3.4 Еркін соғу
Еркін соғу төсте жатқан қыздырылған бастапқы дайындаманы тоқпақ соққышымен ұрғылау немесе бастапқы дайындаманы гидробаспақ сотанымен жаншу арқылы жүзеге асады. Және соғу барысында бастапқы дайындама қолмен немесе соғу манипуляторымен айналдырылып, ілгері, кейін жылжытылып отырады. Технологиялық жарақтандыру бойынша ұсталық балта, тістеуік, тегістегіш, тұғырық, құралбілік және басқа түрлі функциялар атқаратын айлабұйымдар пайдаланылады.
Еркін соғумен соғылма алу келесі технологиялық процестерден тұрады:
- бастапқы дайындаманы алу;
- бастапқы дайындаманы қыздыру;
- соғу;
- қажеттілігі туындаса термоөңдеу (орта–жоғары көміртекті, қоспаланған болатты қалыптандыру );
- қажеттілігі туындаса түзету;
- отқабыршықтан тазарту;
- жоғарыда аталған процестерді аралық бақылай отырып соғылмаларды ақырғы технологиялық бақылау.
Еркін соғу жеке, ұсақ сериялы өндірістерде салмағы 0,5 кг - 250 тоннаға дейін жететін соғылмалар дайындауда қолданылады. Ұсақ тесіктер мен ойықтар бойынша ұсталық «кенерме» қарастырылады, яғни тесіктер мен ойықтар жасалмайды, өлшемдер дәлдігі төмен, көріктікөңдеуге жататын әдіптердің үлкен көлемі орын алады. Еркін соғудың өнімділігі қалыптау өнімділігінен әлдеқайда төмен.
3.5 Ыстық көлемді қалыптау (ЫКҚ)
Металдың деформациясы ешнәрсемен шектелмеген еркін соғуға қарағанда қалыптау тәсілінде метал деформациясы қалыптаманың жұмыс қуысының қорамалымен шектелген. Қалып – механикалық өңдеуге қажет нақты бір дайындаманы даярлау үшін қолданылатын арнайы технологиялық жарақ. Қалыптау соғу тәсілінен келесідей артықшылықтары негізінде сериялы–жаппай өндірісте қолданылады:
а) дайындама-қалыптаулар күрделі пішіндері есебінен дайын тетіктің пішіні мен өлшеміне жақын әрі аз әдіптер мен өлшемдегі ауытқулардың сирек болуымен сипатталады;
б) қалыптауларда беттің кедір-бұдырлығы мейлінше аз және түйіспейтін біртегіс беттер көріктікөңдеуді талап етпейді;
в) қалыптау процесі елеулі түрде өнімді.
Қалыптаудың өзіндік кемшіліктері де кемшіліктері де бар:
а) қалыптаулардың салмағы 3 тоннаға дейін шектелген;
б) 10%...30% дейін жететін қалыптау ажырамасы немесе кенерік қылауында қалатын күйік метал қалдығының қоса болуы;
в) қалыптау жеке бөліктері емес барлық ауданы бойында деформацияны болдырмау мақсатында өте қуатты жабдықтың қажеттілігі;
г) қалып сияқты күрделі әрі қымбат арнайы жабдықтың қажеттілігінде ;
д) дайындама-қалыптауларды алу кенерікті шабу және тесіктердегі далдашаларды жону сияқты еркін соғуда кездеспейтін қосымша процестерді талап етеді.
Қалыптамаларды қалыптардағы өзектерден жеңіл ажыратып алу үшін қалыптардың ішкі қабырғасының еңкіштігі сыртқы қабырға еңкіштігінен аз болуы шарт. Итеріп шығарғышы бар аспақтық қалыптарға қарағанда тоқпақтық қалыптарда еңкіштік жоғары болады.
Қалыптамалардың үшкір бұрыштарында жарықшақтар болмауы, қалыптамалардың шығып тұратын ернеулерінің берік болуы және жеткіліксіз қалыптаманың алдын алу үшін қалыптаманың барлық түйіспеліктері радиусты болуы шарт, қалыптаманың сыртқы радиусы қалыптаманың ішкі радиусынан үлкен болуы тиіс.
Қалыптау тоқпағының, қалыптау баспақтарының бағыттаушыларындағы саңылаулардың, сонымен бірге қалыптама бағыттаушыларына астыңғы және үстіңгі жартықалыптама өзектерінің сай келмеуі әсерінен қалыптау ажырамасында ауытқулардың болуына жол беріледі.
Көлемді қалыптауда пайдаланылатын қалыптаулар мен шабу қалыптаулары өлшемдерінің айырмашылықтары нәтижесінде қалыптауларда кенерік қалдықтары пайда болады, бұл жағдайға қалыптаудың соңғы температурасына тәуелді металдың орнығуында қалыптау өлшемінің тұрақсыздығы да ісер етеді.
Бастапқы дайындамаларды еркін соғуға даярлап қыздыру ұсақ металдарды кіргізіп шығаруға қолайлы болу үшін терезесі бар камералық электрогазды пештерде жүзеге асады, ал ірі құймакесектер мен дайындамаларды жылжымалы сөрелермен кіргізіп шығарады. Қалыптамалар үшін қыздыру әдістемелік электрпештерде дайындамаларды итеріп салумен, индукциялық қыздырумен, байланысты электрқыздырумен іске асады.
3.6 Қалып түрлері және оларды қолдану ерекшеріктері
Қалыптау үшін қалыптың үш түрі қолданылады:
- ашық қалып;
- жабық қалып;
- сығып шығаратын қалып.
Қалыптың ашық түрі үстіңгі қозғалмалы жартықалып пен астыңғы қозғалыссыз жартықалыптан тұрады. Қалыптың жұмыс қуысы өлшемдерінің, қалыптау кезінде бастапқы дайындамалардың өлшемдерінің ауытқушылығына байланысты ашық қалыптарда артық металдың кенерік арықтарға қалып ажырағысы арасымен ағып шығуы қарастырылған, яғни жартықалыптар арасымен ағады.
Қалыптың жұмыс қуысын (жылғасын) металмен бастапқы толтыруды кепілдендіру үшін кенерік арық алдында артық металдың шығуын тежейтін табалдырықша қарастырылады.
Жабық қалыпта сотан деп аталатын үстіңгі қозғалыссыз жартықалып ұяқалып деп аталатын астыңғы жартықалыпқа бағыттаушы бойымен кіреді және артық металдың шығуын жоққа шығарады. Жабық қалыптау үшін көріктікөңдеумен алынған немесе мөлшерленген илемнен ұзындығы дәлдеп кесіп алынған көлемі нақты бастапқы дайындама талап етіледі. Дәлдеп алынған бастапқы дайындамада болуы мүмкін аздаған ауытқулар үшін қалып құрылымында компенсатор қарастырылған, яғни қылау түрінде артық метал ағып шығатын шағын қуыс. Жабық қалыптаулар пішіні қарапайым айналыс денелері сияқты дайындамаларды қалыптауларда қолданылады.
Сығып шығаратын қалып құрылымдық тұрғыда жабық етіп жасалыды, алайда қалып қуысынан металды сығып шығаратын тесіктер қарастырылады. Тесіктер қалыпты қию талаптарына сай жасалады. Бір ажырандысы бар сығып шығаратын қалыпта стакан типті тетіктердің дайындамаларын қалыптау іске асады. Екі немесе одан көп ажырандысы бар күрделі қалыптарда тесіктері бар күрделі тетіктердің дайындамалары қалыпталады: бекітпе арматуралардың бұрандалары тұрқы, бұрыштамалар, айқаспалар, үштағандар және т.б.
Металдың тығыз құрылымы жағдайында сығып шығару қалыптары 12 квалитет дәлдікті және Ra 6,3 мкм бұдырлықты қамтамасыз етеді.
Сығып шығару қалыптарының кемшіліктері:
а) қалыптың төмен беріктігіне әкелетін жоғары жиынтық күштеу (металл ішіндегі қысым);
б) қалыптаулардың қарапайым геометриялық формасы (негізінен айналыс денелері) ;
в) қомақты энергия шығындары.
3.7 Қалыптауға қажет ұсталық-баспақтық жабдық
Сериялы өндірісте қалыптауда алынбалы бөліктерінің салмағы 0,5 тоннадан 16 тоннаға дейін жететін сериямен шығарылатын универсалды қалыптау тоқпақтары пайдаланылады. Қажет тоқпақ массасы келесі формуламен анықталады: G=4F (тонна), мұнда F – берілген қалып ажырандысы жазықтығына қалыптау проекциясының ауданы.
Деформацияның елеулі бөлігі қалыптауға бірнеше (10-ға дейін) соққыдан кейін пайда болуы мүмкін. Әдетте бірнеше жылғасы бар ашық қалыптау қолданылады: дайындаушы (фасондаушы) және аяқтаушы.
Қосиінді ыстыққалыптау баспақтары (ҚЫҚБ) ірі және жаппай өндірісте өзінің тоқпақтық қалыптауға қарағанда өте жоғары өнімділігі, қалыптаулар өлшемдерінің дәлдігі, баспақтағы итеріп шығарғыштардың болуына байланысты қалыптардағы еңкіштердің аздығына байланысты әрбір жылғаға бір ғана соққы жұмсай отырып 10 грамнан 1 тоннаға дейінгі салмақ аралығында көптеген қалыптамалар жасауға мүмкіндік береді.
Гидробаспақтар ірі денелі соғылмаларды еркін соғуда және деформациялаудың баяу жылдамдығына байланысты сығып шығару қалыптауын жасауда пайдаланылады. Гидробаспақтардың баяулығы соғу мен қалыптаудың өнімділігін азайтқанымен азикемді металдарды қалыптауға мүмкіндік береді.
Сериялық өндірісте шағын көлемді соғылмаларды (бұрандама бастиектерін шөктіру, білік-тістегеріш қалыптау, әдіптелген тісті доңғалақшалар және т.б.) қалыптауда әрекет жылдамдығы және күші бойынша бұрандалы фрикционды баспақтар ортаңғы орындарда.
Горизонтальды-соғу машиналары (ГСМ) ірі сериялы және жаппай масштабты өндірісте бөлігі шөккен өзекшелер соғылмаларын, тесік соғылмаларды, ажыранды ұяқалыптың соғу мүмкіндігінің болуына орай көлденең бунақты, қасқалды соғылмаларды, сырғанағыш ұяқалыптың көмегімен ортасы шөгерілген өзекшелі соғылмаларды даярлауда пайдаланылады.
Айналмасоққы илем орнағы схемасы есебінен тізбеде дайындамаларды қалыптаудың жоғары өнімділігін қамтамасыз етеді. Бастапқы дайндаманың фасондалғаны нәтижесінде айналмасоққыда көлемді қалыптау жылғаларын қайталап даярлау саны азаяды.
Айналмалы-соқпалы және радиальды сығу машиналары сериялы және жаппай өндірісте ұзындығы 20 метрге дейін жететін дөңгелек, текше, алтықырлы сатылы біліктердің өзектік дайындамаларын 11 квалитет дәлдікпен Ra 2,5 мкм бұдырлылықпен қалыптауға мүмкіндік береді. Электрбөлігін шөктіру машиналары ірі сериялы, жаппай өндірісте өзектік, құбырлық, электрқыздырмалы дайындамаларды үздіксіз шығару процесі нәтижесінде бір жолғы шығарылымда металдың қалыңдығын бастапқы диаметрден 3…3,5 бірлікке дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді.
3.8 Ұсталық-баспақтық таза өңдеу операциялары
Қалыптауларды таза өңдеу операцияларына келесілер жатады: түзету, термоөңдеу, отқабыршақтан тазарту және мөлшелеу. Соғылмаларды термоөңдеу мен отқабыршақтардан тазартуға ұшыратады.
Қалыптауларды келесілердің әсерінен болған қисаюлардан түзетеді :
- қалып жылғасында қалыптама кептеліп қалғандықтан күшпен суырып алғандықтан;
- бейнелі қалыптың сәйкестігі қанағаттанарлықсыз болған жағдайда кенерікті қиғанда;
- қалдық кернеулерден шалыстау нәтижесінде термоөңдеуге ұшырағанда;
- иілген қалыптаулар кенеріктерінің тез сууы нәтижесінде.
Болаттың үздік құрылымы мен сапалы көріктікқасиетін, неғұрлым аз қалдық кернеуді қамтамасыз ететін ыстық түзету артық кенеріктер мен далдашаларды қиып тастаған соң ақырғы қалып жылғасында тоқпақта немесе баспақта жасалады.
Суық түзетуді термоөңдеуден кейін қисайған қалыптауларды түзету қалыптарында қолданады.
Илемділігін жоғарылату, қаттылығын төмендету, қалдық кернеулерді жою, соғылмалардағы метал түйіршіктерін ұсақтау үшін оларды босаңдату мен қалыптандыру процесіне ұшыратады.
Кесу аспабының қызмет мерзімін ұлғайту үшін, соғылмалар өлшемдерінің ұзақмерзімділігін қамтамасыз ету үшін оларды отқабыршақтан келесі тәсілдермен тазалайды : ойыңылау атанақтарында ойыңылау, бытыраағынды камераларда үрлеп тазарту, қышқыл қоспаларында шайқау.
Өлшемдер дәлдігін жоғарылату және бұдырлылықты Ra 0,8 мкм дейін төмендету жолында қалыптауларды суық жағдайда жайдақ мөлшерлемеге немесе арнайы баяу қозғалатын күрделі мөлшерлегіш баспақтарда мөлшерлемеге ұшыратады.
4 ИЛЕМНЕН ДАЙЫНДАМА ӨНДІРУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ
Дара, ұсақ сериялы, аралас сериялы өндірісте көріктікөңдеуге қажет дайындамалар мен ұсақ соғылмаларға қажет бастапқы дайындамалар қанда да бір метал илемінен алынады.
Соғуға, топтық (бірнеше тетікке) көріктікөңдеуге қажетті дөңгелек, текше, жолақ, алтықырлы илемдерден алынған бастапқы дайындамалар, сонымен бірге бұрыштық, швеллерлік, қоставрлы илемдерден жасалған дайындамалар пісірілген металқұрылымдар жасалатын кезде баспақ-қайшылар мен аралас қайшыларда шабылады.
Қарапайым геометриялық пішінді (тікбұрыш, текше, трапеция) беттік илемнен алынған дайындамалар көлбеқайшыда шабылса, қалыңдығы 20 мм аспайтын фасонды дайындамаларды дискілі қайшылармен қиылады. Қалыңдығы 20 мм асатын дайындамалар автоген, оттекті-флюсті, плазмалы-доғалы, лазерлі тәсілдермен кесіледі.
Кез келген фасонды илемдерден дара дайындамаларды кесу кесу білдектерінде, неғұрлым өнімді кесу жабдықтарымен жарақтандырылған токарьлық, құбыркесу білдектерінде жасалады.
Шағын шеберханаларда, аспаптық, жөндеу цехтарында орташа өлшемді илемдерден дайындамаларды шағын механикалық қайшылармен қиған өнімді.
Кез–келген өндірісте ірі көлемді илемнен немесе соғылмадан дайындама қиюда дисклі ара, тізбелік ара, ерекше күрделі металды өңдегенде анодты-механикалық ара пайдаланылады .
Ұсақ фасонды илемді және өлшемі 60 мм дейінгі құбырды қиюға кесігі 2 – 4 мм болатын қажақты-кескіш білдек пайдаланылады. Мұндай білдектерде қатты қорытпаларды кескіші алмас дисктермен кесуге болады.
5 ДАЙЫНДАМАЛАРДЫ ТАҢДАУ
Дайындамаларды таңдау әдісі мен тәсіліне келесілер әсер етеді:
а) өндіріс түрі, яғни дайындамаларды шығарудың жылдық көлемі ;
б) дайындамалардың құрама пішіні, өлшемі, салмағы;
в) тетік материалының маркасы;
г) дайындау процестерінің болуына тәуелді аталған кәсіпорынның өндірістік мүмкіндігі;
д) шарт бойынша өнімді орындауға қажет уақыт.
Өндіріс түрі неғұрлым жаппай өндіріс түріне жақындаса, дайындамалардың пішіні мен өлшемдері дайын тетіктің пішіні мен өлшемдеріне мейлінше жақын болады.
Өндіріс сериялылығы шағын болған сайын дайындамаларды арнайы жабдықтарға қарағанда қарапайым универсалды аспаптарда металилемін кесу, еркін соғу, электропісіру тәсілімен алған экономикалық тұрғыда тиімді болады.
Ірі көлемді фасонды тетіктерді шағын, ұсақ сериялы өндірісте электропісіру жолымен алған ұтымды, ал сериялы және ірі сериялы өндірісте құймамен алған тиімді.
Қандай бір дайындаманы алудың құю немесе қалыптау сияқты екі жолы болса, онда өнімділігі жоғары қалыптау әдісін таңдаған экономикалық тиімді. Дайындаманы таңдау кезінде материал маркасын, құю бойынша технологиялық сипаттамасын, қысыммен өңдеу, кесумен өңделу мүмкіндігін ескерген маңызды, себебі материал маркасы дайындаманы алу әдісін алдын ала анықтауға мүмкіндік береді, мысалы шойын.
Достарыңызбен бөлісу: |