Жазба жұмыстарының нормалары
Қазақ тілі
Жазба жұмыстарының оқу тоқсандары бойынша бөліну үлгісі
Сыныптар
|
Жазба жұмыстар
түрлері
|
Оқу тоқсандары
|
Барлығы
|
І
|
ІІ
|
ІІІ
|
ІҮ
|
2
|
Диктант
|
3
|
3
|
3
|
3
|
12
|
Мазмұндама
|
1
|
1
|
1
|
1
|
4
|
Шығарма
|
1
|
1
|
1
|
1
|
4
|
|
5
|
5
|
5
|
5
|
20
|
3
|
Диктант
|
3
|
3
|
3
|
3
|
12
|
Мазмұндама
|
1
|
1
|
1
|
1
|
4
|
Шығарма
|
1
|
1
|
1
|
1
|
4
|
|
5
|
5
|
5
|
5
|
20
|
4
|
Диктант
|
3
|
3
|
3
|
3
|
12
|
Мазмұндама
|
1
|
1
|
1
|
1
|
4
|
Шығарма
|
1
|
1
|
1
|
1
|
4
|
|
5
|
5
|
5
|
5
|
20
|
|
Жалпы саны:
|
15
|
15
|
15
|
15
|
20
|
Математика пәні
1-4 сыныптарға арналған математика пәнінен бақылау жұмыстары
1 - сынып
|
|
1 тоқсан
|
2 тоқсан
|
3 тоқсан
|
4 тоқсан
|
Бақылау жұмысы
|
2
|
2
|
3
|
3
|
Өздік жұмысы
|
2
|
2
|
3
|
3
|
Барлығы:
|
4
|
4
|
6
|
6
|
2 - сынып
|
|
1 тоқсан
|
2 тоқсан
|
3 тоқсан
|
4 тоқсан
|
Бақылау жұмысы
|
2
|
2
|
3
|
3
|
Өздік жұмысы
|
2
|
2
|
3
|
3
|
Барлығы:
|
4
|
4
|
6
|
6
|
3 - сынып
|
|
1 тоқсан
|
2 тоқсан
|
3 тоқсан
|
4 тоқсан
|
Бақылау жұмысы
|
2
|
2
|
3
|
3
|
Өздік жұмысы
|
2
|
2
|
3
|
3
|
Барлығы:
|
4
|
4
|
6
|
6
|
4 - сынып
|
|
1 тоқсан
|
2 тоқсан
|
3 тоқсан
|
4 тоқсан
|
Бақылау жұмысы
|
3
|
2
|
3
|
4
|
Өздік жұмысы
|
2
|
2
|
3
|
3
|
Тестік тапсырмалар
|
-
|
1
|
-
|
1
|
Барлығы:
|
5
|
5
|
6
|
8
|
Оқу жылдамдығы
Бастауыш сыныптарда жылдам оқудың критерийлері:
Міндетті деңгей
|
Сыныптар
|
I жартыжылдық
|
II жартыжылдық
|
1
|
20-25 сөз (бір және бірнеше әріптен тұратын)
|
30-35 сөз
|
2
|
40-45 сөз
|
50-55 сөз
|
3
|
55-60 сөз
|
60-65 сөз
|
4
|
65-70 сөз
|
70-80 сөз
|
Мүмкіндік деңгей
|
Сыныптар
|
I жартыжылдық
|
II жартыжылдық
|
1
|
30-35 сөз
|
40-50 сөз
|
2
|
55-60 сөз
|
65-70 сөз
|
3
|
75-80 сөз
|
85-90 сөз
|
4
|
95-105 сөз
|
110-120 сөз
|
Қазақ тілі пәні бойынша оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар:
2-сынып оқушысының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар
1. Пәндік нәтиже бойынша 2-сыныптың соңында оқушылар білуі қажет:
1) тіл және сөйлеудің мәнін, ауызекі және жазба тілді;
2) тіл дыбыстарының дауысты және дауыссыз түрлерін;
3) мәтіннің құрылымы мен түрлерін;
4) сөйлемнің айтылу мақсатына қарай бөлінетін түрлерін;
5) сөйлемдегі сөздердің байланысын;
6) сөз мағыналарын;
7) өтілген сөз таптарын, олардың сұрақтарын.
48. Пәндік нәтиже бойынша 2-сыныптың соңында оқушылар меңгеруі қажет:
1) сөзге дыбыстық талдау жасауды;
2) сөз құрамына талдауды;
3) өтілген сөз таптарын ажырату, талдау және оларды өзара салыстыруды;
4) мәтіндегі тірек сөздерді табуды және олармен мәтін құрауды;
5) түрлі жағдаяттарда әңгімелесу, пікірлесу, өз ойын түсінікті жеткізуді (кіммен? қайда? қашан? не туралы?);
6) өздеріне таныс заттарды, құбылыстарды салыстыру, сипаттауды;
7) 6-8 сөзден тұратын сөздік диктанты, 25-30 сөзден тұратын диктанттарды, 40-50 сөзден мазмұндаманы, 4-6 сөйлемнен тұратын шығарманы жазуды.
6. 3-сынып оқушысының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар
1. Пәндік нәтиже бойынша 3-сыныптың соңында оқушылар білуі қажет:
1) мәтін түрлері мен ерекшеліктерін;
2) сөйлемнің тұрлаулы және тұрлаусыз мүшелерін, олардың арасындағы байланысты;
3) жалаң және жайылма сөйлем түрлерін;
4) қаратпа сөзді;
5) дыбыс және әріп, олардың емлесін;
6) сөз және оның мағынасын;
7) түбір сөз бен қосымшалы сөздің бір-бірінен айырмашылығын;
8) туынды сөз жасайтын жұрнақтарды;
9) түбір мен қосымшаның жазылуын.
50. Пәндік нәтиже бойынша 3-сыныптың соңында оқушылар меңгеруі қажет:
1) жоспар бойынша әңгімелеуді;
2) үлгі бойынша сызба құрастыруды;
3) сөздерді сауатты және каллиграфиялық талапқа сай жазуды;
4) сөз құрамына талдауды;
5) мәтінге ат қоюды және ондағы негізгі ойды табуды;
6) мәтінге жоспар құруды;
7) жалаң және жайылма сөйлем құрастыруды;
8) сөйлемнен тұрлаулы және тұрлаусыз мүшелерді табуды;
9) түрлі жанрда шығарма құрауды (әңгіме, хат, хабарландыру);
10) өткен тақырыпты қайталау үшін 55-60 сөзден (диктант) тұратын мәтінді көшіріп және есту арқылы жазуды;
11) сұрақтар, грамматикалық тапсырмалар, ұжыммен құрастырған жоспар бойынша (60-70 сөз) мазмұндама жазуды;
12) сипаттау, сюжеттік сурет бойынша баяндау, өзінің бақылауы арқылы шығарманы жазуды; мәтіннің тақырыбы мен негізгі ойын анықтауды.
7. 4-сынып оқушысының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар
1. Пәндік нәтиже бойынша 4-сыныптың соңында оқушылар білуі қажет:
1) мәтін және оның түрлерін;
2) сөйлемнің дара және күрделі мүшелерін;
3) сөйлемнің бірыңғай мүшелерін, олардың тыныс белгілерін;
4) сөз тіркесін;
5) буын және дыбыс үндестігін;
6) сөз мағыналарын, олардың бір-бірінен айырмашылығын;
7) күрделі сөздерді және оның түрлерін (біріккен сөз, қос сөз);
8) жай сөйлем мен құрмалас сөйлемнің бір-бірінен өзгешелігін, құрмалас сөйлемнің тыныс белгісін;
9) сөз таптарын және түрлену жүйесін.
52. Пәндік нәтиже бойынша 4-сыныптың соңында оқушылар меңгеруі қажет:
1) мәтіндегі тірек сөздерді табуды және олармен мәтін құрауды;
2) сөз таптарын ажырату, талдау және оларды топтастыру, өзара салыстыруды;
3) жіктеу есімдіктерін табуды және оларды септеуді;
4) мәтіннен қаратпа және қыстырма сөздерді табуды;
5) жай сөйлемге синтаксистік талдау жасауды;
6) өз ойларын еркін жеткізуді, сөйлемдерді дұрыс құрастыруды;
7) берілген мәтінге жоспар құруды;
8) қоршаған орта мен мақсатқа сәйкес орынды сөйлей білуді;
9) диктант (көлемі 65-75 сөз), мәтін бойынша мазмұндама (мәтін көлемі 150-200 сөз), көлемі 50-60 сөзден тұратын шығарма (сипаттама, баяндама, пайымдау) жазуды.
53. Тұлғалық нәтижелер оқушылардың:
1) Қазақстан Республикасы Конституциясы туралы түсінігі болуы және оны құрметтеуінен;
2) өз Отанына деген мақтаныш сезімінен;
3) өз ана тілін білуі және құрметтеуінен, өз халқының және Қазақстанда өмір сүріп жатқан басқа ұлттардың салт-дәстүріне және басқа құндылықтарына құрметпен қарауынан;
4) өз елінің, туған өлкесінің табиғатын аялауға және қорғауға ұмтылуынан;
5) үлкендерге құрметпен, кішілерге қамқорлықпен қарап, айналасына мейірімді, кішіпейілділігінен көрінеді.
54. Жүйелі-әрекеттік нәтижелер оқушылардың:
1) бастауыш сыныпта оқытылған пәндер бойынша жүйелі білімінің болуынан;
2) алынған ақпаратты талдай, өңдей, жинақтай және қолдана білуінен;
3) шығармашылықпен жұмыс істеу әдістерін меңгеруінен көрінуі қажет.
Қазақ тілі сабақтарындағы жазба жұмыстары:
Оқушылардың каллияграфиялық дағдыларын жетілдіру үшін көркем жазуға 2-3-4 сыныптарда әрбір грамматика сабақтарында шамамен 3-5 минут уақыт бөлінеді.
2-4 сыныптарда жазылуы қиын сөздерді, сөйлемдерді, шағын мәтіндерді қатесіз, әрі каллиграфиялық талапқа сай жазу дағдыларын жетілдіруге бағытталған жаттығулар орындалады.
Қазақ тілінен жүргізілетін негізгі жазба жұмыстары- көшіріп жазу, жатқа жазу, диктант, мазмұндама, шығарма.
Диктант
Есту диктанты, көру диктанты, сөздік диктант, шығармашылық диктанттары күнделікті сабақта ыңғайына қарай мұғалімнің қалауы бойынша жүргізіліп отырады. Ал оқушылардың сауаттылығын тексеруге арналған диктант бекітілген кестеге сай алынады.
Диктантқа арналған сөз саны төмендегі мөлшерде белгіленеді:
Сөздік диктанты:
2- сыныпта 8-12 сөз.
3 сыныпта 12-15 сөз.
4 сыныпта 15-20 сөз.
Бақылау диктанты:
2 сынып- жыл аяғында 25-30 сөз.
3- сынып –жыл аяғында 55-60 сөз.
4 – сынып- 65-75 сөз.
Мазмұндама және шығарма.
Жазба жұмыстарының оқу тоқсандары бойынша бөлінуі кестеге (1-кесте) түсіріліп, әр сыныпқа тоқсан сайын диктант – 3сағат, мазмұндама – 1 сағат, шығарма – 1 сағат, барлығы – 20 сағат жазба жұмысына берілген.
Мазмұнда мен шығарма көлемі бағдарламадағы оқушыларға қойылатын талаптарға сай алынады./ бағдарламада жазылған/
1-кесте – Жазба жұмыстарының оқу тоқсандары бойынша бөліну үлгісі
Сыныптар
|
Жазба жұмыстар
түрлері
|
Оқу тоқсандары
|
Барлығы
|
І
|
ІІ
|
ІІІ
|
ІҮ
|
2
|
Диктант
|
3
|
3
|
3
|
3
|
12
|
Мазмұндама
|
1
|
1
|
1
|
1
|
4
|
Шығарма
|
1
|
1
|
1
|
1
|
4
|
|
5
|
5
|
5
|
5
|
20
|
3
|
Диктант
|
3
|
3
|
3
|
3
|
12
|
Мазмұндама
|
1
|
1
|
1
|
1
|
4
|
Шығарма
|
1
|
1
|
1
|
1
|
4
|
|
5
|
5
|
5
|
5
|
20
|
4
|
Диктант
|
3
|
3
|
3
|
3
|
12
|
Мазмұндама
|
1
|
1
|
1
|
1
|
4
|
Шығарма
|
1
|
1
|
1
|
1
|
4
|
|
5
|
5
|
5
|
5
|
20
|
|
Жалпы саны:
|
15
|
15
|
15
|
15
|
20
|
Сауаттылықты тексеру қазақ тілі пәнінің міндеті болғандықтан, шығарманың әдебиеттік оқу пәнінде де жазылатыны ескеріліп, шығармаға берілген сағат саны қысқартылып диктанқа бөлінді.
Оқу пәнінің мазмұнында әр сынып бойынша тарауларға берілген сағат сандары өзгертілген.
Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар пәндік, тұлғалық, жүйелі-әрекеттік нәтижелер арқылы қалыптасатындығы әр сынып бойынша жеке көрсетілген.
Ескерту: Әр сыныпқа мазмұндама мен шығармаға берілген жылдық сағат саны – 8 (4 мазмұндама, 4 шығарма жұмысы), ал диктантқа (сауаттылықты тексеру және бақылау диктанты) – 12 сағат беріледі.
Диктантты бағалау критерийлері:
«5» - қатесі мүлде жоқ, таза, барлық қаллияграфиялық талаптарға сай жұмысқа қойылады;
«4» - а)1 емле, 1 тыныс белгісі қателері жіберілсе,б) 1 емле, 2 тыныс белгісі қателері болса, бірақта жұмыс таза орындалу керек;
«3» - а)3 емле, 2-3 тыныс белгісі,б) 4 емле, 2 тыныс белгісі,в)5емле, 1 тыныс белгісі қателері жіберілген жұмысқа қойылады;
«2» - 6-7 қатеден асқан жұмысқа қойылады.
Мұғалім диктантты тексергенде мынаны ескерген жөн:
бір сөзден жіберген қате бірнеше рет қайталанса- 1 қате болып есептеледі;
бір ережеге байланысты әртүрлі сөздерде жіберген қателердің әрқайсысы бір қате болып есептеледі;
тасымал кезінде сөздің бұрыңғы жолда қайталанып кездесуі. Сондай-ақ жіберілген мынандай қателер есепке алынбайды:
а)өтілмеген орфограммалар мен тыныс белгілері болса,
б) сөйлем соңына нүкте қойылмай бірақ келесі сөйлемді бас әріппен бастап жазса.
Қате болып есептеледі:
сөздерді жазудағы емлелік ережелердің бұзылуы, әріп тастап кету, әріптердің орнын ауыстыру немесе артық әріп жазып қою;
бағдарлама бойынша өткен тақырыпқа байланысты тыныс белгілері қойылмаса;
Грамматикалық тапсырмаларды бағалау критерийлері:
«5» -түгелдей қатесіз орындалған тапсырмаға;
«4» - 1 қатесі бар түгел орындалған тапсырмаға;
«3» - тапсырма толық орындалмаса;
«2» - тапсырма мүлдем орындалмаса.
Диктант және грамматикалық тапсырмалардан құрылған бақылау жұмыстарына екі баға қойылады, жеке баға диктантқа және жеке баға тапсырмаға.
Мазмұндаманы жалпы бағалауда мынаны ескерген жөн:
мазмұны (автор мәтінінің негізгі мазмұны қалай жеткізілген: толық, негізгі
көріністерді қалтырмай, бұрмалаусыз);
мәтіннің құрылымы (мазмұндау барысы, азат жолдарды белгілеу, бөлімдердің орналасуы)
сөйлемдердің құрылымы, сөздер ретін сақтау, мәтін лексикасы (сөздерді өз мәнінде қолдана білу)
емлелік және пунктуациялық сауаттылық
Шығармашылық жұмыстарды (мазмұндама, шығарма) бағалау критерийлері:
2-3 сыныптарда үйрету мақсатындағы мазмұндама мен шығармаға журналда мазмұнына ғана 1 баға қойылады. 3-сыныптың ІІ жартытыжылдығынан бастап және 4 сыныпта мазмұндамаға, шығармаға 2 баға қойылады (мазмұнына, сауаттылығына (5/5).
Мазмұнына байланысты бағалау критерийлері:
«5» -автор мәтінінің толық жеткізгені, тақырыптың ашылуы, сөз қорының байлығы, мазмұнға байланысты қателері жоқ;
«4» - автордың мәтіні бойынша дұрыс мазмұндалған, бірақта мазмұндау барысында кейбір олқылықтар бар, тексті құрастыруда 2-3 сөйлем құрамында нақтылық болмағанда;
«3» - тақырып дұрыс ашылмаса, тіл байлығы орташа, сөйлемдерді құрастыруда мазмұнына байланысты қателер болса, автордың текстінен өзгеше болған жағдайда;
«2» - мазмұны автордың мәтініне сәйкес келмесе, сөз қоры нашар, сөйлемдері дұрыс құрастырылмаған жағдайда.
Сауаттығына байланысты бағалау критерийлері:
«5» - емле және тыныс белгілерінен қате жоқ, бірақта 1-2 түзетушілік болса;
«4» - 2 емле, 1 тыныс белгісі қателері жіберілсе және 1-2 түзетушілік болса;
«3» - 3-5 емле, 1-2 тыныс белгісінен қате болса, 1-2 түзетушілік болса;
«2» - 6 дан астам емле, 3-4 тыныс белгілерінен қателер, 3-4 түзетушілік болса.
Тестік тапсырмаларды бағалау критерийлері:
Тест тапсырмаларын бағалауда жинаған ұпай сандары саналады.Оларды төрт баллдық шкала бойынша бағалауда мынадай кестеге сүйенеді:
100-95 % балл- «5», 94-75% - «4», 74-50 % - «3», 49 %- төмен – «2».
Көшіріп жазуды бағалау:
«5»- түзетулері жоқ, мінсіз орындалған жұмыс;
«4» - 1 қатесі, түзетуі бар жұмыс;
«3» - 2-3 қатесі, түзетуі бар жұмыс;
«2» - 3 және одан да көп қателері бар жұмыс
Сауат ашу (оқу, жазу)
Сауат ашу кезеңі қазақ тілінің грамматикасына және әдебиет туралы білім жүйесіне кіріспе болып табылады.
Пәнінің басты мақсаты - оқушылардың оқу және жазу дағдыларын қалыптастыру, қарапайым грамматикалық ұғымдармен таныстыру, айтатын ойын толық, түсінікті, жүйелі жеткізе білуге, байланыстыра сөйлеуге үйрету, ауызша, жазбаша тілін дамыту, сөздік қорын байыту және белсендіру.
Пәнiнiң мiндеттерi:
Әлiппеге дейiнгi кезең: сөздiк қорын байыту, лексикалық тақырыптар бойынша байланыстырып сөйлеу тiлiн дамыту; дыбысталатын тiлдi, сөйлеудi талдау (сөйлем, сөз, буын, дыбыс); дыбыстық талдау (сөздегi дауысты және дауыссыз дыбыстардың саны мен ретi); дыбыстық сызба құру, оны «оқу»; жазуға даярлау (әртүрлi сызықтар, өрнектер мен таңбалар сыздыру); жазу жолын сақтай отырып әрiп элементтерiн жазуға үйрету.
Әлiппе кезеңi: құрамында жаңа таныстырылған әрпi бар сөздермен сөздiк қорын байыту; жаңа әрiппен таныстыру (әрiптiң баспа түрi және жазба түрi, бас әрiп және кiшi әрiп); сөзге дыбыстық-әрiптiк талдау; сөздiң дыбыстық-әрiптiк сызбасын құру; буынды, сөздi, сөйлемдi оқу; байланыстырып сөйлеу тiлiн дамыту; байланыстырылған мәтiндi оқу; жазуға үйрету.
Әлiппеден кейiнгi кезең: оқуға, жазуға,оқушының тiл дамытып, алғашқы грамматикалық мәліметтер беру.
Пәннiң негiзгi ерекшелiгi әлiппеден кейiнгi кезеңнiң II жартыжылдық бойы жалғастырылып оқытылуы. Сауат ашу кезеңі қазақ тілінің грамматикасына және әдебиет туралы білім жүйесіне кіріспе болып табылады. Оқушылардың оқу және жазу дағдыларын қалыптастыру, қарапайым грамматикалық ұғымдармен таныстыру, айтатын ойын толық, түсінікті, жүйелі жеткізе білуге, байланыстыра сөйлеуге үйрету, ауызша, жазбаша тілін дамыту, сөздік қорын байыту және белсендіру мақсаттарын жүзеге асыруға бағытталады.
Әліппеге дейінгі кезең:
Тыңдалым. Ауызша сөйлеуде немесе мәтін оқуда сөйлеушінінің немесе мұғалім сөзің аяғына дейін зейін қоя тыңдай білу. Ақпаратты дұрыс қабылдау, негізгі ойды түсіну, жауап беруге дағдыландыру.
Айтылым. Сөздерді, дыбыстарды анық дұрыс айту; мағынасын түсініп, орынды қолдану; тілдік қарым-қатынасқа, диалогқа қатыса білу; оқу міндетіне сәйкес монологтік сөйлеуді меңгеру; өзі, ата-анасы, достары туралы пікір айту, суреттеу, баяндау; сөйлеу мәдениеті нормаларын қалыптастыру; л-р, н-ң, с-ш, ж-ш, п-б дыбыстарын дұрыс айтуға дағдыландыру.
Оқылым. Сөйлеу, сөйлем және сөз туралы түсінік; сөйлеудің сөйлемнен, сөйлемнің сөздерден, сөздің буыннан құралатындығын графикалық сызба арқылы ұғындыру және оны оқу; сызбаларға сәйкес сөйлем құрастыру; буын туралы алғашқы түсінік; сөзді буынға бөлу, буын санын, буын түрлерін анықтау; буындардан сөз құрау, оқу; дыбыс және әріп туралы алғашқы түсінік; буынның дыбыстардан құралатындығын сызба арқылы ұғындыру; дыбыстардың дауысты, дауыссыз болатындығы, оларды қалай ажыратуды игеру; дыбыстардың артикуляциясына ерекше мән беру; буындық-дыбыстық талдау жасауға үйрету.
Жазылым. Жазу жұмысына дайындық жаттығуларын жүргізу; санитарлық-гигиеналық талаптарды сақтау; дәптермен таныстыру; бастырып жазу, үздіксіз жүргізіп сызу, әріп элементтерін жазуға үйрету.
Тіл дамыту. Сөздік қорын байыту; суреттер бойынша кім? не? кімдер? қайтті? не үшін? қанша? сұрақтарға жауап ала отырып, заттардың атын атату, сапалық қасиеттерін, қимыл іс-әрекеттерін айтқызу, сурет ойынша әңгіме құрату, ертегі айтқызу; тақпақ, санамақ, жаңылтпаш, жұмбақтар жаттату.
Әліппе кезеңі:
Дыбыстар мен олардың әріптері оқулықтағы реттілікпен оқытылады.
Әліппеден кейінгі кезеңі:
Оқу. Шағын көлемді тілі жеңіл шығармалар оқу; әдеби жанрлар туралы алғашқы түсініктер; шығармалардағы көркем, бейнелі сөздерді сезіну түйсіну, мәтінді талдау; оқу түрлерін меңгеру; сөздерді тұтас оқу; дауыс ырғағы, нақышын келтіре отырып оқуға машықтандыру.
Жазу. Сөз ішіндегі әріптерді дұрыс байланыстырып, үздіксіз әрі ырғақты жазу дағдысын жетілдіру; шағын мәтінді дұрыс көшіріп жазуға дағдыландыру; есту арқылы жатқа жазу, көргенін есте сақтау сөздерді, сөйлемдерді, шағын мәтіндерді жатқа жазу; дыбыстық, буындық құрылымы әртүрлі сөздердегі дыбыстардың ретін анықтай алу; жазғанын өздігінен тексеру; көркем, таза, қатесіз, сауатты жазу; сөздерді тасымалдай білу.
Тіл дамыту. Сөздік қорын жаңа сөздермен байыту, грамматикалық тұлғада жүйелі байланыстырып орынды қолдана білу, сөз тіркестерін, сөйлемдер құрастыра білу; сөйлеудің диалогтік түрін практикалық тұрғыда меңгерту; сөйлеудің монологтік түрін практикалық тұрғыда меңгерту; суреттер топтамасы, тірек сөздер, дайын үлгі, жоспар бойынша әңгіме (мәтін) құрастыру, мәтінге ат қою; мазмұндаманың негізгі түрлерімен таныстыру; сөйлеу мәдениетін қалыптастыру.
Дыбыс және әріп. Дауысты және дауыссыз дыбыстар мен әріптер туралы білімдерін жалпылау, пысықтау; жуан және жіңішке дауысты дыбыстар мен әріптер, оларды салыстыру, ажырату; а-ә, о-ө, ұ-ү, ы-і дыбыстары мен әріптері және олардың емлесі; қосарлы и, ё, я, ю дыбыстары мен әріптері, олардың емлелерін игерту.
Буын; тасымал; тасымалданбайтын сөздер; сөз; сөз және оның қызметі; кім? не? кімдер? нелер? сұрақтарына жауап беретін сөздер; бас әріптен басталып жазылатын сөздер; не істеді? не қылды? қайтті? сұрақтарына жауап беретін сөздер; қандай? неше? нешінші? сұрақтарына жауап беретін сөздер туралы түсінік қалыптастыру.
Сөз және сөйлем; Сөйлем; сөйлемнің бас әріппен басталып жазылып, соңына тыныс белгілерінің қойылатыны; сөйлем түрлері (жай, лепті, сұраулы) жайлы түсінік қалыптастыру.
Сауат ашу пәні бойынша 1-сынып оқушысының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар
1. Пәндік нәтиже бойынша 1-сыныптың соңында оқушылар білуі қажет:
1) тілдің (ауызша және жазбаша сөйлеудің) негізгі бірліктері туралы қарапайым ұғымдарды: сөйлеу – сөйлем – сөз – буын – дыбыс – әріп туралы қарапайым түсінікті;
2) қазақ әліпбиіндегі барлық дыбыстар мен әріптерді;
3) орыс тілінен енген сөздерде кездесетін дыбыстар мен әріптерді;
4) дыбыстарды (дауысты, дауыссыз, жуан дауысты, жіңішке дауысты) ажыратуды;
5) әріптерді (баспа және жазба түрлерін, бас әріп және кіші әріпті) ажыратуды;
6) бас әріптен басталып жазылатын сөздерді (адамның аты-жөні, тегі, қала, ауыл, өзен, көл, көше аттары, жан-жануарларға қойылатын атаулар);
7) тасымалды және тасымалдауға болмайтын жағдайларды;
8) сөйлемнің бас әріптен басталып жазылатынын;
9) сөйлемнің соңына қойылатын тыныс белгілерді;
10) сөйлемнің, сөздің, буынның, дауысты, дауыссыз дыбыстардың графикалық белгіленуін;
11) а және ә; о және ө; ұ және ү; ы және і дыбыстары мен әріптерін және олардың емлесін; қосарлы дауыстылар (и, Ұ, я, ю) кездесетін сөздерді дұрыс жазуды.
15. Сөйлеу әрекетінің түрлері бойынша. Тыңдалым және айтылым бойынша меңгеруі қажет:
1) сөзді, сөйлемді, мәтінді тыңдауды, сөздің мағынасын, сөйлем мен мәтіннің мазмұнын түсінуді;
2) сөздегі дыбысты дұрыс есту және айыруды, оларды дұрыс айтуды;
3) сұрақты мән беріп тыңдауды және оған тиісті жауап қайтаруды;
4) естігенін немесе оқығанын түсінуді және оны мазмұндап айтып беруді;
5) қарым-қатынас барысында сыпайы сөздерді (сәлемдесу, қоштасу, кешірім сұрау) қолдануды;
6) мәтін бойынша сұрақ қоюды және оларға жауап беруді;
7) оқылған мәтіннің мазмұнына талдау жүргізуді;
8) әңгімелесуге, диалогқа, дидактикалық ойындарға қатысуды;
9) 1-2 шумақ (4 жолдан тұратын) шағын өлеңді, жұмбақ, жаңылтпаштарды жатқа айтуды.
16. Оқылым бойынша:
1) дауыстап және іштей оқуды;
2) сөздерді буындап оқуды, жыл соңына қарай тұтас сөзбен оқуды;
3) сөздерді бір қалыпты және ұғына отырып оқуды (оқу жылының аяғында минутына 30-40 сөзден тұратын мәтінді);
4) дауыс кідірісін және оқу қарқынын сақтай отырып сөйлемдерді (мәтінді) мәнерлеп оқуды;
5) оқу жылдамдығын жыл соңына қарай арттырып, шапшаң әрі түсініп оқуды;
6) мәтін мазмұны бойынша сұрақтарға жауап табуды, мазмұнын айтуды; тақырып бойынша үш-бес сөйлемнен тұратын мәтін құрастыруды.
17. Жазылым бойынша:
1) дыбыстарды әріптермен дұрыс белгілеуді;
2) қазақ әліпбиінің барлық әріптерін (баспа және жазба, бас әріптер мен кіші әріптер) каллиграфия нормасына сәйкес жазуды, оларды сөз ішінде бір-бірімен дұрыс байланыстыруды;
3) жазба және баспа түрде берілген мәтіндерді (10-15 белгіден артық емес), сөйлемдерді (3-4 сөзден тұратын), сөздерді (10 сөзден артық емес) дұрыс көшіріп жазуды;
4) жазу барысында сөйлемді дұрыс рәсімдеуді (сөйлемді бас әріппен жазу және соңында сәйкес тыныс белгісін қою);
5) сөздерді (5-6 сөз) және сөйлемдерді (2-3 сөйлем) есту арқылы жазуды;
6) жазу барысында кейбір орфография ережесін (сөздерді тасымалдау; адамның аты, фамилиясы, қала, ауыл, өзен, көл, көше аттары, жан-жануарларға қойылатын атауларды бас әріппен жазу) қолдануды.
18. Тұлғалық нәтижелер оқушылардың:
1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін (елтаңба, ту, гимн) құрметтеуінен, мемлекеттік гимнді білуінен;
2) туған елге деген сүйіспеншілігінен, туған жердің табиғатын сақтауға және қорғауға деген ұмтылысынан;
3) өз ана тілін, мәдениетін, салт-дәстүрін құрметтеуінен;
4) салауатты өмір салтын ұстануынан;
5) еңбек пен оқуға деген жауапкершілікті сезінуінен;
6) қарым-қатынас барысында мәдениет сақтауынан, үлкен адамдарды құрметтеп, кішілерге қамқорлық танытуынан көрінеді.
19. Жүйелі-әрекеттік нәтижелер оқушылардың:
1) дыбыстық және әріптік жүйе, дыбыстың түрлері (дауысты: жуан, жіңішке, дауыссыз); буын, сөз, сөйлем; буыннан сөз, сөзден сөйлем құралатыны; сөздердің белгілі бір мағынасы болатыны және белгілі бір қызмет атқаратыны (заттың атын, іс-қимылын, түр-түсін, дәмін, иісін т.б. сипаттарын білдіретіні); сөйлемнің бас әріптен басталып, соңына тыныс белгісі (? !.) қойылатыны; бас әріппен жазылатын сөздер; тасымал, т.б. жайында алған қарапайым түсініктерін оқу және жазу барысында дұрыс пайдалана білуінен және сөздерге қарапайым дыбыстық-буындық талдау жасауынан, сөйлеуден тілдік бірліктерді айырып көрсете алуынан;
2) оқу үдерісінде алған түрлі ақпараттарды дұрыс қабылдауынан және дұрыс түсінуінен, қажетті жағдайда есіне түсіріп, орынды қолдана алуынан;
3) шапшаң, түсініп және мәнерлеп оқу дағдысынан;
4) дұрыс, қатесіз, сауатты әрі көркем жаза алуынан;
5) ауызша және жазбаша тілінің дамуынан, ойын нақты, түсінікті, толық, жүйелі жеткізе алуынан;
6) шығармашылық жұмыстарға қызығушылығынан, талдау, жинақтау, жалпылау, нақтылау әдістерін қолдана білуінен көрініс табуы қажет.
Сауат ашу кезінде жүргізілетін жазба жұмыстары: көшіріп жазу, диктант, мазмұндама, шығарма.
I жартыжылдықта әріп диктанты, буын диктанты, сөздік диктант – 4-6 сөз (диктант жұмысы күнделікті сабақ барысында мұғалімнің қалауымен) жүргізіледі.
II жартыжылдықта сөздік диктант – 6-8 сөз, есту диктанты, көру диктанты алынады.
1- сыныпта «Көркем жазу» күнделікті сабақ барысында (шамамен 4-5 минут) мұғалімнің басшылығымен жүргізіледі.
Сауат ашу пәні бойынша жазуға қойылатын талаптар:
I Әліппеге дейінгі кезең:
- жазу дәптерінің жолын сақтап әр түрлі сызықтар, өрнектер, таңбалар сыза білу;
- дәптер бетіндегі кеңістікті бағдарлай білу (жоғарыда, төменде, оң жақта, сол жақта, ортасында);
- әріп элементтерін жаза білу.
II Әліппе кезеңі:
дауысты және дауыссыз дыбыс әріптерін (бас әріп және кіші әріп) жаза білу;
әріп, буын, сөз, қысқа сөйлемдер жазу; сөз ішінде әріптерді бір-бірімен дұрыс қосып жазу;
баспа түрдегі мәтіннен сөздерді, сөйлемдерді көшіріп жаза алу.
III Әліппеден кейінгі кезең:
есту арқылы жаза білу;
сұрақтарға жазбаша жауап беру;
1 сынып оқушыларының міндетті деңгейін тексеру жұмыстары:
I Әліппеге дейінгі кезең:
- тірек белгілермен, сызбалармен, суреттермен жұмыс жүргізе білу.
II Әліппе кезеңі:
әріп диктанты;
буын диктанты;
сөздік диктанты;
2-3 сөзден тұратын сөз тіркестерін жаттықтырып жазғызу.
III Әліппеден кейінгі кезеңі:
көшіріп жазу;
есту арқылы жазу
Математика пәні бойынша оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар.
Пәндік нәтижелер. 1-сыныптың соңында оқушылар:
1) + 2, 3, 4 жағдайларында он көлемінде қосу кестелерін және оларға сәйкес азайту жағдайларын жатқа;
2) қосу және азайту амалдардың компоненттерінің атауларын және қосу мен азайту жағдайында белгісіз компоненттерді табу ережелерін;
3) қосудың ауыстырымдылық қасиетін;
4) 10 көлемінде қосу кестесін;
5) мәтінді есептің құрылымын;
6) шамалар бірліктерінің белгілеулерін: 1 сағ, 1 см, 1 дм, 1 тг;
7) дециметр мен сантиметр арасындағы қатынастарды білуі қажет.
31. 1-сыныптың соңында оқушыларда:
1) оқулықпен жұмыс жасау, оқулықта берілген суреттер мен сызбалардың, жаттығулар мен талаптардың мағынасын түсіне білу;
2) сабақ барысында ыңғайлы қалыпта отыру, қалам мен қарындашты дұрыс ұстау;
3) өз тәртібіне жауап беру;
4) тапсырмалардың орындалуының және есептердің шығарылуының дұрыстығын тексеру;
5) математиканың «+», «-»; «<», «>», «=» белгілерін дұрыс қолдану;
6) 20 көлемінде сандарды оқу және жазу;
7) 10 көлемінде сандарды оқу, жазу және салыстыру;
8) «артық», «кем», «сонша», «қосу», «арттыру», «кеміту», «плюс», «минус» терминдерін дұрыс қолдану;
9) 10 көлемінде сандарды қосу мен азайтуды орындау;
10) қосынды мен айырым бар өрнекті оқу және жазу;
11) сызғыштың көмегімен 1 см дәлдікке дейін кесіндінің ұзындығын өлшеу;
12) 1 см дәлдікке дейін кесінді салу;
13) қосындыны (қалдықты) табуға, бірнеше бірлікке арттыруға (кемітуге), белгісіз қосындыны, азайғышты, азайтқышты табуға, айырымдылық салыстыруға есептер шығару;
14) теңдікті, теңсіздікті, өрнекті (санды және әріпті), теңдеуді, біртаңбалы және екітаңбалы сандарды айыра білу;
15) бір әрпі бар өрнектің мәнін табу;
16) қосу және азайту амалдарының белгісіз компоненттерінің табу ережелері негізінде теңдеулерді шығару (түбірлерін табу) біліктігі болуы қажет.
. 2-сынып оқушысының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар
32. Пәндік нәтижелер. 2-сыныптың соңында оқушылар:
1) қосу кестесін жатқа айтуды;
2) қосудың ауыстырымдылық және терімділік қасиеттері мен көбейтудің ауыстырымдылық қасиеттерін, қосындыдан санды және саннан қосындыны азайту ережелерін;
3) жақшамен немесе жақшасыз берілген санды өрнектердегі қосу және азайту амалдарын орындау ретінің ережелерін;
4) көбейту мен бөлу компоненттерінің атауларын және олардың араларындағы байланысты;
5) шамалардың өлшем бірліктерін (1 л, 1 кг, 1 м, 1 мин, 1 с, 1 тәул), ұзындық пен уақыт бірліктерінің арасындағы қатынастарды;
6) тіктөртбұрыш пен шаршының қасиеттерін білуі қажет.
33. 2-сыныптың соңында оқушыларда:
1) 1000 көлемінде оқу, жазу және салыстыру;
2) үштаңбалы сандарды қосу мен азайтудың ауызша тәсілдерін қолдану;
3) санды өрнектерді оқу, жазу және салыстыруды, санды өрнектердің мәндерін табу;
4) екітаңбалы сандарды қосу және азайту;
5) өрнектердің мәндерін табуда қосудың терімділік пен ауыстырымдылық және көбейтудің терімділік қасиеттерін қолдану;
6) жақшамен немесе жақшасыз берілген санды өрнектердегі қосу және азайтуды орындауда амалдардың орындау ретінің ережелерін қолдану;
7) белгісіз қосылғышты, азайғышты, азайтқышты табуға бір-екі амалдарға арналған есептерді, сандардың айырымдылық салыстыруына берілген есептерді шығару;
8) есептің шешуін әртүрлі тәсілдермен (амалдар және өрнек құру мен оның мәнін табу арқылы) жазу;
9) торкөз қағазда тіктөртбұрыш пен шаршыны салу, тік, сүйір және доғал бұрыштарды салу;
10) ұзындығы 1 см дәлдікпен берілген кесіндіні салу;
11) сынық сызықтың ұзындығын табу;
12) үшбұрыштың, шаршы мен тіктөртбұрыштың периметрін табу біліктігі болуы қажет.
8. 3-сынып оқушысының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар
34. Пәндік нәтижелер. 3-сыныптың соңында оқушылар:
1) көбейту кестесін;
2) өрнектердегі арифметикалық амалдардың орындалу ретінің ережесін;
3) көбейтудің ауыстырымдылық, терімділік және үлестірімділік қасиеттерін;
4) қосынды мен көбейтіндіні санға бөлу ережелерін;
5) сандардың еселік және айырымдылық ережелерін;
6) біртаңбалы санға ауызша көбейту және бөлу тәсілдерін;
7) тіктөртбұрыштың (шаршының) ауданы мен периметрін есептеу ережелерін, текшенің көлемін;
8) шамалар бірліктерінің белгілеулерін: 1 мм, 1 км, 1 мм2, 1 см2, 1 дм2, 1 м2,1 см3, 1 дм3, 1 г, 1 ц, 1 а, 1 км/сағ, 1 м/мин, 1 см/с және т.б., ұзындық, масса, уақыт, аудан бірліктері арасындағы байланыстарды;
9) шамалар арасындағы тәуелділіктерді (баға, саны, құны; бір заттың массасы, заттардың саны, жалпы масса, бір затқа жіберілген шығын, заттардың саны (мөлшері), жалпы шығын) білуі қажет.
35. 3-сыныптың соңында оқушыларда:
1) өрнектердің мәндерін табу кезінде 2-3 амалдан тұратын жақшамен және жақшасыз берілген арифметикалық амалдарды орындау ретінің ережелерін қолдану;
2) үштаңбалы сандарды жазбаша қосу және азайтуды, үштаңбалы санды біртаңбалы санға жазбаша қосу және азайтуды орындау;
3) санның бөлігін (үлесін) және бөлігі (үлесі) бойынша санды табу;
4) бір-үш амалға берілген есептерді, оның ішінде шамалар (баға, саны, құны, бір заттың массасы, заттардың саны, жалпы масса, бір затқа жіберілген шығын, заттардың саны (мөлшері), жалпы шығын) арасындағы тәуелділікке берілген есептерді шығару;
5) сандарды еселік және айырымдылық салыстыру (бір санның екінші саннан қанша есе артық, қаншаға артық болатынын табу) ережелерін қолдану;
6) арифметикалық амалдардың белгісіз компоненттерін табу ережелері негізінде теңдеулерді шығару;
7) тіктөртбұрыштың (шаршының) ауданы мен периметрін есептеуді орындау;
8) текшенің көлемін және бірнеше текшеден тұратын фигураның көлемін есептеуді орындау;
9) екі әрпі бар өрнектің мәнін табу;
10) геометриялық фигураларды латын әріптерімен белгілеу және ол әріптерді дұрыс оқу біліктігі болуы қажет.
9. 4-сынып оқушысының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар
36. Пәндік нәтижелер. 4-сыныптың соңында оқушылар:
1) мәтінді есептің құрылымын;
2) өрнектердегі арифметикалық амалдарды орындау ретінің ережелерін;
3) арифметикалық амалдар компоненттерінің аталары;
4) қосу мен көбейтудің ауыстырымдылық және терімділік қасиеттерін, қосу мен азайтуға байланысты көбейтудің үлестірімділік қасиетін;
5) сандарды еселік және айырымдылық салыстыру ережелерін;
6) арифметикалық амалдар белгісіз компоненттерін табу ережелерін;
7) шамалардың бірліктерінің белгілеулерін: 1 сағ, 1 см, 1 дм, 1 тг, 1 л, 1 кг, 1 м, 1 мин, 1 с, 1 тәул, 1 мм, 1 км, 1 мм2, 1 см2, 1 дм2, 1 м2, 1 мм3,1 см3,1 дм3, 1 м3, 1 г, 1 ц, 1 а, 1 км/сағ, 1 м/мин, 1 см/с және т.б.;
8) ұзындық, масса, уақыт, көлем бірліктерінің арасындағы байланыстарды;
9) тіктөртбұрыштың (шаршының) ауданы мен периметрін есептеу ережелерін, тіктөртбұрышты параллепипедтің (текшенің) көлемін;
10) шамалар (жылдамдық, арақашықтық (жүрілген жолдың ұзындығы), уақыт, өнімділік, жұмысқа жіберілген уақыт, атқарылған жұмыс; егіннің түсімділігі, ауданы және массасы) арасындағы тәуелділіктерді білуі қажет.
37. 4-сыныптың соңында оқушыларда:
1) оқулықпен жұмыс жасау, оқулықта берілген суреттер мен сызбалардың, жаттығулар мен талаптардың мағынасын түсіне білу;
2) жаттығулардың орындалуының, есептермен теңдеулердің шығарылуының дұрыстығын тексеру;
3) математикалық белгілерді дұрыс қолдану;
4) талдау, салыстыру, жалпылауды қолдану;
5) миллион деңгейінде сандарды оқу, жазу және салыстыру;
6) натурал сандармен және нөл санымен арифметикалық амалдарды орындау, санның квадраты мен кубын есептеу;
7) калькулятордың көмегімен есептеу;
8) мәтінді есептерді шығару, оның ішінде арифметикалық тәсілмен (амалдап немесе өрнекті құру және оның мәнін табу арқылы шығару) және теңдеулер арқылы шығарылатын қозғалысқа, бірігіп атқарылатын жұмысқа, шамалар арасындағы тәуелділіктерге берілген есептерді шығару;
9) теңдеу мен теңсіздікті, өрнек пен теңдеуді ажырату;
10) өрнектің мәнін табуда ауыстырымдылық, терімділік және үлестірімділік қасиеттерін қолдану;
11) сандарды еселік және айырымдылық салыстыру (бір санның екінші саннан қанша есе артық, қаншаға артық болатынын табу) ережелерін қолдану;
12) өрнектің мәнін табуда арифметикалық амалдардың орындау ретінің ережелерін қолдану;
13) арифметикалық амалдар белгісіз компоненттерін табу ережелері негізінде, таңдау тәсілімен, тура санды теңдіктердің қасиеттерін қолдану арқылы теңдеулерді шығару;
14) кесінді салу, кесінділер мен сынық сызықтарының ұзындықтарын өлшеу және салыстыру;
15) торкөз қағазға тіктөртбұрышты (шаршыны) салу;
16) циркуль және сызғыштың көмегімен кесіндіні қақ бөлу;
17) шеңберді дөңгелектен ажырату, бұрыштарды (тік, сүйір, доғал, жазыңқы) атау;
18) геометриялық фигураларды латын әріптерімен белгілеу және ол әріптерді дұрыс оқу біліктігі болуы қажет.
1,3,4-сыныптарға арналған оқулықтардың өңделмеуі, 2013 жылғы пән бағдарламасы мазмұнындағы жаңа өзгерістерге орай, 1 - сыныпта 6 сағаттық мөлшермен жаңа «10-нан 20-ға дейінгі сандар» тақырыбы енгізілген. Сонымен қоса 1-сыныптың соңында 2-сыныпта оқытылатын «100-ге дейінгі сандар» тақырыбын оқытуға дайындық жұмысы жүргізіледі.
2-сынып пәнінің мазмұны 1-сынып бағдарламасы мен оқулық мазмұнына бейімделе жазылған. 2-сыныптың басындағы «Қайталау» тарауы 1-сыныпта алған білімді жетілдіру мен жүйелеуді мақсаттайды.
2 сынып оқушыларына «Көбейту мен бөлу амалдары» тақырыбын игертуге 20 сағат бөлінген. Бөлінген сағат көлемі оқушылардың тақырыпты толық игеруіне септігін тигізеді.
3-сынып оқушыларына «Біртаңбалы сандарды көбейту және бөлудің сәйкес жағдайлары», «1000-ға дейінгі жазбаша қосу мен азайту», «Шамалар арасындағы тәуелділік», «100-ге дейінгі көбейту мен бөлудің жазбаша тәсілдері», «Шамалардың бірліктері: ұзындық, масса, аудан, көлем», «1000-ға дейінгі көбейту мен бөлудің жазбаша тәсілдері» тақырыптары меңгертіледі.
3-сынып оқушылары көбейту мен бөлу кестесін жатқа білулері қажет.
4-сыныптағы пән мазмұнында айтарлықтай өзгеріс жоқ.
Бақылау нысандары тест тапсырмалары, бақылау, өздік жұмыстар, ауызша сұрақ-жауап, әңгімелесу түрінде өткізу ұсынылады.
1-4 - сыныптардағы «Математика» пәнінен ағымдық бақылау нысандары жазбаша, ауызша түрде ұйымдастырылады. Ағымдық бақылау жұмыстары аптасына 1 реттен артық өткізілмейді.
Тақырыптық бақылау жұмыстарын жазбаша түрде ұйымдастыру ұсынылады.
Математика пәнінен ұйымдастырылатын қорытынды бақылау бақылау жұмыстары мен кешенді тестік тапсырмалар арқылы ұйымдастыруға болады.
1-4 – сыныптарға арналған «Математика» пәнінен бақылау жұмыстарының тоқсандар бойынша саны (2-кесте) ұсынылады:
2-кесте – 1-4 сыныптарға арналған математика пәнінен бақылау жұмыстары
1 - сынып
|
|
1 тоқсан
|
2 тоқсан
|
3 тоқсан
|
4 тоқсан
|
Бақылау жұмысы
|
2
|
2
|
3
|
3
|
Өздік жұмысы
|
2
|
2
|
3
|
3
|
Барлығы:
|
4
|
4
|
6
|
6
|
2 - сынып
|
|
1 тоқсан
|
2 тоқсан
|
3 тоқсан
|
4 тоқсан
|
Бақылау жұмысы
|
2
|
2
|
3
|
3
|
Өздік жұмысы
|
2
|
2
|
3
|
3
|
Барлығы:
|
4
|
4
|
6
|
6
|
3 - сынып
|
|
1 тоқсан
|
2 тоқсан
|
3 тоқсан
|
4 тоқсан
|
Бақылау жұмысы
|
2
|
2
|
3
|
3
|
Өздік жұмысы
|
2
|
2
|
3
|
3
|
Барлығы:
|
4
|
4
|
6
|
6
|
4 - сынып
|
|
1 тоқсан
|
2 тоқсан
|
3 тоқсан
|
4 тоқсан
|
Бақылау жұмысы
|
3
|
2
|
3
|
4
|
Өздік жұмысы
|
2
|
2
|
3
|
3
|
Тестік тапсырмалар
|
-
|
1
|
-
|
1
|
Барлығы:
|
5
|
5
|
6
|
8
|
Математика пәні бойынша оқушылардың білімін бағалау критерийлері:
1. Математика пәнінен оқушылардың ауызша жауаптарын бағалау:
«5» - а) барлық сұрақтарға толық жауап береді, математикалық ұғымдарды
өздігінен қолдана алады;
б) математикалық ұғымдарды қолдана отырып, өздігінен есептер
шығара алады;
в) сызғыштың көмегімен кесіндінің ұзындығын өлшей алады;
г)геометриялық фигураларды, олардың элементтерін дұрыс атай
алады, белгілейді, периметрін ауданы есептей алады т.с.
«4» - а) толық жауап бермейді, бірақ дұрыс жауапты айтады;
б) есептеуде 1- қате жібереді;
в) өз қатесін өзі тауып, түзетсе.
«3» - а) тапсырманы орындауда 2-3-4 қателер жібереді, бірақ
математикалық ұғымдарды түсінеді;
б) есеп шығаруда мұғалімнің көмегімен жауапты түзетеді;
«2» - бағдарлама бойынша тапсырмаларды орындай алмайды.
2. Математика пәні бойынша оқушылардың жазба жұмыстарын (бақылау, өзіндік жұмыстарын) бағалау критерийлері:
«5» - барлық құрастырылған тапсырмаларды дұрыс орындалған;
«4» - егерде құрастырылған тапсырмаларда 1-2 өрескел қателер немесе 3
өрескел емес қателер жіберілсе;
«3» - 5 –ке дейін өрескел қателер немесе 6 өрескел емес қателер болса;
«2» - 5-тен астам өрескел қате немесе 7-8 өрескел емес қателер жіберілсе.
Бақылау жұмыстарының көлемі 1 сыныпта -35 минут, 2-3-4 сыныптарда – 45 минут және осы берілген уақытта оқушылар тапсырмаларды орындауды, тексеруді үлгеру тиіс.
Бақылау жұмыстарын ұйымдастыруда мынаны ескерген жөн:
бақылау жұмыстарына дайындықты барлық тақырыпты меңгеру кезеңінде жүргізу;
болатын бақылау жөнінде балаларға ескерту жасау;
тексеру жұмыстарын сабақтар барысында 10-15 минуттан өткізу;
оқушы бақылау жұмысын таза орындамаса немесе грамматикалық қателер жіберсе бағалауда бағаны төмендетуге болмайды.
Математикалық диктантты бағалау критерийлері:
(құрамында 8-10 есептер)
«5» - барлық тапсырмалар дұрыс орындалғанда;
«4» - тапсырмалардың 1/5 бөлігі орындалмаса;
«3» - тапсырмалардың 1/4 бөлігі орындалмаса;
«2» - тапсырмалардың 1/2 бөлігі орындалмаса.
Өзіндік жұмысы тек екі есептен тұрған жағдайда бағалау:
«5» - екі сөз есеп дұрыс шығарылса;
«4» - екі есеп шығаруда 1 қате болса;
«3» - екі есеп шығаруда 2-3 қате жіберілсе;
«2» - екі есеп дұрыс шығарылмаса.
Өзіндік жұмысы үш есептен тұрған жағдайда бағалау (4 сынып):
«5» - үш есеп дұрыс шығарылса;
«4» - үшеуден екі есеп дұрыс шығарылса;
«3» - үш есептен қателер жіберілсе, бірақта жауаптары дұрыс болса;
«2» - түгел есептер дұрыс шығарылмаса немесе бір есеп ғана дұрыс шығарылып, екуі дұрыс балмаса.
Математикадан жазба жұмыстарын бағалауда өрескел қате болып
есептеледі:
амалдарды орындауда есептеу дұрыс жасалмаса;
есепті дұрыс шығармаса;
қарапайым теңдеулер дұрыс шешілмесе;
амал компоненттері, жақшамен, жақшасыз амалдарды орындау тәртібі бұзылса;
Математикадан жазба жұмыстарын бағалауда өрескел қате болып
есептелмейді:
есептеуде рационалды емес әдістерін қолданса;
тапсырмаларды орындауда грамматикалық қателер болса;
есептеуде сандық немесе амал белгілерін дұрыс көшірмесе, бірақта есептерінің жауаптары дұрыс болса.
Тестік тапсырмаларды бағалау критерийлері:
Тест тапсырмаларын бағалауда жинаған ұпай сандары саналады.Оларды төрт баллдық шкала бойынша бағалауда мынадай кестеге сүйенеді:
100-95 % балл- «5», 94-75% - «4», 74-50 % - «3», 49 %- төмен – «2».
«Әдебиеттік оқу» пәні бойынша оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар.
«Әдебиеттік оқу» пәні 2-4 сыныптарда оқытылады. Пәнді оқытудың басты мақсаты оқушылардың әдеби сауатын ашу негізінде рухани байыту, оқушыны көркем шығарманың мазмұнын түсінуге жетелеу, оқу дағдыларын және оқырмандық біліктілігін арттыру, әдеби-эстетикалық талғамын жетілдіре отырып, ізгілікті-елжанды дара тұлға тәрбиелеу.
2-сынып оқушысының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар
35. Пәндік нәтиже бойынша 2-сыныптың соңында оқушылар білуі қажет:
1) мәтінді саналы оқуды;
2) шығармаларды өздігінен дауыстап, іштей оқуды;
3) мәтінді рөлдерге бөліп, мәнерлеп оқуды;
4) мәтіндегі негізгі ойдың басталуын, жалғасуы мен аяқталуын табуды;
5) көлемі 150–200 сөзден тұратын мәтін мазмұнын толық, қысқаша және жоспар бойынша таңдау мен әңгімелеуді;
6) мәтіннің азат жолдарынан басталатын бөліктеріндегі ойды анықтау және оған атауы қоюды;
7) мәтіннің мамұнына қатысты тірек сөздерді табуды;
8) тыңдаған мәтіндері бойынша сұрақтарға жауап беруді;
9) ертегілерді түрлеріне қарай топтауды;
10) халық ауыз әдебиетінің шағын жанрларын (жұмбақ, жаңылтпаш, қаламақ, сұрамақ, санамақ) ажыратуды;
11) өлеңнің басты ерекшеліктерін (ұйқасқа құралады, шумақтан тұрады және т.б.);
12) өлеңді мысалдан, әңгімеден ажыратуды;
13) оқулықпен жұмыс атқаруды (мәтін, сұрақ–тапсырмалар берілген беттерді көрсету және т.б.);
14) шығарманың авторы мен тақырыбын атауды.
36. 2-сыныптың соңында оқушылар меңгеруі қажет:
1) сурет бойынша диалог құруды;
2) тыңдаған ән-күйлерінің мәтінмен байланысын анықтауды;
3) ғылыми-танымдық мәтіндерден өзіне қажетті мәліметті табуды және оны берілген үлгіге (кестеге, сызбаға, т.б.) сай өңдеу мен жүйелеуді;
4) сызба бойынша өлең құрастыруды;
5) өзі байқаған және көрген іс-әрекеттер мен оқиғалар бойынша шығарма–суреттемелер жазуды;
6) мәтін кейіпкерлеріне, туысқандары мен достарына хатпен құттықтау жазуды;
7) халық ауыз әдебиет үлгілерін және 2-3 өтірік өлеңді, 10-15 мақал-мәтел мен жұмбақ, жаңылтпашты жатқа айтуды;
8) 2-3 өлеңді жатқа айтуды;
9) мазмұндама мен шығарма жазуды (25-30 сөзден тұратын);
10) 2-сыныптың бірінші жарты жылдығында минутына сөздер мен тыныс белгілерін қоса есептегенде 40-45 сөз оқуды; екінші жарты жылдықта – 50-55 сөз оқуды.
6. 3-сынып оқушысының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар
37. Пәндік нәтиже бойынша 3-сыныптың соңында оқушылар білуі қажет:
1) шығармаларды өздігінен дауыстап, іштей, шапшаң, мәнерлеп және сөз екпінін дұрыс қойып оқуды;
2) нұсқауға сәйкес мәтінді теріп оқуды;
3) мысалдағы үгіт–насихат, өсиет сөз айтылған жолдарды тауып оқуды;
4) көлемі қысқа мәтіндердегі оқиға мен іс-әрекетке өз көзқарасын білдіре әңгімелеуді;
5) көлемі 200–250 сөзден тұратын мәтін мазмұнын толық, қысқаша және жоспар бойынша таңдау және әңгімелеуді;
6) мәтінге түрліше жоспар құруды;
7) мәтін мазмұнын өз сөзімен, толық әңгімелеуді;
8) мәтінді бөліктерге бөліп, ат қоюды және оны дәлелдеуді;
9) оқиға желісін ажыратуды, оқиғаға өзінің көзқарасы мен пікірін білдіруді;
10) шығармадағы негізгі ойды табуды;
11) шығарма кейіпкерлеріне сипаттама, олардың іс-әрекеттеріне баға беруді;
12) мәтін авторын немесе авторы арқылы шығарманы атауды.
38. Оқушылар меңгеруі қажет:
1) ауыз әдебиеті үлгілерін жазба әдебиеттен ажырата алуды;
2) сызба бойынша өлең құрастыруды;
3) өзі байқаған, көрген іс-әрекет, оқиғалар бойынша шығарма – суреттемелер жазуды;
4) мәтін кейіпкерлеріне, туысқандарына, достарына хат, құттықтау жазуды;
5) халық ауыз әдебиет үлгілерін және 3-4 өтірік өлеңді, 4–5 өлеңді жатқа айтуды; 15-20 мақал-мәтел мен жұмбақ, жаңылтпашты жатқа айтуды;
6) мазмұндама мен шығарма жазуды (30-35 сөзден тұратын);
7) 3-сыныптың бірінші жарты жылдығында минутына сөздер мен тыныс белгілерін қоса есептегенде 55-60 сөз оқуды; екінші жарты жылдықта – 60-65 сөз оқуды меңгеруі қажет.
7. 4-сынып оқушысының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар
39. Пәндік нәтиже бойынша 4-сыныптың соңында оқушылар білуі қажет:
1) тегі, жанры әр түрлі шығармаларды оларда бейнеленген оқиғалар мен кейіпкерлердің іс-әрекетіне өзіндік қарым-қатынасын білдіре отырып, мәнерлеп оқуды;
2) мәнерлеп оқу құралдарын (ой екпінін, дауыс ырғағын, дауыс күшін, кідірісін, қарқынын) дұрыс қоюды;
3) қара сөз бен өлеңнің ұқсастығын (екеуінің де бір ойға құрылғандығы, тақырып пен идеяның бірлігі, оқушының ой-сезіміне көркем сурет арқылы әсер етуі);
4) өлеңнің қара сөзден айырмашылығын, яғни оның құрылымының өзіне тән ерекшеліктерін (ұйқасқа құрылуы, шумақтардан, тармақтардан, бунақтардан, мөлшерлі ырғақтан тұратыны);
5) көлемі 300 – 350 сөзден тұратын мәтін мазмұнын толық, қысқаша және жоспар бойынша таңдап, әңгімелеуді;
6) басқа шығармалардан мысалдардың өзіндік (жағымсыз жәйт, кемшілік, ұнамсыз мінез-құлықты ашық, тура сынамай астарлап, яғни аллегориялап сынауы, белгілі бір үгіт, тәлім-тәрбие айтылатын кіріспе немесе қорытынды шумақ болатыны, монологты–диалогты құрылымы дауысты құбылтып оқуға міндеттейтіні) ерекшеліктерін;
7) шығармадағы негізгі ойды анықтап, оның басталуы, жалғасуы, шарықтау шегі, аяқталуына байланысты өздігінен жоспар құруды;
8) мәтінді оқиға желісіне қарай шегін ажыратып, ат қоюды;
9) мәтіннің мазмұнына қатысты тірек сөздерді табуды;
10) мәтіндегі таныс емес сөздердің мағынасын түсіндірмелі сөздіктерді қолдана отырып түсіндіруді;
11) мәтіндегі көркем сөздерді тауып, олардың шығармадағы рөлін, мәнін түсіндіруді;
12) әр түрлі жанрлы шығармалардағы көркем сөздерді салыстыруды.
40. Оқушылар меңгеруі қажет:
1) шығармадағы оқиғаға өз көзқарасын білдіруді;
2) мәтінді талқылау кезінде автор сөзін дәлел ретінде келтіре алуды;
3) портреті арқылы және шығармалардағы іс-әрекетіне сәйкес кейіпкерлерге мінездеме беруді;
4) ғылыми-танымдық және публистикалық мәтіндерден өзіне қажетті мәліметті табуды және оны берілген үлгіге (кестеге, сызбаға т.б.) сай өңдеп, жүйелеуді;
5) көркем шығармада суреттелген оқиға, кейіпкерлер іс-әрекеті мен қарым қатынасының нақты өмірмен байланысын көрсетуді;
6) мәтін туралы ауызша және жазбаша пікір білдіруді;
7) әдеби кейіпкерге, туысқандарына, достарына хат, құттықтау жазуды;
8) көркем шығармадан алған әсерін жазбаша түрде (8-10 сөйлем) орындауды;
9) ауызша, жазбаша сөйлеуде мақал-мәтелдерді орынды қолдануды;
10) сөйлегенде, жазғанда көркем сөз, шешендік сөз үлгілерін қолдануды;
11) тақырыбы бір-біріне үндес шығармалардың кейіпкерлерін, оқиғаларын салыстыруды;
12) көркем шығармада суреттелген оқиға, кейіпкерлер іс-әрекеті мен қарым-қатынасының нақты өмірмен байланысын көрсетуді;
13) мазмұндама мен шығарма жазуды (40-45 сөзден тұратын);
14) 4-сыныптың бірінші жарты жылдығында минутына сөздер мен тыныс белгілерін қоса есептегенде 65-70 сөз оқуды, екінші жарты жылдықта – 70-80 сөз оқуды.
41. Тұлғалық нәтижелер оқушылардың:
1) Қазақстан Республикасының әнұранын жатқа білуінен;
2) Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын, рәміздерін құрметтеуінен;
3) ел ішінен шыққан құрметті азаматтардың, халыққа танылған билер мен батырлардың өмірі мен даналық сөздерін білуде, жатқа айтуда, жазба жұмыстарында, олардың өмірінен үлгі алуынан;
4) қазақ және әлем классиктерінің шығармалары арқылы тарихи тұлғаларға құрметпен қарауда, өз туған жері, қоршаған ортаны сақтауға үйренуінен;
5) мәтін кейіпкерлеріне деген өз көзқарасын білдіруден;
6) адамдар арасындағы қарым-қатынас мәдениеттілігі мен этикалық нормаларды сақтауынан көрінеді.
42. Жүйелі-әрекеттік нәтижелер оқушылардың:
1) бағдарлама көлемінде мәтінді мәнерлеп, дауыс ырғағын келтіріп оқу дағдысынан;
2) мәтінмен жұмыс істеу (сұрақтарға жауап беру, суретпен жұмыс, шығарманың негізгі ойын түсіну, талдау, жоспар құру және т.б.) білігінен;
3) мәтін, сурет бойынша қысқаша әңгіме құрастыру білігінен;
4) көркем шығармаларды меңгеру, пайымдау, қарапайым талдау жасауынан;
5) шығарма авторлары туралы мәліметтер жинақтау білігінен;
6) шығармашылықпен мазмұндау, басты кейіпкерлерге сипаттама беру, әңгіме құрастыру білігінен;
7) ана тілінде ауызша және жазбаша дұрыс сөйлеу білуінен;
8) танымдық, шығармашылық жобаларды орындауынан көрінеді.
Оқу біліктілігіне негізгі мінездемелер:
1. Түсініп оқу:
- түсініп оқу дегеніміз – оқыған мәтіннің мазмұнын түсіну;
- мәтіндегі тура және тура емес мағынада берілген сөздердің мағынасын түсіну;
- мәтіннің ішіндегі сөздер байланысын түсіну;
- мәтіннің жеке бөлімдерінің пәндік жоспар мазмұнын түсіне білу (абзатц, бөлімдері, эпизодтары);
- мәтіннің мазмұнын тереңдеу түсіне білу (жазушы бұл шығарма арқылы нені, қандай ойды білдіргісі келді).
2. Оқудың жылдамдығы:
- оқу техникасының нақты компоненті- оқу тәсілі. Оқудың буындап оқу, тұтас сөздерді оқу, бірнеше сөздерді қатар оқу түрлері бар. Оқушыны буындап оқудан жылдам тұтас сөздерді оқуға үйрету керек және оқуда сөздерді оқу жылдамдығын күшейтуге тырысу керек.
3. Мәнерлеп оқу: мәнерлеп оқуда оқушы екпінге интонацияға көңіл аударып, кейіпкердің, автордың сөздерін дұрыс мәнерлеп оқып беруі тиіс.
Бастауыш сыныптарда жылдам оқудың критерийлері:
Міндетті деңгей
|
Сыныптар
|
I жартыжылдық
|
II жартыжылдық
|
1
|
20-25 сөз (бір және бірнеше әріптен тұратын)
|
30-35 сөз
|
2
|
40-45 сөз
|
50-55 сөз
|
3
|
55-60 сөз
|
60-65 сөз
|
4
|
65-70 сөз
|
70-80 сөз
|
Мүмкіндік деңгей
|
Сыныптар
|
I жартыжылдық
|
II жартыжылдық
|
1
|
30-35 сөз
|
40-50 сөз
|
2
|
55-60 сөз
|
65-70 сөз
|
3
|
75-80 сөз
|
85-90 сөз
|
4
|
95-105 сөз
|
110-120 сөз
|
Мұғалім тексеру барысында мынаға көңіл бөлген жөн:
1.Оқушылардың тексті оқуда жылдамдығын тексеруде барлық оқыған сөздер, бір әріптен тұратын сөздер де есептеледі.
2. Оқушылардың тексті оқуда дұрыс оқуын тексеруде мыналар қате деп есептеледі:
- егерде әріпті ауыстырып оқыса;
- оқуда әріпті тастап кету;
- оқығанда өздігінен әріп қосса;
- оқығанда әріптерді, буындарды, сөздерді қайталай берсе;
- оқығанда сөздегі екпінді дұрыс қоймаса; интонацияға көңіл бөлмесе.
- мәнерлеп оқуға көңіл бөліну керек.
«Әдебиеттік оқуды» бағалау критерийлері:
Тоқсанның аяғында оқушылардың оқу біліктілігі мынадай критерийлер бойынша бағаланады: түсініп оқу, жылдам оқу, дұрыс оқу, мәнерлеп оқу.
«5» - егерде осы аталған төрт критерийлер орындалса;
«4»- егерде аталған критерийлердің біреуі орындалмаса;
«3»- егерде аталған критерийлерден екуі орындалмаса;
«2» - егерде аталған критерийлерден үшеуі орындалмаса.
Өлеңді жатқа айтуды бағалау критерийлері:
«5» - мәнерлеп жатқа айтып берсе;
«4» - жатқа айтуда өз қателерін өзі түзетіп жатқа айтса;
«3» - мәнерлеп оқымаса, өлеңді жатқа оқығанда қателер жіберсе;
«2»- жалпы өлеңді жатқа білмесе немесе толық жатқа айталмаса.
Өлеңді мәнерлеп оқуды бағалау критерийлері:
Өлеңді мәнерлеп оқуда мына талаптарға ұстаным жасау керек:
Логикалық екпінді дұрыс қою;
Пауза қоя білу;
Дұрыс жылдам оқуды сақтау;
Интонацияға көңіл бөлу;
Қатесіз оқу.
«5» - аталған барлық талаптар сақталса;
«4» - аталған талаптардың 1-2- і орындалмаса;
«3» - аталған үш талап бойынша қате жіберілсе;
«2» - аталған талаптардан -3-4, немесе одан да көп жіберілсе.
Мәтінді рөлге бөліп оқуды бағалау критерийлері:
Мәтінді рөлге бөліп оқығанда мынадай талаптар қойылады:
- уақытында өз сөздерін оқи білу;
- дұрыс интонация қоя білу;
- қатесіз оқу;
- мәнерлеп оқу.
«5» - барлық аталған талаптар орындалса;
«4» - аталған талаптардан бір қате жіберілсе;
«3» - аталған талаптардан екі қате жіберілсе;
«2» - аталған талаптардан үш және одан да көп қате жіберілсе.
Мазмұндауды бағалау критерийлері:
«5» - оқыған мәтіннің мазмұнын толық айтып берсе, сұрақтарға жауабын мәтіннен таба алса, мәтіндегі ең негізгі ойды айтып берсе;
«4» - мазмұндауда 1-2 қате жіберсе, бірақ өз қатесін түсініп өзі түзетсе;
«3»- мұғалімнің көмегімен мәтін мазмұны бойынша сұрақ қойып мазмұнын айтса; өз бетімен мазмұнын айтып бере алмаса, бірақ мазмұнын түсінсе;
«2» - жалпы оқыған мәтінді түсініп мазмұнын айта алмаса.
«Дүниетану» пәні бойынша оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар:
«Дүниетану» оқу пәнінің мазмұны оқушылардың айнала қоршаған ортадағы нысандар мен құбылыстарды зерделеуге бағытталған танымдық іс-әрекет әдіс- тәсілдерін біртіндеп меңгеруін қарастырады. Дүниетану білімі жаратылыстану ғылымдары анықтап берген заттардың белгілері мен қасиеттері, құбылыстар мен процестер, олардың өзара байланысынан тұрады. Оқушылар адам, табиғат, қоғам және олардың өзара байланысы мен өзара тәуелділігі жайлы берік білім алу мақсатында, алдымен адамның физиологиялық дамуы элементтерін, жануарлар мен өсімдіктердің биологиялық белгілерін, адам мен қоғамның жалпы дамуын зерделейді.
1-сынып оқушысының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар
20. Пәндік нәтиже бойынша 1-сыныптың соңында оқушылар:
1) табиғаттағы жанды және жансыз денелер;
2) күн мен түннің айырмашылығы;
3) адам қолымен жасалған заттар;
4) табиғи құбылыстар;
5) адамның сезім мүшелері және оны күту;
6) өсімдік мүшелері;
7) жыл мезгілдеріне байланысты жануарлар мен құстардың тіршілік етуі;
8) жыл мезгілдеріне байланысты адам еңбегі;
9) жыл мезгілдерінің атауын, оның адам, жануарлар және өсімдіктер тіршілігіндегі маңыздылығы;
10) өсімдіктер мен жануарлардың адам өмірі үшін маңызы;
11) жеке бас гигиена ережелерін;
12) қауіпсіздік ережелерін білуі қажет.
21. 1-сыныптың соңында оқушылар:
1) табиғатты қорғаудың қарапайым ережелерін;
2) айналадағы дүниені бақылау әдістерін;
3) тұстарды бағдарлау және оның атауын меңгеруі қажет.
7. 2-сынып оқушысының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар
22. Пәндік нәтиже бойынша 2-сыныптың соңында оқушылар:
1) адамның айналадағы дүниемен қарым-қатынаcы;
2) ауа, су, топырақтың маңызы мен қасиеттері;
3) өсімдіктің көбеюі үшін қажетті жағдайлар;
4) өсімдіктің тіршілік ортасы;
5) үй жануарлары және жабайы жануарлар;
6) жануарлар мен құстардың қоректенуі;
7) өсімдіктер мен жануарлар арасындағы байланыс;
8) жануарлар мен құстардың тіршілігіне қажетті жағдайлар;
9) өсімдіктер мен жануарлардың адам өміріндегі маңызы;
10) сурет пен сұлбаның айырмашылығын білуі қажет.
23. 2-сыныптың соңында оқушылар:
1) тұсбағарды пайдалану ережесін;
2) үй жануарларына қамқорлық жасау жолдарын;
3) зертханалық және тәжірибелік жұмыстардағы қауіпсіздік ережесін меңгеруі қажет.
8. 3-сынып оқушысының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар
24. Пәндік нәтиже бойынша 3-сыныптың соңында оқушылар:
1) адамның ағза мүшелері, олардың маңызы;
2) қимыл-қозғалыс мүшелері;
3) көз, құлақ, мұрын, тіл, терінің маңызы мен қызметі;
4) денсаулыққа пайдалы қызмет, зиянды әдеттер;
5) табиғи және жасанды денелер;
6) табиғат құбылыстары;
7) ауаның жер бетіндегі тіршілік үшін маңызы;
8) су, ауа, пайдалы қазбалар, өсімдіктер мен жануарларды қорғаудағы адамның әрекеті;
9) тау жыныстары;
10) судың қасиеті, бұлт, тұман, жауын-шашынның пайда болуы;
11) пайдалы қазбалар, оның адам өміріндегі маңызы;
12) өсімдіктердің тіршілік ету ортасы, оның адам өмірі мен жануарлар тіршілігіндегі маңыздылығы;
13) жануарлардың тіршілік ету ортасы және олардың қоректенуі;
14) жануарлардың топқа бөлінуі;
15) денелер мен заттардың өзара айырмашылығын білуі қажет.
25. 3-сыныптың соңында оқушылар:
1) денелер мен заттардың қасиеттерін анықтайтын тәжірибелер жасауды;
2) секундомер, спидометр және термометрді, таразыны қолдануды;
3) салауатты өмір салтын сақтауды;
4) пайдалы қазбалар (бағдарлама көлемінде) топтамасын ажыратуды;
5) «Қызыл кітапқа» енген жануарлар мен өсімдіктерді қорғау жолдарын меңгеруі қажет.
9. 4-сынып оқушысының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар
26. Пәндік нәтиже бойынша 4-сыныптың соңында оқушылар:
1) пайдалы қазбалар, оның адам өмірі үшін маңызы;
2) су айналымы, суды қорғау жолдары;
3) адамның ауаны тазарту мен қорғау үшін жасап жатқан істері;
4) «Қызыл кітапқа» енген өсімдіктер мен жануарлар (бағдарлама көлемінде);
5) ауаның құрамы, қабығы, оның адам, жануарлар мен өсімдіктер өміріндегі рөлін;
6) туған жердің егіншілігі мен мал шаруашылығы, даму жағдайлары;
7) өсімдіктер мен жануарлардың тіршілік ететін мекендері, адам еңбегінің әсері, қорғау жолдары;
8) ғарыш туралы алғашқы мағлұматты пен қазақ халқының алғашқы ғарышкерлері;
9) ауа, су және топырақты тазарту және қорғаудың қарапайым жолдарын білуі қажет.
27. 4-сыныптың соңында оқушылар:
1) Қазақстаның жер бедерін (өзен, көл, тау, орман-тоғай), пайдалы қазбалардың кен орындарын физикалық картадан көрсетуді;
2) географиялық картадан Қазақстанның шекарасын анықтауды;
3) қоғамдық орындарда өзін-өзі ұстау ережесін пайдалануды меңгеруі қажет.
28. Тұлғалық нәтижелер оқушылардың:
1) қоршаған ортаны сақтауға және оны қорғауға, оған қамқорлық жасауға ұмтылысынан;
2) адамдардың еңбегі және олардың мамандығына құрметпен қарауынан;
3) өз-өзіне қызмет етуінен, өз ағзасын күтуінен, салауатты өмір салтын сақтауынан;
4) өз жерінің табиғатына, оның рухани және материалдық байлығына, сұлулығы мен көркемдігіне деген мақтаныш сезімінен, сүйіспеншілігінен көрініс табуы тиіс.
29. Жүйелі-әрекеттік нәтижелер оқушылардың:
1) қоршаған ортаны бақылау дағдысынан;
2) табиғи құбылыстарды бақылау және талдау, өзіндік қорытынды шығару білігінен;
3) табиғатты зерттеу әдістерін қолдана білу дағдысынан;
4) сарамандық жұмыстар жасау дағдысынан;
5) жергілікті жердің сұлбасын сызу және оны жобалау білігінен;
6) алған ақпаратты талдап, жинақтап, қорытынды жасау білігінен;
7) танымдық, зерттеушілік, жобалаушылық, шығармашылық тұрғыдан жұмыс істеу білігінен;
8) қосымша ақпаратты жинақтау және олардың қажеттісін іріктеп алу білігін қолдана білуінен көрініс табуы тиіс.
Дүниетану пәні бойынша оқушылардың білімін тексерудің екі түрі бар:- жазбаша, ауызша жаппай және жекелеген бақылау формалары. Жаппай бақылауда көбінесе тақырыптар бойынша жалпы , ал жекелеген бақылауда бір тақырып бойынша білімдері тексеріледі.
Тақырыптық бақылау- 1 сыныптың екінші жартыжылдығынан басталады, жылына 2-3 рет ауызша немесе жазбаша түрде (10-20 минуттық) түрде жүргізіледі.
Аралық бақылау- әр блокты («Адам», «Табиғат», «Қоғам») оқығаннан кейін жүргізіледі. Дүниетану пәнінен оқушылардың білімін тексеруде көбінесе тест тапсырмалары (ашық, жабық түрлері) жүйелі түрде қолданылады, бұл оқушыларды МАБ-ға дайындауда керек.
Тестік тапсырмаларды бағалау критерийлері:
Тест тапсырмаларын бағалауда жинаған ұпай сандары саналады.Оларды төрт баллдық шкала бойынша бағалауда мынадай кестеге сүйенеді:
- 100-95 % балл- «5», 94-75% - «4», 74-50 % - «3», 49 %- төмен – «2».
«Дүниетану» пәнінен оқушылардың білімін бағалау критерийлері:
«5» - сұрақтарға толық жауап берсе, жазба тапсырмаларын толық орындаса, тек ғанаөзіндік 1 -2 түзету болса;
«4» - жауаптарында 2-3 қате жіберсе, бірақ жауабы толық болу тиіс, жазба жұмыстарында 3-4 түзету немесе 2 қате жіберсе;
«3» - жауаптары орташа мазмұндалған, сұрақтарға толық жауаптары жазылмаған, 3-5 қателер жіберілсе;
«2» - тақырып бойынша сұрақтарға жауабын айталмаса, 6-дан астам қателер жіберсе, жазба жұмысының тапсырмаларын дұрыс орындамаса.
Достарыңызбен бөлісу: |