Құрамы және қасиеттері


Топырақтардың механикалық қасиеттері



жүктеу 63,67 Kb.
бет2/9
Дата30.06.2023
өлшемі63,67 Kb.
#43089
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Лекция -3

Топырақтардың механикалық қасиеттері.Топырақтар ғимараттардың және құрылыстардың табаны ретінде қызмет атқарғанда, сондай-ақ әралуан жер құрылыстары арасында топырақтардың әртүрлі сыртқы факторлары әсеріне, негізінен алғанда күш түскенде кедергі бола болады. Сонымен бірге топырақтардың сыйпатталуы топырақтардың механикалық қасиеттерін баяндайтын кейбір заңдылықтарға тәуелді болады.
Топырақтардың механикалық қасиеттеріне сығылғыштык, су сіңгіштік, қозғалысқа төзімділік (топырақтардың беріктігі) және құрылымдылық-фазалық деформациялану жатады.
Топырақтардың сығылғыштығы - оларға тән қасиет, ол сілемді тау жыныстары мен басқа да қатты денелерден едәуір ерекшеленеді және сыртқы ықпалдардың әсерімен олардың кеуектілігінің өзгеруіне қарай осындай тұжырым жасауға болады.
Топырақтардың сығылғыштығы (нығыздылығы) төмендегі факторларға: түріне, тығыздығына, ылғалдылығына және топырақтардың жағдайына, сыртқы күштің (статикалық және динамикалық) түсуіне, топырақтарда құрылымдық байланыстардың болуына және т. с. байланысты болады.
Топырақтардың сығылғыштығының (нығыздылығының) негізгі көрсеткіштерін анықтау компрессиялык құралдармен (одометрмен) және үш білікті сығу құралдарымен (стабилометрмен) жүргізіледі.
Топырақтардың сіңіргіштігі. Топырақтардың бытыранды (ұсақталатын) кеуекті орта ретідегі ерекшелігі олардың су сіңіргіштігі, яғни суды өткізгіштік (өзі aрқылы өткізу) қабілеті болып табылады.
Өткізгіштік дегеніміз - механикалык табиғат күшінің ықпалынан кеуекті ортадағы сұйықтыктық ағымы. Гравитациялық судың кеуекті топырақтағы қозғалысы физикалык, себептермен дәлелдеуге болатын қысымның әртүрлі келуінің әсерімен болады. Топырақтардағы судың қысыммен қозғалысы топырақ нүктелерінің нөлдік денгейде (5,2-сурет) орналасуымен ғана емес, сондай-ақ бос және кеуекті борпылдақ бөгелмелі судың қысымды қозғалысын туғызатын ғимараттың сыртқы қысымымен де анықталады.
Топырақ суынын, қысымды қозғалысының шапшаңдығы топырақ кеуегінің көлеміне, өткізу жолындағы кедергілерге және ықпал етуші қысымның мөлшеріне байланысты болады.
Егер су ағысының сызығы (су түйіршіктерінің ағыстағы козғалысы) бір-бірімен ешжерде қиыспаса, онда мұндай қозғалыс ламинарлық деп аталады.
Топырақтарда, тиісті тәжірибелер көрсеткеніндей (А. Дарси, Н. Н. Павловский), судың қозғалысы көп жағдайларда ламинарлық болып келеді.
Топырақ суларының гидравликалық градиенті ( немесе деңгейі бетінің еңісі (көбейген сайын судың ламинарлық қозғалысы соншалықты шапшандықпен жүреді (5,2-сурет).
Гидравликалық градиент өткізгіш жолының L ұзындығын алғанда (А нүктесінен В нүктесіне дейін) қысымның (H2 - H1) жоғалу қатысына тең, яғнй  немесе әрекеттегі қысыммен -H2 - H1=H белгілей отырып  аламыз.
Дарси бойынша, топырақтың көлденең қимасы аумағының өлшемі арқылы судың шығындалуы уақытының өлшемі, немесе өтгіштік шапшаңдығы Vф гиравликалық градиентке пропорционалды, яғни  болады (5,4) Мұнда kф градиент кезіндегі өткізгіш шапшаңдығына тең, бір өлшемге тек өткізгіш коэффициенті, см/с, см/жыл мөлшері бар.
Байланыстылық (5,4) өткізгіштіқ ламинарлық Заңы деп аталады (Дарси, 1885 ж).
Өткізгіш коэффициентінің мөлшері судың топырақ арқылы өткізілуі кезіндегі топырақтың өткізгіштігін сипаттайды және топырақтардың су өткізгіштігінің көрсеткіші болып табылады
Өткізгіштік коэффициенті арнаулы өткізгіш аспаптарында лабораториялық немесе далалық жағдайларда анықталады.
Өткізгіш коэффициентінің мөлшері топырақтың гранулометрикалық құрамына да, сондай-ақ оның кеуектілігі мен құрылымына да байланысты екенін тәжірибелер көрсетіп отыр. Әралуан топырақтар үшін Кф-дің мәні өте кең көлемде ауытқиды:

жүктеу 63,67 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау