырма ерекше материал жинастырумен, сұрақ-жауап, бақылау жүргізумен байланысты болып келеді. Мұндай өздік жұмысты проект – жоба дейді. Оқушылар тобы немесе жеке оқушы жобаның тақырыбы мен міндеттерін анықтап, тек мектеп қабырғасында ғана емес, сондай-ақ мектептен тыс та жұмыс істей алады (мұрағаттарда, мұражайларда, қалалық кітапханада, мекемелерде т.б.). Жоба әдісі оқушыны оқу субъектісі етіп қана қоймай, оның қазіргі ақпараттар заманындағы өте маңызды әртүрлі бағыттан келіп түскен ақпаратты жинастыру мен талдау дағдыларын қалыптастырады.

Танымдық және шығрмашылық белсенділікті арттыру міндеті дидактикалық рөлдік ойындардың пайда болуына себеп болды. Эмоционалдық өріске бағытталған олар оқушылардың танымдық ынта-ықыласына, қиялына дем беріп, оқу процесінде аз қамтылатын жеке тұлғалық компоненттердің қызметін арттырады. Бүгінде батыс елдердің коммерциялық фирмалары әр жастағы оқушыларға арналған көптеген дидактикалық ойындар шығарады. Оларды барлық пән мұғалімдері қолданады, әсіресе тарих, қоғамтану, биология пәндері бойынша. Суреттермен, портреттермен, сызбалармен, текстермен жұмыс істей отырып, оқушылар тарихи оқиғада, қазіргі әлеуметтік құбылыста, мектептің аса маңызды мәселесін шешуде «жеңіліске ұшырап қалуы» мүмкін. Рөлдік ойындар мен драматизация ынта-ықыласты оятатын мықты педагогикалық тәсіл ретінде қарастырылады. Ол мұғалім оқушыларға мәселені шешу, қарама-қайшылықтан шығу жолын табу міндетін қойған кезде ерекше нәтижелі аяқталады.

Соңғы жылдары мектептерге жаңа техникалық құралдар кеңінен енгізілуде. Микроэлектроникаға негізделген бір беткей жаңа ақпарат тасушылардың пайда болуымен байланысты ақпарат революциясы соңғы он жыл ішінде мектептің дәстүрін айтарлықтай өзгертті. Болашақ білім беру көбінесе теледидар, аудио және бейне аппаратура, микрокомпьютер сияқты техникалық құралдары қазіргі заманғы ақпарат құралдарын ары қарай пайдаланумен байланысты.

Алайда қандай да керемет техника болмасын, ол мектептегі мұғалім орнын баса алмайды, бұл жағдай ең басты, ең маңызды болып қала береді. Оқушылардың танымдық белсенділігі, ең бірінші, сыныптағы мұғалімнің орнына, оның әрбір оқушының жақсы оқу қабілеттілігіне деген сеніміне, оқушылардың жетістіктерін әрдайым демеп отыруына байланысты. Нағыз мұғалімге мына қасиеттер тән: балаға деген сый мен сүйіспеншілік, оның мүмкіндігіне сенім, оқушының өрлеу, жетістік, өз күшіне сену сияқты сезімдері пайда болатын жағдайлар жасау. Микроэлектрлік техникамен органикалық байланыстағы адамгершілігі мол мұғалім оқу процесі мен мектептің бүкіл кейпін түбегейлі өзгерте алады. Мұндай жағдайдағы оқу бала үшін қиын емес, жаңаны тану, зерттелмегенді өз бетінше ашу, танымдық іс-әрекетінің жетістіктеріне жету қуанышына айналады.

Осылайша, кешенді тұрғыда келу ғана оқушылардың танымдық іс-әрекетін белсендірудің практикалық шешімі туралы айтуға мүмкіндік береді.

Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар

1.Қазіргі заман мектебіндегі оқушының танымдық іс-әрекетін белсендірудің маңыздылығын дәлелдеңіз.

2.«Оқушылардың танымдық белсенділігі», «оқушылардың танымдық іс-әрекетін белсендіру» ұғымдарының мәнін, олардың өзара байланысы мен өзгешелігін ажыратыңыз.

3.Оқушының танымдық белсенділігінің құрылымдық компоненттерін атаңыз.

4.Оқушылардың танымдық белсенділігінде оқу мотивациясының қандай маңызы бар? Оқу мотивациясы ретінде не болуы мүмкін?

5.Оқушылардың танымдық белсенділігі жалпы оқу және арнайы біліктерді меңгерумен байланысты екенін дәлелдеңіз. Басты, жалпы оқу біліктерін атаңыз.

6.Оқыту процесіндегі субъект-субъектілік қатынас дегеніміз не? Оқыту процесіндегі іс-әрекеттің субъектісі кім?

7.Оқушылардың репродуктивтік және продуктивтік танымдық іс-әрекетін қалай түсінесіз? Өз мамандығыңыздың пәні бойынша репродуктивтік және продуктивтік сипаттағы тапсырмалардан мысал келтіріңіз.

8.Оқыту процесіндегі оқушылардың танымдық белсенділігін қандай белгілер арқылы білуге болады? Оларды қандай әдістер көмегімен өлшеуге болады?

9.Оқушылардың танымдық іс-әрекетін белсендірудің тәсілдерін, формаларын, әдістерін сипаттаңыз. Өз мамандығыңыздыз пәні бойынша мысалдар келтіріңіз.

10.Оқушылардың танымдық іс-әрекетін жетілдірудің қазіргі дидактикалық әдістерін атаңыз.

Әдебиеттер:

1.Аристова Л.П. Активность учения школьника. М., 1988

2.А.Е.Әбілқасымова Студенттердің танымдық ізденімпаздығын қалыптастыру. Алматы, «Білім», 1994

3.Бабанский Ю.К. Оптимизация процесса обучения. М., 1980

4.Горшкова В.В. Активность личности школьника в совместной деятельности с учителем. Пособие по спецкурсу. Хабаровск, 1989

5.Коллективная учебно-познавательная деятельность школьников. /Под редакцией И.В.Первина. М., 1985

6.Ж.Б. Қоянбаев, Р.М.Қоянбаев Педагогика. Университеттер студенттеріне арналған оқу құралы. Астана, 1998

7. Педагогический поиск. М., 1987

8. Пидкасистый И.П., Порожков М.Я. Искусство преподавания. М., 1999

9.Скаткин М.Н. Активация познавательной деятельности учащегося в обучении. М., 1965

10.Хан Н.Н. Сотрудничество в педагогическом процессе школы. Алматы, 1997

11.Харламов И.Ф. Как активизировать учение школьников. Минкс, 1975

12. Шамова Г.И. Активизация учения школьников. М., 1982

13. Щукина Г.И. Активизация познавательной деятельности учащихся учебном процессе. М., 1979

14. Щукина Г.И. Роль деятельности в учебном процессе. М., 1986

Тақырып 12.Оқушылардың ұжымдық-танымдық іс-әрекетінің ұйымдастырушылық педагогикалық негіздері.

Жоспары:

1.Ұжымдық-танымдық іс-әрекет педагогикалық рпроцестің бөлігі.

2.Оқу белсенді топтарының жұмысы.

3.Топтық жұмыстарды ұйымдастыру.



Мақсаты: жеке тұлғаны дамыту үшін педагогикалық процеске қатысушыларды өзара әрекеттестірудің маңызды құралы ретінде ұжымдық-танымдық іс-әректерді ұйымдастырудың қажеттілігін негздеу.

Міндеттері :

а) жеке тұлғаның дамуындағы қарама-қайшылықтардың және оларды шешетін механизмдердің рөлін қорғаушы күш ретінде көрсету.

ә) ұжымдық - танымдық іс-әрекеттің мәнін ашу.

б)ұжымдық-танымдық іс-әрекеттердің элементтеріне жұмыстың негізгі түрлеріне сипаттама беру.



Ұжымдық танымдық іс-әрекеттер жөнінде түсінік. Диалектиканың қарама-қайшылықтардың бірлігі мен күресі деп аталатын заңына сәйкес кез келген нәрсені, құбылыс, процесс қарама-қарсы, бірін-бірі жоққа шығару және бір мезгілді өзара шарттастық қарым-қатынаста болатын жақтардың бірлігі болып табылады. Белгілі бір құбылысты, нәрсені дамыту процесінде соңында күрес арқылы шешілетін қарама-қайшылықтардың күшеюіне әкеп соғатын қарама-қарсылықтардың арасында сәйкессіз элементтер пайда болады. Олай болса, дамытудың қозғаушы күші де, қозғалыс көзі де қарама-қайшылық.

Оқушылардың танымдық іс-әрекеті адамдық танымның әртүрлігі және оқыту процесінің қарама-қайшылықтарымен байланыста болатын өзінің жеке қарама-қайшылықтарымен сипатталады. Тәжірибелі мұғалімдер оқу процесінде қарама-қайшылықтарды таза интуитивті түрде туғызады. Олар бұл қарама-қайшылықтарды оқушыларға білімді меңгеру барысындағы қиыншылық ретінде қабылдайды. Белгілі дидакт М.А.Данилов оқу процесінде объективті түрде пайда болатын және оның басты қозғаушы күші болып табылатын жетекші қарама-қайшылықты алғашқылардың бірі болып анықтайды. Бұл оқыту барысында алға қойылатын оқу практикалық міндеттері мен білім, білім және ақыл-ой дамуының деңгейінің арасындағы қарама-қайшылық. Сонымен бірге, ол қарама-қайшылықтың, қозғаушы күштің қалыптасуының шешуші шарты болып оқушының өзінің санасында ішкі сипатқа ие болатын және оған қиыншылық ретінде танылатын қарама-қайшылықтың қалыптасуы болып табылады.

Ұжымдық танымдық іс-әрекеттер жөнінде түсінік. Диалектиканың қарама-қайшылықтардың бірлігі мен күресі деп аталатын заңына сәйкес кез келген нәрсені, құбылыс, процесс қарама-қарсы, бірін-бірі жоққа шығару және бір мезгілді өзара шарттастық қарым-қатынаста болатын жақтардың бірлігі болып табылады. Белгілі бір құбылысты, нәрсені дамыту процесінде соңында күрес арқылы шешілетін қарама-қайшылықтардың күшеюіне әкеп соғатын қарама-қарсылықтардың арасында сәйкес элементтер пайда болады. олай болса, дамытудың қозғаушы күші де, қозғалыс көзі де қарама-қайшылық.

Ұжымдық танымдық іс-әрекеттің тәрбиелік мүмкіндігі. Оқушылардың ұжымдық танымдық іс-әрекетерінің оқушыладың тұлғалыққасиететріндамытуға жетелейтін оқу процесінің қарама-қайшылықтарын шешу үшін мүмкіндікетрі мол. Бұл жөнінде Т.Е.Конникованың және оның шәкірттерінің мектептерде жүргіілген зерттеу жұмыстарының нәтижелерінде көрініс тапқан.

Ұжымдық танымдық іс-әрекетер белгілі бір дәрежеде оқуматериалдарын меңгеруі, оқу барсындағы "осал жерлер" жөнінде оқушыдан кері ақпараттардыжедел алу сияқты өзекті дидактикалық проблемаларды шешуге мүмкіндікжасайды; оқушының тұлғалық қасиеттерін өз мәнінде дасмыту үшін маңызды шартболып табылатын қарым-қатынастың жетіспеушілігін азайтады.

Ұжымдық танымдық іс-әрекетер оқытудың тәрбиелеу жағына тиімділігін арттырады, тұлға аралық қатынастарды қалыптастыруға оң әсер етеді, ынпта қолайлы жағдай орнатуға және ұжымдық психологияныңқалыптасуына көмектеседі. Оқушыларда ұжымдық жұмыстар барысында жолдастық, достық және ұжымдық сезімдер қалыптасады.Сабақтарда ұжыммен орындалатын жұмыстарды жүргізу адамгершілікті оңды қатынастар бойынша тәжірибе жинақтауға мүмкіндік жасап, қоғамдық бағытылық пен шығармашылық даралаудыңбірлігінде оларды қалыптастыруға мүмкіндік жасайды.

Оқушылардың ұжымдық танымдық іс-әрекетерінің мүмкіндікері олардың жеке ғана емес ұжымдықжетістіктеерге жетуге ұмтылу тұрғысында ұжымдық оқу еңбегінің біліктерін меңгертуде,жаңа құлықтық позицияны құруда байқалады, оқудың құлықтықмағынасын тереңдетеді, оқуға дегенжауапкершілікті қатынасты қалыптастырады. Бұл оқушылардың ұжымдық танымдық іс-әрекетерінің мүмкіндіктерінің ауқымының кеңдігін көрсетеді. Сабақ барысында оқу жұсмыстарын осылайша ұйымдастыру оқушыларды бір-бірімен араласуына, жағдай жасайды, оқушылардың оқу еңбектерінің өнімділігін арттырады, ұжымның және ондағы әрбір оқушының субъекті позициясының қалыптасуына көмектеседі.



Оқу белсенділерінің жұмысы. Ұжымдық танымдық іс- әрекетсабақтажәнесабақтан тыс уақытта қолданылатын жұмыс түлерінің жүйесі болуы мүмкін. Ұжымдық оқу әрекетінің тұлғаға сол тұлғаның өзінің белсенділігіне қарай әсер етуі мүмкін, яғни ұжымдық танымдық іс-әрекет оқушының белсенілігінталап етеді. Оқушылардыңбасым көпшілігібелсенділік танытуы үшін танымдық іс-әрекет барысында қалыптасатын белсенді оқу әрекеттеріне сүйену қажет.

Мектепте оқу белсенді топтарының мүшелерінің санының артуы кабинеттердің жұмыстарын қайта қарауды талап етеді. Оқу кабинеттері нақты пән бойынша сабақта және сабақтан тыс уақытта жүргізілетін жұмыстардың орталығы болуы керек. Бұл орталықтың иесі оқушалардың өзі. Бұлоқубелсенді тобының мүшесіне, оның ішінде ассистентке аза ғана уақыттың ішінде сабаққа қажетті материалдарды дайындауына мүмкіндік жасайды.

Оқу белсенді тобының мүелерінің ішінде оқушылардың ішінен таңдалатын ассистент, кеңесші, лаборант, кітапханашы, безендіруші, шаруашылықты жүргізуші маңызды рөл атқарады. Олардың әрқайсысысынң атқаратын белглі бір қызметі бар.

Атап айтқанда, мұндай жұмысты жүргізу үшін компьютерлік құралды, оқушылардың потенциалын белсенді пайдалану қажет. Оқушылардың біріккен оқу іс-әрекетін ұйымдастыруда ассистентер мен кеңесшілер маңызды рөл атқарады.


Әдебиеттер

1.Горшкова В.В. Активность личности школьника в совместной деятельности с учителем. Пособие по спецкурсу. Хабаровск, 1989

2.Коллективная учебно-познавательная деятельность школьников. /Под редакцией И.В.Первина. М., 1985

3.Ж.Б. Қоянбаев, Р.М.Қоянбаев Педагогика. Университеттер студенттеріне арналған оқу құралы. Астана, 1998

4.Педагогический поиск. М., 1987

5.Пидкасистый И.П., Порожков М.Я. Искусство преподавания. М., 1999

6.Скаткин М.Н. Активация познавательной деятельности учащегося в обучении. М., 1965

7.Хан Н.Н. Сотрудничество в педагогическом процессе школы. Алматы, 1997

8.Харламов И.Ф. Как активизировать учение школьников. Минкс, 1975

9.Шамова Г.И. Активизация учения школьников. М., 1982

11.Щукина Г.И. Активизация познавательной деятельности учащихся учебном процессе. М., 1979

Тақырып 13. Оқу-тәрбие жұмысының нәтижесін есепке алу, бағалау.

Жоспары:

1.Оқу-тәрбие жұмысының нәтижесін бағалау және есепке алу қызметтері.

2.Оқу жұмысының нәтижелілігін бақылау мен есептеудің теориялық негіздері.

3.Оқу жұмысының нәтижесін бағалау және бақылау әдістерінің жүйесі.

4.Оқушылардың білімін бағалау

Мақсаты: оқу-тәрбие жұмысының нәтижесiн есепке алу мен бағалаудың негiзгi әдiстерiнiң сипатымен танысу.

Мiндеттерi:

а)Оқу-тәрбие жұмысының нәтижелерiн бағалау ұғымын құру.

ә)Мектеп iшiлік бақылау туралы ұғым беру.

б)Оқу-тәрбие жұмысының нәтижелерiн бағалаудың әдiстерiн пайдалану бiлiгiн қалыптастыру.



Бақылау мен есепке алудың мәнi. Мектеп iшiлік бақылау. Оқыту мен тәрбие нәтижелерiн есептеу мен бағалау тұтас педагогикалық процестiң маңызды компонентi болып табылады. Ол әрдайым мұғалiмнiң назарында болады, педагогикалық процестiң тиiмдiлiгi мен нәтижелiлiгiн көрсетедi. Сондықтан, жалпы оқыту процесiндегi оқушылардың бiлiм, бiлiк және дағдаларын тексеру мен бағалаудың қандай орын алатынын, онда оқыту, дамыту және тәрбие үшiн қандай потенциалды мүмкiндiктер барын, бұл мүмкiндiктердi оқу іс-әрекетiн белсендiру үшiн қалай дамытып, пайдалану керектiгiн, оқыту жемiстi болу үшiн нәтижесiне не ықпал ететiнiн қарастыру қажет.

Оқыту нәтижесiн тексерудiң мәнi – оқушылардың белгiлi бiр бағдарлама, пән бойынша бiлiм беру стандартына сай бiлiмдi меңгеру деңгейiн анықтау. Алайда, қазiргi педагогикада тұтас педагогикалық процестi тексеру мен бақылау ұғымдарының ауқымы айтарлықтай кең.

Оқытуды бақылау дегенiмiз, бiр жағынан, мұғалiмдер мен мектептердiң жұмыстарын тексерудiң әкiмшiлiк-ресми тәртiбi, нәтижелерiн басқару шешiмдерiн қабылдау үшiн қызмет ету. Ал екiншi жағынан, оқытуды бақылау дегенiмiз мұғалiмнiң оқушылар бiлiмiн тексеруi мен бағалауы. Отандық ғылымда “педагогикалық диагностика” атауының қолдану аясы тар және көбiнесе тәрбие саласында көбiрек қолданылады, онда ол тәрбиелiлiк деңгейдiң өлшемi мен талдауын бiлдiрiп, психодиагностикаға жақындай түседi. Оқыту процесiне қатысты “педагогика диагностикасы” атауын жоғарыда келтiрiлген мағынада қолданған орынды. “Бақылау”, “педагогикалық процесс нәтижелерiн тексеру мен есепке алу” сияқты дәстүрлi атаулармен де қолдануға болады.

Бақылау мазмұнының мәнi ерекше. Оқушылардың бiлiм, бiлiк және дағдылары тексеруге жатады деп есептелiнедi. Бiлiмдерден басқа шәкiрттердiң әлеуметтiк және жалпы психологиялық дамуы мектеп жетiстiктерiн тексерудiң мазмұны болып табылады. Мектеп тек бiлiмдердi қалыптастырып қана қоймай, тәрбиелеп, дамытатын болғандықтан, мектеп жетiстiктерiн тексеру бағыттарында да жүргiзiлуi керек.

Осылайша, тұтас педагогикалық процесте оқу-тәрбие жұмысы нәтижелерiн есепке алу мен бағалау мұғалiмдер мен оқушылар іс-әрекетiндегi құбылыстардың барлық жағын қамтуы керек.

Мектептерде педагогикалық іс-әрекеттiң нәтижелерiн есепке алу мен бағалау мектеп iшiндегi бақылау жүйесiне енгiзiлген. Мектеп iшiндегi бақылау – қойылған мiндеттерге сәйкес тұтас педагогикалық процеске түзетулер енгiзу мақсатында оқу-тәрбие процесiн жан-жақты зерттеу мен талдау. Мектеп iшiндегi бақылау – күрделi де көп жақты процесс, ол да барлық тұтастықтар сияқты заңды тәртiп ретінде, бiр бiрiмен тығыз байланысты және әрқайсысы белгiлi бiр қызмет атқаратын бөлiктердiң тұтастығынан тұрады.

Мектеп iшiндегi бақылау жүйесi белгiлi бiр дидактикалық талаптарға негiзделедi. Бақылаудың мазмұны мен әдiстерiне деген бұл талаптар үйлесiмдi, басқару қызметiн жүзеге асыруға мүмкiндiк беретiн жағдайларды анықтайды. Қазiргi зерттеушiлер бақылауға төмендегідей дидактикалық талаптар қояды:

1.Бақылау мазмұнының бағдарламалық талаптарға сәйкес болуы. Егер талаптар төмен болса, бiлiм беру деңгейi де төмендейдi; ал талаптар жоғары болған жағдайда оқушыларға шамадан тыс салмақ түседi.

2.Алынған ақпарат мазмұнының шынайлығы мен анықтығы.

3.Оқушылар дайындығының негiзгi элементтерiне талдау жасау қажеттiгi.

4.Бақылау шапшаңдығы, жүйелiлiгi мен жариялылығы.

5.Бақылаудың даралық және ұжымдық формаларын үйлестiру.

Алынған ақпарат көлемi бойынша бақылаудың келесi түрлерiн ажыратуға болады

а)жаппай бақылау, мұғалiм мен оқушының жұмысы жүйесiнiң негiзгi компоненттерi зерттелiнедi;

ә) тақырыптық бақылау, кез келген процестiң бөлiгi болып келетiн мәселенiң талдауымен байланысты.

Мектеп iшiндегi бақылаудың белгiлi бiр формалары бар және ол тиiстi әдiстер арқылы жүзеге асырылады. Бақылау әдiстерi мен формаларының алуан түрлiлiгi оның объективтiлiгiн арттырып, әрбiр мұғалiм мен тұтас педагогикалық ұжымның іс-әрекетiнiң ұжымдық бағалауы үшiн жағдай жасайды. Бақылаудың әрбiр формасының мақсаты болуы керек, ол оқу-тәрбие жұмысының әртүрлi кезеңiнде пайда болуы мүмкiн қиыншылықтардың алдын алуға жағдай жасауы керек.

Бақылаудың үш түрi бар:

1.Алдын ала бақылау: сабақ өткiзу үшiн әзiрленген жоспарлар, материалдармен танысу; түсiндiру, бекiту әдiстерi мен формалары туралы, оқушылардың өзіндiк жұмысының тәсiлдерi туралы әңгiме жүргiзу.

2.Күнделiктi бақылау: сабақты немесе сабақтардың өтуiн бақылау, оқушылардың бiлiмдерi мен дағдыларын тексеру, оқушылар жұмысын қарап шығу;

3.Қортынды бақылау: белгiлi бiр уақыт аралығындағы мұғалiмнiң оқушыларды оқыту мен тәрбиелеу жұмысының нәтижелерiн зерттеу. Журналдар, мәлiмет тiзiмдердi тексерiп, бақылау жұмыстары, сұрақ-жауап өткiзу.

Мектеп iшiндегi бақылау жүйесiнде педагогикалық процестiң жай-күйiн зерттеу келесi мәселелердi тексерудi керек етедi: мектеп жасындағы балалардың барлығына толық бiлiм беру туралы белгiленген талаптарды орындау; мемлекеттiк оқу бағдарламаларын толық көлемде орындау; оқушылардың бiлiм, бiлiк және дағдыларының деңгейi (тексеру жұмыстары негiзiнде анықталады); оқушылардың тәрбиелiлiк деңгейi.


жүктеу 0,91 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау