Н.К. Цой,
Қарағанды мемлекеттік
техникалық университетінің
Өнеркәсіптік экология және химия
кафедрасының аға оқытушысы, т.ғ.к
mail: zoinat@mail.ru
ЗИЯНДЫ ӘДЕТТЕР ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ АЛДЫН АЛУ
Қазіргі қоғамымызда салауатты өмір салтына деген саналы көзқарас темекі шегу, спирттік ішімдікке салынудың, есірткі қолданудың көбеюіне себепкер болып отыр. Спирттік ішімдіктердің, есірткі мен темекінің адам өміріне зиянды екені белгілі.
Денсаулығы әлсіз, білімі төмен, зиянды әдеттерге әуес, жалқау, тәрбиесіз жастары бар ел қашанда әлсіз, қорғансыз. Жастар болашақ, ертеңгі қоғамның, қала берді отбасының иелері. Сондықтан оларды салауатты өмір салтына тәрбиелеу, олардың осы дәстүрді дәріптеуші болып қалыптасуына бағыт беру қажеттігі білім беру мекемелерінің соның ішінде орта мектептің алдында тұрған педагогикалық проблемалардың бірі. Еліміздегі оқу-тәрбие жұмысына байланысты болып жатқан жаңартулар білім мен тәрбие жұмысын қайта қарауды міндеттейді [1,56 б.]. Тәрбие –қоғамдық үрдіс, қоғам мен жеке тұлғаның арақатынасын қамтамасыз ететін басты жүйе. Оның негізгі өлшемі өмірге қажетті тұлғаның жағымды қасиеттерін дамыту болып табылады [1, 72 б.]. Оқушылардың саналы тәртібі мен байыпты мінезін қалыптастыру, оған сәйкес сезімін және сенімін тәрбиелеу тәрбиешінің мақсатқа бағытталған іс-әрекетіне байланысты.
Еліміздің болашағы жас ұрпақ екенін ескерсек, сол жас ұрпақтың денсаулығы мықты, интеллектуалды, дүниетанымы терең , білімі сапалы, адамгершілігі мол, бойын «зиянды әдеттерден» аулақ ұстайтын, саналы ұрпақтарымызды тәрбиелеу.
Оқулықтағы оқу материалын толықтырып, алған білімінің нәтижесінде оқушыларымыз өздерін-өзі бақылай, тежей алатындай, оқушыларды зиянды әдеттерден сақтандыруда гумандық көзқарас қалыптасатындай халге жеткізу керек.
Лұқман Хакімнен «Өмірде байлық қымбат па, жоқ даңқ қымбат па?» деп сұраған екен. Сонда ол: «Байлықта, даңқта адам баласын бақытты ете алмайды. Біле білсеңдер, ауру ханнан дені сау қайыршы бақытты. Ал бақыт дегеніміз не? Әрбір адам өзінің күш- жігерін халқына, өз еліне, ұрпақ тәрбиесіне жұмсап, ақылды, парасатты және денсаулығы зор болса ғана бақытты», - деген екен.
Қалай болғанда да ел, ұлт қамы үшін әр адамның саулығын жақсартуға, салауатты өмір орнатуға бәрімізде атсалысуымыз керек.
Халқымыз қашаннан-ақ денсаулықты алдыңғы орынға шығарып, «бірінші байлық» деп есептеген. «Дені саудың-жаны сау» - дейді халық даналығы. Еліміздің жарқын келешегі бәрімізге керек, оның ойдағыдай болуы қоғам мүшелерінің сайдың тасындай өмір сүріп, еңбек етуге әбден байланысты.
Орыс ғалымы И.П. Павлов «Адам-жер шары табиғатының ең жоғарғы жемісі. Адам – аса күрделі және өте нәзік жүйе. Бірақ табиғат қазынасын пайдалану және осы қазыналардан лаззат алу үшін адамның дені сау, күшті және саналы болуы керек» - деген.
Зиянды әдеттерге алкоголь ішімдіктеріне үйір болу, темекі тарту, есірткілерді қолдану жатады.
Біздің әрқайсысымызда зиянды әдеттер бар, кейде оларды байқамаймыз. Біреулері тырнағын тістелегенді, ал біреулері шашын саусағына орағанды жақсы көреді, бірақ басқа да темекі шегу, есірткеге үйір болу, алкоголизм, ойынқұмарлық, бейпілауыздық сияқты анағұрлым айтарлықтай зиянды әдеттер бар. Айтарлықтай құмарлықтан құтылу, егер адам осыған тәуелді болса, соншалық күрделі, бірақ құтылуға болады. ең бастысы – құтылғысы келу. Зиянды әдеттердің басты кемшілігі өзіне ғана емес, сондай-ақ басқа адамдарға зиян келтіру. Әдеттердің көпшілігінің біздің түсінігіміз бойынша «жаман» деген эпитеті болады. «Үйреніп кету» деген ұғымның өзі психологияда жағымсыз үйрену ретінде түсіндіріледі, оның әсері стимулға реакцияның жоқтығымен түсіндіріледі. Осы түсініктерді толығырақ талқылауға тырысамыз. Алдымен ересектердің әдеттерін аламыз.
Шылым шегу – ең кең таралған зиянды әдеттердің бірі. Дамыған елдерде шылым 20 % астам мезгілсіз өлімдердің болу себебі.
Қазіргі таңда дамыған елдерде шылым шегудің салдарынан өлген еркектердің саны бірқалыпты деңгейде тұрады немесе төмендейді, ал шылым шегу тәуелсіздіктің және қазіргі заманға сай болудың символы болған әйелдер арасында өлім осының салдарынан өсуде. Болжам бойынша алдағы онжылдықта АҚШ пен Англияда шылым шегуден әйелдер арасында өлім еркектерге қарағанда көп болады. Мұндай тенденция Канадада байқалады. Зерттеулер, едәуір қамтамасыз етілген әлеуметтік топтар арасында шылым шегуден өлгендердің саны көп екенін көрсетті. Шылым шегумен қауіп-қатердің бірде-бір факторы салыстыруға келмейді. Статистикалық деректердің негізінде құрастырылған болжам 18 жастағы 100 мың жас балалардың ішінде 35 мыңы 70 жасқа дейін өмір сүрмейтінін, 300 өлтірілетінін, 600 өздеріне өзі қол жұмсап өлтіретінін, 750 СПИД-тың құрбаны болатынын, 770 автокөлік астына түсіп өлетінін, 2200 маскүнемдік әкетеді, 12 мыңның өлімінде шылым кінәлі болады [2, 48 б.].
Қазақстан Ұлттық Салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемалары Орталығының деректері бойынша Қазақстанда 20-59 жастағы шылым шегетін еркектердің саны 60 %, ал 12-15 жас жасөспірімдер арасында - 30 % астам, оның үстіне басым бөлігі - қыздар.
Зерттеулер, сондай-ақ, шылым шегетіндердің 60-70 проценті жаман әдеттен құтылуды тілейтінін көрсетеді, бірақ көп жылдық сынау көрсететіндей, бұны жасау оңай емес. Сондықтан, әрбір жас адам, шылымды ақымақтықтан ішке тартқан адам, екінші рет тартады, содан кейін үшінші рет және қалған өмірінде құмарпаз «темекі тартқышқа» айналатынын ұғынғаны дұрыс.
Қазіргі таңда шылым түтінінде бестен астам улы заттар анықталған. Әсіресе жүйке жүйесін құртатын никотин және дегтео тәрізді заттар (фильтрлерде көрінетін) қауіпті болып табылады. Оның құрамында қорғасын, висмут, калий, полоний, радон изотоптары элементтерінің болуымен қатерлі ісікке әкеледі. Айтпақшы, шылым тартатындарда несеп қуығының қатерлі ісігі пайда болады, себебі олардың несебінде жоғарыда аталғандардың басым бөлігі бар. Бір күннің ішінде құмарпаз шылым шегуші радиоактивті сәулелену мөлшерін алады, ал ол 7 есе ықтимал шекті мөлшерге артады.
Медициналық статистика деректері бойынша, әлемде шылымнан жыл сайын екі жарым миллион адам өледі. Темекі тартатын адамның жасы орташа 10-12 жылға қысқарады. Шылым шегуден жиі өкпе, жүрек, асқазан, бүйрек зақымданады. Егер адам 15 жасында шылым шеге бастаса, онда қатерлі ісікпен ауыру қаупі 15 есе, 25 жаста 3 есе артады, ал шылым шегу өтілін үш есе көбейту қатерлі ісікпен ауыру қаупін 100 есе көбейтеді. Жүрек тамырлары ауруларынан өліп қалу қаупі темекі тартатындарда тартпайтындарға қарағанда екі есе. Темекі тарту әйел организміне және болашақ ұрпаққа өте зиян, бала анасының құрсағында бола тұра зақымданады. Шылым шегетін әйелдер тез қартаяды, олар бет реңін жоғалтады, тері күңгірттеніп, саршыл-сұр колоритке ие болады, дауыстары жуандай бастайды, оларда кеуде қысымы жиі болады, үнемі азартты жөтел, қақырық пайда болады және нәтижесінде созылмалы бронхит және өкпе эмфемизмі дамуы мүмкін. Айтпақшы, бұл сырқаттар әрбір шылым шегушіге тән. Сонымен қатар, шылым шегетіндердің шашынан үнемі темекінің иісі шығып тұрады, олардың «тістері сарғайып кеткен», саусақтарында сары дақтар бар, аузынан шылымның иісі шығып тұрады, терілері ақшыл немесе қоңыр түсті дақтарымен құрғақ болады. Мұндай іздер адамның ішкі органдарында (өкпе, кеңірдек тамыры, жүрек және т.б.) да байқалады.
Шылым шегетіндерде мерзімнен бұрын әжімдер пайда бола бастайды. Көбісінде никотиннің әсерінен көру қабілеті төмендейді (темекі соқырлығы). Айтпақшы, тіпті темекі тартатын ер адамға шылым шегетін әйелдің иісі жағымсыз екені белгілі. Темекі тартпайтындар туралы не айтуға болады, ал олардың саны, қуанышқа орай, артуда.
Шылым шегетіндерде жиі созылмалы бронхит, туберкулез және басқа да өкпе аурулары пайда болады. Шылым шегу атеросклероздың, инфаркттың және инсульттің дамуы мен онкологиялық аурулардың (ең бастысы өкпенің) қаупінің негізгі факторларының бірі болып табылады: темекі тартатындардың тамырлары 10-15 жылға ерте тозады, терінің қартаюы 20 жылға ерте басталады, ал өмірлері 10-15 жылға қысқарады.
Ата-аналардың шылым шегуі баланың денсаулығына әсер етеді, туа біткен дене кемістігіне, генетикалық ауруларға және балалардың қатерлі ісіктеріне, соның ішінде лейкемияға – қан ауруына әкеледі.
Өзіңе немесе жақын адамыңа никотин тәуелділігі кезінде қалай көмектесуге болады:
- көз алдынан шылымды еске түсіретін заттардың барлығын алып тастау керек. Үйде және жұмыс орнында шылымға, оттыққа, күл сауытқа орын болмауы керек;
- шылымнан бас тартатын нақты күнді белгілеу керек;
- өзіне бір күнге ғана мақсат қою керек. Шылымды бір жолға тастаймын деп серт етпеу;
- назарды басқаға аудара білуге үйрену. Қатты шылым шеккісі келгенде тез тұрып басқа бір істерді жасай бастау керек;
- досыңды немесе отбасының бір мүшесін сізбен бірге шылым шегуді тастауға үгіттеу керек.
Шылым шегуге ұмтылысты азайту үшін бірінші жарты жылда құрамында никотин бар препараттарды, мысалы, «Никоретто», «Коррида +R», «Табакул» сағыздарын немесе осыларға ұқсас заттарды қолдану керек.
Сонымен қатар, құрамында никотимед бар азық-түліктерді, мысалы, баклажан, қартоп, гүлді капустаны пайдалану ұсынылады. 1 мкг никотимед 240 г қызыл қызанақта, 140 г қартопта, 10 г баклажанда бар. 1 кг гүлді капустаның құрамында 4 бастап 16 мкг дейін никотимед бар.
Егер сіз шылым шегуді жалғастыра берсеңіз, онда тамақтану рационына С витамині бар азық-түліктерді: орамжапырақты, көк шөпті, томатты, тәтті бұрышты, қара қарақатты, ақжелекті, бүлдіргенді, лимонды және т.б. қосу қажет, себебі бір тартылған темекі витаминнің тәуліктік нормасының жартысына дейінгі мөлшерін «тартып алады».
Қазақстанда 2009 ж. 9 қазанынан бастап қоғамдық жерлерде шылым шегуге, ішімдікті 21 жасқа толмаған азаматтарға сатуға және қолдануға тыйым салу туралы Заң енгізілді. Заңға сәйкес, білім беру, денсаулық сақтау ұйымдарында, мұражайларда, қоғамдық тамақтану орындарында, кинотеатрларда, көрме және спорт залдарында, бұқаралық демалу орындары бар басқа да жабық ғимараттарда, соның ішінде түнгі клубтар мен дискотекаларда шылым шегуге тыйым салынған. Сонымен қатар, үйдің кіре берісінде және жұмыс орны болып табылатын бөлмелерде шылым шегуге болмайды. Әуежайлар мен вокзалдар ғимараттарында арнайы белгіленген орындарда ғана шегуге болады. Сондай-ақ, Заң 18 жасқа толмаған жастарға шылым бұйымдарын сатуға тыйым салуды да алдын ала қарастырған. Шылым бұйымының сипаттамасы туралы жалған ақпарат үшін жауапқа тарту енгізілген.
Нашақорлық – организм қызметінің бұзылуына әкелетін есірткілерге еңсерілмейтін құмарлықпен сипатталатын ауру.
Жастарды есірткіге үйрету ХХІ ғасырдың өзекті және ауыр шешілетін мәселесі болып табылады. 2000 жылы әлемде шығарылған апиынның жалпы көлемі 6600 тоннаны құрады. «Алтын жарты ай» елдері - Ауғанстан, Пәкістан, Иран – жер бетінде апиынды көкнәрдың ең ірі ошақтары. Егер 1988 жылы Ауғанстанда 2100 тонна шығарылса, онда 1998 жылы 2000-4600 тонна болды. Интерпол деректері бойынша, осы есірткілердің 65 % астамы Тәжікстаннан, Қырғызстаннан, Өзбекстаннан транзитпен тасымалданады. Есірткі заттарының белгілі бір бөлігі осы елдердің ішінде қолдану үшін қалады.
Трафик жолында Қазақстан да тұр. Біздің елімізде нашақор балаларды есепке алу жиі жүргізіледі. Мамандар нашақорлардың саны туралы кез келген ақпаратты нақты нәтижелерге қол жеткізу үшін 10-ға көбейту керек деп белгілейді. Бұл - XXI ғасырдың нағыз жұқпалы дерті.
БДҰ деректері бойынша, әлемде 500 миллионнан астам адам есірткі қолданады. Қазақстанда ҚР ӘМ нашақорлыққа және нашақорлық бизнесіне қарсы күресу бойынша Комитетінің бастамасымен ҚР Денсаулық Сақтау Министрлігінің Республикалық нашақорлықтың медицина-әлеуметтік мәселелері бойынша ғылыми-зерттеу орталығының сарапшыларымен жүргізілген көп деңгейлі зерттеулерінің деректері бойынша 254 мыңға жуық адам есірткіге тәуелді. Әрбір оныншы қылмыс есірткіні пайдаланумен байланысты. Қарағанды облысы бойынша нашақорлық дертімен есепке алынғандардың саны 25 мыңға жуық, соның ішінде 5 мыңға жуығы – нашақорлықпен, 200 жуығы уланумен және 18 мыңға жуығы маскүнемдік дертіне шалдыққандар.
Нашақорлардың құрамында еркектер көп (85 %). Нашақорлық дертіне шалдыққан әйелдердің саны 4 мыңға жуық, соның ішінде 700 адам есірткі пайдаланады. Сонымен қатар, әйелдер арасында кейінгі жылдарда нашақорлық қарқынды дамып келе жатыр.
Толық көлемде седативті ұйқы дәрісін және басқа ынталандырғыштарды, кофеинді, галлюциногендерді және ұшқын ерітінділерді пайдаланатын аурулар анықталмайды.
Есірткі заттарын қолдануға еліктеушілік жасөспірімдердің және тіпті балалардың арасында жиі болады. Сонымен, жасөспірімдерден әлеуметтік сұрақ-жауап алу, жоғары мектеп оқушыларының 12 % есірткі қолданатынын, ал әрбір бесінші мектеп оқушысы ең болмағанда бір рет қолданып көргенін көрсетті.
Аймағымыздың негізгі мәселесі есірткіні іштей енгізумен байланысты ВИЧ-инфекцияларының өсуі.
Кейінгі жылдарда мемлекеттік емдеу-алдын алу мекемелеріне баратын тұлғалардың саны көбейді (жылына 800-ға адам жуық).
Облыстың Мемлекеттік нашақорлық қызметі келесі ірі нашақорлық диспансерлерімен ұсынылған: облыстық нашақорлық орталығы, облыстық балалар психоневрологиялық бірлестігі және қалалық наркодиспансерлер, олар Жезқазған, Балқаш, Теміртау қалаларында орналасқан. Сонымен қатар, күштеп емдеу үшін облыстың наркологиялық кабинеттермен және мекемелермен көмек көрсетіледі.
Нашақорлық – бұл қорқынышты зат. Ол өлтірілген жандармен және өлгендердің қанымен өтелген алтын, анасының құрсағында жарымжан болған және дүниеге келгеннен кейін шарасыз азап шегуге душар болған балалар. Миллиондаған әкелер мен аналардың, отбасылық жұптардың қайғы-қасыреті, құлдыраған отбасылар, талап етілмеген таланттар, берілген сезімдер, сынған тағдырлар. Шприц немесе таблетканы көргенде ғана жанатын мағынасыз көздер. Бұл жансызданған, сезімсіз және азғындық жандар, олардың тіршілік етуінің маңызы улы дәріні іздеуде. Бұл жанталаса қалшылдаған күйдегі «сүйек сарқырауы» - есірткілік аштықтың қиналған күйі, ми, жүрек, бауыр, барлық ішкі органдардың күрделі бұзылуы, инфекциялық және жұқпалы соз аурулары. Бұл СПИД, аурулардың ішіндегі ең қауіптісі, себебі ол басқа аурулардың алдында организмді қарусыздандырады. Бұл дене және жан қиналысын бір минуттік жеңілдету үшін жасалған ауыр қылмыстар, өзін-өзі өлтірудің жиі себебі.
Жақында ғана нашақорлық туралы хабар бізге басқа елдерден жеткен болатын. Енді ол бізге келді және эпидемия заңы бойынша таралуда, күннен күнге өзінің өлім қанатының астына қаншама жастардың жанын әкетуде.
Нашақорлық ежелгі грек сөзінен аударғанда «тоқтау», «әрекетсіздік», «керең болып қалу» дегенді білдіреді. Есірткілер жанға батарлық жаман аурумен (рак және т.б.) ауыратындарға дәрі ретінде ауырғанын басу үшін арналған. Бірақ, есірткілердің әсері зұлым: организм оларға тез үйренеді және жаңа мөлшерін талап етеді. Сонымен қатар, адам оларға тәуелді бола бастайды, бұл құмардан құтыла алмайды. Есірткіге үйренген организм қабылдауды қайталауды қатты қажет етеді, адам неше түрлі әрекетке барады - өтірік айтуға, ұрлыққа және тіпті адам өлтіруге дейін, бар болғаны есірткіге қол жеткізу. Есірткі, мейірімсіз жендет, жанға қонған шайтан сияқты, «Тона, өлтір, кезекті мөлшерін тап, оны қабылда, әйтпесе мен сені қорқынышты азапқа саламын» деп талап етеді. Нашақор укол жасаған немесе таблетка қабылдаған кезде, ол жеңілденген күйге бөленеді, бірақ осы қысқа уақыт жеңілдену ішінде «сүйек сарқырауы» пайда болады. Міне, нашақорды былай сипаттайды: «Кеуіп қалған адам аурухананың торланған терезелері бар бөлмесінің бірінде төсекте сенделіп жатыр. Оның денесі конвульсияда соқты және құрыса бастады, ірі тер тамшыларымен жабылды. Кейде азапты, қалшылдаған құсық құсу белгілері берілді. Науқас жылап, балағаттап, жалынды, жабайы дауыспен айқайлады: «Құтқарыңдар! Өліп барамын! Дәрігер укол! Қарғыс атсын! Құрт, ақ құрттар мені жеп барады! Құрттарды алып кетіңдер»!
Бұл нашақор. Сіз оның орнында болғыңыз келеді ме?
Есірткілерге және оны қолдануға қатысты бірнеше мифтер бар.
Бірінші миф: байқап көр — бәрі байқап көреді. Бұл олай емес, жасөспірімдердің 80 % ешқашан есірткінің дәмін татып көрген емес.
Екінші миф: байқап көрсейші, зиянды салдары болмайды. Бұл өтірік. Кейбір есірткілерге тәуелділік 1-2 рет қалыптасады. Сонымен қатар, жеке ерекшеліктермен байланысты алғашқы дәрі жіберу кезінде өлімнің пайда болуы мүмкін.
Үшінші миф: байқап көр, егер ұнамаса – қабылдауды тоқтатасың. Жоқ, есірткілерді қолдану кезінде адам бойындағы еріктілік зардап шегеді және тіпті дәрігерлердің көмегімен нашақорлық тәуелділіктен емделу өте қиын.
Төртінші миф: «зиянсыз» есірткілер бар. Ондай мүлдем жоқ. Есірткілердің барлық түрлері организм үшін улы.
Есірткілерді пайдалануға ғана емес, өзіңмен бірге ұстап жүруге де болмайды, өйткені біздің республикада есірткінің шамалы мөлшерін сақтау заңмен жазаланады.
Ақ бұлттан, есірткілерден сақтаныңыздар! Ешқандай сөзге ілеспей, әуестенбей, батылдық үшін де, жолдастық үшін, жалғыз, топта оларды қабылдамаңыздар, иіскемеңіздер, оған тақалмаңыздар! 26 маусым – Халықаралық нашақорлыққа және есірткілердің заңсыз айналымына қарсы күресу күні.
Кейбір ақымақ ер балалар өздерін тұрмыстық химия уларымен уландыруға әуестеніп алған. Айналадағылар оларды ойнап «иіскегіштер» деп атайды, өйткені олар жиһаз ысып жылтырататын, жәндіктерді улайтын
заттарды қабылдайды және иіскейді. Бұл кішкентай токсикомандар – уға құмар адамдар. Улағыш заттар – улы деген сөз. Егер көріп қалсаңыздар, балалардың қолынан жұлып алып, олардың өзін ата-аналарына апарыңыздар. Сонымен сіздер олардың өмірін құтқарасыздар, себебі улардың улағыш әсерімен адам құлдырай бастайды және қысқа өмірінің аяғына дейін қатты емделмейтін ауруларға шалдыға береді.
Наркологиялық орталықтардың дәрігерлеріне үлкен ағыммен маскүнемдікпен және нашақорлықпен ауыратын адамдар барады. Олар бұл «дерттен» құтылу үшін көмек сұрайды, бірақ, өкінішке орай, медицина үнемі нашақорлық пен маскүнемдіктен науқастарды емдеуге қабілетті емес.
«Темекі тарт – сені сонда ит қаппайды, өйткені сенен жаман иіс шығып тұр. Темекі тарт – сонда сені тонамайды, өйткені сен ұрыларды жөтелмен шошытасың. Темекі тарт – сонда саған қарттық қорқынышты емес, өйткені сен жас өлесің» (араб мақалы).
Әдебиеттер тізімі
1. Смирнов А. Т., Мишин Б. И., Васнев В. А. Основы безопасности жизнедеятельности. - М.: Просвещение, 2004. - 160 с.
2. Соковня-Семенова И. И. Основы здорового образа жизни и первая медицинская помощь. – М.: Изд.центр «Академия», 2000. – 208 с.
3. Андреева Г.А. Влияние алкоголя на организм подростка: Методическое пособие для педагогов. – Петропавловск, 2009. – 14 с.
С. Арқалықова
«Сау Ұрпақ» АҚ жаттықтырушы-волонтері
АИТВ/ЖИТС АЛДЫН АЛУ
Үлкендердің көпшілігіне 14 жастан бастап, 25 жасқа дейінгі жастардың арасынан ерте жастан бастап жыныстық қарым-қатынастың жиі кездесетіні, неке қиюға дейінгі жыныстық қатынастарды бастап, бір адамға ғана адал болып, қорғаныс ретінде презерватив қолданбайтындары түсініксіз жағдай болып табылады. Жастар кейбір кезде есірткіні, сонымен қатар, иньекцияны татып көруге талпынады. Мұның барлығы жастардың жыныстық қатынастарға түсіп, иньекциялық есірткілерді қолданбастан бұрын, алдын алу бағдарламаларын жүзеге асырудың аса зор маңыздылығын көрсетеді, себебі, олардың көп бөлігі АИТВ салдарының қауіп-қатерін де білмейді.
«Білім» өздігінен «іс-әрекетті» білдіре бермейді. Жастардың көпшілігі өздерінің білімдерін, қауіп-қатер мен мінез-құлқын түйсінуді өзара байланыстыра алмайды. Көптеген жастардың әлсіздікке шалдықтыратын жағдайлары мәселені тек жартылай анықтайды. Бірдей дәрежеде жастарға қауіпсіз әрекетке көшуге, яғни, кәмелет жасына толмаған жастарға қарсы тұру стратегиясын дамытуға, өзін-өзі оң көзқараспен бағалауды жетілдіру мен қауіп-қатерлі іс-әрекеттің пайда болу мүмкіндігін төмендететін әлеуметтік қолдау жүйесін құруға көмек көрсете алатынын түсіну маңызды.
Алдын алу әрекеттерінің міндеттері – адамды АИТВ және ЖЖБИ жұқпалы ауруларынан арылтуға мүмкіндік туғызатын іс-әрекетке баулуға, яғни адамдарды ұзақ мерзімге іс-әрекетін қауіпсіз ете отырып, өзгертуге ықпал жасауға көмектесу болып табылады.
АИТВ және ЖИТС жөнінде ақпарат Қазақстан Республикасында 2010 жылдың 1 қазанында 15 318 АИТВ-ға шалдыққандар, 1178 ЖИТС-ты жұқтырғандар саны тіркелді.
АИТВ және ЖИТС дегеніміз не?
АИТВ – ЖИТС ауруын тудыратын адамның иммундық тапшылық вирусы.
АИТВ – қарапайым микроскоп арқылы көрінбейтін ең ұсақ вирус, оның бір микроскоптың көмегімен көру мүмкін емес. АИТВ-инфенің бірнеше сатысы болады.
Вирустың адам ағзасына енуі (АИТВ) жұқпалы аурулардан қорғауды қамтамасыз ететін иммундық жүйенің бұзылуына және әлсіреуіне әкеп соғады. АИТВ жұқпалы ауруына шалдығу үшін 3 жағдайдың болуы жеткілікті:
- вирустың өзінің болуы,
- жұқпалы ауруға шалдығу үшін АИТВ жеткілікті мөлшері
- АИТВ қанға сіңуі қажет
Ағзаның иммундық жүйесінің адамның иммундық тапшылық вирусын жұқтыруының нәтижесінде, оппортунистік деп аталатын және ЖИТС ауруын тудыратын инфекциялар тарайды.
ЖИТС – жұқпалы иммундық тапшылық синдромы.
СИНДРОМ – белгілі бір ауру мен жағдайдың болуын көрсететін белгілер мен нышандар қатары;
ЖҰҚПАЛЫ – туа біткен емес, адамнан адамға, соның ішінде, анадан балаға жұқтырылатын;
ИММУНДЫҚ – адамның ауру жұқтыратын микроорганизмдерден қорғауды қамтамасыз ететін иммундық жүйесіне қатысты;
ТАПШЫЛЫҒЫ – иммундық жүйенің ауру жұқтыратын микроорганизмдерге қарсы жауап бере алмауы;
Дүниежүзілік денсаулық сақтау (ДДС) терминологиясына сәйкес, ЖИТС – ағзаның инфекциялар мен қатерлі ісіктермен күрес жүргізуге кедергі келтіретін жұқпалы ауру. ЖИТС ауруынан қаза болғандарға осы АИТВ өзін емес, осы инфекцияларды жатқызады. Сонымен қатар, ЖИТС нәтижесінде жиі психикалық және неврологиялық ауруларды тудыратын орталық нерв жүйесі зақымданады.
АИТВ – ерекше вирус, себебі, адам көп жылдар бойы жұқпалы ауруға шалдыққанмен, дені сау болып көрінуі мүмкін. Дегенмен, вирус ағзаның ішкі жағында ағзаның иммундық (қорғаныс) жүйесінің бір бөлігі болып табылатын қанның жасушаларын бұза отырып, біртіндеп өрши бастайды. Егер адам жұқпалы ауруға шалдықса, онда ЖИТС тез таралмайды. Вирус адам ағзасында аурудың қандай да болмасын белгілері білінбегенше, он жыл және одан да көп жылдар бойы болуы мүмкін.
АИТВ – індет ұзақ уақыт (2 жылдан 15 жылға дейін) бойы ешбір белгілерсіз тарайды (1-сурет). Ағзада АИТВ-инфекциясының таралуын келесі сұлба бойынша анықтауға болады:
1. Жыныстық жолмен:
• Ешқандай қорғанусыз жыныстық қатынасқа түсу. Қажалу кезінде шырышты қабық пен теріде әрқашанда пайда болатын микрозақымдануларға қанның, сперма және қынап сұйықтықтарының түсуі мүмкін;
• ЖЖТИ – жыныстық жолдар арқылы таралатын инфекциялармен қоздырылған жыныстық мүшелерінің қабыну аурулары (мерез, соз ауруы, генетикалық герпес, трихомониаз және т.б.) АИТВ таралуының зор мүмкіндігін тудырады.
2. Адамда қаншалықты сексуалды жұбы көп болса, соншалықты АИТВ таратушысын анықтау қиынға соғады. Дегенмен, АИТВ жұқтыру үшін тек бір рет вирус таратушымен жыныстық қатынасқа түсу (еш қорғанусыз) жеткілікті.
3. Қан арқылы (ағзаға инфекция жұқтырылған қан арқылы):
• Қазақстанда АИТВ таралуының жетекші факторы ретінде есірткіні ине арқылы пайдалану жатады. АИТВ қанға ортақ ине арқылы есірткіні жіберу кезінде таралады: біреудің шприцы мен инесі арқылы, сонымен қатар, басқа біреудің қолданған инесі арқылы (есірткі дайындау ерітінділеріне арналған ыдыс).
• Егер АИТВ жұқтырылған бір адамнан кейін екінші адам оның қолданған инесі арқылы есірткіні пайдаланса, онда АИТВ таралу қаупі аса жоғары. АИТВ сыртқы ортада тұрақсыз болады, алайда, ұзақ уақыт бойы шприцтің ішінде, сұйық қанда сақталады. Ине мен басқа да иньекциялық қажеттіліктердегі қанның қалдықтарының көрінуі міндетті емес. Ал инені сумен шаю АИТВ жұқтырылған қаннан әдетте толық тазартпайды. Сондықтан да, егер жұқтырылған АИТВ инеде қалып қойып, келесі адам сол инені пайдаланса, АИТВ өзінің қан тамырларына жібереді. Бірнеше адамның жұқтырылған қаны бар инені пайдаланған жағдайда, олардың әрқайсысына инфекция жұқтыру қаупі төнеді;
• АИТВ жұқтырылған донорлардан қан құю, мүшелер мен оның жасушаларын ауыстыру кезінде АИТВ жұқтыруға болады;
• Қандай да бір медициналық қолданыстағы стерильденбеген, өңделмеген құралдарды және медициналық емес тағайындалудағы, құлақ тесу, татуировка, пирсинг жасау кезінде жұқтырылады.
Қан тапсыру арқылы АИТВ жұқтырылмайды, алайда, жұқтырылған донорлық қан алғанда АИТВ жұғады.
АИТВ жұқтырған анадан балаға берілу («тікелей» жолмен):
• жүктілік кезінде
• босану кезінде
• емізген кезде
АИТВ жұқтырған әйел бала туғысы келген жағдайда, ол біліктілігі бар мамандардан АИТВ жұқтырған баланы туудың қаншалықты қауіпті екені жөнінде мәлімет алуы қажет.
АИТВ қандай жағдайда жұқтырылмайды?
АИТВ сыртқы ортада тұрақсыз және адам организмінен тыс жылдам жойылады, сондықтан да, ол ауа, топырақ, айналадағы заттар арқылы беріле алмайды. Адамдар күнделікті өмірдегі қарым-қатынаста АИТВ жұқтырудан үрейленеді. Алайда, олардың қорқыныштары орынсыз.
АИТВ мына жағдайларда жұқтырылмайды:
• достық қол алысу кезінде;
• сүйісу, құшақтасу кезінде;
• ортақ кітаптарды, қалам мен басқа да тұрмыстық заттарды қолдану кезінде;
• ортақ дәретхана, бассейнды қолдану кезінде, себебі, сілекей, зәр арқылы берілмейді;
• ортақ автокөлікті пайдалану кезінде;
• маса, кене, тарақандар мен басқа да жәндіктердің шағуы кезінде;
• жөтелу, түшкіру кезінде (ауа арқылы)
Жұқтыруға жеткіліксіз мөлшердегі құрамында АИТВ бар сұйықтықтар: сілекей, көз жасы, тер, зәр.
1. АИТВ білу үшін қай кезде тексерілуден өту қажет?
АИТВ-дан тексерілу – инфекцияны ағзаның жеткілікті мөлшерде антителоларды шығару кезінде тест-жүйенің оны анықтауы үшін жүргізу қажет. Яғни, «қауіпті» жағдайдан кейін немесе қорғанбаған жыныстық қатынастардан кейін шамамен 1-3 айдан соң тексерілу қажет.
Қауіп-қатер тудыратын белгілердің білінуі кезінде дәрігерлік тексерістен өту қажет.
• 1 ай бойы үнемі жөтел қысу;
• аз уақыттың ішінде 10% және одан да көп мөлшерде салмақ түсіру;
• 1 айдан артық уақытта температураның көтерілуі;
• 1 айдан артық іш өту.
2. АИТВ анықтау үшін тест жүргізу
АИТВ бейімді антиденелердің болуын анықтайтын тесттер бар. Оларды анықтау үшін ЖИТС алдын алу және күресу орталығына, немесе басқа да осындай тексерулерді өткізетін медициналық мекемелерге қан тапсыру қажет. Сараптама үшін тамырдан аз мөлшерде қан алынады. Сараптаманың қорытындысы әдетте келесі күні белгілі болады. Тексеріс емделушінің қалауынша анонимдік түрде жүргізілуі мүмкін.
Қазіргі таңда ИФА-ға жылдам тестілеуді жіберу мүмкіндіктері бар (жылдам тестілеудің қорытындысы 10-15 минутта шығарылады.)
Бүгінгі таңда аурудың бастапқы сатысында (алғашқы 2-3 апта) қазіргі заманғы диагностика әдістері қол жетімді іске айналды.
Осыған орай, сараптама вирустың өзін емес, сол вирусқа қатысты антиденелерді анықтайды, онда зерттеуді ағзаның жеткілікті мөлшерде антиденелерді шығарған кезде тест-жүйе нақты анықтау үшін жүргізу қажет. Антиденелерді өңдеу жұқтырудан кейін 3-4 аптадан соң жүзеге асады, бұл мерзім 3-6 айға дейін созылуы мүмкін. Вирустардың ағзада болуы кезінде, ал антиденелердің жеткілікті мөлшерде өңделмей, тест анықталмаған жағдайда жүйе деп «терезе кезеңі» аталады.
Егер тест теріс нәтиже беріп, АИТВ байланысты антиденелер табылса, онда адам АИТВ жұқтырғаны белгілі болады. Бірақ диагнозды қою үшін басқа да тәсілдермен тексерілу қажет.
Егер тест оң нәтиже беріп, АИТВ табылмаса, онда адам ауруды жұқтырмаған немесе жұқтырса да, ағза жеткілікті мөлшерде антиденелерді шығарып үлгермеген.
Тесттің оң нәтижесіне көз жеткізу үшін қайтадан тексеріс жүргізу қажет.
Күдік тудыратын нәтиже – алынған нәтижені нақты талдауға мүмкіншіліктің болмауы. Бұл жағдайда зерттеуді бір айдан соң қайталау қажет.
3. Оппортунистік инфекциялар
Егер адам АИТВ жұқтырса, вирус ағзаны аурулардан қорғайтын иммундық жүйені бұза бастайды.
Зақымданбаған иммундық жүйе кезіндегі инфекциялар ағзаға зиянын келтірмей, алайда, иммундық тапшылық жағдайында ауру тудыртса, ол оппортунистік деп аталады.
Оппортунистік инфекциялар: туберкулез, қайталанатын өкпе қабынуы, кененің түсуі, Капоша саркомасы, таз аурулары және т.б.
АИТВ қорғану жолдары
• Ең тиімді тәсіл – анағұрлым ересек жасқа толмағанша, жыныстық қатынастардан бас тарту;
• Бір ғана жұқтырылмаған және сенімді адаммен жыныстық қатынаста болу. Өткен өмірінде жыныстық қатынасқа түсер алдында қорғанбаса, оған тексерілуден өту қажет;
• Презервативті үнемі және дұрыс, яғни, әрбір жыныстық қатынасқа түсер алдында қолдану қажет, сонымен қатар, ережелерді сақтап, тек сенімді адаммен ғана жыныстық қатынасқа түсу абзал;
• Жауапты іс-әрекет [1].
ЖҚБИ (жыныстық қатынастар арқылы берілетін инфекциялар).
ДДҰ бағалауы бойынша жыл сайын дүниежүзінде 300 миллионнан астам ЖҚБИ жаңа оқиғалары тіркеледі. 111 миллионы – жасөспірімдер арасында кездеседі.
Дүниежүзілік Денсаулық сақтау Ұйымының мәліметі бойынша ЖҚБИ-дан емделмегендер АИТВ инфекцияларын жұқтыру қаупін 5-10 есеге дейін арттырады. Оның неге байланысты екенін кейінірек қарастырамыз.
Жиі кездесетін инфекциялардың тізімі: мерез, В және С гепатиттері,
АИТВ (жыныстық қатынас және қан арқылы берілетін инфекциялар), соз ауруы, папиллом – жұқпалы ауру, трихомониаз, герпес, хламидиоз (тек қана жыныстық қатынастар арқылы берілетін инфекциялар). ЖҚБИ 20 астамы белгілі.
1. ЖҚБИ белгілері:
• Жыныстық жолдарынан шығатын ерекше көпірік іріңдер (сарғыш немесе жасыл түсті, кейде жағымсыз иісі болатын іріңді, шырышты-іріңді);
• Жыныстық мүшелердің сыртқы жақтарының қышуы, ісуі немесе ауыруы;
• Зәр шығару жолдарының бұзылуы (жиі, ауру тудыратын немесе күйдіру);
• Жыныстық мүшелерде жараның пайда болуы;
• Жыныстық мүшелерде көпірік тәрізді бөртпелердің болуы;
• Жыныстық мүшелерде артық заттың болуы (кондиломалар);
• Шап айналасындағы лимфа бездерінің ұлғаюы (дөңгелек немесе овал тәрізді);
• Жыныстық қатынас кезінде қан кету;
• Дене температурасының жоғарылауы.
Нәтижесінде, ЖҚБИ әр түрлі белгілері бойынша ұқсас келеді, алайда, әр түрлі тәсілмен емделеді. Сондықтан да, осы белгілердің біреуі анықталған жағдайда, дәрігерге қаралу қажет.
Белгілердің көбісі ЖҚБИ таралуы кезінде адам ағзасындағы өзгерістерге байланысты болады және бұл өзгерістер АИТВ жұқтыру қаупін арттырады. Олар:
• Мерез және герпес аурулары кезінде пайда болатын жаралар;
• Басқа да ЖҚБИ кезіндегі шырышты қабықтардың ісіп қызару процесі.
2. ЖҚБИ зардаптары:
• Әйел мен еркектің бедеулігі;
• Қатерлі ісіктің туындауы;
• Белсіздік;
• Нерв жүйелерінің бұзылуы;
• АИТВ жұқтыру қаупі;
• «В», «С» гепатиттері кезінде бауыр циррозы пайда болады;
• Етеккір кезіндегі қан кетулер;
• ЖИТС кезінде аурулардан қаза болу
3. ЖҚБИ қорғанудың жолдары [2].
Қауіпсіз жыныстық қатынастар:
Ең тиімді тәсіл – анағұрлым ересек жасқа толмағанша жыныстық қатынастардан бас тарту.
• (A – Abstinence – ұстамдылық)
Егер сіз жыныстық қатынаста белсенді болсаңыз, ең қауіпсіз тәсіл – жалғыз ғана сенімді, жұқтырылмаған адаммен жыныстық қатынасқа түсу. Өткен өмірінде жыныстық қатынасқа түсер алдында қорғанбаса, оған тексерілуден өту қажет
• (B – be faithful – сенімді бол)
Презервативті үнемі және дұрыс, яғни, әрбір жыныстық қатынасқа түсер алдында қолдану қажет, сонымен қатар, ережелерді сақтап, тек сенімді адаммен ғана жыныстық қатынасқа түсу абзал
• (С – condom use –презервативті қолдан).
Есірткіні қолданбау. Егер адам есірткі қолданудан бас тартса, ЖҚБИ/АИТВ жұқтыру қаупін төмендетеді. Иньекцияларды енгізу үшін жаңа инелер немесе шприцтарды (қапталған қораптағы) пайдаланбаса, адамдарға АИТВ жұқтыру, «В», «С» гепатиті мен мерезді жұқтыру қаупі төнеді [3].
Әдебиеттер тізімі
1. Руководство по подготовке тренеров - волонтеров ОО «Сау Ұрпақ».- Караганда, 2009 г.
2. Медицинские консультации // http://www.rcaids.kz/ru/aids/page359/
3. Факты о ВИЧ // http://www.stopspid.ru/info/about_aids/
О.В. Вернер,
Қарағанды мемлекеттік
техникалық университетінің
денсаулық сақтау
пунктінің бас дәрігері
МАСКҮНЕМДІКТІҢ АЛДЫН АЛУ
Біздің әрқайсымыз маскүнем адамдарды көреміз. Маскүнемдердің түрлері қорқынышты, беттері ісінген, көздері алайған, аяқ-қолдары дір-дір етіп тұрғаны… Бұл трагедия!
Алкоголь. Бұл не? Алкоголь – кез келген жанды клетка үшін у! Ақылдан адастырады.
Алкогольдің мақсаты – ағзаның табиғи «сүзгісін» бұзу, сосын ағза мен психикаға әсер етіп, бәрін жою.
Алкогольдің нысаны – адамның «Мені», психикасы, миы, бауыры. Алкоголь әсер етпейтін бірде бір орган жоқ. Адам ағзасында алкоголь улы өнімдерге ыдырайды, ол өнімдер жиналып, ағзада 10-15 күн қалып қояды.
Этил спирті өзіне тән иісі бар, түссіз сұйықтықты білдіреді. Спирт ашытқы саңырауқұлақтарының тіршілік әрекетінің өнімі болып табылады. Спирт молекуласы жоғары емес, қанға тез сіңеді және қорытылады.
Спирттік ішімдіктердің бірі метил спирті болып табылады (Сіз атом бомбасы – 100 грамм - өлімге әкелетін дозаны ішесіз).
Адамдар спирттік ішімдіктердің мас қылу қасиеттерін біздің дәуірімізге дейін 8000 жыл бұрын білген. Спирттік ішімдіктердің күштілігі біртіндеп артып, дүние жүзіне тарады [1, 51-59 б.].
Алкоголь тараған жерде өз ізін қалдырады – бұл адамзат трагедиясы (тәлкекке ұшыраған тағдырлар, жеке тұлғаның құлдырауы, қорқыныш, жалғыздық, ағзаның бұзылуы, барлығын жоғалту, өзіндік «Менін» жоғалту). Қазақстанда халықтың 30 %-ы алкоголь қолданады. Алкоголь қолданатын адамдардың 80%-ы тұрмыстық ішкіштікке ұшырағандар.
Тұрмыстық ішушілік – бұл:
- спиртті ішімдіктердің шағын дозасын тұрақты күн сайын қабылдау (мысалы, жұмыс күнінде 1 бөтелке сыра және демалыс күні екі бөтелке сыра ішу);
- алкогольдің көп мөлшерін эпизодттық қабылдау (мысалы, демалыс күндері және мейрам күндері);
- спиртті ішімдіктердің үлкен мөлшерін тұрақты қабылдау.
Тұрмыстық ішушіліктің сатысынан кейін келесі сатысы – алкоголизм. Өзің бірінші бөтелкені ашпас бұрын ішу үшін жүздеген себептеріңнің бірін қарастыр, ал ішпеу үшін, одан бас тарту үшін сондай себептердің бірін ойлап көр. Міне, барлығы осылай аздап ішуден басталады.
Сыра – әлсіз алкогольды және мүлдем зиянсыз ішімдік деген ой қалыптасқан. Бұл жаңсақ пікір. Сыра – толық мәндегі алкогольды ішімдік. Кез келген алкогольды ішімдікке құмарлық болғандай, сыраға деген тәуелділік де пайда болады. Екі саптыаяқ сыраның құрамындағы спирт 100 грамм арақтың құрамындағы спиртпен тең. Сыра тез сіңуіне байланысты араққа қарағанда жылдам мас қылмайды.
2010 жылы қазан айында жүргізілген сауалнама деректері бойынша ҚарМТУ студенттерінің 39%-ы сыра ішеді екен. Сыраны ішетін қыздар мен ұлдардың саны бірдей. Сыра ішетін жастардың 26%-ы сыраны 15 жасынан бастап ішкен, ал 13% -ы үнемі ішіп отырған.
Адам стаканның шынысы және оның ішіндегі сұйықтық арқылы өзі сөйлескісі келген әлемді көргісі келеді, өзіне жайлы ортаны қалайды. Бірақ бұл әлемді стакан арқылы көру мүмкін емес, ал нақты өмірде барлығы керісінше.
Алкоголь ағзаға түскенде ағзаның өмірлік маңызды мүшелерін қармап алады, «сол мүшелерді лимон сияқты сорып алады», Сіз енді кіммен болса да кез келген тақырыпқа сөйлесуге дайынсыз, бірақ бұл не?! – Сіздің тіліңіз күрмеліп, не айтатыныңызды білмейсіз, «Ол не айтып отыр?» деп сізді ешкім де түсінбейді.
Қорытындысында – өмірі тас-талқан болған, денсаулығы бұзылған, жан-дүниесі жаралы адам. Адамнан барлығын сығып алған, ол спирттелген өлікке айналады.
Ішкілікке салынудың нәтижесі: ТӘУЕЛДІ БОЛУ, ОРНЫ ТОЛМАС ДЕНСАУЛЫҚ, ДЕПРЕССИЯ, БҰЗЫЛҒАН ПСИХИКА.
Алкоголизм неліктен қауіпті?
- «арақ ішсең – өмірің қысқа болады»: өмір сүру ұзақтығын 15 – 20 жылға қысқартады;
- қылмыстың көбісі мас күйде жиі жасалады;
- жыныс жолы арқылы берілетін инфекциялар, 10 жағдайдың 9-ы мас күйде жасалады;
- ақыл-есі кем балалардың 40 – 60 %-ы – ішкіш ата-аналардың балалары;
- алкоголь есте сақтауды және зер салып қарауды азайтады, қолайлы қозғалысты бұзады, жылдам әрекет етуге әсер етеді;
- алкогольді бір реттік көп қолдану мида күрделі өзгерістер тудырады [2].
СОҢЫ.
Алкоголь ағзаға түскенде, ол барлық ағзаға қан арқылы тарайды, ағзаға қолайсыз әсер етеді. Әртүрлі дәрежедегі спиртті ішімдіктердің кез-келген мөлшері жоғары нерв орталықтарына әсер етеді, мидың төменгі бөліктерінің қызметіне де үлкен әсер етеді (адамның бет-бейнесі бұзылады, әрбір мөлшерін ішкен сайын одан әрі қарай бұзылады). Алкогольдің шағын мөлшері жүйке жүйесіне, жүйке импульстарының берілісіне әсер етеді. Бастағы ми тамырларының жұмысы бір уақытта бұзылады: тамыр кеңейеді, қанның өтуі ұлғаяды, миға қан құйылып кетуі мүмкін. Алкоголь көру мен есту қабілетінде төмендетеді. Алкогольді ретсіз қолдану жас ұрпақтың психикасына үмітін сөндіргендей әсер қалдырады – адам интеллектуалды, эмоциялық, моральдық жағынан да «топастанады». Алкоголь бауыр клеткаларының құрылымын бұзады, ал бұл біраз уақыттан кейін бауырдың зақымдалуына әкелуі мүмкін – бауыр циррозы пайда болады.
Өз өміріңнің иесі болу үшін:
- Спиртті ішімдік ішуден, тіпті сыраны ішуден бас тарт, сыра ішкеннен барлығы басталады…
- Дос таңдауда сақ бол және арақ ішуді жақсы көретін адамдардан аулақ жүр;
- Спиртті ішімдіктер ішуге мәжбүрлейтін адамдарға табанды түрде қарсы тұра біл;
- Спиртті ішімдіктер ішу үшін жиналатын кешкі сауықтарға жолама;
- Өмірде сен үшін қызықты болатын істермен айналыс;
Дене шынықтырумен және спортпен міндетті түрде айналыс, салауатты өмір салтын ұстан [3, 7-12 б.].
Әзіл-оспақты түсіне біл, көңілді жүр, ішкі өзіндік бақылауды дамытуға тырыс, қоғамдық нормаларды түсіне біл және қабылда, айналаңдағы адамдармен талқыла, өзің үшін және басқалар үшін пайдалы маңызды істермен айналыс.
Егер сізде қандай да бір проблемалар пайда болса, сіз жастар денсаулық орталығының сенім телефоны бойынша, 8-8000-8022-21 телефонымен Кеңес беру Қызметіне көмекке жүгіне аласыз.
Әдебиеттер тізімі
Должанская Н.А и др. Роль семейного фактора в формировании
здорового образа жизни подростков // Вопросы наркологии 2003. № 4.
2. Исмуков Н.Н., Программа предупреждения и преодоления наркотической и алкогольной зависимости. ФАИР-ПРЕСС 2001. – 384 с.
3. Алкоголь. Предупрежден – значит защищен! / Карагандинский областной центр формирования здорового образа жизни, 2008.
Л.П. Ивлева,
Қарағанды мемлекеттік
техникалық университетінің
Өнеркәсіптік экология және химия
кафедрасының доценті, б.ғ.к.
e-mail: ivlevlp@mail.ru
САЛАУАТТЫ ОТБАСЫ – САЛАУАТТЫ ҰЛТ
Отбасы – біздің қоғамымыздың құндылықтарын сақтаудың маңызды институты. Нақты отбасында ұрпақтар сабақтастығы, үлкендерді құрметту, балаларға қамқорлық, өзара бірі-бірін қолдау дәстүрлері, еңбек сүйгіштік және білімге талпыну қалыптасады [1, 2, 7 б.]. Отбасы – бұл қоғамның, ұлттың ұясы. Салауатты отбасы – бұл салауатты ұлт. «Денсаулық дегеніміз толық дене, ой және әлеуметтік саулықтың күйі …». Бұл анықтама 1958 жылы Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымымен (БДҰ) ұсынылды.
Салауатты отбасы деген не? Салауатты отбасы – бұл, сүйіспеншілік пен өзара түсінісу, салауатты психологиялық климат, рухани мәдениет, материалдық молшылық орнаған отбасы. Отбасы денсаулығы мәселесі бүгінгі таңда жеткілікті өзекті. Егер отбасында ата-аналар балаларына салауатты өмір салтын көрсететін болса, онда балада да өзінің денсаулығына позитивті қарау қалыптасады. Балалар мен ата-аналардың бірлескен істері, жеке үлгісі, спортпен айналысу, пайдалы демалыс салауатты өмір салтының құраушы бөліктері екені жалпыға мәлім.
Адамға салауатты отбасын құру үшін, оның өзі салауатты отбасында туып өсуі маңызды. Сонда ғана адам өзінің өмірін ақылмен құра алады. Ата-аналар өз балалары үшін үлгі болуы керек. Алайда, барлық отбасылар еліктеуге тұрарлық емес, сондықтан, үлгі болатын отбасын табу қажет [2]. Біздің елде балалар жарты ғасыр бұрын тағдырларын қосып, өмірдің барлық қиыншылықтарын жеңе біліп, үш қыз тәрбиелеп өсірген және еліміздің жастары үшін лайықты үлгі бола алатын Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев пен оның зайыбы Сара Алпысқызының отбасына теңелуі керек.
Бұрын біздің ата-бабаларымыз ұрықталар алдында 3 айға ішімдіктерден бас тартқан, себебі ауру бала туудан қорыққан. Еркектер әйелдікке алыс аудандардың қыздарын алған, сонымен туысқандық қанның араласуынан қашқан.
Сондықтан салауатты өмір салтын құрудың маңызды шарты отбасының дененің саулығы. Ол үшін жұбайлар, шаңырақ көтермес бұрын, өздерінің шыққан тегін, яғни өзінің генетикалық кодтарын білуі керек. Содан кейін, салауатты өмір салтын ұстануы керек, яғни отбасы мүшелері шылым шекпеуі, ішімдік ішпеуі, есірткі қолданбауы керек. Дүние есігін ашқан күннен бастап түсетін қоршаған орта (психологиялық атмосфера) жағдайлы болуы керек. Мұндай психологиялық атмосфера өмірінің барысында мінезін қалыптастыруға әсер етеді. Ұрықтандыру, жүктілік және босану жағдайлары отбасында үстем болған атмосфераға белгілі бір із қалдырады немесе балаға әсер етеді. Сондықтан баланың пайда болуын жоспарлау керек және қажет, яғни бала үміт еткен болуы керек, және де жұбайлардың арасында үйлесімділік бала тұлғасының сәтті қалыптасуының кепілі болып табылуы керек. Бала тәрбиелеу – бұл үлкен еңбек, сонымен ата-аналар бала туу туралы шешім қабылдай отырып, оның болашағы үшін үлкен жауапкершілік әкеледі. Олар оны еңбекке баулуы, басқа адамдармен араласа білуін, оларды түсінуді және олармен ортақ мақсаттарға жету үшін ынтымақтастықта болуға, Отанға деген сүйіспеншілікте тәрбиелеуі, өздері тұрып жатқан елдегі заң мен тәртіпті қадірлей білуге үйретуі керек. [2].
Салауатты отбасын қалыптастыру үшін отбасының материалдық жетістігі де аз маңызды шарт емес. Біз материалдық құндылықтар басым болған әлемде өмір сүреміз. Әрбір бала материалдық құндылықтар адамға, егер олар адал еңбекпен, қара күшпен және зияткерлікпен жасалған болса, жақсылық әкелетінін ұғынуы керек.
Қазіргі өркениеттің негізі салауатты және рухани дамыған адам болып табылады. Әлеуметтік-экономикалық және саяси қайта құрулардың, адами құндылықтарды бекітудің, дамыған экономиканы және тұрақты демократиялық жүйені құрудың, егер олар адамдардың толыққанды өмір сүруі үшін барлық жағдайлар жасауға бағытталмаса маңызы жоқ.
Салауатты адамдар металлургиядағы болат және ауыл шаруашылығындағы нан сияқты мемлекет «өндірісінің» өнімі болуы керек.
Екінші жағынан, салауатты ұлт сөзсіз мықты мемлекеттің белгісі болып табылады. Халықтың дене бітімінің және рухани-адамгершілік салауаттылығы еліміздің зияткерлік әлеуетін, экономикалық мүмкіндіктерін және қорғаныс қабілеттілігін анықтайды.
«Ұлт» термині жалпы өркениеттік әлемде қабылданған азаматтық бойынша ұлттың анықтамасын береді, яғни, осы жағдайда ұлт – бұл ел азаматтарының ортақ қауымдастығы. Әрбір азамат өз елінің бір бөлігін білдіреді. Сондықтан, салауатты, тәрбиелі және оқыған азамат мемлекеттің өркениеттілігі деңгейін, ондағы қоғамдық институттардың күшін, билік құрылымдарының мүмкіндіктерін анықтайды.
Ұлттың денсаулығы еркін медициналық қызметтердің, дене тәрбиесін және әуесқой спортты, салауатты өмір салтын және дұрыс тамақтану, зиян әдеттерді құрту, экологиялық таза және күтілген тұру ортасын құру, қауіпсіз мүмкіндік және еліміздің әрбір бұрышында жасампаз өмір сүру арқылы қалыптасады және сақталады.
Әлемдік тәжірибе, еліміздің тұрғындарының денсаулығына әсер ететін маңызды фактор – бұл, бір жағынан, аурулардың алдын алу, екінші жақтан, салауатты өмір салтын ынталандыру бойынша мемлекеттің қадамдары екенін көрсетеді. Аурулардың алдын алу таза су мен асты пайдалануды, тазарту жүйелерінің болуын, қоршаған ортаны ластайтын және экологиялық зиян келтіретін объектілерді азайтуды, қауіп-қатердің басқа факторларын төмендету бойынша ұқсас шараларды білдіреді. Салауатты өмір салтын ынталандыру әрқайсымыздың дене шынықтыру жаттығуларымен айналасуымызға, дұрыс тамақтануымызға, гигиена мен санитария шараларын сақтап, есірткі, ішімдік заттарын қолданыстан алып тастауымызға бағытталған.
Прогресті және тұрақты дамыған мемлекетті алдын ала болжайтын негізгі факторлардың бірі адами әлеует болып табылады. Дәл осы адами ресурстар өндірістік әлеуетпен, жаңа технологиялармен және инфрақұрылыммен бірлесіп ұлттық қауіпсіздікті анықтайды. Бірде Финляндияның бұрынғы президенті Урхо Кекконен «ұлттың болашағы автомобильдердің санына емес, балалар арбасының санына тәуелді» деп дәл айтқан [3, 15-16 б.].
Қазақстанға келетін болсақ, ХХ ғасырдың екінші жартысында оның аймағында 5 халық санағы жүргізілгені болатын. 1959 бастап 1989 жылға дейінгі кезең аралығында республика халқының саны 2 есе артты және 16 536,5 мың адамды құрады. Бірақ, 1999 жылға қарай, алғашқы халық санағының деректері бойынша, оның саны 9,6 пайызға азайды және 1979 жылдың деңгейіне, 14 953,1 мың адамды құрап қайта оралды [4].
ҚР көші-қон және халық санағы жөніндегі Агенттігінің деректері бойынша халық санының көбеюі бірқатар факторларға байланысты. Біріншіден, көші-қонның жағымсыз сальдосы азайды. Бұрын елден кетіп қалған Қазақстан азаматтарының қайта оралуы басталды. Өткен жылы ғана республикаға 34 мың оралман келді. Тәуелсіздік жылдарының өзінде Қазақстаннан 2 миллион кетті, ал 0,5 миллион адам келді. Екіншіден, бұл да ең бастысы, әлі маңызды емес болсын — 5,5 %, бала туудың артуы. Қазіргі таңда осы тенденцияны нығайту маңызды. Н.Ә. Назарбаев өзінің Қазақстан Халқына Жолдауында осы мәселеге де тоқталды, оларды шешуге біздің жоспарларымыздың жүзеге асырылуы байланысты. Сондықтан, Үкімет келесілерден тұратын бағдарламаны әзірлеуі керек:
- халықтың санын көбейту,
- денсаулықты жақсарту арқылы адам өлімін азайту,
- иммигранттарды қабылдауды көбейту, соның ішінде жұмысқа қабілетті бұрынғы қазақстандықтардың қатарынан [5].
Халықтың санын көбейту мәселесі — халық санының азаюын маңызды құраушыларының бірі — 90-шы жылдардың басындағы экономикалық дағдарыс кезінде пайда болды, ол әлі ұзақ уақыт халықтың жандануына әсер ететін болатынға ұқсайды. Сонда қатерлі сипатқа өлгендердің саны туылғандардың санын артатын жағдайда жарияланбаған процестер ие болды. Халықтың табиғи өсуі кейінгі жылдарда тек республикамыздың 8 облысында ғана, Астана мен Алматыда байқалады. Қалған аймақтарда, жұмсақ айтқанда, жағдай өкінішті пікір қалдырады.
Бала туудың азаюы себептердің тұтас кешенімен пайда болған, олардың арасында ауыр материалдық жағдай, қысылшаң экономикалық жағдай, медициналық қызмет көрсетудің төмен сапасы және жағымсыз экологиялық орта. Бірақ, барлық істі соларға ғана апару қателік болар еді. Өйткені әлеуметтік зерттеулер де, тәжірибе де, табыс көп болған сайын нақты және жоспарланатын балалар саны да аз болады. Табыстарды көбейту бала туудың көбеюіне қатты қабілетті екені күдікті.
Қазіргі қоғамдарда балалар толық отбасының қажет құраушысы болып табылады, ата-аналарды эмоциялық азықтандырады. Бірақ, ол үшін жұптардың басым көпшілігіне бір бала қажет. Сонымен қатар, Қазақстандағы демографиялық жағдайға тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында азаматтардың материалдық жағдайының нашарлауы және әлеуметтік-экономикалық мәселелері ең үлкен әсер еткен болса, онда қазір мүлдем басқа жоспардағы жағдай қалыптасады. Әрбір адамның әлеуметтік ұтқырлыққа қоятын жоғары талаптары, серіктестік қатынастар түсінігіндегі өзгерістері, өзіндік жеке басылық бақытқа жеке наразылықтар басымдылығы және басқа да факторлар балаларды туу туралы шешім қабылдауды қиындатады. Нәтиже ретінде, екеуден артық балалары бар отбасыларының саны өседі, ал баласыз немесе бір бала ғана бар отбасылардың саны көбеюде. Жастарды, өмірдегі басты бағыт қызметтік өсумен және қомақты ақша сомасымен көрінетін жеке сәттілік болып табылатын жағдайда бала тууға мәжбүр ету қиын болғанға ұқсайды. Алайда, жас отбасыларға барлық шығындар міндетті түрде болашақта өтелетінін естен шығармаған дұрыс, тағы бір белгілі саясаткер Уинстон Черчилль байқағандай, «жақсы капитал салымы - бұл балалардың аузына сүт құю» [1].
Әдебиеттер тізімі
1. Послание Главы государства Н.А. Назарбаева народу Казахстана «Казахстанский путь-2050: Единая цель, единые интересы, единое будущее» //Казахстанская правда, 2014, 18 января.
2. Методические материалы XV съезда партии «Нур Отан» - 18.10.2013 г. – Караганда, 2013. – 26 с.
3. Назарбаев Н.А. Долгосрочная стратегия развития Казахстана «Казахстан – 2030». Послания Президента страны народу Казахстана: http://www.akorda.kz.
4. Адылханов А.С. Курс на здоровый образ жизни. Официальный бюллетень Государственной санитарно-эпидемиологической службы. Астана, 2013, № 11, С. 15-16.
4. Мейрманов Ж. Крепкая семья - здоровая нация // Казахстанская правда, 2012, 11 июля.
5. Второй отчет Мажилиса Парламента РК «Цели развития на пороге тысячелетия в Казахстане» - 10.10.2013 г. http://www.undp.kz.
С.Н. Дербуш,
Қарағанды мемлекеттік
техникалық университетінің
Өнеркәсіптік экология және химия
кафедрасының доценті, б.ғ.к.
e-mail: svetnika-17@mail.ru
А.К. Карилхан,
Қарағанды мемлекеттік
техникалық университетінің
Өнеркәсіптік экология және химия
кафедрасының оқытушысы
email: o_aygul@mail.ru
САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫ. ДҰРЫС ЖӘНЕ ТИІМДІ ТАМАҚТАНУ – ДЕНСАУЛЫҚ НЕГІЗІ
Қазіргі таңда Қазақстанның жеткен белсенді экономикалық өсуі мен саяси тұрақтылығы бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына ену және тұрақты дамуға қол жеткізу үшін қажетті терең әлеуметтік-экономикалық реформаларды жүргізуге арналған өте қолайлы сәт болып табылады.
Елдің тұрақты дамуы саласындағы маңызды міндеттердің бірі халық өмірінің орташа ұзақтылығын көбейту болып отыр. Оған ұлт денсаулығын қамтамасыз ететін механизмдерді енгізу арқылы жету жоспарланады. Н.Ә. Назарбаев атап өткендей: «Бізге ең шешуші түрде жаңа ғасырда тұрмысымызға, санамызға, қоғамымызға, жалпы әрбір отбасына салауатты өмір салтының ғибадатын енгізу қажет. Бұл басымдылық, еліміздің болашағы, ұлтымыздың болашағы үшін ерекше маңызды болуы мүмкін» [1].
Бұл мәселенің шешілуі, ең алдымен, қазіргі жағдайларда клиникалық медицина жүйенің профилактикалық бағыттылығын өзгертусіз негізгі денсаулық көрсеткіштерін жақсартуды қамтамасыз ете алмайтындықтан, профилактика сияқты медицина саласы есебінен ғана шешілуі мүмкін.
БДҰ (Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымдарының) деректері бойынша адам денсаулығы 10 % ғана денсаулық сақтау жүйесіне тәуелді және 50 % өмір салтына, ол адамның ортасына, өмір сүру сапасына, денсаулықты нығайту мүмкіндіктерінің қол жетерлігіне қарай қалыптасады [2, 15 б.].
Осыған байланысты, салауатты өмір салтының пайдасына қарай өзекті бола бастады. Жоспарлы қалыптастырудың негізгі құралы адам денсаулығы потенциалының сақталуын және дамуын анықтайтын факторларды күшейтумен социумның барлық секторларының кешенді өзара әрекет етуі болуы керек. Факторларға адам өмірінің физикалық, экономикалық, әлеуметтік, экологиялық, мәдени жақтары жатады және олар жаңа әлемдік технологиялармен және салауатты өмір салтын қалыптастырудың әдістерімен өзара алмасуы керек.
Кейінгі жылдарда Қазақстанда профилактикалық жағдайды жақсарту белгіленеді. Алайда халық денсаулығының индексі және орташа өмір ұзақтығы (2006 жылы – 66,1 жыл) дамыған елдердің көрсеткіштерінен қалыс қалады. Жапонияда, мысалы, бұл қазақстандық көрсеткіштен 14 жылға артық. Қазақстандағы өлімнің көбеюі 1964 жылдан бері қарастырылып келеді, ол кезде 5,7 % санмен белгіленді, ал 2006 жылы 10,27 % дейін өсті. Өлімнің ең үлкен үлесі (86 %) жүрек-қан тамыры аурулары, қатерлі ісіктер, созылмалы тыныс алу аурулары, қант диабеті сияқты әлеуметтік маңызды аурулармен себептелген. Олардың негізіне медицина қызметкерлері қауіптің мінез-құлық факторларын қояды, олар темекі шегу, ішімдік ішу, есірткі қолдану және т.б.
Зерттеулер шылым шегудің зиянын дәлелдеді. Темекінің түтінінде 30-ға жуық улы заттар бар: никотин, көмірқышқыл газы, көміртек окисі, көгеретін қышқыл, аммиак, шайырлы заттар, органикалық қышқылдар және т.б.
Темекі жапырақтарында болатын және түрлі органдар мен жүйелерге әсері бойынша никотин бірінші орын алады. Ол организмге темекі түтінімен өтеді, оның құрамына никотиннен басқа тітіркендіргіш әсер ететін заттар, соның ішінде канцерогенді заттар бар (бензпирен және дибензпирен), яғни олар қатерлі ісіктердің пайда болуына әсер етеді, көп көмірқышқыл газы – 9,5 % (атмосфералық ауада – 0,046 %) және көміртек тотықтары – 5 % (атмосфералық ауада ол жоқ).
Никотин жүйкеге әсер ететін уларға жатады. Жануарларға жүргізген сынауларда және адамдарды бақылауда никотин аз мөлшерлерде жүйке клеткаларын қоздыратыны белгіленген, демалу мен жүрек қағысының жиілеуіне, жүрек айнуға және құсуға әсер етеді. Үлкен мөлшерлерде тоқталады, ал одан кейін ОЖЖ (орталық жүйке жүйесінің) клеткаларының қызметін сал қылады. Жүйке жүйесінің бұзылуы еңбек қабілеттілігінің, қолдың дірілдеуінің, зейіннің нашарлауымен байқалады.
1-2 темекі қорабында никотиннің өлімге әкелетін мөлшері бар. Темекі тартушыны, бұл мөлшер организмге бірден емес, ал бөлшектеліп баратыны құтқарады. Статистикалық деректерде былай делінген: темекі тартпайтындармен салыстырғанда ұзақ тартушылар 13 рет стенокардия, 12 рет миокард инфарктімен, 10 рет асқазан жарасымен ауырады. Темекі тартушылар өкпе дертімен ауыратындардың 96-100 % құрайды. Соның салдарынан ауыз қуысы, тамақ пен көмей, асқазан, өт, бауыр, несеп қуығы қауіп-қатерге ұшырайды. Бұлардың барлығына темекі түтінінде бар заттар әсерін тигізеді.
Әсіресе әйел организміне қатты жағымсыз әсер етеді. Кез келген әйел сау бала туғысы келуді армандайды. Бірақ, жүкті болу барысында темекі тартуды жалғастыра беретін болса, бұл арманның орындалуы мүмкін емес. Сонымен қатар, баланың денсаулығы мен ұзақ өмір сүруі, оның жыныстық клеткалары мен құрсақта дамуына байланысты. Сперматозоидтер әрбір 3 ай сайын өздігінен жаңаруға қабілетті, ал аналық клеткалар бала туғаннан бастап қалыптасатыны және көптеген улы заттардың «банкі» болуы мүмкін екені белгілі. Токсиндермен уланған аналық клеткалар жиі ұрықтануға қабілетті.
Никотинмен улану үшін темекі тарту міндетті емес, темекі тартқан бөлмеде тұру жеткілікті. Темекі тартпайтын адамдардың бір сағаттың барысында жабық темекі иісіне толы бөлмеде болуы төрт темекіні тартуға сәйкес келеді.
Ішімдік ішу мәселесі қазіргі таңда өте өзекті. Қазір ішімдіктерді қолдану үлкен сандармен сипатталады. Ішімдіктің салдарынан барлық қоғам зардап шегуде, бірақ, бірінші орында өскелең ұрпақ қауіп-қатерге қойылады: балалар, жасөспірімдер, жастар, сондай-ақ, болашақ аналардың денсаулығы. Себебі ішімдік әлі қалыптасып үлгермеген организмге, оны біртіндеп бұза отырып, белсенді әсер етеді. Ішімдіктің зияны анық. Ішімдіктің организмнің ішіне түсуі барысында, ол қанмен барлық органдарға таралатыны және оларға бұзуға дейін жағымсыз әсер ететіні дәлелденген.
Этанолдың әсерімен барлығы бұзылады, бірақ, ең алдымен – жүйке және жүрек-қан тамыр жүйесі. Нашар буындар, тамырлардағы қан ұйықтары, диабет, кеуіп қалған бас миы, іскен бауыр, әлсізденген бүйректер, импотенция, депрессия, асқазан жарасы – бұл тек ішімдіктерге құмарлық үшін өтелетін қатерлердің шамалы ғана тізімі. Алкоголизм мәселесін зерттеуші ғалымдардың спирт өнімдерін организмге зиянды әсер ету дәрежелері бойынша бөлуді заңға қайшы деп санайтыны әбден негізді, өйткені олардың арасында зиянсыздары жоқ. Сыра алкоголизмінің бар екені бұрыннан белгілі. Тоғышардың көзінде ол шарап пен араққа қарағанда аз қауіпті болса да, оның салдары тым ауыр. XIX ғасырда ағылшындар, алкоголизммен күресе келе, күшті ішімдік бұйымдарын сырамен ығыстырып шығаруды шешті. Бірақ, оны енгізу маскүнемдікті күшейткендіктен, «сыра заңын» алып тастауға тура келді. Сыраның зиянды салдары туралы естуі бойынша Германияның бірінші рейхсканцлері Бисмарк сыра алкоголизміне мынадай анықтама берді: «Сырадан жалқау, ақылсыз және әлсіз бола бастайды» («әлсіз» терминімен импотенция туралы айтылады).
Сыраны мөлшерсіз ішудің ең талқандаушы және зиянды салдары – ауру жүрек немесе неміс дәрігері, профессор Болингер атағандай бавар «сыра жүрегі» болады. Ол жүрек қуыстарының кеңеюінен, оның қабырғаларының қалыңдауынан, жүрек буынының жуандауынан, митохондриялардың азаюынан көрінеді. Бұл көк тамырлардың кеңеюіне және жүрек шеттерінің созылуына әкеледі. Солай «сыра жүрегі» немесе «капрон шұлығы» синдромы туындайды, онда жүрек қанды нашар шайқайды, босаңси бастайды.
Бұл өзгерістер сырада көбік тұрақтандырғышы ретінде қолданылатын кобальттың болуымен байланысты. Осы улы элементтің сыра ішетін адамдардың жүрек бұлшық еттерінде болуы ықтимал норманы 10 есе арттырды. Сонымен қатар, сыра ішетін адамдарда кобальт асқазанда ісіп қызару процесін тудыруы мүмкін. Сондай-ақ, сыра эндокринді жүйеде өзгерістерге әкелетін ауыр металдар тұздарынан тұрады. Еркектердің организмінде сыраны жүйелі ішу кезінде ерлердің жыныстық гормоны тестостеронның шығуын басым ететін зат бөлініп шығады. Бір уақытта еркектердің сыртқы бет-пішінін өзгертетін әйелдің жыныс гормондары шыға бастайды. Сыра ішетін еркектерде кеуде безі өседі, жамбастары кеңейе бастайды. Сыра ішетін әйелдер рак ауруына шалдығуы ықтимал, ал егер бала емізетін болса, онда балада қояншық ауруы ұстауы мүмкін.
Адам организмі үшін сыраның зияны өте көп. Бастың ми клеткаларының (өте келе қанға түседі, бүйрекпен сүзіліп зәрмен шығады) өлуі, жұлынның бұзылуы, миокардиодистрофия, бауыр циррозы, гепатит, панкреатит, гастрит, невропатия, көру және есту анализаторларының бұзылуы. Сондай-ақ, сыраны тәулік сайын ішу мен күре тамыр қысымының жоғарылауы арасындағы тәуелділік дәлелденген. Сыра алкоголизмімен ауыратын адамдар ауруханаға өте ауыр халде жеткізіледі, көп жағдайда талмамен және ақыл-есінің адасуымен. Сыра алкоголизмінің негізгі салдары осындай.
Қазіргі зерттеулерге сәйкес, сыра – бұл, едәуір жасырын есірткі заттарына жол ашатын бірінші құпия есірткі. Сыраны ішу миллиондаған отандастарымыздың тағдырларының зақымдануының бірінші себебі. Наркологтар, ішімдік ең жемірлі есірткінің түрі болып табылады, ал сыра алкоголизмі ерекше қаталдықпен сипатталады. Осымен сыра вакханалиясының төбелеспен, кісі өлтірумен, зорлаумен және тонаумен түсіндіріледі [3, 28 б.].
Нашақорлық – бұл, есірткі пайдалануға құмарлық, қатты елігу, ол организмнің қатты бұзылуына, соның ішінде, психикалық және физикалық қызметтерінің бұзылуына әкеледі.
Есірткі – ол адамның миын, психикасын, (ішкі органдарды – мидың бұзылуы, жүйке жүйесі қызметтерінің бұзылуы арқылы) біртіндеп бұзатын у. «Момент» желімі немесе бензин адамдарды 3-4 айдың ішінде, ал қарасора 3-4 жылдың ішінде ақыл-есі толық жетілмеген етеді. Морфин қолданатындар 2-3 айдан кейін қызмет ету қабілетін жоғалтады, өз-өзіне қарауды қояды. Кокаин қолданатын адамдар 4 жылдан артық өмір сүрмейді. Олар жүрек жарылуынан, не болмаса, олардың мұрын қалқаны жұқарып, қансырап өледі. ЛСД қолдану кезінде адам кеңістікте бейімделу қабілетін жоғалтады, онда ол өз мүмкіндіктеріне сене отырып, ұша алатындай сезім пайда болады да, соңғы қабаттан секіреді.
Барлық нашақорлар, қолданатын есірткінің түріне тәуелділіктен тыс ұзақ өмір сүрмейді. Олар өзін-өзі сақтау түйсігін жоғалтады, 60 % жуық нашақорлар есірткіге бағынғаннан кейін бірінші екі жылдың ішінде өзіне-өзі қол жұмсап өлтіруге ұмтылады. Олардың басым бөлігінің қолынан келеді.
Ойынға тәуелділік – ойын құмарлығы (лудомания) жеке тұрғыдан болсын, әлеуметтік тұрғыдан болсын, қоғамның үлкен мәселесіне айналды. Ойын құмарлығы (соның ішінде компьютерлік ойындарға деген) әр түрлі салдарларға– толық ойсыраудан бастап әр түрлі деңгейде психиканың бұзылуына, гиподинамияға және өзін-өзі өлтіруге дейін әкелуі мүмкін.
Бұл айтарлықтай үлкен ауру екенін есте сақтаған жөн. Егер сіз туысқаныңыздың, танысыңыздың немесе жақын адамыңыздың бойында ойын құмарлығы белгілерін байқаған болсаңыз, онда оны емдеу бойынша шараларды тез қолданғаныңыз дұрыс. Әйтпесе, ойын құмарлығы түзелмейтін салдарларға әкелуі мүмкін. Ойын құмарлығын емдеу тәуелді болуы себептерін анықтауды және олардың уақытында жойылуын алдын ала болжайды. Лудоманиядан емделуге болады, ең бастысы уақытында көмек сұрап, жоғары білікті мамандарда емделу керек [4, 31 б.].
Әдемі болғысы келмейтін адам жоқ шығар. Денсаулық пен әдемілік – осы екі ұғым бір-бірімен үздіксіз байланысты. Денсаулықты елемей әдеміліктің қамын ойлаған дұрыс емес. Себебі әдемілік жиі жақсы денсаулықтың нәтижесі болып табылады. Сондықтан, егер сіз әдемілігіңіздің қамын ойлайтын болсаңыз, онда салауатты өмір салтын жүргізу керек.
Адамдар өз денсаулығы туралы жанына батқан кезде ғана ойлай бастайды, оны өмірлік тәжірибе көрсетеді және бұған әр адамның өзіндік дәлелі бар. Қалыптасқан жағдайлар жиі адамды өз бетімен емделу жолдарын іздеуге немесе өз жақындарына үйде көмек көрсетуге мәжбүр етеді. Ал бұл аурулардың алдын біршама ерте алуға болады және ол үшін қандай да бір керемет күш қажет емес. Бар болғаны салауатты өмір салтын жүргізу керек.
Уақыттың өзі халықты сауықтандыру қажеттілігін ұсынды, бұл Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан-2030» «Қазақстандықтардың өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының жақсаруы» атты Халыққа Жолдауында көрініс тапқан. Онда ұзақ мерзімді басымдылықтардың бірі болып Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімділігі және амандығы анықталды.
Тіпті ең экономикалық дамыған ел өз азаматтарының амандығына, егер ол мемлекеттік саясат, жалпы қоғамның және жеке адамның тілегі болмаса кепіл бере алмайды. Мемлекеттің едәуір маңызды мақсаттарының бірі халыққа жоғары өмір сапасын қамтамасыз ету үшін мүмкіндіктерді ұсыну болуы керек. Адамдардың амандығы тікелей олардың денсаулығының жағдайына тәуелді [5, 9 б.].
Неміс философы Артур Шопенгауэр былай деп пайымдаған: «Біздің бақытымыздың тоғыз бүтін оннан бір бөлігі денсаулыққа негізделген. Онда барлығы рахаттылықтың көзіне айналады, онда онсыз ешқандай сыртқы дүниелер сүйсіну сезіміне бөлей алмайды, тіпті ой, жүрек, темперамент сапасы сияқты субъективті құбылыстар аурушаң күйде әлсізденеді және басылып қалады. Сондай-ақ, біз, ең алдымен, бір-бірімізден денсаулығымыз туралы сұраймыз және бір-бірімізге оны тілейміз: ол шын мәнінде адам бақытының ең басты шарты».
Ауру және бишара болғанша, сау және бақытты болған дұрыс – бүгінгі күннің тіркелген шындығы. Әлемді жігерлі және ынталы тұлғалар басқарады. Үлкен жетістіктерге жету үшін кейін қиналмайтындай үнемі көп күш жұмсау керек. Адам салауатты өмір салтын жүргізудің өзіндік стилін өзі қалыптастыруы керек.
Қазіргі жағдайларда тамақтану мәселесі бірқатар себептерге байланысты бірінші орынға шықты, атап айтсақ: экологиялық ортаның бұзылуы, организмге қажет компоненттердің жеткіліксіз түсуі, дұрыс тамақтанбау, сапасы төмен азықтар және т.б. Экология нашарлайды, ал соның нәтижесінде біздің денсаулығымыз бен күшіміз толық жойылады. Организмнің көбінесе, ондағы пайда болатын және оған тамақпен, сумен, ауамен және дәрі-дәрмек заттарымен баратын зиянды заттарды шығаруды қамтамасыз етуге күші жеткіліксіз. Сау адам жейтін асына жиі зейінсіз қарайды. Ал, ауырып, күнделікті жарнама беттерінен түспейтін ең жаңа препараттарды іздей бастайды, сонымен, тамақ сияқты сенімді және тұрақты емдеу құралы туралы ұмытады. Ал, Гиппократтың өзі былай деген: «Біздің барлық емдеу құралдарымыз азық-түлік заттары болуы керек, ал азық-түлік заттары емдік заттар болуы керек».
Зат алмасуының бұзылуының (семіру, қант диабеті және т.б) салдарынан пайда болатын аурулар жиі кездеседі. Осыған байланысты, қазіргі таңда, дұрыс тамақтану энергетикалық шығындарға және организмнің физиологиялық қажеттіліктеріне сәйкес келу үшін тамақтану мәдениетін жоғарылату мәселесі өзекті бола бастады [6, 15-18 б.].
Әрбір адамның азық-түлік заттарын дұрыс пайдалануы, артық жеуі және жалықтыруы денсаулықты көп нығайтуға көмектеседі. Дұрыс тамақтану денсаулықтың және ұзақ өмір сүрудің басты факторы болып табылады. Адамның физикалық жағдайы, оның қалай және қандай көлемде тамақ жейтініне байланысты [7, 42-46 б.].
Ғылыми-техникалық прогреске байланысты, ой еңбегімен айналысатын, энергияны аз қажет ететін адамдардың (10.25 МДж көп емес (2450 ккал) ер адамдар үшін және 8,4 МДж (2000 ккал) әйел адамдар үшін) саны қатты көбеюде. Аз энергия кезінде көбінесе азық-түліктің аз минорлы құрамды бөліктері (витаминдер, микроэлементтер) қолданылады. Мұндай жағдайларда, теңбе-тең энергиямен қамтамасыз етілуге қарамастан, гиповитаминді және гипомикроэлементтік күйлердің белгілері пайда болуы мүмкін. Тазартылған тағамдар – азық-түлік заттарын жеткіліксіз тұтынудың тағы бір себебі, ең алдымен, ой еңбегінің адамдарында. Эволюция барысында адам қоршаған ортаға бейімделуді үйренді, ол үшін шынайырақ азық тазартылмаған азық-түліктер болып табылады, себебі дәл осылардың көмегімен витаминдер мен минералды заттардың қолайлы келіп түсуі жетіледі. Қарқынды эмоциялық-жүйке жүктемесі кезінде дұрыс тамақтану принциптері, қарапайым ой еңбегі кезіндегімен салыстырғанда басқаша екенін байқаған дұрыс. Мұнда организмді қолайлы белок, аскорбин қышқылының, ретинолдың, В тобының витаминдерінің көлемімен қамтамасыз ету маңызды. Егер жұмыс ауысымды болса, онда тамақтану режимі де ауысады.
Өсіп келе жатқан организмнің тамақтануында, ең алдымен, бала денесінің қалыптасып келе жатқан құрылымдарын құру үшін құнды белоктар оптимумы қажет. Белок жетіспеген кезде балалардың өсуіне кедергі пайда болады. Балалардың витаминдермен қамтамасыз етілуі қаншалықты маңызды екені белгілі. Жасы өскен сайын баланың энергия мен тамақ заттарының қажеттілігі де өседі. Жасөспірімдік жас бала өмірінің қиын кезеңіне жатады, онда оның бойы тез өседі, организмі өзгере бастайды. Бұл кезеңде баланың тамақтануы жоғары болады [8, 26-30 б.].
Энергия мен азық-түлік заттарының қажеттілігі белсенді физикалық белсенділікке байланысты дифференциалданады. Қарқынды дене еңбегі қосымша энергия көлемінің келуін талап етеді. Сонымен, ер адамдардың ауыр еңбек кезіндегі тәуліктік энергия шығыны 40 % артық ұлғаяды, сондай-ақ, ақ (30 %), май (63,5 %) және басқа да қоспалардың қажеттілігі көбейеді. Әйел адамдардың тамақ қажеттілігі ер адамдарға қарағанда аз, бұл олардың организмдеріндегі алмасу процестерінің төмен қарқындылығымен байланысты. Тіршілік әрекетінің төтенше жағдайлары (Шеткі Солтүстік, биік тау және т.б) адамдардың энергия мен азық-түлік заттарының қажеттілігін өзгертеді, бұл олардың тамақтануына үлкен өзгерістер енгізеді [8, 40-45 б.].
Адам организмі термодинамика заңдарына бағынады. Соларға сәйкес, дұрыс тамақтану принципі қалыптасты: оның энергиялық құндылығы организмнің энергия шығындарына сәйкес келуі керек. Өкінішке орай, тәжірибеде бұл принцип жиі бұзылады. Энергия сыйымды азық-түліктерді (нан, картоп, мал майы, қант және т.б) шығындық тұтынумен байланысты тәуліктік рациондардың энергетикалық құндылығы энергиялық шығындары жиі артады. Жас өскен сайын, дененің шығындық массасы жиналады және семіру басталады, ол көптеген созылмалы дегенеративтік аурулардың пайда болуына себеп болады.
Азық-түлік заттарының химиялық құрамының организмнің физиологиялық қажеттіліктеріне сәйкес келуі – дұрыс тамақтанудың екінші принципі. Күн сайын, белгілі бір көлемде және ара қатынаста организмге 70-ке жуық қоспа түсуі керек, олардың басым бөлігі организмде синтезделмейді және өмірлік қажетті болып табылады. Организмді осы азық-түлік заттарымен қолайлы жабдықтау түрлі тамақтану кезінде ғана мүмкін. Тамақтанудың тым әр түрлі болуы дұрыс тамақтанудың үшінші принципін анықтайды.
Ақырында, тамақтанудың қолайлы режимін сақтауды дұрыс тамақтанудың төртінші принципі анықтайды. Тамақтану режимі дегеніміз тамақ ішудің жиілігі, еселілігі және алмасуы. Тамақтану режимі азық-түлік заттарына және энергияны қажет ету сияқты жасқа, өндіріс ерекшеліктеріне байланысты түрін өзгертеді. Дұрыс тамақтанудың көрсетілген негізгі принциптерін сақтау оны құнды етеді.
Тамақтанудың белгілі бір ережелері бар:
1) ұстамды жеу керек;
2) тамақ құнды болуы керек: онда жеткілікті көлемде белоктар, майлар, көмірсулар, минералды заттар, витаминдер бар болуы керек;
3) тамақтану режимін сақтау қажет.
Тамақтану режимінде төрт негізгі принципті ажыратқан дұрыс:
1. Жиілік, яғни, тамақты үнемі бір тәулік уақытында қабылдау.
2. Тәулік барысында тамақтанудың бөлшектілігі. Сау адамға үш немесе төрт фазалық тамақтану ұсынылады, атап айтсақ: таңғы ас, түскі ас, кешкі ас және ұйқы алдында бір стакан айран.
3. Әрбір тамақтанған кезде дұрыс тамақтануды барынша сақтау қажет. Бұл, тамақты әрбір қабылдаған кезде азық-түліктер жинағы организмге белоктарды, майларды, көмірсуларды, сонымен қатар витаминдер мен минералды заттарды қолайлы ара қатынаста жеткізу тұрғысынан ойланып істелінуі керек.
4. Бір күнде тамақ ішу бойынша физиологиялық негізделіп бөлінуі. Төрт мезгіл тамақтану едәуір жағымды: жұмысқа дейін тоқ тамақ (күндіз дұрыс тамақтанудың жалпы калориялылығының 25-30 %), жұмыс арасындағы үзілісте жеңіл екінші таңғы ас (жалпы калориялылықтың 10-15 % ), құнарлы түскі ас (калориялылықтың 35-40 %), салыстырмалы жеңіл кешкі ас (жалпы калориялылықтың 15-20 %) [6, 100-104 б.].
Таңғы ас, түскі ас және кешкі ас үшін тәуліктік уақыт еңбек және демалыс режиміне байланысты жеткілікті кең шеңберде өзгеруі мүмкін. Алайда, тамақ ішу арасындағы аралық 4-5 сағат болуы маңызды. Жүргізілген зерттеулер негізінде, кешкі ас пен ұйқының алдындағы аралықта 2-3 сағат өтуі керек.
Тамақтану режимімен қатар, кейбір психологиялық ережелерді сақтау артық болмайды.
1. Үстелге шаршаған күйде отырмаңыз. Қалай аш болсаңыз да, ең болмағанда 10 минут демала тұрыңыз.
2. Ашулы, шошынған күйде, қайғылы сезімдерге берілгенде тамақ ішпеңіз.
3. Өзіңізге қатты ұнамайтын адаммен бірге үстел басына бірге отырмаңыз.
4. Егер сізге қандай да бір тағам ұнамаған болса, пайдалы болса да оны татып көруге болмайды. Сізге ол бәрібір пайдасын тигізбейді.
5. Қарныңыз ашқанша үстелге отырмаңыз.
Азық-түлік заттарының 80 % термиялық өңдеуден кейін тұтынылады, бұл олардың жұмсаруына және сіңімділігінің жоғарылауына әсер етеді. Сонымен қатар, температуралық өңдеу зиянды микроорганизмдердің өлуіне және токсиндердің, әсіресе ең алдымен жануарларда бұзылуына әкеледі. Жылумен өңдеу өнімдердің микробтарға төзімділігін жоғарылатады және сонымен оларды сақтау мерзімдерін ұзартады. Жылумен өңдеу кезінде улы заттардың қатары бұзылады, мысалы, тамақ қорыту ферменттерінің ингибиторлары. Сонымен қатар, жылумен өңдеу көптеген өнімдердің дәмін түрлендіруге мүмкіндік беретіндігі маңызды [9, 405-408 б.].
Позитивті әсер етумен қатар, өңдеу азық-түлік заттарына жағымсыз да әсер етеді. Жылумен өңдеу кезінде витаминдер және кейбір ас қоспалары (белок, майлар, минералды заттар) бұзылады да зиянды заттар (майларды полимерлендіру өнімдері, меланоидиндер және т.б) пайда болуы мүмкін, бұны дұрыс тамақтануды ұйымдастыру кезінде ескеру қажет. Азық-түлік заттарын жоғалту деңгейі өңдеу түріне тәуелді. Алғашқы өңдеу жеуге болмайтын бөліктері мен ластанулардан шикізатты босатуды, азық-түліктерден құндылығы төмен бөліктердің бөлінуін, сонымен қатар, қатырылған азық-түліктердің дефростациясын алдын ала қарастырады. Азық-түлік шикізатын жеуге келмейтін бөліктерден босату, тағамдық заттардың жоғалуына әкелетін болса да, өнімдердің биологиялық құндылығын жоғарылатады.
Өнімдер мен шикізаттың биологиялық құндылығына жылумен кулинарлық өңдеу ерекше әсер етеді. Өнімдерді жылумен өңдеудің бірнеше амалдарын ажыратады: суға және буға пісіру, булау (қысқа мерзімді (5—7 мин) өнімді суда немесе буда қыздыру), стерильдендіру және қуыру. Қыздыру кезінде ерігіш белоктар жоғалады және күлге немесе гельге айналады. Сонымен, жұмыртқаның ағы жұмыртқаның ішінде 80° С температураға жеткен кезде гельдерді жасай отырып, біріктіріледі (коагуляция). Оралу нәтижесінде ақ гелі буын тіндердің ішінде ондағы судың маңызды бөлігін шығарумен тығыздалады.
Азық-түлік заттарының көп түрлілігі және олардың әр түрлі комбинациялары кулинарлық өңдеу ерекшеліктерін ескерумен сау және ауру адамның тамақтануының, олардың теңгерілуін, емделу бағытын ескерумен ұйымдастыруға мүмкіндік береді.
Студенттердің дұрыс тамақтануын ұйымдастыру
Оқушы жастар белгілі бір жас категориясына жататын, арнайы еңбек ерекшеліктерімен және өмір жағдайларымен біріктірілген халықтың кәсіптік-өндірістік тобы ретінде қарастырылуы керек. Осы факторларды ескере отырып, студенттерді ерекше топқа бөлу мақсатқа лайық.
Студенттер тамағының сапалы құрамын бағалау кезінде бірқатар негізгі құрамды бөліктер бойынша тамақтанудың теңгерілмегендігі – жануарлар белоктарының, өсімдік майларының, кальцийдің, аскорбин қышқылының және тиаминнің аз болуы жиі байқалады. Студенттерде тамақтану режимінің келесі бұзылуы анықталды: 25-47 % таңғы асын ішпейді, 17-30 % күніне екі рет қана тамақтанады, 10 % жуығы түскі асын ішпейді немесе уақытында ішпейді, 22 % кешкі асын ішпейді. Ыстық тағамдарды, соның ішінде бірінші асты ішу сирек белгіленген [10, 28-30 б.].
Дұрыс тамақтану – бұл, ең алдымен, дұрыс ұйымдастырылған және организмді дер кезінде жақсы әзірленген және тәтті тағаммен жабдықтау. Халық даналығында айтылғандай: «Жануарлар қанығады, адам жейді, ал ақылды адам тамақтана біледі».
Физиологиялық ұсынымдарға сәйкес, энергетикалық құндылық студент ер балаларда 10.8 МДж (2585 ккал), студент қыз балаларда 10.2 МДж ккал) шеңберінде бағаланған. Белоктарға рационның 12 % жуық тәуліктік энергетикалық құндылығы келеді, сонымен қатар, жануарлар майының үлесі олардың рационындағы жалпы көлемнің 60 % құрауы керек. Осы талаптың орындалуы ауыстырылмайтын амин қышқылдарының жеткілікті болуымен ғана емес, сонымен қатар рационда олардың қолайлы теңгерілуін кепілдендіреді. Майлар студенттердің жалпы рационының жалпы энергетикалық құндылығының 30 % құруы керек. Сонымен қатар, өсімдік майларының үлесіне жалпы көлемінен 30 % келеді. Студенттердің негізгі минералды заттарды тәуліктік талап ету организмге кальцийдің 800 мг, фосфордың – 1600 мг, магнийдің – 500 мг, калийдің – 2500-5000 мг, темірдің – 10 мг көлемінде түсуімен қамтамасыз етуі керек. Студенттердің теңгерілген тамақтану принциптерін тәжірибелік іске асыру мақсатында тамақтану рационының энергетикалық құндылығы мен сапалы құрамының және энергия мен азық-түлік заттарын қажет ету рациондарының арасында едәуір толық сәйкестікке ұмтылу керек.
Іс жүзінде қарапайым оқу процесі кезінде энергия шығындарынан ерекшеленбей, емтихан тапсыру кезеңінде энергия шығындары 5,9 кДж (1,4 ккал/мин) құрайды [10, 85-94 б.].
Осылайша дұрыс тамақтану бойынша ұсынымдарды сақтау организмнің әр түрлі қоршаған орта агенттеріне төзімділігін жоғарылатудың және халықтың ішінде бірқатар жұқпалы емес созылмалы ауруларды азайтудың негізгі көзі болып табылады.
Әдебиеттер тізімі
1. Послание Главы государства Н.А. Назарбаев народу Казахстана «Казахстанский путь – 2050: Единая цель, единые интересы, единое будущее»// Казахстанская правда, 2014, 18 января.
2. Уровень жизни населения Казахстана. Статистический сборник на казахском и русском языках. – Астана, 2013. – 242 с.
3. Дубровский В.Н. Валеология. Здоровый образ жизни. - М.: RETORIKA. - А, 2013. - 67 с.
4. Марков В.В. Основы здорового образа жизни и профилактика болезней: Учеб. пособие. - М.: Академия, 2012. - 155 с.
5. Левкович А.В. Правильное питание – это здоровье и красота. - М., 2012. - 234 с.
6. Смоляр В.И. Рациональное питание. – Киев, 2011. – 368 с.
7. Конышев В.А. Ваше питание: полезно или опасно? – М.: Экономика, 2012. –156 с.
8. Конышев В.А Самые модные диеты. – М.: РИПОЛ классик. –2013. –52 с.
9. Дробат Е.М. Простые истины о питании и здоровье. – Минск: Кн. дом, 2012. – 608 с.
10. Методики доктора Д.В. Наумова. М.: ООО – Редакция вестника ЗОЖ, 2014. – 207 с.
Мазмұны
Кіріспе.........................................................................................................
|
3
|
А.С. Күзеков. Баға жетпес байлықты сақтау.......………………………..
|
4
|
Г.М. Ықсанова. Спортты халыққа қайтару..…………………………….
|
7
|
А.Е. Даниярова. Н.Ә. Назарбаевтың бес институционалдық реформа жасаудағы бастамасы. 100 қадам – Қазақстан Республикасының стратегиялық даму бағытын жүзеге асыру..................................................
|
10
|
М.Ж. Сүлейменова. 85-қадам – «Мәңгілік Ел» патриоттық актісі жобасын әзірлеу. «Мәңгілік Ел» ұғымының тарихи аспектілері..............
|
13
|
Н.К. Омарова. Қазақстан Республикасындағы экологиялық жағдай.....
|
19
|
А.Т. Такибаева. Ажырамас қауіпсіздік контексінде: Қазақстанның ядроға қарсы бастамалары.......................................................................
|
27
|
Р.Т. Шерембаева. Балқаш көлінің мәселесі...............................................
|
34
|
М.Қ. Малыбаева. Арал теңізі: жаһандық экологиялық мәселе..............
|
41
|
С.А. Сейтбеков. Каспий теңізі – әлемдегі ең ірі жабық су қоймасы........
|
47
|
С.С. Жұмаділов. Қазақстан Республикасының трансшекаралық өзендер мәселелері..................................................................................................................
|
54
|
Г.К. Қабылбекова. Байқоңыр ғарыш айлағы және оның қоршаған орта жағдайына әсері ....................................................................................
|
61
|
А.М. Сүйімбаева. Қалдықсыз өндіріс – экологиялық мәселелерді шешу факторларының бірі ретінде..............................................................
|
66
|
Н.К. Цой. Зиянды әдеттер және олардың алдын алу.................................
|
71
|
С. Арқалықова. АИТВ/ЖИТС алдын алу.......................................................
|
78
|
О.В. Вернер. Маскүнемдіктің алдын алу....………………………………
|
85
|
Л.П. Ивлева. Салауатты отбасы – салауатты ұлт......................................
|
88
|
С.Н. Дербуш, А.К. Карилхан. Салауатты өмір салты. Дұрыс және тиімді тамақтану – денсаулық негізі............................................................
|
92
|
ҚР ҰҒА академигі А.М. Ғазалиевтың редакциясымен
ЭКОЛОГИЯ ЖӘНЕ ҰЛТ ДЕНСАУЛЫҒЫ
7-жинақ
2-ші басылым, өңдел. және толық.
Құрастырушы-aвторлар: Т.И. Сүлейменов, К.З. Сарекенов, А.К. Мубаракова, А.Е. Даниярова, М.Ж. Сүлейменова, Н.К. Омарова, А.Т. Такибаева,
Р.Т. Шерембаева, М.К. Малыбаева, С.А. Сейтбеков, С.С. Жұмаділов,
Г.К. Қабылбекова, А.М. Сүйімбаева, Н.К. Цой, С.У. Арқалықова,
О.В. Вернер, Л.П. Ивлева, С.Н. Дербуш., А.К. Карилхан
Баспаға 03.08.2015 ж. қол қойылды. Пішіні 60х84/8.
Шартты баспа таб. 11,6. Таралымы 100 дана Тапсырыс № 140
ҚарМТУ баспасы, 100027, Қарағанды, Бейбітшілік б., 56
Достарыңызбен бөлісу: |