РАБҒУЗИДІҢ «ҚИССА СУЛ ӘНБИЙ-Я» ЕҢБЕГІ
Аңдатпа: Сіздер бұл мақаладан Рабғузидің айтулы еңбектерінің түп мағынасы мен ерекшелігімен таныс боласыздар. Еңбектің тәрбиелік мәні мен бүгінгі қоғамға пайдасынан мағлұмат ала аласыздар.
***
Аннотация: В этой статье вы познакомитесь с оригинальностью и оригинальностью выдающихся работ Рабгузи. Вы можете узнать о воспитательной ценности труда и его пользе для современного общества.
***
Abstract: In this article you will get acquainted with the originality and originality of the outstanding works of Rabguzi. You can learn about the educational value of work and its benefits for modern society.
Ерте ғасырлардағы көлемді еңбектер бүгінгі күннің асыл мұрасы. Сондай асыл мұралардың бірі: Рабғұзи «Қисса-сүл-әнбийя-и» еңбегі. “Қисса-сул әнбия “, бір жағынан, діни аңыз-әңгімелерге, екінші жағынан, халық ауыз әдебиетінің дәстүрлеріне негізделіп жазылған прозалық көркем туынды болып табылады.
Рабғұзи- XІІІ ғасырдың аяғы мен XІV ғасырдың басында көне түркі әлеміне көлемді туындылар әкелген ғұлама. «Қисса-сүл-әнбийя-и» еңбегі 72 пайғамбардың өмірі туралы. Қиссаның жалпы тақырыбы: Құран мазмұнымен сәйкестендіріліп, Құран мен Інжілден алынған. Мұнда әр пайғамбардың кезіндегі қандай аяттардың болғаны, түскеніне дейін нақтылы көрсетіліп отырады. Және де сол пайғамбарлар заманындағы халықтың сана-сезімі, сол замандағы діннің жағдайы, халықтың танымы-түсінігі, соғыстар мен түрлі қиын мәселелер, адамдардың рухани дамуы мен өркениетке ілгеріленуі жайында баяндалады.
Ислам-дінінің адамдар арасына дұрыс немесе бұрыс таралып жатқанынан сыр шертетін көлемді еңбек. Бұл еңбек 1903 жылы Кәримовтар деген атпен танылған баспадан, моғол-татар тілінде, Қазан қаласында көпшілікке ұсынылды. Мұндағы тәржімада 24 пайғамбардың ғана өмір тарихы аталып, сөзге ілігеді. Рабғұзидің жазып кеткен 72 пайғамбар саны бұл басылымда көрсетілмейді. Өздері нақты дерек көрстетіп: Құранда 24 пайғамбар мен 33 мың сақаба бар деп мәлімет көрсетеді.
«Қисса-сүл-әнбийя-и»-аудармадағы мағынасы
1903 жылы жарық көрген «Қисса-сүл-әнбийя-и» аудармасының алғы сөзінде: Рабғұзидің тәржімалаған кездегі аталған айтулы даталар мен пайғамбарлар саны, көлем жағы сөз болады.
Қазан баспасында Исләм тапсырушылар тізімінде:
-Мәтржам дамолла;
-Шариффидин молла;
-Ғабдұлғұлам хазреті;
-Шариффиддин моллалар болды.
Нақты еңбектің жарық көруіне рұқсат берілген уақыт: 1903 жылдың 13 маусымы. Еңбекті қазақшаға аударып, жастарға ұсынудың негізгі себебі: кітаптың мағынасын өзгертпей, барлық жағынан формасын сақтай отырып көпшілікке ұсыну болған. Құран-кәрімнен хабар алып, оны үйренгісі келетін әрбір жанға пайғамбарлар есімі таңсық болуы үшін қазақ тілінде аударылған еңбек. Рабғузидің "Кисса-Сул-анбия-и" эссесі-бұл өз заманының керемті, ол сөзсіз ислам дінінің дамуына Құранның мағынасын, Қасиетті Құранның ақиқатын түсінуге қызмет етті. Қазіргі ұрпаққа жеткен рухани қазына.
Кітап мазмұндары:
Қисса Адам ғалайһи-уәссәләм
Құтпа Адам ғалайһи-уәссәләм
Қабыл мен Әбіл қиссасы
Шіш пайғамбар
Ыдырыс Ғалайһи-уәссәләм
Нұһ ғалайһи-уәссәләм
Хүд ғалайһи-уәссәләм
Салық (Салих) ғалайһи-уәссәләм
Ібраһим ғалайһи-уәссәләм
Ібраһим һәм Смағұл ғ.с. (Ісмағил)
Ысқақ ғалайһи-уәссәләм
Смағұл ғ.с.-ның опат болуы
Қисса Лүт ғалайһи-уәссәләм
Қисса Жақып ғалайһи-уәссәләм (Яғқұп)
Қисса Жүсіп ғалайһи-уәссәләм
Қисса Әйуп ғалайһи-уәссәләм
Қисса Шұғайып ғалайһи-уәссәләм
Қисса Мұса ғалайһи-уәссәләм тақырыптарынан тұрады.
Жалпы кітапта 79 жоба қамтылған. Олар тақырып, мазмұн, идея-мәні бойынша үш топқа бөлінеді:
-Пікірлер, жер, көк, адамзат, аң, жын, періште, адам, от, балшық туралы әңгімелер.
-пайғамбарлар, әулиелердің өмірбаяны, әңгімелері, олардың істері туралы аңыздар.
-Шежіре - мұсылман жылын санау-хижраның алғашқы он жылында болған тарихи оқиғалар, Жыл, ай, күн, Назим өлеңдері.
Жинақтың алғысөзі мен қорытындысы өлеңмен жазылған.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы-Аруна баспасы. 2010 жыл.
https://kozhalar.kz/20197106-qissa-sul-anbijya-i-kitaby
Достарыңызбен бөлісу: |