Мақсаты: педагогикалық процестің қозғаушы күші ретінде тәрбиенің құралдары, формалары мен әдістері жүйесінің мәнін ашу. Міндеттері
а)тәрбиенің құралдары, формалары мен әдістері, түсініктері туралы жалпы сипаттама беру;
ә)тәрбиенің құралдары формалары мен әдістерін оқу және оқудан тыс уақытта пайдаланудың ерекшелігін негіздеу;
б) тәрбие әдістерін жіктеудің түрлеу негіздерін сипаттау;
в) тәрбие әдістерінің негізгі топтарының мәнін ашу.
г)тұтас педагогикалық процесте тәрбиенің формалары мен әдістерінің өзара байланысын көрсету.
Тәрбиенің құралдары, формалары мен әдістері туралы түсінік. Мектеп пен жанұяның педагогикалық процесінде оқушылардың жеке тұлғасын қалыптастыру жүзеге асады. Педагогикалық процесті сауатты ұйымдастыру үшін мұғалім оның теориялық негіздерін түсініп, оның мақсаттарын, міндеттерін, мазмұнын, құралдары, формалары және әдістерін, тәсілдерін ажырата білуі керек. Құралдары формалар мен әдістер педагогикалық процеске қатысушылардың іс-әрекетінің қозғаушы күші болып табылады, соның арқасында жеке тұлғаның қалыптасуы жүзеге асады (Н. Д. Хмель).
Материалистік диалектика адам табиғатын биологиялық пен әлеуметтіктің (тұқымқалаушылық мүмкіндіктер мен әлеуметтік ортаның) бірлігі деп түсіндіреді. Адам, басқа да тіршілік иесі сияқты, табиғат және қоғаммен өзара әрекеттестікте болады, оларды өзінше қабылдайды, яғни осы әрекеттестіктің белсенді қатысушысы.
Қоршаған дүниені өзгерте отырып, адам өзін де өзгертеді (К. Маркс). Бұл ретте әр түрлі іс-әрекеттің орны ерекше. Адамның психикасы мен санасы қоршаған ортамен әрекеттестігі арқасында және нақты бір іс-әрекет барысында дамиды. Бұл ретте индивидумның іс-әрекеті жеке дара емес, басқа адамдардың (ата-ана, мұғалімдер, оқушылар т.б.) іс-әрекетімен тығыз байланыста жүзеге асады. Сондықтан жалпы адамзаттық мәдениетті игеру үшін бала қоршаған ортамен басқа адамдар арқылы әрекеттестікте болуы керек, яғни олармен қарым-қатынас жасауы қажет. Осылайша, іс-әрекет пен қарым-қатынас жеке тұлғаның қалыптасуының ең маңызды шарты болып табылады. Педагогикалық ықпал етудің амалдары да осылар.
Педагогикалық ықпал ету тәсілдері дегеніміз жеке тұлғаның қоршаған ортамен мақсатты әрекеттестігін ұйымдастыруға жағдай жасау. Сондықтан педагогикалық құралға жеке тұлғаның әрекеттестік жасайтын ортасы (табиғи, әлеуметтік, материалдызқ, рухани) және осы әрекеттестікті ұйымдастыратын іс-әрекеттің түрлері (қарым-қатынас, таным, ойын, еңбек, т.б.) жатады.
Педагогикалық құралға қатысушылардың іс-әрекеті мен қарым-қатынасы педагогикалық ықпал ету арқылы жүзеге асады. Оқу-тәрбие процесінің субъектілері-әрекеттестігінің формалары мен әдіс-тәсілдер арқылы шешілетін белгілі бір мақсаттары мен міндеттері, тиісті мазмұны бар, логикалық тұрғыдан аяқталған, белгілі бір уақыт аралығындағы педагогикалық процесс.
Ұйымдастыру формалары тұтас педагогикалық процеске қатысушылардың қарым-қатынасы мен әрекеттестігінің тәсілі ретінде де қарастырылады. Педагогикалық процестің ұйымдастыру формаларын былай жіктеуге болады:
- қатысушылар құрамы (жеке даралық, шағын топтық, топтық, ұжымдық, жаппай);
тұтас педагогикалық процестің оқу жұмысында қолданылуы (сабақ, семинар, факультатив, экскурсия);
таным іс-әрекетінің сыныпта және сыныптан тыс уақыттағы байланысы (бірлесіп жасайтын жұмыс, аз топпен жұмыс, білімді тексеру, оқу жағдайындағы кездесу т.б.)
оқушылардың сыныптан тыс іс-әрекеті кезіндегі өзара әрекеттестігі (ертеңгілік, пәндік кеш, конференция, олимпиада т.б.).
Тұтас педагогикалық процесті ұйымдастыру формалары әдістер мен әдістемелік тәсілдер арқылы жүзеге асады. Тәрбие әдістері дегеніміз тәрбие мақсат-міндеттерін шешуге бағытталған тәрбиеші мен оқушының өзара байланысты іс-әрекеті. Педагогикалық процеске қатысушылардың тәсілдері мен нақты әрекеттері, оқушылардың белсенді іс-әрекетінің ынталануы тәрбие мақсатына бағытталуы керек. Тәсіл деген де ұғым бар. Әдістемелік тәсіл дегеніміз әдістің жеке көрінісі. Әдіске қарағанда ол бағыныңқы сипатта болады.
Формалар, әдістер, тәсілдер сияқты ұғымдар шынайы педагогикалық процесте өзара тығыз байланыста болады. Біріншіден, олар бір-біріне тәуелді (формалар мен әдістер, әдістемелік тәсілдер құралдар арқылы жүзеге асады); екіншіден, күнделікті тәжірибеде олардың арасында белгілі бір айырмашылық жоқ. Тәрбие әдістері мен тәсілдері әрқашан бірін-бірі алмастырып отырады: кей жағдайларда әдіс тәсілге айналады.
Педагогикалық процестің қозғаушы механизімінің негізгі компоненттерінің өзара байланысы кесте түрінде 1 суретте.
Сурет4.Педагогикалық процесте тәрбиенің, формаларының құралдарының, әдістерінің, түрлерінің өзара байланысы (қозғаушы механизмді жүзеге асыру).
Педагогикалық процестің қозғаушы тетігі сияқты құрал, форма әдістердің оқу кезінде және оқудан тыс кезде қолдану аясына қарай өзіндік ерекшеліктері бар. Оқу процесінде негізгі әрекеттің түрі таным болып табылады. Бірақ іс-әрекеттің басқа түрлері (ойын, қарым-қатынас, еңбек т.б. ) оқу кезінде қолданылмасада керісінше әр түрлі іс-әрекет түрлері оқушының тұлғалық интелектісіне ғана әсер етіп қоймайды. Оқу- танымдық іс-әрекетті ұйымдастырудың әдістері мен формалары ойын элементтерімен, өнер құралдарымен, қарым-қатынаспен сабақтасып жатады. Оқушы мен мұғалімнің қарым-қатынасы ғана емес,оқушының бір-бірімен өзара қарым-қатынасыпедагогикалық технология, ұжымдық танымдық іс-әрекет мысал бола алады.
Оқу әдістері оқыту процесінің негізі болып табылады (мұғалімнің баяндамасы, оқулықпен жұмыс, әр түрлі әңгіме-сұқбаттар, жаттығулар), бірақ олармен қоса мадақтау, көңіл-күй жағдайларын тудыру, сендіру, талап қою және ұялту сияқты ынталандыру әдістері де қолданылады.
Оқушылардың сыныптан тыс іс-әрекетін ұйымдастыруда оқыту мен тәрбиенің барлық амалдары, формалары мен әдістері қолданылуда. Алайда, бұл ретте іс-әрекеттің барлық түрлері кеңінен қолданылады: танымдық (үйірмелер, факультативтер, оқушылардың ғылыми қоғамдастықтары), еңбек (өз өзіне қызмет ету, еңбек десанттары, әр түрлі мектеп бизнесі), ойын (танымдық, спорттық, іскерлік), эстетикалық (студиялар, мектеп театрлары, фестивальдар). Іс-әрекеттің барлық түрлері қарым-қатынас арқылы жүзеге асады. Бұл іс-әрекеттер барысында мұғалім оқушылардың санасы, сезімі мен ерік-жігерінің қалыптасуына, олардың мінез-құлқы мен тіршілік әрекетін ұйымдастыруға әсер ететін тәрбие әдістерін қолданады.
Тәрбие әдістері, әсіресе ынталандыру әдістері, сыныптан тыс жұмыспен қоса оқу-танымдық іс-әрекетті ұйымдастыруда да кеңінен қолданылады (әр түрлі мадақтаулар, жарыстар). Олар оқушылардың танымдық тілек-қалаулары мен қажеттіліктерінің дамуына әсер етеді. Оқыту әдістері ақпаратты игеруге, жалпы оқу және арнайы сипаттағы білік пен дағдыларды (оқу пәндері бойынша біліктерді) қалыптастыруға бағытталған.
Оқыту мен тәрбие әдістері, өзінің арнайы қызметтері бола тұра (оқыту міндеттері, тәрбие міндеттері), тұтас педагогикалық процесте бірлікте қолданылады.
Тәрбие әдістерінің жіктелуі. Педагогикалық әдебиеттер мен тәжірибеде тәрбие әдістерінің көптеген түрлерінің сипаттамасын кездестіруге болады. Тәжірибеде мақсат пен нақты жағдайларға сай әдістерді таңдап алу қиын. Сондықтан оларды тәртіпке келтіру, яғни жіктеу қажет.
Жіктеу – арнайы белгілері арқылы құрастырылған жүйе. Әдістерді жіктеу олардың жалпы және өзіне тән, маңызды мен кездейсоқ, теориялық пен тәжірибелік жақтарын анықтауға көмектесіп, оларды дұрыс таңдап, нәтижелі қолдануға әсер етеді.
Жіктеуге сүйене отырып, мұғалім әдістер жүйесін түсініп қана қоймай, әр түрлі әдістер мен олардың түрлерінің қызметі мен өзіне тән ерекшеліктерін де жете түсінеді.
Көптеген зерттеушілер әдістерді жіктеуде мына қағидаларға сүйенеді:
жеке тұлға іс-әрекет нәтижесінде дамып, қалыптасады;
оқушыларды тәрбиелеу процесі - өте күрделі іс-әрекет, оның негізі– өз санасы, сезімдері, дүниеге, адамдарға, өз өзіне деген қатынасы, күрделі ішкі дүниесі (мотивтері, тілек-талаптары, ынтасы), өзінің ұйымдасқан және ұйымдаспаған тәжірибесі бар өсіп келе жатқан адам;
жеке тұлғаның қалыптасып келе жатқан қасиеттері құрылысы жағынан күрделі.
Адамгершілік, эстетикалық және басқа қасиеттер сезімдерден, санадан (түсінік), сенімдерден, әдеттерден тұрады.
Осы қағидалар бойынша кей әдістер, көп жағдайда, мотивтерге, мақсаттарға, қатынастарға, мағұлматтарға, түсініктерге, пікірлерге әсер етеді, ал енді кейбіреулері мінез-құлықтың қандай да бір түрін қалыптастыратын әдеттерге ықпал етеді, ал басқалары балалардың мінез-құлқын реттейді. Қазіргі уақытта тәрбие әдістері мінез-құлыққа негізделген, мотивтік-мақсатты мазмұнды, процессуалдық жақтарын біріктіретін бағыттылық-интегративтік сипаттамасы негізінде жіктеу объективті және ең ыңғайлысы болып есептеледі (Т.И. Щукина). Осы сипаттамаға сәйкес тәрбие әдістері үш топқа бөлінеді:
-жеке тұлғаның санасын қалыптастыру әдістері;
-іс-әрекетті ұйымдастыру мен қоғамдық мінез-құлық тәжірибесін қалыптастыру әдістері;
-мінез-құлық пен іс-әрекетті ынталандыру әдістері.
Жеке тұлғаның санасын қалыптастыру әдістеріне: түсіндіру, баяндау, сендіру, насихат, әңгіме, лекция, этикалық әңгіме нұсқау беру, пікір сайыс, баяндама, дебат, үлгі жатады.
Іс-әрекетті ұйымдастыру мен қоғамдық мінез-құлық тәжірибесін қалыптастыру әдістеріне: жаттығу, әдеттену, педагогикалық талап, қоғамдық пікір, тапсырма, тәрбиелік ситуация (сюжеттік рольдік, іскерлік) ойындар.
Мінез-құлық пен іс-әрекетті ынталандыру әдістеріне:жарыс, мадақтау, жазалау жатады.
Сананы қалыптастыру әдістері. Бала тәрбиелеу оның дүниеге келген сәтінен басталады. Бірақ әлеуметтік тәжірибені саналы түрде меңгеру кешірек қалыптасады. Дұрыс ұйымдастырылған тәрбие тәрбиеленушінің тәрбие барысында қалыптасуға тиіс мінез-құлық ережелерін игеруіне ықпал етеді. Бала белгілі бір қасиеттің мәнін түсінбейінше, оны баланың бойында тәрбиелеу мүмкін емес. Жеке тұлғаның қасиеттерінің мәнін түсіне келе баланың жас ерекшеліктеріне қарай өзіндік көзқарастары, түсініктері, сенімдері, мұрат-мақсаттары қалыптасады. Бұл міндеттерді шешу үшін «Жеке тұлғаның санасын қалыптастыру әдістері» деген әдістер қолданылады.
Бұл топтағы әдістердің сезімдерді, көңіл-күй эмоциясын қалыптастыруда маңызы зор. Егер оқушылар педагогикалық әсерге жауап бермесе, жеке тұлғалық қасиеттерді қалыптастыру жүзеге аспайды. Оқушылардың тәрбие мазмұнына сай іс-әрекетке белсенді түрде араласу қажеттілігі болған жағдайда ғана алға қойылған мақсат орындалады. Осылайша, жеке тұлғаның санасын қалыптастыру әдістері оқушыларды алған білімдерін күнделікті тәжірибеде белсенді қолдануға, яғни мінез-құлық әдеттерін қалыптастыруға дайындайды.
Белгілі бір әдеттерді қолданудың қажеттілігін түсіну тәрбие процесінде әр түрлі әдістерді қолдану арқылы жүзеге асырылады. Ескі мектепте, мысалы, бұл үшін ғибратты әңгімелер, нақылдар, мысалдармен қоса оқушыларға қажетті білімді жеткізудің басқа да жанама және көркем тәсілдері кеңінен қолданылған қорытындыны оқушылардың өздері жасауы тиіс. Қазіргі мектепте ықпал етудің дәстүрлі тәсілдері (талап қою, насихат, нұсқау) жиі қолдануда.Бұндай әдістердің нәтижесі өте төмен. Тәжірибесі мол тәрбиешілер өз жұмыстарында ұмыт болған адамгершілік-имандылыққа, Крыловтың мысалдарына, Абайдың қара сөздеріне, халық педагогикасының амал-тәсілдеріне көптеп сүйенуде. Этикалық тақырыптағы әңгімелер, түсіндірмелер, түсініктемелер, лекциялар, этикалық әңгіме-сұхбаттар, ақыл-кеңестер, иландыру, сендіру мысалдар кеңінен қолданыс табуда.
Осы топтағы әдістердің әрқайсысының өзіндік ерекшеліктері мен қолдану аясы бар. Сырттай оңай болып көрінгенімен, олардың әрқайсысы мұғалімнің жоғары білімін талап етеді. Олар жүйелі түрде, бір-бірімен тығыз байланыста қолданылады. Сөз бен сезім арқылы әсер ету әдістерінің ең күрделілерін қарастырайық.
Этикалық тақырыптағы әңгіме көбінесе, төменгі және орта сыныптарда қолданылады. Бұл дегеніміз адамгершілік мазмұны бар деректер мен оқиғаларды әсерлі де қызықты етіп айту. Жақсы әңгіме оқушыларға мінез-құлықтың адамгершілік нормаларын түсінуге көмектеседі, сезімге әсер етіп, әңгімедегі оқиғаларға деген оқушылардың оң не теріс қатынасын қалыптастырады.
Этикалық тақырыптағы әңгіменің нәтижелі болуы мынаған байланысты:
- әңгіме мазмұнының оқушылардың жас ерекшеліктері мен олардың әлеуметтік тәжірибесіне сәйкес болуы;
- әңгіменің қызықты, әсерлі, түсінікті болуы, онда адамгершілік ой-пікірлермен қоса мысалдардың, жағдайлардың болуы;
- әңгімені оқу барысында әңгіме-сұхбаттың жүргізілуі; оқушылардың әңгімені талдауға атсалысып, өздерінің ой-пікірлерін білдіре алулары өте маңызды;
- әңгімеге қоса суреттерді қолдану (бейнелеу өнерінің туындылары, фотографиялар); әңгімені дұрыс қабылдауда музыканың орны ерекше;
- мазмұндама тілінің әдеби сауатты болуы.
Этикалық әңгімені қабылдауда бөлме ішінің жабдықталуының да маңызы бар. Жоспарланған әңгімелер жайлы бөлмелерде, оқушылар ешқайда асықпаған еркін жағдайда жүргізіледі. Этикалық әңгімеден кейін оқушылар мазмұны мен көңіл-күйі жағынан өзгеше бір іске (мысалы, спорттыќ жарыс) кірісіп кетсе, әңгіменің тәрбиелік мәні төмендейді.
Күнделікті тәжірибеде тәрбиелік процесте түсініктеме жиі қолданылады. Бұл оқушыларға сезім мен сөз арқылы әсер ету әдісі. Түсініктеменің әңгімеден өзгеше маңызды белгісі – оқушыларға немесе жеке тұлғаға қандай да бір жағымсыз жағдайлар бойынша әсер ету. Түсініктеменің әдіс-тәсілдері әр түрлі: төменгі сыныптарда «Былай істеу керек» деген сияқты тура пайымдаулар, жасөспірімдермен жұмыс кезінде терең мотивация, белгілі бір адамгершілік ұғымдарының қоғамдық мәніне түсініктеме беру қажет.
Түсініктемені оқушыларға мінез-құлықтың адамгершілік нормаларын түсіндірудің қажеттілігі туындаған жағдайда ғана қолдану керек. Бірақ мектептегі, көпшілік орындардағы қоқыс тастауға, түкіруге, партаға сурет салуға, дөрекілік жасауға болмайды деген сияқты күнделікті мінез-құлық нормалары туралы сөз болғанда түсініктемені қолданудың қажеті жоқ. Мұнда үзілді-кесілді талап ету қажет. Түсініктеме қандай да бір жаңа адамгершілік қасиетті, оқушылардың белгілі бір әрекетке деген дұрыс қатынасын қалыптастыру үшін қолданылады. Түсініктеме көбінесе сендіруге негізделеді. Сендіру оқушының психикасына астыртын әсер етіп, іс-әрекеттің мақсаттары мен мотивтерін қалыптастырады. Ол ақыл-кеңес, есіне түсіру, тілек-ұсыныс түрінде қолданылады.
Тәрбие тәжірибесінде түсініктеме мен сендірумен қоса кейде насихат сияқты әдіс қолданылады. Оқушының бойындағы жағымды қасиеттерге сүйену: абырой, ар-намысы мен ұяты сияқты насихатты дұрыс қолданудың алғы шарттарын қалыптастырады. Бұл әдістің педагогикалық нәтижелілігі мұғалімнің беделіне, оның жеке тұлғалық қасиеттеріне байланысты.
Сананы қалыптастырудың аталған әдістерін (әңгіме, түсініктеме, сендіру, насихат) ретсіз қолданғанда ол үгіттеуге айналады. Мұндай жағдайларда олар оқушы бойында қарсы әрекет, мұғалімнің тілегіне кері әрекет ету ниетін оятады.
Этикалық әңгіме-сұхбат дегеніміз адамгершілік мәселелерді мұғалімдер мен оқушылардың бірігіп жүйелі де бір ізді талқылау түрі. Әңгіме-сұхбаттың жай әңгіме мен нұсқаудан айырмашылығы онда мұғалім оқушыларды өз ой-пікірлерін, көзқарастарын, бағаларын білдіруге шақырады. Әңгіме-сұхбат теңдік пен ынтымақтастық негізінде құрылады. Этикалық әңгіме-сұхбаттың мақсаты – адамгершілік түсініктерді тереңдету мен бекіту, білімді қортындылау, адамгершілік көзқарастар мен сенімдер жүйесін қалыптастыру. 5-8 сынып оқушылар тәрбиесінде әңгіме-сұхбаттың алар орны ерекше, өйткені баланың өзіндік ой-пікірлері, көзқарастары мен сенімдері осы жаста қалыптасады.
Этикалық әңгіме-сұхбатқа оқушылардың белсенді қатыса алуы үшін оның жоспары мен негізгі мәселелері оқушыларға алдын-ала беріледі. Баяндамалар алдын-ала дайындалады. Әңгіме-сұхбат кезінде оқушылар жағдайлар бойынша қойылымдар ойнайды. Алдын-ала әдебиеттер тізімі беріледі, оқушылар өмірден немесе әдебиеттерден деректер мен мысалдар жинастырады. Жүргізуші (әдетте сынып жетекшісі) баяндама жасап, әңгіме-сұхбатқа қатысушылар алдына мәселелер қояды, олардың белсенділігін оятады, әр түрлі көзқарастарды тыңдап, оқушыларға баяндамаларға баға беруді ұсынады, айтылған ой-пікірлерлі толықтырып, түзеп, қортындылайды, әңгіме-сұхбаттың қортындысын шығарады. Әңгіме-сұхбаттың сол әңгіме кезінде талқыланған мінез-құлық ережелерін жү
Өзiн өзi бақылауға арналған сұрақтар
1.Тәрбиенің тәсілдері, түрлері мен әдістерінің тұтас педагогикалық процесте алар орны қандай? Оларды неге педагогикалық процестің қозғаушы күші деп атайды?
2.Іс-әрекеттің түрлері (таным, қарым-қатынас, ойын, еңбек) тәрбиелік ықпал етудің амалдары екенін дәлелдеңіз.
3.«Педагогикалық ықпал ету тәсілдері», «түрлері», «тәрбие әдістері» ұғымдарының анықтамасын берңііз.
4.Педагогикада тәрбие әдістерінің қандай топтары бар? Осы топтар құрамындағы тәрбиенің нақты тәсілдерін атаңыз.
5.Оқушылардың санасы мен мінез-құлқын қалыптастыру әдістерін сипаттаңыз.
6.Оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастыру мен оң тәжірибесін қалыптастыру әдістерін түсіндіріңіз.
7.Оқушылардың мінез-құлқын ынталандыру әдістерін жіктеңіз.
8.Этикалық әңгіме-сұхбат әдісінің мәнін ашыңыз.
9.Мадақтау мен жазалау әдістерін қолданудың негізгі шарттарын атаңыз.
Модуль 3. Тұтас педагогикалық процестің құрылымындағы оқыту
Тақырып 8. Дидактика- оқыту және білім беру теориясы. Оқыту процесінің мәні мен қызметі
Жоспары:
1.Оқыту- тұтас педагогикалық процестің негізгі бөлігі.
2.Оқытудың психологиялық негізі.
3.Оқыту процесінің құрылымы, негізгі кезеңдері,оқытудың заңдылықтары,принциптері.
Мақсаты:
Тұтас педагогикалық процестi оқыту процесiн жеке тұлғаны қалыптастырудың құралы ретiнде негiздеу.
Міндеттерi:
а)тұтас педагогикалық процестiң құрамдас бөлiгi ретiнде оқытудың және “дидактика”, “оқыту процесi”, “оқытудың қызметi”, “оқытудың бөлшектерi”, “оқыту процесiнiң қозғаушы куштерi” “оқытудың зандылықтары”, “оқытудың ұстанымдары” ұғымдарының мәнiн сипаттау;
ә)тұтас педагогикалық процесс құрылымында оқытудың мақсатын, мiндеттерiн, қызметтерiн ашып көрсету;
б)дидактиканы педагогика ғылымында бiлiм беру мен оқытудың теориясы ретiнде негiздеу.
Оқытудың мәні, мақсаты, мiндеттерi, қызметтерi, заңдылықтары, қозғаушы күштерi мен ұстанымдары
Оқыту үрдiсi — оқушыға бiлiм, тәрбие берудiң және оны дамытудың мақсаттары шешiлетiн мақсатты бағытталған, бiрiздi өзгерiп отыратын мұғалiм мен оқушылардың өзара әрекеттестiгi.
Оқыту – қазiргi заманның талаптарын ескере отырып, оқушылар тұлғасын, бiлiм, iскерлiк және дағдыларды меңгерте отырып, мақсатты қалыптастыру мен дамыту процесi. Оқыту - қоғамдық құбылыс түрiндегi ересектердiң мақсатты бағдарланған жүйелi ұйымдастырылған қоғамдық қатынастар тәжiрибесi, қоғамдық сананың даму нәтижесi, еңбек өндiрiсiнiң мәдениетi, қоршаған ортаны қорғау мен оны белсендi қайта өзгерту туралы,бiлiмдердi аға ұрпактың өскелең ұрпаққа үйретiп, оны олардың меңгеруi. Оқыту ұрпақ сабактастығын, қоғамның толық құндылықты қызмет атқаруын және тұлғаның соған сәйкес дамуына мүмкiндiк жасайды. Оның қоғамдағы объективтi міндеттерiнiң мәнi осында. Оқыту процесiндегi негiзгi мазмұнды игеру тетiгi - өзара әрекеттестiктiң арнайы формасындағы мақсатты ұйымдастырылған балалар меп ересектердiң бiрлескен iс-әрекетi, олардың мазмұнды танымдық әңгiмелерi
Түрлi деңгейлерде iске асырыла отырып, оқыту процесi циклдiк сипататка ие болды. Оқыту процесiнiң циклдерi дамуының ең негiзгi көрсеткiштерi, басты екi мақсатка негiзделiп топталған, педагогикалық еңбектердiң ең жақын дидактикалык мақсаттары:
- бiлiм беру — бұл мақсат оқушылардың танымдық iс-әрекетi тәсiлiн меңгерiп, олар арқылы ғылым негiздерiн игерулерiн, белгiлi бiр бiлiмдердiң, дағдылар мен iскерлiктi үйренулерiн, өздерiнiң рухани, физикалык жене еңбек қабiлеттерiн жетiлдiрулерiн, еңбск және кәсiби дағдыларды игеруiн көздейдi:
- тәрбиелеу - әрбiр оқушының ғылыми көзқарасын, адамгершiлiгiн, белсендi шығармашылығын және әлеуметтi кемелденген жоғары адамгершiлiктегi үйлесiмдi дамыған тұлғасын дамытуды мақсат етедi.
Оқытудың мақсаты — дамытудың қоғамдық — тарих тәжiрибесiнiң жан — жақтарын: бiлiмдер мен iскерлiктерi, ғылыми, мораль, еңбек, әдебиет, өнер, жалпы және дене тәбиесiн меңгеруге бағытталған мұғалiмнiң педагогикалық әрекетi мен окушының оқутанымдық өзара бiрлескен әрекетiнен ойша күтiлетiн түпкi нәтиже. Жалпы мақсатта қоғам ғылымының, техникалық, сондай-ақ өндiргiш күштер мен өндiрiстiк қатынастардың дамуына сәйкес кетедi.
Оқыту педагогика ғылымының категориясы ретiнде және
оқыту процесi немесе дидактикалық процесс бiрдей мағынадағы
ұғымдар емес. Процесс оқыту жағдайларының толық
педегогикалық құбылыс ретiнде педагогигкалық iс-әректтің
үзіндісі, актiсi ретiнде ауысып отыруы. Іс-әрекет ретiнде оқыту
ұғымымен iс-әрекеттердiң шеңберiн, мiндетiн бiлдiретiн “қызмет”
ұғымы тығыз байланысты. Оқытудың қызметi оқыту процесiнiң
мәнін сипаттайдыОкытудың әлеуметтiк, педагогикалык психологиялык мәнi оның қызметтерiнен бiршама анык айқындалады. Солардың iшiндегi, бiрiншi кезектегi бiршама мәндiсi — оқушыларда білiмдiлердi, дағдыларды және шығармашылык iс—әрекет тәжiрибесiнiң iскерлiгiн қалыптастыруы (бiлiм беру қызметi). Оқытудың екiншi қызметi — оқушылардың дүниетанымын қалыптастыру (тәрбиелеу қызметi). Ол балалар мен ересектерде объективтi турде қоршаған орта жөнiнде ой толғауға мүмкiндiк жасайтын бiлiмдерiнiң толығуына қарай бiртiндеп қалыптасады. Алдыңғы екi қызметiмен тiкелей байланыстағы түлғасын және оның өз бетiнше ойлауын дамыту қызметi атқарылады (дамыту қызметi).
Адамның дамуы — бұл оның денесiнің физиологиялық және психологиялық сипаттамаларының олардың iшiндегi ең бiрiнші ақыл-ойының сапалы дамуын бiлдiредi. Сонымен қатар, оқытудың кәсіби бағдарлау қызметiнiң де мәнi зор.
Үздiксiз бiлiм беруде дайындау қызметi, адамды өндiрiске және қоғамдық қарым-қатынастарға белсендi араласуға бағыттайды, практикалык іс-әрекетке дайындайды, өзiнің политехникалық, кәсiби, жалпы бiлiмi, толық дайындығын үнемi жетiлдiрiп отыруға бағыттайды. Креативтiлiк қызметi тұлғаның жан-жақтылығын үздiксiз дамытуды көздейдi. Өзiттiң мәнi жағынан оқыту процесi — түрлi реттегi және деңгейдегi заңдар мен заңдылықтар арнайы айқындалатын заңдылықты түрде дамитын процесс. Заңдылықтар объективтi, мәндi қажеттi, жалпы, тұрақты және белгiлi бiр жағдайларда қайталанып отыратын өзара байланыстарды бейнелейдi. Феномен мәнiнiң қатаң түрде айкындалған ерекшелiктер—заңдарды құрайды.
Оқыту процесiнiң заңдылықтары:
1.Оқушының бiлiмге деген ынтасына оқытушы әсерiнiң сәйкестiгi;
Бұл заңдылық баланың қоршаған дүниенi тануға деген ықыласын жүзеге асыруға жағдай жасайды, мұғалiмнiң балаға өмiрде қажет болатын, оларды қызықтыратын бiлiмдi берудегi белсендi ықыласын қажет етедi.
2.Оқушылардың жеке және ұжымдық iс-әрекеттерiне оқытушының әсерiнiң сәйкес болу заңдылығы.
Бұл заңдылық мұғалiмнiң, оқыту процесiнде баланың айналысатын iс-әрекеттерiң әрбiр түрiнiң оның қандай қасиетiн талап етiп,сонымен бiрге оны дамытып отыратынын түсiнуiне мүмкіндік жасайды.
Жалпы заңдылықтар:
оқыту талаптарына сәйкес оқыту процесін сәйкестендіру;
ол білім беру,тәрбие және дамыту процестерімен байланысы;
оқыту процесі оқушыны нақты оқу мүмкіндігін және сыртқы жағдайына тәуелді;
білім беру мен оқу процесі заңды түрде өзара байланысты,
оқытудан мазмұны ғылымен даму логикасы және деңгейіне,қоғамның талабын көрсететін мінднттеріне тәуелді,
оқытудың әдістері мен құралдары және оқуды ынталандыру, оқу іс-әрекетінің бақылау және өзіндік бақылауды ұйымдастыру білім беру мазмұнына және міндеттеріне тәуелді,
оқытуды ұйымдастыру формалары оқытудың міндетіне, мазмұнына және әдісіне тәуелді,
үйлесімді жағдайға сәйкес оқу процесін барлап заңдылықтарын мен компоненттерін өзара байланысын оқытуды берік, саналы және іс-әрекетті нәтижелі қамтамасыз етеді
Оқытудың барлығына тән заңдылықтар қандай-да бір түрінде болмыс көрінес беруі сөзсіз:
Оқу процесі оқытушымен оқушының мақсатына сәйкес болады,егер мұғалімнің іс-әрекеті оқылатын материалды меңгерту тәсіліне сәйкес келсе.
Жеке адамды мақсатқа сәйкес оқыту бұл іс-әрекетке тікелей қалыптасуына байланысты.
Оқыту мақсаты, оның мазмұны және әдістері арасында тұрақты тәуелділік бар; яғни мақсаты, оның мазмұнын , әдісін анықтайды, ал соңғысы мақсатқа жетудің шарты болып табылады.
Заңдылықтар оқушы мен оқытушыны іс-әрекетінің сипатына, оның қолданатын құралдарына, оқыту әдістері және оқу материалының мазмұнына тәуелді. Оның көрініс табуы мұғалімнің оқыту мақсатына толықтығын сезінеме және мақсаты жауап беретін әдістері мен құралдарын қолдануына тәуелді.
Білім мазмұнын таңдау мен оқушының жеке тәжірибесі арасындағы
Сана мен тәртіп, сана мен сезімдер арасындағы
Парыз бен мінез-құлық арасында
Қызығулар мен мүмкіндіктер арасындағы
Үлкендерге ұмтылу мен жаңа қажеттіліктер арасындағы
Жаңа мәдени жағдаятқа сай жаңа мінез – талапкер құлық нормалары арасындағы
Бұрынғы мүмкіндіктер мен жаңа қажеттіліктер арасындағы
Танымның жаңа міндеттері мен ойлаудың бұрынғы тәсілдері арасындағы
Достарыңызбен бөлісу: |