ҚР әкімшілік құқығы Санасыров Н. Т. 2016 ж


Антимонополнялық қызметті басқару органдары



жүктеу 0,76 Mb.
бет23/30
Дата04.01.2022
өлшемі0,76 Mb.
#31518
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   30
Лекции АДМ ПРАВО КАЗ

3. Антимонополнялық қызметті басқару органдары.

Антимонополиялық қызмет басқармасы өзінің маңызы жағынан салааралықбасқаруға қатысы бар. Салааралықбасқарманың субъектілері болып, салалық қызметке ж/е салааралық функцияларды орындауға маманданбаған органдар жатады. Бұндай басқарудың шарты болып салааралық сипат ж/е сыртқы салалық маңызы бар маманданған функциялар жатады. Салааралық маманданған функцияларды орындайтын органдар министрлік, мемл-тік комитеттер ж/е ведомствалар нысанында құрылады. Негізінен олар өз өкілеттігін өздеріне тәуелсіз атқарушы органдармен шаруашылықтанған субъектілерге жүргізеді. Салааралықбасқарудың субъектілері салааралықсипаттағы ведомствалық өкілеттіктерге ие. Олардың бірнеше салаларға немесе нақты бір салага ж/е басқа да салаарлық басқарма субъектілеріне өз әсерін тигізуі мүмкін.

ҚР-ғы мемл-тік басқарудағы антимонополиялық қызмет функциялары антимонополиялық органдарға жүктелген. 10.10.1997 жылғы қабылданған «ҚР-да мемл-тік басқарудың тиімділігін арттыру туралы» заңына сәйкес, ол мемл-тік бағаны басқарып, жүзеге асыратын салааралық реттеуді жүзеге асыратын, ҚР орталық атқару органы мен стратегиялық жоспарлау Агенттігіне берілген. Агенттік жүйесінде антимонополиялық органдар бірыңғай басқару құрылымын құрады. Аумақтық бөліністер өз қызметін, яғни өкілеттігін ҚР-ң стратегиялық жоспарлау ж/е реформалау жөніндегі Агенттікте қарастырған, яғни белгілі бір функцияны орындайтын Агенттік өзіне есеп беретін белгіленген аумақта жүргізіледі.

Антимонополиялық саясат ж/е бага жөніндегі Департаменттің аумақтық бөлімдері, оның құрылымдық бөлімдері бо табылады ж/е олар заңды тұлғаның құқығын да иеленеді. Департамент бөлімінің басшыларын министр қызметке тағайындайды ж/е оларды қызметтен босатады. Баға ж/е антимонополиялық саясат жөніндегі Департамент ж/е оның аумақтық бөлімдері келесі функцияларды жүзеге асырады;



  • бірыңғай мемл-тік саясатты қапыптастыру ж/е оны жүзеге асыру, яғни бәсекені қалыптастыра отырып ша-руашылықтандыру, бағаны қалыптастыру ж/е тұгынушылардың құқығын қорғау;

  • қаржылы ж/е тауарлы нарық жағдайындағы шаруашылықтанған субъектілерді монополизацияламау;

  • бәсекені дамытып-қалыптастыру үшін, монополистік қызметті білу ж/е бұлтартпау;

  • мемл-тік баганы, антимонополиялық заңдылықты ж/е осы салалардағы тұтынушыларға бақылау жасау. Департаменттің бағаны қалыптастыруда монополизацияламауды, сондай-ақ антимонополиялық заңдылық бойынша әкімш. құқық бұзушылықта ерекше өкілеттігі бар.

Сонымен қатар Департаменттің баға қалыптастыру саласындағы жүзеге асыратыны:

  • баға мен тарифтерді бекіту ж/е қолдануда әдістемелі)к басшылық жасайды ж/е бағаны қалыптастыру тәртібін белгілейдІ, мемл-тік бақылау органдары атқаратын баға мен тарифтің бағамын мақұлдайды.

  • Департамент шаруашылықтанган субъектілерге, табиғи монополистерге, олардың жогарғы табыстарына бақылау жүргізеді.

  • Монополизацияламау саласында Департамент шаруа-шылықтанған субъектілердің монополизацияламау бағдарламасын қолдайды, шаруашылықтанған субъектілерді мемл-тік тіркеуге алады, егер субъектілер қайта ұйымдасса құжәттарын қайта тіркейді, ол құжат мемлёкеттік реестрде айқындалады, реестрде айқындалған шаруашылықтанған субъектілердің акция пакеттерін шетелдік инвесторларға қолдануға береді.

  • Департаменттің өзіне жүктелген функциялары мен міндеттерін орындау үшін биліктік өкілеттігі бар: |

  • антимонополиялық заңдарды ж/е баға тәртібі туралы құқ/бұзушылықтарға тергеу жүргізеді, әкімш. комиссия құра алады, азаматтарға ж/е лауазымды тұлғаларға, егер олар құқық бұзса| айыппұл салады немесе айыппұл жөнінде іс қозғайды;

  • антимонополиялық заңды ж/е баға тәртібін бұзғаны үшін, ҚР азаматтарынан, шетел азаматтарынан, азаматтығы жоқ тұлғалардан өзіне керекті ақпарат немесе қүжаттар көшірмелерін талап ете алады;

  • басқарма ж/е билік органдары шаруашылықтанған субъектілердің ж/е лауазымды тұлғалардыңұсыныстарын қарайды ж/е оларға ескерту жасайды;

  • билік ж/е басқару органдарының қабылдаған актілерін, сондай-ақ шаруашылықтанған субъектілердің монополиялық құқық бұзушылығын толық немесе ішінара тоқгата тұрады;

  • антимонополиялық заңды ж/е баға тәртібін шаруашылықтанған субъектілер бұзғаны үшін, алынған бюджеттік кірісті алып тастауға шешім шығара алады.

Антимонополиялық саясат ж/е баға жөніндегі Департамент қабылдаған шешімін барлық мемл-тік басқару органдарында, ведомстваларда, жергілікті атқарушы органдарда орындау міндетті болып табылады. Департамент, сондай-ақ, министрліктің, мемл-тік комитеттердің, ведомства ж/е т. б. мемл-тік басқару органдары актілерінің күшін жоя алады, сонымен қатар, антимонополиялық заңға қайшы келетін басқару органдарының меншіктің кез келген нысаны туралы шығарған шешімінің кушін жояды.

Құрылысты ж/е тұрғын үй коммуналды шаруашылықты басқару

Мемлекеттің тиімді экономикалык дамуы, өндірістік ж/е әлеуметтік аясы да ең бірінші осы құрыпыс ж/е тұрғын-үй коммуналдық шаруашылықпен қамтамасыз етілуімен де анықталады. Меншік нысанының (формасының) өзгеруі де құрылыс саласы мен тұрғын үй коммуналды шаруашылықты басқаруда да көптеген өзгерістер әкелді. Түрғын уйге жеке меншіктің қалыптасуына байланысты, тұрғын үй құрылысын басқаруға қатысатын субъектілерінің өкілеттіктерінің де өзгеруіне әкеліп соқты.

ҚР Президенті тұрғын-үй саясаты даму бағдарламасын (стратегиясын) айқындайды. ҚР Парламенті - Тұрғын үйге меншік құқыгының пайда болуы мен тоқтатылуына байланысты қатынастарды реттейтін заңды актілерді қабылдайды ж/е осы мәселеге байланысты олардың пайдалану құқығын, тұрғындарға қойылатын талаптарды, сонымен қатар ҚР тұрғын үй қорын басқаруға байланысты басқа да қатынастар туралы заңды актілер қабылдайды.

ҚР Үкіметі - тұрғын үй құрылыстарына басшылық жасайтын мелекеттік атқару органдар жүйесіне басшылық жасайды:



  • тұрғын үй қорын пайдалану ж/е тұрғын үй аясында азаматтардың құқықтарының сақгалуына мемл-тік органдардың бақылау жасауын қамтамасыз етеді;

  • мемл-тік тұрғын үй алуға құқығы бар азаматтар категориясын айқындайды;

  • ҚР тұрғын үй қорын басқаруды ұйымдастырады.

Құрылысты мемл-тік басқару органдары. ҚР Президентінің 4.03.1997 ж. «ҚР мемл-тік органдар жүйесін реформалаудың кезекті шаралары» атты Жарлығымен ҚР аумағындағы тұрғын үй, құрылыс министрлігі гаратылып, оның функциялары, мүлкін басқару өкілеттіктері мен қызметі экономика ж/е еауда министрлігіне берілген болатын, оның ішінде оның қүрамына кіретін құрылыс ж/е архитектура қала құрылысын басқару агенттігіне берілді Бұл Агенттік - құрылыс аумағы бойынша мемл-тік саясатты жүзеге асыруды қамтамасыз ететін атқару билігінің республикалық органы болып табылады.

Агентттік тұрғын үй құрылысы аясында мемл-тік саясатты жүзеге асырумен қатар:

  • Архитектура - қала құрылысы қызметіне болжамдар ж/е ғылыми зерттеулер жүргізу мен мемл-тік бағдарламаларды талқылау мен жүзеге асыруды ұйымдастырады.

  • Архитектура - қала құрылысы қызметі аясына қатысты жұмыстарын жүргізетін мемл-тік лицензияларды береді, тоқтатады немесе олардың күшін жояды.

  • ҚР аумагы (территориясы) бойынша қала құрылыс қадастрын жүргізеді.

  • Архитектура ж/е қала құрылысы жергілікті органдардың өклеттілігін анықтайды.

Заңдарда қарастырылған басқа да әрекеттерді атқарады.

  1. Архитектура - қала құрылысы тұрғын үй саясаты ж/е коммуналдық шаруашылықтары бойынша заңдарды талқылауға қатысады, басқа да заң актілерін ж/е заңға тәуелді нормативтік актілерді қабылдауға ат салысады.

  2. Өз құзіреті бойынша заңға тәуелді нормативтік-құқ-тық актілерді шығарады.

  3. ҚР құрылыс саласындағы техникалық нормалар жөніндегі барлық субъектілердің жұмысын үйлестіру.


жүктеу 0,76 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   30




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау