Құрастырған: педагогика кафедрасының оқытушысы Семей 2013


Кесте 1 Орта компоненттері және олардың бала дамуына әсері



жүктеу 0,91 Mb.
бет3/12
Дата29.01.2020
өлшемі0,91 Mb.
#27720
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

Кесте 1 Орта компоненттері және олардың бала дамуына әсері





Орта компоненттері

Олардың бала дамуына әсері.


1.

Табиғи және географиялық орта (климат, табиғат жағдайлары)

Бала организмінің мүмкін болатын күштерін оятады.

2.

Әлеуметтік орта (макро-орта)

а) өндіріс күштерінің деңгейі;

б) өндіріс қарым-қатынастарының деңгейі;

в) өмір сүрудің материалдық жағдайы;

г) мәдени даму дәрежесі;

д) көпшілік ақпарат құралдары;

е) техникалық құралдар.


Адамға талап қояды, мінез-құлық үлгісін береді, санаға әсер етеді, белгілі көзұарас енгізеді. Даму жағдайын қамтамасыз етеді.

3.

Микро –орта (үй-іші ортасы, баланы қоршаған жақындарының ортасы, аула, көше әсерлері.

Талап-тілектерді анықтайды, құндылықтырды қалыптастырады, қарым-қатынас негізін қалайды.

Жеке тұлғаның қалыптасуына әсер ететiн факторлардың арасында тәрбие ең маңызды орын алады. Кең мағынада тәрбиенi белгiлi бiр әлеуметтiк қызметтер атқаратын қоғамдық құбылыс ретiнде қарастыру қажет (ұрпақтан ұрпаққа берiлетiн әлеуметтiк тәжiрибе, жалпы адамзаттық мәдениет, т.б.), ал шағын педагогикалық мағынада тәрбие дегенiмiз – өсiп келе жатқан ұрпаққа жалпы адамзаттық құндылықтарды игерту үшiн мұғалiм мен оқушылар, балалар мен ата-аналар арасындағы бiрлескен іс-әрекеттердiң педагогикалық процесiн ұйымдастыру.

Морфологиялық белгілер (сыртқы бет-әлпет көрінісі

Функциональдық ерекшеліктер (қан тобы т.б.)




Анатомиялық-физиологиялық тума қабілеттер (сезім мүшелері, ойлау тұрпаты, есту мүшелерінің орналасу ерекшеліктері)

Адами (нышан) тума қабілеттер тік жүруі,сөзі т.б.




Жеке тұлғаның тұқым қуалаушылық негізінің генотипі


Шартсыз рефлекстер



Жүйке жүйесінің типі


Сурет 2 . Жеке тұлғаның тұқымқуалаушылық негіздері
Жеке тұлғаның қалыптасуының философиялық-әдіснамалық негiздерi. Ғылымда бұрыңғы заманнан берi келе жатқан жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуының биологиялық және әлеуметтiк факторларының ара қатынасы туралы пiкiрталас бiтер емес. Осы бiр көпғасырлық айтыс нәтижесiнде әртүрлi көзқарастар пайда болды. Осы көзқарастардың бiрiн жақтаушылар адамның дамуын, негiзiнен, табиғи ерекшелiктер анықтайды деп санайды. Ал тәрбиенiң маңызы аз деп есептелiнедi. Жеке тұлғаның дамуын түсiндiретiн осындай (биологизаторлық) бағыт ерте заманнан бастау алады. Сонау Платон (427-347 ж.ж. б.з.б.) мен Аристотель (384-322 ж.ж. б.з.б.) өз кездерiнде-ақ адамдардың қоғамдық мiндеттерiн олардың табиғаты анықтайды деп санаған. Аристотельдiң пiкiрiнше, туылған сәтiнен бастап-ақ кейбiр адамдар бағыну үшiн, ал кейбiреулерi билiк ету үшiн жаралған.

XVI ғасырда пайда болған преформизм (латынша – қайта құру, өзгерту) деген философиялық ағым төмендегiдей ойды ұстанған: адамның ұрығында болашақ жеке тұлғаның барлық қасиеттерi бар, ал даму олардың тек сандық жағынан артуын ғана бiлдiредi. Бұл орайда әлеуметтiк факторлар мен тәрбиенiң маңызы жоққа шығарылған.

Бихевиоризм бағыты да жеке тұлғаның дамуының биологиялық бастауларын жақтайды. Осы бағыттың негiзiн салушы американдық психолог және педагог Э. Торндайктiң (1874-1949 ж.ж.) пiкiрiнше, жеке тұлғаның барлық қасиеттерiн (соның iшiнде сана-сезiмiн, қабiлеттiлiгiн) тек тектiлiк, тұқым қуалаушылық қана анықтайды. Оның ойынша, ақыл-ой қабiлетi балаға “көздерi, тiстерi және саусақтары” сияқты дүниеге келгенiнен-ақ берiледi. Ол адамды ұрпақтан ұрпаққа сол қалпында берiлетiн және жеке тұлғаның барлық қасиеттерi мен келешегiн толығымен анықтайтын “гендердiң жинағы немесе батареясы” ғана деп санаған. Жеке тұлғаның дамуын биологизаторлық жағынан түсiндiру прагматизм бағытына да тән. Прагматизм грекше – прагма дегенiмiз – iс-әрекет, тәжiрибе. Бұл бағыттың негiзiн салушы – Джон Дьюи (1859-1952 ж.ж.).

Ендiгi бiр көзқарастың негiзiн классикалық түрде ағылшын философы Джон Локк (1632-1704 ж.ж.) салып, француз материалистерi оны ары қарай дамытқан. Бұл бағыт бойынша адам өмiрiнiң жағдайлары мен тәрбие жеке тұлғаның қалыптасуының шешуші факторы деп есептелген. Д. Локктiң белгiлi бiр пайымдауы бойынша баланың жаны дүниеге келген сәтiнде таза тақтаға ұқсас (tabula rasa) болып келедi және тек оның өмiр жағдайлары мен тәрбие ғана жеке тұлғаның белгiлi бiр қасиеттерiнiң пайда болуына себепшi болады. Осыдан кейiн бұл көзқарас социологизаторлық бағыт болып қалыптасты, ал оның өкiлдерi жеке тұлғаның қалыптасуына әлеуметтiк ортаның әсерiн бiрiншi орынға қойып, оның дамуының iшкi заңдылықтарын жоққа шығарады. Олар адамның рөлін төмендетеді.

Жеке тұлғаның дамуындағы тұқым қуалаушылық пен ортаның ықпалын бiрiншi орынға қойып, тәрбиенiң күшiн жоққа шығаратын бұл теориялар XIX ғасырдың аяғында психологиялық-педагогикалық зерттеулердегi ерекше бiр бағыттың пайда болуына себепшi болды, бұл бағыт “педология”, яғни тура аударғанда “балалар туралы ғылым”, “балатану” деген атқа ие болды. Қазiргi уақытта ғалымдардың көбiсi педологияны индивидтiң сәби, жас өспiрiм, жастық шағындағы дамуының жалпы заңдылықтары туралы ғылым ретiнде қарастырады. Социалистiк құрылыс жағдайларында бiздiң елiмiзде педология өкiлдерi баланың дамуының биогенетикалық заңын белсендi түрде насихаттаған және соған сүйене отырып балалардың әлеуметтiк теңсiздiгiн түсiндiруге тырысқан. Осы мақсатта оқушылардың ақыл-ойының дамуын зерттейтiн кең көлемдегi жүйе құрылған болатын. 1936 жылы ОК БК(б)П “сол заманғы педологияның теориясы мен практикасын” “жалған ғылыми антимарксистiк ережелерге” сүйенген деп айыптаған. Бұндай ережелерге, ең алдымен, сол заманғы педологияның басты заңы – балалардың тағдырының биологиялық және әлеуметтiк факторлармен, тұқымқуалаушылықтың бiр тұрақты ортаның ықпалының фаталистiк түрде алдын ала анықталып қойылу заңы жатады.

Сол уақыттарда балалардың психологиялық дамуын зерттеуде сауалнама және тест жүргiзу сияқты єдістер ерекше сенiмсiздiк туғызған. Шынында да тәжiрибесiз практик-педологтар қолданған бұл єдістер сол уақыттарда көп зиян келтiрген. Алайда педологияны ғылым ретiнде түбегейлi шектеу қате болған едi. Педология баланы барлық жағынан және жанама зерттейдi, бұл туралы өз кезiнде К. Д. Ушинский: “Егер педагогика адамды барлық жағынан тәрбиелегiсi келсе, онда оның адамды барлық жағынан тануы да керек”, – деген болатын.

Жеке тұлғаның даму факторлары туралы философиялық және психологиялық-педагогикалық ойдың тарихы материалистiк iлiмде және оның бiр бағытында – материалистiк диалектикада өз жалғасын тапқан. Бұл бағыттың өкiлдерi жеке тұлғаның қалыптасуына әсер ететiн факторларды тереңiрек зерттеп қана қоймай, сонымен қатар ол факторлардың өзара байланысымен олардың адамның даму процесiне ықпал ету тетіктерін де ашып көрсеттi. Қоғамның тарихын талдай отырып, олар адамдардың шығармашылық-қайта құру әрекетi өндiрiстiң дамуы мен көркеюiне, әлеуметтiк қатынастардың қалыптасуына, ғылыми бiлiмнiң молаюына, рухани өмiр мен өнегелiлiк-эстетикалық мәдениеттiң баюына себепшi болды деп көрсеттi.

Осылайша қоғамдық игiлiкке ие болып және оны дамыта отырып, адам әлеуметтiк тiршiлiк иесi ретiнде, жеке тұлға ретiнде қалыптасады.

Жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуына сыртқы, қоршаған орта ықпалының мәнi зор екендiгiне сене отырып, философ-материалистер адамның биологиялық табиғатын жоққа шығармады. Олардың ойынша, адам тiкелей табиғи тiршiлiк иесi, сондықтан ол бойына бiткен нышандар ретiнде көрiнiс тапқан табиғи күштерге ие деп сендi. Алайда ол нышандар оның бойында тек лайықты орта мен мақсатты тәрбие бар кезде ғана дами алады.

Сонымен қатар, адамды әлеуметтiк тiршiлiк иесi деп қарастыра отырып, философ-материалистер тұқымқуалаушылық бағдарламасымен еш байланысы жоқ индивидтiң “әлеуметтiк тұқымқуалаушылығы” туралы ойды ұстанады. Егер биологиялық нышандар адамға да, жануарларға да тән болса, әлеуметтiк тұқымқуалаушылық тек адамға ғана тән.

Материалистiк философия орта мен биологиялық нышандар қатарында тәрбиеге ерекше орын бөледi, тәрбие – жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуының үшiншi факторы. Бұндағы айта кететiн жағдайдың бiрi – материалистiк түсiнiкте жеке тұлға тек объект ретiнде ғана емес, сонымен қатар, ең бастысы, тәрбиенiң субъектiсi ретiнде, өзiндiк қайта құру қызмет-әрекетiнiң субъектiсi ретiнде қарастырылады.

Тәрбие – жеке тұлғаның қалыптасуының шешуші факторы ретiнде. Тұқым қуалаушылық, орта және тәрбие жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуының негiзгi объективтi факторлары болып табылады. Бұл орайда тұқымқуалаушылыққа (биологиялық факторға) жалпы адамзаттықпен қатар тұлғалық гендік қордыда қамтиды. Іс-әрекеттiң кез-келген түрiне деген анатомиялық-физиологиялық нышандар жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуында ерекше рөл атқарады.(мысалы, есту мүшелерiнiң құрылысы, ойлау қабiлетiндегi ерекшелiктер, т.б.). Олар баланың қабiлеттiлiгi, дарындылығы және дарыны дамуының алғышарттары болып табылады. Кейбiр жағдайларда бұл нышандар өте ерте (сәби кезiнде және мектепке дейiнгi жасында), кейбiр жағдайларда кешiрек, ал ендi бiрде, ер жеткен кезде ғана көрiнiс бере бастайды.

Биологиялық нышандар мен қасиеттердiң дамуы адамның функционалды пісіп жетiлуі мен қалыптасу процесiн сипаттайды, содан кейiн оның сүйектерi, бұлшық еттерi, сонымен қатар iшкi мүшелерi мен жүйелерi дамиды. Адамның биологиялық пісіп жетiлуі мен өзгеру процесi оның дамуы мен мiнез-құлығының жас кезеңдерiнде көрініс табады. Адамға табиғи берілген белгілерді дамытуда ең маңыздысы, жанұяда болсын, қоғамдық тәрбиелiк-бiлiм беру орындарында болсын, оларға дер кезiнде сауатты диагностика беру болып табылады. Қазiргi уақытта баланың іс-әрекеттiң қандай түрiне бейiмдiлiгi бар екенiн анықтайтын алуан түрлi әдiстер бар. Олардың iшiнде тест әдiстерi кеңiнен қолданылады.

Тәрбие мен бiлiм беруде адамның табиғи қасиеттерiн ескеру қажет, оның нышандары мен қабiлеттiлiгiн анықтай отырып, олардың ары қарай дамуының амал-тәсiлдерiн, формалары мен әдiстерiн айқындау керек. Қызметтiң қандай да бiр түрiне деген анатомиялық-физиологиялық нышандарының одан ары жемiстi дамуы үшiн баланың оған деген ықыласын арттырып, оны сол іс-әрекетке араластыра отырып, сол салада тәжiрибе жинастыруға жағдай жасау қажет.

“Жеке тұлға” деген ұғымда адамның қоғамдық мәнi ашылады. К.Маркстiң айтуынша, адамның мәні жеке индивидке тән абстрактiлiк емес, өз болмысында ол барлық қоғамдық қатынастар жиынтығы. Сондықтан ортаның жеке тұлғаның дамуына әсерi туралы сөз болғанда, ең алдымен, кең мағынада қолданылған әлеуметтiк орта деп түсiну керек, өйткенi адамның жеке тұлғалық қасиеттерi әртүрлi орталық қатынастар әсерiнен, яғни, адамдармен және түрлi қоғамдық институттармен өзара-қатынасы арқасында қалыптасады.

Қоршаған ортаның адамның дамуына әсерiн қарастыра отырып, философиялық және педагогикалық ағымдардың көбiсi адамның жеке тұлға боп қалыптасуы үшiн, сөйлеу, ойлау, тiк жүру секiлдi адамға ғана тән нышандар дамуы үшiн адами қоғам, әлеуметтiк орта қажет дейдi. Сәби жасынан жануарлар ортасына тап болған балалар туралы оқиғалар олардың бойында осы адами нышандардың дамымағаны дәлел бола алады, ол қасиеттердiң қалыптасуына деген қабiлеттерiнiң табандалып қалғаны соншалықты, олар адамдармен қарым-қатынас жасаудың ең қарапайым формаларын үлкен қиыншылықпен үйренiп, заманына сай адамның тұрмыс қалпын қабылдай алмады.

“Әлеуметтiк орта” деген ұғым, кең мағынасында, қоғамдық өмiрдiң материалдық жағдайлары, әлеуметтiк және мемлекеттiк құрылыс, өндiрiстiк, қоғамдық қатынастар жүйесi және олар анықтап отырған әлуметтiк жүйе сипаты мен қоғамда пайда болған әртүрлi мекемелер қызметiн қамтиды. Шынында да, жеке тұлғаның әлеуметтiк бейнесi, белгiлi бiр мөлшерде, оның қай мемлекетке жататыны арқылы көрiнедi, адам дүниеге келгеннен соң қандай да бiр қоғамның азаматы болады. Адамның дамуына барынша әсер ететiн әлеуметтiк орта, әсiресе қазiргi уақытта, ең алдымен, экономикадағы өзгерiстер, идеологияның өзгеруi, қала мен ауылдағы өмiр жағдайлары, миграциялық процестер (яғни, адамдардың белгiлi бiр мемлекет территориясы аясында көшiп-қонуы, сонымен қатар, одан көшiп кетуi), демографиялық процестер, сәбилердiң дүниеге келуiндегi, өмiр ұзақтығындағы өзгерiстер, т.с.с. жатады. Жеке тұлғаның қалыптасуында географиялық орта белгілі рөл атқарады. Баланың айналасы- үйдегі ортаға көп көңіл бөлінеді.

Қоғамдық мекемелердегі оқу-тәрбие процесін ұйымдастырғанда мұғалiмдер мен тәрбиешiлер балаға кең әлеуметтiк ортамен қатар, мектептен тыс ең жақын айналасының әсерiн ескерулерi тиiс, өйткенi кейде аулада, көшеде, оқушыларға, әсiресе жасөспiрiмдерге белгiлi бiр мөлшерде әсер ететiн жағымсыз (қоғамға қарсы) топтар пайда болуы мүмкiн. Бұл орайда, оқушыларды жақын айналасының қоғамдық-экономикалық өмiрiнiң әртүрлi саласына белсендi әлеуметтiк іс-әрекетке араластыру қажеттiлiгi туындайтынын ескеру керек. Тұқымқуалаушылықпен, ортамен қатар тәрбие үшiншi шешушi фактор болып табылады, тәрбие – педагогтардың басшылығымен әлеуметтiк тәжiрибенi меңгерудегi баланың саналы мақсатты басқарылатын іс-әрекетi. Тәрбиенiң зор күшiн көптеген өткен кезеңнің прогрессивтi педагогтары мойындаған. Мысалы, ұлы славян педагогы Ян Амос Коменский табиғат адамға дүниеге келген сәтiнде бiлiм игеруге мүмкіндік бередi, бiрақ бұл тек тәрбие мен бiлiм арқасында ғана дами алады деп оқытқан. Белгiлi педагог А. С. Макаренко педагогикалық теория мен тәжiрибеде “қиын”, тiптi “тєрбиесі ќиын” балалармен жұмыста тәрбиенiң игiлiктi күшiн дәлелдеген болатын.

Тәрбие – бұл тұлғаның қалыптасуына мақсатты бағытталған процесс, сонымен қатар тәрбие туа біткен нышандарды түзетеді және микро-ортаны өзгертеді.. Барлық балалар тәрбиелiк-бiлiм беру мекемелерiнен өтедi, ол мекемелер педагогикалық процестi сауатты құрастырып, оқушылардың жан-жақты іс-әрекетiн нәтижелі ұйымдастырады, өйткенi ол жеке тұлғаның дамуының шешушi шарты болып табылады.

Тәрбие жеке тұлғаның тәрбиелiлiгi нәтижесiнiң белгiлi бiр эталонының болуын талап етедi. Тәрбие мен оқыту адамның қоғамдық қажеттi бiлiм, бiлiк, дағдылардың белгiлi бiр жиынтығымен қарулануын, оның қоғам өмiрi мен еңбегiне дайындығын, осы қоғамдағы нормалар мен мiнез-құлық ережелерiн сақтауын, адамдармен қарым-қатынасын, оның әлеуметтiк институттармен ара қатынасын алдын-ала болжайды Тек тәрбие ғана жеке тұлғаның дамуының әлеуметтiк бағдарламасын жүзеге асыратын, оның нышандары мен қабiлеттiлiгiн жетiлдiретiн шешушi құрал.

Тәрбиенiң оның мақсаттылығынан басқа ерекше өзгешелiктерiнiң бiрi оның осы бiр әлеуметтiк қызметтi орындау үшiн қоғамның арнайы дайындаған адамдары арқылы жүзеге асырылуы. Педагогиканың ұлы классигi К. Д. Ушинский жеке тұлғаның қалыптасуындағы тәрбиешiнiң ерекше орны туралы былай деген: “Тәрбиешi тұлғасының жас жанға әсерi оқулықтармен де, моральдық нұсқаулармен де, жазалау мен мадақтау жүйесiмен де алмастыруға болмайтын тәрбиелiк күштi құрайды”.

Осылайша жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуының жемiстi болуының шарты тарихи анықталған және әрдайым өзгерiп отыратын үш фактор: тума қасиеттері, орта және тәрбие болып табылады.

Жеке тұлғаның қалыптасуында тәрбиеге шешушi мән бере отырып, өзара күрделi байланыста болып отырған мақсатты тәрбие мен баланың дамуының ара қатынасының мәнiн дұрыс түсiне бiлу керек.

Психологиялық-педагогикалық теорияда бұл мәселеге қатысты әр түрлi көзқарастар бар. Олардың бiрi баланың дамуы, тәрбие мен оқытудың тәуелсiз, яғни тез түрде жүзеге асады дейдi (Э.Мейман. А.Ф.Лазурский, Ж.Пиаже). Бұл орайда тәрбие мен оқыту дамуға бейiмделедi, “баланың дамуының соңында бірге жүредi” (Л.С.Выготский). Келесi бiр көзқарас бойынша даму іс-әрекеттiң тарихи қалыптасқан формаларын меңгеруi арқылы жүзеге асырылады (яғни, оқыту мен тәрбие көмегiмен), бұл орайда оқыту мен тәрбие баланың дамуының қол жеткiзген деңгейiнде ғана тоқтап қоймай, сонымен қатар алдағы міндетін шешу (К.Д.Ушинский, П.П.Блонский, Л.С.Выготский). Л.С.Выготский оқыту мен дамудың ара қатынасын зерттей отырып, оқытуды ұйымдастыруда баланың “дамудың ең жақын аймағына” сүйену керектiгiн айтқан. Ол былай деп жазған: “Дамудың алдында болған оқыту ғана жақсы болып табылады”. Сондықтан, тәрбиенiң ең маңызды құралы – табиғи нышандар жиынтығын мұқият айқындау, сол арқылы оларға және қоршаған орта жағдайларына сүйене отырып, баланың соған сай іс-әрекетін арнайы ұйымдастыру.

“Бала дамуының ең жақын аймағы” туралы сөз ете отырып, Л.С.Выготский оқушының тапсырманы өздігінен орындауға әзiрлiгiнiң дәрежесiн айтқан болатын. Осылайша ол бұл әзiрлiктi екi деңгейге бөлген болатын: оқушы тапсырманы мұғалiмнiң көмегiнсiз орындайды (ол осы кезеңдегi өз дамуының деңгейiне жеттi), ары қарай оған мұғалiмнiң көмегiн қажет ететiн қиынырақ тапсырма беру керек, яғни жаңа танымдық мәселе қойылады (қиындық, қарама-қайшылық), бұл оқушының ақыл-ойының дамуын ынталандырады.

Өзiн өзi бақылауға арналған сұрақтар;

1)“Жеке тұлға” деген ұғымды және оның құрылымдық компоненттерiнiң мағынасын ашыңыз.

2)Жеке тұлғаның қалыптасуымен байланысты негiзгi ұғымдарды сипаттаңыз.

3)Жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуының негiзгi теориялық-єдіснамалық амал-тәсiлдерiнiң сипаттамасын берiңiз.



Әдебиеттер

1.Бейсенбаева А.А. Теория и практика гуманизации школьного образования. Алматы: Гылым, 1998.

2.Божович Л.И. Личность и ее формирование в детском возрасте. М., 1968.

3.Измайлов А.З. Народная педагогика: педагогические воззрения народов Азии и Казахстана. М., 1991.

4.Керимов Л.К. Педагогические основы индивидуализации перевоспитания трудных подростков. Алматы. 1994.

5.Кон И.С. Психология подростка. М., 1981.

6.Кон И.С. Психология ранней юности. М., 1989.

7.Костюк Г.С. Движущие силы развития и воспитания. Хрестоматия по педагогике /Под ред. З.И.Равкина. М., 1976.

8.Петровский В.А. Личность – феномен субъективности. Ростов на Дону. 1993.

9.Рысбаева А.К. Успешность деятельности как категория педагогики. – Алматы: КНПУ им. Абая, 2003.

10.Узакбаева С.А., Кожахметова К.Ж. Использование материалов казахской этнопедагогики при изучении педагогических дисциплин. Алматы. 1996

Фридман Л.М., Пушкина Т.А. Изучение личности учащихся и ученических коллективов. М., 1988.


Модуль 2. Біртұтас педагогикалық процестің теориясы мен практикасы

Тақырып 3. Біртұтас педагогикалық процесс педагогиканың пәні және мұғалім іс-әрекетінің объектісі

Жоспары:

  1. Педагогикалық процесс мұғалім іс-әрекетінің объектісі.

  2. Тұлғаның біртұтас педагогикалық процесте дамуы.

3. Біртұтас педагогикалық процесс, оның мәні, негізгі компоненттері.
Мақсаты: Тұтас педагогикалық процестің ерекшеліктерін анықтау.

Міндеттері:

а) «Объект» және «пән» деген ұғымдардың мәнін ашу

б) педагогикалық процесс-педагогикалық теорияның объектісі болатындығын көрсету.

в) Тұлғаның тұтас педагогикалық процесте дамуына сипаттама беру.

Педагогикалық процесс мұғалім іс- әрекетінің объектісі. Адамның қандай да болмасын іс-әрекетінің заттық саласы қалайда білімдер жүйесінде көрінеді. Сондықтан синтетикалық спатының біртұтастық объектілері жасалмайынша субъектінің іс-әрекетінің сәтті болуы мүмкін емес. Санның тұтастық объектілері белгілі бір шындық саласындағы білімдерді меңгерудің нәтижесінде пайда болған объектілері, субъектінің іс-әрекетінің сыртқы талаптарды орындау тәсілдері мен адамның субъекті тұлғалық құндылықтарына бағыт табу болып табылады.

Педагогикалық іс-әрекетте еңбек субъектісі мұғалім болады. Мұғалімнің еңбек құралдарының өзіндік сипаттары – ол оның білімі, білігі, тұлғалық қасиеттері. Осыған байланысты, білім «сананың біртұтастық объектісі» болып есептелуі керек, мұғалімнің іс-әрекеті, оның білім және тәжірибесі кәсіби шеберліктің деңгейіне тікелей қатысты екендігі анық.

Қажетті тәжірибені жинақтауға әкелетін іс-әрекет мұғалім тұлғасын қалыптастырудың шарты болады, ал ол «оқу-әдістемелік» құралдарының өзінде орныққан. Бірақ бұл іс-әрекет тиімді болуы мүмкін емес, егер еңбек объектісі толық айқын болмаса, еңбек субъектісінің зейіні теріс түсініп объектіге аударылса, бұндай жағдайда еңбек субъектісінің әрекеті объективті өмір сүретін кәсіби іс-әрекеттің объектісіне сәйәкес болмайды.

Қазіргі кезеңдегі тұтас педагогикалық процестің мәні туралы түсінік ғалымдардың бірнеше ұрпақтарының күш салуларының арқасында жинақталады, өйткені педагогикадық құбылыстар компонентетрінің, қасиеттері, заңдылықтар туралы дербес білімдері бірте-бірте жинақталады. Бірақ, бөлік туралы білім әлі біртұтас туралы білім емес. «Педагогикалық процесс» деген сөздік (термин) ғылыми айналымға ХІХ ғасырдың екінші жартысында (П.Ф.Каптерев) енгізілгенімен, ұғымның мазмұндық сипаттамасын тек қана тұлға теориясы, іс-әрекет теориясының дамуы арқылы құбылыстарды зерттеуде жүйелілік тәсіл қолдануды қалыптастыру арқасында мүмкін болды.

Педагогикалық процестің белгілері, спалары мен қасиеттері.

Тұлғаны қалыптастыру ұзақ процесс, ол қарама-қайшылықтарды шешумен бұл іс-әректетегі ересектердің мәдениеттердің заттық өзгерілген формасын субъектінің әрекеттік қабілеттеріне өзгерту мен көзқарас формасындағы адамзаттың әрекет күштері мен қабілеттерінің заттық формаға ауысуының бірлігі. Демек, егер педагогикалық процестің түпкі мақсаты адамның тұлға ретінде қалыптасуы болса, онда педагогиклық процестің элементар бірлігі, оның «кереге көзі» бастапқы абстракция болып «қалыптасудың қас қағым сәті» болуы керек.

Бұл процестің ең кіші бірлігі, одан әрі оны тану сапалық қасиеттерін жоғалтпай мүмкін болмайды.

Тұлғаның қалыптасуы даму барысында негізгі қайшылықтарды жеңуде жүзеге асады. Бірақ бұл үшін, бөліну болған жөн- ересектер қызметін алады, яғни. әлеуметтік тәжірибеде алынған іс-әрекет тәсілдерін айқындаушы. Сонымен бірге қозғалыс формаларындағы адамзаттың әрекет күштері мен қабілеттерінің заттық формаға ауысуы жүзеге сасады. Тұлғаның іс-әрекет субъектісне алмасуы, оқушының даму процесінде қалай болатындығы көрінеді.

Барлық мәдени байлықтарды және іс-әректтер түрлерін меңгеру пәндік оқыту арқылы жүргізген тиімді. Бұнымен тағы бер жүйенің пайда болуы байланысты, оған мұғалім «сынып ұстаздары» элементі ретінде кіреді. Сынып ұстаздарының балалардың бастапқы ұжымы мен өзара әрекетері барыснда жоғары деңгейдегі жүйе «сынып оқушылары» пайда болады.


Әдебиеттер

1.Бейсенбаева А.А. Теория и практика гуманизации школьного образования. Алматы: Гылым, 1998.

2.Божович Л.И. Личность и ее формирование в детском возрасте. М., 1968.

3.Измайлов А.З. Народная педагогика: педагогические воззрения народов Азии и Казахстана. М., 1991.

4.Керимов Л.К. Педагогические основы индивидуализации перевоспитания трудных подростков. Алматы. 1994.

5.Кон И.С. Психология подростка. М., 1981.

6.Кон И.С. Психология ранней юности. М., 1989.

7.Костюк Г.С. Движущие силы развития и воспитания. Хрестоматия по педагогике /Под ред. З.И.Равкина. М., 1976.

8.Петровский В.А. Личность – феномен субъективности. Ростов на Дону. 1993.

9.Рысбаева А.К. Успешность деятельности как категория педагогики. – Алматы: КНПУ им. Абая, 2003.

10.Узакбаева С.А., Кожахметова К.Ж. Использование материалов казахской этнопедагогики при изучении педагогических дисциплин. Алматы. 1996

Фридман Л.М., Пушкина Т.А. Изучение личности учащихся и ученических коллективов. М., 1988.


Тақырып 4. Педагогикалық процестің заңдары мен заңдылықтары.

Жоспары:

1.«Заң», «заңдылық» ұғымдарының мәнін ашу.

2.Педагогикалық процестің бөліктері.

3.Педагогикалық процесс күрделі және дамытушылық жүйе, оның негізгі заңдылықтары.



Мақсаты: Болашақ мұғалімдердің ғылым мен тәжірибеде заңдардың рөлі туралы ұғымын дамыту.

Міндеттері:

а) Заңдардың ашылуына тәжірибенің ықпал етуін көрсету;

ә) Ғылымның заңдарының объективтік сипатын ашып көрсету;

б) Педагогикалық процесс заңдарының мазмұнын негіздеу.



Заңдар педагогикалық теорияның даму деңгейінің бейнесі. Әр бір ғылымның ең маңызды міндеттерінің бірі ақиқат шындықата әрекет ететін объективті заңдарды танып білуі болып есептеледі.

Бір заттық саланың теориясын құруға және әрине, тәжірибелік міндеттерді тиімді түрде шешуге тек заңдарды танып білу ғана мүмкіншілік береді.

Ғылыми білім құбылыстарды жазып баяндау ретінде қалыптасқаны, сонан соң тәжірибе негізінде эмпирикалық теориялардың қалыптасқанын және жеке заңдардың ашылғанын ғылыми ізденістер терихында қарап көруге болады.

Тек осы заттық саланың ерекше заңдары ашылғаннан кейін қазіргі кезеңдегі ғылыми білім теориясы дамытады.

ХХ ғасырдың 60 жылдарынан бастап педагогика оқулықтарында заңдар мен заңдылықтар жайында пераграфтар орын тапты. Бірақ, олардың біреуінде де бұл не екенін түсінік берілмеген. Ұғымдар өз бетінше қалыптасқан, неліктен автор осыны заң әлде заңдылық деп санайтыны түсініксіз. Одан басқасы, нені заңдарғаа, ал нені заңдылықтарға жатқызуға болады екені ажыратылмаған. Осының барлығы тек педагогикалық заңдар мәселесінің теориялық тұрғыдан зерттелмегенін ғана дәлелдейді. Белгілі дәрежеде бұл филисофитардың зерттеп дайындаған заңдар мен заңдылықтар туралы түсініктерін есепке алмағандықпен байланысты /4,5,6,7/.

Екі мың жылдық өткен соң Д.Бруно "табиғат заңы" ұғымын алғашқы рет пайдаланаады. Бірақта ұғымның кең қолдануы Декартқа жатады, ол заңға екі атрибут - мәңгілік және тұрақтылық пән деп санады. Яғни, егерде объективті шындықтың бұл саласы орынды болса, оның заңдары мәңгі және тұрақты, адамдар ерігіне тәуелді емес - объективті. Мысалға бет бұрайық: материя бар және материя мен энергияның сақталу заңы бар. Жер үстінде өмір, және ассимиляция және диссимиляция заңы бар. Ғаламда денелер бар және әлемдік салмақ заңы бар.

Жаңа дәуірде "заң" ұғымын жете зерттеуімен әр түрлі философиялық жүйелердің өкілдері шұғылданады. Ф.Энгельс өзінің "Диалектика проироды" деген еңбегінде адамдар, заңдардың әрекетін өздерінің бақылауларында әлдеқашаннан белгіледі және соңы тәжірибені жетілдіруде қолданды деп айтып өтті /8/. Сондықтанда ғылыми заңдар бірден ашылмайды, ал ашылғандар сол заттық саладағы жаңа білімдерге байланысты анықтала береді. Жеткілікті көрнектілік мысал - химияда Д.И.Менделеевтің периоды заңының анықталуы.

Әлеуметтік жүйелер өзін-өзі ұйымдастыруға қабілеттің тек бір жағдайда болады. Егерде әр бір индивид, осы жүйеге қатысушы үйлесімді дамуына және өзін іс жүзінде көрсетуге қажетті және жеткілікті шарттарына ие болса. Демек, педагогикалық процеске маңыздысы - индивидтің қалыптаса басталуы, олардың жеке даралығының және әлеуметтік пісіп-жетілуінің қалыптасуы.

Педагогика тәрбие туралы ғылым ретінде дамиды, сол қоғамдық қызметіне сай биологиялық мұра болмайды, өткен ұрпақтың әлеуметтік тәжерибесін өсіп келе жатқан мұрагерлердің менгеруіне байланысты. Демек, тәрбиенің мәні және оның мақсаты индивидтің, адамның барлық қоғамдық қатынастардың бірлігі ретінде қалыптасуы болады. Әлеуметтік тәжірибені меңгеру процесі барысында қалыптасқан қоғамдық болмыстың барлық жақтарымен қатынастары.

Ұстаздың табысты кәсіби іс-әрекеті танып білген педагогика заңдарына сәйкес іс-әрекет. Қазіргі кезде кәсіби іс-әрекет табысты нәтижелерінен бағаланады. Ал бұл білім беру саласында әсіресе маңызды, өйткені бұл жерде табысты нәтиже - ол орын тапқан тұлға. Егерде білім беру саласында табысты нәтижелер болса, сонда қоғам өмірінің барлық басқа салалары, кәсіби іс-әрекеті түрлерінің әр түрлілігі жағымды өзгерістерге мүмкіншілік табады.

ХХ ғасырда бірте-бірте үдейе түскен, білім берудің дағдарысы, 60шы жылдарда анық білінді. Ф.Кумбс /1/ осы дағдарысқа толық жүйелі талдау жасады. Бірақ әр түрлі елдерде жасаған реформалау әрекеттері шындығында ең бастысын қозғамаған: білім алу процесі және нәтижесі ретінде анықталған білім берудің парадигмасы бұрынғыдай болып қала берді. Сондықтан кездейсоқ емесв 90шы жылдарда ЮНЕСКО-ның бас конференциясының ХХ сессиясы болып өткенде бүкіл дүниеде білім беру рөлінің қазіргі кезеңдегі тұжырымдамасы қабылданды, оған білім берудің жаңа парадигмасы сай келеді: білім беру деп әлеуметтік пісіп-жетілумен жеке даралық өсуге жеткен тұлғаның қабілеттерін және міне-құлқын толық жетілдіру процессін және нәтижесін түсіне керек.

Білім беруде алғашқы рет тұлғаның мүдделері бірінші орынға қойылды. Осы түсінікте болмыстың ең маңызды, материалисттік диалекктикада ашылған өзгешелікті бейнелеген - ол заттандыру мен затсыздандыру. Білім беру жүйеде ұстаз ғылыми білімді жинаған әдіс-тәсілдерді айқындайды деген сөз. Оқыту процесі барысында оқушылар бұл әдістерді игеру арқылы меңгеріп жатқан оқу пәнін игерді. Дәл осылай /іс-әрекет әдістерін меңгеріп алу/ болғандықтан оқушылардың тұлғасының өзгерілуі болады /заттандыру/. Шындығында дәл осымен жеке адам тұрғысына бағытталған білім берудің қажеттілігі белгіленеді. Яғни, оқушы нені істей алады, оқыту процесі барысна қанждай болады екенндігіне ерекше назар аудару. Тек сонда ғана оқушылар адамзаттың, /этностың, аймақтың, жанұяның, мамандықтың /мәдениет меңгеруі және олардың қоғамдық кәсіби іс-әрекетте дамуы туралы айтуға болады. Яғни педагогикалық заңдар білім берудің сапасының мәнін түсінуде перспектива ашады-ол социумде өзін іс-жүзінде көрсете алуға дайын оқушылардың тұлғасын жасау. Бірақ біртұтас педагогикалық процестің теориясымен оның заңдарын меңгермейінше, ұстаз ең бастыға қатыссыз жеке бөліктерге шоғырлануы мүмкін. Педагогикалық заңдарды білу ұстазға практикалық жұмысты нақты мақсатқа яғни, түпкі нәтижеге анық бағыттарды белгілеп құруға мүмкіншілік береді.

Педагогикалық процестің заңдылықтары

Педагогика ғылымы өзінің пәнін зерттей отырып, оқыту – тәрбиелеу процесінің теориясын жасайды. Теориялық білімге ұғым (категория), заңдар, заңдылықтар жатады, оларды зерттеу теорияны жасауға және оқыту – тәрбиелеу жұмысын, педагогикалық процесті ұйымдастыру әдістеріне бағыт береді.

Ұғымдардың көмегімен педагогикалық шындыққа, сонымен бірге мұғалімнің іс-әрекетінің объектісі – біртұтас педагогикалық процеске де сипаттама беруге болады. Педагогикалық процестің заңдарын білу мұғалімнің іс-әрекетін ұйымдастыруға жол табуға әсер етеді. Заңдылықтар мен принциптер педагогикалық процестің қызметін және оны нақтылы жағдайға сәйкес құрауды болжауға мүмкіндік береді.

Мұғалімді дайындау сапасы тұтас педагогикалық процестің әртүрлі жақтары, қасиеттері мен сапалары туралы теориялық білімдер жайында және міндеттерге қатысы бар аумағы кең кәсіби міндеттерді қолдануға дайындығынан көрінеді. Қандай да болмасын қиыншылықтарды, кәсіби міндеттерді шешуде маман еңбек процесіндегі әртүрлі элементтер, бөліктер арасындағы байланыстылықты анықтай отырып, оның жалпы құрылымын көре алады деген сөз. Мұғалім үшін бұның маңыздылығы тұтас педагогикалық процестің жүйелі – құрылымдық сипаттау, алда болатын іс-әрекеттің ойша моделін жасауға, нақтылы жағдайды ескере отырып, «ұстаздар-оқушылар» жүйесінің жағдайының дамуын болжауға мүмкіндік беретіндігімен анықталады.



Әлеуметтік жүйенің қандайы да сияқты педагогикалық процесс ашық болады, яғни ортаның ықпалын сезеді, бірақ ішкі белсенділік пен өзін-өзі реттеушілігімен көзге түседі. Осыған байланысты әлеуметтік жүйенің бір түрлілігі сияқты педагогикалық процесте солардың тегіндегідей белгілері болады (Абрамова Н.Т., Афанасьев В.П., Блауберг И.В., Садовский В.Н., және т.б.):

  • қоғамның ұсынуымен жүйе жалпы мақсатқа ие, оның қызмет атқаруы мақсатқа сәйкестік сипатты білдіреді;

  • жүйе өзара байланыстағы және өзара тәуелді элементтерден (компоненттерден) тұрады;

  • жүйе тиым салушылық әкелетін ортада өмір сүреді;

  • жүйенің белгілі бір қоры бар, ол оның қызмет істелуі мен тұрақтылығын қамтамасыз етеді;

  • жүйенің ішкі құрылымы оның деңгейінің иерархиясы және ортамен байланысын көрсетеді;

  • жүйеге тән ішкі қайшылықтар есебінен жүйе дамуға қабілетті;

  • жүйе басқару орталығы арқылы басқарылады (сурет 2)


оқушылар


Сурет 3. Педагогикалық процесс блоктарының өзара байланысы
Көрсетілген белгілер не себепті әрбір жеке бөлініп алынған педагогикалық деректі тек қана сипаттауға болатындығын, бірақ егер басқалардың арасында оның орнын анықтауға және «ұстаздар – оқушылар» жүйесінде жеке бөліктерінің өзара әрекеттері туралы анық түсінік болмаса қандай шешім қабылдауға қиын болатындығын түсінуге көмектеседі.

Педагогикалық процестің ерекшеліктері оның құрамындағы бөліктерінің ішкі байланыстарында бейнеленеді. Процесс (латынның processus – қозғалыс) алға басу 1) жағдай; 2) белгілі бір нәтижеге жетудегі бір ізді әрекеттердің бірлігін білдіреді. Көрсетілген «процесс» деген ұғымның мағынасы «ұстаздар-оқушылар» жүйесіндегі түпкі мақсатқа бір ізді әрекеттер бірліктері арқылы жету ұстаздан қандай нақтылы жағдайды өзгерту және осыған сәйкес қандай іс-әрекет істеу керектігін білуді талап етеді. Бұл сұрақтарға жауап өз тарапынан сол байланыстармен оның болатын, өз арасындағы бар байланыстарымен және мұғалімнің педагогикалық процестің бөліктері мен құрылымын білуге тікелей байланысты болатын заңдылықтарымен байланысты.



Педагогикалық процестің заңдылықтары

Педагогика ғылымы өзінің пәнін зерттей отырып, оқыту – тәрбиелеу процесінің теориясын жасайды. Теориялық білімге ұғым (категория), заңдар, заңдылықтар жатады, оларды зерттеу теорияны жасауға және оқыту – тәрбиелеу жұмысын, педагогикалық процесті ұйымдастыру әдістеріне бағыт береді.

Ұғымдардың көмегімен педагогикалық шындыққа, сонымен бірге мұғалімнің іс-әрекетінің объектісі – біртұтас педагогикалық процеске де сипаттама беруге болады. Педагогикалық процестің заңдарын білу мұғалімнің іс-әрекетін ұйымдастыруға жол табуға әсер етеді. Заңдылықтар мен принциптер педагогикалық процестің қызметін және оны нақтылы жағдайға сәйкес құрауды болжауға мүмкіндік береді.

Мұғалімді дайындау сапасы тұтас педагогикалық процестің әртүрлі жақтары, қасиеттері мен сапалары туралы теориялық білімдер жайында және міндеттерге қатысы бар аумағы кең кәсіби міндеттерді қолдануға дайындығынан көрінеді. Қандай да болмасын қиыншылықтарды, кәсіби міндеттерді шешуде маман еңбек процесіндегі әртүрлі элементтер, бөліктер арасындағы байланыстылықты анықтай отырып, оның жалпы құрылымын көре алады деген сөз. Мұғалім үшін бұның маңыздылығы тұтас педагогикалық процестің жүйелі – құрылымдық сипаттау, алда болатын іс-әрекеттің ойша моделін жасауға, нақтылы жағдайды ескере отырып, «ұстаздар-оқушылар» жүйесінің жағдайының дамуын болжауға мүмкіндік беретіндігімен анықталады.

Педагогикалық процестің заңдылықтары «ұстаздар-оқушылар» жүйе байланысының бейнесі: жүйенің өзінің ішіндегі кейбір жеке қосымша жүйелердің және сыртқы басқа одан жоғары сатыдағы жүйелер байланысты (мектепті қоршаған әлеуметтік орта, қоғам). Көрсетілген сбеп бойынша педагогикалық процестің қызмет істеуінің ерекшелігін (жағдай, байланыс, қатынас көрсететін процестің қасиеті мен оның сапасын), бейнелейтін заңдылықтар анықталады.

Сондықтан да педагогикалық процестің негізгі мынадай заңдылықтары болады:


  • оқу орнының педагогикалық процесі қоғамның әлеуметтік экономикалық қажеттілігіне сай болады;

  • педагогикалық процестің мақсатқа бағыттылығы қоғамның мақсатын көрсетеді, ол әлеуметтік тапсырыс ретінде, білім беру заңдары арқылы талап етіледі;

  • педагогикалық процесс екі жақты процесс, ол ұстаздар мен оқушылардың, тәрбиешілер мен тәрбиеленушілердің өзара әрекетімен байланысты, міндетті түрдегі екі жақты іс-әрекет;

  • оқушылардың творчестволық белсенділігі мұғалімнің мұқият ойластырылған және ұйымдастырылған іс-әрекетінің нәтижесі;

  • педагогикалық процестің қызметі онық жасалуы мен ұйымдастырылуы оқушылар коллективі, сонымен қатар жеке оқушылардың жас ерекшеліктері мен даму деңгейлеріне сай келуіне байланысты;

  • педагогикалық процесс бөліктерінің мағынасы маңыздылығы әртүрлі, олардың бір бірінен бағыныштылығы (иерархия) мен бір-біріне әсері бар;

  • педагогикалық процесс бір қас-қағым сәттік емес, ұзақ мерзімге бағытталған;

  • педагогикалық процестің ішіндегі қосымша жүйелердің ортасы мен өзара қиылысқан бағыттарының әсері көптеген факторларды тудырады, соның ықпалы негізінде ең ақырғы нәтиже қалыптасады.

Заңдылықтар педагогикалық процестің ішікі және сыртқы байланыстарын көрсетеді, олар өз арасында жеткілікті дәрежедегі күрделі байланыстарын құрайды. Сондықтан, егер ұстаз нақтылы педагогикалық процестің негізгі жағдайда заңдар мен заңдылықтарды ескермей ұйымдастырса, бұл ең ақырында оқу-тәрбие жұмысының сапасының төмендеуіне әкеледі.

Барлық педагогикалық процестің заңдар мен заңдылықтарын айқындалғандарын ескере отырып, баланың тұлға ретінде дамуының тиімді жағдайын нақтылы әлеуметтік-экономикалық жағдайларда өзіндік дамыту және өз орнын таба алу қабілетін қамтамасыз еткізетін мұғалімнің басшылыққа алуға тиісті принциптерінде тұжырымдарға мүмкін болды.

Принциптер мұғалімнің іс-әрекетін ұйымдастыруға қойған негізгі талаптар болып есептелінеді, олар тұрақты нысаналар болып және педагогикалық процестің қызмет істеуінде творчестволық түрде көрінеді. Негізінен принциптерде педагогикалық процестің заңдары мен заңдылықтары жүзеге асады. Бұл мұғалімнің теориядан практикалық әрекетке көшуі болады:


  • педагогикалық процестің ізеттілігі, тұлғалық нысандық бағыттылығы;

  • іс-әрекеттің сана мен мінез-құлық бірлігін қалыптастыруға бағыттылығы;

  • педагогикалық процестегі іс-әрекеттерді оқушылар тұлғасын дамытудың көкейкесті қажеттілігін ескере отырып ұйымдастыру;

  • педагогикалық талап қоюшылықты оқушының көзқарасын оны адамдарға, құбылыстарға, процестерге қарым-қатынасын сыйлаумен ұйымдастыру;

  • педагогикалық басшылықты оқушылардың инициативасымен, қайраткерлігімен ұластыру;

  • оқушылардың іс-әрекеттерде тиімді нәтижелерге жетуге көмектесу;

  • ұстаздардың, оқушылар ұжымының және отбасыларының оқушыларғңа қоятын талаптарының үйлесімділігі;

  • әрбір бала үшін тиімді психологиялық ахуалдың әлеуметтік қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

  • оқушы тұлғасы мен ұжымының дамуындағы жаңа құрылымды үздіксіз бақылау.

Заңдар, заңдылықтар және педагогикалық процесті ұйымдастыру принциптері өзара байланысты болуы мүмкін. Бұл өзара байланыстылық процестің мәнінен оған қатысушылардың практикалық әрекеттерінен көрінеді, ал педагогикалық процестегі мұғалімдер мен оқушылардың іс-әрекеттерін ұйымдастыру моделі ретінде ұсынылуы мүмкін.


  1. «Заңдылық», «принцип» деген ұғымдардың мазмұнын анықтаңыз. Бұл ұғымдарды «тәрбие», «педагогикалық процесс» деген ұғымдармен не байланыстырады?

  2. Неге мұғалім педагогикалық процесті ұйымдастырудың задылықтары мен принциптерін білуі керек?

  3. Нақтылы жағдаяттар негізінде педагогикалық процестің заңдылықтарының рөлін көрсетіңіз.

  4. Ұстаздар мен оқушылардың іс-әрекетін педагогикалық процестің қай бөліктері көрсетеді?

  5. Әлеуметтік тәжірибенің мазмұны неден тұрады?

  6. Адамзаттың әлеуметтік нормативтік мәдениеті қалай меңгеріледі?

  7. Педагогикалық процестің тәрбиелеуші тетіктеріне сипаттама беріңіз.


Әдебиеттер

  1. Вопросы обучения и воспитания / сост. Э.Г.Костяшкин. М., 1972

  2. Ленин В.И. Философские тетради ПСС, т.29.

  3. Макаренко А.С. Проблемы школьного советского воспитания. Собр. Соч. В 7 т. Т.5. М., 1958.

  4. Проблемы методологии педагогики, методологического исследования / Под ред. М.А.Данилова и Н.И. Болдырева, М., 1971.

  5. Хмель Н.Д. Теоретические основы профессиональной подготовки учителя. – Алматы: Ғалым, 1988.


Тақырып 5. Тұтас педагогикалық процестегі тәрбиенің мазмұны,мақсаты.

Жоспары:

1.Тәрбие-жеке басты мақсатқа сәйкес қалыптастыру процесі.

2.Педагогикалық процестің жетекші компоненттері.

3.Тәрбиенің басты мақсаты-жеке адамды қалыптастыру, рухани дамыту.



Мақсаты: Қазіргі заманғы мектепте тәрбиенің негізгі түрлері және олардың өзгешеліктері жайлы түсініктерін қалыптастыру.

Міндеттері:

а) «Тәрбие мазмұны» ұғымының мәнін ашу. Тәрбие мақсатының, міндеттерінің және мазмұнының диалектикалық өзара байланыстары мен қатынастарын ашу.

ә) Тұлғаның үйлесімді дамуы туралы түсінік беру.

б) Тәрбие түрлерінің топтасуымен таныстыру.

в) Тұлғаның қалыптасуындағы өзін-өзі тәрбиелеудің ролін ашу және оның негізгі тәсілдерін сипаттау

Тәрбие мазмұнының мәні. Тәрбие мақсатының, міндеттерінің және мазмұнының диалектикалық өзара байланыстары мен қатынастары. Педагогика теориясы мен тәжірибесінде тәрбие мазмұны ең маңызды және көкейкесті ұғымдардың бірі. Қазіргі тәрбие мазмұны ғасырлар бойы қалыптасып, белгілі бір тарихи кезеңде қоғамдық сананың даму ерекшеліктеріне идеяалық және құндылық ұстанымдарға байланысты жетіліп отырды.

Ұрпақтардың табиғи түрде алмасуы қай кезде болмасын маңызды қоғамдық міндет болып табылатын алдыңғы ұрпақтардан келесі ұрпақтарға әлеуметтік тәжірибені жинақтап жеткізетін тәрбие процесі орындалатын білім беру жүйесіне қоғамның аса көп көңіл аударуын талап етіп отырған.

Тәрбие мазмұнын жаңаша қарастыру, оны іске асырудағы тұлғалық бағдарлық және іс-әрекеттік тәсілдер ғалымдар мен педагогтарды жеке тұлғаны қалыптастыру міндеттерін шешудің тиімді құралдарын тұтас педагогикалық процесс тұрғысынан іздестіруге ынталандырады.

Тәрбие мақсаттарын тереңінен білу педагогтарда негізінен қандай адамды қалыптастыруы қажет екені туралы, өздерінің іс-әрекеттеріне не нәрсе саналылық, айқын бағыт, қисындылық беретіні туралы көзқарас тудырады.

Сонымен қатар тәрбие мақсаттарының одан ары айқындалуы оның міндеттерінің қалыптасуына ықпал етеді. Тәрбиенің мақсаттары мен міндеттері тәрбиелік жұмыстардың мазмұнын анықтауға тікелей қатысты.

Тәрбие мазмұны – әр тұлғаның өмірдегі өз орнын өзі белгілеуіне қамтамасыз етуге, оның өзін-өзі жүзеге асыруы үшін жағдайлар жасауға бағытталған, қоғамның экономикалық және әлеуметтік даму көрсеткіштерінің бірі. Сонымен бірге, тұлғаны ұлттық және әлемдік мәдениетке тәрбиелеу, өз қоғамына тығыз байланысты, және сол қоғамды жетілдіруге ұмтылған адам және азамат қалыптастыру қамтамасыз етіледі.

Әлеуметтік тәжірибені меңгеру адамдардың, халықтардың қандай болса да нәсілдік, ұлттық, тайпалық, діни және әлеуметтік топқа жататындарына қарамастан, өзара түсінушіліктерін, ынтымақтастықтарын нығайтуылары тиіс, сонымен қатар, әр-түрлі дүниетанымдық көзқарастар ерекшеліктерін ескерулері қажет.

Тұтас педагогикалық процесс теориясында педагогикалық процесс мәнінің қазіргі қоғамдағы тәрбие мақсаты – қоғамның шығармашылық іс-әрекетін белсенді қатыса алатын үйлесімді дамыған тұлғаны қалыптастырумен толық сәйкес келуіне көп көңіл аударылады. Сондықтан да педагогикалық процесстің негізгі тәрбиелік механизмдері оқушыларға қатысты барлық іс-әрекеттер түрлері қалыптасатын қатынастар жазықтығында орналасқан.

Жеке тұлға тек өз іс-әрекеті арқылы ғана дамитыны бәрімізге белгілі. «Іс-әрекет тек қана менікі, менің жүрегімде тууы тиіс» - деп кезінде К.Д.Ушинский түсінікті де, әсерлі анықтама берген. Сондықтан да педагогтар тәрбие процессін ұйымдастыру барысында балалар әрекеттерінің ішкі мотивтеріне сүйене отырып, тәрбиеленушілердің кез келген әрекеттер түрін мазмұнды етіп толықтырулары қажет.

Тәрбие мазмұнының мәселесі тәрбие бағдарламаларымен тығыз байланысты. Нақты бір білім беру мекемесіндегі тәрбие мазмұны мекеменің өз бетінше жасап, қабылдап іске асыратын білім беру бағдарламаларымен анықталады. Тәрбие бағдарламалары тәрбиенің негізгі мақсаттары мен міндеттер шеңберін анықтап, тәрбие мазмұнының сипаттамаларын, ерекшеліктерін, негізгі бағыттарын ашып көрсетеді.

Қазіргі қоғам жастарын тәрбиелеудің стратегиялық бағыты ретінде делдалдық қасиетке ие, жалпы адамзаттық құндылықтарды игере алатын, ұлттық санасы дамыған, көп мәдени тұлғаны қалыптастыру болып саналады.


Әдебиеттер

1.Бейсенбаева А.А. Теория и практика гуманизации школьного образования. Алматы.,1998.Корчак Я. Воспитание личности: Кн. Для учителя М. : 1992. – 287 с. стр 51.

2.Гершунский Б.С. Философия образования для XXI века. – М. 1985.

3.Жампеисова К.К. Формирование основ политической культуры старшеклассников в целостном педагогическом процессе школы. Алматы., 1993.

4.Педагогика. Уч.пособие для студентов пед.вузов и пед.колледжей /под ред. П.И. Пидкасистого. – М.: 2004. – 608 с.Хмель Н.Д. Теоретические основы профессиональной подготовки учителя. – Алматы: 1998. – 320 с.

5.Психология и педагогика. /Под ред. С.А. Хмелевской. 2002. – 176 с.

6.Станкин М.И. Психология общения: курс лекций. – М.: 200. –304 с.
Тақырып 6. Тәрбие мақсатының әлеуметтік негіздері.

Жоспары:

1.Әлеуметтік орта және жеке адам, оның дамуының әлеуметтік мәні.



2.Жеке адамның дамуына әсер ететін факторлар және оның даму процесі.

Мақсаты: тәрбиенiң әдiснамалық негізін айқындау.
Міндеттерi:
а)Педагогика теориясы мен тарихындағы ой-пiкiрлердегi тәрбие максатының дамуын ашып көрсету.
ә)Тәрбие мақсатының мәнiн ашу.
б)Жан-жақты‚үйлесiмдi тәрбиенің максат, мiндет, мазмұнының өзара байланысын ашу, тәрбиемен әлеуметтендiру процесiн үйлестiру.
Мәдениеттану,педагогика тарихы.
Педагогиа тарихындағы ой - пiкiрлердегi тәрбие максатының мәселесi. Тәрбие мақсаты төңiрегiндегі пiкiрталас ежелі дәуiрдің өзiнде-ақ басталған. Ежелгi ойшылдар тәрбиенiң мақсаты iзгi, рақымшыл азаматтарды тәрбиелеу деп түсiндi. Ал, «рақым туралы пiкiрде олардың ойлары бiр жерден шыкпады. Сократтьң түсiнiгiнше, тәрбиенiң мақсаты- заттардың табиғатын зерттеу емес, өз-өзiңдi тану, аса құлықтылықты жетiлдiру. Сократтың шәкiртi Платон ақыл-ой, ерiк және сезімді тәрбиелеуге көп ықылас бiлдiрдi. Ол тәрбиенi өкiметтiң өзi ұйымдастыру керек, үстемдiк етуші топтар — философтар мен жауынгерлердiң талап-тiлегiне сай жұмыс iстеу деп түсiндi. Платонның шәкiртi Аристотель, тәрбиенiң максаты жан рақымы акыл-ес псн ерiк-жiгердi дамыту деп білдi.
Я.А. Коменский тәрбиенің кушiне сендi, оның ойынша тәрбие үш мақсатқа жетуге бағытталуы кажет: өзіңдi және қоршағак ортаны тану (ақыл-ой тәрбиесi) және құдайға сиыну (дiни тәрбие). Дж. Локтың ойынша, тәрбиенiн негiзгi максаты джентельмендi өз iстерiн акылмен және байыппен жүргізетiн адамды қалыптастыру. Ж.Ж. Руссо қоғамдык құндылықтарды қалыптастыруға тәрбие максаттарының бағыт-ұстанымынан айныған емес.
И.Г. Пестолоццидың тәрбие мақсаты, адамның табиғи күш-қуаты мен қабiлеттiлiгiн дамытуға негiзделудi, сонымен қатар, бұл даму жан-жақты және үйлесiмдi болуының биігінен көрінуі. кажеттiлiгiне тоқталса, ал ИФ. Гербарттың ойынша, тәрбие мақсаты, рахымды адамды калыптастыруға, қалыптаскан карым-катынастарға бейiмделе алатын, қоғамдағы белгiленген тәртiптi сыйлайтын, оған бой ұсынатын адамдар деген түйiнге келедi. Тәрбиенiң ең жоғарғы максатын А.Дистервег «акиқат, сұлулык және мейiрiмдiлiкке өз ынтасымен қызмет» ету деп анықтаған.Ресейде, социал-демократтар тәрбие мақсаттары туралы өз көзқарастарын әлемге ұсынды. ХIХ г. 40-жылдарында В.Г. Белинский крепостнойлық право мен патшалык саясатка карсы күрескердi тәрбиелеу деп жазды. АМ. Герцен тәрбие мақсаты - коғамдағы «әдiлетсiздiкпен күресетiн еркiн ойлы, адамгершілiгi мол, қайраткер, жан-жақты дамығал тұлғалны дайындау деп санады.Бiз ақыл-ойдың дамуына таныммен қатар адамгершiлiк тәрбиенiң міндетi анағұрлым маңызды- деп,К.Д.Ушинский жазды.
Сол себептi, бүгiнгi тәрбиенiң максатын әлеуметтендiру мәселелерiмен бiрлiкте қарастыру өзектi мәселелердiң бiрi екенiне ерекше мән берген орынды.
Тәрбие мақсаты туралы түсiнiк. Тәрбие мақсаты — ол педагогикалық процесс пен қоғамнаң қажеттiлiгiне қарай өзгерiп отырады. Тәрбие максаты қоғамның әлеуметтiк сұранысына қарай және оның табысты орындалуы ұстаздың кәсiби дайындығына байланысты келедi. Ұстаздың қызметi мақсаттылығынан басталса оқушылар оку iс-әрекетiнің мақсатын нақты ұгына отырып, тапсырманы орындауын бастайды Тәрбие мақсаты бұл қоғамның бетбұрысына, кандай мұраттарына қол жеткiзуiне бағытталған. Тәрбие мақсаты — педагогиканың ең маңызды мәселесi. Мақсат-тәрбиенің жалпы мақсаттылығынан, тәрбие жүйесiнiң сипатын айқындаушы ретiлде көрiнедi. Мақсат пен мiндет бүтiн және бөлшек ретiнде ара қатынаста болады, жүйесi мен оның компоненттерiне тәуелдi. Қорыта айтқанда, тәрбиенiң мақсаты нақты тәрбие мiндеттерiнiң жүйесi.
Тәрбие мақсатын анықтауда маңызды себептердiң қатарына жататындар, мақсатты құрастыру, оны белгiлi заңдылыққа негiздеудi есепке алу. Ол саясат, мемлекет идеологиясы сияқты факторлармен бiрге, тәрбие мақсатын айқындауда қоғам өзiнiң қажеттi талабы мен мүддесiнің маңыздылығьн ұдайы есепке алу жұмыстың дұрыс жүруiне кепiлдiк бередi. Тәрбие мақсаты қоғамда жастардың белгiлi бiр функцияларын жүзеге асыру процесiнде олардың уәждiк қажеттiлiгiнен туады. Қоғам қажеттiлiгi өндiрiс тәсiлi мен өндiрiс күшi және өндiрiс түрi қатынасының даму деңгейiмен анықталады. Сондықтан тәрбие мақсатыньң нәтижесi әрқашан қоғам дамуының жетiстiк деңгейiн бейнелейдi, ал өндiрiс тәсiлiн өзгертумен анықталып отырады. Ойымызды нактылау үшiн, тәрбие мақсатының қоғамдык-экономикалық қатынас түрiне байланысты екенiн атап өтемiз.

Тәрбие және жеке тұлғаны әлеуметтендiру. Әлеуметтік ұғым психология, философия және педагогикалық еңбектерде кеңiнен қолданылады. «Әлеуметтендiру» ұғымы адамды әлеуметтiк қарым-қатынастар жүйесiнде әр түрлi әлеуметтiк бiрлiктердiң (топтар, институт, ұйымдар) түрлерiне интеграциялау, одақтық қауымдастыру.
Әлеуметтендiру мәдени элементтердi түсiндiру, әлеуметтiк мұраттар мен құндылықты игеру негiзiнде жеке тұлға қасиеттерiн қалыптастыру. Сөз жоқ, әлсуметтендiру жүйесiнің мазмұны қоғам талабымен айқындалатындығы, яғни оның мүшелерi қоғамның маңызды салаларын бiлу, өндiрiстiк қызметке қатысу, берiк үйелмен, заңды басшылыка алатын азамат болуы қажет. Адамдардың мiнез-құлкы әлеуметтендiрудiң объектiсi ретiнде қалады. Бiрақ, адам бұл процестiң объектiсi ғана емес, субъектiсi болған жағдайда ғана әлеуметтенедi.
Әлеуметтендiру қоғам талаптарын жеке тұлғаның қалыптасу кезеңінде бiрте-бiрте игеруi, сана мен тәртiпттiң маңызды әлеуметтiк мiнездерi, оның қоғаммен қарым-қатынасын реттейдi.

Сурет 8.1 Тәрбиенің мақсатының әлеуметтік негіздері

Өзiне-өзi бақылауға арналған сұрақтар:

1.Тәрбие мақсатының мәнiн ашыңыз.


2.Тәрбие мақсатының әдiснамалық қалыптасу негiзiне сипаттама беріңіз.
3.Тәрбие, «тәрбие мақсаты», «персонализация»түсініктерді айқындау.

Әдебиеттер:

1.Васклькова Ю.В., Васклькова ТА. Социальная всдаготика: Курс лекций. М., 1999.


2.Мудрик А.В. Социальная псдагогкка. М., 1999.
3.Муканова Б.И. Педагогическое руководство формированием социальной активности подросткон. Алма-Ата, 1990, 69 с.
4.Ушинский К.Д. Человек как предмет воспитания опыт педагогической антропологии. Пед. соч. В.2 т.т. Т.1. М.,
1974, с 84.
5.Хмель Н.д. Теоретические основы профессиопальной подготовки учителя. Алматы, 1998, с 27.
6.Фромм З. Иметь или быть. (пер.с англ. — М. Прогресс, 1989, с 29

Тақырып 7. Тұтас педагогикалық процестегі тәрбие әдістерінің формасы мен құралдарының жүйесі

Жоспары:

1.Тәрбиенің өзіндік ерекшелігі және теориялық негіздерін жасаудың қажеттігі.

2.Тәрбиенің әдістері, құралдары және жүйелері.

3.Жеке басты қалыптастыруда жаңа әдістерді қолдану.

4.Тәрбие әдістерінің түрлері және оларды пайдалану жолдары.


жүктеу 0,91 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау