Раманкулов шерзод жумадуллаевич



жүктеу 4,39 Mb.
Pdf просмотр
бет14/65
Дата27.01.2020
өлшемі4,39 Mb.
#27475
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   65

 
32 
тиімділігін  арттырып,  тікелей  бақылау  бола  бермейтін  микроғаламды  да 
зерттеуге мүмкіндік береді.   
Физиканы 
оқытуда 
компьютерлерді 
қолдануды 
ұсынған 
ең 
алғашқылардың қатарында бірнеше ғалымдарды атауға болады.    
Физиканы  оқыту  барысында  компьютерді  қолнау  мүмкіндіктерін  зерттей 
отырып, В.В.Лаптев  физика бойынша оқыту құралдарының қатарына қосылған 
электрондық  техника,  пәнге  деген  қызығушылықты  арттырады  деп,  физиканы 
оқыту  бағытында  оларды  пайдалануды  тереңірек  зерттеу  қажеттігін 
ұсынды[70].  Дегенмен,    автордың  ойынша,  компьютер  білімгерлердің 
танымдық іс-әрекетінің құралы ғана, ал оны басқару мұғалімнің міндеті.  
В.В.  Лаптев  білім  беру  мазмұнына  электрондық  техниканың  әсерін  және 
физиканы оқыту барысындағы дербес компьютердің мүмкіндіктерін анықтады. 
Автор  физиканы  оқытудың  дидактикалық  циклінің  элементтерін  сараптап, 
электрондық техниканы қолдану мүмкіндіктерін ашты, сол арқылы физика пәні 
электрондық  техниканы    пәндік-бейімділік  пайдалану  туралы  пікірді  кеңейтті 
және  электрондық  техниканың  құрал-жабдықтық  қолданылу  ерекшеліктерін 
ашып кӛрсетті.  
Электрондық техниканы кеңінен қолдану жағдайында физиканы оқытудың 
мазмұндық  және  үдерістік  құрауыштарын  одан  әрі  зерттеу  барысында 
В.В.Лаптев  келесі  нәтижелерге  қол  жеткізді:  физикаға  тән  электрондық 
техниканы  пайдалану  салалары  анықталды  және  оның  әдімстемесі  жасалды; 
электрондық техника құралдарымен табиғи тәжірибені жетілдіру концепциясы 
жасалды;  қажетті  құрал-жабдықтар  мен  компьютерлік  бағдарламалар  арқылы 
тәжірибе жүргізу әдістемесі жасалды [71].  
Орта  мектепте  оқыту-тәрбиелеу  үдерісінде  табиғи  құбылыстардың 
компьютерлік  модельдерін  пайдалану  мен  құру  әдістемесін  жасау  амалын 
М.П.Фокин  [72]  іске  асырды.  Автор  компьютерлік  модельдейтін 
бағдарламалардың  дидактикалық  талаптарын,  олардың  қызметтерін,  оқыту-
тәрбиелеу  үдерісінде  табиғи  құбылыстардың  компьютерлік  модельдерін 
қолдану  тиімділігінің  жағдайларын  анықтады.  Дегенмен,  аталған  зерттеу 
жұмысында қозғалған мәселенің тәжірибедегі жағдайы талданбады, оқытудағы 
компьютерлік модельдер топтастырылмады. 
Аталған  кемшіліктерді  жоюда    A.A.Немцов  [73]  ӛз  зерттеулерімен  қадам 
жасады. Кӛптеген физикалық тәжірибелерді зерттеу негізінде автор «оқытудың 
компьютерлік  моделі»(ОКМ)  түсінігі  туралы  ғылыми  білімдерді  жалпылады. 
Соның  негізінде  қарастырылған  модельдер  -  оқыту  модельдерінің  жаңа  түрін 
қалыптастырды.  ОКМ-ның  анықталған  қасиеттері  оқыту  материалының 
мазмұнымен, оны оқыту әдістемесі мен оқыту үдерісі қатысушыларының жеке 
ерекшеліктерімен  сипатталады.  Автор  дәстүрлі  дидактикалық  құралдардың 
алдында оқытудың компьютерлік модельдерінің артықшылықтарын физиканы 
оқыту  тәжірибесіне  барынша  пайдалану  үшін  ұйымдастырушылық-
педагогикалық жағдайларын жасауға мүмкіндік алды.   
Физика  сабағындағы  танымдық  іс-әрекетті  белсендендіру  құралдарын, 
есептеуіш  техниканы  қолдану  әдістемесінің    психолого-педагогикалық  және 
дидактикалық  аспектілерін    Р.Ю.Шукюров[74]  зерттеген.  Физика  сабағында 


 
33 
оқушылардың  танымдық  іс-әрекетін  белсендендіру  үдерісін  зерттей  отырып, 
оқыту  үдерісінде  сол  танымдық  белсенділікті  анықтайтын,    негізгі 
психологиялық,  дидактикалық  және  әдістемелік  факторлардың  тиімділігін 
арттыру  үшін  компьютердің  мүмкіндіктерін  анықтады.  Физика  сабағында 
компьютердің  дидактикалық  мүмкіндіктерін  пайдаланудың  әдістемелік 
негізділігі - теориялық материалдың игерілуіне, ойланудың дамуына, ғылыми-
зерттеу 
жұмысының 
элементтеріне 
қызығушылықтың 
қалыптасуына, 
компьютерді  пайдаланумен  физикалық  тапсырмаларды  орындау  қабілеттері 
мен берік дағдыларын қалыптастыруға кӛмектеседі.  
Физика  сабақтарында  компьютерлерді  қолдану  бағытындағы  алғашқы 
мақалалардың  авторлары  В.А.Извозчиков  пен  И.В.Марковалардың  [75] 
еңбектерінде  «кеңістіктегі  дененің  қозғалысы»  мысалында  компьютерлердің 
рӛліне маңызды назар аударылды. Осы уақыттан бастап, бұл тақырып бойынша 
басылымдар саны үздіксіз арта түсті.   
В.А.Изовчиков  компьютерлік  модельдерді  пайдалану  мынадай  тиімді 
нәтиже береді деп кӛрсетті[76]: 
-  сабақ  барысында  шешілетін  есептер  санын  арттыруға  болады,  есепті 
шынайы  шарттармен,  яғни,  техникадан  алынған  параметрлермен  шешуге 
мүмкіндік туады;  
-  физикалық  экспериментті  жобалау  мүмкіндігі  ашылады;  мәліметтерді 
ӛңдеуде уақыт ұтымды пайдаланылады; ӛлшемдердің саны артып отырады; әр-
түрлі мәселелерде тапсырмаларды орындауға мүмкіндік ашылады; 
-  ӛзіндік  кӛтеріңкі  кӛңіл  күй  байқалады;  білімгерлердің  шаршауы 
тӛмендеп,  эмоциялық  жағымды  кӛңіл  күй  пайда  болады;  шапшаңдылық 
артады; материалдың физикалық мәні оңай меңгеріледі. 
Физика  сабағында  компьютер  бағдарламаларын  қолдану  мәселелеріне   
Н.В.  Разумовскийдің[77]  мақалалары  арналған.    Автордың  айтуынша, 
компьютер  табиғи  құбылыстар  мен  үдерістерді  модельдеу,  механизмдер  мен 
машиналардың  жұмысын  қайталау  кезінде  оқытушының  тәуелсіз  кӛмекшісі 
болады.  Сонымен  қатар,  автор  табиғи  құбылыстардың  бай  әлемін 
компьютердің «экрандық әлемімен» ауыстырудың қауіптілігін ескертеді.  
Компьютерді  физиканы  оқыту  үрдісіне  қолдану  мәселесіне  арналған 
ғылыми-зерттеу  жұмыстарды  талдай  келе,  оны  пайдаланудың  бағыттарын 
анықтап кӛрсетейік(8-сурет). 
 
Сурет 8 - Компьютерді физиканы оқыту үрдісіне қолдану бағыттары 
Оқытуда компьютерді 
пайдаланудың 
бағыттары 
Оқыту үрдісін 
басқаруда компьютер 
құралдарын пайдалану 
Мұғалім еңбегін 
ұйымдастыруда компьютер 
құралдарын пайдалану 
Физика сабағында 
есептеулерді 
автоматтандыруда 
Лабораториялық 
қондырғылармен 
жұмысты басқаруда 
Лабораториялық 
жұмыстардың 
нәтижелерін ӛңдеуде 
Физикадан алған 
білімдер мен 
іскерліктерді тексеру 
Компьютерлік құралдарды 
физикалық құбылыстарды 
модельдеуде қолдану 
Компьютерлік 
құралдарды бейнені 
кӛрсетуде қолдану 
 


жүктеу 4,39 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   65




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау