РайымқҰлова айнаш дастанқызы



жүктеу 0,63 Mb.
бет1/3
Дата26.05.2018
өлшемі0,63 Mb.
#18113
түріАвтореферат
  1   2   3

ӘОЖ 373.1.02:37.031.4:7.031(=512.122) Қолжазба құқығында


РАЙЫМҚҰЛОВА АЙНАШ ДАСТАНҚЫЗЫ


Қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнері арқылы оқушылардың технологиялық мәдениетін қалыптастыру

13.00.01- Жалпы педагогика, педагогика және білім тарихы,

этнопедагогика

Педагогика ғылымдарының кандидаты ғылыми


дәрежеcін алу үшін дайындалған


А В Т О Р Е Ф Е Р А Т Ы

Қазақстан Республикасы

Алматы, 2009

Жұмыс Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде орындалды


Ғылыми жетекшіcі педагогика ғылымдарының докторы

Жолдасбекова С.А.

Ресми оппоненттері педагогика ғылымдарының докторы

Құдайқұлов М.Ә.
педагогика ғылымдарының кандидаты

Ортаев Б.Т.

Жетекші ұйым Ыбырай Алтынсарин атындағы Ұлттық

білім академиясы


Қорғау 2009 ж. 10 маусым күні, сағат 12.00 Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің педагогика ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін беру жөніндегі Д 14.05.01 диссертациялық кеңесінде өтеді. Мекен- жайы: 050010, Алматы қаласы, Достық даңғылы 13, 2-қабат, мәжіліс залы.


Диссертациямен Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің кітапханасында танысуға болады. Мекен-жайы: 050010, Алматы қаласы, Қазыбек би, 30, 3-қабат.


Автореферат 2009 жылы «07» мамыр күні таратылды.

Диссертациялық кеңестің

ғалым хатшысы Ә.Н. Көшербаева




Кіріспе

Зерттеудің көкейкестілігі. Қазіргі таңдағы мектепті дамытудың негізгі бағыты болып тұлғалық - бағдарлық білім беруге көшу саналады. Оның ерекше сипаты балаға деген аялы көзқарастан, оның өзіндік қасиетін қолдаудан, оның білімдегі, руханилықтағы, мәдениеттегі, өмірдегі қажеттілігі мен сұранысын қанағаттандырудан, тұлғаның мәдени-ағарту кеңістігінде өзін-өзі көрсете білу тәсілдерінен байқалады. Тұлғалық - бағдарлық білім берудің мақсаты – тұлғаны жан-жақты мәдени дамыту болып табылады.

Тұлғалық-бағдарлық білім беру жүйесінде технологиялық білім аса маңызды орын алады. Оның негізі, мазмұндық сипаты бірқатар еңбектерде ашып көрсетіледі (П.Р. Атутов, С.Я. Батышев, Қ. Өстеміров, Б.К. Момынбаев, С.А. Жолдасбекова, О. Сыздықов, К.А. Дүйсенбаев, Б.Т. Ортаев, А.Ш.Оралбекова және т.б.).

«Технология» білім беру саласы білімді де іскер адамды тәрбиелеуді талап етеді. Адамның қайсыбірі болмасын өзінің практикалық іс-әрекетінде әрдайым түрлі проблемалық тапсырмаларды шешеді. Қазіргі кезде оқушыларға меңгертілетін қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнер түрлерін жүйеге келтіруде және оны оқытушылар тарапынан басқаруға байланысты бірқатар талпыныстар жасалуда. Бұл мектептің «Технология» пәні бағдарламалары бөлімдеріне қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнер бағыттарын ендіруге байланысты туындап отыр.

Оқушылардың, соның ішінде 5-9 сынып оқушыларының технологиялық мәдениетін қалыптастыру мәселесі арнайы зерттеулерде көрініс алмаған, әйтседе кейбір еңбектерде оқушыларды еңбекке, экономикаға, эстетикаға, адамгершілікке тәрбиелеу проблемасын қарастыруда ішінара талдаулар берілгені байқалады (Н.Н.Бондарева, Е.Н.Губанова, Л.Г. Савенкова және т.б.). Жоғары сынып оқушыларының тұлғалық технологиялық мәдениетін қалыптастырудың бірқатар бағыттары, атап айтсақ: аймақтық білім беру – тұлғаның технологиялық мәдениетін қалыптастырудың шарттары (И.А.Бажина), физика сабағында тұлғаның технологиялық мәдениетін қалыптастыру (Р.М.Чудинский) және т.б. зерттелген.

Халықтың сәндік-қолданбалы өнері де бірқатар зерттеу еңбектерінде қарастырылған. Олардың бірі халықтың сәндік-қолданбалы өнерін жалпы білім беретін мектептің бейнелеу өнері мен көркем еңбек сабақтарында пайдалану жолдарын көрсетсе (Н.М.Конышева, А.С.Хворостов, Н.А.Горяева және т.б.), екіншісі өнердің бұл түрін жоғары, арнайы орта оқу орындарының оқу-тәрбие процесінде пайдалану әдістері мен жолдарын ұсынады (Г.А.Поровская, Л.В.Ершова, Т.А.Давидова, С.Ф.Абдуллаев және т.б.).

Халықтың сәндік-қолданбалы өнерінің тағылымдық мәні туралы кезінде қазақ ағартушылары: Ш.Уәлиханов, А.Құнанбаев, Ы.Алтынсарин да айтып өткен. Мазмұндық сипаты мен өзіндік ерекшеліктеріне тарихшы-этнографтар (М.Қадырбаев, А.Оразбаев, Қ.Ақышев және т.б.), философтар (Ж.Әлібеков, Б.Байжігітов, Қ.Нұрланова және т.б.), өнертанушылар (Қ.Ибраева, С.Арғынбаев, Д.Шоқпарұлы және т.б.), филологтар да (Р.Шойбеков, М.Өмірбекова және т.б.) аса мән берген.

Қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнері педагогика ғылымы саласында орындалған бірқатар зерттеулерде оқушыларға еңбек, эстетикалық, адамгершілік тәрбие беру (С.Ұзақбаева, Б.Альмухамбетов, Р.Төлеубекова, Қ.Шалғынбаева, Т.Левченко, Қ.Әміргазин, О.Сатқанов және т.б.), көркемдік-эстетикалық, танымдық қызығушылығын қалыптастыру (С.Жолдасбекова, А.Сәулебаева, Б.Ж.Жиентаева және т.б.), кәсібилігін шыңдап, шығармашылық қабілетін дамыту (Ж.Балкенов, М.Мырзаханов, А.Манабаева және т.б.) мақсатында қарастырылса, кебір зерттеулерде (Қ.Болатбаев, Қ.Ералин, Б.Ижанов, Е.Асылханов, Ұ.Әбдіғаппарова және т.б.) қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнерін болашақ көркемөнер мұғалімдерінің кәсіби даярлығында пайдалану мақсатында жан-жақты зерделенген.

Аталған еңбектердің ішінде Ұ.Әбдіғаппарованың қазақ халқының балалар мен жастарды сәндік-қолданбалы өнерге үйрету тәжірибесін жүйеге келтіріп, ғылыми тұрғыда негіздеген іргелі зерттеуі аса қызығушылық туындатады.

Сонымен, ғылыми әдебиеттер мен мектеп тәжірибелеріне жасаған талдау қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнерінің оқушылардың технологиялық мәдениетін қалыптастыру мақсатында арнайы зерттелмегенін дәлелдейді.

Демек, қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнері арқылы оқушылардың технологиялық мәдениетін қалыптастыру қажеттігі мен оның ғылыми-теориялық негіздерінің және әдістемелік жабдықтарының жеткіліксіз деңгейде қарастырылуы арасында қарама-қайшылық анық байқалады. Қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнері арқылы оқушылардың технологиялық мәдениетін қалыптастырудың тиімді педагогикалық шарттарын іздестіру біздің зерттеу проблемамызды айқындауға және тақырыпты: «Қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнері арқылы оқушылардың технологиялық мәдениетін қалыптастыру» деп таңдауымызға негіз болды.



Зерттеудің объектісі: жалпы білім беретін мектептің оқу-тәрбие процесі.

Зерттеу пәні: қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнері арқылы 5-9-сынып оқушыларының технологиялық мәдениетін қалыптастыру процесі.

Зерттеудің мақсаты: қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнері арқылы оқушылардың технологиялық мәдениетін оқу-тәрбие процесінде қалыптастыруды теориялық тұрғыда негіздеп, эксперимент жүзінде тексерістен өткізу.

Зерттеудің ғылыми болжамы: егер, қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнері арқылы оқушылардың технологиялық мәдениетін қалыптастыратын модель жасалып, оқу-тәрбие әрекетіне жүйелі бірізділікте ендірілсе; оқытушылардың қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнері түрлерін пайдалануға байланысты технологиялық даярлығы айқындалып, жүзеге асырылса, оқушылардың қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнерінен білім, іскерлік, дағдысы артады. Ал бұл болса, оқушылардың технологиялық мәдениетін қалыптастыруда негіз болып табылады.

Зерттеудің міндеттері:

1. Оқушылардың технологиялық мәдениетін қалыптастыру қажеттігін теориялық тұрғыда негіздеу.

2. Қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнерінің оқушылардың технологиялық мәдениетін қалыптастырудағы мүмкіндіктерін анықтау;

3. Қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнері арқылы оқушылардың технологиялық мәдениетін қалыптастыру моделін жасау және оның педагогикалық шарттарын айқындау.

4. Қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнері арқылы оқушылардың технологиялық мәдениетін қалыптастырудың әдістемесін жасау және оның тиімділігін тәжірибелі-эксперимент жүзінде тексерістен өткізу.

Жетекші идея: қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнері арқылы оқушыларының технологиялық мәдениетін оқу-тәрбие процесінде қалыптастыру оларды халықтың рухани-материалдық құндылықтарын тусінікпен қабылдауға және күнделікті өмірде тиімді пайдалануға бағдарлайды.

Зерттеудің әдіснамалық және теориялық негіздерін ғылыми танымның негізі болып саналатын диалектикалық әдіс, іс-әрекет теориясы, жүйелі қатынас теориясы, білім беру мазмұнының жалпыдидактикалық теориясы, белсенді, дамыта оқыту теориясы, проблемалық оқыту теориясы, педагогикалық процесті гуманизациялау тұжырымдамасы, технологиялық білімді оқыту, еңбек мәдениетін қалыптастыру, шығармашылық қабілеттерді дамыту тұжырымдамасы, іс-әрекеттің психологиялық теориясы құрайды.

Зерттеудің көздері: Қазақстан Республикасы үкіметінің ресми құжаттары (заңдары, қаулы-қарарлары және т.б.), Білім және Ғылым Министрлігінің ұлттық мәдени мұраны оқу-тәрбие процесіне ендіру туралы тұжырымдамалары, бағдарламалары, оқу құжаттары; ғалымдардың зерттеу проблемасы саласында жарық көрген еңбектері ұлттық мәдени мұралар; мектеп мұғалімдерінің озық тәжірибелері, сондай-ақ автордың жеке басының ұстаздық және зерттеушілік тәжірибесі.

Зерттеу әдістері: зерттеу проблемасы бойынша философиялық, әлеуметтану, тарихи-этнографиялық, өнертану, филологиялық, психологиялық-педагогикалық әдебиеттерге талдау; қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнерін зерделеу; мектеп мұғалімдерінің озық тәжірибелеріне талдау; бақылау, тест, анкета, сауалнама жүргізу, оқушылардың практикалық жұмыстарын талдау; педагогикалық эксперимент, нәтижелерді математикалық тұрғыда өңдеу.

Зерттеудің теориялық мәні және ғылыми жаңалығы:

1. Оқушылардың технологиялық мәдениетінің мәні, құрылымдық-мазмұндық компоненті және оны қалыптастыру қисыны (логикасы) мен дамыту дәрежесі нақтыланды.

2. Қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнерінің оқушылардың технологиялық мәдениетін қалыптастырудағы мүмкіндіктері анықталды.

3. Қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнері арқылы оқушылардың технологиялық мәдениетін қалыптастырудың моделі жасалды және оны тиімді жүзеге асырудың педагогикалық шарттары анықталды.

4. Қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнері арқылы оқушылардың технологиялық мәдениетін қалыптастырудың әдістемесі жасалды.

Зерттеудің практикалық маңызы сол, мектеп оқушылары мен оқытушыларына арнап:


  • «Технология» пәні бағдарламасының бөлімдеріне қосымшалар;

  • «Үй тұрмысына қажетті қолөнер түрлері» тақырыбы бойынша үйірме жұмысының жоспары;

  • «Қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнері технологиясының өзіндік ерекшеліктері» тақырыбы бойынша семинар жоспары;

  • Оқу-әдістемелік нұсқаулар жасалды.

Зерттеу нәтижелерін жалпы білім беретін мектептерде, гимназиялар мен лицейлерде жоғары және арнайы орта оқу орындарында, мұғалімдер білігін жетілдіретін мекемелерде пайдалануға болады.

Қорғауға мынадай қағидалар ұсынылады:

1. Оқушы тұлғасының технологиялық мәдениеті дегеніміз – оқушының түрленген іс-әрекетті тиімді жүзеге асырудағы субъективті шарттары болып табылатын жеке басына тән психологиялық ерекшелігі. Ол мотивтер мен құндылықтар жүйесін, қайта өңделген іс-әрекетті жүзеге асыруға қажетті ғылыми және технологиялық білім, іскерлік, дағды жүйесін, сондай-ақ осы іс-әрекетке ендіруге қажетті тәжірибені қарастырады.

2. Қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнерінің мазмұнын жіктемеге келтіріп, сұрыптау оқушылардың технологиялық мәдениетін қалыптастыруда мүмкіндіктерінің жоғары екендігін дәлелдейді.

3. Қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнері арқылы оқушылардың технологиялық мәдениетін қалыптастыру моделі эмоционалдық-мотивациялық, мазмұндық, іс-әрекеттік компоненттері бірлігінде байқалады және нақты өлшемдер, көрсеткіштер мен деңгейлер арқылы сипатталады. Оны жүзеге асыру процесі мынадай педагогикалық шарттарды ескерумен қамтамасыз-дандырылады: а) қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнері мазмұнын оқушының қызығушылығы мен мүмкіндігіне қарай сұрыптау; ә) қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнерін меңгеруде іс-әрекетті саналы түрде орындауға ықпал ететін оқыту формаларын, әдістері мен құралдарын пайдалану; б) қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнерін жасау барысындағы іс-әрекетке қатысушылардың (оқытушы, оқушылар, ата-аналар) өзара қарым-қатынасын ынтымақтастық, өзара көмек принциптеріне негіздей отырып ұйымдастыру.



4. Қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнері арқылы оқушылардың технологиялық мәдениетін қалыптастыру әдістемесі оқушыларды меңгерген білім, іскерлік, дағдысын практикалық іс-әрекеттерде шығармашылықпен пайдалануға бағдарлайды.

Зерттеу негізгі кезеңдері. Бірінші кезеңде (2000-2002 жж.) зерттеудің проблемасы бойынша материалдар жиналып, жүйеге келтірілді, ғылыми аппарат айқындалды, қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнері бойынша озық тәжірибелер жинақталып, қорытындыланды, эксперимент жұмысының бағдарламасы даярланды.

Екінші кезеңде (2003-2005 жж.) оқу-тәрбие процесіне ендірілетін қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнері бойынша материалдар сұрыпталды. Үйірме жұмысының бағдарламасы даярланып, технология пәнінің типтік оқу бағдарламасы мазмұнына ендірілетін материалдар айқындалды, оларды пайдалану әдістемесі жасалды, тәрбие жұмыстарының іс-шаралары жоспарланды. Тәжірибелі-эксперимент жұмыстары жүргізілді, аралық кесінділер алынды.

Үшінші кезеңде (2006-2008 жж.) тәжірибелі-эксперимент жұмысы жалғасын тапты, зерттеу нәтижелері жүйеге келтіріліп, математикалық өңдеуден өтті, қорытынды, ұсыныстар берілді, пайдаланған әдебиеттер жүйеге келтірілді.

Зерттеу нәтижелерінің дәлелділігі мен негізділігі оның әдістанамалық-теориялық негіздерімен, ғылыми ақпараттың логикалық бірлігімен, тәжірибелі-эксперимент жұмысының мақсатына, міндеттеріне мазмұнына барабар кешенді әдістерді пайдаланумен қамтамасыздандырылады.

Зерттеу базасы: Тәжірибелі-эксперимент жұмысы Оңтүстік Қазақстан облысы, Қазығұрт ауданының, П.Тәжібаева және Қ.Әбдалиев атындағы орта мектептерде, Шымкент қаласының №№ 2, 25, 63 орта мектептерінде өткізілді.

Зерттеу нәтижелерін сынақтан өткізу және ендіру. Зерттеудің негізгі нәтижелері Халқаралық және республикалық ғылыми-пактикалық конференцияларда (Шымкент - 2006, 2007, 2008; Тараз – 2007; Көкшетау – 2007), кафедра мәжілісінде (2002-2007) баяндалды, эксперимент барысында жүзеге асты және мерзімді басылымдарда жарық көрген мақалаларда, ғылыми жинақтарда, әдістемелік нұсқауларда көрініс тапты.

Диссертацияның құрылымы. Диссертация кіріспеден, екі тараудан, қорытынды мен пайдаланған әдебиеттер тізімінен, қосымшалардан тұрады.

Кіріспе бөлімде зерттеудің көкейкестілігі, мақсаты, объектісі, пәні, міндеттері, болжамы, әдіснамалық негіздері, әдістері мен негізгі кезеңдері беріледі, ғылыми жаңалығы мен практикалық мәні, қорғауға ұсынылатын қағидалар баяндалады.

«Қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнері арқылы оқушылардың технологиялық мәдениетін қалыптастырудың теориялық негіздері» атты бірінші тарауда «технология», «мәдениет», «оқушылардың технологиялық мәдениеті», «қол өнер» мен «сәндік қолданбалы өнер» түсініктерінің өзара байланысы, зерттеудің теориялық негізі тұрғысында қарастырылады, қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнерінің оқушылардың технологиялық мәдениетін қалыптастырудағы мүмкіндіктері анықталады. Осы өнер түрі арқылы оқушылардың технологиялық мәдениетін қалыптастырудың моделі ұсынылып, оны жүзеге асырудың педагогикалық шарттары айқындалады, проблеманың бүгінгі жағдайы ашып көрсетіледі.

«Қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнері арқылы оқушылардың технологиялық мәдениетін қалыптастыру әдістемесі» атты екінші тарауда қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнері арқылы оқушылардың технологиялық мәдениетін қалыптастырудың мазмұны, формалары мен әдістері беріледі; эксперимент жұмысын ұйымдастыру жолдары мазмұндалып, алынған кесінділердің нәтижелері беріледі.

Қорытындыда зерттеудің нәтижелері, тұжырымдар мен ғылыми-әдістемелік ұсыныстар беріледі.

Негізгі бөлім

Бүгінгі таңдағы жаңа технологиялық кезең әлеуметтік, экологиялық, экономикалық, психологиялық, эстетикалық және т.б. факторлар мен салдарларды ескере отырып іс-әрекеттердің нәтижеге жетудегі тәсілдерін ойлап табуды көздейді. Сондықтан әрбір адам өзінің іс-әрекетіне тәсілдерді ғылыми білімнің негізінде кешенді түрде таңдауы қажет. Ал, бұл болса технологиялық мәдениеттің болуын талап етеді.

Әлеуметтік-философия (Н.Гумилев, В.Бартольд, Н.Сарсенбаев, Ә.Нысанбаев, Ғ.Есім және т.б.), мәдениет теориясы (М.Каган, В.Князев, Ю.Ананьев, В.Межуев және т.б.) психология мен педагогика (Л.Выготский, Қ.Жарықбаев, С.Қалиев, С.Ұзақбаева, Қ,Қожахметова және т.б.) саласындағы еңбектерге жасаған талдаудың нәтижелері технологиялық мәдениеттің мәнін ашуға бағытталған түрлі көзқарастар мен ұстанымдардың бар екенін саралап көрсетуге мүмкіндік береді. Анықтамалардың түрлі көзқараста болуы қарастырылып отырған объектінің көпжақтылығымен түсіндіріледі.

Қазіргі таңдағы технология түсінігі адамның түрлі іс-әрекет саласын, осы іс-әрекет пен соған қажетті техникаға қызмет атқаратын білім жиынтығын көрсететін ерекше бір ұғым. Оны адамның теориялық білімді жүйелі түрде қолданудағы ұтымды іс-әрекетінің тәсілі ретінде сипаттауға болады.

Технология қайсы бір болмасын табиғаттың, әлеуметтік объектілер мен іс-әрекеттер туралы білімді түрлендірудің тиімді әдістері бойынша ғылыми-практикалық білімнің негізгі формасы ретінде алға шыға отырып белгілі мақсатқа жетуді қамтамасыз етеді. Оның әдеттегі ғылыми білімнен ерекшелігі, ол білім ретінде «не» деген, ал технологиялық білім ретінде «қалай» - деген сұраққа жауап береді.

«Технология» ұғымы түрлі іс-әрекет саласында қолданылатындықтан, оған осы жұмысқа байланысты нақты анықтама беру қажеттігі туындайды. Бүгінгі заман әдебиеттерде бұл ұғымды төрт деңгейде қарастыру ұсынылады: философиялық (анықтама өте қысқа нақты беріледі және онда міндетті түрде тектілік белгісінің болуы ескеріледі); пәнаралық (тектіліктен басқа көрнекі белгілері болуы қажет); қортындылау (ең алдымен кішігірім белгілер көрініс алады); эмпирикалық (бұл ерекшеліктер ұғымдарды практика саласында қысқарта пайдалану арқылы толықтырылады).

Біз өз зерттеуімізде «технология» - бұл жоспар бойынша және адамның, қоғамның, табиғатты қорғаудың мүддесіне негізделген болмысты, қуат пен ақпаратты оңтайлы түрлендіріп, пайдаланудағы мәдениет саласы» - деген философиялық деңгейдегі анықтаманы тірек етеміз және қайсыбір технология болмасын жалпыламалық белгілермен (адамдардың кез-келген іс-әрекетінің тәсілі болып табылады; түрлеріндіруші қасиетке ие; практикалық іс-әрекетте ғылыми білімді қолдану нәтижесі болып табылады) сипатталатынына тоқталамыз.

Технологияға көзқарастың өзгеруі мектептегі қазіргі технологиялық даярлықтың ерекшелігін анықтайды. Ол материалдық өндіріс саласына және адамның түрлі іс-әрекетін жүзеге асыруда меңгеретін тәсілдеріне бағытталады. Бұл оқушылардың технологиялық даярлығындағы ерекшеліктерді анықтауды және адамның іс-әрекетіндегі белгілерді ескеруді талап етеді.

Бірқатар еңбектерде (О.В.Ханова, Л.П.Буев, И.В.Стрюковский және т.б.) адамның іс-әрекеті адам үшін сыртқы ортамен қатынасының ерекше тәсілі, оның мазмұны адамның мақсатына қарай түрлеріндіріліп, өзгертіліп отырады. Солардың арасында О.В.Ханова «әрбір іс-әрекет, түрлеріндіруші әрекет болып саналады, кез-келген іс-әрекетті жүзеге асыру үшін белгілі құралдардың көмегімен орындалатындай мақсат қоя білу қажет» екенін ескертеді.

Түрлеріндіру іс-әрекеті көптеген нақты формаларда байқалады және танымдық әрі құрылымдық-бағдарлы іс-әрекет мазмұнына қарама-қарсы келеді. Мысалы, егер танымдық іс-әрекетті объективті шындықты бейнелеу мен көрсету негізінде, білім алу процесі ретінде сипаттау болса, түрлендіру, негізінен жаңа, бұрынғысынан да жақсы өнімді, материалды және идеалды өнімді алуға мүмкіндік береді. Түрлендіру іс-әрекеті еңбекке қарағанда анағұрлым кең көлемде қарастырылады, ол тіпті іс-әрекеттің барлық формасын қамтиды және бұрын – соңды болмаған шынайы, әрі онды өзгеріс жасауға бағыттайды.

«Технологиялық мәдениеттің» тірек ұғымына жақындастыратын көпқырлы «технология» ұғымына жасаған талдау бізге ғалымдардың оған берген тұжырымдамалық тәсілдерін жүйеге келтіруге және оның жалпы белгілері мен мазмұндық сипатын (лингвистикалық, салалық, ғылыми, мәдени, жүйелілік) ашып көрсетуге септігін тигізді.

«Мәдениет» ұғымына келетін болсақ, ол әлеуметті-философиялық білімнің іргелі категориясының бірі болып табылады, оның ғылымда әлі де болса, нақты белгіленген теориялық статусы жоқ екені белгілі.

Әдебиеттерге жасаған талдау, мәдениеттануда зерттеудің екі бағыты қарастырылатынын көрсетеді: қоғамдық (әлеуметтік) мәдениет және тұлғалық мәдениет. Бірінші бағыттың өкілдері, мәдениеттің бейімділік функциясына яғни қоғамның өзін-өзі сақтауы мен дамуына аса назар аударады. Екінші бағыттың өкілдері мәдениеттің тұлғалық саласын зерттейді, адамға қарым-қатынас және іс-әрекет субъектісі ретінде, әрі оның шығармашылық белсенділігі мен өзіндік жетілуіне зейін аударады, мәдениетті тұлғаның өздігінен дамудағы тәсілі ретінде анықтайды. Бұл бағыттар әртүрлі мәдениет иеленуші субъектілерінің мәдени процестерін өзара толықтырады және өзіндік ерекшеліктерін мазмұндайды.

Мәдениет адамның іс-әрекетінің нәтижелері мен тәсілдерінің өзара байланыстылығымен сипатталады. Екінші жағынан, іс-әрекет өзінің барлық түрлері мен формаларында адамның мәдениетті жасау процесін, пайдаланылып жүрген мәдениет формаларын меңгеруін және жаңадан жасауын көрсетеді.

Мәдениет, өз кезегінде аса бір жалпылама формада табиғаттың заңдарына, қоғамның сұранысына және қоғамдық өмір әрекеттерінің мақсаттарына сәйкес әлемді түрлердірудегі іс-әрекеттің қабілеті болып табылады. Осыған орай технология және мәдениет «табиғат – тәжірибе – адам – ғылым...» адам әрекетінің жалпы негіздеріне, олардың техникалық құралдарда, барлық әлеуметтік мәдени білімдерде жүзеге асырулу тәсілдеріне қатысты барлық жүйесімен өзара байланысты.

Мәдениет адамның материалдық-заттық, технологиялық, танымдық және т.б. дүниені меңгерудегі тәсілдердің көпжақтылығын көрсетеді. Ол жоғарыда аталғандармен шектеле қоймайды және жалпылама түрде тәжірибе барысында қалыптасқан және адамның табиғатқа тарихи дамыған көзқарасы, адамның өзіне деген көзқарасының өзгеруі ретінде сипатталуы мүмкін.

Біз авторлардың пікір көзқарастарын мәдениеттің өзіне тән сипатына, басқа ұғымдармен ара қатынасына, белгілеріне, қалыптасуының мүмкіндік шегіне қарай топтастырамыз, мазмұндық сипаттама береміз. Мәдениетті оқып үйренудің негізгі бағыттары (философиялық, антропологиялық, әлеуметтік, интегративтік) мен оқушылардың мәдени ой-өрісін кеңейтудің негізгі бағыттарын (отбасы, орта, мектеп) жүйеге келтіріп, мән-мағынасын ашып көрсетеміз. Мәдениеттің құрамынан технологиялық мәдениетті адамның қоршаған ортаны түрлендірудегі және өзін-өзі түрлендірудегі байланысы ретінде бөліп қарастырамыз.



«Технологиялық мәдениет» түсінігі 1995 ж. Москвада «Технология» бағдарламасының проблемалары, перспективалары, жүзеге асыру және ендіру тәжерибесі» тақырыбына өткен 2-ші халықаралық конференция шешімінде пайда болды. Онда «тұлғаны дамытудың негізгі шарттарының бірі ретінде жастардың технологиялық мәдениетінің қажеттілігін бүкіл әлем мойындайды» делінген.

Педагогикалық әдебиеттерге жасаған талдау оларда тұлғаның жалпы мәдениеті мен оның кейбір компоненттерін (экологиялық, экономикалық, еңбек және т.б.) қалыптастыруға байланысты көптеген материалдардың жинақталғанын, ал тұлғаның технологиялық мәдениеті проблемасының аз зерттелгенін дәлелдейді. Авторлар технологиялық мәдениетті тұлғаның жалпы мәдениетінің бір бөлігі ретінде қарастырады, олардың құрылымдық компоненттеріне тоқталып, оның өзіне тән ерекшеліктерін ашып көрсетеді. Бірқатары «технологиялық мәдениет», «тұлғаның технологиялық мәдениеті» ұғымдарына анықтама береді. Біз оларды жүйеге келтіріп, салыстырмалы түрде сипаттаймыз, сонымен бірге: «Оқушы тұлғасының технологиялық мәдениеті дегеніміз – оқушының түрленген іс-әрекетті тиімді жүзеге асырудағы субъективті шарттары болып табылатын жеке басына тән психологиялық ерекшелігі. Ол мотивтер мен құндылықтар жүйесін, қайта өңделген іс-әрекетті жүзеге асыруға қажетті ғылыми және технологиялық білім, іскерлік, дағды жүйесін, сондай-ақ осы іс-әрекетке ендіруге қажетті тәжірибені қарастырады» - деп өз анықтамамызды береміз.

Технологиялық мәдениеттің құрылымы мен мазмұнын анықтауда біз, ол элементтердің динамикалық жиынтығын құрайды деген түсінікті тірек етеміз.

Технологиялық мәдениетті төмендегідей өзара байланыстағы құрылымдық компоненттер арқылы көрсетеміз: эмоционалдық-мотивациялық, мазмұндық, іс-әрекеттік.

Эмоционалдық-мотивациялық компонент тұлғаның түрлендіру әрекеті процесіне қажетті құндылық бағдарының, мотивтерінің, құзырлық іскерлігі мен адамгершілік-ерік қасиеттерінің кешенімен сипатталады.

Мазмұндық компонент тұлғаның түрлендіру әрекетінің әдістері мен тәсілдері туралы ғылыми және технологиялық білімінің жиынтығын құрайды.

Іс-әрекеттік компонент тұлғаның меңгерген білім, іскерлік, дағдысының негізінде алдыға қойған мақсатқа жетудегі әр түрлі технологияларды пайдалану қабілеті ретінде сипатталады. Диссертацияда аталған компоненттерге жан-жақты талдау беріледі және әр компоненттің мән-мағынасы, мазмұндық сипаты мен өзара байланысы ашып көрсетіледі.

Әдетте тұлғаның маңызды көрінісі, кешенді білімнің – технологиялық мәдениеттің компоненті сияқты ұзақ, адамның өмір бойына қалыптасады. Адам балалық шақтан бастап қазіргі қоғамның технологиялық мәдениетінің даму деңгейін көрсететін нақты білімді, іс-әрекет тәсілдерін меңгере бастайды. Технологиялық мәдениетті балалық шақта қалыптастыру айналадағы адамдарға еліктеуге негізделеді. Мектепке келісімен, бала технологиялық мәдениеттің әртүрлі компоненттерін меңгеруде және қолдануда саналы түрде меңгеріп алуды және белсенділікті талап ететін ортаға түседі. Л.С.Выготскийдің мәдени-тарихи теориясына сәйкес адам онтогенезінде сензитивті кезеңдер болады, осы кезеңде баланың бойында белгілі қасиеттерді қалыптастыру қажет етіледі, егер осы кезеңде қажетті қасиеттер мен сананы бала бойында қалыптастырмаса, онда оны соңында қалыптастыру қиынға соғады, кей жағдайда тіпті оны қалыптастыру мүмкін болмайды. Осыған орай мектептегі білім алу кезеңі тұлғаның технологиялық мәдениетінің негізін құрайтын, тұлғаның адамгершілік қасиеттерін, ойлау логикасын, жалпы еңбектегі іскерлігі мен дағдысын дамытуда аса пайдалы кезең болып саналады. Мектеп бітірушінің технологиялық мәдениетінің жоғары деңгейде қалыптасуы мектепте алған білімінің негізіне байланысты деп сенімді түрде айтуға болады.

Тұлғаның технологиялық мәдениетін қалыптастыру проблемасына кейінгі онжылдықта аса мән берілуде. Алайда бұдан, отандық және шетел мектептерінің тарихында бұл мәселеге бұрын-соңды назар аударылмаған деген ой туындамауы керек. Біздің зерттеуіміз үшін оқушыларды еңбек әрекетіне даярлау мәселесі көрініс алған еңбек тәрбиесі мен оқыту саласындағы жұмыстардың маңызы зор, өйткені тұлғаның технологиялық мәдениеті ең алғаш сол жұмыстарда қарастырылған. Технологиялық мәдениеттің кейбір элементтері экологиялық, экономикалық, адамгершілік, эстетикалық, ақпараттық мәдениетті меңгеруге байланысты мазмұндалған.

«Технология» білім беру саласы оқушыларды практикалық оқытудың жаңа сатысы болып табылады. Бұл пән оқушыларды еңбекке оқытудың бұрынғы дамытудағы бағыттарын оқушыларға қоршаған ортаның техника-технологиялық саласы туралы толық мағлұмат беретін интеграцияланған бір моделіне жинақтайды, технологиялық мәдениетті саналы түрде меңгеріп алуға септігін тигізеді.

Соңғы жылдары «Технология» пәні оқушыларға білім беру саласында қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнерін меңгерту мәселесіне аса мән беріп отыр. Бұл орынды да, өйткені қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнерінің оқушылардың технологиялық мәдениетін қалыптастырудағы мүмкіндіктерді өте жоғары.

«Сәндік-қолданбалы өнер» ұғымы ХХ ғасырдың екінші жартысындағы алпысыншы жылдардың ортасында пайда болды. Бұған дейін ол халықтың қарапайым түсінігінде, «қолөнер» ұғымының аясында қабылданып, пайдаланылып келді. «Сәндік-қолданбалы өнер», «қолөнерінің» өңделіп жетілген формасы іспеттес болғандықтан, екеуін бір-бірінен бөлектеп қарауға болмайды, керісінше, олар бірін-бірі мазмұндық тұрғыда толықтыра түседі. Оны «қол өнер», «сәндік-қолданбалы өнер» ұғымдарына берілген анықтама-түсініктер дәлелдейді. Біз ғылыми еңбектерде осы ұғымдарға берілген анықтамаларды жүйеге келтіреміз және сәндік қолданбалы өнер, өзінің бастауын қолөнерден алады, қолөнер туындыларының ою-өрнекпен әшекейленуі сәндік-қолданбалы өнердің пайда болуына себеп болады, деп ой түйіндейміз. Ғалымдардың (К.Әмірғазин, Е.Асылханов, Қ.Болатбаев, М.Мырзақанов, Ж.Балкенов, С.Жолдасбекова, Ұ.Әбдіғапбарова және т.б.) «сәндік-қолданбалы» өнер түрлері бойынша ұсынған жіктемелеріне де жан-жақты сипаттама беріп топтастырамыз.

Жіктемелердің ішінде біз Ұ.Әбдіғапбарованың жіктемесін толығымен қолдаймыз, өйткені бұл қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнерінің атқаратын міндеттерін толығымен ашып көрсетуге, әшекейлік (ою-өрнектік) мазмұнын бір-бірінен ажыратып көрсетуге, өнер түрлеріне қарай сұрыптап пайдалануға, сәндік-қолданбалы өнер түрлерінің кейбіріне толықтырулар ендіруге мүмкіндік береді. Мысалы, зерттеу мақсатына қарай біз Тоқыма өнері, Киіз өнері Кесте және тігін өнері, Ши өнері топтамалары аясын былайша толықтырамыз: кілем (түкті кілем, тақыр кілем, басқұр, желбау, бау; қоржын, аяқ қап); алаша (қақпа, бұхар, кежім, терме); бізбен тоқу (киім, тұтыну бұйымдары); ілмекпен тоқу. Киіз өнері: киіз (ақ киіз, от киіз; текемет (ақ текемет); сырмақ; аяқ қап, қоржын, жайнамаз. Кесте және тігін өнері: киім тігу, тұрмыстық бұйымдар тігу мен кестелеу түрлері. Ұлттық киімдердің түрлері: ұлттық сырт киімдер: (жадағай, шапан, жарғақ шалбар, күпі, сырмалы шапан, тайжағы, тон, ішік, шапан, шидем); сұлықтар: «аба, кебенек, кенеп, сырттық, шекпен); іш киімдер (бешпент, дамбал, жейде, көйлек, камзол, шалбар, жеңсіз); ерлердің бас киімдері (бөрік, далбағай (жалбағай), жекейтымақ, күлапара, қалпақ, құлақшын, малақай, мурақ, тақия, тымақ, шалма); әйелдердің бас киімдері (тақия, бөрік, сәукеле, жаулық, желек, қасаба, кимешек, қарқара). Төсек жабдықтары: көрпе; шымылдық; төсеніш көрпеше; құрақ көрпе; жапқыш; ақ жайма. Ши өнері: орама ши (алаша ши, есік ши, жолым ши және т.б.); ақ ши (өре ши, мал соятын ши, ас шиі, қазақ ши, киіз басатын ши, қабырға ши және т.б.; шым ши (кілем ши, тұс ши және т.б.); шиден жасалатын тұрмыстық заттар (масахана, шыпта, қабырғалық, терезе жапқыш, шәйнек түп, кесе түп, қазан түп және т.б.).

Қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнерінің бұл түрлерінің өзіне тән мазмұны, ерекшеліктері, әшекейлік ою-өрнектері бар. Ою-өрнек латынның ornament - әсемдеу, сәндеу деген сөзінен шыққан. Оған көптеген ғалымдар (А.В.Филипов, С.В.Иванов, И.Г.Ковалев, К.Е.Ибраева, К.К.Ералин, Ж.Балкенов және т.б.) өздерінің анықтамаларын берген. Олардың бірі «Ою-өрнекті үйлесімділік өнер десе, екінші – символдар байланысы, үшіншісі бейнелеу өнерінің өте ертеден келе жатқан түрі, төртіншісі – адамға қажетті тұрмыстық идеяларды шартты символикалық пішінде суреттейтін бейнелеу өнерінің айрықша түрі, бесіншісі қазақ ою-өрнегі көркем бұйымдарды әшекейлеудің ең басты көркемдік элементі, тағы бірі қазақтың өрнегі – қазақ халқының мәдени жетістіктерінің негізгі бөлігі және заңды жалғасы деп түсіндіреді.

Солардың ішінде «ою-өрнек» ұғымдық мәнін С.Қасиманов, Ұ.Әбдіғапбарова толық ашып көрсетті десе болады. Егер С.Қасиманов: «... «ою» деген сөз бен «өрнек» деген сөздің мағынасы бір. Бұл сөздің ұғымында бір нәрсені ойып, кесіп алып жасау, немесе екі затты оя кесіп қиюластырып жасау, бір нәрсенің бетіне ойып бедер түсіру деген мағына жатады. Қазақ көбінесе бір өрнекке салып қиып алған үлгіні, үлгіге салып кескен сырмақтың қиығын, сондай-ақ барлық қошқар мүйіз өрнектерін де «ою» дейді. Ал «өрнек» дегеніміз әр түрлі ою, бедер, бейненің, күйдіріп, жалатып, бояп, батырып, қалыптап істеген көркемдік түрлердің, әшекейлердің ортақ атауы іспеттес. Сондықтан, көбінесе «ою-өрнек» қосарланып айтыла береді» - десе, Ұ.Әбдіғапбарова: «қазақ ұлттық ою-өрнегі дегеніміз, адам өміріне қажетті заттарды, бұйымдарды, архитектуралық құрылыстарды сәндеуде, халықтың тыныс-тіршілігін, қоршаған ортаға көзқарасын, одан алған эмоционалдық-эстетикалық әсерін және ой-арманын, тілек-мүддесін әсем талғаммен өзара үйлесімділікте бейнелі жеткізуге ықпал ететін нақыштар» - деп ой тұжырымдайды. Екі түсінік те бір-біріне қайшы келмейді, керісінше, бірін-бірі толықтыра түседі, ою-өрнек ұғымынан толық мағлұмат алуға көмектеседі.



Сонымен, сәндік-қолданбалы өнер түрлеріне жасаған талдау оларды технологиялық мүмкіндіктеріне қарай жіктемелеуге (бұйымды жасау үшін қолданылатын материалына қарай, бұйымдарды қолдануына қарай; дайындау әдісіне қарай; көркемдік әшекейленуіне қарай; мағынасына қарай) септігін тигізді.

Әрине, сәндік-қолданбалы өнер бұйымдарының әрбір тобын өз кезегінде көркем кәсібіне қарай бөлуге де болады, өйткені әрбір кәсіптің өзінің өрнегі, түр-түс үйлесімі, жасау әдісі және бұйымды әрлеу мен басқа да ерекше белгілері болады. Біз осының бәрін ескере отырып, сәндік-қолданбалы өнер түрлері – «Тігіс тігу мен кеселеу» және «Кілем тоқу» өнерінің технологиялық жіктемесін жасадық (1-кесте).


1-кесте – Қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнер түрлері – «Тігіс тігу мен кестелеу» және «Кілем тоқу» өнерінің технологиялық жіктемесі (үлгі ретінде)

Сәндік-қолданбалы өнер түрлері

Технологиялық мүмкіндіктері

Жіктелуі


Тігіс тігу және кестелеу өнері

Пішілуіне байланысты

Сәндік пішінді (киімнің қосымша бөліктері, кесе қап және т.б.)

Тік пішінді (ақ жайма, тұс кесте, дастархан, тұтқыш және т.б.)






Қолданылуына байланысты

Сәндік бұйымдар (шымылдық, жапқыш, сүлгі, тұс кесте, сәндік панно және т.б.)

Сыйлықтық бұйымдар (кітап арасына салатын тілше, қолдорба, әмиян, орамал, нышандық белгілер және т.б.)

Тұрмыстық бұйымдар (киім-кешек, ас-үй жабулары, төсек орын, жастық тыс, жапқыштар және т.б.)


Материалына байланысты

Мақта, кенеп, жүн, жібек, аралас, синтетикалық

Ою-өрнегіне байланысты

Ғарыштық, геометриялық, өсімдік тектес, хайуанаттық

Түсіне байланысты

Бір түсті, екі түсті, үш түсті, көп түсті

Өңделуіне байланысты

Айқас кесте, шым кесте, біз кесте, торлап тігу және т.б.

Кілем тоқу өнері

Көлеміне байланысты

Шаршы кілем, үлкен кілем, шағын кілем, қос гүлді, үш гүлді, қос күмбезді, бес күмбезді

Қолданылуына байланысты

Тор кілем, жайнамаз кілем, төсек кілем, нар кілем, қабырға кілем, бөстек кілем, қоржын кілем

Материалына байланысты

Жібек, жүн, мақта, синтетикалық

Өңдеуіне байланысты

Түкті кілем, тақыр кілем, шашақты кілем, қалы кілем, жұлқыш кілем, оқалы кілем, алаша кілем және т.б.

Ою-өрнегіне байланысты

Қыпшақ кілем, поднос кілем, шатыр гүл, жолақ, оюлы кілем және т.б.

Түсіне байланысты

Ақ, қызыл, жасыл, қара, құлпырма, ақ сирақ және т.б.

Шығу тегіне байланысты

Арабы, бұқар, адай, ашхабад, әндіжан, парсы, түркмен, орыс, Алматы кілем және т.б.

Жіктеме бізге сәндік-қолданбалы өнер түрлерінің тұлғаның технологиялық мәдениетін, нақтырақ айтсақ, көркемдік-эстетикалық, конструкторлық, ақпараттық, технологиялық өңдеу, кәсіпкерлік, экологиялық, экономикалық, шығармашылық, тәрбиелік мәдениетін кешенді түрде қалыптастырудағы мүмкіндіктерін анықтауға көмектесті (2-кесте).

2-кесте – Қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнерінің тұлғаның технологиялық мәдениетін қалыптастырудағы мүмкіндіктері.




Технологиялық мәдениет түрлері

Қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнерінің технологиялық мәдениетті қалыптастырудағы мүмкіндіктері

Қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнерінің технологиялық мүмкіндіктерінің жіктемесі

Көркемдік - эстетикалық

Сәндік-қолданбалы өнер түрлерін эстетикалық талғаммен қабылдауға үйретеді, материалдардың түрін, түсін, бояуын, формасын үйлесімділікте таңдауға дағдыландырады, бұйымның композициялық шешімінің әсерлі де әсем болуын талап етеді

Көркемдік-бұйымды жасауда қолданылатын материалына қарай: ағаштан, металдан, сүйектен, мүйізден, тастан, керамикадан, шыныдан, теріден, тоқыма жіптен, матадан, былғырыдан жасалатын көркемдік бұйымдар және т.б.

Көркемдік бұйымның қолданылуына қарай: күнделікті тұтынатын бұйымдар (ыдыс, кесетін тақтай, асхана жиынтығы, жиһаз және т.б.) Сәндік бұйымдар (кілем, алаша, басқұрлар, текемет, сырмақ, әйелдер, ерлер киімдері және т.б.). Әшекей заттар (сырға, жүзік, білезік, алқа және т.б.) және сыйлық заттар (төс белгілер, шақша және т.б.)

Көркемдік бұйымды дайындау әдісіне қарай: құйма, шекіме, дәнекерлеу, ойылған, ағаш ұқсату, темір ұсату, бізбен тоқу, өру, тоқу, кестелеу, үрлеу, басылу, күйдіру, балқыту, металды иіп өрнектеу, өрмек тоқу, ши орау, сымақ сыру, шілтер шалу, жүн сабау, арқан есу және т.б.

Көркемдік бұйымның әшекейленуіне қарай: бедерлеу, бетін өрнектеу, ойма-нақышты, бастырмалау, шекімелі, күйдірілген, жазба, егелген және т.б.

Көркемдік бұйымның мағынасына қарай: ертегі мен батырлар жырына тарихи оқиғалар мен қазіргі шындыққа негізделген көріністер; өсімдік және жануарлар әлемін бейнелетін көріністер; ою-өрнек түрлерінің сипаты

Конструкторлық

Сәндік-қолданбалы өнер түрлерінің эскизін сызуға модельдеуге үйретеді, қиып-пішуге дағдыландырады

Ақпараттық

Сәндік-қолқолданбалы өнер түрлерінің шығу тарихымен таныстырады, сәндік-қолөнер түрлерінің ою-өрнектерінің композициялық шешімінен мәліметтер береді, оларды жинақтауға, зерттеуге бағдарлайды

Техникалық-технологиялық

Сәндік-қолданбалы өнер бұйымдарын әзірлеуде қолданылатын техникалық құрал-жабдықтармен таныстырады, оларды орынды пайдалануға үйретеді, техникалық құралдарды ұжым болып пайдалануға дағдыландырады

Кәсіпкерлік

Сәндік-қолданбалы өнер бұйымдарына тұтыншылардың сұранысын анықтауға, сұранысын қанағаттандыруға үйретеді, бұйымдардың сапасын арттыруға, өнімді тауар шығаруға дағдыландырады, жасаған бұйымдарын бағалай білуге үйретеді

Экологиялық

Сәндік-қолданбалы өнер түрлерін жасауға қажетті материалдардың таза, табиғи, адамның ден-саулығына зиянды болмауын ескертеді, материалдарды тазарту, өңдеу технологиясын меңгертеді

Экономикалық

Сәндік-қолданбалы өнер бұйымдарын әзірлеуге кететін материалдар мен уақытты үнемдеуге үйретеді, жұмыс күшінің шығыны, бұйымның сатылу бағасы мен өзіндік құны туралы мағлұмат береді, білімі мен іскерлігін шыңдайды

Шығармашылық

Сәндік-қолданбалы өнер бұйымдарын жасауда шығармашылық ізденіске итермелейді, өзінің айтайын деген ойын үйлесімділікте бұйым бетіне түсіре білуге көмектеседі, өзіне деген сенімін арттырады

Тәрбиелік

Сәндік-қолданбалы өнер бұйымдары сапасын бақылауға, еңбек барысын жоспарлауға, жұмыс орнын ұйымдастыруға, технологиялық тәртіпке дағдыландырады. Халықтың дәстүрлі еңбек тәрбиесіне сыйластық көзқарасты қалыптастырады

Мысалы, қазақ халқы киіз, текемет, сырмақ, түс киіз және т.б. бұйымдарға ою, өрнек түстерін орналастырғанда өзіндік ережеге сүйенген, олардың бояуын белгілеуде үлкен жауапкершілікпен, талғаммен қараған. Қыздардан бояулар үйлесімділігін нәзік сезінуді, кескіндеменің заңдарын түсінуді, геометриялық сызықтар мен фигураларды білуді, табиғаттың табиғи формаларын түсінуді талап еткен. Түс киіздің бірнеше түрлерін меңгерткен (алуан түрлі ою-өрнек түсірілгені, жібек жіппен кестеленгені, зер жіппен гүл, өрнек түсірілгені, оқаланғаны, төңірегіне құндыз ұсталғанды, кей жеріне алтын, күміс теңгелер мен меруерт маржан қадалған аса қымбат түскиіздердің ортасына жолбарыс, ілбіс, қабылан, сілеусін және т.б. аң терілерін жапсырған түрлері). Ал бұл болса, біріншіден, қыздардың көркемдік-эстетикалық талғамын дамытқан, екіншіден, конструкторлық білімнің элементтерін меңгерткен, үшіншіден, экономикадан түсінігін жетілдірген, төртіншіден, шығармашылық қабілеттерін шыңдаған, бесіншіден, рухани-адамгершілік қасиеттерін қалыптастырған. Бұның бәрі нәтижесінде технологиялық мәдениеттің негізін құрған.

Сәндік-қолданбалы өнер түрлерінің технологиясын меңгертуде қазақ халқы нақты қағидаларды (еңбек түрлеріне баланы жастан баулу, оларға сыйластық көзқарасты қалыптастыру, еңбек түрлерін біріндеп күрделендіріп отыру ұжыммен бірлесе отырып еңбек етуге баулу және т.б.), педагогикалық принциптерді (халықтық, табиғилық, көрнекілік, түсініктілік, жүйелілік, бірізділік, жас және дара ерекшеліктерін ескеру, өмірмен байланыстылық және т.б.) тірек еткен. Әртүрлі әдіс-тәсілдерді (көрсету, түсіндіру, әңгімелеу, тапсырма беру, жаттықтыру, сендіру, сенім арту, мақтау, мадақтау, марапаттау, түзеу, бағалау, қолдау, ынталандыру және т.б.) пайдаланған. Тәрбие құралдарының міндетін халықтың ауызекі шығармашылығы, салт-дәстүрлер, мерекелер, ұлттық ойындар және т.б. атқарған. Олар балалар мен жеткіншектердің логикалық ой-өрісінің, дүниетанымының, эстетикалық талғамының, адами асыл қасиеттерінің дамуына, рухани-мәдениетінің, технологиялық мәдениетінің қалыптасуына үлкен септігін тигізді, еңбек технологиясының ереже-талаптарын меңгеруге көмектесті.

Қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнері өзінің тәрбиелік мүмкіндіктерін бүгін де жоғалтқан жоқ, керісінше, заман талабына қарай, оның көкейкестілігі бұрынғысынан да артып отыр. Оны өнертану, педагогика ғылымдары саласында жарық көрген еңбектер дәлелдеуде. Ол туралы біз жоғарыда айтып өттік. Ал жалпы орта білім беретін мектептің 5-9 сыныптарына арналған «Технология» пәні бағдарламаларына (2004, 2006 жж.) жасаған талдау болса, қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнерінің оларға оқушылардың жалпы танымдық көзқарасын дамыту, түсінік беру, таныстыру мақсатында ендіріліп отырғанын, технологиялық мәдениетін қалыптастыру мақсатында қарастырылмағанын көрсетеді.

Біздің пайымдауымызша, бағдарлама бөлімдеріне қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнерін көбірек ендіріп, оның өзіндік ерекшеліктерімен, мазмұнымен, балалар мен жеткіншектердің технологиялық мәдениетін қалыптастырудағы мүмкіндіктерімен, оларды жасау технологиясымен оқушыларды таныстыру орынды болады. Еңбекке оқыту мен тәрбиелеудің мазмұны қазақ халық педагогикасы материалдарына, соның ішінде қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнеріне негізделуі қажет. Бұл біріншіден, халықтың сәндік-қолданбалы өнер түрлерінің қағидаларын зерделеудегі сабақтастықты қамтамасыздандырады, екіншіден, әрбір сынып оқушылары үшін меңгерілетін сәндік-қолданбалы өнер түрлерін олардың күрделілігіне, жасалу технологиясына қарай, айқындауға, іс-әрекеттерде кездесетін жалпыламалық әдіс-тәсілдерді, білім, іскерліктерді саралап көрсетуге, оларды еңбектің жаңа бағытында, бүгінгі күннің талабын ескере отырып жаңа технологияда пайдалануға мүмкіндік береді.

Сонымен бірге, оқу әрекеті теориясының мақсатты бағыттылығына сәйкес (П.Я.Гальперин, Д.Б.Эльконин және т.б.) оқыту басынан бастап, негізгі мазмұны ғылыми біліммен байланысты болуы үшін ғылыми-теориялывқ әрекеттің сипатын ұстануы керек. Оқушылардың технологиялық тапсырмаларды саналы түрде орындау барысында қолданған тапсырмаларына жасаған талдауды негізге ала отырып, технологияны меңгерту бағыты мен политехникалық сипаттағы мәліметтерді сұрыптаудағы, жүйелеудегі әртүрлі ұстанымды ескере отырып және іс-әрекет теориясына негізделген осы мазмұнды оқушылардың технологиялық даярлығы тұрғысында қарастыра отырып, оқу мазмұнының құрылымында мыналарды қарастыру қажет:

- сәндік-қолданбалы өнер түрлеріндегі еңбек нәтижесінің өзіндік ерекшелігі туралы функционалды білім;

- жұмыс барысында қолданылатын сәндік-қолданбалы өнер түрлері. Олардың қасиеттері, шығу тарихы, көркем қолөнерде немесе үй шаруашылығы мен халық шарушылығында пайдалану;

- сәндік-қолданбалы өнер түрлерін даярлайтын құрал-жабдықтар. Олардың міндеті, мақсаты, пайдалану бағыттары, жұмыс тәсілдері. Еңбектегі қауіпсіздік. Тарихи мағлұматтар;

- өнімдерді өндіру процесінде жүзеге асырылатын сәндік-қолданбалы өнерге қажетті шикізаттардың, материалдардың жағдайы немесе өзгеріске түсетін формалары мен қасиеттерінің тәсілдері мен амал-жолдары;

- сәндік-қолданбалы өнер түрлерін даярлау барысында жұмыс процесін ұйымдастыру. Адамдардың еңбек әрекеті, олардың қазіргі өндірісте пайдаланылатын сәндік-қолданбалы өнер түрлеріне деген көзқарасы;

- технологиялық құжаттар. Оларды өңдеу және жұмыс процесінде пайдалану;

- сәндік-қолданбалы өнер түрлеріне байланысты еңбек әрекетіне оңтайлы амал-жолдарды таңдауға ықпал ететін ғылымға негізделген (экономика, экология, эргономика, дизайн, графика және т.б.) білім элементтері.

Бұл технология сабағында қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнер түрлерін, оның технологиясын оқушыларға бірізділікте меңгертуде көмектеседі. Еңбекке баулудағы оқу мазмұнының сабақтастығы технологиялық процестердің типтеріне, пайдаланылатын сәндік-қолданбалы өнер материалдарының өзіндік сипаты мен жасалу тәсілдеріне қарай негізделуі керек. Оқушылардың технологиялық мәдениетін қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнері арқылы қалыптастыру процесі оның мазмұнын нақтылауды талап етеді. Біз теориялық бөлімде берілген қағидаларды негізге ала отырып технологиялық мәдениеттің мазмұндық компоненттерін саралап аламыз: эмоционалдық-мотивациялық, мазмұндық, іс-әрекеттік. 5-9 сынып оқушыларының жас және психологиялық ерекшеліктерін ескере отырып әрбір компоненттің мазмұнына тоқталамыз.

Сәндік-қолданбалы өнер түрлері мазмұнын сұрыптауда біз дидактикада қалыптасқан принциптермен бірге (жүйелілік, түсініктілік, көрнекілік, ғылымилық, саналылық, бірізділік, белсенділік) қазіргі теория мен практикада сирек пайдаланылатын, сәндік-қолданбалы өнер түрлері арқылы оқушылардың технологиялық мәдениетін қалыптастыруда тиімді нәтиже беретін жаңа принциптерге де (дамыту принципі, әлемдік бейненің тұтастық принципі, мәдениетке сәйкестілік принципі, технологиялық білім беру мазмұнының вариативті принципі, проблемалық принцип) аса мән береміз.

Қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнері түрлерін меңгерту процесінде оқушылардың технологиялық мәдениетін қалыптастыру мақсатында әртүрлі әдіс-тәсілдерді (сөздік, көрнекілік, аудиокөрнекілік, практикалық, салыстыру, теңестіру, ақпараттық, эвристикалық, қорытындылау, іздестіру және т.б.) пайдаланамыз. Осы жоғарыда айтылғандарды негізге ала отырып оқушылардың қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнері арқылы технологиялық мәдениетін қалыптастыру моделін ұсынамыз. Модельдің аясында мақсаты, компоненттері, сәндік-қолданбалы өнер түрлері, өлшемдер, көрсеткіштері, деңгейлері, принциптері, педагогикалық шарттары қарастырылады (1-сурет). Өлшемдер, көрсеткіштер және деңгейлер 3-кестеде толық көрініс алады.



Оқушының технологиялық мәдениетін қалыптастыру мақсатында қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнерін оқытуды ұйымдастыру: мұғалімді оқушылардың ақыл-ойы мен практикалық іс-әрекетін белсендендіретін және олардың жүзеге асуын қамтамасыздандыратын оқыту формаларына, әдістеріне бағдарлауға; оқушылардың қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнерін үйрену барысындағы іс-әрекетін ұйымдастыруда орындаушылық іс-әрекетінің шығармашылық ізденіспен ұласуына; қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнерін үйрету процесінде технологиялық мәдениеттің барлық компоненттерін дамытуға; оқушыларды қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнер түрлерімен жұмыс жасауда мақсат қоя білуге, ақпарат алып, оған талдау бере білуге, жұмыс сапасының өлшемдерін анықтауға, техникалық құжаттарды жасауға қажетті материалдарды, құрал-жабдықтарды сұрыптауға, жоспарды құра білуге, технологиялық тапсырмаларды ұйымдастыруға және орындауға, іс-әрекет нәтижелерін бағыттап, бақылауға, өзіндік талдау мен өзіндік баға бере білуге үйретуде; қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнер түрлерін жасау процесінде оқушылардың оған деген қызығушылығын, сұранысын арттыруға, онымен әсерленуіне; қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнер түрлерін меңгеру барысындағы іскерлігі мен дағдысын мақсатты бірізділікте, кезеңдеп қалыптастыруға; мұғалім, оқушылар мен ата-аналардың ынтымақтастық қарым-қатынаста, ынтымақтастық шығармашылыққа жұмыс жасауына; мұғалімнің оқу материалдары мен қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнер түрлерін оқыту әдістемесін ұдайы жаңартып, жетілдіріп отыруына ықпал етті.

Тәжірибелі-эксперимент жұмысы Оңтүстік Қазақстан облысы, Қазығұрт ауданы, П.Тәжібаева орта мектебі, Қ.Әбдалиев атындағы орта мектебі мен Шымкент қаласының № 2, 25, 63 мектептерінде үш кезеңде (анықтау, қалыптастыру, бақылау) өткізілді. Экспериментке 168 оқушы қатысты, оның 83 эксперимент тобында, 85 бақылау тобында болды.




Қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнерін меңгертуді ұйымдастыру кезеңдері

Ұйымдастыру-даярлық



Көркем -конструкторлық

Технологиялық

Қорытындылау

Формалары



Әдіс-тәсілдері

Құралдары



Қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнері арқылы оқушылардың технологиялық мәдениетін қалыптастыру өлшемдері мен көрсеткіштері




Қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнері арқылы оқушылардың технологиялық мәдениетін қалыптастыру деңгейлері

Жеткілікті



Жоғары

Төмен

Орта


Нәтижесінде: қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнері арқылы оқушылардың технологиялық мәдениеті қалыптасады

1-сурет - Қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнері арқылы оқушылардың технологиялық мәдениетін қалыптастыру моделі



3-кесте – Қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнері арқылы оқушылардың технологиялық мәдениеті қалыптасуының өлшемдері, көрсеткіштері және деңгейлері


Компоненттері

Өлшемдері

Көрсеткіштері

Деңгейлері

Жоғары

Жеткілікті

Орта

Төмен

Эмоционалдық-мотивациялық

Қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнеріне қызығушы-лығы

Қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнер түрлерін қажетсінуі, қызығушылығы, өмірдегі мәнін түсінуі, эмоционалдық сезіммен қабылдауы, оны үйренуге ерік-жігерінің болуы, ұжымда өнер түрлерін жасауға байланысты берілген тапсырмаларды орындауы

Қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнеріне қызығушылығы өте жоғары, эмоционалдық сезіммен қабылдайды, оны үйренуде белсенділік көрсетеді, ұжымда берілген әртүрлі тапсырмаларды сапалы, тиянақты орындайды

Қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнеріне қызығушылығы жоғары, жақсы әсермен қабылдайды, оны үйренуге талпынады, ұжымда берілген әртүрлі тапсырмаларды орындайды

Қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнеріне қызығушылығы бар түсінікпен қабылдайды, оны үйренуге ішінара талпынады, ұжымда берілген әртүрлі тапсырмаларды мұғалімнің көмегі арқылы орындайды

Қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнеріне қызықпайды, оны үйренуге талпынбайды, берілген тапсырмаларды орындай алмайды, оқушылармен бірлесіп жұмыс істей алмайды

Мазмұн-дық

Қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнерінен білімі

Қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнері түрлерін білуі, түсінуі, мазмұнымен таныс болуы, оларды жасау технологиясынан білімінің болуы

Қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнері түрлерін, оның мазмұнын, жетік меңгерген, жасалу технологиясынан білімі жоғары

Қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнері түрлерін де, оның мазмұнын да біледі, жасалу технологиясын меңгерген

Қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнері түрлерін атай алады, мазмұнын, жасалу технологиясын жүзеге асыруда мұғалімнің көмегін қажет етеді

Қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнері түрлерінің кейбірін біледі, мазмұндық сипат бере алмайды, жасалу технологиясын білуге талпынбайды

Іс-әре-кеттік

Қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнерінен практика-лық іскерлігі мен дағдысы

Қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнерінен алған білімін практикада қолдана білуі, өзін-өзі бақылай білуі, технологиялық тапсырмаларды орындауы, жоспар құра білуі, шығармашылық қабілет танытуы

Қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнерінен практикада еркін қолданады өзін-өзі бақылай білу дағдысы жақсы дамыған, жоспарды және технологиялық тапсырмаларды сауатты орындайды, шығармашылық қабілеті жоғары

Қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнерінен алған білімін практикада қолдана алады, өзін-өзі бақылай алады, жоспар мен технология тапсырмаларды орындайды, шығармашылық қабілет танытады

Қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнерінен алған білімін өзіне таныс ортада ғана пайдаланады, өзін-өзі соңғы нәтижеде ғана бақылайды, технологиялық тапсырмаларды орындауда ішінара қателіктер жібереді мұғалімнің көмегі мен жоспар құрады, кейбір кезеңдерде шығармашылық ізденіс танытады

Қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнерінен меңгерген білімін практикада ұдайы қолдана алмайды, өзін-өзі бақылау дағдысы дамымаған, технологиялық тапсырмаларды жасауда қателіктер жібереді

Анықтау экспериментінің нәтижесі оқушылардың қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнері түрлерінен білімінің төмендігін, «Технология» пәні сабағында сәндік-қолданбалы өнер түрлерінің технологиясын жан-жақты меңгеруге, технологиялық мәдениетті қалыптастыруға байланысты жұмыс формалары мұғалімдердің бұл саладан арнайы даярлықтарының жоқтығына байланысты ішінара қарастырылатынын көрсетеді.

Бұны мұғалімдердің сауалнамаларға берген жауаптары дәлелдейді. Мысалы, «Технология» пәні бағдарламасында берілген қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнері технологиялық мәдениет проблемасын толығымен шеше алады деп ойлайсыз ба?» деген сауалға: 15% - «иә», 52% - «жоқ», 20% - «ойламаппын» деп жауапсыз берсе, 10% - сұрақты жауап қалдырды. Мұндай көрініс мұғалімдердің бағдарламаға енгізілген тақырыптармен ғана шектелетінін, оқушылардың технологиялық мәдениетін қалыптастыру мәселесінің шешімін өздігімен дербес іздестірмейтіндігінен туындап отыр. Сынып жетекшілерінің тәрбие жұмыстарына жасаған талдау да қарастырылып отырған мәселеге аса мән бермейтінін айғақтайды.

Біз осының бәрін ескере отырып оқушылардың технологиялық мәдениетін қалыптастыру мақсатында бүгінгі негізге алынып жүрген 8-ші сыныпқа арналған «Технология» пәні бағдарламасының «Сәндік-қолданбалы өнер элементтері. Тігін бұйымдарының сән үлгілері», «Түксіз кілем тоқу» бөлімдеріне педагогикалық талаптарды, оқушылардың меңгеретін білім, іскерлік, дағдысын ескере отырып қосымшалар жасадық. Бұл бөлімдерге не бәрі 16-20 сағат көлемінде уақыт бөлінетіндіктен (бұл әрине аз) біз қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнері түрлерін оқушыларға меңгертуді үйірме сабағы арқылы жүзеге асыруды жөн көрдік. 5-9 сыныптармен кезеңдеп өтетін үйірме жұмысының жылдық жоспарын жасадық.

Бағдарламаларға ендірілетін сәндік-қолданбалы өнер түрлері тақырыптарының мазмұнын нақты өлшемдер арқылы (қарастырылатын мәселенің баланың жасына қарай түсінікті болуы, көркемдік құндылығы, орындалу технологиясының жеңілдігі) сұрыптадық.



Қалыптастыру эксперименттің бірінші кезеңінде «Технология» пәні бағдарламасының бөлімдеріне арнап жасаған қосымшалар жүзеге асты. Оқушылардың анықтау эксперименті кезінде берген жауаптарының нәтижесі, ұсыныстары ескерілді, сабақты меңгеру барысында киім тігу, кілем тоқу технологиясына, аса назар аударылды. Оқушылардың техникалық-технологиялық білімі мен іскерлігін дамытуға байланысты жұмыстар жүргізілді. Қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнері арқылы оқушылардың технологиялық мәдениетін қалыптастыру моделін кезеңдеп жүзеге асыратын (ұйымдастыру даярлық кезеңі, көркем-конструкторлық, технологиялық кезең, қорытынды кезең) сәндік-қолданбалы өнер бұйымдарын жобалау кезеңдері айқындалды (2-сурет). Бұл кезеңдер оқудың барлық сатыларынан өтеді, оқушылардың дербестілік деңгейі мен оқу материалының күрделілігі сыныптан-сыныпқа өсіп отырады. Сәндік қолданбалы өнер технологиясы іс-әрекеттің нақты нәтижесін, оқушылардың танымдық және әлеуметтік қызығушылық бағдарын болжайтын практикалық-бағдарлық тәсілге негізделеді.

Жұмыс барысында халықтың тәрбие құралдары, әдіс-тәсілдері кең көлемде пайдаланылды. Халықтың ауызекі шығармашылығындағы (ертегілер, жұмбақтар, мақал-мәтелдер, әндер және т.б.) көріністер, мысалы, «Ақылды қыз», «Жігіт пен өнерлі қыз» ертегілеріндегі тігін, кесте өнерін жетік меңгерген зерек қыздардың іскерлігі, жасаған заттарының әсерлілігі, өрнектілігі, бояуының қанықтылығы мен үйлесімділігі оқушыны өзінің жоғары эстетикалық талғамымен қызықтырып, эмоционалдық сезіміне әсер етсе, «Ермек» ертегісіндегі Ермек есімді кісі қызының шеберден тігін өнерін үйреніп, өздігімен жіп, мата сатып алып, кестелеп-өрнектеп, киім тігуі еңбектің арқасында үлкен жетістікке жетіп, «шебер» атануы оқушының еңбекке деген көзқарасының, дұрыс қалыптасуына, адами қасиеттері мен шығармашылық қабілеттерінің дамуына үлкен септігін тигізді. «Өнеріне қарай өрнегі», «Өнерлінің өрісі кең», «Өнер – ағып жатқан бұлақ, білім – жанып жатқан шырақ», «Өнерлі қол – бақытқа жол», «Өнерлінің қолы алтын, өлеңшінің сөзі алтын» деген мақал-мәтелдер оқушыларды «өнерді», «қолөнерді» бағалауға, оған құрметпен қарауға үйретті.


Сәндік-қолданбалы өнер бұйымы шешімінің тиімділігі



жүктеу 0,63 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау