|
Құрамы және қасиеттеріТопырақтардың жылжуға кедергісі (топырақтардың беріктігі)
|
бет | 3/9 | Дата | 30.06.2023 | өлшемі | 63,67 Kb. | | #43089 | түрі | Құрамы |
| Лекция -3Топырақтардың жылжуға кедергісі (топырақтардың беріктігі).Топырақ массасының жекелеген нүктелерінде сыртқы салмақтың әсері болған кезде тиімді қысымдар топырақ бөлшектері арасындағы ішкі байланыстардан асып түсуі мүмкін, осы кезде бір бөлшектердің немесе басқалары бойынша олардың агрегаттарының сырғанау жылжуы мүмкін және топырақтың кейбір тұстарында тұтастық бұзылады, яғни топырақтың беріктігі таусылады.
Құмды топырақтарда бөлшектердің ұласуы нүктелерінде пайда болатын үйкеліс бөлшектердің жылжуына кедергі жасайтын ішкі қарсылық болмақ. Нағыз байламды топырақтарда (жабысқак майда саздар) су-коллоидтық бөлшектердің құрылымдық байламдары мен жабысқақтығы, яғни тұтасу күштері жылжуға ішкі карсылық күштері болады. Сазды топырақтарда (құмдақтар, саздақтар және саздар) жылжуға үйкеліс пен тұтасу кедергі жасайды.
Жылжуға кедергі жасаушы көрсеткіштер - ол топырақтардың сыртқы салмақтарға беріктілік көрсеткіштері, олар өзгеріп отырады және жылжуға кедергі жасайтын бөлшектердің түйісу нүктелеріндегі қысым мен жағдайға байланысты болады.
Топырақтардың жылжуына кедергінің көрсеткіштерін анықтаудың практикалық үшін зор маңызы бар, өйткені ол топырақ механикасының инженерлік есептеулерінің дәлдігіне жол ашады: топыраққа барынша салмақ түсуді анықтау, топырақ жынысының беріктігін, тірек қабырғаларына түсетін қысымды анықтау және басқалары.
Топырақтардың жылжуына кедергілердің көрсеткіштерін тәжірибеде анықтау (беріктілік параметрлерін) әртүрлі тәсілдермен жүргізіледі: бір білікті қысым мен үш білікті қысымның кесіндісінің (жылжуының) нәтижелері бойынша және т. б.
Кулонның беріктік шарты.Кұмды топырақтар үшін Кулонның беріктік шарты мынадай:
Байламдылық қабілеті бар сазды топырақтар үшін Кулонның шарты төмендегіше жазылады.
(5.5)
Мұндағы белгілеулер мыналар:
шек — жанама кернеудің шекті мәні (топырақтың жылжуға шекті кедергісі);
— қалыпты кернеу (кесінді алаңы бойынша);
с — тұтасу;
— ішкі үйкеліс бұрышы;
/—ішкі үйкеліс коэффициенті.
Ф және с көрсеткіштері топырақ беріктігінің( параметрлері деп аталады. Тәжірибелік деректер бойынша тәуелділік (5.4) және (5.5) графика түрінде (5.3 және 5.4) суреттерде берілген.
(5.4) және (5.5) тәуелділіктерін алу ушін жылжу (кесінді) аспаптарда топырақ үлгілерінің кесінділеріне тәжірибе жасалады.
5.3-сурет. Кедергінің құм жылжуына тәуелділігі. 5.4-сурет. Кедергінің сазды топырақ жылжуына тәуелділігі.
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|