52
Қазіргі таңда креативтілік табиғатына байланысты ғалымдардың пікірлері
әр түрлі. Бір қатар ғалымдардың пікірлері бойынша, креативтілік - бұл
шығармашылық
ойлаудың
нәтижесі
(К.Тейлор,
В.А.Терехов,
O.K.Тихомиров), шығармашылыққа деген тұлғаның қабілеті (Н.В. Кузьмина,
Д.Б. Богоявленская, Е.Торренс және т.б.), ақыл-ойдың іс-әрекеті (Дж. Гилфорд,
С. Медник және т.б.), дарындылық (A.M. Матюшкин) және т.б.
Креативтілік пен оның сипаттамалары кӛптеген ғалымдардың ойынша,
нақты кәсіби іс-әрекеттерде кӛрініс алатын, тұлғаның қасиеттерінің
жиынтығымен байланысты.
А.Маслоу мен К.Роджерстің кӛз қарастарына сәйкес креативтілік тұлғаның
тиімді психологиялық жетілуімен байланысты әмбебап сипаттама болып
табылады. К.Роджерстің пікірі бойынша шығармашылдық адамдар ӛз
мәдениетінде құрылымдық және бейімдік ӛмір сүруге тырыса отырып,
ӛздерінің ең басты қажеттіліктерін қанағаттандыруға тырысады[85].
Білім беру іс-әрекеті барысында ӛздігінен білім алушы тұлғаларға
креативтік үдеріске тиімді қосылу үшін жағдай жасалу керек, себебі, танымдық
іс-әрекетте тұлғаның креативтік әлеуеті дамиды. Мұндағы қиындық креативтік
үдерісті ұйымдастыру мен реттеуден тұрады, ол тұлғаның шығармашылық
дербестігінің саналы түсініктерін қалыптастырады.
Педагогикада креативтілік ретінде тапқырлық, қиял, түйсік, мәселелерді
шешу секілді қабілетер түсіндіріледі. Мұнда, бұл қабілеттердің кӛп қырлылығы
айтылады. Креативтілік - шығармашылық білім беру іс-әрекетінің негізі, бірақ
ол тектілік қабілет болып табылмайды. Ғылымда «креативтілік» ұғымына
берілген анықтамаларды мына тӛмендегі кестеден (3-кесте) кӛруімізге болады:
Кесте 3 – «Креативтілік» ұғымына ғылымда берілген анықтамалар тізімі
«Креативтілік» ҧғымына берілген ғалымдардың анықтамалары
1
2
Креативтілік - бҧл
«белгілі бір бағытта жаңа нәтижелерге қол жеткізу,
бұл нәтиже - бар нәрсені кӛшіріп алудан тыс болуы
қажет» (Lubart, T.)[86].
«креативтілік бұл - таланттылық емес, сондықтан оны
мақсатқа бағытталған үдеріс ретінде қарастыруға
болады» (D. Leonard and W. Swap)[28].
«креативтілік
қасиеттер
-
тұлғаның
жеке
факторларына байланысты қалыптасады» (Lee
& Kim)[30].
«білімдердегі кемшіліктерді шұғыл қабылдау қабілеті
және т.б.» (Е. Торренс) [87].
«жаңа байланыстарды табу қабілеті» (Кюби) [88].
53
3-кестенің жалғасы
1
2
«жаңа шығармалардың қалыптасуы» (Мерей) [88].
«жаңа идеяларға жетелейтін ақыл-ой іс-әрекеті»
(Жерар) [88].
«жаңа салаға тәжірибенің тасымалдануы» (Тейлор)
[89].
«жаңа ӛнімді алудың басты нәтижесі болып
табылатын, ӛзіндік шығармашылық іс-әрекет» (А.В.
Хуторской) [90].
Шығармашылық қабілеттерді зерттеумен айналысқан, американдық ғалым
Е.Торренс[87], келесі үш факторларды қосатын креативтіліктің үлгісін ұсынды:
- ой ұшқырлығы;
- икемділік;
- ерекшелік, ӛзіндік.
Бұл амалда креативтілік нышаны нәтиже сапасы емес, шығармашылық
ӛнімділігін белсендендіретін сипаттамалар мен үдерістер болып табылады.
Қазіргі таңда креативтілікті сипаттау үшін А. Штерн ұсынған, бүгінде
кӛптеген зерттеушілер қолданып жүрген тұғырлар қолданылады. Соңғы
жылдары ӛте күшті қызығушылық ӛскен креативтілікті зерттеу тӛрт негізгі
аспектіде қарастырады:
- креативті үрдіс.
- креативті ӛнім.
- креативті тұлға.
- креативті орта (шығармашылық ӛнімге талапты қалыптастыратын орта,
құрылым, әлеуметтік контекст). Бұл тұғырлар бірге жиі қолданылады.
Я.А.Пономареваның
дарындылық
концепцияларына[91]
негізделе
отырып М.М. Кашапов[92] шығармашылықтың келесі кезеңдерін ерекшелейді:
1. логикалық талдау кезеңі. Саналы іс-әрекеттің бұл кезеңі барысында
барлық білімдер сол мезеттегі ӛзектілік үшін қолданылады. Бұл кезеңге
мыналар жатады:
- жаңа идеяға қажеттілік;
- мәселені ерекшелеу;
- шығармашылық сезімдерге негізделсе де, сана үдерістерінің белең алуы;
- алдыңғы білімдердің болуы;
- бастапқы ойдың қалыптасуы(оның әлеуметтік құндылығын түсіну);
- мәселеге байланысты саналы жұмыс;
-кӛптеген таңдаулардан бірнеше шешімдерге ауысу және болжамды
шешімдердің ішкі шектерінен ауысу.
2.Түйсіктік шешім кезеңі. Таңдамалы, саналы түсініктердің ассоциациясы.
Ақыл - оймен шешілген тұжырымдар. Бұл кезең мәселені шешу қағидасын
54
анықтаумен, сонымен қатар, психикалық энергетикаға жол ашумен байланысты
болғандықтан, оқытушыға ӛз қуатын қалай анықтау қажеттігі мен оның
жауапкершілігін қабылдайтындығын түсіндіру керек.
3.Түйсіктік шешімді көрсету кезеңі. Мәселені шешу амалдары мен
тәсілдерін түсіну. Бұл міндетке тұлғаның барлық іс-әрекеттері бағытталады.
Қажетті қабілеттер:
- мәселенің мәнін ашудың позитивтік және құрылымдық жүйесі;
- келесі мәселені құрастыру: «Мәселеден жаңа және құрылымдық нәрсені
кӛргеннен кейін, мен нені және қалай жасай аламын?»;
- шешімнің дамуы (нақтылануы);
- жетілу, рухани күш алу (шешімді нақтылау, шешу амалын құру).
4. Көрсетілген шешімді қалыптастыру кезеңі. Негізгі мақсат: идеяны
дамыту, оның қалыптастырылуы, қандай да бір үлгі ретінде ӛңдеу және ұсыну.
Бұл кезеңде болжам тексеріліп, шығармашылық іс-әрекет объективтік сипат
алады. Креативтік іс-әрекеттің кӛлемі логикалық құралдармен болжамды
тексеру қиындықтарына негізделеді. Шығармашылық мәнді іске асыру,
шығармашылықтың алынған нәтижелерін бағалау және талдау.
«Креативтілік» ұғымын зерттеген отандық ғалымдардың еңбектерін
қарастыратын болсақ Қ.М.Нағымжанова: «креативті ойлау полюстерді тепе-
теңдікте ұстайды және қарама-қарсы кӛрінетін бірліктерді қосады.
Студенттерді бақылай отырып, біздің аңғаратынымыз, олар кӛбінесе біз
олардан күтетін жауаптар береді. Олар тек ӛздерінің толық сенімділіктегілерін
ғана айтады. Бірақ, барлық жаңа креативтік анықталмаған, «ақылды және
тапқыр» мәртебесіндегі бала, креативті болудан қашады, себебі ӛз беделін
жоғалтып алудан қорқады. Ал мұндай жағдай механикалық ойлауға әкеледі.
Бұл тұрақтылық, сонымен қатар жалықтыруды туғызады. Механикалық ойлау
креативті ойлаудың ең үлкен қатері, яғни ол жаңаны сезініп, ашу мүмкіншілігін
жояды. Келесі қатер алдын-ала айтылган сын болуы мүмкін. Кӛбінесе ерекше,
дұрыс келмейтін байланыстыру шығармашылық ойлауға негіз болады, ал ерте
айтылған сын жаңа дамуды тұншықтырады» - деп тұжырымдама береді [34].
Б.А.Оспанова ӛз тұжырымдамасында болашақ мамандардың креативтілігін
қалыптастыруда белсенділік тұлғаның, оның тұлғааралық, әлеуметтік-
психологиялық кеңістік құндылықтары мен мақсатын құрылымдауға негіз
болады. Сонымен бірге белсенділік тұлғаның іс-әрекетін, мінез-құлық
стратегиясын және қатынасын жобалайды деген пікір ұстана отырып,
кретивтілікте белсенділіктің рӛлін ерекше атап кетеді [35].
C. Бердібаева тұлғаның креативтілігін дамытуда айтыс ӛнерінің рӛлін баса
айтады. Айтыс ӛнері арқылы адам креативтілігін дамытуға болады деген пікір
ұстанады [36].
Біз жоғарыда аталған ғылыми зерттеулердің нәтижесінде мынадай
тұжырымға келдік: креативтіліктің анағұрлым кең таралған түсініктеріне
келесілер жатады:
- шығармашылық жетістікке байланысты креативтілікті анықтау. Онда
креативтілік - жаңа, ерекше құндылықтарды қалыптастыратын, тұлғаның іс-
әректтері.
Достарыңызбен бөлісу: |