Құрастырған: Информатика кафедрасының аға оқытушысы Болсынбекова Ш. Ж



жүктеу 272,5 Kb.
бет1/2
Дата25.01.2020
өлшемі272,5 Kb.
#27266
  1   2

ПОӘК 042-14.2.07.1.20.01/01-2013

01.09.2013 ж. 1 басылым

беттің







Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті


3 деңгейдегі СМК құжаты


ПОӘК


ПОӘК


042.39.1.ХХ/01-2013

ПОӘК

Оқытушыға арналған «Баспа қызметіндегі компьютерлік технологиялар» пәні бойынша оқу жұмыс бағдарламасы



__.__.20__ж

№__ басылым




«Баспа қызметіндегі компьютерлік технологиялар»

пәнін оқыту-әдістемелік кешен
5В011100 - «Информатика» мамандығына арналған

Оқытушыға арналған оқу жұмыс бағдарламасы


Семей 2013
Алғы сөз
1. ҚҰРАСТЫРЫЛДЫ

Құрастырған:_______________ Информатика кафедрасының аға оқытушысы Болсынбекова Ш.Ж., Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

«28» тамыз 2013 ж.
2. ТАЛҚЫЛАНДЫ

2.1. Информатика кафедрасының отырысында талқыланды

Хаттама № 1 “11” қыркүйек 2013 ж.
Кафедра меңгерушісі _________________ А.А.Абишова
2.2. Физика-математика факультетінің әдістемелік Кеңесінің отырысында талқыланды
Хаттама №1 «12» қыркүйек 2013 ж.

Әдістемелік кеңестің төрағасы __________ К.А.Батырова


3. БЕКІТІЛДІ

Университеттің оқыту-әдістемелік кеңесінің отырысында мақұлданып, баспаға ұсынылды

Хаттама №1 «18» қыркүйек 2013 ж.
Оқыту әдістемелік кеңестің төрайымы _____________ Г.К.Искакова

БІРІНШІІ РЕТ ЕНГІЗІЛДІ

МАЗМҰНЫ


  1. Қолданылу облысы




  1. Нормативті сілтемелер




  1. Жалпы жағдайлар




  1. Оқытушыға арналған оқу жұмыс бағдарламасының мазмұны




  1. Студенттердің өздік жұмыстарының тақырыптары




  1. Пән бойынша оқу-әдістемелік карта




  1. Оқу-әдістемелік әдебиеттердің жабдықталу картасы




  1. Әдебиеттер



1. Қолданылу облысы


«Баспа қызметіндегі компьютерлік технологиялар» пәні бойынша Оқыту-әдістемелік кешен «5В011100» «информатика» мамандығының студенттеріне арналған. Кешен студенттерді пәннің мазмұнымен, пәннің көкейкестілігі мен қажеттілігімен, курс саясатымен, оқу барысында үйренетін машықтармен таныстырады. Оқыту-әдістемелік кешен пәнді оқыту үшін негізгі бағдар болып табылады.


  1. Нормативті сілтемелер

Бұл «Баспа қызметіндегі компьютерлік технологиялар» пәні бойынша Оқытушыға арналған оқу жұмыс бағдарламасы оқыту процесін келесі құжаттарда келтірілген талаптар мен ұсыныстарға сәйкес жүргізу үшін құрастырылған және реттейді:

    • Сәйкес білім деңгейінің жалпыға бірдей мемлекеттік білім стандарты;

    • 5В011100-информатика мамандығының типтік оқу жоспары.

    • СТУ 042 – ГУ – 4-2013 Университет стандарты «Пәннің оқыту әдістемелік комплексін дайындауға жалпы талаптар»;

    • ДП-042-1.01–2013 Құжатталған процедура «Пәннің оқыту әдістемелік комплексінің құрылымы мен мазмұны»




  1. Жалпы жағдайлар

3. 1. Пәннің қысқаша мазмұны

Баспа ісі – ақпараттық өнімді дайындауға, жасауға және жалпылама таратуға мамандандырылған қызмет түрі. Баспа ісінде қызметтің барлық түрлері екі үлкен топқа бөлінеді: өндірістік іс және шығармашылық іс. Ғылымдар мен журналистер көп уақыттан бері қалың оқырманға өздерінің ойларын жеткізу үшін баспа беттерін қолданып келеді. Суретшілер, редакторлар, корректорлар, беттеушілер, сол сияқты басқа көптеген техникалық мамандар саны авторлардың шығармашылық ойларын стильді коммерциялық өнімге айналдырады.

Курс материалы айқын түрде практикалық бағдарды қамтиды. Барлық зертханалық жұмыстар компьютер көмегімен жүзеге асады. Студенттер мақалаларды безендіреді, фоторепортаждар жасайды, газеттің жеке беттерін және толықтай макеттейді. Пән өзекті ғылыми мәліметтерге сүйенуді және қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды кәсіби деңгейде қолдана білуді біріктіретін пәнаралық курс болып табылады.

3.2. Пәннің мақсаты

Пәннің мақсаты- студенттерді негізгі столдық баспа жүйелеріне және графиктік редакторларға, компьютерлік технологияларды газеттерді беттеуде қолдана білуге үйрету.



3.3. Пән міндеті:

  • Ақпаратты іздеуге, өңдеуге және беру үшін компьютерлік технологияларды пайдалану аумағындағы құзырлылығын дамыту;

  • Студенттерді қазіргі кездегі баспа ісінің негізгі мәселелерімен, казіргі заманғы компьютерлік баспа бағдарламаларымен таныстыру.

3.4. Пән пререквизиттары:

3.5.1. Информатика

3.5.2. Компьютерлік графика

3.5. Пән постреквизиттары:

3.6.1.Компьютерлік беттеу



3.6.2. Web-дизайн
1-кесте. Оқу жоспарынан ақпарат


Курс

Семестр

Кредит

Дәріс саны

Зертханалық сағат саны

ОСӨЖ

СӨЖ

Барлығы

Бақылау формасы

4

7

3

15

30

30

60

135

Емтихан


4. Оқытушыға араналған оқу жұмыс бағдарламасының мазмұны


Тақырып атаулары және олардың мазмұны

Сағат саны

1

2

Дәріс сабақтары




Пәннің негізгі түсініктері. Баспа жүйесінің даму тарихы

1

Верстканың дәстүрлері мен заңдары. Терминологиясы

1

Баспа жүйесінің техникалық құралдары. Полиграфиялық жұмыстар үшін компьютерлерге қойылатын талаптар

1

Сканер. Құжаттарды сканерлеу. Принтер. Көбейткіш техникалар

1

Басылымды дайындаудың технологиялық процессі. Баспа жүйесінің программалық жабдығы

1

Microsoft Word: беттеудің және макеттеудің мүмкіндіктері

1

Microsoft Word-тың инструментариі және баспа жүйесінің қызметінен айырмашылығы

1

Microsoft Word-ты баспа бағдарламалары үшін баптау

1

Microsoft Word-ты верстка үшін пайдаланудың мүмкіндіктері: суреттерді қою, биәріп, колонтитулдарды, автофигураны пайдалану

1

Microsoft Office Publisher интерфейсінің баспа жүйесі

1

Microsoft  Office Publisher-де жаңа құжат дайындау. Басылым құжатымен жұмыс жасау

1

Adobe PageMaker баспа жүйесі. Adobe PageMaker жұмыс істеу негіздері

1

Adobe PageMaker-де графикалық элементтермен жұмыс істеу

1

Adobe PageMaker-де мәтінді енгізу, мәтіндік блоктармен жұмыс істеу. Объектілермен жұмыс істеу тәсілдері

1

Adobe PageMaker-де кескіндермен және көп бетті жарияланыммен жұмыс істеу

1

Зертханалық сабақтар




Қазіргі заманғы басылымдарға талдау жасау

2

MicroSoft Word програмасының құралдары көмегімен басылымдар дайындау

2

Microsoft Word: беттеудің және макеттеудің мүмкіндіктері

2

Microsoft  Office Publisher-де жаңа құжат дайындау. Басылым құжатымен жұмыс жасау

2

Microsoft  Office Publisher программасында буклет жасау

2

Microsoft Office Publisher интерфейсінің баспа жүйесі

2

PageMaker -мен жұмыс істеу негіздері

2

PageMaker –де графикалық элементтермен жұмыс істеу

2

PageMaker-де мәтінді енгізу

2

PageMaker-де мәтіндік блоктармен жұмыс істеу

2

Adobe PageMaker-де объектілермен жұмыс істеу тәсілдері

2

Adobe PageMaker-де кескіндермен жұмыс істеу

4

Adobe PageMaker-де көп бетті жарияланыммен жұмыс істеу

4



  1. Студенттердің өздік жұмыстарының тақырыптары


Студенттің оқытушымен бірге орындайтын өздік жұмысы №1
Тақырыбы: Қазіргі заманғы басылымдарға талдау жасау
Мақсаты: Қазіргі заманғы баспа жүйелерін ДК пайдалана отырып, практикада қолдану
Тапсырма:
ТП MS Word қолдана отырып, Сурет 1 көрсетілген тапсырманы орындаңыз.
Сұрақтар:

  1. Компьютерлік беттеуге қатысатын объектілер қайдан алынады?

  2. Қандай баспа жүйелерін сіздер білесіздер?

  3. Мәтіндік редактолар мен баспа жүйелерінің айырмашылығы мен ұқсастықтары неде?

  4. Мәтіндік процессорда қандай операцияларды орындаған қолайлы?

  5. Баспа жүйелерінде қандай операцияларды орындаған қолайлы?


Тапсыру формасы:
Тапсырманың электронды нұсқасын оқытушыға көрсетіңіз және сұрақтарға СОӨЖ дәптеріне жауап жазыңыз.
Тапсырманы орындауға әдістемелік нұсқаулар:
Келесі суретте (Сурет 1) жалпы құжатты құрайтын жекелеген объектілердің шектеулері көрсетілген. Әрбір объектінің еркін орнын ауыстыруға болады. Объектілер әр түрлі қабаттарда орналаса алады.

  1. Мәтіндік болкқа үстінен басқа объект әкеліп қойса, мәтін сол объектіні жағалай орналсады.

  2. Мәтіндік объектілер тіктөртбұрышты формаға ие және мәтін енгізуге арналған. Мәтіндер байланысқан бола алады. Бұл жағдайда мәтін бір блоктан екіншісіне көше береді.

  3. Графикалық объектілер алдын-ала дайындалған кескіндерді қоюға арналған.

  4. Графикалық объектілерді тек тіктөртбұрышты етіп қана орналастырмайды, ол автордың өз еркінде.

  5. Тек дөңгелек, төртбұрыш, сопақша формалардан басқа еркін түрдегі формаларды да қолданады.

  6. Баспа жүйелерінде стандартты элементтерде кеңінен қолданылады. Солардың бірі – түзулер.

ЕСКЕРТУ: Бірнеше үлкен өлшемді күрделі суреттерді біріктіру кезінде қиындықтар тууы мүмкін. Осы жұмысты жеңілдету үшін объектілерді топтау қолданылады.
Ұсынылатын әдебиеттер

[1]/[1,5,6,7]





Сурет 1
Студенттің оқытушымен бірге орындайтын өздік жұмысы №2
Тақырыбы: MicroSoft Word програмасының құралдары көмегімен басылымдар дайындау
Мақсаты: Мәтінді бағандарға бөлуді, WordArt компонентін, формуланы, сурет қоюды қолданып үйрену
Тапсырма:

Қосымша №2 тапсырмасын орындаңыздар.


Сұрақтар:

    1. Мәтінді көпдеңгейлі тізім ретінде қалай өңдеуге болады?

    2. Керек маркерді қалай таңдауға болады?


Тапсыру формасы:

Тапсырманың электронды нұсқасын оқытушыға көрсетіңіз және сұрақтарға СОӨЖ дәптеріне жауап жазыңыз.


Тапсырманы орындауға әдістемелік нұсқаулар:

Тапсырманы орындау үшін Зертханалық сабақ №2 берілген әдістемелік нұсқауларға қарап орындаңыз.


Ұсынылатын әдебиеттер

[2,3,5,6,7]/[6]




Студенттің оқытушымен бірге орындайтын өздік жұмысы №3
Тақырыбы: Microsoft Word: беттеудің және макеттеудің мүмкіндіктері
Мақсаты: Microsoft Word программасында Сурет салу тақтасының компоненттерін қолдануды және стиль құруды үйрену.
Тапсырма:

  1. Сурет салу тақтасының құралдарын қолдана отырып қосымша Қосымша №3 тапсырмасын орындаңыздар. Символдар қойып, қаріп параметрлерін қосымшадағыдай дұрыс таңдаңыздар.

  2. Өз бетіңізбен өткізілетін жаңа жыл кешінің хабарландыруын жасаңыз. Онда стильдер құрыуды, автофигураларды қоюды, оларды топтауды, маркерленген тізімді қолданыңыз.


Сұрақтар:

  1. Құрылған стильді өзгертуге бола ма?

  2. Символды қалай қоюға болады?


Тапсыру формасы:

Тапсырманың электронды нұсқасын оқытушыға көрсетіңіз және сұрақтарға СОӨЖ дәптеріне жауап жазыңыз.


Тапсырманы орындауға әдістемелік нұсқаулар:

Тапсырманы орындау үшін Зертханалық сабақ №3 берілген әдістемелік нұсқауларға қарап орындаңыз.


Ұсынылатын әдебиеттер

[2,3,5,6,7]/[6]




Студенттің оқытушымен бірге орындайтын өздік жұмысы №4
Тақырыбы: Microsoft  Office Publisher-де жаңа құжат дайындау. Басылым құжатымен жұмыс жасау
Мақсаты: Microsoft  Office Publisher-де дайын басылымдар шаблондарымен жұмыс жасау және оларды түрлендіру
Тапсырма:

Қосымша №6 тапсырмасын орындаңыз. Ол үшін Баспаға жіберуге арналған жариялымдардың ішінен Визиткалық карточкалар – Қарапайым (Простой) – Визитная карточка. Каскад таңдаңыз. Эмблеманы өзгерту, қаріп түрлерін өзгертуді алдыңғы тапсырмаға қарап отырып орындаңыз. Түстік схема – Вереск. Жұмысыңызды ВИЗИТКА деген атпен өз бумаңызда сақтаңыз.
Сұрақтар:

  1. Түстік схеманың қызметі қандай?

  2. Есептер облысы терезесінің қызметі қандай?


Тапсыру формасы:

Тапсырманың электронды нұсқасын оқытушыға көрсетіңіз және сұрақтарға СОӨЖ дәптеріне жауап жазыңыз.


Тапсырманы орындауға әдістемелік нұсқаулар:

Тапсырманы орындау үшін Зертханалық сабақ №4 берілген әдістемелік нұсқауларға қарап орындаңыз.


Ұсынылатын әдебиеттер

[3]/[7,11]



Студенттің оқытушымен бірге орындайтын өздік жұмысы №5
Тақырыбы: Microsoft  Office Publisher программасында буклет жасау
Мақсаты: Өз бетімен дайын шаблондарды өз басылымдарын құруда қолдану және өңдеу
Тапсырма

Қосымша №8 тапсырмасын орындаңыз. Ол үшін Баспаға жіберуге арналған жариялымдардың ішінен Мәзір (Меню) – Ерекше тағамдар (Особые блюда) – Зубчики Эмблеманы өзгерту, қаріп түрлерін өзгертуді алдыңғы тапсырмаға қарап отырып орындаңыз. Жұмысыңызды МЕНЮ деген атпен өз бумаңызда сақтаңыз
Сұрақтар:


    1. Форматтау тақтасында қандай компоненттер орналасқан?

    2. Microsoft  Office Publisher программасында қаріпті форматтау үшін қандай мәзірді пайдаланамыз?


Тапсыру формасы:

Тапсырманың электронды нұсқасын оқытушыға көрсетіңіз және сұрақтарға СОӨЖ дәптеріне жауап жазыңыз.


Тапсырманы орындауға әдістемелік нұсқаулар:

Тапсырманы орындау үшін Зертханалық сабақ №5 берілген әдістемелік нұсқауларға қарап орындаңыз.


Ұсынылатын әдебиеттер

[3]/[7,11]



Студенттің оқытушымен бірге орындайтын өздік жұмысы №6
Тақырыбы: Microsoft Office Publisher интерфейсінің баспа жүйесі
Мақсаты: Microsoft  Office Publisher-дің барлық компоненттерін және мүмкіндіктерін таратпа немесе көрнекілік материалдарын құру үшін қолдану

Тапсырма

    1. Қосымша №10 тапсырмасын орындаңыз. Ол үшін Бос басылымдар ішінен Бос бет (Целая страница) таңдаңыз. Бет параметрі – альбомная. Басылым макеті – КЛИНЬЯ. Объектілер тақтасының компоненттерін қолданып сызықтық алгоримтнің блок схемасын салыңыз. Блок схеманы топтаңыз (группировать). Жұмысыңызды АЛГОРИТМ деген атпен өз бумаңызда сақтаңыз.


Сұрақтар:

  1. Бетті қалай номерлейді?

  2. Басылымның макет түрін қалай өзгертуге болады?

  3. Суреттерді, кескіндерді қалай орнатуға болады?



Тапсыру формасы:

Тапсырманың электронды нұсқасын оқытушыға көрсетіңіз және сұрақтарға СОӨЖ дәптеріне жауап жазыңыз.


Тапсырманы орындауға әдістемелік нұсқаулар:

Тапсырманы орындау үшін Зертханалық сабақ №6 берілген әдістемелік нұсқауларға қарап орындаңыз.


Ұсынылатын әдебиеттер

[3]/[7,11]




Студенттің оқытушымен бірге орындайтын өздік жұмысы №7

Тақырыбы: PageMaker -мен жұмыс істеу негіздері
Мақсаты: PageMaker-де басылымның параметрлерін орнатуды, басылымды сақтау және ашуды үйрену
Тапсырма

Берілген параметрлермен жаңа басылым жасаңдар: қағаз пішімі А4; бағдары Кітап түрі (Книжная); бір жақты; өрістер: сол жақ — 25, оң жак — 20, жоғарғы — 20, төменгі — 15. Басылымдыды pub1 атымен сақтаңдар. Басылымды қайта ашып көріңдер.
Сұрақтар:

  1. Басылымды құрайтын PageMaker объектілерін атап шығындар.

  2. Басылымды құру, ашу, сақтау, жабу командалары қай мәзірде орналасқан?


Тапсыру формасы:

Тапсырманың электронды нұсқасын оқытушыға көрсетіңіз және сұрақтарға СОӨЖ дәптеріне жауап жазыңыз.


Тапсырманы орындауға әдістемелік нұсқаулар:

Тапсырманы орындау үшін Зертханалық сабақ №7 берілген әдістемелік нұсқауларға қарап орындаңыз.


Ұсынылатын әдебиеттер

[1]/[1,3,11]




Студенттің оқытушымен бірге орындайтын өздік жұмысы №8
Тақырыбы: PageMaker –де графикалық элементтермен жұмыс істеу
Мақсаты: PageMaker-де құралдарын қолдана отырып, суреттер салу, оларды топтау, түрін түсін өзгерту
Тапсырма

Келесі Қосымша №12 тапсырманы өз беттеріңізбен орындаңыздар. Тіктөртбұрыш, түзу, эллипс элементтерін қолданасыздар. Шекаралар және бояу терезесіндегі параметрлерді өз беттеріңізбен таңдаңыздар. Басылымды ДОМ атымен сақтаңыздар.


Сұрақтар:

  1. Бағыттауыш құралының қызметі қандай?

  2. Бетті қарауды қалай іске асыруға болады?



Тапсыру формасы:

Тапсырманың электронды нұсқасын оқытушыға көрсетіңіз және сұрақтарға СОӨЖ дәптеріне жауап жазыңыз.


Тапсырманы орындауға әдістемелік нұсқаулар:

Тапсырманы орындау үшін Зертханалық сабақ №8 берілген әдістемелік нұсқауларға қарап орындаңыз.


Ұсынылатын әдебиеттер

[1]/[1,3,11]



Студенттің оқытушымен бірге орындайтын өздік жұмысы №9
Тақырыбы: PageMaker-де мәтінді енгізу
Мақсаты: PageMaker-де мәтінді өңдеп және форматтап үйрену
Тапсырма

Қосымша №11 тапсырмасын өз беттеріңізбен аяқтаңыздар. Ол үшін алдыңғы сабақтағы БАСПА файлын ашыңыз. Салынған схеманы мәтіндерін енгізу арқылы аяқтаңыз. Басылымның төмен жағындағы мәтінді теріңіз. Басылымды қайта сақтаңыздар. Мәтіннің параметрлерін өзгерту үшін Қаріп параметрі (Параметры шрифта) сұхбат терезесін пайдаланыңыздар. Ол терезені ашу үшін Ctrl+T пернелерін басыңыз немесе Мәтін – Символы командасын орындаңыз.
Сұрақтар:

  1. Қаріп сипаттамаларын өзгерту қалай орындалады?

  2. РМ-де мәтінмен жұмыс істеу қалай ұйымдастырылған?



Тапсыру формасы:

Тапсырманың электронды нұсқасын оқытушыға көрсетіңіз және сұрақтарға СОӨЖ дәптеріне жауап жазыңыз.


Тапсырманы орындауға әдістемелік нұсқаулар:

Тапсырманы орындау үшін Зертханалық сабақ №9 берілген әдістемелік нұсқауларға қарап орындаңыз.


Ұсынылатын әдебиеттер

[1]/[1,3,11]



Студенттің оқытушымен бірге орындайтын өздік жұмысы №10
Тақырыбы: PageMaker-де мәтіндік блоктармен жұмыс істеу
Мақсаты: PageMaker-де мәтіндік блоктармен жұмыс жасау: бөлу, біріктіру, орын ауыстыру және форматтап үйрену
Тапсырма

Әдістемелік нұсқауға сүйене отырып, келесі тапсырманы қадам бойынша орындап шығыңыз.


Сұрақтар:

  1. Мәтінді бұру қалай іске асырылады?

  2. MS Word пен Page Maker де мәтін өңдеуді салыстырыңыздар.


Тапсыру формасы:

Тапсырманың электронды нұсқасын оқытушыға көрсетіңіз және сұрақтарға СОӨЖ дәптеріне жауап жазыңыз.


Тапсырманы орындауға әдістемелік нұсқаулар:

Тапсырманы орындау үшін Зертханалық сабақ №10 және келесі берілген әдістемелік нұсқауларға қарап орындаңыз.


1 Файл – Жаңа (Новый) командасын орындаңыз. Беттің параметрлері келесі:

      • Бет пішіні (Формат бумаги) – А4;

      • Бет түрі (Ориентация) – кітап түрі;

      • Нұсқалар (Варианттар) – бірбетті (одностороняя) ;

      • Өрістер (Поля): сол жақтан (левое) – 25, оң жақтан (правое) - 20, жоғары жақ (верхнее) – 20, төмен жақ (нижнее) – 12.

2 ОК батырмасын шертіңіз.

3 Келесі мәтінді теріңіздер:




Информатика – ақпарат алу, жіберу, өңдеу, сақтау, ұсыну процестерін зерттеумен, қоғам өмірінің барлық саласында ақпараттық техника мен технология жасау, ендіру және тиім ді пайдалану мәселелірн шешумен шұғылданатын ғылыми-техникалық іс-әрекет саласы, ғылыми-техникалық прогрестің басты бағыттарының бірі.

Информатика:

  1. ақпарат, жинау, сақтау, жіберу, өңдеу және беру әдістері мен құралдарын зерттеумен байланысты – техникалық;

  2. ақпараттың мәнін сипаттау тәсілін анықтайтын, оның сипаттау тілдерін зерттейтін – семантикалық;

  3. ақпаратты кодтау әдістерін сипаттайтын – прагматикалық; ғылыми-ақпараттық іс-әрекеттің кейбір түрлерін, оның ішінде индекстеуді, автоматты реферлеуді, машиналық аударманы формальдау және автоматтандыру мәселелерін шешумен байланысты синтактикалық мәселелер топтарын зерттейді.

4 Басылым параметр мәтіннің параметрлерін өзгерту үшін Қаріп параметрі (Параметры шрифта) сұхбат терезесін пайдаланыңыздар.



  • Қаріп аты (Шрифт) - KZ Arial;

    • Өлшемі – 16;

    • Түрі –қарайтылған;

    • Түсі – BLUE, өңділігі – 70%.

5 Басылымға ИНФОРМАТИКА ҒЫЛЫМЫ тақырыбын беріңіздер. Тақырыпты 350-қа бұрып жоғары жағына орналастырыңыздар.

6 Мәтінді екі мәтіндік блокқа бөліп, қайта біріктіріңіздер. Орындау ретін оқытушыға түсіндіріңіздер.

7 Басылымды ИНФОРМ атымен сақтаңыздар.
Ұсынылатын әдебиеттер

[1]/[1,3,11]



Студенттің оқытушымен бірге орындайтын өздік жұмысы №11
Тақырыбы: Adobe PageMaker-де объектілермен жұмыс істеу тәсілдері
Мақсаты: Adobe PageMaker-де объектілер қою, блок схемалармен жұмыс жасау, мәтінді көшіру, қою тәсілдерін меңгеру
Тапсырма

Қосымша №14 тапсырмасын өз беттеріңізбен орындаңыздар. Жаңа басылым құрыңыздар:



      • Бет пішіні (Формат бумаги) – А4;

      • Бет түрі (Ориентация) – альбом түрі;

      • Нұсқалар (Варианттар) – бірбетті (одностороняя) ;

      • Өрістер (Поля): сол жақтан (левое) – 25, оң жақтан (правое) - 20, жоғары жақ (верхнее) – 20, төмен жақ (нижнее) – 12.

ИНФОРМ басылымындағы мәтінді көшіріп осы басылымға қойыңыздар. Ары қарай объектілер жиынымен жұмыс істеуді, объект қоюды, объектілерді топтастыруды еске түсіре отырып басылымды жасаңыз.


Сұрақтар:

  1. Қойылған объектіні қалай бұруға болады?

  2. Объектілер жиынымен жұмыс жасағанда оларды қалай топтастыруға болады?



Тапсыру формасы:

Тапсырманың электронды нұсқасын оқытушыға көрсетіңіз және сұрақтарға СОӨЖ дәптеріне жауап жазыңыз.


Тапсырманы орындауға әдістемелік нұсқаулар:

Тапсырманы орындау үшін Зертханалық сабақ №11 берілген әдістемелік нұсқауларға қарап орындаңыз.


Ұсынылатын әдебиеттер

[1]/[1,3,4,11,12]



Студенттің оқытушымен бірге орындайтын өздік жұмысы №12
жүктеу 272,5 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау