Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму министрінің
2015 жылғы № бұйрығына
3-қосымша
«Кемелер экипаждарының ең аз құрамы туралы куәлік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер
1. «Кемелер экипаждарының ең аз құрамы туралы куәлік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлiгi (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Министрлiктің Көлiк комитетiнiң аумақтық органдары (бұдан әрi – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға өтінішті қабылдау мыналар арқылы жүзеге асырылады:
Министрліктің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрi – ХҚО), көрсетілетін қызметті алушының таңдауы бойынша;
www.egov.kz «электронды үкімет» веб порталы (бұдан әрі – портал)
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет қорытындысын беру ХҚО арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:
1) көрсетілетін қызметті алушы ХҚО-ға құжаттар топтамасын тапсырған кезден бастап:
кемелер экипаждарының ең аз құрамы туралы куәлікті беру 5 (бес) жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады;
құжаттар топтамасын тапсыру үшін кезек күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут;
көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 20 (жиырма) минут.
2) көрсетілетін қызметті алушының порталға жүгінуі – 5 (бес) жұмыс күні.
5. Мемлекеттiк қызмет көрсету нысаны: электронды (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
6. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі:
кемелер экипаждарының ең аз құрамы туралы куәлік қағаз түрінде.
Портал арқылы жүгінген жағдайда көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» мемлекеттік қызмет нәтижесін алудың орны мен мерзімін көрсетумен хабарландыру немесе қызмет берушінің уәкілетті тұлғасымен электронды цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) қол қойылған электронды құжат нысандағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтен дәлелді бас тарту туралы жауап жолданады
7. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет ақысыз негізде көрсетіледі.
8.Жұмыс кестесі:
1) ХҚО - Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, түскі үзіліссіз, дүйсенбі – сенбі аралығында, жұмыс кестесіне сәйкес сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін.
Қабылдау және нәтижелерді беру жедел қызмет көрсетусіз, «электрондық» кезек тәртібімен жүзеге асырылады, электрондық кезекті портал арқылы брондауға болады.
2) портал – тәулік бойы (жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда).
9. Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) ХҚО-ға жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
1) кеменің атауын және кемені тіркеу портын көрсете отырып, осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 1-қосымшасына сәйкес белгіленген нысандағы өтініш;
2) жеке куәлік (тұлғаны сәйкестендіру үшін ұсынылады);
3) ішкі су көлігі саласындағы уәкілетті органмен бекітілген кемелер экипаждарының ең аз құрамына қойылатын талаптарға сәйкес экипаждың бекітілген штат кестесінің көшірмесі.
порталға:
кеменің атауын және кемені тіркеу портын көрсете отырып, орнатылған нысандағы электронды құжат негізіндегі өтініш, көрсетілетін қызметті алушының күәландырылған ЭЦҚ;
ішкі су көлігі саласындағы уәкілетті органмен бекітілген кемелер экипаждарының ең аз құрамына қойылатын талаптарға сәйкес экипаждың бекітілген штат кестесінің электронды көшірмесі.
Тұлғаны куәландыратын, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы құжаттар туралы мағлұматты қызмет беруші немесе ХҚО қызметкері «электронды үкімет» шлюзы арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттандыру жүйелерінен алады.
Қызмет беруші және (немесе) ХҚО қызметкері мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде қызмет алушыдан ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді қолдануға рұқсат алады, егер Қазақстан Республикасы заңдарымен көзделмесе.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушы салыстыру үшін құжаттардың түпнұсқаларын ұсынады.
ХҚО-ға құжаттарды тапсыру кезінде көрсетілетін қызметті алушыға мыналарды көрсете отырып, тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі:
1) өтініштің нөмірі және қабылдау күні;
2) сұрау салынған мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы;
3) қоса берілген құжаттардың атаулары және саны;
4) құжаттарды беру күні (уақыты) және орны;
5) құжаттарды ресімдеуге өтінішті қабылдаған ХҚО қызметкерінің тегі, аты және әкесінің аты.
Портал арқылы электронды сұрау салуды беру кезіңде көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» мемлекеттік қызмет нәтижесін алу мерзімін көрсетумен мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салуды қабылдау туралы мәртебе көрінеді.
Көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беруді көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері «кедергісіз» қызмет көрсету арқылы қолхат негізінде, онда көрсетілген мерзімде жеке өзі келген кезде қол қойғызып және жеке басын куәландыратын құжатты немесе сенімхатты (көрсетілетін қызметті алушының өкілі ұсынады) ұсыну бойынша жүзеге асырады.
10. Көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, ХҚО-ның қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 2-қосымшасына сәйкес құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының, ХҚО-ның және (немесе) олардың қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
11. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 14-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызмет берушінің басшысы атына не мынадай мекенжай бойынша: 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы 32/1, электрондық почта мекенжайы: mid@mid.gov.kz, (8-7172) 24-13-12 телефоны арқылы Министрлік басшысының атына не Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің блогына (www.mid.gov.kz мекенжайы бойынша Министрлік интернет-ресурсының «Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің блогы» бетіне) беріледі.
Шағым жазбаша нысанда пошта арқылы не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесі арқылы жұмыс күндері қолма-қол қабылданады.
Шағымның қабылданғанын растау шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөнін, берілген шағымға жауапты алу мерзімі мен орнын көрсете отырып, көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі және күні) болып табылады. Тіркелгеннен кейін шағым көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің басшысына жауапты орындаушыны анықтау және тиісті шаралар қабылдау үшін жіберіледі.
ХҚО-ның және (немесе) оның қызметкерлерінің мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым ХҚО басшысының атына ХҚО-ның www.con.gov.kz интернет ресурсында көрсетілген мекенжайлар мен телефондары бойынша жіберіледі.
Қолма-қол, сондай-ақ поштамен түскен шағымдардың ХҚО кеңсесінде қабылданғанын растау оны (мөртабан, кіріс нөмірі және тіркелген күні шағымның екінші данасына немесе шағымға ілеспе хатқа қойылады) тіркеу болып табылады. Тіркелгеннен кейін шағым ХҚО басшысына жауапты орындаушыны айқындану және тиісті шаралар қабылдау үшін жіберіледі.
Көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің немесе ХҚО-ның атына түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оның тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады.
Шағымда:
1) жеке тұлғаның – тегі, аты, сондай-ақ қалауы бойынша әкесінің аты, пошталық мекенжайы көрсетіледі;
2) заңды тұлғаның – атауы, пошталық мекенжайы, шығыс нөмірі мен күні көрсетіледі.
Шағымға көрсетілетін қызметті алушы қол қоюға тиіс.
12. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайларда көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.
4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті, оның ішінде ХҚО арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, қойылатын өзге де талаптар
13. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет анықтама бюросы, күтуге арналған креслолар және мүмкіндіктері шектеулі көрсетілетін қызметті алушыларға қызмет көрсетуге арналған пандустар көзделген ғимаратта көрсетіледі.
ХҚО-ға жеке өзінің келуі мүмкіндігі жоқ бірінші және екінші санатты мүгедек көрсетілетін қызмет алушыларға көрсетілетін мемлекеттік қызмет .үшін қажетті құжаттарды қабылдау ХҚО қызметкерлерімен көрсетілетін қызмет алушының тұратын жеріне шығумен жүзеге асырылады.
14. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары:
көрсетілетін қызметті берушінің – www.mtc.gov.kz интернет-ресурсында («Көлік комитеті» бөлімінің «Мемлекеттік көрсетілетін қызмет» кіші бөлімінде);
ХҚО-ның – www.con.gov.kz. интернет-ресурсында орналастырылған.
15. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс-орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде алуға мүмкіндігі бар.
16. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратты мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс-орталығының 1414 телефоны арқылы алуға да болады.
«Кемелер экипаждарының ең аз құрамы туралы куәлік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-Қосымша
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Көліктік бақылау комитетінің
_________________ облысы (қаласы)
бойынша аумақтық органының басшысы
________________________________
(Т.А.Ә.)
________________________________
(ұйымның атауы, БСҚ
немесе жеке тұлғаның Т.А.Ә., ЖСН, тел.)
Өтініш
Сізден ________________________________________________________ тиесілі кемелер экипаждарының ең аз құрамы туралы куәлікті беруді сұраймын.
Көрсетілетін қызмет алушының аты мен мекенжайы ____________________________________________________________________
Ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді қолдануға келісемін
____________________ _______________ ______________________
Лауазымы (қолы) Т.А.Ә.
«Кемелер экипаждарының ең аз құрамы туралы куәлік беру»
мемлекеттiк көрсетілетін
қызмет стандартына
қосымша
нысан
(Көрсетілетін қызметті алушының тегі,
аты, болса әкесінің аты не көрсетілетін
қызметті алушы ұйымының атауы)
______________________________________
(көрсетілетін қызметті алушының мекенжайы)
Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 cәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 20-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып, «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК филиалының №__ бөлімшесі (мекенжайы көрсетілсін) «Кемелер экипаждарының ең аз құрамы туралы куәлік беру» мемлекеттік қызметті көрсетуге құжаттарды қабылдаудан Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбауыңызға байланысты бас тартады, атап айтқанда:
Жоқ құжаттардың атауы:
1) _______________________________;
2) _______________________________;
Осы қолхат әрбір тарапқа бір-бірден екі данада жасалды.
Т.А.Ә. (ХКО қызметкері) (қолы)
Орындаушы: Т.А.Ә.
Телефон:
Алдым: Т.А.Ә./көрсетілетін қызметті алушының қолы
20__ ж. «__» _________
Достарыңызбен бөлісу: |