ҚР ҰҒА академигі А. М. Ғазалиевтың редакциясымен



жүктеу 11,72 Mb.
бет13/26
Дата04.01.2022
өлшемі11,72 Mb.
#31782
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   26
7-kitap-2015-

С.С. Жұмаділов,

Қарағанды мемлекеттік

техникалық университетінің

Өнеркәсіптік экология және химия

кафедрасының аға оқытушысы

e-mail: zhssk777@mail.ru


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ

ТРАНСШЕКАРАЛЫҚ ӨЗЕНДЕР МӘСЕЛЕСІ
Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаев Қазақстанның көптеген экологиялық проблемалары трансшекаралық сипатта екенідігін бірнеше рет атап өтті. Бұл, бірінші кезекте, су проблемасына қатысты. Сумен қамтамасыз ету өзекті проблема болып табылады. Бізде сапалы ауыз су жеткіліксіз. Бірқатар өңірлер суға өте зәру. Бұл проблеманың геосаяси аспектісі де бар. Қазіргі кездің өзінде біз трансшекаралық өзендердің су ресурстарын пайдалауға қатысты маңызды сұрақтармен бетпе-бет кездестік. Бұл мәселе қаншалықты күрделі болғанымен, біз оның саясилануына жол бермеуіміз керек [1].

Қазақстан Республикасы аумағындағы барлық сулар, өзендер, көлдер, мұздықтар, су қоймаларын, басқа да жер үсті су көздерін, жер асты суларына енетін бірыңғай су қорын құрайды, олардың жалпы қоры 450 км3 дейін бағалайды.

Қазақстан өзендерін қоректендіретін негізгі көздер мұздықтар болып табылады, олардың ауданы 2 мың км2, ал көлемі98 км3 артық немесе Балқаш көліндегі судың көлеміне тең. Абляция мерзімінде (маусымнан қыркүйек айының ортасына дейін) мұздықтар қалыңдығы орташа алғанда 3 м-ге азаяды, жаз өте ыстық болғанда – 6 м-ге азаяды. Ірі мұздықтар Жоңғар Алатауында (көлемі 46 км3), Іле Алатауында (28 км3), Теріскей Алатауында (11 км3), Алтайдың қазақстандық бөлігінде (3,5 км3) және Талас Алатауында (2,3 км3) болады.

Қазақстанда шамамен 39 мың өзен және уақытша иірімдер кездеседі, олардың 8 мың өзен ұзын арнасымен, олардың ұзындығы 10 км-ден артық. Маңызды өзендерге Орал, Ертіс, Сырдария, Есіл, Ойыл, Тобыл, Есіл, Сағыз, Жем, Үлкен және кіші Өзен, Торғай, Ырғыз, Нұра, Шідерті, Сілеті, Сарысу, Арыс, Талас, Шу, Қаратал, Іле, Ақсу, Лепсі және т.б. өзендерді жатқызуға болады. Үлкен және кіші Алматы, Қаратал, Есік өзендері бастауын таулардан алады, оларда сел тасқындары жиі қайталанады. Көптеген өзендердің суы таяз, тек көктемгі тасқын мерзімінде жағадан асып кетеді. Қазақстан өзендерінің орташа алғандағы көп жылғы ағыстары шамамен 101 км3 құрайды, олардың ішінде тек 56,5 км ғана республика аумағында қалыптасады. Қалған көлемі - 44,0 км3 шекаралас мемлекеттерден келіп түседі.

Республикада 48 мың көлдің ауданы 1 га астам жерді алып жатыр. Орташа тереңдігі – 1 метрден 8 метрге дейін. Неғұрлым терең жерлері де бар, мысалы, Алакөл көлі, тереңдігі 45 метрге дейін, Үлкен Шабақты – 37 м, Шортанды – 31 м, Марқакөл – 27 м және Балқаш – 26 м. Көлдердің ішіндегі ең үлкен көл – Балқаш көлі, оның ұзындығы 605 км, ені – 74 км-ге дейін, судың көлемі – 112 км3. Екінші орында – Алакөл көлі, ұзындығы 104 км және ені 52 км, судың көлемі – 56,6 км3. Ірі көлдер қатарына Сасық көл, Ұялы, Сілеті, Теңіз, Үлкен Қарой, Шағын Қарой, Шағалалы Теңіз, Теке, Қосмұрын, Марқакөл, Шалқар, Сарықопа, Қамыстыбас, Арыс, Жалаулы, Қарасор, Индер және т.б. жатады. Қазақстан көлдеріндегі судың жалпы көлемі – 190 км3, олардың ішіндегі ең тұщысы – шамамен 20 км3.



Бұдан басқа республикада шамамен 4,0 мың тоған мен 204 су қоймасы бар.

Жер үсті су ресурстары республика бойынша біркелкі таралмаған. Шығыс Қазақстанда – 200-290 мың м3/км2 барынша қамтылған, ең аз қамтылған – Батыс Қазақстан, соның ішінде әсіресе Маңғыстау облысы – 0,36 мыңға дейін м3/км2.

Қазақстанның жер асты суларының қоры 61 км3деп бағаланады, соның ішінде тұщысы – шамамен 58 км3. Жер асты суларының ресурстары жылына 15,1 км3 балансталған пайдалану қорлары бар жер асты суларының 623 кен орнына шоғырланған, соның ішінде: шаруашылықты - ауыз сумен қамтамасыз ету үшін – жылына 6,1 км3; өндірістік-техникалық – жылына 0,95 км3; суармалы жерді суару – жылына 8,0 км3; бальнеологиялық (минералды) сулар – жылына 0,01 км3.

Ең үлкен қор – республиканың шығысы мен оңтүстігіндегі тау етегіндегі аудандарда жинақталған, ең аз қор – солтүстік және орталық аудандарда, Каспий мен Арал маңында [1, 116-118 б.].

Қазіргі кезде орналасқан жер асты сулары деп белсенді түрде қолданылатын суларды атау керек, өйткені қалғандары олардағы судың көтерілуі мен оларды игеруге кететін маңызды шығындарды талап етеді. Жер асты суларын пайдалану деңгейі әзірше жоғары емес және жылына 1,2 км3 немесе 7,9 % құрайды.

Қазақстанның барлық өзендері ішкі және трансшекаралық деп бөлінеді.



Қазақстан Республикасының барынша созылып жатқан ішкі-жер үсті өзендері - Нұра, Торғай, Ойыл, Сарысу, Ембі, Ырғыз, Сағыз, Үлкен Өзен (1000 км-ге дейін) болып табылады.

Қазақстанның ішкі-жер үсті сулары экологиялық апат жағдайында. Бұл аталған өзендердің негізгі проблемасы көктемгі-жазғы су тасқындары тудыратын тасқындар мен ластанудың жоғары деңгейімен сипатталады.

2002 жылы республикада үстіңгі сулардың улы заттармен (мұнай өнімдері, фенолдар, мыс, мырыш, бор және т.б.) жоғары 396 жағдайы тіркелген. Ішкі-жер үсті суларды негізгі ластаушылар өнеркәсіптік және ауыл шаруашылығы кешендері болып табылады.

Қазақстан Республикасының негізгі ірі трансшекаралық су объектілері Орал, Тобыл, Есіл, Ертіс, Іле, Сырдария, Шу мен Талас болып табылады.

Трансшекаралық су ресурстарын ұтымды пайдалану тек экономикалық және экологиялық маңызымен қатар, саяси және халықаралық маңызы да бар [2, 108-110 б.].

Трансшекаралық су объектілерінің жағдайы айрықша қатер төндіріп тұр. Соңғы жылдары бұл өзендердің ластануы шекті рауалы концентрация деңгейінен бірнеше есе асып кетті (1-5 ПДК).

Трансшекаралық сулардың нашарлаған жағдайына байланысты өңірлер бойынша өзендердің қазіргі заманғы жағдайын талдауды жүргізу қажет.

Су ресурстарының экологиялық жүйесі жеткілікті байланысқан, біртіндеп құлдырау үстінде және су ресурстарының биожүйесін сақтау мен қолдау бойынша келісілген бірлескен әрекет ету үшін барлық трансшекаралық мемлекеттердің күшін біріктіруді қажет етеді.



Тиісті ведомстволармен көршілес елдермен трансшекаралық өзендер ресурстары мен су қоймаларының суды пайдалану проблемасын реттеу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Қазақстанның бұл мәселедегі іс-әрекеті халықаралық құқықтық актілер негізінде, көбінесе, 2000 жылы 23 қазанда республикада ратификацияланған трансшекаралық су ағыстары және халықаралық өзендерді қорғау мен пайдалану туралы Конвенция негізінде жасалады. Көршілес мемлекеттер – ҚХР, Тәжікстан, Түрікме­нстан, Қырғызстан және Өзбекстан – осы конвенцияға қатыспаған елдер болып табылады, сондықтан трансшекаралық су проблемаларын реттеу бойынша жұмыс күрделілігін тудырады.

Республиканың барлық су объектілерінің сапалы жағдайы өндірістің құлдырауы мен ағынды сулар көлемінің азайғанына қарамастан әлі күнге дейін қанағаттанарлық жағдайда қалып отыр.

Ірі өнеркәсіптік қалалардың әсер ету аймағындағы жер үсті суларға ластану деңгейі нормадан 40 есеге дейін артып кетеді. Қазақстан Республикасының СЭС деректері бойынша, химиялық ластанған ашық су қоймаларының меншікті үлесі артуда және 11,1 % құрайды (Қарағанды облысында бұл көрсеткіш 29,2, Қызылордада - 18,9, Ақтөбеде - 17,6, Астанада - 16,0 %). Микробиологиялық көрсеткіштерге сәйкес келмейтін су сынамасының меншікті салмағы республика бойынша тұтастай алғанда 8% құрады (Қызылорда облысында - 18,7, Алматы қаласында - 41,0 % құрайды). Қазақстан бойынша ағынды сулардың жылысып түсуі 4,0 млрд. м3 құрайды (соның ішінде Қарағанды облысы - 1036, Павлодар облысы - 921,1, Маңғыстау облысы - 667 млн. м3 құрайды).

Өнеркәсіптің (32,6-41,7 %), тұрғын-коммуналдық шаруашылықтың (58,3-67 %) жер үсті су объектілеріне ластанған ағынды сулардың жылыстап келуіне қосқан үлесі жоғары.

Орал мен Ертіс өзен бассейндері барынша ластанған болып табылады, ол өзендерге өнеркәсіп пен түсті металлургия салаларының химия, мұнайды қайта өңдеу, машина жасау кәсіпорындары қалдықтарын төгеді [3, 114-116 б.].


жүктеу 11,72 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   26




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау