34
Жоғары оқу орындарында болашақ мұғалімдердің даярлығын практикада
жүзеге
асырушы
мамандардың
зерттеулерінде
жаңа
ақпараттық
технологияларды физиканы оқыту үдерісінің мақсатына сай барлық
кезеңдерінде лекциялық, практикалық, зертханалық сабақтарда, аудиториядан
тыс және т.б. қолдану керектігін анықтаған.
Оқыту үдерісіне ақпараттық технологияларды пайдалану және физика
пәнін оқытудағы білім беру стандарттарының анықтау базасы негізінде,
сонымен қатар, оқытуда білім мен біліктілікті талап ете отырып, білім беру
жүйесін қалыптастырудың жолдарын қарастыру бүгінгі кезде ӛзекті істердің
бірі. Оған сәйкес әрбір мамандықтар бойынша Қазақстан Республикасы жалпы
міндетті білім беру стандарттары бекітілген.
Оқу пәнінің мазмұнын іріктеу мәселелері бүгінгі таңда ғалымдардың,
әдіскерлердің, оқытушылардың назарын ұдайы ӛзіне аударатын күрделі де,
ӛзекті мәселелер болып табылады. Ӛйткені физиканы, сол сияқты табиғи –
ғылыми пәндерді оқытудың алуан түрлі тәсілдері, жолдары бар. Оларды жасау
және іске асыру барысында пәндер тілі қалыптасып, оқытылатын пәндердің
негізгі мазмұны айқындала отырып, оқытудың құрылымы анықталады.
Қазіргі білімді ақпараттандыру саласының дамып тұрған қоғамында
жоғары оқу орындарында физиканы оқытудың тиімділігін арттыру мақсатында,
болашақ физика мұғалімдерінің қазіргі қоғам талаптпарына сай етіп даярлауда
жаңа ақпараттық технологиялардың (9-сурет) маңызы зор.
Сурет 9 - Физиканы оқытуда білімді ақпараттандырудың маңызы мен
мәні
Физиканы оқытуда
білімді
ақпараттандырудың
маңызы
Электрондық бағалау
жҥйелерін пайдалану
маңызы: сыни ойлау,
рефлексиялау, ӛзін-ӛзі
реттеу, түзету, мамандыққа
деген сүйіспеншілік
Электрондық
поштаны
пайдалану
маңызы: интербелсенділікті, хат
алмасу арқылы коммуникативтік
қабілеттерін,
(диалог)
сауаттылығын дамыту, ақпаратпен
алмасу, бірлескен жобалар жасау
негізінде
шығармашылықты
қалыптастыру
Телеконференциялар
маңызы:
логикалық
ойлау,
мақсаткерлік, міндет қойып, оны
орындау, субъектілікті, ғылыми
кӛзқарастарды
қалыптастыру,
қарым-
қатынасты
қалыптастыру,
халықаралық
мәдениетпен алмасу
Онлайн режиміндегі дәрістер,
пікір алмасулар, форумдар
маңызы:
басқарушылық
қабілеттерді, эмоцияны дамыту,
сӛйлеу
мәдениетін,
түйін
жасауды,
шешендікті
қалыптастыру
Электрондық журналдар
маңызы: сыни ойлауды
дамыту, шығармашылық
әрекеттің тәсілдерін
меңгеру, ӛз бетінше іздену,
дарындылықты, талантты
ұштау, эстетикалық
талғамды қалыптастыру
Мультимедиялық
презентациялар дайындау
маңызы:
шығармашылық
ойлауды,
жобалаушылық
негізінде
Ӛзін- ӛзі білімдендіру, ӛзін- ӛзі
жетілдіру, ойлаудың тереңдігін
дамыту
дамыту
Электрондық оқулықтар
жасау, пайдалану
маңызы:қашықтықтан оқытуды
жүзеге асыру арқылы ӛз бетінше
білім алу, танымдық белсенділікті
арттыру, білім сапасын арттыру,
функционалдық
сауаттылықты
дамыту.
Чат,web сайттар жасау,
пайдалану
маңызы: дербестік, ойды,
пікірді білдіру, зерттеушілік
мәдениетті
дамыту,жаңашылдықты
ендіру
35
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде білім беру
үдерісіне жаңа ақпараттық технологиялардың дамуы мен ендірілуі,
компьютерлік
техниканы
қолданудың
педагогикалық
мүмкіндіктерін
кеңейтуде. Оның ішінде ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың
кӛмегімен орындалатын электрондық-білім беру ресурстарын айтуға болады.
Электрондық-білім беру ресурстарының түрлерін классификацияласақ:
1. Тесттік бақылау бағдарламалары. Бұл білім беру саласындағы
электрондық оқу құралдарының ішіндегі кӛп қолданыстағы түрі, мұнда білім
алушы тесттің жауабын таңдау арқылы жауап береді. Тесттің тапсырмасы
экранда шығады, компьютер студенттің жауабын, уақытын т.б. белгілеп алады.
Соңынан студенттің алған бағасын (балын) экранда кӛрсетеді. Студенттердің
әрбір сессия мерзіміндегі білімдерін бақылау және бағалау «Физика» пәніне
жасалған «Тест» бағдарламасында жүргізіледі.
2. Электрондық анықтамалық жүйелер (ЭАЖ). Мұндай жүйелерде
негізінен классикалық энциклопедиялар сақталады. Мысалы, американдық
«Britania»,
ресейлік
«Үлкен
советтік
энциклопедия»,
классиктердің
шығармаларының жинағы, техникалық, физикалық анықтамалар т.б. Біздің оқу
үдерісінде кӛптеген ЭАЖ-лар қолданылуда. Мәселен, «Физика А-дан Я-ға
дейін» библиографиялық анықтамасы, Физикалық энциклопедия (5-том) т.б.
3. Тренажерлар. Бұл бағдарламалар, белгілі бір жүйе бойынша студентке
тапсырмалар береді, орындалған тапсырманың нәтижесін қадағалайды.
Тренажерлар, үлкен кӛлемдегі ақпаратты есте сақтауда, белгілі бір іс-әрекетке
дағдыны қалыптастыруда пайдалы, мәселен, пернетақтамен жұмыс істеуде,
бағдарламалау тілдерінің мүмкіндіктерін үйренуде т.б.
4. Виртуальдық зертханалық кешендер. Эксперимент жүргізу немесе
тақырып материалымен танысу, физикалық, математикалық және т.б.
ғылымдардың нақты заңдары экрандық «виртуальдық» әлемде орындалады.
Мұның негізгі ерекшелігі студент экранда таңдап алған экспериментті орындап,
уақытты жылдамдатып немесе баяулатып, обьектінің парметрлерін ӛзгертіп,
параметрлердің мәндерін ӛлшеп және графикалық бейнесін ала алады.
Виртуальдық зертханалық кешен (ВЗК) - бағдарламалық-ақпараттық
ортаның тұтастығы болып табылады. Ол оқу әрекетінің кӛріністерін жүзеге
асыратын, арнайы дайындалған білімнің, белгілі бір құрылыммен жасалған
ақпаратпен тапсырмаларды меңгеру мен бекітуден құралған компьютерлік
бағдарламалар жүйесі[78].
Виртуальдық
зертханалық
кешендерді
пайдаланып
оқытудың
артықшылықтарын атасақ:
- білім сапасын арттырып, кӛптеген студенттерге бір мезгілде сабақ
жүргізу мүмкіндігі;
- практикалық және зертханалық жұмыстарды орындау барысында
алынған білімдер мен дағдылардың біртіндеп қалыптасуы;
- практикалық кешендер мен бақылау тапсырмаларын қолданып, білім
деңгейі мен дағдылардың бекітілуі.
Достарыңызбен бөлісу: |