Рахымбаев А. Б., Сабатаева Б. О



жүктеу 1,91 Mb.
Pdf просмотр
бет16/39
Дата14.11.2018
өлшемі1,91 Mb.
#19562
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   39

реттеу  мекемелері,  тұтынушылар  жəне  бəсекелестер  жатады.  Жанама 
əсер ету ортасы операцияға тура, тез əсер етпейді, бірақ сонымен қатар 
аздап:экономиканың 
жағдайы, 
ғылыми 
техникалық 
прогрес,  
əлеуметтік  мəдени,  саяси  өзгерістер,  ұжымдағы  көзқарастың  əсері, 
ұйым үшін болып жатқан əсерлерден басқа елде түсіндіріледі. Ұйымға 
көптеген ішкі факторлар əсер етуі мүмкін. 
1. Факторлардың байланысы: күштің бір факторының өзгеруі басқа 
факторларға əсер етеді. 
2.  Күрделілігі:  ұйымға  маңызды  əсер  ететін  факторлардың  саны 
мен əр түрлілігі. 
3. Жылжуы: орта өзгеруінің шартты түрдегі жылдамдығы. 
4.  Белгісіздік:  ақпараттың  орта  туралы  шартты  түрдегі  саны  жəне 
оның нақты болуында сенімсіздік. 
Басқарудың  теория  мен  жаттығусында  үлкен  маңызды  орынды 
механикалық  жəне  органикалық  ыңғайлар  алады. «Механикалық» 
терминнің 
ұйымға 
қолданылуы 
өндірістік 
операцияларға 
қолданылатын  машиналық  механизм  тəрізді  жобаланған  жүйемен 
ассоциацияланады. «Органикалық» 
термині 
механикалық 
құрылымның  кемшіліктерін  толықтыратын  ұйымға  тірі  организмнің 
сапасын береді. 
Механикалық  құрылымдар  шешімді  қабылдауда  жұмыстар 
белгіленген 
жауапкершілікпен 
жəне 
ұйымда 
қатаң 
билік 
иерархиясымен  орталықтандырылған.  Формальды  ережелер  мен 
процедураларды  экстенсивті  қолдануымен  сипатталады.  Мұндай 
сипаттаулармен рутинді технология қолданылса, сыртқы орта күрделі 
жəне  динамикалы  болмаса,  ұйым  тиімді  жұмыс  істей  алады.  Қазіргі 
автомобильді  өндіріс  механикалық  құрылым  шеңберінде  тиімді  бола 
алады.  Автомобильді  өндіріс  технологиясында  айқындылықтың 
жеткілікті  дəрежесі  жəне  соңғы  он  жылдықта  аз  өзгеріс  болған  бұл 
өндірістің ішкі ортада қақтығысатын мəселелері жетерлік. 
Көп  мамандар: «Механикалық  ыңғай  веберлік  бюрократиялық 
ұйымға  синоним  болып  табылады», – деп  санайды.  Неміс  экономисі 
жəне  социологі  М.  Вебер  ғасырдың  басында  бюрократия  ұйымның 
ұйым ретінде түсіндіріп келесідей сипаттамалар берген: 
1.  Ұйым  жұмысшылардың  тəртібін  бақылау  үшін  жоғары 
басшылықпен арнайы бекітілген ережелер мен процедураларға сəйкес 
жұмыс істейді. 
2.  Басшылар  шешімді  қабылдаағанда  өзінің  қалауымен  емес, 
формальды ережелер мен процедураларға сəйкес жүріп отыру керек. 
3.  Жұмыскер  басқарушылық  қызметте  отырған  адамға  емес, 
басқарушылық қызметке бағынуы тиіс. 
 
50


4. Əр жұмыскер жұмыста тар мамандандырылады. 
5. Ұйым қатаң иерархиялық принциппен құрылған жəне əр төменде 
тұрған деңгей жоғарыда тұрған деңгейдің бақылауы мен басқаруында 
болады. 
6.  Кадрларды  тəуелсіз  жұмысқа  алу  шеңберінде  профессионалды 
қызметі бойынша таңдайды. Қызметке таңдайды жəне тағайындайды. 
7. Кадрлардың қызмет баспалдағы бойынша алға жылжуы жоғары 
тұру  немесе  жеткен  жетістіктермен  іске  асырылады.  Алға  жылжу 
бойынша шешім жоғарыда тұрған басшылықпен қабылданады. 
8. Ұйымда бір тұлғаның екі қызметті бірге алып жүруіне болмайды. 
Басшы  басқалары  сияқты  тəртіптің  ережелеріне  жəне  бақылауға 
бағынады. 
Көп  жағдайда  «бюрократия»  сөзі  қатаңдықпен,  қағаздың 
көптігімен,  тиімсіздігімен,  компетентсіздігімен  ассациациаланады. 
Негізінде  бюрократиялық  модельде  бұл  теріс  құбылыстар  белгілі  бір 
шарттарда  болады.  Бюрократиялық  жүйе  өзінің  артықшылықтарын  –
əмбебаптығын  өнімділігін  мынандай  шарттарда  іске  асыра  алады: 1) 
ұйымдағы  жалпы  мақсаттар  мен  тапсырмалар  белгілі  болады; 2) 
ұйымдағы  жұмыс  бөлек  операцияларға  бөлінеді; 3) ұйымның  жалпы 
мақсаты  орталықтандырылған  жоспарлау  негізінде  өзгертуге  болатын 
қарапайым  болуы  керек; 4) жеке  тұлғамен  жұмыстың  орындалуы 
өлшенуі  мүмкін; 5) марапаттау  жұмыскерді  мотивациялайды; 6) 
басшының билігі заң сияқты мойындалады. 
Органикалық ұйымдар формальды ережелер мен процедуралардың 
əлсіз  немесе  аз  қолдануымен,  орталықтандырылған  немесе  шешім 
қабылдауда 
қатысумен, 
жұмыстағы 
жауапкершілікті 
кеңінен 
анықтауымен,  билік  құрылымының  икемділігімен  жəне  иерархияның 
деңгейінің  аздығымен  сипатталады.  Бұл  ыңғай  өзінің  тиімділігін 
технология  қолданған  кезде  жəне  күрделі  динамикалық  ішкі  өзгеріс 
болған жағдайда көрсетеді. Бүгінгі күнде органикалық ыңғайды тиімді 
қолдануының  классификациялық  мысалы  электронды  техника  өндіру 
мен жоғары техникалы өндіріс болып саналады. Мамандар электронды 
өндірістің технологиясы, тіпті əр апта сайын өзгеретінін мойындайды. 
Жақсы  қадаммен  жоғары  технологиялы  өндіріспен  байланысы  ішкі 
орта өзгеріп жатыр. 
Органикалық  ұйымдар  жаңа  жағдаймен  жақсы  байланыста  бола 
алады, икемдірек жəне өзгеріске тез жауап бере алады.  Органикалық 
ұйымды  жақсырақ  түсіну  үшін  оны  идеалды  бюрократияға  қарама-
қарсы  деп  түсіну  қажет.  Егер  механикалық  ыңғай  ұйымды  жоғары 
құрылымды  рөлге  бағдарлайды.  Ал  органикалық  ыңғайда  жұмысты 
баяндау мынандай фразадан тұрады: «Жұмысты орындау үшін қажетті 
 
51


нəрсені  жаса».  Сонымен  қатар  шешімді  қабылдағанда  «Сен  бұл  істе 
эксперсің,  сен  осыны  шешесің».  Органикалық  ыңғайда  жұмыскердің 
нақты  бағасының  жəне  стандарттарының  жоқтығынан  нақты 
жасалмаған  формальді  бақылаудың  жүйесі  емес,  сезіндік  мотивация 
жəне ішкі дүниеде марапаттау болады. 
 
13 кесте 
 
Механикалық жəне органикалық ұйымдарды тиімді пайдаланудың 
шарттары мен сипаттамалары 
 
Ұйымның механикалық үлгісі 
Ұйым органикалық үлгісі 
Сипаттамалар 
Жұмыста  тар мамандану 
Ереже бойынша жұмыс 
Нақты құқығы мен жауапкершілігі 
Иерархиядағы деңгейдің түсінікті болуы
Сипаттамалар 
Жұмыста кеңінен мамандану 
Ережелер мен процедуралар санының 
аздығы 
Амбициялы жауапкершілік 
Басқарудың деңгейі анық жəне түсінікті 
емес 
Мараппатаудың объективті жүйесі 
Кадрларды таңдаудағы объективті 
критерийлер 
Формальды қарым-қатынас жəне ресми 
сипатта болу 
Марапаттаудың субъективті жүйесі 
Кадрларды таңдаудағы субъективті 
критерийлер 
Формальды емес қарым-қатынас жəне 
тұлғалық сипатта болу 
Шарттары 
Күрделі емес жəне тұрақты айнала 
Мақсаттары мен тапсырмалары белігілі 
Тапсырмалар бөліне алады 
Тапсырмалар анық жəне қарапайым 
Жұмыс өлшенеді 
Еңбек ақы мотивациялайды 
Билік мойындалады 
Шарттары 
Күрделі, тұрақсыз айнала 
Мақсат пен тапсырманың белгісіздігі 
Тапсырмалардың нақты шегі жоқ 
Тапсырмалар күрделі 
Жұмысты өлшеу қиынға соғады 
Жоғары қажеттіліктерді мотивациялау 
Биліктің авторитеті жаулап алынады 
 
Мамандардың  көпшілігі  органикалық  ыңғайда  болашақты  көреді 
жəне  механикалық  ыңғайды  сынға  алуды  жалғастырады.  Бірақ 
басшылар нақтылы ұйым жұмыс жасайтын спецификалық шарттарды 
ескеру керек жəне осы негізде нақты таңдау жасайды. Басқа кез келген 
адамның  əлеуметті  белсенділігінің  саласында  сияқты.  Басқаруда  да 
«жаңа»  жəне  «жаман»  жүйе  деген  түсінік  жоқ.  Бар  шарттарға  сəйкес 
келетін  жəне  келмейтін  таңдау  бар,  сондықтан  шарттардың  өзгеруі 
жағдайында  таңдаудың  да  өзгеруі  мүмкін.  Мысалы: 80 жылдарда 
электронды  компаниялардың  ұйымдық  жобалауда  механикалық 
ыңғайдан  органикалық  ыңғайға    көшуі.  Корпорациялық  ұйым – 
шектеулі  бар,  максималды  орталықтандырылған  жəне  басшылықтың 
 
52


жүктеу 1,91 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   39




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау