ҚР әкімшілік құқығы Санасыров Н. Т. 2016 ж



жүктеу 0,76 Mb.
бет11/30
Дата04.01.2022
өлшемі0,76 Mb.
#31518
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   30
Лекции АДМ ПРАВО КАЗ

2. Әкімш. құқ/бұзушылық үшін жауаптылықты женілдететін мән-жайлар:

- кінәлі адамның шын өкінуі;

- кінәлі адамның залалды өз еркімен өтеуі немесе келтірілген зиянды жоюы;

- әкімш. құқ/бұзушылықты кәмелетке толмаған адамның жасауы;

- әкімш. құқ/бұзушылықты кушті жан күйзелісінің нәтижесінде, немесе отбасының ауыр жағдайлары салдарынан жасауы;

- әкімш. құқық бұзушылықты күш қолдану немесе мәжбүрлеу арқылы жасау;

- әкімш. құқ/бұзушылықты жүкті әйелдің немесе 3 жасқа дейінгі баласы бар адамның жасауы;

- әкімш. құқ/бұзушылықты құқыққа қарсы қол сұғушылық жасаған адамды ұстау, қажетті қорғану шарттарын бұзған, бұйрықты не өкімді орындау барысында жасау.



Жауапкершілікті ауырлататын мән-жайларға мыналар жатады:

- өкілетті органдардың ескерткеніне қарамастан теріс, қылықтарды ары қарай жалғастыру;

- бұрын жасаған құқ/бұзушылықты қайталап жасау; бұрын қылмыс жасаған адамның қайтадан құқ/бұзушылық жасауы;

- ұйымдасып топпен құқ/бұзушылық жасау;

- кәмелетке толмаған азаматтарды құқ/бұзушылыққа тарту;

- төтенше жағдай кезеңдерінде, табиғи апат жағдайларында құқық бұзушылық жасау;

- құқ/бұзушылықты масаң күйде жасау.

Әкімш. құқ/бұзушылық жасалғаннан кейін 2 ай өткен соң жеке адамға қарсы әкімш. жаза қолдануға болмайды, ал әкімш. құқ/бұзушылықты қоршаған отаны қорғау саласында жасаса - 6 айдан кейін, салық салу аласында жасаса - 3 жыл өткен соң әкімш. жауапқа тартылмаған деп санауға болатын мерзімді де белгілеген.

Іс бойынша қабылдануы мүмкін қаулылардың мынадай түрлері бар:

1. әкімш. жаза беру туралы;



  1. іс бойынша істің жүргізілуін тоқтату туралы;

  2. істі жазаның басқа түрін немесе мөлшерін белгілеуге құқығы бар судьяның, органның қарауына беру туралы; айыппұл салу туралы қаулыны мәжбүрлеп орындату туралы.

Өзіне қатысты әкімш. құқ/бұзушылық туралы іс бойынша қаулы дайындалған адам, сонымен қатар жәбірленуші, қаулығы шағым келтіруге құқылы. Уәкілетті органның қаулысына шағым не жоғары тұрған органға, не сотқа беріледі. Әкімш. құқ/бұзушылық туралы іс бойынша қаулыға шағым қаулы шыққан күннен бастап 10 күн ішінде беріледі. Әкімш. құқ/бұзушылық туралы іс бойынша қаулыға прокурор наразылық келтіре алады.

Белгіленген мерзімде шағым беру ж/е прокурордың наразылық келтіруі наразылық қаралғанға дейін қаулының орындалуын тоқтата тұрады. Шағымның немесе наразылықтың қаралу мерзімі - 10 күн. Шағымды немесе наразылықты қараған орган, шығарылған қаулының заңдылығын ж/е дәлелділігін тексергеннен кейін мынадай шешімдердің бірін қабылдауға құқылы:



  1. қаулыны өзгеріссіз, ал шағымды қанағаттандырусыз қаддыру туралы;

  2. қаулыны өзгерту туралы;

  3. ӘҚбК-ң баптарында көзделген мән-жайлар дәлелденбесе - қаулыны бұзу ж/е істі қысқарту туралы;

  4. қаулыны бұзу ж/е іс бойынша жаңа қаулы шығару туралы;

  5. егер шағымды, наразылықты қарау кезінде қаулын өкілеттік, бермеген судья, орган шығарғандығы анықталса, оңда қаулыны бұзу ж/е істі тиісті ведомстваның қарауына жіберу туралы.

Әкімш. құқ/бұзушылық туралы іс бойынша қаулыға келтірілген шағымды немесе наразылықты қараған ж/е бұрын белгіленген шешімдердің біреуін қабылдаған мемл-тік орган (лауазымды адам) әкімш. құқ/бұзушылық туралы істер бойынша қаулыға келтірілген шағым немесе наразылық жөніндегі шешімнің көшірмесін 3 күн ішінде өзіне қатысты шешім шығарылған адамға, іс бойынша жәбірленушіге, сондай-ақ іс бойынша қаулы шығарған органға жібереді.

Наразылықты қараудың нәтижесі прокурорға хабарланады. Әкімш. құқ/бұзушылық туралы істі қысқарту жөнінде қаулы қабылданғанда мынадай заңдық салдар болатынын ескеру қажет:

- өндіріп алынған ақша қайтарылады;

- алынған ж/е тәркіленген заттар алынады;

- бұрынғы қабылданған қаулыға байланысты шектеулер алынады. Егер заттың қайтарылуы бірқатар себептермен қайтарылуы мүмкін болмаса, оның құны төленеді.


жүктеу 0,76 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   30




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау